Алашорда үкіметі, қайраткерлері



Алашорда үкіметінің құрылуы. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.
Міне, осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекет туралы мәселенің қойылуы толық негізді болатын. Сөйтіп, қазақ мемлекеттігі туралы мәселені қараған жалпы қазақ.қырғыз съезі 1917 ж. 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай.ақ, одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде мынадай мәселелер қойылды: 1. Сібір.Түркістан автономиясы һәм оңтүстік.шығыс Одақ туралы. 2. Қазақ.қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт кеңесі. 5. Оқу мәселесі. 6. Ұлт қазынасы. 7. Муфтилік мәселесі. 8. Халықтық сот. 9. Ауыл басқармасы. 10. Азық.түлік мәселесі. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді.
Съез қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын... және бұл бүлікшілік біздің қазақ.қырғыздың басына келуі мүмкін деп ойлап... Съез бір.ауыздан қаулы қылады:
1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Әмудария бөліміндегі қазақ

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

1. АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ
2. АЛАШОРДА ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

1. АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ
Алашорда үкіметінің құрылуы. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей
себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай
Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған
әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған
анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер
мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы
солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген
озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.
Міне, осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекет туралы
мәселенің қойылуы толық негізді болатын. Сөйтіп, қазақ мемлекеттігі туралы
мәселені қараған жалпы қазақ-қырғыз съезі 1917 ж. 5 желтоқсанда Орынбор
қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ, одан тыс жерде
тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу
облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде
мынадай мәселелер қойылды: 1. Сібір-Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-
шығыс Одақ туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт кеңесі.
5. Оқу мәселесі. 6. Ұлт қазынасы. 7. Муфтилік мәселесі. 8. Халықтық сот. 9.
Ауыл басқармасы. 10. Азық-түлік мәселесі. Съездің күн тәртібінде тұрған ең
негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді.
Съез қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын
талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің
баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия
мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын... және бұл
бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуі мүмкін деп ойлап... Съез бір-
ауыздан қаулы қылады:
1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары,
Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Әмудария бөліміндегі қазақ уездері,
Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері
бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан
өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға; 2) Қазақ-қырғыз автономиясының
жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын; ...5) Қазақ-қырғыз
арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына
кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады; 6) Алаш
облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша ұлттық Кеңес
құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын
қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша
тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының
билігін өз қолына алады. (“Сарыарқа” газеті, Семей, 1918, 25 қаңтар).
Съез Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе
үкіметі) ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі —
Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі
милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына
кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету
мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады.
Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының
есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съез былай деп анықтады:
“... Осы күнде мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып
жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін... ешбір
тоқтаусыз милиция түзуге кірісуі тиіс...”.
Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бірауыздан қолдады.
Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің
делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды:
“...желтоқсанның 12-күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп,
азан шақырып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп,
Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға коңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-
қазақ жұрты өз алдына ауыл болды”. (“Сарыарқа”, 1918, 22 қаңтар).
Ұлттық-аумақтық қазақ автономиялы мемлекетін құруда съез делегаттары
бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау
мәселесінде ала ауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемлекеттік құрылым ретінде
жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны
ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа
халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді.
Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да
қолдамады.
Бүкілресейлік Құрылтай таратылғаннан кейін, сол арқылы ұлттық автономия
алудан үміттенген Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық
тереңдей түсті. Егер “Алаш” партиясына біріккен ұлттық интеллигенция
большевиктерге, қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені зорлап
таңушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш
қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін
жанұшыра қорғайтын контрреволюциялық күш есебінде қарады.
Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде өз бостандығы үшін күреске шыққан
отарлық езгідегі халықтарға большевиктер партиясы тек кеңестік негіздегі
автономия беретіндігін мәлімдеді. В.И.Ленин мен И.В.Сталин Түркістан
кеңестерінің съезіне жолдаған жеделхатында: “Халық комиссарлары кеңесі
сіздердің өлкелеріңіздің кеңестік негіздегі автономия болғандығын қолдайды”
— деп көрсетті. (В.И.Ленин. О Средней Азии и Казахстане. Ташкент, 1960, с.
379.). В.И.Лениннің бұл ойын сол кезеңдегі ұлт істері бойынша Халық
комиссары И.В.Сталин және басқа қайраткерлер белгілі бір ұлттың автономия
алуы емес, кеңестік билікті қолдайтын жұмысшы және шаруалардың автономия
алуы деп түсінді. В.И.Ленин мұндай тұжырымға үзілді-кесілді қарсы шығып:
“...ұлттардың өзін-өзі билеуін алып тастап, еңбекшілердің өзін-өзі билеуі
мүлде теріс, өйткені бұлайша қою ұлттардың ішіндегі жіктелудің қандай
қиыншылықтармен, қандай бұралаң жолдармен жүріп жатқанын есепке алмайды”
деп көрсетті. Ол еңбекші бұқараның өзін-өзі билеуі туралы айту, тек
пролетариаттың өзінің таптық мүдделерінің буржуазия мүдделерімен ешқашан да
сәйкес келмейтіндігіне біржола көзі жеткенде ғана мүмкін екендігін,
сондықтан да мұндай деңгейге әлі жете қоймаған халықтар өзін-өзі билеу
құқығын талап етсе, онда мұндай талаптың толық заңдылығын мойындаудан бас
тарта алмаймыз деп кесіп айтты.
1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес билігі арасында өмірлік
шындықтан бастау алатын, екі қуатты қоғамдық қозғалыстың (ұлттық және
әлеуметтік, таптық) табиғатынан туындаған өзара түсіністікке ұмтылушылық
байқалды.
Ұлттар ісі бойынша Халық комиссары Алашорданың қойған шарттарына тікелей
ресми жауап берген жоқ. Кеңес өкіметінің мойындауынан үміттенген Алашорда
Х.Ғаббасов арқылы 1 сәуірде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі мен Ұлт істері
жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ елінің жалпыұлттық мүддесін
білдіретін Алашорда үкіметін тез арада ресми түрде мойындауды тағы да талап
етеді. Бірақ бұл уақытта Кеңес өкіметі Алашордадан біржола теріс айналып
кеткен еді.
Міне, осындай жағдайда Кеңес өкіметімен жүргізілген келіссөздің
нәтижесіз аяқталғанына көзі жеткен Алашорда басшылары басқа жол іздеуге
мәжбүр болған еді.

2. АЛАШОРДА ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
Алаш қайраткерлерінің ұлттық тұтастыққа ұмтылысы, әсіресе, Қоқан
автономиясына қатынасынан айқын көрінді. Басқаша айтқанда, Алашорда үкіметі
құрылған бетте Түркістан өлкесі құрамындағы қазақ жұртымен бірігу жолдарын
қарастыруға кірісті. Алашорда басшылары жаңа құрылғалы тұрған Қазақ
мемлекетінің тағдыры оны барлық қазақ жұртының қолдауына тәуелді екендігін
өз дәрежесінде тура түсіне білді.
Қоқан автономиясының құрылуы. 1920 жылы кеңестік Қазақ автономиясы
құрылып, одан кейінгі кезеңде әкімшілік-аумақтық тұрғыдан бір мемлекет
құрамына енгенге шейін (1924—1925) қазақ жерлері көршілес генерал-
губернаторлықтардың құрамында болғаны мәлім. Мәселен, Семей және Ақмола
облыстары — Батыс Сібір генерал-губернаторлығына, Торғай және Орал
облыстары — Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Міне, сондай қазақ
елінің үлкен бөлігі қоныс тепкен Сырдария және Жетісу облыстары, Бөкей
ордасы, олармен бірге Әмудария, Ферғана және Самарқан облыстарында тұратын
қазақтар — Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында (орталығы Ташкент)
болды.
Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында Қазан революциясы қарсаңында
2.972.725 қазақ өмір сүрген. Бұл қазақ елінің жартысынан астамы еді. Міне,
осы сандық көрсеткіш арқылы-ақ Түркістан уәлаятында болып өткен оқиғалардың
жалпы қазақ қоғамына тигізер ықпалын пайымдау қиын емес.
Бұл кезеңде өлкелік, облыстық, уездік және болыстық деңгейде
ұйымдастырылған Қазақ комитеттерімен қатар, Азық-түлік комитеттері де
болғаны мәлім. Жергілікті халық өзінің бар талап-тілегін осы мекемелер
арқылы іске асыруға ұмтылды. Жетісу, Сырдария, Қазақ және Азық-түлік
комитеттеріне күзге қарай жергілікті аш халықтан шағымдар қардай борады.
Бірақ бұл мекемелердің де мүмкіндігі тым шектеулі еді. Ал негізінен ескі
патша шенеуніктерінен тұрған атқару комитеттері Қазақ комитеттері қойған
талаптарға жүрдім-бардым қарап, уағында шешпей, созбаққа салды, шешсе де
негізінен өздеріне қолайлы тұрғыдан шешті.
Міне, осындай күрделі, қайшылықты, ауыр жағдайда Түркістанның байырғы
халықтары, соның ішінде, қазақ елі де, алдына өзін-өзі аман сақтап қалу
міндетін қойды. Ол үшін ең алдымен ұлттық мүддені қорғай алатын саяси
мемлекеттік құрылым қажет еді. Түркістандық қазақтар үшін ондай мемлекет
құрудың екі жолы бар-тын.
Бірақ түркістандық және дала облыстары қазақтарын бір мемлекет шаңырағы
астына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күнбатыс Алашорда қайраткерлері
Алаш партиясының құрылуы
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Ақпан төңкерісі
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі
Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәні
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
Алаш қозғалысының зерттелуі
Алаш қозғалысы басталуы, тұтастығы, қатысушылары
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Пәндер