Педагогикалық шығармашылық негіздері



Кіріспе

І. Негізгі бөлім
1.1 Педагогикалық шығармашылық негіздері
1.2. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары
1.3. Мұғалім мәдениеті

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1.1 Педагогикалық шығармашылық негіздері

1.2. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары

1.3. Мұғалім мәдениеті

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,
Ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.
(Ж.Аймауытов.)

Атақты педагог ғалым В.Сухомлинский Мұғалімдік мамандық-адамтану,
адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу.
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға
білу болып табылады деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ
ағартушысы Ы.Алтынсарин Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені,
мұғалім -мектептің жүрегі дегені бекер айтылған сөз емес. Осыларға
зерделей қарасақ, қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің
кәсіптік мәдениеті басты алғы шартта тұратыны аян. Өйткені, республика
мектептерінің кәсіптік білімі мен мәдениеті жоғары лайықты мұғалімдерге
зәру болып отырғаны жасырын емес.
Осыған орай, қазаігі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын өз дәрежесінде
қалыптастыру мектеп басшыларының алдында тұрған жауапты міндеттердің
біріне айналып отыр. Мұғалімнің кәсіптік мәдениетін көтеру мектептің
әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды. Әдістемелік жұмыс-
педагогикалық ғылыми-теориялық , жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық
дайындығын, шеберлігін көтеруге бағытталған жүйелі жеке және ұжымдық жұмыс.
Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік
педагогикалық ойларды жинақтай келе ғалым Ш.Т. Таубаева мынадай қортында
жасаған: Кәсіптік қызығушылық қызметке бағдарлауда, білуге деген
қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің
жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады. Демек, мектепте
мұғалімдерге мынандай әдістемелік талаптар қойылады:
1. Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру;
2. Оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы қазіргі технологияларды,
әдістемелерді және тәсілдерді зерттеп меңгеру және оны өзінің
кәсіптік жұмысында қолдана білу;
3. Мұғалімнің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастарының және
құндылықтарының қалыптасуы, оның тұрақтылығына жету;
4. Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру,
қажетті жағдайлар туғызу, қамтамасыз ету.
5. Педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды әр мұғалімнің
күнделікті ісіе айналдыру т.б.
Бұлар әр мұғалімнің нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола
алады. Демек, мұғалімнен жасанды қабілеттілік емес, нақты кәсіптік
еңбектің міндеті атқарылуы талап етіледі.

1.1 Педагогикалық шығармашылық негіздері

Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты
элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы дайындығы мен табиғаты әр
түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны
тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен
жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру-
жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық
әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі
кәсіпкері.
Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда
туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға
әкелетін әрекет-әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі
психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық
шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:
1) педагогикалық ойдың пайда болуы; 2) түпкі ойды талдау;
3) педагогикалық ойды әрекетке айналдыру; 4) шығармашылықтың нәтижесін
талдап, бағалау(В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров);
1) жаңалықты көру; 2) педагогикалық өнертапқыштық құрастыру, модельдеу; 3)
жетілдіру (Загвязинский).
Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада
меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық,
энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек
сапаларының болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.
Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта
қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның
қалыптасыу т.б. орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің
төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі,
сараланған ранайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның
икемдіоігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені
терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдай алу, эмоциядағы
қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізеалу, тәуекелге
бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция. Мұғалімнің
шығармашылық әлеуетін дамыту теориясыүшін әдіснамалық қағидалардың
негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының
психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г. Ананьев, А.И. Леонтьев, А.Р.
Лурья, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет-
іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей
жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субьект ретінде
танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайтаркерлігі қалыптасады. Осы
авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді:
қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия. Бұлар
психологиялық теорияларда төмендегідей талданады:
Қажеттілік және мотив – адамның мұқтаждығын өтейтін заттардың мидағы
бейнеленуі. Жеке адамның өмір сүруге, дамуға білімнің, тәжірибекінің, басқа
да әлеуметтік жағдайларының жеткіліксіз болуын сезінуі. Белсенді әрекеттің
негізі. Адамды әрекетке тән сипаттарды ажырату үшін ниетті мақсаттан
ажырата білу керек.
Мақсат - әрекетарқылы оның жеткісі келетін ақырғы нәтижесінің үлгісі
де, ал, ниет-сол нәтижеге жетуге ішкі талпыныс. Мысалы, адам белгілі бір
мақсатқа жету үшін оны ниет арқылы орындауы мүмкін. Сондықтан әрекет ниетке
талдау беруден басталады және ниет әрекеттің сырын ашатын кілт болып
табылады.
Құрал – мақсатқа жету үшін әрекеттің амалдарын белгілеу, жолдарын
таңдау. Нәтижеге не арқылы қол жетеді? Ол үшін жеткілікті және нақты
болжамдар бар ма?
Амал-тәсілдер – жағдайды бастапқы қалпынан өзгерту қандай жолмен
жүзеге асады, оның қандай жағдайда және қалай жасалатындығын белгіледйді.
Үрдіс – жағдайдың нақты қалай өһзгеріп жатқандығын, оған не әсер
етіп, өзгерістің қалай іске асып жатқандығын көрсетеді.
Нәтиже – ол алынатын өнім, үрдістің аяқталу сәтінде қандай өнім
алынғандығын көрсетеді.
Рефлексия – адамның өз санасындағы өзгерістер туралы ойлануы;
әрекеттің жүру барысы мен аяқталуын қорытындылап, баға беру үрдісі.
Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің
шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы
белсенділігі туоалы Ю.Н. Кулюткин, А.В. Даринский, т.б. атап өткен.
Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын
қалыптастырады.
Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ
жаңа субьект-субьектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін-өзі
өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі- шығармашылық жағдайында жұмыс
жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің кәсіби
дамуының жақын аймағын ұйымдаастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның
нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.
Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады
(А.Бергсон, В.И. Вернадский т.б.) Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан
берілген қабілеттері мен қажеттіліктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре
алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай
жатса, ол оның деградацияға ұщырауы деп түсіндіреді. Ғылыми-теориялық
еңбектерге таладау жасау: тек шығармашылықта, шығармашалық арқылы ғана адам
өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам –
қайталанбас бір туар адам (В.А. Краковский), жеке тұлға деңгейіндегі
шығармашылық ішкі өзін-өзі жасау және сыртқы қоршаған әлемді
өзгерту жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға
негіз болды.
Прогрессивті даму моделі шеңберінде мұғалімнің шығармашылық әлеуеті:
бейімделу, өзін-өзі айқындау және өзін-өзі іске қосу кезеңдерінен тұрады.
Бейімделі кезеңдеріне шығармашылық әлеуеттің құндылықтары туралы бастапқы
білімдерді жинақтау жатады. Бұл кезеңде ойлау стилін және дүниетанымды
қайта құру орын алады. Мұғалім әрекетінде болашақ шығармашылықққа негіз
болатын репродуктивті элементтер молаяды.
Шығармашылыққа бейімделу кезеңі оған белсенді араласумен алмасады.
Бұл кезеңде мұғалім өз тәжирибесіне жаңа талаптар мен өзінің ішкі
қажеттіліктері тұрғысынан баға беріп, оның шеңберінен шығып, нақты өмір
сұраныстарына сәйкес қызмет етуге бет бұрады.
Өзін-өзі іске қосу кезеңінде мұғалім шығармашылық әрекеттің мәнін
түсіну, сол жолда өзін сынап көру, өзінің ашылмаған мүмкіндіктерін,
шығармашылық қабілеттерін іске қоасды.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуының нәтижесінде болатын
өзгерістер терістеуді терістеу және сабақтастық қағидаларына сәйкес жүріп
отырады. Жаңа құндылықтар жүйесі, ойлау тәсілдері, тұлғаның шығармашылық
тәжирибесі бұрынғыны мүлдем жоққа шығармай, соның негізінде жаңалықты
тудырады. Бұл – мұғалімнің өзінің педагогикалық әрекетіне өзіндік сыни баға
беру, оның бағытын айқындау, қайта құруды нәтижелі ететін рефлексивтік
қабілеттерін дамтыудың ең тиімді жолы.
Шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субьект – тұлға. Қандай типтегі
тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, алғыр болуы керек
екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа
деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу
сезімі болуы қажет. Осыған байланысты адам идея, жаңалық аштым деп
ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады - деген К.Г. Юнгнің сөзін
келтіруге болады. Бұл шығармашылық- адамды дамытады, шебер етіп шыңға
көтеретін факторлардың бірі екеніне дәлел бола алады. Білімнің гуманистік
парадигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шығармашылық басқа адамдарда жоқ
немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Таза жаңалықта жаңа адам
туады, оның келбеті кескінделеді.
Біліктілікті арттыру ісінің әлемдік тәжирибесі мазмұндық ,
процессуалдық, жеке адамның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған
тәсілдеріне негізделген. Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына
жеткізуді мақсат етеді, екінші тәсіл- оқыту үрдісін білім алушының өз
әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал соңғысында оқыту білім
көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады. Мазмұндық тәсілде
дәстүрлі оқыту жүйесінің белгілері басым болса, ал процессуалдық-әрекеттік
тәсіл андрагогикалық оқыту үлгісінің талаптарына сәйкес. Соңғы жол
тәжирибеде кеңінен тарай қойған жоқ, себебі білім көтеруді бізде топтар,
ағымдар бойынша ұйымдастыру үрдісі қалыптасқан.
Бұл үш тәсілдің қазіргі талаптарына сай келетіні- мұғалімді
субъектілік жағдайға қоятын, тұлғаға бағытталған, белсенді танымдық
әрекетке негізделелген, тұлғаға бағытталған – оөқытудың андрагогикалық
үлгісі. Тұлғалық-бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу,
табу, оларды әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге
асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың
механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Қоғамнық санада шығармашылық іс-әрекеттің негізгі басымдылық ретінде
танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды, білім беру деңгейлерінде мұғалімнің
өзін-өзі, өзінің бар күшін, қуатын іске қосуға бағытталған шығармашылығын
дамтыуға жағдай жасауды талап етуде. Мұғалімнің кәсіби шығармашылыққа деген
еркіндігі мол деп ресми түрде жарияланып жүргенімен, шеберлікті меңгеріп,
шығармашылыққа жету үшін арнайы дайындықтың қажет екені даусыз. Сондықтан
әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың басты мақсаты- мұғалімнің
сұраныстарын қанағаттандыру, тиісті ғылыми- педагогикалық сүйемелдеу арқылы
жаңаша жұмысқа деген ұмтылысына дем беру, өз философиясына, кәсіби
бағыттылығына сәйкес технологияны таңдап алуына көмектесу болып табылады.
Демек, әдістемелік, білім көтеру жұмыстарының сапасын арттыру – кезек
күттірмейтін шаруа. Осыған орай республикадығы мұғалімдердің біліктілігін
арттыратын институттар жүйесі өз жұмыстарына инновациялық тұрғыдан қайта
қарап, бербұрыстар жасады. Біліктілікті арттыруды технологияландыру, оның
мазмұнының тыңдаушылардың сұраныстарына жауап беруін қамтамасыз ету,
ақпараттық технологиялардың соңғы мүмкіндіктерін пайдалану жолға қойылып
отыр.
Мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғарыдағы
құрылымнан тұратын әрекеттік негізде жүргізу – олардың кәсіби
шығармашылығын арттырудың басты кепілі. Жаңа білімді танымдық белсенділік
арқылы меңгеру білімдік әрекеттер арқылы іске асады. Білімдік әрекет –
тұлғаның өз өмірін өзгертуге бағытталған әлеуметтік белсенділігі. Білімдік
әрекетте мұғалім жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгереді,
өткен тәжирибеде қайта қарап, оның құрылысын жаңартады, сол арқылы өзін-
өзі таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмірді өзгерте алатын белсенді
субъектілік жағдайына келеді.
Қазіргі педагогикалық технологиялардығы жаңашылдықты тану тиімді
қолдану барсында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет-
сапалары іске қосылып, танымдық үрдістерді өн бойынан өткізеді. Өйткені кез-
келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып
есептелінеді. Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылық негізі. Ал,
педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті
түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді
құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интуитивті
түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкесболып,
қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сөзсіз
шығармашылықтың нәтижесі.

1.2. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары

Қоғамда болып жатқан өзгерістердің мектепке әсері оқу үрдісіне
ізгіліктілік және демократиялық бағыттарды енгізуді қажет етуінен айқын
көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне
бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік – білімдік тұрғыдағы
біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген
сұрансытарды алға қойып отыр. Бүгінгі мұғалім ойлау икемдіолігі дамыған,
жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуға тиіс, өйткені өзіндік
рухани өсуін өзі басқара алатынадамның қолынан ғана шығармашылық
жасампаздық келеді. Ондай ұстаз педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр,
сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, әр оқушының рухани
өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.
Алайда, бірнеше инновациялық , дәстүрлі мектептерде жүргізген
зерттеулер қорытындысы бүгінгі мұғалімнің өзіндік мүмкіндіктерін дамытуға
даярлығының төмендігін көрсетті. Бұған түрлі білім жетілдіру курстарының
мектепішілік кәсіби өсуге бағытталған жұмыстардың жеткілііксіздігі ғана
емес, оны өткізушілердің жоспарынан ғана туындайтындығы да көрінеді.
Нақтылап айтқанда, сол жұмыстардың мазмұны мұғалімнің кәсіби өсуінің
біртұтастығына, жүйелілігіне, тұлғалық ерекшелігіне негізделмегені айқын
байқалады.
Арнай курс мұғалімнің өзіндік танымына арқау болатын психологиялық-
педагогикалық, дүниетанымдық ұстанымдарға сүйеніп, оның тұлғалық және
кәсіби өсуіне бағытталған. Оның мақсаты: мұғалімнің өзіндік даралық
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін танып білуі арқылы өзіндік қажеттіліктерін
айқындауға, педагогикалық ортада өзін-өзі дамыту нәтижесінде сенімін
нығайтуға, айналамен қарым-қатнастық әрекеттерін өзгерте отырып, өзінің
және оқушыларының мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі Оның өз мәнінде
өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, яғни шеберлігіне
байланысты. Ұстаздың шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан
басталады: сабақ жоспарын құру, оны өту туралы әдістеме, озық тәжирибелерді
пайдалану, оқушылардың білім дәрежелері мен қабілеттерін ескере отырып
көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар дайындау, техникалық құралдарды
пайдалану.
Осыларды ойластыра келе оқу материалын жоспарға лайықтап өту қолға
алынады. Жаңа сабақты өту барысында есте сақтау қабілеттерін жетілдірумен
қатар, көрнекіліктермен тәжирибелерді көрсету арқылы әсер қалдыруға көңіл
бөлген жөн. Сондай –ақ оқушылардың жас ерекшелігііне, психологиясына,
отбасының ахуалына қарайлаған дұрыс. Педагогикалық барлық талаптарды
біріктіре отырып, оқушылардың оқу материалын теориялық тұрғыдан терең
білуіне және баяндауына, есепті талдай алуына, пән аралық байланыспен
тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген жағдайда ғана сабақ жоғары деңгейде
өтеді.
Математика сабағында халық педагогикасын ұлттық дәстүрмен
сабақтастыра отырып оқыту дамыта оқытудың бірден бір діңгегі деуге болады.
Ұлттық дәстүр элементтерін дамыта оқыту технологиясында пайдалану
оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының дамуына
себебін тигізеді, оқу процесін жандандырып, жаңа тақырыпты жеңіл түрде
меңгеруіне, математикадан алған білімінінң деңгейі мен сапасын көтеруге
мүмкіндік береді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында ертегі, ойын,
бәйге сабақтарын ұйымдастыруға болады.
Ұлттық дәстүр элементтерін пайдаланып, сабақты түрлендіріп өткізу
оқушыларға ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.
Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру - әр сабақтағы
олардың өзіндік оқу еңбектерінің ара салмақтарын арттыру. Сондықтан
оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар сабақтың
алғашқы минуттарынан –ақ ойластырылуы керек.
Қай қоғам болсын азаматтарға білім беріп, халықтың көзін ашуды,
сөйтіп жоғары сапалылыққа жетуді жоққа шығарған емес, шығармайды да. Білім
– объективтік құбылыс. Бүгінгі таңда да сол қоғамдық қажеттілікті жүзеге
асыру мүмкіндіктері мол. Мсыалы, жалпы білім берудің, соның ішінде педагог
кадрларды даярлаудың ішкі құрылымдық желісі қайта қалыптасып, бүкіл оқыту
саласында оқу бағдарламалары түбегейлі өзгеріске ұшырады, оқытудың оқу ісін
ұйымдастырудың жаңа әдістемелік негіздері дүниеге келді. Оқу
бағдарламаларының өзгеруіне байланысты оқулықтар мен оқу құралдары толықтай
қайта жасалуда, бұған білім саласының ғылыми-зерттеу институттары, көрнекті
ғалымдар, білікті мамандар мен ұстаздар белсене атсалысады. Жаңа қолға
алынған істе әдетте кемшіліксіз болмайды. Әйсе де қазірдің өзінде ұлттық
мүддемізге, халқымыздың мінез-құлық, тағылым-тәрбиесіне, даму әрекет
машығына негізделген оңды оқулықтар оқушылар қолына тие бастағанын атап
айтқан жөн. Осы күрделі де қауырт басталған жұмыстарда үкімет қатаң
бақылауына алып, ұдайы қамқорлық жасап келеді.
Ұстаз өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты тұлға жасайды,
мүсінші тастан жансыз мүсін жасаса, педагог жанды, ойлы тіршілік иесімен
жұмыс істейді және оны бір өзі емес, басқа адамдармен, белгілі бір
қалыптасқан жағдайлардың ықпалымен жүзеге асырады.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы ірі өкілі, белгілі ағартушы
Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: Балаларға сабақ берумен,
білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге
міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол -
шәкірттерінің алдағы өмірін, бір кұнднрде зарығатын, тарығатын, қауіп –
қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген
тәжірибесіне толғанып, оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып,
өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры.
Білім және ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде Елбасы Н.Ә.
Назарбаев: Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз
келсе ең сынампаз бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің
отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда анағұрлым ауыр
қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін
беріп қана қоймай, сезімдерге тәрбилеуінен танылады.
Өзінің саналы ғұмырын ағарту ісіне арнаған ұлтымыздың ұлы ұстазы
Ахмет Байтұрсынов: Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік
– сол білімді іске асыра білу дағдысы деп бағалаған еді. ХХІ ғасырға аяқ
басқан бүгінгі Қазақстан халқы сол біліктілікті білімнен ажырата білу
мәселесіне қайта тірелді. Оның үстіне тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық
жаңғырулар тұсында бұл ең өзекті мәселеге айналып отырғанын және
мойындауымыз керек.
Тарихи – ғылыми тұрғыдан алғанда, жас ұрпаққа тәрбие және білім беру
педагогика ғылымының негізгі категориялары. Бірақ осы ұғым ажыратылмай,
бірлікте алып қарастырылғанда ғана өздерінің толық мәнін, мақсатын айқын
аша алады. Себебі бұл екі категорияның да мақсатты нысанасы – адам, оның
қоғамдағы орны, іс-әрекеті, тіршілік-болмысы. Білім беру мен тәрбиенің
өзара тығыз байланыстыәрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық шеберлік негіздері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Пәндер