Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

СОЦИОЛОГИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ

1. Социология пәні және оның нысаны

2. Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері

3. Қоғам, оның мәнімен типологиясы

  1. Социология пәні және оның нысаны

Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді. Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні, оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай, әлеуметтік процестерді "үлгілеу" принциптерін қалыптастыруға негіз қалап, жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге, қоғам құрылысына, адамдар, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатынастарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты.

Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологаялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіндік зерттеу әдістерін әкелді.

Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасындағы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет "Социология" терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г. Спенсер, К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер және т. б. ) мен Американың (А. Смолл, Дж. Винсент, В. Томас, П. Сорокин, Т. Парсонс және т. б. ) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.

Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, - өзінің алдындағысын алғы шарт ретінде есептейтін - жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады.

Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы термин де - О. Конттың үлесі) және социология.

Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың зандарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл зандардың түрін өзгертетіндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесінде күрделене түседі.

Осылайша, социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бір-біріне әсері болып табылады.

Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады, оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады. Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады. Роль дегеніміз - адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді. Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы деп аталады.

Белгілі бір әлеуметгік мұқтаждықтарды қанағаттаңдыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы, дін, білім беру, экономикалық, саяси жүйелер және т. б. ) деп аталады. Арнайы институттар (лат. institutum - нұсқама, мекеме) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым-қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.

Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыстар институционалды деп аталады, ал бұл байланыстарға тәртіптелген, нормативті сипат беру процесі институттандыру деп аталады.

Әлеуметтік институттармен бірге қоғамда көптеген әр түрлі әлеуметтік ұйымдар (қауымдар) болады: әлеуметтік топтар, этникалық қауымдар, өмір сүру кезеңдері сияқты қауымдар (жыныстық, жас топтары), қоныстық, аймақтық қауымдар.

Жоғарыда аталған әлеуметтік қауымдардың, олардың өзара әсерінің, даму және қызмет ету заңдарының барлық жиынтығы социология пәні болып табылады. Жоғарыда аталған қауымдар түрін біріктіруші әлеуметтік ұйым қоғам деп аталады және бұл социологияның нысаны болып табылады.

Осылайша, социология дегеніміз - біртұтас жүйе ретіңдегі қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жалпы заңдылықтары туралы әлеуметтік құбылыстарды өзара байланыстыра зерттейтін ғылым.

2. Социологияның деңгейлері, құрылымы, санаттары, қызметі мен

тәсілдері

Социологтар қоғамды ғылыми зерттеуді екі деңгейде: микро және макродеңгейде қарастырады. Микросоциологтар адамдардың күнделікті өмірдегі қатысын, олардың өзара әсерін зерттейді. Бұл бағытта жұмыс істейтін зерттеушілер әлеуметтік құбылыстарды тек адамдар берілген құбылыстарға бір-бірімен әсер еткенде беретін талдау жасау негізінде ғана түсінуге болады деп санайды. Әлеуметтік зерттеудің микродеңгейі жеке тұлғалардың мінез-құлқы мен қатысының, қоғамдағы тұрақтылыққа немесе өзгерістерге әсер ететін адамдардың мінез-құлқы себептерінің ең кіші элементтерін зерттеуге бағытталады.

Макросоциологтар қоғамның ірі үлгілеріне, құрылымына айрықша назар аударады. Бұл - отбасы, білім беру жүйесі, дін және саяси, экономикалық құрылым. Адамдар дүниеге келген кезден бастап әлеуметтік құрылымның аталған жүйесіне енеді, оның әсерін сезінеді. Макросоциология қоғамның әр түрлі бөлігін, олардың өзара байланысы мен бұл байланыстың өзгерістерін зерттейді.

Жоғарыңа келтірілген социология құрылымы батыс социология мектебі бағыттарының бірі бойынша қалыптасты. Кеңестік елдерде социология ұзақ уақыт бойы қолданбалы ғылым ретінде дамыды және негізінен қоғам өміріндегі жекеленген салаларды нақтылы реттеуге бағытталды.

70-жылдары кеңес оқымыстылары арасында социология үш деңгейлі ғылым ретінде қарастырылды: жалпы социологиялық теория (тарихи материализм) жекеленген социологиялық теория, қолданбалы социология.

Бүгінгі күні социология туралы қоғамды бүтіндей қарастыратын ғылым ретіңде түсінік қалыптасты (оның мүддесі - әлеуметтік құбылыстар мен процестердегі жалпы мәселелер), оны зерттеудің негізі ретінде адам алынады, өйткені ол әлеуметтік-тарихи процестердің нәтижесі және алты шарты болып саналады. Сондықтан ғалымдар теорияның дамуына айрықша назар аударады.

Социологияның теориялық деңгейі отандық ғалымдардың пікірінше, тік және көлденең теориялық жүйелерден тұрады. Көлденең жүйеде социумның әлеуметтік теориясы, даму теориясы, әлеуметтік құрылымның әлеуметтік теориясы және т. б. анықталады. Басқаша айтқанда, бұл - теория туралы теория немесе іргелі социология.

Социологиялық теорияның тік деңгейін айқындай отырып, ғалымдар "орта" деңгейдегі теория немесе салалық жеке социология теориясы туралы айтады. Оған, мысалы, жеке тұлғаның социологиясы, жастар социологиясы, отбасы социологиясы, құқық социологиясы, саяси социология және т. б. жатады.

Социологиялық білімнің келесі деңгейі нақты социологиялық зерттеулерге негізделеді, ол нақты деректемелік ақпаратқа сүйенеді және эмпирикалық (қолданбалы) социологияның маңызды саласын құрайды. Қоғамды эмпирикалық тану процесіне сауалнама және интервью әдісі арқылы фактілер мен материалдар жинау, бақылау және контент - талдау және т. б. енеді.

Социологияның мұндай барлық деңгейлері социологиялық білімнің біртұтас құрылымын түзеді.

Социологияның өзінің категориялық - түсініктік ақпараты болады. Қоғам, әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік қауым, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік топтар және т. б. сияқты әлеуметтік шындықтың негізгі элементтері, яғни әлеуметтік ғылымның санаттарының әрқайсысы "тап", "халық", "ұлт", "отбасы", сияқты түсініктермен беріледі. "Әлеуметтік", "әлеуметтілік'' терминдерінің мәні кең мағынада - бір-бірімен жан-жақты байланысын білдіретін адамдардың өзара әсері мен бірігу формаларының барлық тәсілдерінің жиынтығы ретінде, тар мағынада-қатынастың белгілі бір типі ретінде түсініледі. Мұнда ғалымдар "әлеуметтік" сөзінің мәні «әлеуметтік қатынас» ұғымынан кеңірек екеніне айрықша мән береді, себебі оның мазмұнына сондай-ақ әлеуметтік құрылыс, әлеуметтік институттар, әлеуметтік нормалар және т. б. кіреді.

Осылайша, социология қоғамдағының бәрін түгел зерттемейді, тек әлеуметтік мәні барын ғана зерттейді. Сонымен бірге осыған байланысты социология қоғамдық организмнің, қоғамдық өмірдің тұтастығы туралы ғылым. Әлеуметтік өмірдің ортасында адамдар мен олардың бірлестігінің әрекеті мен өзара әсері болғандықтан социология, ең алдымен, "өзі секілділердің ортасында өмір сүретін адамдардың мінез-құлығы туралы ғылым "(П. Сорокин) .

Әлеуметтік шындықты зерттеу үшін социологияның "әлеуметтік процесс атты санатының мазмұнын да түсіндіру қажет. Социологияда әлеуметтік процесс әлеуметтік жүйе мен оның құрамындағы элементтердің, кез-келген әлеуметтік нысанның кезекті ауысымы не қозғалысы ретінде ұғынылады.

Әлеуметтік процесстердің төмендегідей типтері бар:

  • субъектіні сапалық күйге келтіретін, оның негізгі қызметтерінің орыңдалуын қамтамасыз ететін функционалды түрі; әлеуметтік объектінің қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін дисфункционалды түрі; объектінің(нысанның) жаңа сапалық күйге ауысуын білдіретін дамыған түрі (даму прогрессивті не регрессивті, эволюциялы не революциялы болуы мүмкін) . экономика саласында және басқа әлеуметтік - мәдени, әлеуметтік-саяси процестерді басқаруға себепші болатын базалық, яғни әлеуметтік-экономикалық және жеке әлеуметтік түрі.

Жалпы типология талдаудың әр түрлі деңгейлеріне: адамзат, қоғам, тап, ұйым, шағын топқа қарай нақтыланады.

Кез келген ғылым сияқты социология әр түрлі қызмет атқарады, олардың ішінде, алдымен, мыналарды атап өту қажет дейді: теориялық, танымдық, сипаттамалық, практикалық, ақпараттық, дүниетанымдық, болжамдық, сындарлық, реттеушілік және т. б.

Мұндай қызметтермен бірге социологтар қоғам мен қоғамдыққа тынастарды ғылыми зерттеуге қолданатын тәсілдерді атау қажет: демографиялық, психологиялық, ұжымдық, интеракционды, мәдениет танушылық.

Демографиялық тәсіл қоғамды туу, өлу және халықтың көші-қоны тұрғысынан сипаттайды.

Психологиялық тәсіл адамдардың мінез-құлығын түрткілер, ойлар, әлеуметтік мақсаттарын аша отырып түсіндіреді.

Ұжымдық тәсіл топтар мен ұжымдарды зерттеуге қолданылады.

Интеракционды (ағыл. inter - байланыс бұл жерде: өзара байланыс, өзара әрекет) тәсіл қоғамдық өмірді адамзат арақатынасының жүйесі - ретінде зерттейді.

Мәдениеттанушылық тәсіл мінез-құлықты мәдениеттің қоғамдық нормасы мен құндылығы сияқты элементтерімен байланыстыра талдайды.

Осылайша, социология - социомәдени жүйені тұтастықта зерттейтін ғылым. Барлық социомәдениет - адам туындысы, сондықтан "Жеке тұлға - қоғам-мәдениет" - бұл бөлінбес үштік, осы үш қырлы призманың арасынан социология барлық мәселелерді шешеді" (П. Сорокин) .

3. Қоғам, оның мәні мен типологиясы

"Қоғам" термині әр түрлі мәнге ие, сондыктан көптеген тәсіл арқылы топтастырылады. Бұл - өте кең және икемді ұғым, ол ерекше әлеуметтік құрылымды да, мәдени-тарихи және саяси жүйені де, бір мүддеге біріккен адамдарды да және т. б. біддіруі мүмкін. Тар мағынада алғаңда қоғам - құрылымдық және генетикалық тұрғыдағы: а) қатынас типі (тек, түр, т. б. ) немесе ә) белгілі бір тұтастықтың салыстырмалы түрде алғандағы дербес элементі (аспектісі, сәті) .

Қоғам кез келген тарихи дәуірге, кез келген санды топқа немесе адамдардың кез келген бірлестігіне қатысты. Адамның қоғамда өмір сүретіндігін сезіну әлеуметтік ғылымдардың ұзақ уақыт дамуы процесінде өтті. Антикалық дәуірде адам тұрмысы мемлекетпен теңестірілді, сондықтан Аристотель үшін адам дегеніміз - "саяси жануар", ол саяси қатынастар - қатынастың ең жоғары типі. Аристотель әлеуметтік байланыстардың басқа да құрылымдарына назар аударады. Мысалы, ол достық қатынас туралы оның (достықтың) достасқан адамдар арасындағы жоғары игілікке негізделген өзара қатынастың жоғары түрі дейді. Ол достықтың пайдаға негізделген не қанағатқа негізделген болуы мүмкін екенін атап көрсетеді. Бұдан байқағанымыздай, Аристотель отбасылық (туыстық) және мемлекеттік байланыстарды достықтың ерекше түрі деп бағалайды.

Достықтың мұндай түрінде, Аристотелыне, табиғи құқық қалай жүзеге аспақ, өйткені достық сол заттарға және әділқазылық сияқты сол адамдардың арасында болады, өйткені әділет пен достық барлық қауымдастықта болады: достық-бірдей еркін және осы мағынада бір-біріне тең адамдар арасындағы байланыс.

Жаңа кезеңнің әлеуметтік қағидаларында қоғам мемлекетпен теңестірілді, соңдықтан осы уақыт оқымыстылары (Гоббс, Локк, Дидро және т. б. ) "табиғи күй", "бәріне қарсы бәрінің соғысы" туралы айтады, одан шығудың жолы - қоғамдық келісім шарт (яғни азаматтардың өзінің арасындағы келісім), ал оны сақтаудың кепілі -мемлекет.

Адамзат идеясы ретіндегі тамырын тарихи дамудан алған қоғам идеясы И. Кантта уақыт кеңістігіндегі адамзатты тәрбиелеу процесі ретінде көрінеді. Гегель адамзат қоғамын жеке (мүліктік және т. б. ) мүдделер аясы ретінде мемлекеттен бөледі.

Қоғам дамуының заңды және прогрессивгі сипаты туралы Конттың көзқарасы қызығушылық тудырады. Оның ойынша, қоғам өз дамуыңда биологиялық, сондай-ақ астрономиялық заңдарға, яғни космос зандарына, аспан денелері мен планеталар қозғалысына сүйенеді. Ол сондай-ақ қоғам дамуына климат пен халықтың нәсілдік құрамының әсері туралы да жазды. Бірақ, Конттың пікірінше, қоғам дамуына басты әсер ететін - сананың дамуы ретіндегі интелектуалды эволюция. Позитивизмнің негізін қалаушы О. Конттың әлеуметтік мәселелерді шешудегі негізгі бабы - адам санасының алғашқылығы және оның қоғам дамуына шешуші ықпал жасайтындығы. Мұнда ол интелектуалды эвоюлюцияның көрінісі ретінде ғылымға ерекше роль бөледі.

Құрылымның өзгеруі эволюциялық сипатта, "әлеуметтік үндесу" заңына бағына отырып жүреді. "Әлеуметтік үндесу" заңына қайшы келетіңдердің бәрін, мысалы таптық күресті Конт ақылға сыйымсыз нәрсе деп бағалайды. Ол қоғам дамуындағы әлеуметтік ескірістерді жоққа шығарады. Қоғамдық көріністерге баға берудің жоғары формасы "Махаббат - принцип, тәртіп - негіз және прогресс мақсат" принципіне сүйенді.

О. Конт үшін әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның бірлігі индивид емес, отбасы. Осында, отбасында ғана, адамдар бірлігі үстемдік етеді. Конт қоғамды функционалды жүйе ретінде санады, бұл жүйеге отбасы, топтар, мемлекет енеді, олар - әлеуметтік организмнің бөліктері және өз қызметтерін атқарады. Мысалы, Контта саяси басқару дегеніміз - оның көп қызметінің бірі ғана және ең негізгісі болғанына қарамастан, қоғам бірліктерінің бөлінуіне қарсы әрекет етуге бағытталады.

Француз социологы Э. Дюркгейм қоғамды дербестіктен жоғары "ұжымдық санаға" негізделген рухани шындық ретінде қарады. Неміс оқымыстысы М. Вебердің ойынша, қоғам - әлеуметтік әрекеттердің, яғни басқаша адамдарға негізделген әрекеттердің өнімі болып саналатын адамдардың өзара әрекеті. Американдық социолог Т. Парсонста "әлеуметтік әрекеттерді" қолдады, ол қоғамды байланыстырушы бастама нормалар, құндылықтар және т. б. болып саналатын жүйе деп санады.

Егер, мысалы, Маркстік дәстүрді қолданып, қоғамның өзінің экономикалық ресурстарын қолданатынын және басқаратынын ескере отырып топтастырсақ, қоғам құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік (кеңестік), коммунистік болып бөлінеді.

Егер дінді басшылыққа алып топтастырсақ, онда оны: мұсылмандық, христиандық, және т. б. қоғам деп бөлеміз.

Қазіргі социология барлық типологияны бір синтетикалық үлгіге біріктіре отырып қолданады. Оның авторы ретінде американдық социолог Даниел Беллды (1919ж. туған) санайды. Ол бүкіләлемдік тарихты үш сатыға бөледі: индустрияға дейінгі, индустриалды және постиндустриалды (лат. industria - әрекет; мұнда; өндіріс) .

Индустрияға дейінгі қоғам үшін дамудың шешуші факторы ретінде ауыл шаруашылығы алынады, сондықтан оны аграрлы қоғам деп те атайды.

Индустриалды қоғамда дамудың негізгі факторы - басында корпорациясы не фирмасы бар өңдіріс.

Постиндустриалды қоғам жоғары технологияны, теориялық білімді сипаттайды. Жеке меншік әлеуметтік теңсіздіктің белгісі ретінде өз мәнін жояды. Шешуші фактор білім және білім беру деңгейі болып саналады, соңдықтан бұл қоғамды ақпараттық деп те атайды.

Қоғамның қазіргі синтетикалық үлгісі конвергенция (лат. convergo - жақындаймын, ұқсаймын) процесін ескереді, адамзат қоғамының дамуы барысында экономикалық, саяси, мәдени, идеологиялық және т. б. айырмашылықтар біртіндеп жойылып, ұқсастықтары арта түседі.

Бұл процестерді өз кезегінде американдық социологияның негізін қалаушы түбі ресейлік ғалым Питирим Сорокин (1889-1968) көріп, сипаттап жазған. Конвергенция теориясын жасай отырып, П. Сорокин адамзат өзінің әлеуметтік дамуы барысында капитализмнің бұлыңғыр жақтарын да, кеңестік жүйеден алған тоталитаризм де жеңеді. Конвергенцияның негізі құндылықтар, құқық, саяси, өнер, уақыт, ғылым жүйелерінің жақындығы болып саналады деп есептейді ғалым. Ақырында конвергенция интегралды социомәдени типтің қалыптасуына әсер етеді, қоғамның бұл типі көптеген жағымды құндылықтарды біріктіреді және әр типтегі айтулы ақаулардан арылтады (П. Сорокин) .

Жерде берік те ұзақ бейбітшілік болуы мүмкіндігіне сенген П. Сорокиннің идеялары бүгінгі күні де көкейтесті болып отыр. Өзінің «Соғыс себептері және бейбітшілік шарттары» атты еңбегінде ол төмендегідей шарттарды ұсынады:

  1. қазіргі мәдени құңдылықтардың көбін негізгі түрде қайта қарау және қайта бағалау;
  2. барлық мемлекеттерге, халықтарға және қоғамдық топтарға барлығын айырмашылықсыз біріктіретін негізгі нормалар мен құндылықтар жүйесін шын мәнінде тарату және енгізу;
  3. соғыс пен бейбітшілікке қатысты барлық мемлекеттердің егемендігіне шектеу қою;
  4. барлық мемлекеттік кикілжіндерді шешуге міндеттеу және мәжбүрлеу құқығы бар жоғары халықаралық үкімет мекемесі.

П. Сорокин адамзаттың басты тарихи міндеті шындықты, әсемдік пен қайырымды шектеусіз жасау, жинақтау және жетілдіру болып саналады деп есептеді.

Социологиялық әдебиеттерде қоғамды ерігі мен санасымен ерекшеленетін, белгілі бір мүдде мен көңіл-күйінің әсерімен әрекет жасайтын адамдардың тарихи дамуының жиынтығы ретінде қарау туралы көзқарас кеңінен тараған. Адамдардың мүддесі мен қажеттіліктері әр түрлі болуына байланысты адам оны қанағаттандыруға өмір бойы ұмтылады, сондықтан қоғам өмірі тоқтап қалмайды, керісінше үнемі өзгеріп, дамып отырады.

Кез келген қоғамды түсіну, оны сипаттау оған тән құндылықтар жүйесіне ену арқылы ғана мүмкін болады. Әлеуметтік құндылықтар жетуге тиісті мақсаттар бойынша қоғам не әлеуметтік топтар бөлген пікірлер мен осы мақсатқа жеткізетін негізгі жолдар мен құралдар. Әлеуметтік құндылықтар сол қоғамға тән салт, дәстүр, әдет-ғұрыптың әсерінің нәтижесінде қалыптасады.

Дәстүр дегеніміз - жиі қайталанатын сол қоғам үшін мінез-құлықтың басым muni, белгілі мағынада - типтік болып саналатын құбылыс. Қатаң мағынада алғанда дәстүр туралы тек ол автоматты, уақыт бойынша кенеттен берілсе ғана айтуға болады. Дәстүр -алдыңғылардан қалған мәдени мұра.

Осылайша, дәстүр белгілі бір қауым-отбасы, әлеуметтік қабат, тап, қоғамдық ұйым не партия, берілген ел азаматтары шеңберінде ұзақ уақыт бойы берілетін ұйымдасқан көптеген идеялар мен мінез-құлықтар ретінде анықталуы мүмкін. Мысалы, кейбір ұлттық психологияға байланысты - мемлекет пен заң алдында тағзым ету (Германия), заң мен элита алдында тағзым ету(Англия), жеке тұлға мен үкіметті және элитаны қарсы қою (Франция) сияқты жалпы халықтық дәстүрлер де бар. Мұндай дәстүрлер көбінесе әр түрлі елдердің (Англия, Германия, Жапония) қоғамдық құрылысындағы ұлттық ерекшеліктерді анықтайтын экономика саласында (индустрализм, сауда, қаржы) көрінеді.

Кез келген дәстүр жеке тұлғаға байланысты болса да, адамның жақсыз сақтайтын әрекетінің практикасы мен формасы салт болып есептеледі.

Әдет-ғұрып дегеніміз - моральдік мәні бар салт. Бұл санатқа берілген қоғамда болатын және адамгершілік бағамнан жоққа шығаруы мүмкін адамдардың мінез-құлық формалары енеді.

Әдет-ғұрып - бүкіл қоғам мүшелері не оның жекеленген әлеуметтік топтары өзіне рұқсат ететін не тыйым салатын әрекеттерін тіркейтін түсінік. Әдет-ғұрып - адамдар басшылыққа алатын мінез-құлық нормасы мен эталоны. Әдет-ғұрыптардың жиынтығы әлеуметтік қауымның адамгершілік қасиеттерімен байланысты. Әрбір қоғам белгілі бір әдет-ғұрыпқа өз бағасын беріп отырған. Әлеуметтік нормалар - берілген қоғамдағы әлеуметтік топтағы рұқсат етілетін мінез-құлық өлшемі.

Әдет-ғұрыптың ерекше формасы табу болып саналады. Табу - белгілі бір әрекетке, сөзге, затқа салынған тыйым. Әсіресе ол дәстүрлі қоғамда таратылады. Табудың алғашқыларының бірі қан алмастыру, қаныпезерлік, моланы ашу және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Социология пәні және оның нысаны
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Зерттеудің деңгейі
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы)
Әлеуметтану бойынша сұрақтар
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Әлеуметтанудың құрылымы мен атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz