Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық ерекшелiктерi



МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

І Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi моносиллабтарды зерттеудiң теориялық.методологиялық және тарихи негiзi
1.1 Орхон, Енисей және Талас жазбаларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра қарастырудың тарихи.лингвистикалық негізі
1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық негіздері

II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың фонологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 V тұлғалы моносиллабтар
2.2 VС тұлғалы моносиллабтар
2.3 СV тұлғалы моносиллабтар
2.4 СVС тұлғалы моносиллабтар
2.5 VСС модельдi моносиллабтар
2.6 СVСС модельдi моносиллабтар

IІІ Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно.корреляттар
3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері
3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының өзгерiстерi
3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
ІҮ Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно.корреляттар
4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi
4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi
4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi
4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi
4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi

Ү Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұны
5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi .
5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
5.2.1 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының тiлдегi бейнесi
5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi
5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
5.3 Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі .
5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар
5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар
5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиет
Шартты қысқартулар

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 184 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

І Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi
моносиллабтарды зерттеудiң теориялық-методологиялық және тарихи негiзi 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
1.1 Орхон, Енисей және Талас жазбаларының лингвистикалық тұрғыдан
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.2 Көне түркі тілі мен көне қыпшақ, қазіргі қыпшақ тілдерін сабақтастыра
қарастырудың тарихи-лингвистикалық негізі ... ... ... ... 29
1.3 Түркі тіл біліміндегі түбіртанудың теориялық, методологиялық
негіздері 44
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .

II Орхон, Енисей, Талас және қазiргi қыпшақ тiлiндегi моносиллабтардың
фонологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
2.1 V тұлғалы моносиллабтар 52
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 VС тұлғалы моносиллабтар 56
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 СV тұлғалы моносиллабтар 67
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 СVС тұлғалы моносиллабтар 70
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.5 VСС модельдi моносиллабтар 91
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
2.6 СVСС модельдi моносиллабтар 94
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

IІІ Моносиллабтар құрамындағы дауысты фоно-корреляттар ... ... .. 99
3.1 Моносиллабтар құрамындағы а дыбысының өзгерістері ... ... ... ... 111
3.2 Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі е фонемасының
өзгерiстерi 115
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
3.3 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы ï, і дауыстыларының
қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... 118
3.4 Ескерткіштер тілі моносиллабтар құрамындағы u, ü, o, ö дыбыстарының
қазіргі қыпшақ тілдеріндегі өзгерiстерi ... ... ... ... ... ... 124

ІҮ Моносиллабтар құрамындағы дауыссыз фоно-корреляттар ... ... . 135
4.1 Ескерткіштер тіліндегі j дыбысының қазіргі қыпшақ тілдеріндегі
өзгерiстерi 139
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
4.2 Ескерткiштер тiлiндегi p, b, m, n, ņ фонемаларының қыпшақ
тiлдерiндегi өзгерiстерi 145
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
4.3 Ескерткiштер тiлiндегi l, r фонемаларының қыпшақ тiлдерiндегi
өзгерiстерi 152
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
4.4 Моносиллабтар құрамындағы q, k, γ, g дыбыстарының өзгерiстерi 158
4.5 Моносиллабтар құрамындағы d, z дыбыстарының өзгерiстерi ... .. 163
4.6 Моносиллабтар құрамындағы t, s, š, č дыбыстарының өзгерiстерi . 166

Ү Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн 174
... ... ... ... ... ... ... ... .
5.1 Тiлтанымдағы тұлға мен мазмұнды зерделеудiң философиялық негiзi
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 174
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
5.1.2 Моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгi ... . 180
5.2 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының моносиллабтық негiзi
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 187
... ...
5.2.1 Көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының тiлдегi бейнесi
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 187
... ... ... ... ... ... ... ...
5.2.2 Моносиллабтар дамуындағы бинарлық қатынастар жүйесi ... ... . 198
5.2.3 Көне түркi тiлiндегi концептiлер тоғысын бейнелейтiн моносиллабтар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 204
... ... ... ... ...
5.3 Көне түркілер ономастиконының моносиллабтық негізі ... ... ... ... . 208
5.3.1 Этнонимдер жүйесiндегi моносиллабтар 209
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
5.3.2 Антропонимдік жүйедегі моносиллабтар 214
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
5.3.3 Топонимдер құрамындағы моносиллабтар 218
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..

ҚОРЫТЫНДЫ 223
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиет 226
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
Шартты қысқартул ар 240
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...

Кiрiспе

Зерттеудің өзектiлiгi. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара
тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан
өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан
ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе
жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық
деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек – ҮІI-ІХ
ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей,
Талас ескерткiштері тiлi түркi жазба тiлiнiң бiзге жеткен ең көне нұсқасы
болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық,
грамматикалық заңдылықтардың бағыт-бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-
күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді. Көне
жазба мұралар тілінің лексикалық құрамы, фонетикалық жүйесі мен
морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі қазіргі түркі
тілдерінен де көрініс тауып отыруы тек табиғи-генеалогиялық сабақтастықты
ғана көрсетіп қоймайды, жалпытүркілік рухтың, тілдік сананың беріктігіне де
дәлел бола алады. Түркi халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-
әлеуметтiк сипатын танытуға қызмет ететiн жалпытүркiлiк танымды жаңғыртып,
түркi жұртшылығы арасындағы рухани үйлесiмдiлiк пен тарихи тұтастықты
сақтауға жол ашады. Бұл көне түркi жазба мұраларын зерттеудiң тек түркiлiк
тiлтану ғылымында ғана емес жалпы түркi әлемi аясындағы өзектi мәселе
екенiн көрсетедi.
Көне түркі дәуірінде өмір сүріп, артына мол жазба мұра қалдырған
мемлекеттік деңгейдегі түркілік бірлестіктер тек этникалық негізде ғана
емес, географиялық-аумақтық негізде де құрылғаны тарихтан белгілі. Кең
байтақ аумақты алып жатқан түркі елі өзіндік тілдік ерекшеліктері бар
бірнеше түркі этникалық топтарын қамтығанын, сол көне тайпалардың қазіргі
түркі халықтарының этностық құрамына шашырай таралғанын ескерсек, көне
түркі жазбаларының барлық түркі халықтарына ортақ жәдігер, ортақ құндылық
екені анық. Көне тілдің ерекше белгілері қазіргі тілдердің тек біреуінен
ғана емес, әр топтағы бірнеше тілдерден көрініс беруі де кезінде өзiндiк
диалектiлiк ерекшелiктерi бар жалпытүркілік ортақ жазба әдеби тілінің
қолданыста болғанының куәсі. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік деңгейдегі
тайпалық бірлестіктер құрамындағы саны жағынан басым топтардың немесе
билеуші тайпалардың тілі де басымдыққа ие болатынын естен шығармау керек.
Соған орай, көне түркілердің қазіргі мұрагерлерінің көне түркі жазба
ескерткіштеріне қатысы қаншалықты дәрежеде, үлес-салмағы қандай деген
мәселелердің туындауы да заңды. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде көне түркі
тілінің фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-дәл қайталайтын
бірде-бір тіл жоқ. Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, бұл –
табиғи лингвистикалық заңдылық. Сондықтан ҮII-ІХ ғасырлардағы көне түркі
елінің ортақ әдеби тіліне арқау болған тайпа тiлiн немесе диалектісін
анықтау көне жазба мұралар тілін қазіргі түркі тілдерімен бірден жеке-дара
салыстыру негізінде емес, сол дәуірлерде өмір сүріп, түркі қағанаттарының
құрамында болған көне тайпаларға тікелей қатысы бар қазіргі түркі
тілдерінің макротоптарын құрайтын бірнеше тілдер деректері негізінде
қарастырса нәтижелі болмақ. Сондай түркілік макротоптардың бірі – көне
түркі бірлестіктерінің құрамында болған көне қыпшақ тайпаларымен тікелей
генетикалық-тарихи жалғастықта қалыптасқан, қазіргі түркі тілдерінің қыпшақ
тобын құрайтын – қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, қырым татарлары, башқұрт,
құмық, қарайым, қарашай-балқар халықтарының тілдері. Орхон, Енисей, Талас
ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi салыстырмалы-тарихи негiзде
арнайы зерттеу нысаны ретiнде алынбауы көне мұралар тiлiн оғыздық, ұйғыр-
оғыздық, қырғыз-қыпшақтық сипатта тануды қалыптастырып, батыс қыпшақ
тiлдерiне қатысы күңгiрт қалып отыр, бұл жұмыстың өзектiлiгiнiң тағы бiр
қырын анықтайды.
Ескерткіш тілін зерттеудің көп жолының тиімді де нәтижелі бір жолы – ол
түбі бір түркі тілінің түбіріне тереңірек үңілу (Ә. Қайдар) ескерткіштер
тілі мен қазіргі түркі тілдеріндегі моносиллабтардың фоно-морфо-
семантикалық ерекшеліктерін айқындау. Орхон, Енисей, Талас көне түркі
жазбаларының тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі бір буынды түбір-
негіздердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау аталған тілдердің дыбыстық
жүйесін, морфологиялық құрылысы мен семантикалық құрылымын тереңірек тани
түсуге жол ашады. Түркi тіл біліміндегі түбiртану өзiндiк тарихы бар, жан-
жақты талданған сала болғанымен, түбiр сөздердiң құрылымдық типтерiн
анықтауда әлi даулы мәселелердiң болуы да ескерткiштер тiлiн моносиллабтық
деңгейде саралаудың көкейкестiлiгiн көрсетiп, зерттеу жұмысының өзектiлiгiн
танытады.
Соңғы жылдары тіл біліміндегі когнитивті бағыттың, тіл бірліктерін
танымдық тұрғыдан зерделеу мәселесінің жандана бастауына орай мазмұн мен
мағынаға ерекше мән беріліп, сыртқы тұлға, оның тарихи өзгерістері
назардан тыс қалып жатқаны да белгілі. Шын мәнінде туыс тілдердегі
сабақтастық гомогенді түбірлер мен түбір-негіздердің тұлғалық
сәйкестіктерін олардың мазмұнымен, архитұлға мен архисеманың
лингвогенездік негізімен, алғашқы дыбыстық тіл бірліктерінің акустикалық
қалып-бейнесі мен идеялық бейнесін тұтастықта қарағанда ғана айқын
ажыратылады. Сондықтан түркi тiлдерiндегi моносиллабтарды құрылымдық-
жүйелiлiк, тарихи-салыстырмалы және антропоцентристiк парадигмаларды
ұштастыра отырып зерттеу де қазіргі тіл білімінің даму бағытына сәйкес
көкейкестi мәселелердiң бiрi.

Зерттеу нысаны – Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi мен қазiргi қыпшақ
тiлдерiндегi бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздердiң құрылымы;
моносиллабтар құрамындағы фоно-корреляттар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Зерттеу жұмысының мақсаты
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi бiр буынды түбiр-негiздердi
қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi сәйкес нұсқаларымен салыстыра отырып, түркi
тiлдерiнiң көне түркiлiк қабатындағы түбiрлер жүйесінің құрылымдық
модельдерiн нақтылау, көне жәдiгерлер тiлi мен қыпшақ тiлдерiнiң қатыс-
дәрежесiн моносиллабтар құрамындағы фоно–корреляттар негізінде анықтау. Осы
мақсатқа орай мынадай мiндеттердiң шешiмiн табу көзделедi:
– Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерiнiң тілдік тұрғыдан зерттелу
деңгейiн саралау;
– ҮII-ІХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ
тiлдерiн моносиллабтық деңгейде салыстыра зерттеудiң тарихи-лингвистикалық
негiзiн көрсету;
– ескерткiштер тiлi мен қыпшақ тiлдерiндегi ортақ моносиллабтық жүйенi
анықтау;
– V және СV модельдерiнің түркілік моносиллаб концепциясындағы тарихи
орнын зерттеу нысанына сәйкес YII-IX ғасыр ескерткіштері және қазіргі
қыпшақ тілдері деректері негізінде бағамдау;
– VС, СVС, VСС, СVСС модельдi моносиллабтардың тарихи эволюциясы мен
өзгерiстерiн түбірлес сөздер аясындағы табиғаты негізінде шамалау;
– көне түркi және қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiндегi тарихи дыбыс
сәйкестiктерiнiң толық құрамын көрсету;

– ескерткiштер тiлiнiң өз iшiндегi және қыпшақ тiлдерiнiң бiрi – қазақ
тiлiнiң iшiндегi дыбыс сәйкестiктерiн салыстыру арқылы көне түркі тілі мен
қазіргі қыпшақ-ноғай тілдері моносиллаб жүйесіндегі ортақ фонологиялық
заңдылықтарды анықтау;
– дыбыс сәйкестiктерiнiң фоно-семантикалық қырларын V, VС, СV модельдерi
негiзiнде зерделеу;
– моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгiн құрылымдық–
жүйелілік, тарихи– салыстырмалы, антропоцентристік парадигмаларды ұштастыра
отырып бағалау;
– көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының тiлдегi бейнесiн
анықтаудағы моносиллабтық деңгейдің мәнін көрсету;
– көне түркi және қазақ тілдері ономажүйесіндегі ортақ моносиллабтық
негiздiң этно-мәдени қырлары арқылы ескерткіштер тілі мен қазақ тілінің
(қыпшақ тілдерінің) сабақтастығын көрсету.
Зерттеу жұмысының дереккөзi. Орхон ескерткiштерi – Бiлгеқаған, Күлтегiн,
Туниқуқ, Күлi Чор, Мойун Чур, Онгин жазбаларының, Енисей ескерткiштерi –
Уюк-Тарлақ, Уюк-Аржан, Барык жазбаларының, Талас өңiрiнен табылған Айыртам-
ой ескерткiштерiнiң, Шу, Талас бойынан табылған басқа да шағын жазбалардың
мәтiндерi (В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов,
Қ.Сартқожаұлының оқылымдары мен аудармалары бойынша); И.А.Батманов,
З.Б.Арагачи т.б. авторлардың Современная и древняя Енисейка (1962),
Древние тюркские диалекты и их отражение в современных языках. Глоссарии.
Указатель аффиксов (1971), Д.Д.Васильевтiң Корпус рунических памятников
Енисея (1983), Древнетюрский словарь (1969), Э.В.Севортянның
Этимологический словарь тюркских языков (1974, Т.I; 1978, Т.II; 1980,
Т.III, 1989, Т.IҮ), Л.З.Будаговтың Сравнительный словарь турецко-татарских
наречий (1869, Т.1; 1871, Т.2.), В.Вербицкийдiң Словарь алтайского и
аладагского наречий тюркского языка (1884, 2-басылымы, 2005), М.Қашқаридың
Девону луғат-ит түрк (Муталибов, 1960, Т.1; 1961, Т.II; 1963, Т.III),
Ә.Құрышжановтың Исследование по лексике старокыпчакского письменного
памятника ХIII в. “Тюркско-арабского словаря (1970) еңбектерiндегi
деректер; Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi, 10 томдық (1974, 1976, 1978,
1979, 1980, 1985, 1986), I.Кеңесбаевтың Қазақ тiлiнiң фразеологиялық
сөздiгi (1977), Қазақ тiлiнiң диалектологиялық сөздiгi (1996), сондай-ақ
қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, құмық т.б. тiлдердің
түсiндiрме, диалектологиялық және екi тiлдi сөздiктерi қолданылды.
Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi. Жұмыста зерттеудiң лингвистикалық әдiс-
тәсiлдерiнiң бiрнеше түрi пайдаланылды. Олардың негiзгiлерi – дәстүрлi
сипаттама әдiсi, тарихи-салыстырмалы, диахронды-синхрондық, типологиялық
салыстыру әдiстерi, морфемдiк-компоненттiк талдау, ретроспективтi талдау
тәсiлдерi, тарихи-семантикалық, этимологиялық, семасиологиялық, танымдық-
логикалық талдау әдiстерi.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Жұмыста Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi
тiлiнің моносиллабтық деңгейі арнайы зерттеу нысаны ретінде алынды, әрi
көне түркiлiк моносиллабтардың тұлғалық ерекшелiктерi қыпшақ тiлдерi
аясында алғаш рет арнайы қарастырылып отыр.
–Орхон Енисей Талас ескерткіштері деректері негізінде ҮII-ІХ ғасыр
түркiлерi тiлiнiң моносиллабтық жүйесі анықталды;
– ескерткiштер тiлiмен салыстырыла отырып, батыс қыпшақ тiлдерi ортақ
моносиллабтық жүйесiнің көне түркілік қабаты жіктелді;
– көне түркi тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық типтерiнiң тарихи
даму бағыты айқындалды;
– ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiндегi
дыбыс сәйкестiктерiнiң толық құрамы ажыратылды;
– ескерткiштер тiлiндегі қыпшақтық белгілер ҮII-ІХ ғасыр түркiлерi тілі
мен қыпшақ-ноғай топшасындағы тiлдердiң өзара жақындығын көрсететiн
моносиллабтар құрамындағы дыбыс сәйкестiктерi негізінде дәлелденді;

– V, СV модельдi моносиллабтар құрамындағы фоно-корреляттардың сөз
мағынасына ықпал ету мүмкiндiгi бастапқы архетиптердiң полифонды және
полисемалы болып келуiмен байланысты құбылыс екені анықталды;

– моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгiн
қалыптастырудағы фоно-корреляттардың мәні ашылды;
– ескерткiштер тiлi мен қазақ тiлi онимдік жүйесiнiң ортақ
моносиллабтық негiзi лингво-танымдық сабақтастықтың көрiнiсi
ретінде бағаланды;
– ескерткiштер тiлінiң қыпшақ-оғыздық сипаты зерттеу мақсаты мен
нысанына сәйкес фоно-корреляттар негізінде дәйектелді;

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Тақырыптың теориялық маңызын жұмыстың
өзектiлiгi айқындайды. ҮII-ІХ ғасыр ескерткiштер тiлi мен қазіргі қыпшақ
тiлдерiнiң моносиллабтық жүйесінiң негiзiн анықтап, олардың құрылымдық
модельдерiнiң даму эволюциясы мен тарихи орнын саралау түркілік
моносиллаб концепциясын теориялық тұрғыдан дәйектеп, түбіртанудың күрделі
мәселелерін шешуге, жалпытүркілік түбірлер корпусын сомдауға септігін
тигізеді. Қазiргi түркi тiлдерiнiң үлкен бiр бұтағын құрайтын қыпшақ
тобындағы тiлдер мен көне түркi мемлекеттерi қалдырған жазба ескерткiштер
тiлiн моносиллабтық деңгейде зерделеу тарих пен тіл сабақтастығы арқылы
жалпы түркiлерге тән онтологиялық, семасиологиялық стереотиптердi
модельдеуге жол ашады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнi. Зерттеу материалдары мен
тұжырымдары жоғары оқу орындарында түркiтануға кiрiспе, көне түркi тiлi,
түркi тiлдерiнiң салыстырмалы грамматикасы, қазiргi түркi тiлдерi, қазақ
тiлiнiң тарихи грамматикасы пәндерi бойынша ғылыми курстардан дәрiс оқуда,
қыпшақ тiлдерiнiң тарихи морфологиясы, тарихи дыбыс өзгерiстерi, түбiр
мәселелерi бойынша арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткiзуге, көмекшi
оқу құралдарын дайындауда септiгiн тигiзедi. Сондай-ақ жинақталған тiлдiк
материалды тарихи этимологиялық зерттеулер мен лексикографиялық еңбектерде
де пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негiзгi тұжырымдар:

– Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiн
салыстыра зерттеу негізінде моносиллабтардың құрылымдық ерекшеліктерін
анықтаудың тарихи-лингвистикалық негiзi бар;
– қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң көне қыпшақ тiлiмен генетикалық байланысын
сипаттайтын белгілердің және қыпшақ тiлдерiн классификациялаудың
шарттылығын зерттеу барысы көрсетіп отыр;
– ескерткiштер тiлi лексикасының негiзiн құрайтын моносиллабтар
қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтық жүйесiнде толық сақталған;
– ескерткiштер тiлiндегi СVС, СVСС, VС, VСС модельдi моносиллабтар түркі
түбірінің архетипі бола алмайды;
– V, СV модельдi моносиллабтардың архитұлғасы мен архисемасы бiрнеше
вариантты қамтитын полифонды, полисемалы болып келедi, олардың тұлғалық
өзгерiстерi о бастағы көп мағыналы архитұлғаның варианттары ретінде
семасиологиялық-онтологиялық даму барысында дербес мағыналық реңктерге ие
болған;
– салыстырмалы тілдік деректердегі СVС, СVСС, VС, VСС модельдi
моносиллабтар құрамындағы соңғы дауыссыздар мағынаны нақтылаушы, даралаушы
қызмет атқаратын идео-сема-фондар;
– моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгiн фоно-
корреляттар қамтамасыз етеді;
– моносиллабтардың тұлғалық парадигмасы мен семантикалық
деривациясы таным ортақтығының көрсеткiшi;
– YII-IX ғасыр ескерткіштері тілі мен қыпшақ- ноғай топшасындағы
тілдердің өзара жақындығын моносиллабтар құрамындағы тарихи дыбыс
сәйкестіктері айқындайды.
– ескi қыпшақ-оғыз тiлi, қазіргі қыпшақ тілдері Орхон, Енисей, Талас
ескерткiштерi тiлiмен тiкелей сабақтастықта дамыған тарихи мұрагерлері.
Зерттеудiң талқылануы мен жариялануы. Диссертацияның негiзгi мазмұны мен
бағыттары, басты тұжырымдары бойынша Байырғы түркi өркениетi: жазба
ескерткiштер (Астана, 2001), Байырғы түрк мұралары қазақ мәдениетiнiң
түпнұсқасы (Астана, 2002), Ә.Т. Қайдардың туғанына 80 жыл толуына орай
ұйымдастырылған Академик Ә.Т.Қайдар және тiл бiлiмiнiң мәселелерi
(Алматы, 2004), Академик Ә.Марғұланның туғанына 100 жыл толуына арналған
Уақыт ұштастырған желi: көшпелiлер әлемi ХХ ғасырдағы тарих ғылымында
(Астана, 2004), Көне түркi жазба ескерткiштерi: жазу мәдениетiнiң
бастаулары, тiлдiң даму құбылыстары (Астана, 2005), Т.Р.Қордабаевтың
туғанына 90 жыл толуына арналған Тiлтанудағы тұлға (Қарағанды, 2005),
Азаттық идеясының қазақ әдебиетiндегi көрiнiсi: әдiснама, таным,
көркемдiк (Астана, 2006), Ә.Қоңыратбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай
ұйымдастырылған Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұраларын
зерттеудің өзекті мәселелері (Қызылорда, 2006), Ғасырлар тоғысындағы
түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет (Орал, 2007) Отандық
түркология: мәселелер, iзденiстер, нәтиже (Астана, 2007) атты халықаралық
ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда; Қазақ
терминологиясы және бұқаралық ақпарат құралдары (Астана, 2003),
Н.Оңдасынов – Қазақстанның көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi
(Астана, 2004), Қазақ ономастикасының өзектi мәселелерi (Астана, 2005),
Қазақ ономастикасы мен терминологиясының өзектi мәселелерi (Астана,
2005), А.Байтұрсынұлы оқулары (Астана, 2006) атты республикалық ғылыми-
теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды; республикалық
басылымдар мен ғылыми жинақтарда 30-дан аса мақала жарияланды; Қазақ
жазуының тарихи негiздерi (Астана, 2002. –123 б.), Қазақ тілі (Астана
2001. -208 б.) оқу құралдары, Түркi филологиясына кiрiспе (Астана, 2004.
–144 б.) оқу-әдiстемелiк құралы, Тарихи дыбыс өзгерiстерi (Астана, 2003
–184 б.), Көне түркiлер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң моносиллабтық
негiзi (Алматы, 2007. –250 б.) атты монографиялар жарыққа шықты; ҚР БҒМ
А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты жанындағы Лингвистикалық
жұма ғылыми-әдiстемелiк семинарында баяндама жасалды (2006). Жұмыстың
қолжазбасы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білім институтының тіл тарихы және
диалектология бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға
ұсынылды.
Диссертация құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, бес тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

І Көне түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi түркi тiлдерiндегi
моносиллабтарды зерттеудiң теориялық-методологиялық және тарихи негiзi

Көне түркілер өркениетінің көрсеткіші ҮIІ-ІХ ғасырлардағы түркі жазба
мұралары жайлы алғашқы деректер ХІІІ ғасырдың екінші жартысында хатқа
түсіп, жұртшылыққа белгілі бола бастағанымен, құпия жазулардың сыры ашылып,
өз мұрагерлерін табуы ХІХ ғасырдың үлесіне тигенi көпшiлiкке аян.
1270 жылдары шығыс зерттеушісі Ата Малик Жувеинидiң Монғолия жеріндегі
Орхон өзенінің бойынан тасқа қашалған беймәлім жазулар көргені жайлы дерек
қалдыруы [2,8] түркология тарихындағы көне түркі жазба мұраларының табылу
хронологиясын ХҮІІ ғасырдың соңынан бастауды, яғни 1678 жылғы
Н.Г.Милескудің Енисей өзені бойынан, 1692 жылғы Н.К.Витзеннің Орта Оралдың
шығыс сілеміндегі Тур өзені бойынан белгісіз жазу таңбаларын
кездестiргендерi туралы мәлімдемелерімен байланысты қарастыру үрдісін әрі
қарай төрт ғасырға жылжытуға мүмкiндiк бередi. 1696-1697 жылдары Сібір
өңірін, Орта Азия мен Қазақстан аумағын аралап, аталған өңірлердің тұңғыш
картасын сызған С.У.Ремезевтің Барлық Сібір қалалары (елді мекендері) мен
жерінің және барлық сусыз, ел сирек жүретін тасты далалардың сызбасы атты
атласы құрамындағы Орта Азия картасында Талас өзенінің жоғарғы ағысына
(1896 жылы Талас жазбалары табылған өңір) Орхон тасы деп топографиялық
белгі қойылғаны да белгілі. Зерттеушінің Орхон жазбалары туралы ресми
мәлімдемелер әлі белгісіз кезде, әрі Орхон өзені бойынан тыс жатқан аймаққа
Орхон тасы деп белгі қоюы оның Монғолия аумағындағы құпия жазулар туралы
деректерден сол кезде-ақ құлағдар болғанын көрсетеді. Демек, қазіргі
таңдағы тарихи деректер негізінде Орхон жазбаларының жергілікті
тұрғындардан басқа жұртшылыққа белгілі болуын 1270 жылдан, Енисей
жазбаларын 1678 жылдан, Талас жазбаларын 1697 жылдан басталады деп айтуға
толық негіз бар. Сол кезеңнен бастап көне түркі жазба мұралары қоры жаңа
ескерткіштермен толығып келеді. 1697 жылы С.Ремезов Орхон тасы деп белгі
салған Талас бойынан 1896-1897 жылдары бірнеше жазба ескерткіштердің
табылуы көне түркі жазба мұраларының таралу шегін кеңейте түсті. ХХ
ғасырдың екінші жартысында көне түркі жазба ескерткіштері қоры Ертіс
бойынан, Іле бойынан, Лена өзені бойынан табылған шағын жазулы мұралармен
толықты. Олардың біразы жартастар мен құлпытастарда, балбал тастарда
бедерленсе, бiр бөлiгi ескі қала, қорған орындарына қазба жүргізгенде,
біразы халықтың қолынан, енді бірі музейлер қорынан табылған тұрмыстық
құралдардағы, әшекей бұйымдар мен ыдыстардағы жазулар.
Енисей бойынан алғашқы кезде Д.Г.Мессершмидт 3 ескерткіштi жарияласа,
В.В.Радловтың тікелей өзінің және шәкірттерінің ізденістері нәтижесінде 45
ескерткіш табылады, ал 1980 жылдары олардың саны 135-ке жеткен. 2002 жылға
дейінгі дерек бойынша Оңтүстік Сібірден табылған көне түркі жазбаларының
саны 300-ге жуық [3,4]. 2004 жылға дейін анықталған ескерткіштерді 500-дей
ірілі-кішілі жәдігерлер құрайды. Олардың Орхон бойынан табылғандары – 75;
Енисей бойынан табылғандары – 158; Талас бойынан табылғандары – 23; Алтай
өңірінен тіркелгендері – 46; Байкал-Саха аймағында тіркелгендері – 17;
Шығыс Түркістаннан табылғандары – 50; Ферғана маңынан табылғандары – 17;
Ертіс, Іле, Тараз өңірінен табылғандары – 12; Солтүстік Кавказ, Еділ-Дон,
Дунай аймағынан тіркелгендері – 100, жалпы саны – 497 ескерткіш [4,104].
Қазақстан мемлекетінің аумағынан табылған көне жәдігерлердің саны 30-ға
жуық [5,13]. Түркі халықтарының бай тарихы мен жоғары мәдениетін көрсететін
құнды жазба жәдігерлердің әлі де табылатынына шүбаланбаймыз.
ХҮII ғасырдың соңғы кезеңі мен ХХ ғасырдың соңына дейін әлем
ғалымдарының назарын аударып, негізінен еуроцентристік бағытта қарастырылып
келген көне түркі жазба мұраларын зерттеу мәселесі ХХІ ғасырдың алғашқы
жылдарынан бастап жаңаша бағыт-бағдар алып, жазба жәдігерлерді мұра иесі –
көне түркілердің, олардың ұрпақтары қазіргі түркілердің дүниетанымы
негізінде, яғни түркі әлемі аясында, барлап-зерделеуге талпыныстар
жасалуда.
Орхон, Енисей, Талас бойынан табылған жазба ескерткіштерді зерттеу
мәселесі ең алдымен Бұл кімнің мұрасы?, Осындай күрделі жазу жүйесін
тудырған үлкен мәдениет иесі қай халықтың ата-бабасы?, Қандай көне
жазулармен сабақтас?, Графикалық негізі (генезис) қандай? деген сұрақтар
төңірегінде туындады. Әлі көне жазбалардың сыры ашылмай тұрған ХҮІІІ
ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың соңына дейінгі аралықта Орхон-Енисей, Талас
құпия жазуларының шығу тегі, мұрагерлері жайлы көптеген мақалалар
жарияланып, таңбалардың оптикалық сипатындағы сәйкестіктер мен ұқсастықтар
бойынша негізінен финикилік, готтық, гректік тегі жайлы болжамдар айтылды,
мысалы: көне кельттік (Т.Байер), гректік, финикийлік (Ю.Клапрот), скифтік
немесе грек-готтық (О.Г.Тихзен, Н.Попов, Г.Роммель), славяндық, қалмақтық-
монғолдық (Г.Спасский), славяндық (В.Флоринский), усындық, индокоттық,
скандинавиялық (А.Ремюза), этрустық, малазиялық (О.Доннер), таңбалық
(А.Шифнер) т.б. негіздері жайлы көзқарастар қалыптасып, пікірталас өзегіне
айналды [6,50. 2,23. 5,289. 7,240-241. 8,11].
1893 жылға дейінгі Орхон-Енисей руникалық жазу үлгілерінің сырын ашуға,
оқып, аударып мазмұнын анықтауға орыс ғалымдарының да, шетелдік ғалымдардың
да тарапынан болған талпыныстардың барлығы сәтсіз аяқталғаны белгілі. Тек
1893 жылы 25 қараша күні Дания лингвисі Вильгельм Томсеннiң В.В.Радлов,
А.О.Гейкель жасаған эстампаждарды пайдалана отырып, көне түркі таңбаларының
дыбыстық мәнін дұрыс анықтап шығуы түркітану ғылымында үлкен серпіліс
туғызды. Ол Орхон жазуларындағы дыбыстардың артикуляциялық жасалу жолына,
жуан, жіңішке айтылу ерекшеліктеріне мән береді. В.Томсеннің таңбаларды оқу
әдісі жайлы С.Е.Малов Он пытался самым детальным образом сначала изучить
соотношения одних букв с другими. Для В.Томсена при этом выяснилось, что
некоторые буквы могут быть в близком соседстве с рядом других букв, другие
же нет. Это привело В.Томсена к мысли о делении букв на два класса по числу
звуков переднего и заднего ряда. А все это вело к строю тюркских языков
деп көрсетеді [9,12]. В.Томсен байқаған құбылыстың түркі тілдерінің басты
ерекшелігі үндестік заңына сәйкес келетіні белгілі. В.Томсеннің зерттеу
нәтижесі, жаңалығы көп ұзамай 1893 жылдың 15 желтоқсан күні ғылыми әлемге
таратылып, 1894 жылы өз елінде, артынша орыс тіліне аударылып,
Археологиялық қоғамның шығыс бөлімінің арнайы журналында жарияланды. 1894
жылы қаңтар айында В.В.Радлов В.Томсеннің оқуына сүйене отырып, Күлтегін
ескерткішінің бірінші аудармасын, 1897 жылы П.Мелиоранскиймен бірге
кемшіліктерін түзетін екінші аудармасын жариялайды [10,25-63].
Әлемдік ғылымда құпия болып келген Орхон ескерткіштерінің мазмұны
айқындалып, көне түркілер мұрасы екені толық дәлелденгеннен кейін орыс
ғалымдары да, шетелдік зерттеушілер де Енисей, Талас ескерткіштерінің сырын
ашуға, жаңа ескерткіштерді іздеп табуға жұмылды.
ХҮІІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап көне түркі жазба мұраларын іздеп
табу үшін арнайы құрылған экспедициялар құрамындағы Данил Готлиб
Мессершмидт, Филипп Иоганн Табберт Страленберг, Зигрфрид Байер,
Г.И.Спасский, П.С.Паллас, Н.М.Ядринцев, Аксес Олай Гейкель, Г.Н.Потанин,
В.А.Каллаур, В.В.Радлов, Г.И.Рамстедт, Д.А.Клеменц, Е.Н.Клеменц,
П.Мелиоранский, В.В.Бартольд, А.Позднев, Отто Доннер, В.Банг, Г.И.Рамстедт,
В.Л.Котвич, И.Г.Гране, Пенси Аальто т.б. орыс және батыс зерттеушілерінің
қажырлы еңбегін кейінгі жылдары С.Е.Малов, А.М.Щербак, Д.Н.Насилов,
И.А.Батманов, Л.Р.Кызыласов, В.М.Наделяев, Ғ.Айдаров т.б. сынды ғалымдар
жалғастырса, қазіргі таңда С.Г.Кляшторный, И.К.Кармушин, А.С.Аманжолов,
В.В.Васильев, В.Г.Кондратьев, И.Л.Кызыласов, Ч.Джумагулов, М.Жолдасбеков,
Қ.Сартқожаұлы т.б. ғалымдар ғылыми дәстүр сабақтастығын үзбей, өнімді еңбек
етіп келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында шетелдік ғалымдардың көне түркілердiң
жазба дәстүрі, табылу аймағы, зерттелуі, оқылуы, оқылу әдістемесі,
қолданылу кезеңдері, түркі жазуының шығу тегі, көне түркі жазбаларының
тілі, көне түркілердің дүниетанымы жайлы еңбектері де жиі жарияланып тұрды.
Олардың қатарында А.фон Габеннің [11,159-191. 12,294-334], Дж. Клосонның
[13,135-158], Л.Базеннің [14,361-378. 15. 345-360.; А.Темирдің [16,14]
А.Бомбачидің [17,192-195]; Э.Трыярскийдің [18,325-333]; т.б.
зерттеушiлердiң құнды деректері, теориялық тұжырымдары мол мақалаларын
атауға болады. Көне түркi жазба ескерткiштерi мәтiндерiнiң оқылуын,
аударылуын жетiлдiрiп, зерттеу нәтижелерiн көлемдi монографиялық
еңбектерiнде тұжырымдап берген түрiк ғалымдары Х.Оркуннiң [19], Т.Текиннiң
[20.] iзденiстерi де түркiтану ғылымына қосылған елеулi үлес ретiнде
бағаланады.
Оңтүстік Сібір мен Монғолия, Орта Азия мен Қазақстан аумағынан табылған
құпия жазулардың мұрагерлері ХІХ ғасырдың соңында-ақ белгілі болып,
ескерткіштер тілі түркі тілі екені анықталғанымен, алфавиттің шығу тегі
жайлы пікірлер мен көзқарастар бірізге түскен жоқ. Орхон-Енисей
жазбаларының сыры ашылмай тұрғанға дейін гот жазуымен (О.Г.Тихзен,
Г.Роммель, Н.Попов), грек, этрус, малазия жазуларымен (Ю.Клапрот,
О.Доннер), ен – таңбалар жүйесімен (А.Шифнер, Н.Аристов) байланыстыра
айтылған пікірлер, жазу сыры белгілі болғаннан кейінгі алғашқы жылдары
финикий (Н.М.Ядринцов), арамейден тараған пехлевий (В.Томсен) т.б.
жазуларымен сабақтастығы туралы айтылған гипотезалық ойлар төңірегіндегі
пікірталас әлі жалғасуда [5,289], жаңа болжамдармен толығуда. Соңғы жылдары
көне түркi руникасы арнайы тапсырма бойынша уақытша пайдалану мақсатында
құрастырылған, жарты ғасыр көлемiнде ғана белсендi қолданыста болып, келесi
жарты ғасырда белсендiлiгiнен ажырап, тоқырауға ұшыраған, тарихы таяз жазу
жүйесi деген пiкiрлер де айтылуда [21,72]. Мыңдаған жылдық тарихы бар көне
мәдениет иесi түркi халықтарының өзiндiк жазба дәстүрi қалыптасқаны тарихи
ақиқат. Қалай болғанда да, кезiнде В.В.Бартольд көне алфавиттер iшiндегi ең
жетiлген жазу жүйесi ретiнде таныған түркi руникалық әлiпбиi [22. 26] жалпы
адамзаттың iрi мәдени құндылығы болып қала бермек.
Кез келген табиғи емес мәдени-материалдық құндылықты жеке адам, халық
өкілі тудыратынын ескерсек, адамзат өркениетінің үлкен жетістігі болып
табылатын жазу жүйесінің негізін де тұтас халық емес, жеке тұлғалар
қалыптастырғаны, өмірге келген құндылық (жазу жүйесі) халық өкілдері
тарапынан үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отыратыны да ақиқат. Барлық
құндылық халықтың немесе жеке тұлғаның (кейін халықтық құндылыққа айналады)
рухани-материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында пайда болады.
Дж. Клосон жазу жүйесінің қалыптасу себебінінің бірнеше алғы шарттарын
көрсетеді: Алғашында жазу көсемдер мен патшалардың, шiркеу иелерiнiң
меншiгiндегi мүлiктер мен құрал-жабдықтарды, оларға адал қызмет етушiлердi
өздерiнiң иелiгiнде екенiн бiлдiру мақсатында пайда болып, сәл кейiнiрек
билеушiлердiң өнегелi iс-әрекеттерi мен өсиеттерiн құлпытастарға жазып
қалдыру үшiн қолданылуы мүмкiн. Кейiнгi кезеңдерде қарым-қатынас құралы
ретiнде билеушiлердiң алыс провинциялардағы халықтармен немесе басқа
елдермен байланысқа түсуi үшiн қызмет еттi. Одан кейiнiрек сауда-саттық
мақсатында қолданылды [13,135-136]. Ғалым ұсынған факторлар көне
түркілердің өмір салтымен, дүниетанымымен толық сәйкес келмегенімен,
жазудың қажеттілігі жағынан көне түркі әліпбиінің қалыптасуына қатысты
айтқан ой-пiкiрлерi маңызды. Көне түркілердің жекеменшік малына таңба
салатын дәстүрі, түрлі құрал-жабдықтар мен әшекей бұйымдарға жазылған көне
жазбалар, жартастар мен балбал тастардағы шағын жазбалардың функционалдық
қызметі осыған саяды. Ал көлемді мәтіндерден тұратын Күлтегін, Білгеқаған,
Тоникуқ, Мойун Чур т.б. ескерткіштердің мақсаты жеке тұлғаны дәріптеуден
гөрі, білікті қағандардың іс-әрекеті арқылы халықтың санасын оятуға, бір
мақсатқа – түркі халқының елдігін сақтауға, ынтымақ-бірлікке шақыруға,
территориялық тұтастықты сақтауға, тәңірлік идеяны келер ұрпақ санасына
сіңіруге бағытталады. Дж. Клосон көне түркілер жазу үлгісін бұрын
қалыптасқан басқа бір халықтардың әліпбиінен алғандығын сенімді түрде
айтады және өз тұжырымының себебін – түркілердің ерекше діншіл халық
болмағандығымен, саудаға, коммерцияға қырсыздығымен түсіндіре отырып,
әкімшілік-административтік, дипломатиялық мақсатта (іс жүргізуден гөрі,
коммуникативтік мүддеде) ҮІ ғасырдың соңында Істемі қағанның бұйрығымен
жасалған деген пікірге келедi [13,139-140]. Көне түркілер мекен еткен
Еуразия аймағының әр жерінен сақ дәуіріне жататын жазба мұралардың табылуы
көне түркі әліпбиінің қалыптасуын Істемі қағанмен байланыстырған зерттеуші
пікірінің негізсіздігін көрсетеді.
Көне түркі жазуының шығу тегі жайлы кейін айтылған пікірлердің көпшілігі
В.Томсеннің пікірімен үндес, С.Г.Кляшторный Ү ғасырда Ганьсу және Гаочан
соғдыларының жазуы негізінде қалыптасты деген тұжырымға келсе [23,49], Дж.
Клосон ҮІ ғасырда иран әліпбиі негізінде жасалған, әріптердің көпшілігі
көне соғды, бір-екі таңба пехлевий әліпбиіне және сасанид
ескерткіштеріндегі таңбаларға ұқсайтынын [13,148], ал А.фон Габен ҮІ
ғасырдың соңында, мүмкін одан да кейін батыс түркілер Хорасан ирандарымен
бірге өздерінің руникалық жазуын қалыптастырғанын айтады [11,171]. О.Доннер
индобактрий жазуынан тараған кхарошти әліпбиімен, Ф.Альтхайм арамей
жазуынан өрбіген армаз жазу жүйесімен байланыстырады [5,289]. Осы бағытты,
яғни көне арамейден тараған кейінгі жазу үлгілері арқылы қалыптасқан деген
пікірді В.А.Лившиц те қолдайды. Ғалым түркі руникасы жаңа соғды әліпбиінің
графикалық прототиптерін реконструкциялау арқылы жасалған деп санайды
[24,64-69].
Орхон-Енисей әліпбиіндегі әріптердің көпшілігінің қазіргі түркі
халықтарының ру таңбаларымен тұлғалық жағынан сәйкес келуі кезінде А.Шифнер
ұсынған теорияның жандануына алып келді. Н.А.Аристов, А.Дж Эмре,
Н.Маллицкий, А.Соколов, А.Г.Кунаа, И.А.Батманов [25,8-11] т.б. зерттеушілер
көне түркі жазуы түркілердің төл жазуы, басқа жазулардың ықпалынсыз-ақ
түркі таңбалары арқылы қалыптасуы мүмкін деген бағытты ұстанады. Көне түркі
руна жазуы мен ру таңбалары арасындағы байланысты кездейсоқ сәйкестік деп
бағалаушы көзқарастар да бар. Кезінде Н.А.Аристов көрсеткен Орхон
әліпбиіндегі 38 таңбаның 29 түркі таңбаларымен ұқсас болуы, тек қазақ ру
таңбаларының 20-ға жуығы көне түркі әліпбиіне сәйкес келуі кездейсоқтық
дегенге келмейтін сияқты. Жазу таңбалары мен ру ен-таңбаларының кескiндiк
жағынан ұқсас болып келуi көне түркi жазу таңбаларын тiкелей түркiлiк ен-
таңбалардан таратуға толық кепiлдiк бере алмасы, тарихи-грамматологиялық-
теориялық қағидалардың талаптарына толық жауап бере алмасы да анық.
Дегенмен жалпы әлемдiк графикалық символдар жүйесiндегi ортақ белгiлердiң
идеялық мазмұны да үндес келiп отыруы грамматологиялық дамудың
семасиографикалық, идеографикалық, фонографикалық қалып-күйлерi арасындағы
сабақтастықтың iздерi болуы да мүмкiн. А.Аманжолов түркі халықтары ру
таңбаларының сыртқы тұлғасына сәйкес өзіндік мән-мазмұны да бар екенін айта
отырып Егер де ежелгi түркi таңбаларының (бейнелi логограммалардың)
бастапқы мазмұнын, мән-мағынасын анықтауға мүмкiндiк туса А.Шифнер –
Н.А.Аристов болжамының ақиқатқа жақындығына көз жеткiзуге болар едi деп
көрсетеді [5,290].
Соңғы жылдары жазыла бастаған көне түркі әліпбиінің генезисін түркілік
дүниетаным негізінде, құпия ілімдердің концептуалды мазмұны бойынша
қалыптасқан графикалық композиция арқылы айқындауға бағытталған зерттеулер
де әдіснамалық сонылығымен ерекшеленеді. Т.Досанов ұстанған графикалық
композицияның мазмұны графикалық лингвистика тарихындағы идеографиялық жазу
таңбалары мен идеограммалардың теориялық негiзiне сәйкес келеді. Осы
тұрғыдан алып қарағанда зерттеуші пікірі ру таңбаларына, ен-таңбаларға
негізделетін А.Шифнер – Н.Аристов бағытымен, кейбір таңбалардың
идеографиялық тегі жайлы айтқан В.Томсен, Е.Д.Поливанов пікірлерімен
үндеседі [26,76-93. 27,53-70].
Белгілі ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменов та ұзақ жылдардан бері көне
жазу таңбаларының идеялық қырларын ашу, алғашқы жазу таңбаларының мазмұнын,
қазіргі жеке сөздердің этимологиясын анықтау, яғни сөздің мазмұндық
тұлғасын алғашқы графикалық тұлғалармен салыстыра қарау мәселелерімен
шұғылданып жүргені белгілі. Зерттеушінің еңбектері мол тілдік деректердің
қамтылуымен, тың идея-болжамдарымен құнды [28. 29].
Рунолог Қ.Сартқожаұлы көне түркі жазуының шығу тегі туралы түркілердің
тәңірлік дүниетанымына орай ұстанған iki jïltïz (екі негіз) іліміне
байланысты концепциясын ұсынады. Ғалым жуан дауыстылармен үндесетін
дауыссыздарды аталық топқа, жіңішке дауыстылармен үндесетін дауыссыздарды
аналық топқа, жуан әрі жіңішке дауыстылармен бірдей тіркесе беретін
дауыссыздарды қауыштыру тобына жіктеп, оны байырғы түркілер танымындағы
екі негіз (дуализм) арқылы түсіндіреді [8,87-91].
Рунология іліміндегі графикалық концепцияны – ұлттық идеологияның
архаикалық моделі ретінде танып, көне түркі әліпбиін көне түркілердің
Тәңірлік діни дүниетанымы аясында қарастыратын ой-пiкiрлердi А.Мектеп-
тегінің еңбектерiнен де кездестiремiз [30,125-137].
Түркі руникасы жайлы айтылған негiзгi теориялық тұжырымдар мен ой-
пікірлерді жинақтап, қорыта отырып, А.С.Аманжолов Тюркский рунический
алфавит выступает как очень богатая и вполне самостоятельно сложившаяся
графическая система [5,295] дейді және көне түркі графикасының көне семит,
көне грек, италий, малазия жазуларының таңбаларымен тектес болуын оның ұзақ
мерзімге созылған даму жолы арқылы түсіндіреді.
Көне түркі жазбаларының қалыптасу, қолданылу кезеңі жайлы да бірнеше
пікірлер бар. Негізгі бағыт Енисей жазбаларының Орхон жазбаларынан
әлдеқайда бұрын қолданыста болғанын қолдайды. В.В.Бартольд В.В.Радловтың
Енисей жазбаларының қолданылу кезеңі жайлы пікірінің негізділігін көрсете
отырып, Енисей жазу таңбаларының сыртқы пiшiнi арқылы оның Орхон жазуынан
бұрын қалыптасқанын аңғаруға болатынын айтады. Ғалымның пiкiрiнше түркi
руникасының қолданылу кезеңiн ҮII ғасырдан әрi шегеруге дерек жеткiлiксiз
[22,24-25], П.М.Мелиоранский де өзінің Об орхонских и енисейских
надгробных памятниках с надписами (1898) атты еңбегінде Енисей
ескерткiштерi жазу таңбаларының архаикалық сипаты Орхон ескерткiштерiне
қарағанда айқын ажыратылатынын көрсетедi [31,27].
Л.А.Батманов Енисей ескерткіштері тілінен көне белгілерді оңай ажыратуға
болатынын мойындай отырып, ескерткіштің жасалу мерзімі мен оның тілі
әрдайым тікелей байланыста болатынына күмән келтіреді. Ғалым ескерткіштің
қашалу мерзімі жайлы өз ойын былай білдіреді Надпись могла быть высечена в
ІХ-Х вв., но отражать в себе сохраняющиеся особенности речи предшествующих
веков, т.к. процесс развития или стабилизации диалектов в древности
протекал очень медленно [32,29].
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихи-хронологиялық мерзімін анықтауда
көп еңбек сіңірген ғалым Л.Р.Кызыласов Тува аймағынан, Хакасиядан табылған
Енисей жазбаларының деректерін негізге ала отырып, Енисей ескерткіштерін
ҮІІ-ХІІІ ғасырлардың мұрасы ретінде қарайды, бірақ жазу үлгісі ҮІ
ғасырларда-ақ қолданыста болғанын ескерте кетеді [33,96. 34,32]. Ғалым
пiкiрi Енисей жазуы ҮІ ғасырдан бастап ХІІІ ғасырға дейін қолданыста болған
дегенге саяды. С.Е.Малов Енисей жазуы Ү ғасырдан бастап, біршама кейінгі
кезеңдерге дейін таралғанын айтады [35,7-8]. Өткен ғасырдың елуінші жылдары
Орхон-Енисей жазуларының қолданылу кезеңіне байланысты жаңа бағыт ретінде
көрініс берген, Орхон жазуы бұрын қалыптасып, Енисей жазуына негіз болғаны
жайлы көзқарастар мен пікірлер [32,28] тарихшылар тарапынан да, лингвистер
тарапынан да қолдау таппады. Себебі жазу жүйесінен де, тілдік
ерекшеліктерінен де, тарихи-археологиялық сипаттамасы жағынан да Енисей
жазбаларының көнелігін көрсететін деректер жеткілікті болды.
Орхон ескерткіштерінің көлемді мәтіндерінде көне түркілер өздерінің
бітіг тасты қай жылы орнатқандарын нақтылап жазып кеткенi белгiлi. Осы
деректерге сүйене отырып зерттеушілер Орхон мұраларын ҮІІ-ҮІІІ ғасырдың
аясында қарастырады. Аумалы-төкпелі заманда, тынымсыз жаугершілік жағдайда,
үнемі көшіп-қонып жүрген көне түркілердің әлеуметтік-қоғамдық өмір-салтында
тіл ерекшелігін толық қамтитын дыбыстық жазу жүйесі бір-екі ғасыр ішінде
қалыптасуы мүмкін емес. Бұл жазу жүйесін көне түркілер өздеріне дейін өмір
сүрген ата-бабаларынан мұра етіп алып қалғанына, ұзақ жылдардан бері үнемі
жетілдіру үстінде болғанына Ертіс, Іле бойындағы сақ дәуіріне жататын көне
қорғандардан табылған Орхон-Енисей, Талас жазбаларымен типтес жазу үлгілері
дәлел бола алады. Қазіргі таңдағы зерттеулер нәтижелері Орхон, Енисей,
Талас және Ертіс, Іле жазбаларын хронологиялық мерзімге, тайпалық тілдік
ерекшеліктерге байланысты өзіндік ерекшеліктері бар бір ғана көне түркі
жазу жүйесі екенін анықтап отыр. Белгілі қазақ ғалымы рунолог-лингвист
А.Аманжолов көне түркі жазуының түркі тілді ғұндардың (ІҮ-Ү ғғ.),
бұлғарлардың (ҮІІ ғ.) қоныс аударуына байланысты Еуропаға, Солтүстік
Кавказдан Дунайға дейінгі аралыққа таралғанын айтады, сондай-ақ көне түркі
руникалық жазуы арғы ата бабаларымыздың 1500 жыл бойы қолданған төл жазуы
екендігі ешқандай күмән туғызбайды деген қорытындыға келедi [36,43].
Көне түркі жазба ескерткіштерінің басым бөлігінің, әсіресе, шағын
мәтінді Орта Азия мен Шығыс Еуропадан табылған жазбалардың толық
зерттелмеуі көне түркі ескерткіштері тілін жүйелі түрде зерттеуге кедергі
келтіруде. Көне мұраларды оқудың басты қиындығы, көптеген мамандар
тарапынан болған талпыныстардың сәтсіз аяқталуының басты себебі
ескерткіштердегі кейбір әріп-таңбалардың фонетикалық мәні бұрын оқылған,
фонетикалық жүйесі айқындалған көлемді ескерткіштер тіліндегі фонетикалық
мәнімен сәйкес келе бермеуінде әрі жазу бағытының да біркелкі болмауында.
Сондықтан түркі рунологияның ең өзекті мәселесі көне жазбалардың тарихи
негізіне талдау жасап, алфавиттік жүйені (кешенді жүйені – Е.М.) қалыпқа
келтіру [37.4], яғни түркi рунологиясының кешенді палеографиялық жүйесін
орнықтыру болып табылады. Бұл көне ескерткіштер тіліне жасалған
лингвистикалық зерттеулердің нәтижелі болуына, Еуразияның, Шығыс Еуропаның
кең байтақ аумағына таралған көне түркілер тілінің толық академиялық
грамматикасын жасап шығуға жол ашар еді. Өкінішке орай, бұл мәселе әлі де
болашақтың үлесінде қалып отыр.
ҮІІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі жазбалары алғаш оқылып, аударыла бастаған
кезеңде В.В.Радлов көне түркі жазба жүйесі ішінде дербес екі әліпби – Орхон
және Енисей әліпбилері бар екенін көрсетсе, 1959 жылы С.Е.Малов үшінші
әліпби – Талас жазуы туралы пікірін жариялады [38,58]. Қазір түркітану
ғылымында аталған әліпбилердің таңбалар жүйесіндегі тұлғалық
өзгешелiктердiң аздығына, бәрі де бір тілде, аздаған айырмашылықтары бар
көне түркі тілінде жазылуына байланысты локальді ерекшеліктері бар біртұтас
көне түркі жазу жүйесі ішінде қарастырылады. Орхон және Енисей, Талас
жазуларының бір ғана көне түркі әліпбиінің эволюциялық даму жолының
хронологиялық кезеңдердегі көріністері екені жайлы болжамды И.В.Кормушин
жан-жақты дамытып, нақты деректермен тұжырымдап берсе [39], Р.Д.Васильев
Азияда көне түркі әліпбиі негізінде жергілікті жазба мектептерінің
қалыптасқанын көрсетеді [40,45]. С.Я.Байчоров Азияда табылған ескерткіштер
мен Оңтүстік және Шығыс Еуропадан табылған жазба мұраларды әліпби жүйесін
салыстыра отырып, бір ғана көне түркі жазуының әртүрлі аймақтық мектептері
арқылы жазу таңбаларында өзіндік ерекшеліктері бар көне жәдігердің бізге
жеткенін айтады [41,281].
И.Л.Кызыласов көне түркі әліпбиінің Еуропа мен Орта Азияда, Оңтүстік
Сібірде, Орталық Азия мен Жетісуда бірнеше үлгілері кездесетініне сүйене
отырып, рунотанудың заманауи жағдайында көне мұраларды географиялық
тұрғыдан саралау ғылыми аргумент бола алмайды, түрколог-тарихшылар үшiн де,
түрколог-тiлшiлер үшiн де жазба ескерткiштердi алфавиттiк жүйе аясында
қарастырған әлдеқайда нәтижелi болар едi [37,10] деген ой айтады. Көне
түркі жазба мұраларын географиялық тұрғыдан (Орхон бойындағы, Енисей
бойындағы т.б. – Е.М.) жіктеуге қарсы ғалым көне түркі әліпбиінің жүйесіне
енетін бірнеше әліпбилерді дербес екі топқа бөлуді ұсынады: 1. Азиялық:
Енисей, Орхон, Талас алфавиттері; 2. Еуразиялық: Дон, Кубань, Ашықтас,
Исфарин, Оңтүстік Енисей алфавиттері. Бір жүйеге кіретін әліпбилердің өзара
сабақтастығы жайлы Әрбiр топтағы жазу жүйесi түрлi жағдайда және әртүрлi
негiзде қалыптасқан. Өзара жақын әлiпбилiк жұптар: дон – кубань, ашықтас –
оңтүстiк енсией, енисей – орхон, енисей – талас деп көрсетеді [37,36].
Кең байтақ аймақты мекендеген түркі халықтары құрамындағы ру-тайпалар
тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне, мемлекеттік құрылымдарына,
хронологиялық кезеңдеріне байланысты жазу жүйелерінде ерекшеліктердің болуы
заңдылық. Соңғы жылдары Еуразия аймағының Шығыс Еуропа, Орта Азия, Сібір
өңірлерінен табылған ескерткіштер ішінде, кейбір жекелеген ескерткіштерге
тән әліпби жүйелерінің анықталуы да осының дәлелі. Филологтар мен
рунолог–этнографист мамандардың пікірінше бұл ескерткіштердегі жазулардың
түп-негізі Орхон-Енисей-Талас жазбаларында қолданылған әліпбилерден
өзгешелеу. Еуропалық және Орта Азиялық кейбір жазу жүйелерін Орхон-Енисей
әліпбиінің қалыптасу жолындағы локальді кезеңін көрсететін бір ғана әліпби
ретінде қарастыру мәселесi де жеткілікті дәрежеде негізделмеді. Өз
дәуірінде көне түркілердің мемлекеттік деңгейдегі бірнеше қағанаттарды
құрғаны, әрбір қағанаттың өзіндік мемлекеттік құрылымы болғаны тарихтан
белгілі. Сондықтан әрбір мемлекеттің жазу жүйелерінде де өзiндiк ерекшелік
болуы қисынды. Әрбір мемлекет құрамындағы ру-тайпалардың бірыңғай этникалық
топтардан құралмағаны, бір мемлекет құрамындағы ру-тайпаның, басқа
мемлекеттер аумағында тұруы мүмкін екені де ақиқат. Сондықтан көне түркі
жазба ескерткіштерін жіктеу этностық тұрғыдан емес, мемлекеттік негізде
жүргізілгені дұрыс, бірақ қағанат құрамындағы билеуші тайпаның, басым
тайпаның ықпалын естен шығармаған абзал. Көне түркі жазба ескерткіштеріне
тән белгілердің бірі жазу бағытының әр түрлі болып келуi және символдық ен-
таңбалардың орналасу тәртібі де түрліше қалыптасқан. Енисей
ескерткіштерінде ен-таңба бітіг-тастың төменгі жағына орналастырылып, жазу
төменнен жоғарыға бағытталса; Орхон ескерткіш-терінде керісінше, ен-таңба
ұстынның жоғарғы жағына орналасып, жазу жоғарыдан төменге бағытталады; ал
жоғарғы Енисей бойынан табылған ескерткіштерде жазу төменгi жолдан
басталып, тас бетіне көлденеңінен түссе, ен-таңба осы көлденең жазудың
астына орналасады. Мамандардың пiкiрi бойынша тас бетiне көлденең түсiп,
жоғарыға бағытталған сатылы жазу әдiсi көне қорғандарға (зират) қойылған
құлпытастарға тән [42]. Аздаған диалектілік ерекшеліктері бар бір ғана
түркі тілінде жазылған көне мұраларда кездесетін мұндай айырмашылықтар да
ескерткіштердің қандай мемлекетке қатыстылығын, сол мемлекеттегі саны
жағынан басым әрі билеуші тайпалардың дүниетанымдық белгілерін көрсетсе
керек. Осыған орай әрбір көне түркі мемлекеттеріндегі жазу бағыты,
мемлекеттің елтаңбасы (гербі) қызметін атқарған символдық ен-таңбаның
орналасу тәртібі қатаң сақталғанын бағамдауға болады.
Көне түркi тайпалық одақтарынан қалған жәдiгерлердiң мұрагерлерiн
анықтауда айрықша орын алатын элементтердiң бiрi де кезiнде рәмiздiк белгi
– елтаңбаның қызметiн атқарған рулық ен-таңбалар. Шу бойынан табылған
балбал тастарда мәтiннiң, жоғары жағына бедерленген, екi графикалық
белгiден тұратын қос таңба айқын сақталған. Таңбаның бiр сыңары халық
арасында көсеу таңба, әлiп таңба, таяқ таңба, оқ таңба деп әртүрлi
аталып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістік
Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ және хакас тілдерінің орны
Пәндер