Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері


«Интеллектуал - Парасат»
заңгерлік компаниясы
Әлдибеков Жапар Смайылұлы
XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы
12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы
Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші
ҚР ҰҒА-ның академигі,
заң ғылымдарының докторы, профессор
Зиманов Салық Зиманұлы
«Интеллектуал - Парасат»
заңгерлік компаниясы
Әлдибеков Жапар Смайылұлы
XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы
12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы
Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші
ҚР ҰҒА-ның академигі,
заң ғылымдарының докторы, профессор
Зиманов Салық Зиманұлы
заңгерлік компаниясы
Әлдибеков Жапар Смайылұлы
XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы
12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы
Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші
ҚР ҰҒА-ның академигі,
заң ғылымдарының докторы, профессор
Зиманов Салық Зиманұлы
Алматы, 2006 «Интеллектуал - Парасатзаң
Әлдибеков Жапар Смайылұлы
XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы
12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы
Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші
ҚР ҰҒА-ның академигі,
заң ғылымдарының докторы, профессор
Зиманов Салық Зиманұлы
«Интеллектуал - Парасат»
заңгерлік компаниясы
Әлдибеков Жапар Смайылұлы
XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы
12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы
Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші
ҚР ҰҒА-ның академигі,
заң ғылымдарының докторы, профессор
Зиманов Салық Зиманұлы
Алматы, 200Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1-Бөлім. XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайы.
1. 1 Зерттеу жұмысына қатысты тарихи-құқықтық деректер және оның қайнар көздері . . . 13
1. 2 Қазақ мемлекетінің нығаю, өрлеу кезеңіндегі ішкі-сыртқы жағдайы және оның тарих сахнасындағы алатын орны . . . 22
2-Бөлім. Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері
2. 1 Халқының қоныстану ерекшелігі: этнографиялық құрамы, этикалық құрылымы және оның территориялық байланысы . . . 45
2. 2 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының маңызды ескерткіштері - Қасым ханның «Қасқа жолы» Есім ханның «Ескі жолы» құқықтық жүйесінің қазақ мемлекетінің қоғамдық-саяси өміріндегі және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы орны . . . 60
Қорытынды . . . 85
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 88
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Дипломдық еңбек әлі де болса, кешеңді түрде толық зерттелмеген XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ мемлекеттігінің ішкі сыртқы жағдайын, оған әсер еткен халықаралық ахуал және оның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық дамуының өзекті мәселелері, қазақ тарихи-құқықтық деректердің қатыстыруымен жан-жақты сипатталады. Зерттеуімізде ұлттық мемлекетіміздің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси құрылымына тікелей қатысты бар-халықтың қоныстану ерекшелігі, этнографиялық құрамы, этникалық құрылымы және оның ішкі территориялық байланысы тұрғысындағы маңызды мәселелеріде кешенді түрде сарапталып көрсетіледі.
Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлар бойы қилы-қилы тарихи даму кезеңінде әлемдік өркениеттің көшінен қалмай өзіне ғана тән дала демократиясының негізіндегі ұлттық мемлекеттігін құрып, оның әлеуметтік-саяси, құқықтық-рухани құндылықтарын қалыптастырып, жетілдіріп келесі ұрпаққа жеткізіп, өрлігімізбен елдігімізді аяққа таптатпау үшін жанқиярлықпен күрескен ауыр әрі абыройлы өткен тарихи жолдарымызды мақтанышпен айта аламыз.
Ғасырлар көшімен ілесе, бірге дамып жоғарғы деңгейге көтерілген көшпелі өркениетіміздің басты белгілері болып саналатын мемлекеттігіміздің, оның әлеуметтік саяси құрылымы, құқықтық-рухани саладағы бастаулары, билік пен басқару жүйесіндегі өзімізге ғана тән билер институтының, хандық биліктің қалыптасуы, дамуы, қазақ қоғамының сыртқы әлеммен байланысы, ірі қайраткерлеріміздің тарих сахнасына шығуы тағы басқа өзекті мәселелер - кейбір реакцияшыл пиғылдағы зерттеушілерінің «көрсеткеніндей тек тарихи аңыз ретінде ғана болған жоқ, қарастырылып отырған кезеңдегі өмір шындығының, өрісінің нақты әрі нағыз көрінісі болды. Осы тұрғыдай Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» [1. 296] деп атап көрсеті.
Қазақ халқы өз алдына мемлекеттік егемендік алған соңғы он бес жылдың ішінде саяси-құқықтық және рухани өркендеуімізде бірқатар оңды өзгерістер болды. Соның нәтижесінде уақыт талабына сай зерттеушілер де, қазақ халқы да өздерінің ұлттық мемлекеттігінің тарихына, құқықтық-рухани бастауларының құндылықтарына, еліміздің өткен өміріндегі басты орын алған ерекше тұлғалардың өмірі мен қызметіне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Кеңес дәуірі кезінде ұлттық тарихымызды еркін зерттеп шынайы нәтижесін жариялауға сол кезеңдегі идеологияға байланысты мүмкіндік болмаған еді. Мұндай жұмыстарға қатаң шектеу қойылып, ондай еңбектердің авторларын социализм қағидаларынан «алшақтап» кеткен үшін, «ескілікті көксегені», тіпті «ұлтшыл» деп айыптауға дейін барып отырып. Соңда да, бұл тақырыптар бойынша шектеулер болса да белгілі деңгейде зерттеулер жүргізілді. Аталған еңбектерде қазақтың көшпелі қоғамының мемлекеттігі жоққа шығарылып, немесе бұрмаланып көрсетіліп, әдет-ғұрып құқығы өткеннің сарқыншағы, патриархалды-феодалдық қоғамның қалыптасу көрінісі деп бағаланған болса да, олардың танымдық маңызын ешкім жоққа шығара алмайды.
Осы тұрғыдан дипломдық зерттеу еңбегіміздің жалпы концепциясы қарастырылып отырған кезеңнің негізгі өзегі болып табылатын қазақ мемлекеттігі мен құқығының, оның басқару жүйесінің және хандық биліктің, билер институтының қалыптасу, даму, өркендеу мәселесіне қатысты патшалық империя дәуірінде бастау алып, кеңестік-тоталитарлық режимнің коммунистік идеологиясының үстемдік құруы кезінде одан әрі өзінің жалғасын тапқан, «қазақтарда ешқандай ұлттық мемлекеті болған емес, мемлекеттік құрылыстың тек қана жеке элементтері ғана кезедеседі, оның өзі бірыңғай құрылым болған жоқ, әрбір ру-тайпа, өз бетімен өмір сүрді, қазақтар бір-бірімен қырқысып бытыраңқылықта болды, бей-берекет көшіп жүрді, халқы жаппай сауатсыз болып, қайыршылықта өмір сүрді, яғни қазақ ешқандай біріңғай, біртұтас хандық (мемлекет) құрған жоқ» [2. 76] деген ұлттық намысымызға тиетін, сыңаржақ, реакцияшыл пікірлерге тың тарихи деректер, жаңаша көзқарастар тұрғысында тойтарыс беріп, оларды теріске шығаруға бағытталған. Соңдықтан қарастырылып отырған кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттіліктің жоғарыда көрсетілген көкейкесті мәселелерін жаңа концепциялық негізде, тың дереккөздерді қатыстыра отырып, жаңаша көзқараспен ғылыми талдаудан өткізе отыра, өз ой-тұжырымдарымызды негіздеп, шынайы, объективті бағасын беру өзекті мәселе деп қараймыз.
Халқымыздың дербес ұлт және мемлекет ретінде қалыптасқан ұзақ әрі күрделі кезеңді бастан кешкен даму процесінде қазақтың ата заңдарының (құқығының) бастаулары мен тарихи даму үрдісі қазіргі кезеңдегі заңтану ғылымындағы іргелі мәселелердің бірі болып қалып отыр. Өйткені, ол қазақ халқының қоғамдық - саяси тарихының маңызды құрамы болып қалыптасқан, дәстүрлі қазақ мәдениеті мен өркениеті саласында аса маңызды әрі салмақты орны бар ауқымды сала. Соңдықтан дәстүрге бай қазақ Ата заңдарының бастауларын оның жүріп өткен тарихи жолын жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерделеп, сараптан өткізіп, талдау жасап, барымызды байыптап, жоғымызды мүмкіндігінше түгендеу, жалпы құқықтану ғылымының, оның ішінде диссертациялық зерттеуіміздің алдында тұрған келелі де өзекті мәселелердің бірі деп сипаттауға толық негіз бар.
Қазіргі төрткүл дүниеде өзінің этностық заңы болмаған, этностық құқығының тарихы болмаған бірде-бір мемлекет жоқ. Осы тұрғыдан ұзақ әрі бай тарихы бар қазақ қоғамы да өзінің этностық құқығы, заңы бар және терең тарихы бар мемлекет болды. Бірақ, елімізде осыған дейінгі кезеңде ұлттық заңтану ғылымы жүйелі түрде қалыптаспағандықтан, қазақ заңтану ғылымының басқа да теориялық мәселелері сияқты, Қазақ ата заңдарының (құқығының) тарихы да бір жаққа ысырылып, немесе үстірт зерттеліп, оған оншалықты мән-маңыз берілмеді. Бұдан теріс салдар туындауы мүмкін. Өйткені, әлемдік заң ғылымының қазіргі талабына қарағанда қандай мемлекет болмасын өзінің ұлттық заңының тарихы саналы, жүйелі түрде қамтылған ұлттық заң ғылымы болмаса, елдің тұтас заң ғылымы толыққанды ғылым ретінде қаралмайды. Соңдықтан ұлттық құқықтану ғылымындағы мұндай олқылықтардың орнын толтырып, оны қазіргі кездегі ғылым талабына сай дамыту үшін Қазақ ата заңдарының тарихын, қайнар көздерін, құндылықтарын қамтыған құқықтану ғылымының жүйесін қалыптастырып, орнықтыру үшін, оны толықтырып, жаңаша көзқараспен жан-жақты зерттеу қазіргі кездегі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі деп қарауға болады. Соңдай-ақ, бұл мәселені зерттеудің өзектілігі - отанымыздың болашақ ұрпақтарын қазақтың құқықтық мәдениетінің тарихынан, бұлақтарынан сусындатып, олардың ұлтжаңдылығын, патриоттық жауапкершілігін барынша күшейтудің қажеттілігінен де туындайды.
Мәселенің зерттеудің деңгейі. Дәстүрлі қазақ қоғамының мемлекеттілігінің тарихын, оның құқығын, нормативтік құрылымын, көшпелі өмірдің әлеуметтік-саяси, демократиялық-рухани құндылықтарын зерттеу кеш басталды. Өйткені, Европа үшін қазақ көшпелі әлемі XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың басында ғана белгілі бола бастаған еді. Дегенмен отарлаушылық, саяси-экономикалық мүддені көздеген Ресей империясы сияқты шет мемлекеттердің сыртқы саясаты XVIII ғасырдан бастап Қазақ Еліне деген қызығушылығы мен қысымын күшейте түсті. Сонымен бірге бұл саясат - қазақ мемлекеттігі мен құқығының табиғатын тануға, оның әкімшілік-саяси құрылымын жете зерттеуге кеңінен жол ашты. Патша империясы қазақ қоғамын зерттеуге қатысты іс-әрекетінде отаршылдық бағыттағы мүдде-мақсатты көздеген өзіне тиімді саясат ұстанды.
Осы мақсатты көздей отырып патша үкіметі XIX ғасырдың 60-80-ші жылдарында өткен дәуірдегі қазақ қоғамындағы саяси-әкімшілік басқару жүйесін, әдет-ғұрып құқығының табиғатын, құрылымын, ондағы хандардың, билердің ролін зерттеу жөнінде бірнеше рет арнайы комиссия құрған болатын. Патшалық комиссиялардың бірқатар зерттеу қызметінің нәтижесінде қазақтардың қоғамдық-саяси құрылымын, әдеттік-құқықтың ережелері туралы көлемді материалдар жинақталды. Бұл материалдардың ғылыми-танымдық тұрғыдағы ролі зор болды.
Осы кезде қазақ-әдет ғұрып құқығы туралы: «Сборник обычного права сибирских инородцев» (Самокасов Р. Я., Варшава, 1876 г. ) ; «Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в малой киргизской орде» (Баллюзек Л. Ф., Оренбург, 1874 г. ) ; «Обычное право киргизов» (Козлов И. А. Омск, 1886 г. ) ; «Материалы для изучения юридических обычаев киргизов» (Маковецкий К. Е. 1886 г. ) ; «Обычное право киргизов» (Леонтьев А. М., 1890 г. ) және тағы басқа зерттеулер мен жинақтар шыға бастады.
Қарастырылып отырған кезеңдегі өзекті мәселелерге қатысты келесі топтағы бірқатар зерттеу материалдары - XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси ахуалын, қазақ хандықтарының Ресей империясының қол астына өтуі процесіндегі саяси өзгерістерді, оқиғаларды қамтиды. Атап айтқанда, осы кезеңде қазақ халқының әлеуметтік-құқықтық өмірін зерттеушілер П. И. Рычковтың [4], И. Г. Георгидің [5], И. П. Палластың [6], И. И. Крафтың [7], И. П. Фальктің [8], В. В. Вельяминов-Зерновтың [9], Н. А. Аристовтың [10], А. П. Чулошниковтың [11], П. П. Румянцевтің [12], М. Красовскийдің [13], В. В. Радловтың [14] еңбектерінде осы дәуірдегі қазақ қоғамының ішкі-сыртқы ахуалы, әлеуметтік топтары жөнінде, құқықтық, этнографиялық, рухани және шаруашылық саласын қамтитын өмірлеріне нақты сипаттама берілген. Алайда бұл зерттеулердің басым көпшілігінің сол кезеңде бастау алған, Ресей империясының қазақ халқына және жеріне қатысты жүргізіле бастаған отарлау саясаты идеологиясының үдесінен шығуға бағытталған еңбектер болғандығын баса айтуымыз керек.
Қарастырылып отырған кезеңдегі ғылыми зерттеулер мен ізденістерді қамтитын бірқатар еңбектердің арасынан мән-мазмұны, құндылығы жағынан орын алатын жұмыстың бірі - А. Левшиннің «Описание киргиз-кайсакских или киргиз-казачьих Орд и степей» атты кітабын ерекше атауға болады. Үш бөлімнен тұратын бұл еңбекте, автор сол кездегі қолда бар нақты материалдарға сүйене отырып, XVI ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейінгі дәуірдегі қазақ қоғамындағы орын алған әлеуметтік-саяси оқиғаларға, қазақтардың құқықтық жүйесіне жан-жақты сипаттама береді [16] .
Алайда, жоғарыда көрсетілген зерттеулердің ғылыми-танымдық тұрғыдан құндылығы болғанымен, олардың мазмұнында қазақ мемлекеттігінің пайда болуы, қалыптасуы, өмір сүру процесіне байланысты үстірт, біржақты керегар, реакцияшыл пікірлердің орын алғандығын, тіпті қазақ халқының өзіне, атауына қатысты кездесетін менмендік, өрескелдік, халқымыздың ар-намысына, беделіне нұқсан келтірген анайы атаулардың, теңеулердің кездесетінің ашып айтуымыз керек.
Қазақ қоғамының көшпелі дәуірдегі қоғамдық-саяси және құқықтық өмірінің тыныс-тіршілігі тарихи тағылымдары өз ұлтымыздың зиялыларын да бей-жай қалдыра алмады. Өйткені, олар өз халқының өткен дәуірдегі әлеуметтік-саяси өміріне, құқық нормаларына немқұрайды, «жоғарыдан» қарай алмады. Олар осы тұрғыдан орыс, еуропа заңдарына қарағанда Қазақтың ата заңдарының артықшылығын, жергілікті халық тұрмысына, өмір сүру салтына мейлінше жақындығын негіздеуге бағыт ұстанды. Бұл салада көрнекті ұлт зиялылары Ш. Уәлихановтың [17], Ы. Алтынсариннің [18], Ж. Ақпаевтың [19], А. Байтұрсыновтың [20], Б. Сырттановтың [21] еңбектері айтарлықтай болды.
Қарастырылып отырған дәуірдегі қазақ мемлекеттігінің саяси-құқықтық тарихын, заңдық нормаларын жинауға, зерттеуге байланысты бетбұрыс шектеулі ауқымда болса да Кеңес үкіметі тұсында жасалды. Алайда, бұл зерттеулер көп жағдайда Кеңес мемлекетінің тоталитарлық саясатының бағытына, мүддесіне сай жүргізілді. Осы кезеңде қазақ дәстүрлі қоғамының саяси-құқықтық мәселелерін арнайы зерттеген С. Л. Фукстің [22], С. В. Юшковтың [23], Т. М. Култелеевтің [24] еңбектері, «Материалы по обычному праву казахов» Т. 1 (1948 ж. ), «Материалы по политическому строю казахов» Т. 1 (1960 ж. ), «Проблемы казахского обычного права» (1989 ж. ) атты көлемді ғылыми-зерттеу жинақтары жарық көрді.
XVIII ғасырдың соңынан бастап XX ғасырдың басын қамтитын кезендегі қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси, әкімшілік-құқықтық саладағы болған өзгерістерін жете зерттеген ұлтымыздың белгілі заңгер ғалымдары - С. З. Зимановтың [25, 26, 27], Ғ. Сапарғалиевтің [28, 29], Қ. Ә. Жиреншиннің [30], С. Өзбекұлының [31, 32, 33], С. А. Табановтың [34] еңбектерінің де ғылыми-теориялық, әрі танымдық маңызы ерекше болды. Дегенмен, бұл еңбектерде негізінен қазақ халқының Ресей империясының қол астына түпкілікті өтіп, оның отарлық жүйесінің ауқымындағы саяси-әкімшілік саладағы өзгерістері мен осы дәуірдегі ұлт зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастарына, мұраттарына талдау жасалған.
Зерттеудің объектісі XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ мемлекеттігінің және оның саяси-құқықтық даму тарихындағы аса маңызды әрі күрделі, әрі қарама-қайшылықты дәуірді бастан кешкен кезеңдегі ішкі-сыртқы жағдайын сипаттайды.
Зерттеудің пәні оған әсер еткен халықаралық ахуалды, оның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық дамуының өзекті мәселелерін, қазақ қоғамының тарих сахнасындағы алған лайықты орнын бейнелейтін көкейкесті аспектілерін әр мазмұндағы тарихи-құқықтық дереккөздердің негізінде кешенді түрде зерттеуге, талдауға мүмкіндік береді. Қазақ қоғамының әлеуметтік - саяси құрылымындағы, рухани - құқықтық қатынастарының арасындағы ерекшеліктерді анықтау.
Зерттеудің ғылыми жауаптылығы қарастырылып отырған кзеңдегі қазақ халқының қоғамдық - саяси құрылымының негізгі өзегі болып есептелген халық қоныстану ерекшелігі этнографиялық құрамы, этикалық құрылымы территориялық байланысы кешенді түрде алғаш рет зерттеліп отыр.
Зертттеудің теориялық маңызы ұлттық мемелекетімізді өткен дәуірдегі ішкі - сыртқы жағдайына, саяси - құқықтық құндылықтарын оқып үйернуге студенттерге септігін тигізеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ халқының оның ұлттық мемлекетттігінің қалыптасу, даму, өркендеу дәуіріндегі өте маңызды әрі, саяси қарама-қайшылықтарды бастан өткерген күрделі кезеңі болып есептелетін XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы ішкі-сыртқы саяси жағдайын, құқықтық-рухани құндылықтарын, жан-жақты сараптап, оның тарих сахнасында алған лайықты орнын талдап көрсету. Аталған өзекті мәселелерді шешу үшін диссертант алдына төмендегідей міндеттер қойды:
- тақырыптың өзектілігін және оның ішкі мән-мазмұндық табиғатын ашып көрсету арқылы зерттеуге қатысты тарихи және құқықтық дереккөздерге жаңаша тұрғыдан жан-жақты сараптама жасау.
- қарастырылып отырған XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайын, саяси ақуалын жан-жақты талдау арқылы оның нығаю, өрлеу және қайшылықты кезеңіндегі көкейкесті мәселелеріне объективтік баға беру.
- қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық және рухани дамуының ерекшеліктерін сипаттай отырып, қазақ ата заңдарының ұлттық мемлекеттігіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы алатын орнын зерттеп-зерделеу.
- ұлттық мемлекетіміздің қоғамдық-саяси құрылымының негізгі өзегі болып есептелген - патронимия және ел басқару үрдісі, әлеуметтік жіктелу (стратификация), қоғамдық қатынастар жөніндегі пікір көзқарастарды салыстыра отыра сараптап, зерттеп өз ой-тұжырымдарымызды негіздеу
Зерттеудің әдістемелік негіздерін қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер құрады. Зерттеу барысында барлық қоғамтану ғылымдарына тән тарихи-хронологиялық зерттеу әдісі, анализ (талдау) және синтез тәсілдері және тарихи салыстырмалы - теңестірмелі әдістері де көрініс тапты.
Дипломдық зерттеудің теориялық негізін Қазан төңкерісіне дейінгі Ресей зерттеушілерінің, ұлт зиялыларының, Қазақстан ғалымдарының тарихи және тарихи-құқықтық тақырыпқа жазылған зерттеу еңбектері, ғылыми монографиялар және мұрағат құжаттары құрады. Дипломдық жұмысты жазуда белгілі орыс зерттеушілері П. И. Рычковтің, И. Г. Георгидің, И. П. Палластың, И. И. Крафтың, И. Фальктің, А. Тевкелевтің ұлтымыздың көрнекті зиялылары Ш. Уәлихановтың, И. Алтынсариннің, А. Байтұрсыновтың, Ж. Ақпаевтың, Б. Сырттановтың т. б. еңбектеріне арқа сүйедік.
Дипломдық жұмыста соңдай-ақ, Қазақстанда тарихи-құқықтық ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан С. З. Зиманов, Ғ. С. Сапарғалиев, М. Т. Баймақанов, С. С. Сартаев, З. Ж. Кенжалиев, С. Өзбекұлы, Н. Ө. Өсеров, К. А. Жиреншин, С. Н. Сәбикенов, С. А. Фукс, Т. М. Күлтелеев сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар мен қорытындылар:
- XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекетінің нығаю, өрлеу және дағдарысты кезеңіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, саяси ахуалы, әлеуметтік-құқықтық дамуының барысы, оның тарих сахнасындағы және халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретіндегі алған лайықты орны кешенді түрде зерттеліп, қазақтың көшпелі өркениетінің өміршендік идеясы алға қойылып жан-жақты талданады.
- Тарихи сабақтастық, үндестік қағидасын сақтай отырып, әйгілі қазақ хандары Қасымның, Есімнің, Тәукенің мемлекет, саясат және құқықтық жүйелер саласында іске асырған реформаторлық қызметтеріне, және «Қасым ханның қысқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» құқықтық мұраларының саяси-құқықтық идеяларына қазіргі қолданыстағы заңдарымызбен салыстыра отырып талдау жасау арқылы, сол кезеңдегі қазаққұқығының маңызы мен аумағы бір тарихи аймақ шеңберінен шектелмей, адамзат дүниесіндегі елеулі құбылыс деңгейінде бағалауға лайық деген жаңаша ой-идеяны тұжырымдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz