ҚР әділет органы



Жоспар

1. ҚР Әділет органы
2. ҚР Әділет органының міндеттері мен біртұтас жүйесі
3. Әділет органдарына қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс.қимыл шаралары туралы ақпараттық анықтама
4. Заң қызметін көрсету саласындағы орны.
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2002 жылы 18 наурызда қабылданған Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Әділет органдарының міндеттері: жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру; құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; қылмыстық жазаларды атқару, Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру; әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру
болып табылады.
Әділет органдарының біртұтас жүйесіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің комитеттерін, аумақтық әділет органдары мен мекемелерін, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын ә.ділет органдары жатады. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады. Әділет министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурызындағы «Әділет органдары туралы» заңы
2. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. – Алматы, Дәнекер, 2000;
3. 2009ж. 12 мамырында ҚР Әділет министрі «Қызметкрелері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасалған құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағанысты ұйымдар мен мекемелердің, аумақтық әділет органдарының бірінші және тікелей басшыларына тәртіптік жауапкершілік белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» № 252 бұйрық.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Заң факультеті

Қылмыстық құқық кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: ҚР Әділет органы (Сыбайлас
жемқорлықпен күрес саласындағы әділет органдарының рөлі)

Орындаған:Наубаева Гүлшат Ққ-23

Тексерген:Ашимова Э.А. Аға оқытушы

Астана-2010

Жоспар:
1. ҚР Әділет органы
2. ҚР Әділет органының міндеттері мен біртұтас жүйесі
3. Әділет органдарына қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
шаралары туралы ақпараттық анықтама
4. Заң қызметін көрсету саласындағы орны.

Қазақстан Республикасының әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде
мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк
органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында
заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары
болып табылады. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2002 жылы 18 наурызда қабылданған
Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

      Әділет органдарының міндеттері: жалпымемлекеттiк даму стратегиясын
әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды
талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң
сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн,
Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз
етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;Қазақстанның ұлттық
мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн
нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн
құқықтық жағынан қамтамасыз ету; заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке
құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген
түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi
және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн,  азаматтық хал
актiлерiн  мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк есебiн
жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру; құқықтық көмектi және
заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; қылмыстық жазаларды
атқару, Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару
жүйесiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;сотталғандардың
түзелуін ұйымдастыру;сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару
жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз
ету;санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты
жүзеге асыру; әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы
iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;Қазақстан Республикасының
азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi
жүзеге асыру;азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан
Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру
болып табылады.
Әділет органдарының біртұтас жүйесіне Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің
комитеттерін, аумақтық әділет органдары мен мекемелерін, қылмыстық атқару
жүйесінің органдарын қамтитын ә.ділет органдары жатады.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен
Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық
атқарушы орган болып табылады. Әділет министрлігін Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын Министр
басқарады. Әділет органдарына қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпараттық анықтама.
        Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)
әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу
фактілерін болдырмауға бағытталған кең ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізуде.
Осы жұмыс бүгінгі таңда қызметтегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Жалпы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимыл әділет органдарында Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен
бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына, Нұр Отан ХАП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
форумда және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің 2008 жылғы 6
қарашадағы отырысында берілген мемлекет Басшысының тапсырмаларына,
Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22
сәуірдегі № 793 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешеніне, Әділет
органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2009-2010 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Әділет министрінің
05.06.2009 жылғы № 63 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Жоғарыда
аталған ҚР Президентінің Жарлығын орындау үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылды күшейту мақсатында 2009 жылдың 12 мамырында ҚР Әділет
министрі Қызметкрелері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар мен қылмыс
жасалған құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағанысты ұйымдар мен
мекемелердің, аумақтық әділет органдарының бірінші және тікелей басшыларына
тәртіптік жауапкершілік белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
кейбір мәселелері туралы № 252 бұйрықты шығарды. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламада көзделген барлық
іс-шараларды орындау дер кезінде жүзеге асырылуда.бұл туралы Қазақстан
Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қрасы күрес
агенттігіне ақпарат жіберілді. Орындайтын функциялардың кеңдігіне
байланысты Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары
органдардың жататындығын атап өткен жөн. Өйткені әділет органдарының жұмысы
азаматтармен және заңды тұлғалармен жоғары дәрежеде байланыс жасайды.
2009 жылы жүргізілген талдау әділет органдары қызметінің
барлық бағыттры бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасауға
ықпал ететін жағдайлар бар екендігін көрсетті.Осыған байланысты
Министрліктің күш-жігері аралас жұмыстарда өз қатарында сыбайлас жемқорлық
көріністерінің кез келген ныснадарын алдын алу, анықтау және жолы кесу
жағына қарай амалдарды өзгертуге, әділет органдары қызметкерлерінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшіге қойылатын
этикалық нормаларды сақтауын бақылауды күшейтуге бағытталған.Осы бағытта
жұмысты күшейтуге бағытталған ұйымдастыру және практикалық шаралар
қабылданды, жаңа шешу жолдары белгіленді.
Мәселен, Министрлікте сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың алдын алу
және анықтау бойныша жұмыстарды ұйымдастырудың тиісті деңгейін қамтамасыз
ету жүктелген бөлімше құрылды. 2009 жылдың мамырында Кадр департаментінің
құрылымында әділет органдары қызметкерлерінің қатарын тазартуды
қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізетін Мемлекеттік қызметшілердің этикасын
сақтауды бақылау басқармасы (бұдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариат қызметін құқықтық реттеу
Нотариат туралы 1997 ж. 14 шiлдедегі 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері
Жекеше нотариус
Ұлды және қызды асырап алуды тәркеу, тегін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
Пәндер