Ежелгі түркілердің наным-сенімдері



Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.
Көптеген мәдениеттанушылар дінді мәдениеттерді бір өркениетке біріктіретін фактор ретінде қарастырады. Н. Данилевскийдің, К. Ясперстің, А. Тойнбидің, О. Шпенглердің, П. Сорокиннің еңбектерінде тарихи-мәдени типтердегі діни ерекшеліктер бітім құрастырушы және мәдени айрықшалықты білдіретін нышан ретінде баяндалады. Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды.
Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар өркениетке ор­тақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл қарым-қатынас тұтастану

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері

Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-
мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін –
руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты
мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең
тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын,
оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни
жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін
оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның
маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің
барлық салаларын қамтып жатты.
Көптеген мәдениеттанушылар дінді мәдениеттерді бір өркениетке
біріктіретін фактор ретінде қарастырады. Н. Данилевскийдің, К. Ясперстің,
А. Тойнбидің, О. Шпенглердің, П. Сорокиннің еңбектерінде тарихи-мәдени
типтердегі діни ерекшеліктер бітім құрастырушы және мәдени айрықшалықты
білдіретін нышан ретінде баяндалады. Үлкен өркениеттердің қалыптасуында
ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы,
дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше
маңызды.
Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар
өркениетке ор­тақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-
сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында,
дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол
себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер
ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-
сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл
қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.
Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген
игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда
қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін
құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз
мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес.
Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен қатар
дамығанын, оларды бөліп қарастыру тек ғылыми абстрактілеу арқылы,
қолайлылық мақсатында қолданылғанын естен шығармаған жөн. Нақтылы тарихи
даму барысында олар бір-бірімен қабаттасып, тұтасып кеткен.
Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму кезендерінде
генотиптік діни жүйелер басым болды. Профессор Т.Ғабитов генотиптік діни
жүйеге төмендегідей анықтама береді: “Генотиптік діни жүйе деп рулық-
тайпалық қауымға тән ілкі ата текті қастерлеп, оларды жаратушы және
қоғамдық өмірдің барлық салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер
мен нанымдардың бірлігін айтады. Генотиптік сенімнің орталық бейнесі
–аруақ”. Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы күнге дейін
жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап,
ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек,
Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру – осы дәстүр көрінісі.
Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын риза етуді парыз
санаған. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген халық даналығында аруаққа
деген көзқарас айқын көрініс тапқан.
Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да
генотиптік сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы болған ашин
тайпасының өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз деп санаған.
Адам баласы өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар
руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын
мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы
аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. Бұл аңыздарда хан қызы күн
сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші
хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында
қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның
руханилығын, трансценденттігін негіздеу болып табылады.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын — жан тұрағы деп қарастыру оларды
құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен
сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соңғысын жоғарғы әлеммен
байланыстырады.
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен
шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында
еуроазиялық көшпелі шаруашылық – мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді
сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс
тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім “Хакім
Абай” кітабында: тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол Адам мен
табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған.
“Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-
қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір – деген табиғат, ол өмір сүру
үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзінен туған түсінік. Оны табиғаттың
синонимі деп те қарауға болады. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан,
натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект
ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі”, –дейді. Яғни, біздің арғы ата-
бабаларымызға догматталған діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным
тұрпатындағы сенім көбірек тән, жан дүниесі мен рухани ізденістеріне
әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де табиғат
күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан
тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат
діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында діни
көзқарастар эволюциясын бастан өткізді. Әрине, оны бірінен соң бірі келетін
діни жүйелер хронологиясы деп қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға
қарағанда әлдеқайда күрделі, көпжақты болып келеді.
“Ол (тәңір – авт.) – әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа,
оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің
біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі
дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастыратын
натурфилософиялық гилозоизм болып табылады, ол түптеп келгенде табиғатты
құдай деп қарастыратын пантеизмнің негізін құрайды”, –деп жазады С.Н.
Ақатаев. Қалыптасуының бастапқы сатысында Тәңір прото­қазақтардың құдайлар
пантеонындағы жоғарғысы деп танылады. Ежелгі қазақтар тәрізді қазақтардың
ілкі тектері де табиғат объектілері мен құбылыстарын құдайландырып, оларға
табынған.
Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-
сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші
рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта
келіп, “... оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге
таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз
тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В.
Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-
суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы
“объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.
Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай
ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі
болған. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады.
Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-
су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, – делінеді.
Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды.
Алтайлық аңызда: “Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық
теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана
шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да
матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-
рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы
орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай
ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың
күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады.
Тәңір сөзінің этимологиясын С. Ақатаев “таң” және “ер” сөздерінің
бірігуінен шығуы мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын “таң”, автордың
пікірінше, күннің шығуымен байла­нысты болса, “ер” – түрік тілдерінде ер
адамды білдіреді. Осы тұрғыда Тәңір “Күн адам”, “Аспан адам”, яғни құдай
дегенді білдіреді.
Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп
беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады,
дейді, қателік жасап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілердің ежелгі сенімдері
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері
Түркілердің сенім негіздері
Діни нанымдар
Түркі мәдениеті. Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ағымдарының әсері
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Түркі тайпаларының діні
Бақсылық және бақсы сарындары
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Пәндер