Түркілердің Иран мәдениетіне ықпалы


Мазмұны.
Жоспар
Кіріспе . . . 3-11
1. XI-XIV ғғ. Түркілер мен Иранның саяси байланыстары.
1. 1 Селжүктар тұсындағы Иран . . . 12-35
1. 2. Монғол-түркі кезеніңдегі Иран . . . 36-48
2. Түркілердің Иран мәдениетіне ықпалы.
2. 1. Дін мен руханият саласындағы байланыстар . . . 49-56
2. 2. Түркілердің Ирандағы материалдық мәдениетке ықпалы . . . 57-70
Қорытынды . . . 71-76
Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . 77-82
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Егемендікке қол жеткізумен, тарихи - мәдени мұраларды түгендеу тұсында барша түркі халықтарының ортақ ата - бабаларының жасаған мәдени мұраларын зерттеу аса өзекті маңызы бар мәселелер болып отыр. Міне, сондықтан да Түркістан даласында пайда болған көшпелілердің материалдық мәдениет нұсқаларының мәдени құндылықтары мен дүниетанымдық мұраларының жекелеген элементтерінің олардың өздерімен басып алынған жерлерге, оның ішінде Иранға енуін көрсету өз өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтпай отырған мәселелер болып табылады.
Магистрлік диссертацияның деректік негізі: Магистрлік диссертацияны жазу барысында негізінен жазба деректер қолданды. Бұл жұмысты жазу барысында еуропа, парсы, түрік және қазақ зерттеушілерінің еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі ауқымы: Мәселеге қатысты тұжырымдар жасап, дәлелдеу сол дәуірлердегі түркілердің дүниетанымына терең талдау жасаусыз күрделі болып қала береді. Осы орайда, зерттеушілер тарапынан жеткілікті түрде зерттелмей, назардан тыс қалған түркілер дүниетанымының ислам дінімен рухани байланысы арқылы түркілердің ислам өркениеті мен тарихындағы алар орнын анықтау жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жұмысты жазу барысында алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- Тақырыпқа байланысты зерттеулерді талдау;
- Түркілер мен Иранның саяси қарым - қатынасына байланысты тарихи оқиғаларды анықтау;
- Түркілердің күшеюін және де көрші мемлекеттермен қалыптасқан қарым - қатынасын зерделеп қарастыру.
Зерттеудің мерзімдік шегі: Магистрлік диссертация негізінен түркілердің Иранмен саяси және рухани қарым - қатынас мәселелерінің ауқымын қарастырады.
Зерттеу методологиясы және теориялық негізі: Соңғы жолдары Қазақстан тарихнамасында тарихи зерттеудегі әдістер, зерттеу барысында араб, парсы, еуропа және қазақ авторларының тарихи мәліметтері мен көзқарастары қолданылды.
Магистрлік диссертацияның ерекшелігі: 11-14 ғасырлардағы Түркілердің Иранмен қатынасының бағыттары мен сипаттары қарастырылды. Магистрлік диссертацияның құрылымы: Жұмыс кіріспеден, іштей жіктелген бөлімдері бар екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеуде Түркістан түркілерінің Иранды жаулап алуының негізгі екі кезеңі - селжүк түркілері мен монғол - түркілері мкезеңі қарастырылады. Аталмыш екі кезеңнің тарихи сабақтастығы, этникалық жақтары, олардың жаулап алуларының саяси себеп - салдарлары тұрғысынан болсын жақындықтары осы біріктіріп қарастырудың негізгі себебі болып табылады.
Тәуелсіздікке қол жеткізумен, халқымыздың мәдени мұралары жинақтап, зертеудің оңтайлы мүмкіндігіне ие болып отырғанымыз шындық. Тарихымыздың зерттелмей, кумәнды мәселелерге өзек болған тұстары да аз емес. Әсіресе, кеңістік идеология әсерінен халқымыздың орта ғасырлық түркі бабаларымыздың мекен ету аймағынан тысқары аймақтардағы тарихы жете зерттелмеді. Осы орайда халқымыздың мәдениетті мен өрениетіне қатысты осындай мұралардың дені олар билік құрған Иран мен Ислам әлемінде молынан кездестіріп отырмыз. Дегенмен, бұл мұраларға ортақтығымызды білдіріп, иемдену оларды терең зерттеусіз мүмкін емес. Осы кезге деиін түркілер өркениетіне, оның ішінде түркілердің тарихи отандарынан тыс аймақтарда түркілер жасаған мәдениетке қомсына қараушылық ұрдісі басым болып, түркілерге тек басқа дайын мәдениеттерді тұтынушылар ғана ретінде қарап, олар билік құрған аймақтардағы мәдениетке түркілер қосқан үлестер де зерттеліп, өз бағасын алмады. Егемендікке қол жеткізумен, тарихи - мәдени мұраларды түгендеу тұсында барша түркі халықтарының ортақ ата-бабаларының жасаған мәдени мұраларын зерттеу аса өзекті мемлекеттік- идеологиялық маңызы бар мәселелер болып отыр. Міне, сондықтан да Түркістан даласында пайда болған қөшпелілердің материалдық мәдениет нұсқаларының, мәдени құндылықтары мен дүние танымдық мұраларының жекелеген элементерінің олардың өздерімен басып алынған жерлерге, оның ішінде Иранға енуін көрсету өз өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтпай отырған мәселелер.
Мәселеге қатысты тұжырымдар жасап, дәлелдеу сол дәуірлердегі түркілердің дүние танымына терен талдау жасаусыз күрделі болып қала береді. Осы орайда, зерттеушілер тарапынан жеткілікті түрде зерттелмей, назардан тыс қалған түркілер дүние танымының ислам дінімен рухани байланысы арқылы түркілердің ислам өркениетті мен тарихындағы алар орның анықтау жұмыстың негізгі мақсатарының бірі болып табылады.
XI-XIV ғ. ғ Ирандағы түркілік мемлекеттердің негізін қалаушы түркілерді осы аймақтағы саяси, діни және мәдени маңызына арналған біршама зерттеулер бар. Өкінішке орай, бұл зерттеулер түрлі себептерге байланысты сыңаржақ сипатта болып, мәселенің шынайы шешуіне көп үлес қоса алмады. Мұның басты себебі, біріншіден олар деректік негіз ретінде қарастырылған материалдар авторлары- орта ғасырлық араб-парсы тарихшыларының денінің түркілерге қатысының барлығына теріс көз қарасы болса, екіншіден әлемдік тарих ғылымындағы еуроцентристік үрдіс те орта ғасырлық түркілер манызының төмендетілуіне себепші болды.
Жалпы, түркілерге деген парсы тарихшыларының теріс көзқарасы өз негізін ирандықтардың дәстүрлі діни сенімі - зороастризмнен алады. Зороастризм діні бойынша дүние жауыздық пен жақсылық, жарық пен қараңғы сияқты қарама-қарсы екі қасиеттерден тұрады. Сондай-ақ, бұл дін халықтарды да екі топқа бөле қарап, түркілерді жауыздық пен қараңғылықтың иесі -Ахриманның хақына жатқызып, оларға қарама-қарсы шаруашылық пен мәдениет формаларына ие парсыларды ізгілік пен жақсылық пірі-Ахураның сүйікті ұлдарына теліп, қарастырды. Осы көзқарас негізінде бүкіл орта ғасырлар бойы жазылған тарихи-әдеби шығармалардан ирандықтардың түркілерге деген жеке көрушілік сезімі мен теріс көзқарас лебін байқауға болады. Түркілерге қатысты там-тұмдаған деректерді табуға болатын Ә. Фирдаусидің «Шахнамасынан» бастау алатын біршама тарихи шығармалар дәл осы көңіл күйде жазылып, түркілердің орта ғасырлық Ирандағы тарихи маңызына шынайы баға беруде елеулі кедергілер келтірді. Осы тарихи қайнар кездерді негіз ете жүргізілген кейінгі кездерде жазылған зерттеу жұмыстары да ирандық ортағасырлық тарихшыларының көзқарасы шеңберінен шыға алмады.
Кеңес дәуірі кезеңінде кеңестік тарихшылар әлемдік пікірлестерімен бірге көшпенділер құндылықтарын белсенді түрде қаралаудан танбады. Л. Н. Гумилев бұл туралы: «Түркілер өз мәдениетін дамытып, оны Қытай, Иран, Үндістан, Византия өркениеттерімен қатар тұр деп есептеді. Осынау өзгеше, дала мәдениеті сүйексіңді дәстүрлері мен терең тамырларға ие. Бірақ, біз онымен отырықшы халықтың мәдениетіне қарағанда болмашы дәрежеде ғана таныспыз. Мұның себебі әлбетте, түріктер мен да көшпелі халықтардың көршілермен салыстырғанда дарын- қабілеттерінің кемдігінде емес, олардың материалдық мәдени жәдігерлері - киіз, тері бұйымдары ағаш пен ұлпа-тастан гөрі нашар сақталғандығында. Міне, сондықтан да батыс ғалымдарының арасында көшпелілер «адамзаттың арамтамақтары» деген пікір де пайда болған. Қазіргі таңда Оңтүстік Сібірде, Монғолия мен Орта Азияда жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстар бұл пікірді жылдан жылға жоққа шығарып келеді. Енді, көп ұзамай көне түркілерді көркем өнері жайлы әңгіме қозғайтын да күн алыс емес»[1, 5] деп сәуегейлікпен болжап кеткен болатын. Осыған орай, жас тәуелсіз еліміздің тарихи құндылықтарын қайта түгендеп, тарихи ақиқаттарды қайта қалпына келтіру де зерттеу мақсаты болып табылады.
Негізінен, зерттеушілерді олардың осы мәселеге ғылыми көзқарастарына байланысты үш топқа бөліп қарауға болады. Біріншілері, түркілердің ислам әлемі тарихындағы орнын мүлде жоққа шығарады. Мұндай зерттеушілердің қатарына батыс ғалымдары А. Мюллер [2], Г. Э. Грюнебаумды[3] жатқызуға болады. Мысалы, А. Мюллер өзінің «История ислама с основания до новейщих времен» атты еңбегінде «түркілер адамзат тарихында айтарлықтай ештеңе жасаған жоқ. Ислам әлемінде қандай да бір айтарлықтай мемлекеттік және заң шығарушы жүйе, жаңа бір діни ағым немесе діни түсінік, ешбір жаңалық жасалмады-олардың қолынан тек атқа міну мен бас кесу ғана келді» [2, 209] дейді. Г. Э. Грюнебаум да түркілердің ислам тарихындағы маңызына күдікпен қарайды [3, 115] . Кеңес тарихшылары В. А. Гордлевский [4], Л. А. Семенова [5] да осы пікірдегі көзқарастарын білдірді. В. А. Гордлевский өзінің «Таңдамалы шығармаларының» түркілерге қатысты бөлімінде түркілердің исламға жан-тәнімен қызмет етуінің мүмкін еместігін олардың исламды сырттай ғана қабылдағанымен түсіндіріп «діни фанатизм оларға жат, батысқа қозғалыстың негізгі себебі саяси- экономикалық болды» дейді. [4, 197] . Осыған жақын пікірді Л. А. Семенова да білдірді. Бұл зерттеушінің айтуынша «Түркілер тобыры жеребе бойынша барған жерінің құдайын өздеріне таңып алды. Басқаша айтқанда, жоғарыдағылардың пікірінше дін таңдау мәселесі ең бастан-ақ оғыздар үшін өзекті болмады, бұл олардың жетекшілерінің нақты саяси қажеттілігіне сәйкес орындалды» [5, 2486] .
Түркілердің ортағасырлық Ирандағы мәденй-рухани ахуалға тигізген әсерлері жайлы ирандық зерттеушілерінің де пікірі осы шамалас болып келеді. Мысалы, ирандық зерттеуші Сириус Яздидің пайымдауынша: «бұл жаулап алушылар (түркілер-Ж. Ж. ) өте бейшара халық болды, не бір білімге, не мәдениетке, не не кітапқа ие болмады. Тілдері өте қарабайыр, сөздері аз, тек күнделікті сөйлесуге пайдаланатын сөздерге ғана ие болды. Раушанибек деген біреу Иранға саяхат жасап, бұл жерде кездестірген тарихи ескерткіштерден түркілік рухты кездестіреді. Зенджандағы Сұлтания мешіті мен Тәбріздегі Кабуд мешіті күмбездерін түркілерге телиді. Егер бұл ескерткіштер моңғол мен түркі рухына тола болса, онда осындай шығармалар неге олардың тарихи отандары Моңғолияда салынбаған» [6, 23] . Ирандық зерттеушілердің дені Ирандағы түркілер өркениетінің мұраларына сенімсіздікпен қарап, аталмыш дәуірдегі Ирандағы мәдени дамулардв бар болғаны түркілердің жергілікті парсы уәзірлерінің еңбектерімен байланыстырады.
Бұдан өзге түркілердің ортағасырлық Иран тарихындағы саяси маңызына шынайы баға беруге тырысқан екінші пікірдегі зерттеушілер түркілердің мұсылман тарихындағы орнына ерекше мән беріп, олардың ортағасырлық Иран тарихындағы саяси, діни және мәдени маңызын жоғары бағалайды. Осы деңгейдегі зерттеушілердің өзін еуропа, түрік және қазақ зерттеушілері деп үш топқа бөліп, қарастыруға болады. Г. Лейзер [148], Дж. Гильберт [149], С. Лень-Пул [7], К. Босворт [14], Б. Шпулер [134], Э. Лэмбтон [8], Д. Морган [152], т. б. сияқты еуропа ғалымдары ортағасырлық Иран тарихындағы түркілер маңызын ғылыми дәйектеп, аталмыш тақырыпта біршама зерттеулер жазды. Түркілер дәуіріндегі Ирандағы діни ахуал жайлы С. Лень-Пул өзінің «Мусульманские династии» атты зерттеуінде «селжүктер өздерінің жабайы жүрегімен ынты-шынтысымен исламды қабылдап, іріп құлағалы тұрған мемлекетті қайта тірілтуге келіп, шынында да оған жаңа өмір әкелді» дейді [7, 158] . В. В. Бартольд [50] пен К. Босворт та мұсылман тарихындағы түркілер роліне жоғары баға береді. XI-XIV ғ. ғ. Ирандағы түркілер билігіне қатысты «Нашествия варваров: появление тюрок в мусульманском мире», «Тарихэ сиости ва дудмониэ Иран (390-414х-1000-1217м. ж) » атты мақалалар, «Мусульманские династии» атты тарихи зерттеу жазған К. Босворт «түркілер шын ниетпен исламды қабылдап, олардың шамандық қалдықтары суфиилік ордендерде көрініс тапты. Олар белсенді түрде суннизмнің ханафилік бағытын ұстанды. Мұсылман әлемін шииттік бүйлердің Ирандағы X-XI ғасырда пайда болып гүлденген мемлекет) қаупінен құтқарды. Сирия, Палестина және Қасиетті қалаларды мұсылман әлеміне қайта қосты. Исмайлшы фатимилерге, исмайлшыларға қарсы болды. Түркілер бұл ағым исламды іштен шірітетін іріткі екеніне сенімді болды», - [8, 328] деп, ортағасырлық Ирандағы түркілердің саяси маңызына баға береді.
Бұл пікірдегі зерттеушілерге негізінен түрік тарихшылары З. В. Тоған [57], Кафесоглу, О. Асланапа, О. Тұранды т. б. жатқызуға болады. З. В. Тоғанның «kuran ve turkler», О. Асланапаның «turk sanati» атты зерттеулер ислам әлеміндегі туркілер орнын ашып, көрсетуге арналған. Олар орта ғасырларда түркі билеушілерінің қол астында болған аймақтардағы саяси, мәдени бағыттардағы ілгерушіліктерді дұрыс байқағанымен, Түркістан көшпелілерінің дәстүрлі мәдениетімен таныстықтың аздығы олардың батыл ғылыми шешімдер қабылдауын тежейді.
Үшінші топқа жататын зерттеушілер Иран мен ислам әлемінің саяси тарихындағы жетістіктеріндегі және ислам өркениетінің құрылуындағы түркілер маңызын теріске шығармайды. Дегенмен, олар мұның басты себебін түркілердің дүниетанымдық -рухани ерекшеліктерімен байланыстырмай, олардың билігі тұсындағы қолайлы саяси экономикалық ахуалмен немесе олардың парсы уәзірлерінің жеке бас қасиеттері арқылы түсіндіруге тырысады. Бұл қатардағы зерттеушілерді еуропа, кеңес, тіпті ирандық тарихшылар арасынан табуға да болады. В. В. Бартольд [50], Г. Курпалдис [147], З. Буниятов [128], [108], Зарринкуб [153], Ширин Баяни [138], Дж. Хуг [168], Дональд. Н. Вильбер [170], П. Палолези [169] сияқты зерттеушілер ортағасырлық Ирандағы түркілер маңызын ашып көрсеткенмен, оның себебін түркілер қамтамасыз еткен қолайлы саяси экономикалық ахуалмен, немесе парсы шенеуніктерінің еңбектерімен байланыстыра қарайды. Мысалы, өзінің «Карнамайе ислами» атты еңбегінде ирандық зерттеуші, «осындай ұлан байтақ өркениетке әртүрлі-еврей, грек, үнді, ирандық, түркілік тіпті, қытайлық мәдениеттің де әсері болды. Осы өркениеттің әлемдік болуына әр түрлі ұлт өкілдерінің белсене қатысуының тікелей әсері бар», -деп, ислам өркениеттінің сол дәуірлеріндегі әртүрлі халықтардың ортақ игілігі екендігін көрсеткенмен, осы халықтардың іргелі мәдениетімен таныстықтың әлсіздігінен нақты нендей әсерлері болғанын ашып көрсете алмады.
Шынында, кейінгі пікірдегі зерттеушілер түркілердің орта ғасырдағы мұсылман әлемі тарихындағы алар лайықты орнын көрсете білгенмен оның себебін шынайы түсіндіре алмады. Исламды қабылдағанға дейін әртүрлі діни нанымдарды ұстанған түркілердің кенеттен ислам жауынгерлер болып, Ирандағы саяси, діни және мәдени өмірге белсене араласып кетуі расында олардың таңданысын тудыралды. Бұл таңданыс олардың түркілер қозғалысына тек саяси -экономикалық рең беріп, діни сипатына жеткілікті дәрежеде назар аудармауынан туды. Ал мұның мәнісі түсінікті-түркілердің рухани өмірінің тарихымен үстірт таныс шет елдік тарихшы-зерттеушілер көп нәрсеге жете мән бермеді. Осы орада америкалық ғалым Наттан Лайттың мына мойындауыныңи жаны бар сияқты: «аз топтарға қатысты тарихи зерттеулеркөбінесе жетімсіздікпен жазылды. Зерттеулерге аз оптардың өкілдерінің қатысуы шектелді. Билеуші көпшілік ұлттың алдыңғы қатарлы зерттеушілерінің еңбектері қайнар көздерінің негізіне айналып, азшылық топтардың идеялары мен мотивтері сирек талқыланды» Міне, сондықтан да «алдыңғы қатарлы» зерттеушілер үшін көшпенділердің тарихының көп мәселелері түсініксіз күйіне қалды да олардың өздігінше шешуге тырысқан талпыныстары өзімшілдікпен бұрмаланып, өрескел қателіктерге жол берілді.
Осыған қарамастан, түркілердің XI-XIII ғасырлардағы Иранды жаулап алуларына қатысты төмендегідей тарихи зерттеу еңбектері бар. И. Петрушовскийдің «Ислам в Иране в XII-XV века», Р. А. Гусейновтың «Огузы, Кыпчаки и Азербайджан XI-XII в. в», «Иракские сельджукиды, ильдегизиды и закавказье» Г. Курпалдистің «Государство великих Сельджукидов», М. А. Лордкипанидзенің «История Грузии XI-нач. XIII в. в» атты еңбектері XI ғасырда Иранды жаулап алып, өз мемлекеттерін құрған түркілердің осы аймақтағы саяси әрекеттерді жайлы жазылған еңбектер қатарына жатады. Аты аталған ғалымдар араб-парсы, армян-грузин қайнар көздерін пайдаланып орта ғасырдағы мұсылман әлеміндегі түркілік мемлекеттік ұйымдардың тарихы бойынша біраз зерттеу еңбектерін жазды. Дегенмен, түркі және ислам тарихына деген кеңестік саяси -идеологиялық көзқарастың шектелген шеңберіңнен шыға алмаған олар, түркілердің орта ғасырлық Кіші Азия мен Таяу Шығыс мемлекеттернің ислам тарихындағы алар орны мен діни маңызын ашып көрсетпеді.
Осы тақырыпта қалам тартқан ирандық тарихшылар туралы да осыны айтуға болады. Абдол Али Дастғейбттың «Худжумэ ордуэ моғул бе иран» М. Дж. Машкурдың «Торихе иронзамин», Азизола Бейаттың «тарихэ Иран аз зохурэ эслам та дэйоламэ», Реза Эсфаханидың «Иран аззардошт та киомхай ирани», А. үБасанидың «Дин дар охдэ моғул» атты зеттеулері мазмұны жағынан кеңестік авторлар еңбектерімен сарындас болып келеді. Жалпы алғанда, Түркістан түркілерінің Иранды жаулап алулары жайлы кеңес және ирандық зерттеулерден бір сарандылықты бапйқауға болады. Тіпті бұл зеттеулер өздерінің смақсаты мен мазмұна жағынан бір-біріне өте ұқсас, екеуіде түркі-моңғол халықтарының иранды жаулап алуларынан тек жаппай қырып жою, бақытсыздық пен елдің саяси-экономикалық және мәдени құлдырауын ғана көре алады. Біздіңше, бұл ұқсастықтың басты себебі орыстардың да, ирандықтардың да белгілі дәрежеде түркі билеушілерінің саяси билігі астында болып, екі халықтың да түркілердің өз елдерінің тарихындағы маңызы мен орнына теріс қарастары болған сияқты.
Дегенмен де, кейбір зерттеушілер еңбегінен түркілер билігі кезіндегі Ирандағы саяси - діни ахуалдың өзгеруіне жаңаша көзқарасты байқауға болады. Әсіресе, Б. Шпулердің «Тарихэ моғул дар Иран», Ширин Байанидің «Иран дар бархурд бо моғул», К. Босворттың «Тарихэ сиоси ва дудмониэ Иран» атты зерттеу еңбектері мәселеге әділетті түрде баға беруге тырысқан.
Түркілер билігі кезіндегі Ирандағы мәдени ахуалдың қалыптасуы мен дамуы жайлы еңбектердің ирандық авторлар жазған бөлігі көбінесе бір жақты кетіп, Ирандағы ирандық емес мәдениетті көзге ілмеуге тырысады. Бұл әсіресе, Мухаммад Юсуф Кйанидың «Ма’морие Иран» [174], Ғаламхусейн но’йдың «Ұлттық дүниетаным және Иран сәулетіндегі өмірлік қасиеттер» [167], С. Сафаның «А history of the Islamic era» [109], И. Зарринкубтық «Карнамейе ислами» [9] атты зерттеулерінде анық байқалады.
Алайда, бұл зерттеушілер де түркілік дәстүрлі мәдениетпен етене таныс болмағандақтан ислам мен иран мәдениетіндегі көшпенділік сарындарды үзілді-кесілді түрде түркілерге тели алмады.
Мәселеге сондай - ақ, қазақтың бірқатар көрнекті зерттеушілерінің археологиялық, этнографиялық және тарихи зерттелерінің де тікелей болмаса да жанама қатысы болғаның айта кету керек. Мысалы, Ө. Жәнібеков [154], Ә. Марғулан [164], Б. Т. Тұяқбаева [180], М. Мендікулов [61], К. Байпақов [65], Ә. Төлеубаев [48], т. б. сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі түркілердің рухани - материалдық мәдениеті жайлы мәліметтері, М. С. Орынбеков [69], Т. Таджикова [71], н. Д. Нұртазина [63], А. Ғалиев [77], т. б. сияқты зерттеушілердің жұмыстарынан түркілердің дәстүрлі дүниетанымы жайлы пікірлері, сондай-ақ Қ. Т. Жұмағуловтың еңбектері [37] ұлы қоныс аударулар қарсаңындағы көне герман тайпалары мен Иран мен ислам әлемін жаулап алулары қарсаңындағы түркілер қоғамын салыстырулар кезінде кеңінен пайдаланылды. Сондай-ақ Б. Е. Көмеков [36], А. Ювалы, Қ. Р. Аманжолов [129. 105], З. З. Жандарбек [68], А. Қадырбаев, С. М. Сыздыков [56], С. Ә. Тортаев [99], С. Әбушәрәп [89] сияқты тарихшы ғалымдардың орта ғасырлық түркі мемлекеттерінің тарихы жайлы зерттеу еңбектеріндегі тұжырымдары да жұмыс барысында кеңінен пайдаланылды. Зерттеу барысында әлі де отандық тарих ғылымында айналысқа түсе қоймаған біршама дереккөздер кенінен пайдаланылады. Зерттеу барысында әлі де отандық тарих ғылымында айналысқа түсе қоймаған біршама дереккөздер кеңінен пайдаланылады. Жұмыс мақсатына орай бұл дерек көздерге ретімен, тиімді түрде сілтемелер жасалынып, келтірілген деректер зерттеу талабына сай тұжырымдалды. Мысалы, ортағасырлық анонимді автордың «Аджайб аддунийа» [28] атты еңбегі, Иақубидің « Ал-Булданы» [393], Истахридің « Масалек ва мамолегі» [13], Бирунидің шығармалары [62], Ибн Исках Абу Сайэдтің «Тарихэ Гардизиі» [94] мен М. Қашғаридің «Дивани луғат ат-туркиі» [95] мен еуропа саясатшыларының еңбектеріндегі мәліметтер пайдаланылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz