Ғылым социологиясы



ЖОСПАР

1.Ғылым социологиясының мәні мен рөлі
2.Ғылым айрықша әлеуметтік құбылыс
3.Ғылымның әлеуметтік қызметтері Қолданылған әдебиеттер

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1.Ғылым социологиясының мәні мен рөлі
2.Ғылым айрықша әлеуметтік құбылыс
3.Ғылымның әлеуметтік қызметтері

1. Ғылым - адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі.
Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың
даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым жаңа білім өндіру және жеке мақсатқа сай оны
беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің
өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер
жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың қызметтерінің
түрінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К. Маркс айтқандай,
қоғамның идеаолдық және практикалық байлығын білдіреді.
Ғылым социологиясы социология саласы, сондай−ақ ғылым философиясын,
ғылымның методологиясы мен логикасын , ғылыми шығармашылықтың
психологиясын, ғылымның тарихы мен экономикасын енгізетін ғылымдарды
танытатын пәндердің аса маңызды компонентә.(құрамдас бөлігі)
Өз зерттеулерінде ол факті жинау мен талдаудың социологиялық
методтарын қолданады. Ғылым социологиясы ғылым мен қоғамның, ғылым мен
басқа да аялардың, өндірісті
Өз зерттеулерінде ол факті жинау мен талдаудың социологиялық
методтарын қолданады. Ғылым социологиясы ғылым мен қоғамның, ғылым мен
басқа да аялардың, өндірістің, білімнің, саясаттың, басқарудың т.т. өзара
әрекетін , ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі қызмет ету, даму
заңдылықтарын, ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың әлеуметтік топ ретіндегі
қатынастарын, олардың басқа еңбек ұжымдарымен өзара байланысын, ғылыми
қызмет ету, даму заңдылықтарын, ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың әлеуметтік
топ ретіндегі қатынастарын, олардың басқа еңбек ұжымдарымен өзара
байланысын, ғылыми қызметтің тиімділігін арттырудың, ғылым нәтижелерін
қоғамдық практикада қолдану процесін
Басқаруды жетілдірудің әлеуметтіе факторлары мен т.б. механизмдерін
зерттейді.
Ғылыми еңбектің сапасы мен нәтижелілігін одан әрі арттыру жолдарын
іздестіруге белсене қатыса отырып, ғылым социологиясы ғылыми қызметтің
ғалымның өзіне, оның санасы мен мінез −құлқына тигізетін кері
әсерін:еңбекке жауапкершілікпен қарауын, мамандығын көтеруге тырысуын,
творчестволық белсенділігін қалыптастыруын, ғылым мен қоғам мүдделеріне
қайшы келетін эгойзімін , жеке басының пайдасына тырысуын брлдырмау
мәселелерін ғылым социологиясы зерттейді.Мұнда ғылым саласындағы
ынталандыру жүйесіне ерекше орын беріледі.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр.
Социологиялық зерттеулер ғылыми − зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі
ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен жеке
салалармен қызметкерлердің , ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми
жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми
жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында
арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті
интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық
қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар
арасындағы , сондай−ақ ғылыми және өндірістік ұжымдар арасындағы
байланыстсрды одан әрі дамыту болып табылады.
Әлеуметтік−экономикалық дамуды алға бастыру ғылым дамуының, оның
практикамен байланысын әлеуметтік механизмін жасауды талап етеді,өйткені
ол ғылыми жетістіктердің практикада қолданылуын объективті түрде
бақылаудың тиімді құралы болар еді.
Ғылымды интенсивтендіру проблемалары күн тәртібінен түспей келеді.
Демек, ғылымды интенсивті жолға қоюдың тиісті механизмін қалыптастыру
проблемасы ерекше маңыз алады. Ол ғылым социологиясы тұрғысынан келгенде
басқару органдары тарапынан ғалами қоғамдастыққа және оның әлеуметтік
белсенді мінез−құлқына ықпал етудің әлеуметтік факторларымен әдістері
жүйесі қызметін атқарып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және
олардың практика мен байланысын нығайту мақсатын көздейді.
Мұндай механизмде мыналар жатады.
Біріншіден , ұйымдастыру ықпалы ғылыми ұжымдардың әрбір ғылыми
қызметкердің мінез құлқын ғылыми зерттеу жұмыстарыныңжоспарларында және
мамандықты арттыру жолымен бағыттау, мақсаттардың интенсивтендірілуіне
әлеуметтік бағдар беру т.б. көп салалы ғылыми ұжымдардың бағдарламаларын
интенсйвтендіруді көздейді. Соның ішінде жалпы ортақ және қолданбалы және
сондай міндеттерді шешу үшін жекелеген шетелдік ғалымдардың ,
халықаралық ғылыми ұжымдар бағдарламаларының қатыстырылуы да маңызды.
Екіншіден себепті ықпал ғылыми қызметкерлерде ғылыми қызметтің
сапалық көрсеткіштерін жетілдіруге, өз творчествосының пәрменділігін
жүзеге асыруға себептіліктерін қалыптастыру, кәсіби шеберлігін ,
практикамен байланысын нығайту.
Үшіншіден , нормативтік−бағалаушылық ықпал жасау: ол ғылыми
қоғамдастықтағы ғалымның жеке тұлғалық дербес мінездемелерінің шешуші
маңызын оның талантын жоғары мамандығын, ерік−жігер сапасын идеялық
шыңдалуын ғылывми қызметке қабілеттілігін және басқа қасиеттерін сақтау
мен бірге ұжымдық еңбектің және жеке тұлғалар арасындағы өзара
механизмнің өскелен рөлін есептей отырып практикада жаңа , ғылыми
қызметті еүшейту кезеңіне сәйкес нормалармен бағалаушылықтарды жасап
шығарумен қолдануды көздейді.
Төртіншіден, ақпараттық ықпал ғылыми қызметкерлерде ғылымды күшейту
кезінде оларұа қойылатын талаптар туралы қажетті білімдерді көздейді.
Ғылымды күшейту процесін бас0ару проблемасы зерттеулерді,
эксперименттерді қолдануды, ғылыми қызмет пен оны инстенсивтендірудің
әлеуметтік факторлары арасындағы көпжақты байланыстарды ашуды қажет
етеді.Бұл ретте ғылым социологиясына ерекше роль жүктеледі.
2. Қазіргі жағдайда ғылымның маңызды проблемаларын , оның гуманистік,
дүниеге көзқарастық, методологиялық негіздерін, оның алуан түрлі
әлеуметтік жүйелерде дамуы мен қызмет ету жолдарын , қоқам өміріне және
адамзат тағдырына терең де жан жақты әсер ету сипатын зерттеу аса зор
теориялық, әсіресе практикалық маңыз алып отыр.
Бұрын адамзат ешқашан өз болашағы үшін, үшінші мыңжылдық
табалдырығындай, соншалықты жауапты да маңызды кезеңді басынан өткізіп
көрген емес.Бұл тарихт белес Адам даналығының бұрын сонды болмаған
шарықтауымен , микро және макро дүниелер кеңістігінде, табиғат пен Адам
өмірінің негіздеріне терең енуімен сипатталады. Ғылым мен техника барған
сайын осы заманғы өркениеттің іргетасына айналуда, ғылым прогресі мен
Адам болашағының прогресі қоғамдық санада ажырамастай ұштасуда. Алайда
ғылымның көптеген табыстары мен техникалық жаңалықтары қазіргі адамды
таңдандырумен қатар оның болашағы үшін қауіпті құбылыстарды да тудырып
отыр. Осы күнгі ғылыми−техникалық прогресс өмірге бірқатар жаңалықтарды
ғана емес, сондай−ақ жағымсыз құбылыстарды да әкеледі. Демек, үшінші
мыңжылдықтың үрдісі алдында адамзат ғылымды қоғам өміріндегі адамгершілік
, имандылық бағалауға байланысты терең ойланыс пен толғанысқа , тіпті
абыржылушылыққа да түсуде. Ғылым оның болмысының әлеуметтік жағдайларынан
тыс Адам мүдделері мен қажеттіліктеріне қызмет ететін күш пе, немесе бұл
адам бақылауынан шығып кететін және оны құруға қабілетті арбаушы
ма?−дейтін мәселелер жалпылама талқылау мәселесіне айналды.
Ғылымтану мәселесі негізінде қазіргі заманғы ,ылымның
логикалық−гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жәнге басқа
көптеген зерттеулер қалыптасуда. Ғылымибілім мен ғылыми қызмет дамуының
нақтылы процестері мен баңғыттары туралы маңызды эмпириялық мәліметтер
қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика
неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының ,
типтерінің жплпы атауы, олардың ішінен негізгі атауын бөліп көрсетуге
болады. Біріншіден , ғылымды логикалық −гносеологиялық зерттеу, оның пәні
ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, олның дамуыеың логикасы мен
диалектикасы болып табылады. Екіншіден, тұтастығынан алғанда ғылым
дамуының нақты тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл
бөлетін тарихи−ғылыми зерттеулер. Үшіншіден, ғылымды социологияляқ
зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын
зерттеу. Бесіншіден, ғылыми творчествоның психологиясын зерттеулер.
Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретіндегі ғылым
өлшеу зерттеулері.
Сонымен, ғылым күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің
түрлі салалары , алуан түрлі тарихи жағдайларда оны алуан жағынан
зерттейді. Ғылым социологиясының ерекшелігі сол, ол ғылыми білімнің
мазмұнын,оның құрылымы мен даму логикасын аулақтай отырып ғылымды
әлеуметтік институт ретінде, қызметтің өзіндік түрі және аясы ретінде
қарастырады.
Ғылыми қызмет барысында білімді үйлестіру жолындағы жауапты адамдардың
өзара әрекеті жүзеге асырады.ал өзара әрекеттің типтері нақтылы
әлеуметтәк − мәдени жағдайларға тәуелді. Әлеуметтік институт ретінде,
белгілі бір қоғам көлеміндегі нормалар мен құндылықтардың жүйесі ретінде
ғылымның қызмет атқаруы ғылым социологиясының пәні болып шығады, басқаша
айтқанда, ғылым социологиясы ғылыми білім өндіру жөніндегі қызметті
әлеуметтік аспектілерін, қырлары мен сырларын, жаңа ғылымның тууынан оның
практикаға енгізілуіне дейінгі қозғалысы процесінде пайда болған
әлеуметтік қатынастар жүйесін, алуан түрлі әлеуметтік жүйелердегі
ғалымдар мінез құлқының типтерін , олардың құндылық бағалармен
артықшылықтарын, және ғылым мен қоғамның , ғылым мен басқа да қоғамдық
құбылыстардың өзара әрекетінің нақтылы формаларын зерттейді.
Қоғамдық өндіріс аясында айтулу өзгерістер тудырып отырған қазіргі
заманғы ғылым экономикалық, әлеуметтік, рухани қайта құрулардың, қоғам
мен жеке адам мәдениетін, білімнің сапасын жаңартудың шешуші
факторларының бірі болып алды. Ғылым адамның өзін , оның творчестволық
қабілетін жетілдіруге көмектесетін қуатты қызмет атқаруда. Солай бола
тұрса да батыста миллионға тарта адам сауатсыз деуге сенгің келмейді.
Көбінесе ғылыми білімдер толық көлемде пайдаланылған көкейтесті
проблемаларды шешуден сырт қалды. Тоқсаныншы жылдары әлемде елу млн адам
өлгені осының мысалы, ал тіпті көптеген адамдар өмірі үшін ғылымның ешбір
маңызы болмайды. Білімдер өсуіне көмектесе келе, ғылым адамды едәуір
жатсынуға да келтіреді, өйткені адамның өскелең ақпарат тасқынының бәрін
игеоуге, жақадан ашылған ғылым жаңалықтарын қалыптасқан өлшемдермен
салыстыруға мүмкіндігі жетпейді. Ал тіпті бұқаралық ғылыми өндірістің өзі
де жекелеген өндіріс қызметшісін тудырады.
Әлеуметтік жүйенің кемеліне келмеген , қайшылықты жағдайларында ғылым
мен техника табыстарын енгізу адам белсенділігін жүзеге асырудың жаңа
бағыттары мен келешектерін ашып қана қоймайды, сондай−ақ көптеген күрделі
әлеуметтік проблемаларды да тудырады, адам мен адамзат болашағы туралы
мәселені де өткір алға тартады. Мәселенің көлемді де күрделі екндігі адам
мен ғылым арасындағы өзара қатынастылыққа , демек, ғылым адамға не береді
және одан болашақта нені талап етеді дегенді естен шығармау керек. Мұндай
проблеманы қою мен ойластыру, оны шешудің жолдарын іздестіру ғылым
социологиясының аса маңызды міндеттерінің бірі және оның әлеуметтік мәнін
айқындайды.Ғылымды социологиялық зерттеудің теориялық және іс жүзінде
қолданылатын маңызы бар. Ғылым социологиясының теориялық маңызы ғылымды
әлеуметтік құбылыс ретінде ойластыруда , ғылыми қызметтің өзгешелігін
ашып көрсетуге көмектесетіндігінде, мұнда орнығып қалған қатынастарды
зерттеу, ғылыми аяның қоұам өмірінің басқа да аялдарымен өзара байланысын
ашу , ғылымның көкейтесті де пәрменді маңыздылығын ұғыну құнды болып
табылады. Мұның бәрі ғылыми қызметті басқару мен ұйымдастыру, оның
реттілігі мен үйлесімділігі үшін, мемлекеттің ғылыми негізделген ұлттық
жәнге халықаралық саясат жасауы үшін, демек, ғылымның өзінің дамуцы үшін
және оны қоғам тарапынан басқару үшін қажет.Ғылым социологиясының іс
жүзінде қолданылатын маңызы зерттеу нәтижелерімен байланысты. Ондай
нәтижелер нақтылы практикалы міндеттер мен проблемаларды шешу үшін
кеңінен пайдаланылады, Әсіресе ғылымды нақтылы социологиялық
зерттеулердің практикалық маңызы зор. Олар ғылымның қоғаммен өзара
байланыста дамуы бағытына нақтыкөрсеткіштерді ташуға мүмкіндік береді.
Мысалы, ғылыми және ғылыми−техникалық қызметшілер саны қозғалысын
өлшемдеуге, жарияланған жұмыстар санынның өсуі жай күйін , қаражаттар мен
қаржылар бөлуді , ғылымды қолданудың жалпы өндірістік тиімділігін және
сондайлар сиқты басқа да көрсеткіштерді қадағалауға болады.
Жалпы мәдени , адамгершілік қызмет ғылым социологиясынан ерекше орын
алады.Қазіргі жағдайда ғылым адамды қоршаған ортаның барған сайын маңызды
да мәнді құрамды бөлігі болып отырғанда онда қалай да өмір сүріп ,
әрекет етуге дұрыс бағдар беркге тура келеді. Ғылымның қоғамдық өмірге
әсері қайшылықты. Сондықтан ғылым мүмкіндіктерін адамгершілік, гуманистік
тұрғыдан бағалау, оның адамдық өлшемін, ғылымның қоғаммен өзара
байланыстықта дамуының ерекшеліктері туралы жалпы түсініктер бар болуын
ашып көрсету маңызды. Бұл біріншіден , адам мен өркениет дамуының
перспективалары мен мүмкіндіктерін ғылымның жаңадан ашылған жаңалықтары
мен олардың әлеуметтік экономикалық, көкейтесті ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық білімнің құрлымы
Зерттеудің деңгейі
Адам және саясат туралы
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Еңбек социологиясы
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Дін және мәдениет
Дін жайлы жалпы түсінік
Жастар әлеуметтануы туралы
Жастар социологиясы
Пәндер