Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

САБАҚ-ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ

Орындаған: Мажбиева А.

Тексерген: Болатқызы Шынар

Алматы, 2007

Мазмұны

Кіріспе

І. Негізгі бөлім. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

1. 1. Сқытуды ұымдастырудың басқа формалары

  1. Сабақтың түрлері, олардың құрылымы
  2. Сабақ жоспары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мектептің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.

Ерте замандағы Вавилонда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.

Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.

Қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар қойды. Оқытудың мұндай формасы 16 ғасырда Ресейдің мектептерінің тәжірибесінде пайда бола бастады. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.

17 ғ. Я. А. Коменский «Ұлы дидактика » кітабында сынып-сабақ жүйесін дәлелдеді. Оның кезеңдерін түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материалдарын сұрау. Сабақта әртүрлі дидактикалық принциптер(оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылады. Оқу сабақ формасында сыныпта оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып-сабақ формасы деп аталады.

Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық - белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни, «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі - оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырмены орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатнасы. Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материаланың ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі

оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

  1. Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой - өрісі кеңиді, дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты-тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.

Логикалық бірлік - бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау-қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қортындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі; екіншіден, білімдегі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.

Психологиялық бірлік оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылығы. Танысдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты. Психологиялық бірлік-бұл іс-әрекетінің мотивтерін жасау. Мысалы, тікелей талаптандыру, перспективті талаптандыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет, ынта т. б. ) есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес - типологиялық ерекшеліктері.

Ұйымдастару бірлігі - бұл сабақтаалдын-ала жабдықтарды және оларды рет ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.

Сабақты осы сияқты талаптарға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер( М. Н. Скаткин, М. И. Махмудов, В. Ф. Шаталов, Е. Н. Ильин т. б. ) белгілі жағдайлар керек дейді. Біріншіден, әлеуметтік - педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай-бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс тәжірибесін терең зерттеп,

пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.

Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық.

  1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты-жеке адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру (белсенділік, ұқыптылық, жинақылық, орындағыштық, өзін-өзі билеушілік т. б. ) Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
  2. Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
  3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні-тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу мұғалім мен оқушылардың іздену іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты.
  4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
Сабақ типі
Сабақ кезеңдері
Оқыту әдістері
Сабақ типі: Жаңа білімді игеру сабағы
Сабақ кезеңдері:

І-кезең баяндау

ІІ-кезең алғашқы бекіту

ІІІ-кезең үйге тапсырма беру консультациясы

Оқыту әдістері:

Лекция, әңгіме, әңгімелеу, кітаппен жұмыс

Әңгіме, жазба жұмыс, есеп шығару,

Оқулықты, қосымша әдебиеттерді пайдалану, тапсырманы орындау әдістері

  1. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, бағдарламалап оқыту. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді.
  2. Оқушылардың білімді терең ұғынуын, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылып есепке алу.
  3. Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.

Сонымен негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру-оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шартарының бірі.

Осы талаптардың негізінде қарастырсақ сабақ-бұл бір-бірімен өзара байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т. б.

Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі-жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады:

а) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;

ә) даму - оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;

б) тәрбие - ғылыми дүниетанымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру.

Сонмен сабақ оқушыларды білім жүйесімен қаруландырып қана қоймай тәрбиелеуші міндетін де атқарады.

Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларына ұжымдық, топтық, жұп және дербес формалары жатады. Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын жұмысқа тарта және қызықтыра білетін педагогикалық құралы- балалар ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне қатыстырады. Сондықтан, сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі. Оқытудың ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбиелейді, ал әрбір бала жолдастарымен бірге оқыту, тәрбие ісіне мұғалімнің тікелей басшылығымен белсене қатысады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды, ал олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді.

Оқытудың ұжымдық формасы динамикалық жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Бұл жерде оқушылар бір-бірінен әншейін жұптасып қана қоймайды, әрбір бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.

Әрбір минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан-жаққа қарап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе біріте бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Бұл жөнінде жаңашыл мұғалім В. Ф. Шаталов тізбек және десант әдістерін тиімді қолдануға болады.

Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта қолданылады, бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4-5 оқушы болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмаларын орындайды. Мысалы: а) талдауды және материалдарды салыстыруды қажет ететін тапсырмалар; ә) жаттығуларды қажет ететін тапсырмалар; б) теориялық материал негізінде есептер шығару.

Барлық тапсырмалардың сұрақтарына барынша жауап үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан кейін әрбір оқушы топтық тапсыманың бөлігін өз бетімен орындайды. Әрбір топтың жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.

Сабақта жұмыстың мұндай формасы оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Мысалы, олар топтық айтыс, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу, оқушылардың тұйық мінезділігін, тұйық оңашалануын, бөлектенуін болдырмау.

Оқытуды ұйымдастырудың дербес формасы бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманыңтүрлері: тіл сабағында жаттығулар, математика, физмка, химия сабақтарында есептер шығару, оқу кабинеттерінде тәжирибе жасау, оқу-тәрбие учаскесінде жеке оқу тапсырмаларын орындау, үйірмелер сабақтарында дербес жұмыстарды, саяхат жеке тапсырмаларды, үйге берген оқу тапсырмаларын орындау т. б.

Оқытудың дербес формасын әрбір оқушыға дербес оқып зерттеуге тапсырмалар беруге болады. Әрбір оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді, материалдарды, құралдарды пайдаланып, тапсырманы жоспарға сәйкес орындайды. Олардың негізінде оқушы семинарлардасөйлеп өзінің пікірін айтады.

Оқушылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы білімді терең және берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке адамның құнды қасиеттерін-өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.

Сонымен, оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материаланаң көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.

Оқыту процесіндегі ең басты тұлға-бала. Егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық балалар жұмыс істей білуді, ойлауды сүйеді, қуаныш етеді.

1. 1. Оқытуды ұымдастырудың басқа формалары

Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т. б.

Саяхат - пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі обьектілер пайдаланылады.

Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады, оқушылардың техникалыұ ой-өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызады, танымдық ынтасын дамытады. Оқу саяхатының түрлері:

А) кіріспе саяхат-жаңа тақырыпты (оқу материалын) түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы;

ә) кезектегі саяхат курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Мақсаты: сыныпта өтілген оқу материалын тереңдету және бекіту.

Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеленеді:

  1. Саяхаттың мақсаты және обьектісі.
  2. Оқушылармен алдын ала обьектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т. б.
  3. Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, объектіні толық қарау.
  4. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру. Мысалы, бірінші топ-бақылау, өлшеу, екінші топ-сурет салу, сызу, үшінші топ- есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды.
  5. Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.
  6. Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференциясы өткізіледі. Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушыларымен өткізу өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды.

Семинар сабағы - Бұл жоғары сыныптарды тарих, әдебтиет, жалпы биология т. б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі. Онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққадайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материал жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.

Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семианар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.

Практикум - курс тарау аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын лабораториялық жұмысының кешендісі. Лабораториялық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.

Мұғалім оқу бағдарламасының материалдарын және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың есебінен практикумдарды өткізкге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Лабораториялық жұмыстар негізінен химия, физика, биология пәндері бойынша өткізіледі.

Факультативтік сабақтар- оқытудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық біліиін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларынң бірі. Факультатив сабақтары жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі базистік оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5-ші сыныптан бастап өткізіледі. Ал тереңдете оқуға арналған типтік оқу жоспары бойынша 8-ші сыныптан басталады.

Үй оқу жұмысы- бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершшілік сезімін тәрбиелейді, қиыншылықтармен күресуге үйретеді. Үй тапсырмасы сабақ кезеңдерінің бірі, білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады. Бірақ, үй оқу жұмысын орындауда балаларға шамадан тыс күш түседі. Мәселен, әр түрлі пәндер бойынша оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Оның бір күндік көлемі орта есеппен алғанда 4-5 сағаттан кем болмайды. Егер осы сағат санына оқушының мектептегі күнделік оқитын 5-6 сабағын қоссақ, оның жұмыс күні ең кем дегенде9-11 сағатқа созылады. Бұл балалар үшін өте ауыр. Сондықтан олардың денсаулығын қорғау және сақтау үшін, жұмыс қабілетін арттыру үшін барлық мұғалімдерді ойландыратын, жете зерттеуді қажет етеін және кезек күттірмейтін проблемелердың бірі-үй оқу жұмысы.

Осыған байланысты, мұғалімдердің мына мәселелерді ескергені жөн: бірінші, әрбір мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқу материалын толық игеруін қамтамасызету жолдарын іздестіреді, екінші, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжирибесін терең оқып шығармашылықпен пайдалану әрбір сабақтың теориялық және практикалық дәрежесін көтереді.

Міне осы жағдайда үй оқу жұмысының көлемі бірте-бірте азайып, оқушылардың бос уақытында өз бетімен түрлі іс-әрекеттермен айналысуына мүмкіндік туады. Бұл пікір экспериментшіл-мұғалімдердің»Бала күнінің жартысы» деген идеяны қуаттайды.

Педагогтік іс-әрекетбір-бірімен өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орндау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатнасы. Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материаланың ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны,, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысның ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:

  • жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді)
  • жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатнасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқын-далалы)
  • жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады
  • өзара бірлесіп оқыту
  • саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтілдеі
  • бригадалық оқыту т. б. түрлері.

Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі17 ғасырда Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде еі көп тараған және үш жүзжылдық бойы әлі дамып келеді. Сынып -дегеніміз жас ерекшелініне қарайтұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын 17ғасырда атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлетімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатнасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшілктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілетіескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.

Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық-сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларының бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы - ол оқушылардың ұйымдасқан анықтығы және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.

Сыныптық сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжирибелер, еңбек және өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері(пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар)

Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке,

даралап және саралап оқыту немесе қарпайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Техникалық және арнайы пәндер бойынша сабақтың негізгі ұйымдасытрушылық формалары. Студенттердің оқу еңбегін ұйымдастыру формалары: фронталды, топтық, жеке және олардың әдістемелік талдауы
Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz