ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ



1.Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік.таптық дифференция
2.Орта таптың функциялары және құрамы
3.Маргинализацияның негізгі факторлары және оған қарсы әрекет шаралары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

1.Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік-таптық
дифференция
2.Орта таптың функциялары және құрамы
3.Маргинализацияның негізгі факторлары және оған қарсы әрекет шаралары

1.Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік-таптық
дифференция

Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемалары адамзат өмірінің басты
ерекшелігі және орталық, зәру проблемасы- теңсіздік проблемасына тікелей
байланысты. Сондықтан оған батыс (К. Маркс, М. Вебер, Г. Моска, В.Парето,
П. Сорокин, P. Дарендорф, Б. Барбер және басқалары) және отандық (Әженов
М.С., Аитов НА., Биекенов К.Ү., Ешмұхамедов А.Ш., Сәрсенбаев Т.С. және
басқалары) мектептің көптеген қоғам танушы ғалымдары назар аударды және
аударып отыр.
Әлеуметтік құрылымның даму шамасы бұл оның әртүрлі болу өлшемдері, яғни
қызметінің түрлері мен нысандарының әр түрлілігі, адамдар, әлеуметтік
топтар мен институттар арасындағы байланыс тәсілі. Адамзат тарихы бұл қарым-
қатынастардың, әлеуметтік топтардың, өмір сүру негіздері әр түрлілігінің
өсу. Адамдар мен қоғамның әлеуметтік құрылымының іс-әрекеттеpi әр
түрлілігінің өсу заңын жалпы тарих заңы ретінде тұжырымдау толық заңды
болар еді.
Кеңес қоғамының қоғам тану ғылымында ұзақ уақыт бойы қоғамның
әлеуметтік құрылымында жалғыз (маркстік) - таптық тәсіл мойындалды. Бұл
таптық құрылымның рөлін қайта бағалау болды, себебі таптық құрылым -
қоғамның әлеуметтік құрылым жақтарының бірі.
К. Маркстің және оның ізбасарларының таңдауы толық түсінікті: К. Маркс
таптық құрылым аса көп деңгейде дамыған XIX ғасырдағы нақты капитализма
бағдар жасады. Екі антагонистік таптың (буржуа және пролетариат) тағдыры
марксизмнің ғылыми болжамында берілгеннен біршама өзгеше қалыптасты.
Пролетариат қоғамның аластатылуынан босады, ол қоғамды өзімен, өзінің
материалдық өндірістегі рөлімен санасуды мойындатты. Жұмысшы табы
капитализмді жоюға шамасы бар жетекші күш болуын тоқтатқаны шындық, ол
осындағы қажеттілікті көруін тоқтатты. Оны бұрынғыша қанауда, бірак бұл
қанау ХІХ ғасырдағы деңгейде қалған жоқ. Қарапайым жұмыс күшін пайдаланудың
орнына пайдалануға қатысу және еңбектің ұлттық кірістегі рөлін арттыру
процесі біртіндеп келе жатыр.
Таптық құрылымның тұжырымдамасын Макс Вебер де дамытты, ол тап
санатын айқындау кезінде көп ретте К.Маркспен келісті, меншіктің рөлін және
капитализмдегі теңсіздікті мойындады. Маркстен айырмашылығы, Вебер
ресурстарды бөлу жөніндегі дауды шешілмейтін деп санады.
Вебер назарды құрылымдар дифференциясының басқа негізінде шоғырландырды
және экономикалық тап ұғымын айқындау үшін күш салады. Ол еңбек нарығына
назар аударады - бұл әлеуметтік топтардың жанама қақтығысу аренасы. Бұл
ретте әрбір топ өз учаскесін барынша жоғарылатуға ұмтылады, бұл басқалардың
көзқарасын нашарлатады. Осыған байланысты қоғамның, оның ішінде таптық
қоғамның үлгісі - бұл меншік иелену және иеленбеу белгісі бойынша бір
басымды компонетте құрылған сурет емес, көп бөлікке бөлінген көрініс. Вебер
нарықтық жағдайдағы адамдар жиынтығы бірқатар белгілері: өмір сүру деңгейі,
мәдениеті, өмір сүру образы бар экономикалық тапты қалыптастырады. (Осы
мағынада, мысалы, тұрғылықты аудан түрінен айқындалатын тұрғын үй табы
туралы айтқан дұрыс).
Карл Маркстен айырмашылығы, Макс Вебер экономиканы ұйымдастыруды
стратификация негізі деп санамады. Вебер теңсіздіктің үш негізгі
компонеттерін айқындады. Ол оларды өзара байланысты және де маңызды
қатынастарда тәуелсіз деп санады. Бірінші компонент — мүліктік теңсіздік.
Байлық жалақыға қарағанда көп нәрсені білдіреді; байлар көбінесе жұмыс
істемейді, бірақ меншік, капитал салу, жылжымайтын мүлік немесе акциялар
мен бағалы қағаздар есебінен көп кіріс алады; Вебер, әр түрлі таптың
өкілдері - шаруалардың, жұмысшылардың, көпестердің кіріс алу және тауар
сатып алу үшін бірдей емес мүмкіндіктері бар екенін мойындайды.
Вебер істің барлығы да байлықта емес екенін сезінді. Ол теңсіздіктің
екінші компонентін анықтады: адамдар тобы тең емес мөлшерде құрмет пен
қадірге ие және беделдері де бірдей емес. Ол мәртебелік топтар ұғымын
енгізді. Байлық маңызды рөл атқарады, бірақ беделдің де маңызы аз емес
(кәсіпті құрметтеу, оның қоғам үшін маңыздылығы мағынасында) мафияның
басшысы бай, бірақ әлеуметтік беделі төмен (өзінің аздаған тобын
қоспағанда, мысалы кірісі батыстық өлшем бойынша көп емес және жылына 40
мың доллардан аспайтын колледж профессорының беделімен салыстырғанда).
Вебер стратификацияның байлық пен беделден басқа үшінші факторын
көрсетті. Әңгіме өзінің мәні бойынша саяси сипаты бар билік туралы болып
отыр. Тіпті басқа адамдар мен топтар тарапынан қарсылыққа қарамастан
адамның немесе топтың жоспарды іске асыруға, іс-әрекет жасауға немесе
белгілі бір саясат жүргізуге қабілеттілігі түсіндіріледі. Вебер қоғамдағы
билік жүйесін қалыптастырудағы жалпы мүдделері біріктірілген саяси
партиялар мен топтардың маңызды рөлін ескерді. Осы үш фактордың барлығы да
жиі, бірақ әрқашан да өзара әрекет жасамайды.
Вебер жұмысшы табы ұғымының тым кең ұғым екенін дұрыс деп санайды, ал
негізгі белгі ретінде меншіктің болмауы көптеген қайшылықтарды туғызады.
Сондықтан ол этномәдениет стратификациясының факторларын да, белгілерін де
көрсетеді. Қоғам дифференциялануы мүмкін, мысалы дін, ұлттық,
лингвистикалық белгілері бойынша.
Өзінің өндірістік істерін қаншалықты басқарса да кез келген қоғамға
таптан тыс қауымдастық топтары арасындағы әлеуметтік теңсіздік және даулар
іштей тән. Бүгінгі күні көптеген социологтар осы көзқарасты бөліседі:
қазіргі заманғы қоғамдағы даулар таптық емес, этнодіни, этнолингвистикалық
даулар.
Г.Москаның, Р.Дарендорфтың, В.Паретоның тұжырымдамаларында таптың
санаттары билікке қатысты айқындалады. Олар билігі бар (басқарушылар табы)
және билігі жоқ (басқарылатын тап) деп бөлуді ұсынады. Біріншісі,
әдеттегідей көп емес, барлық саяси функцияларды жүзеге асырады, билікті
монополизациялайды және оған тиесілі артықшылықтарды пайдаланады; сонымен
қатар екінші ретінде, саны көп, бірінші азды-көпті заңды түрде басқарады
және реттейді, оған саяси организимнің өмір сүруіне қажетті материалдық
қолдау құралдарын жеткізеді.
Қоғамның біртекті еместігі, оның әртүрлі әлеуметтік топтарға объективті
бөлінуі Питирим Cop киннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік жылжу
туралы теориясында өз көрінісін тапты. Осы теорияға сәйкес барлық қоғам әр
түрлі топтар - страттарға бөлінеді, олардың өзара кіріс деңгейі, қызмет
түрлері, саяси көзқарастары, мәдени бағдарлары бойынша айырмашылығы болады.
Ол бірнеше негізгі белгілерді ажыратты: экономикалық (кедей -бай); кәсіби
(беделді - беделсіз); саяси (іс-қимылының билік, жасайтын - бағынышты). Осы
белгілер өзара тік әрекет жасайды.
Сорокиннің пікірінше, стратификация негізінде басқарушы және
басқарылатындар таптарына бөлінуді туғызатын түрлі функциялар жатыр;
қоршаған орта - қолайлы немесе қолайсыз; адамдардың ішкі қабілеттігі мен
сапасы бірдей емес. Ғалым әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және
қалыпты жағдайы деп санады. Ол объективті түрде еңбектің қоғамдық
бөлінісімен, мүліктік теңсіздікпен, түрлі саяси бағдарлармен негізделген.
Адам кәсібін немесе қызмет түрін, өзінің экономикалық жағдайын немесе
саяси көзқарасын өзгерте отырып, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтеді.
Бұл процес әлеуметтік жылжу деген атқа ие болды. Сорокин әлеуметтік
жылжудың көлденең және тік болып бөлінетіні туралы айтады.
Көлденең жылжу адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратификацияның сол
деңгейінде бола тұра бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуін білдіреді.
Тік жылжу — бұл адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне иерархиялық
тәртіппен, мысалы, қоғамның төменгі тобынан аса жоғары немесе керісінше -
жоғары топтан төменгісіне өтуі.
Атап айтқанда, адамдардың кірістері айырмашылығында, өмір сүру
деңгейінде, халықтың бай және кедей топтарының болуымен көрінетін"
экономикалық теңсіздік тік жылжудың объективті жағы ретінде болады.
1953 жылы П.Сорокин капиталисте таптың менеджерлік (ағылш. Management -
управление) басқаруға көшірілуі туралы, ал Парнос - бір кезде
корпорациялардың меншік иелері отбасыларына тиесілі болған өндірісті
басқарудың басқарушы және техникалық қызметкерлерге өткені туралы айтады.
Менеджерлер революциясы теориясы (Р. Дарендорф) билік ететін тап және
өндіріс субъектісі болып табылатын тап бірдей еместігін дәлелдейді: 1)
неғұрлым жеке процесс — меншіктің бақылаудан бөлінуінің өсіп келе жатқанын;
2) тым жалпы және әмбебап процесс капиталистерді менеджерлермен
ауыстыратынын түсіндіреді.
Меншіктің бақылаудан бөлінуі олардың менеджерлердің қолына
шоғырланатынын білдіреді, оларға корпорациядағы билік жағдайын ұстап тұруға
мүмкіндік береді. Соңғысы, өз кезегіне пайданы неғұрлым гуманистік
құндылыққа көтерумен кәсіпорын саясатын қайта бағдарлауда көрінеді. Бұл
идеялар базистік аксиома ретінде емес, эмпириялық түрде тексерілетін
гипотетикалық кемшілік ретінде қабылданды.
Зерттеуші М. Аллен маңызды проблема көтереді: ол -менеджер мәртебесі.
Оны, егер ірі корпорация басқармасының басты мүшесі социологиялық теория
ұсынған бюрократиялық менеджердің стереотипіне сәйкес келмесе, қандай
тәсілмен және қандай индикаторлардың көмегімен менеджерді бас акционерден
ажыратуға болатыны қызықтырады.
Бірақ жалақының өлшемі де, біршама капиталды иелену де, Алленнің
пікірінше менеджерлерді дербес тап деп санау немесе оларды меншік
иеленушілер табымен (капиталистер) бірегейлендіру үшін негіз болып
табылмайды. Ол менеджерлік таңдаулылар туралы айтуды жөн кореді. Оның
көзқарасы бойынша, меншік иелерінің менеджерлерден айырмашылығы әр түрлі
экономикалық жағдаймен айқындалады. Бас акционердің жағдайы — бұл нақты
жазылған позиция болған кезде, менеджерлік көзқарас — бұл жетістікті
мәртебе. Жоғары жаққа тиесілі менеджелерді, орта топтың менеджерлерін,
сондай-ақ төменгі жақтың менеджерлерін ажыратқан дұрыс болады.
Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік қозғалмалылықтың теориясы екі
зерттеу бағдарламасының арасында дамиды. Бір жағынан алғанда әлеуметтік
қозғалмалылық шеңберінде жеке адамдар мен топтар кіріске, білім деңгейіне,
әлеуметтік және экономикалық беделге сәйкес маңызды болатын әлеуметтік
сатылық бағыныштылық түсінігінде қарастырылады.
Басқа жағынан алғанда, жеке адамдар мен топтардың қоғамдық өндіріс
жүйесіндегі орнын, олардың өндіріс құралдарына қатысын, олардың қоғамдық
еңбек ұйымындағы және тиісінше қоғамдық байлықтың олар басқаратын бөлігін
айқындайтын таптық құрылым түсінігінде қарастырылады.
Жан басына шаққандағы ақшалай есептелген ұлттық табыс пен байлық
негізінде әр түрлі әлеуметтік топтың экономикалық мәртебесін айқындау
П.Сорокиннің Әлеуметтік қозғалмалылық жұмысында жазылған мынадай
қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, түрлі қоғамның тұрмыс
жағдайы мен кірісі бір елден басқасына, бір топтан басқасына елеулі түрде
ауысады. Екіншіден, бір қоғамның өзінде де тұрмыс жағдайы мен кірістің
орташа деңгейі тұрақты емес, уақыт бойынша өзгеріп отырады. Үшіншіден,
ұлттың, қоғамдастықтың, топтың тарихында баюдың және сол сияқты
кедейленудің тұрақты үрдісі жоқ. Барлық белгілі жақсы үрдістер шектелген
уақыт кезеңінде ғана белгіленген. Тарих гүлдену жұмағы немесе кедейлік
тозағы бағынатын тұрақты үрдістердің болатыны туралы пайымдауға жеткілікті
негіздер бере алмайды. Ұлттық кірісті болу, мысалы тұрақтылығы едәуір
европа елдерінде тек маятникті тербелісті ғана білдіреді.
Кеңестік кезеңнен кейінгі қазіргі заман оның болашақтағы он жылдығын
айқындайтын дамуының қиын кезеңін бастан кешіріп отыр. КСРО-ғы үстемділік
еткен догматизмнен азат етілген социологтар бүгін өздерінің әлеуметтік
құрылым белгілерін ұсынады. Мысалы, Профессор Н.Аитов өзінің әлеуметтік
стратификация тұжырымдамасында еңбектің, оның күрделілігінің, біліктілік
сипатының белгілеріне сүйенді. Осы белгілер бойынша қоғам екі үлкен
әлеуметтік топқа бөлінеді: ой еңбегінің қызметкерлері және дене еңбегінің
қызметкерлері.
Сонымен, біз бүгін стратификация теориясы аса өзекті маңызды болып
табылатынын көреміз. Ол қоғам екі үлкен монолиттік тапқа бөлінген кезде
уақыттың өткенге (құл иеленушілік, феодализм, капитализмнің ерте кезеңі)
кеткендігінен шығады; қазіргі қоғам біршама көпжақты. Көпжақты страттар
адамдардың бірқатар белгілері бар тұрақты қауымдастығын белгілеуге
мүмкіндік жасайды. Стратификацияны талдау маңызды, өйткені ол адамдар
өмірінің барлық қырына әсер етеді.

2. Орта таптың функциялары және құрамы

Американың жыл сайын планетаның ең бай адамдарының тізімін жариялайтын
Fordes журналы 1998 жылғы жазда бұны 12 рет жасады. Fordesтiң
қызметкерлері байлардың көп болып келе жатқанын, сондықтан таңдау белгілері
біршама өзгергені туралы пікірге келді. Енді, Fordes Global тізіміне ену
үшін бір байлық жеткіліксіз. Әлемнің капитал құруға немесе көбейтуге
қатысқан байларының екі жүзі (1997 жылы 400 жуық болған) жаңа тізімге
кірмеді. Fordes-200 журналы тізімінен басқа Top Теп тізімін жасады. Бұл бір
секундта $500 ақша тапқан, әлемдегі ең бай адам 42 жастағы Билл Гейтс (АҚШ)
бастаған ең ептілердің ондығы. Осы ондықтағы екінші адам акцияларды бағасы
өсе бастағаннан бір күн бұрын сатып алуға ерекше таланты бар ширақ және
тәуекелді инвестор ханзада әл-Вахид (Сауд Аравиясы). Шолушылар сондай-ақ
алтыншы тапқырды атап өтеді - бұл аз таралымды Австралия газетін шығаратын
кішкене фирманы әлемдегі жетекші корпорацияға айналдырған Руперт Мердюк
(АҚШ). Fordes-200-дің 1998 жылғы нұсқасына сәйкес әлемдегі ең бай
адамдардың тізімі мынадай болды:
1.Билл Гейтс (АҚШ), Microsoft акцияларының 22%-ін иеленуші: $51 млрд.
2.Уолтондар отбасы (АҚШ). Wal-Mart дүкендер желісі: $48 млрд.
3.Уорен Э. Бффет (АҚШ). Инвестор. $33 млрд.
4.Пол Гарднер Аллен (АҚШ). Microsoft-тің қосақы иеленушісі. $21 млрд.
5.Кеннет Томсон (Канада). Thomson Corp иленушісі. $14 млрд.
6.Үлкен Форрест Э. Марс (АҚШ). Mars корпорациясының иленушісі ins $13,5
млрд.
7.Джейн мен Робет Притцкерлер (АҚШ). Қонак үйлерінің желісін иеленушілер:
$13,5 млрд.
8.Ханзада әл-Вахид бин Талал әл-Сауд (Сауд Аравиясы). Инвестор: $13,3 млрд.
9.Ли Шау Ги (Гонконг). Жылжымайтын мүлік иеленуші: $12,7 млрд.
10.Тео мен Карл Альбрехтер (Германия). Сауда: $11,7 млрд.
Fordes журналы 1999 жылы планетадағы ең бай екі жүз адамның кезекті
тізімін жариялай отырып, бірінші жолда дәстүрлі түрде американ
компьютершісі Билл Гейтсті көрсетті, оның байлығы $90 млрд болды.
Журнал 1999 жылы рекордтық кіріс алған басқалардың ішінде шоу-бизнестің
жұлдыздарын жариялады. Джордж Лукас рекордшылардың ішіндегі рекордшы деп
аталды, ол Жасырын қауіп (Жұлдыз соғыстары эпопеясынан) фильмінің
прокаты үшін тек АҚШ-та ғана $430 млн алды. Белгілі Опра ток-шоуының
жүргізушісі Уинфри рекордшылардың қатарындағы екінші болды, оның нәтижесі
1999 жылы $150 млн болды. Одан кейін модельер Джоржио Армани ($135 млн),
телепродюссер Дэвид Келли ($118 млн), актер Том Хэнке ($71,5 млн), шпиондар
туралы романдардың авторы Том Клэнси ($66 млн), қорқыныштардың королі
Стивен Кинг ($65 млн), америка жастарының сүйікті тобы Backstreet boys
($60 млн), актерлер: Брюс Уилле ($54,5 млн) және Джулия Робертс ($50 млн)
болды.
Fordes журналы 275 млн. адам тұратын АҚШ-та 1 миллион адамның - өте
бай адам, яғни миллионерлер; қарапайым байлар 1,5 млн. адам (кірісі
жылына 100 мың доллардан кем емес) екенін хабарлады.
Жобамен 5 млн. адам (бұл сан үнемі өзгеріп отырады: 1961 жылы -39,6
млн., 1971- 25,6 млн. адам) — кедейлер. Бұл ретте кедейшілік ұғымы әртүрлі
елде және әртүрлі уақытта бірдей емес. Америкада аптасына 30 сағат жұмыс
істейтін және ең төменгі жалақыдан екі есе көп алатын адам өзінің төрт
адамнан тұратын отбасын, 90-жылдары Америкада жылына $14 мың доллар болған
ресми кедейшілік деңгейінен жоғары дәрежеде қамтамасыз етуге жағдайы
болмады.
Кейбір социологтар кедейлердің байлардан айырмашылығын тамақтануға
қанша ақша жұмсалатынынан ажыратуға болатынын пайымдайды. Егер елдің орташа
алынған статисткалық тұрғыны жалақының үштен бірінен аз жұмсаса, онда ол
кедей емес, егер көп жұмсаса — кедей. 2000 жылдың 1 қатарына халқының саны
145,6 млн. адам болған Ресейде халықтың 80 проценті тамақтануға
шығыстарының үштен бірінен көбін жұмсайды.
Ресей азаматтарының ең төменгі санаты — бұл кірісі өмір сүрудің
белгіленген ең төменгі деңгейінен аспайтындар. Бұлар кедейлер.
Бүкілресейлік өмір сүру орталығының деректері бойынша, Ресейде халықтың 58
проценті кедейшілік деңгейінін шеңберінен төмен өмір сүреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы пәнінің зерттеу заты және объектісі
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Қазақстан әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Пәндер