Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
СӨЖ
Тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2013 ж
Жоспар
І Кіріспе
1. 1 Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Үкім шығару
2. 2 Айыптау қорытындысы
2. 3 Хабарландыру
ІІІ Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру
Қылмыстық іс жүргізудің ұғымы. Қылмыстық іс жүргізудің маңызы және міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу заңы. Қылмыстық іс жүргізудің қағидалары. Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері.
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу теориясы. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу пәні.
Дәлелдемелердің ұғымы. Дәлелдемелердің жіберілуі және артықшылығы. Дәлелдеу заты мен шегінің ара-қатынасы. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары. Бұлтартпау шаралары.
Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік сұрақтар. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу. Қылмыстық істі қозғау. Алдын ала тергеудің жалпы шарттары. Тергеу іс-әрекеттері. Жауап алу. Беттестіру. Тергеудегі тексеру. Тану үшін ұсыну. Тінту және алу. Почта-телеграф корреспонденциясын алу. Тергеу эксперименті. Сараптама жүргізу. Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің жауабын оқиға орнында нақтылау. Азаматтық талапты және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету барысындағы тергеушінің және анықтауды жүзеге асырушы тұлғаның іс-әрекеттері.
Мүлікке тыйым салу.
Айыптау қорытындысы.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сұрақты қарау үшін істі сотқа жіберу.
Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу. Қылмыстық істердің тергелу реттілігі. Басты сот талқылауы. Үкім. Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау. .
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне аппеляциялық шағым.
Сот шешімдерінің орындалуы.
Қадағалау сатысында іс жүргізу.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу. Қылмыстық іс жүргізу барысында артықшылықтар мен иммунитеттерді иелік ететін тұлғалардың істер бойынша жүргізудің ерекшеліктері.
Үкім шығару
Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығару
Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығарады.
Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi
1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.
2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады.
3. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу
Үкім шығару құпиясы
1. Істі қараған судья үкімді оған қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге тұлғалардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.
Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi
1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi шешедi:
1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;
2) бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлiгi, тармағы) ;
3) сотталушының бұл әрекеттi жасағаны дәлелдендi ме;
4) сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кiнәлi ме;
5) оның жауаптылығы мен айыбын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;
6) сотталушы жасаған қылмысы үшiн жазаға тартылуға тиiс пе;
7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiс;
8) жаза тағайындамай үкiм шығару үшiн немесе жазада босатуға не қылмыстық жазаны өтеудi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда кейiнге қалдыру туралы негiздер бар ма;
9) бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесiнің қандай түрi мен режимдегiсiнде жазасын өтеуге тиiс;
10) азаматтық талап-арызды қанағаттандыруға жата ма, кiмнiң пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берiлмесе, мүлiктiк зиян өтелуге жата ма;
11) азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктi не iстеу керек;
12) заттай дәлелдемелердi не iстеу керек;
13) iс жүргiзу шығыстары кiмге, қандай мөлшерде жүктелуге тиiс;
14) сот сотталушының құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзуге) тиiс пе;
15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
16) қылмысты жасауға әсер ететiн мән-жайлардың болуы туралы;
17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18) бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы.
Үкiмдердiң түрлерi
Сот үкiмi айыптаушы немесе ақтаушы болуы мүмкiн.
Айыптау үкiмi
1. Айыптау үкiмi сотталушыны қылмыс жасауға кiнәлi деп тану туралы сот шешiмiнен тұрады.
2. Айыптау үкiмi:
1) сотталушы өтеуге тиiс қылмыстық жаза тағайындала отырып;
2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
3) қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып;
4) қылмыстық жаза тағайындалмай;
5) қылмыстық жазаны өтеу кейiнге қалдырыла отырып шығарылады.
3. Айыптау үкiмi болжауларға негiзделуге тиiс емес және сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кiнәсi соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.
4. Сотталушы өтеуге тиiс жазаны тағайындаумен айыптау үкiмiн шығара отырып, сот оның түрiн, мөлшерiн, режимiн және мерзiмдi өтеудi есептеудiң басталуын дәл айқындауы қажет.
5. Сот, егер осы қылмыс үшiн адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi өтiп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстiң бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда айыптау үкiмiн адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, шығарады.
6. Сот, егер үкiм шығару кезiнде:
1) сотталушыға осы үкiммен тағайындалған жазаны қолданудан босататын кешiрiм актiсi шығарылған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң белгiленген алдын ала қамауды есептеу ережелерiн ескере отырып, осы iс бойынша сотталушының қамауда болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкiмiн жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.
7. Егер оны шығару кезiнде сотталушы қайтыс болса, сот iстi тоқтатады немесе тараптардың өтiнiшi бойынша айыптау үкiмiн жазаны тағайындамай шығарады.
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiңекiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот айыптау үкiмiн қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыра отырып шығарады.
Үкiмдi жариялау
1. Төрағалық етуші үкімге қол қойғаннан кейін сот отырысының залына оралып, үкімді жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі, төрағалық етушінің өзін қоса алғанда, үкімді түрегеп тұрып тыңдайды.
2. Егер үкiм сотталушы (ақталушы) бiлмейтiн тiлде оқылса, онда аудармашы үкiм жарияланысымен немесе iлеспе түрде оны сотталушының ана тiлiне немесе ол бiлетiн басқа тiлге дауыстап аударуға тиiс.
3. Төрағалық етушi сотталушыға (ақталушыға), процестiң басқа да қатысушыларына үкiмге шағым жасаудың тәртiбi мен мерзiмiн, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ iстi апелляциялық қарауға қатысу туралы өтiнiш беру құқығын түсiндiредi. Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен, айыпкер ретiнде тартумен, бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтiрiлген зиянның орнын толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.
4. Егер сотталушы ерекше жаза түрi - өлiм жазасына кесiлген болса, төрағалық етушi оған кешiрiм жасау туралы өтiнiш беру құқығын түсiндiредi.
Айыптау қорытындысы
Тергеушiнiң айыптау қорытындысы кiрiспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлiмдерiнен тұрады. Кiрiспе бөлiмде тергеушi айыптау қорытындысы жасалып отырған айыпталушының (айыпталушылардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын, оның әрекеттерiне баға берiлiп отырған қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсетедi. Сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде, айыптаудың мәнiсi, қылмыс жасалған орын мен уақыт, оның әдiстерi, себептерi, салдары мен басқа да елеулi мән-жайлары, жәбiрленушi туралы мәлiметтер, айыпталушының кiнәсiн растайтын дәлелдер; оның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушы өзiн қорғау үшiн келтiрген дәлелдер және осы дәлелдердi тексеру нәтижелерi баяндалады. Айыптау қорытындысы iстiң томына және бетiне жасалған сiлтеменi қамтуға тиiс. Қарар бөлiмiнде айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтер келтiрiледi және осы қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсете отырып, тағылған айыптың сипаты баяндалады. Айыптау қорытындысына оның жасалған орны мен күнiн көрсетiп, тергеушi қол қояды. Айыптау қорытындысына сот отырысына шақыртылуға тиiстi жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сарапшылардың тiзiмi қоса тiркеледi. Тiзiм екi бөлiктен - айыпталушы мен қорғаушы атаған адамдардың тiзiмiнен (қорғаушы тiзiмi) және тергеушi жасаған тiзiмнен (айыптаушы тiзiмi) тұруға тиiс. Сот отырысына шақыртылуға тиiстi адамдардың тiзiмiне олардың мекен-жайы немесе тұрғылықты жерi және iстiң олардың айғақтары немесе қорытындылары баяндалған беттерi көрсетiледi.
Осы Кодекстiң 100-бабында көзделген жағдайларда бұл тiзiмде сот отырысына шақыртылуға тиiстi адамдардың бүркеншiк аттары ғана қамтылуға тиiс, олардың мекен-жайы көрсетiлмейдi. Айыптау қорытындысына, сондай-ақ iстiң тиiстi беттерi көрсетiле отырып, тергеу мерзiмдерi туралы, тұтқынға алу және үйде қамауда болған уақыты көрсетiле отырып, қолданылған бұлтартпау шаралары туралы, заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қою туралы, азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнiндегi қабылданған шаралар туралы және мүлiктi ықтимал тәркiлеу туралы, iс жүргiзу шығыстары туралы анықтамалар қоса тiркеледi.
Айыптау қорытындысымен келiп түскен iс бойынша
прокурор шешетiн мәселелер
Прокурор айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеуге және мыналарды:
1) айыпталушыға таңылып отырған әрекеттiң жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын;
2) iсте оны тоқтатуға әкелетiн мән-жайлардың бар-жоғын;
3) тағылған айыптың негiздi-негiзсiз екенiн, оның iсте бар
дәлелдемелермен расталатынын;
4) айыпталушыға iс бойынша барлық анықталған және дәлелденген қылмыстық әрекеттерi бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;
5) қылмыс жасағаны туралы iс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыпталушылар ретiнде жауапқа тартылғанын-тартылмағанын;
6) айыпталушының әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;
7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және iсте оны өзгертуге не алып тастауға негiздердiң бар-жоғын;
8) азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлiктi ықтимал тәркiлеу шараларының қабылданған-қабылданбағанын;
9) айыптау қорытындысының осы Кодекстiң талаптарына сәйкес жасалғанын-жасалмағанын;
10) алдын ала тергеу жүргiзуде қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi бұзушылыққа жол берiлгенi-берiлмегенiн;
11) қылмыстық қудалау органының оларды сотпен өндiрудi қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу шығасыларының сомаларын белгiлеу шараларын қабылдаған-қабылдамағанын тексеруге мiндеттi.
Хаттама
Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сойлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықіпамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөилеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөилеген сөздердің барлыгы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айкындайды. Бүл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылыгын қамтамасыз ету қажст. Құжаттын заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімеп аныкталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Хаттаманын деректемелері: мекеменің атауы; құжаттын атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі) ; мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса) ; тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы) ; мәтін.
Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалган мәселе, сөйлеген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы койылады.
Хабарландыру
Хабарландыру - мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі.
Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т. б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның аты қойылады.
Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.
Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:
1. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - Күн тәртібі толық.
2. Мәдени шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы ұсынылады.
3. Тендерге хабарландыруда - Шарттары ұсынылады.
4. Вакансияға хабарландыруда - жұмыс орнына тиісті талаптар.
үлгі
Хабарландыру!
14 сәуір күні, сағат 15. 00-де Жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен "ҚБТУ көктемі шақырады" атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:
1. Қаржы-экономика факультеті деканының құттықтау сөзі.
2. Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.
Деканат
Бұйрық. Қаулы.
Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік-шаруашылық және маңызды бағыттағы моселелері жазылады. Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нактылы талаптар қойылады.
Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толык болуы тиіс жоне безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, түп нұсқасы немесе оның көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау жасалады.
Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі - оның мәтіні. Бұйрық мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады.
Орындалуы міндетті бүл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.
Егер бұйрық бірнеше ісәрекетгің орындалуына негізделген болса, мәтіннің өкіметтік бөлігі бөліктерге бөлінеді және олар араб цифрларымен белгіленіп, азат жолдан басталып жазылады.
Бұйрықта іс-әрекетті орындаушы көрсетілсе, онда оның аты-жөні, фамилиясы, кызметі толық жазылуы тиіс.
Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда, орындалу уақытына шек қойылмайды яғни мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың соңында жауапты адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады.
Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның қызметі көрсетіледі.
Бұйрық
Бұйрық - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі.
Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойылған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мөтіні әдетте екі бөліктен тұрады:
1) констатациялык; 2) өкімдік.
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz