Экология ғылымы


Кіріспе

Негзгі бөлім

  1. Экология ғылымы
  2. Биоэкохроникалық деректер
  3. Кезеңдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

ЭКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Экология-биология ғылымдарьның көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына еңгізген австриялық ғалым-биолог Э. Геккель еді. Экология - гректің (ойкос - үй, тұрақ, мекен жөне логос - ғылым), казақша тірі ағзьшардың тіршілік ететін ортасы мек қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.

Экология туралы түсініктерді егжей-тегжейлі биология ғылымдарының докторы профессор Ж. Жатканбаевтың " Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі" деген енбегінде жазылған. Ол түсіндірме сөздікті окып шыкқан адам қаншама ғылыми білім алады десеңізші!

Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі "Организмдердің жалпы морфологиясы" деген енбегінде (1866) алғаш рет "Экология" терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді. Орыс ғалымы К. Ф. Рулье осыған байланысты "Экология терминін" биология ғылымына еңгізген Э. Геккель екеніне өзінше сенімсіздік білдірді.

Экологиялық зерттеулер ортағасырда (XVII) ағылшынның ұлы ғалым-биологы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы" атты еңбегінде биология ғылымдарында күтпеген жаңалық аша отырып, экология ғылымының дербестігіне жол береді.

Негізгі бөлім

Э. Геккелдің экология ғылымына қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әрі қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері белгіленді. Ежелде тек тірі ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кенейте отырып (адам - биосфера - қоғам) биосфера ортасындағы карым-қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс-әрекетімен байланыстыра огырып зерттейтін комплексті ғылымға айналды. Экология ғылымы жоғары деңгейге көтеріле түсті.

Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым-қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биологиялық ғылымдармен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географилық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық

құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлсмдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера-қоғам арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының осы кездегі мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология - ағзалардың арасында болатын (особьтар, түр, түр-аралық, популяция, аралық биоценоз, биогеоценоз) қарым-қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадан өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс-әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам - қоғам - биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адам-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу мөлшері - биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяция, биоценоз, экожүйелер т. б. ) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктік, маусымдық, жылдық ырғағы.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары:

  1. Ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен айналаныкоршаған табиғи ортасы.
  2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланыстытуындайтын өзгерістері.

3. Табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми- теориялық негіздері.

4. Адам - биосфера - қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу.

5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.

6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды әлемдік нооэкологиялық деңгейге көтеру болып есептелінеді.

Экология - биология ғылымдарының негізінде XIX ғасырдың аяғында айқындала болғанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басы болып саналады.

Алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз ерте ғасырларда өмір сүрген Эмподокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст сияқты философтар мен табиғат зерттеушілерінің еңбектерін көреміз. (1-кесте) . Биосфера кұбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық, химиялық бейімделушіліктерді оның айналаны қоршаған биосфералық ортасына тәуелді екендігі экологиялық - биологиялық тұрғыдан зерттеледі.

Экология ғылымдарының пайда болуын, дамуын жене осы кездегі жағдайын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

1-кесте

Биоэкохроникалық деректер

Жылдары:
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:
№: 1
Жылдары:: ІV-ғасыр (б. э. дейінгі) 384-322
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: философ Аристотельдің "Жануарлар мүшелері туралы", "Жануарлардың пайда болуы", "Жануарларға сипаттама" атты еңбектерінде «жануарлар дүниесінің тіршілік ортасымен байланысы туралы мәліметтер беріледі.
№: 2
Жылдары:: ІV-ғасыр (б. э. дейінгі) 370-285
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: ботаник Теофраст өзінің "Өсімдіктер тарихы" және "Өсімдіктер туралы" еңбегінде өсімдіктердің табиғи топтары, типтері, белгілі бір ортаға бейімделуі мен олардың тіршілігіндегі өзгерістері жайында экологиялық алғашқы түсініктер берілді.
№: 3
Жылдары:: ХII-ғасыр (біздің дәуір) 1193-1280
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: орта ғасырдың табиғат зерттеушісі А. Больштедский топырақ құрамының өсімдікке тигізетін әсерін және өсімдіктің "қысқы ұйқыға кету" себебін түсіндіріп береді.
№: 4
Жылдары:: ХV-ғасыр 1516-1565
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: швед табиғат зерттеушісі К. Геснер "Жануарлар тарихы" деген өзінің 5 томдық енбегінде жануарлар дүниесінің тіршілік ортасына байланысты биологиялық ерекшеліктеріне токталады.
№: 5
Жылдары:: ХVІ-ғасыр 1522-1605
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: италияндық натуралист У. Альдравианди Болонья қаласында алғашқы ботаникалық бақ пен жануарлар музейін ашады. Ол "Насекомдар туралы" және "Орнитология" атты енбектердің авторы.
№: 6
Жылдары:: ХVІ-ғасыр
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: ағылшын химигі, әрі физигі Р. Бойль төменгі атмосфералық қысымның тірі организмдерге тигізетін әсерін зерттей келіп судағы жануарлармен қос мекенділердің дене температурасының ортаға байланысты өзгеріп отыратынын дөлелдейді.
№: 7
Жылдары:: ХVІІ-ғасыр 1734-1742
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: француз зерттеушісі Р. Реомюр өзінің "Насекомдар табиғаты туралы мемуар" атты еңбегінде ұсақ жәндіктердің алуан түрлі тіршілігі жөнінде көптеген мәліметтер береді.
№: 8
Жылдары:: 1707- 1778
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: щвед табиғат зерттеушісі К. Линей "Табиғат экономикасы" атты диссертациялық еңбегінде организмдердің тіршілігіндегі тепе-тендіктің сақталуы, көбеюі мен өлу арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар туралы мәліметтср келтірді.
№: 9
Жылдары:: 1707-1788
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: француз натуралисті Ж. Бюффен өзінің "Жаратылыстану тарихы" атты 44 томдық еңбегінде тірі организмдерге орта факторларының әсері туралы жан - жақты мәліметтер береді. Түрлері - температура, климат, қорек тағы басқа факторлардың әсерінен өзгеріп отырады деген пікірын білдіреді.
№: 10
Жылдары:: 1760
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: К. Линей өзінің "Табиғаттың қоғамдық құрылымы" атты диссертациясын жариялап адам мен табиғат арасындағы заңдылықтарға токталады.
№: 11
Жылдары:: 1740-1802
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: орыс натуралисті И. Лепехин "Доктор И. Лепехиннің Ресей провинцияларына саяхаты туралы күнделігі" атты 4 томдық еңбегін жариялайды. Жануарлар мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастар туралы мәліметтер береді. Ол тайга орманындағы ақтиіндердің сан мөлшерінің май қарағай жаңғағі түсіміне тәуелді болатынын анықтайды.
№: 12
Жылдары:: ХVШ-ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басы 1773-1788 , 1811-1831
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Петербург академигі П. С. Паллас өзінің: "Ресей мемлекетінің провинцияларына саяхат" және "Ресей - Азия зоогеографиясы" атты еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттауда климаттық және географиялық тұрғыда талдау жасайды.
№: 13
Жылдары:: 1744-1829
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Ж. Б. Ламарк өзінің көптеген еңбектерінде тіршілік организмдер үшін рөлін негіздейді. Организмдердің ортаға тәуелді өзгергішті зерттей келіп өзінің алғашқы зволюциялық теориясын жасайды.
№: 14
Жылдары:: 1769-1859
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: неміс ғалымы А. Ф. Гумбольдт биогеография ғылымының негізін қалайды. Ол өсімдіктердің 19 тіршілік формасын, ландшафтарды топтастыру, өсімдіктердің горизонтальды жоне биіктік белдеулер бойынша таралу заңдылықтарын ашады. Гумбольдт солтүстік жарты шардың изотермдік картасын жасайды және геофизика, вулканология мен гидрография ғылымдарына көп үлес косады.
№: 15
Жылдары:: 1840
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: неміс химигі Ю. Либих организмдерге қатысты "минумум заңын" ұсынады.
№: 16
Жылдары:: 1814-1858
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Мәскеу универеитетінің профессоры К. Ф. Рулье экологиялық мектептің негізін калайды. Өзінің барлық еңбектерінде жануарлар тіршілігін сипаттауы қоршаған ортамен байланыстыра зерттеудің қажетілігіне тоқталады.
№: 17
Жылдары:: 1847
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: неміс ғалымы К. Бергман жануарлардың дене тұрғысының үлкен немесе кіші болуының орта температурасына тәуелділігі туралы өзінің "ережесін" түжырымдайды
№: 18
Жылдары:: 1852
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: неміс физиологі Я. Молешют заттардың биотикалық айналымы туралы идеясын ұсынады.
№: 19
Жылдары:: 1854
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Петербург академигі К. Бэр балықтар популяцясын зерттей келіп, оларды табиғаттан сан мөлшерінің (көбеюі мен өлуі) қорек қорына тәуелділігі туралы ойын тұжырымдайды.
№: 20
Жылдары:: 1805- 1861
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: француз зоологі И. Ж. Сент-Илер "Органикалық дүниенің жаратылыс тарихы" еңбегін жариялап, оңда қазіргі "экология" терминіне жақын "этология" терминін алғаш рет колданады. Ал, К. Ф. Рулье осыған байланысты «экология» терминін ғылымға енгізген Э. Геккель екеніне күмән келтірген.
№: 21
Жылдары:: 1827-1885
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: орыс ғалымы Н. А-Северцов алғаш рет экологиялық тақырыпта] "Воронеж губерниясының жыртқыш жаунарлары мен жыртқыш кұстары тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" атты диссертациясын қорғайды.
№: 22
Жылдары:: 1882
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Ресейде алғаш рет Камчаткада қорық ұйымдастырылады.
№: 23
Жылдары:: 1884
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Дат ботанигі Е. Варминг "Өсімдіктердің тіршілік формалары үғымына түсінік береді.
№: 24
Жылдары:: 1911
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: В. Шельфорд организмдердің төзімділік шегіне байланысты экологиялық оптимум және экологиялық минимум ұғымдарын ғылымға енгізеді.
№: 25
Жылдары:: 1925
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: А. Лотки мен В. Вольтер "Паразит - иесі" және "Жыртқыш-жемтік" жүйесіндегі тәуелділіктердің математикалық моделін жасайды.
№: 26
Жылдары:: 1993
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Қазақстан Республикасы "Жер", "Су" және '"Орман" кодексін қабылдады.
№: 27
Жылдары:: 1994
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Арал аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту туралы бағдарлама қабылданды.
№: 28
Жылдары:: 1994
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Қуаншылық пен шөлденуге қарсы күрес туралы Халықаралық Конвенция Алматы қаласында өтті.
№: 29
Жылдары:: 1996
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Қазақстан Республикасының экологинлық кауіпсіздігі тұжырымдамасы кабылдаңды.
№: 30
Жылдары:: 1996
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Алматы қаласында "Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында коршаған ортаны қорғауды Ұлттық жоспары атты республикалық конфереңция өтті.
№: 31
Жылдары:: 1996
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Алматы қаласында болашақ ұрпақтарға арналған "Ноосфера" атты экологиялық альманахтың 1-нөмірі жарық көрді.
№: 32
Жылдары:: 2000
Экологиялық зерттеулер туралы мәліметтері:: Ж. Шілдебаевтің «Қызықты экологиясында» аса құнды әрі қызықты деректер бар.

І-кезең (1707-1924)

Бұл кезең ХVІ-ғасырдың басы мен ХVІІІ ғасырдың аяғын қамтиды. К. Линей (1707-1778), Ж. Л. Бюффен (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893), П. С. Паллас (І741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859) К. Ф. Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1824-1885), А. Л. Бекетов (1825 - 1902), Ч. Дарвин (1809-1882), К. Мебиус (1825-1908), Э. Геккель (1834 - 1919), Е. Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903) т. б. биосфера компонентерін зертеуден; биологтар, химиктер, систематиктер өздерінің ғылыми еңбсктеріңде экологиялық сипаттардағы ғылыми теориялық зерттсулер жүргізіп экология ғылымдарының дамуына өз үлестерін қосқаны туралы қолымызда ғылыми материалдар бар. Осы уақытта өзінің "Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы еңбегін жарыққа шығарды, сондай-ақ Декандольдің ботаникалық географиясы, К. Ф. Рульенің жануарлар экологиясы, А. Н. Бекетовтің өсімдіктер географисы атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер басылып шықты. Сонымен бірге Ч. Дарвиннің («түрлердің шығу тегі», «Докучаевтің зоналары» туралы ілім және т. б. ұлы зерттеушілердің еңбектері жарық көрді. Сөйтіп, экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Австрия мемлекетінің әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі - Дарвинист Эрнест Геккель 1866 ж. «Экология» терминін өзінің 2 томдық «Организмнің жалпы морфологиясы» атты еңбегінде жан-жақты ғылыми түсінік береді. Ол 1836 ж. дүниеге келіп, 1934 ж. қайтыс болған ірі ғылми тұлға еді. Осы кезде оған тең келер ботаник болған емес. Ұлы дат ғалымы, данышпан, білгір ботаник - Н. Варминг экология туралы көптеген еңбектер жазды.

II-кезең. (1924-1980)

Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Е. Варминг, Э. Геккель, К. Мебиус және т. б. ғалым - биологтар Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. У. Калабуков жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді. Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Танфильев, П. Н. Крылов жануарлар мен өсімдіктер физиолоогисын зерттеп экологмя ғылымының дамуына үлес қосты. Әсіресе, Г. Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі», биолог-ғалымдар оны орман тоғайын зерттеушілерінің атсы деп атайды. Д. Н. Қашкаровтың «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», ағылшын ғалым биологы А. Тенслидің «Экожүйелері туралы ілімі», орыс геоботанигі В. Н. Сукачевтің «Биоценоз», В. И. Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері экология ғылымдарының дамуының негізгі ұясы болып есептелінді.

Бұдан кейін экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Экология ғылымының беделі арта түсті. Жоғары дәрежеге көтерілді. Әсіресе, суларда тіршілік ететін ағзалардың экологиясы жан-жақты зерттеліне түсті. Олардың экологиясын зерттеуге өте үлкен үлес қосқандар Л. А. Зекеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Иоганзен болатын. Топырақта тіршілік ететін ағзалардың экологиясын зерттеген ғалымдар бар. Олар: Меркурий Сергеевич Гиляров (топырақтағы ағзалар экологиясы), И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Бейсенко, В. В. Яхонтов, Г. А. Викторов насекомдар экологиясы және т. б. эколог ғалымдар: В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев (паразитологиялық экология), сүтқоректі, құс және бауырмен жорғалаушылар экологиясын зерттеген ғалымдар (А. Т. Банников, Н. И. Калабуков, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г. А. Новиков, С. С. Шварц) болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымы туралы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экология
Экология ғылымының калыптасуы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экологиян ғылымының даму кезеңдері
Экология ғылымының шығу тарихы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz