Шетелдік ғалымдардың қазақтың демографиялық ахуалы жайлы пікірлері



Жоспар
1. Шетелдік ғалымдардың қазақтың демографиялық ахуалы жайлы пікірлері
2. Қазақстандағы демографиялық детерминизм
3. Қазақстандағы түркілер отаршылдардан көп бола ала ма?
4. Бернштамның болжамдары

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Шетелдік ғалымдардың қазақтың демографиялық ахуалы жайлы
пікірлері
2. Қазақстандағы демографиялық детерминизм
3. Қазақстандағы түркілер отаршылдардан көп бола ала ма?
4. Бернштамның болжамдары

Шетелдік ғалымдардың қазақтың демографиялық ахуалы жайлы
пікірлері...

Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақ зиялыларына ұлтшылсыздар
деген сылтаумен қысым жасау әрекеттінің бір көрінісі сол
кезде қаһарлы әлі қайтпай тұрған КГБ-нің нұсқауымен
жазылған Мардамсудың зардабы (Цена самолюбования) деген атпен
Т.Есілбаевтың мақаласының СОКП Орталық Комитетінің органы
Правда газетінде жарияланғаны баршамызға белгілі. Партократиялық,
облыстық, тіптен аудандық газеттерде қазақ және орыс
тілдерінде бірдей басылып шықты. Сол аты шулы мақалада
осы кітаптың авторы демограф-ғалым Мақаш Тәтімов ең басты
кітаптың кейіпкер ретінде суреттелген. Есілбаевтың есесінен
(Есильбаевский эффект) деген социологияда ғылыми жаңа термин
пайда болды, қалың оқырмандардың арасында демография
деген құдіретті күшті ғылымға қызығушылық одан әрі
артты. Осыдан кейін Қазақстанның күрделі ұлттық
этнодемографиясына және одна жүріп жатқан заңды үрдістерге
жаңашырлықпен қараау және даму барысын қадағалау әлем
деңгейіне көтерілді десек артық айтқан болмас еді. Соның
бір мысалы, атышулы мақала жарық көрген соң тура алты-
ақ күннен кейін дүниежүзіне ең белгілі екі бірдей
радиостанциялар Европа дауысы және Либерта (Азаттық) тағы
да Қазақстан баяғы Мазақстан болып қала бере ме, әлде
түбінде ол қайта қазақтың өз еліне айнала ма деген
мағынада хабар жариялады. Ол мақаланы авторға 1988 жылдың
күзінде Францияда Қазақстанның күндері өткен кезде
Париждегі Шығыс тілдері мен мәдениеті, институтының
директоры, белгілі географ, процессор Джан Радвани табыс
етті. Оның мағынасын соңғы кезге дейін, партократия мен КГБ
күйрегенше тіптен мүмкін болмады. Төменде мақаланың ағылшын
тілінен қысқартылып тәржімеленген нұсқасын сол күйінде
келтіріп отырмыз.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНИЗМ

1988 жылдың күзінде Казахстанская правда газетіне осындай
тақырыппен көпшілікке арналған О чем не выдали обществоведы
деген ғылыми мақала әзірленді. Ондағы мақсат ұлттық республиканың
шыққан этнодемографиялық тегіне балта шапқан Қазақстандағы
қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу
еді. Бірақ оның орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында
газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырыппен партия
тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің
қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құбан болғандардың
саны әдейі екі еседей азайтылып көрсетілді. Былайша
айтқанда орталық партократия өкілінің қазақ халқының
алдындағы ауыр, кешірілмес күнәсін екі еседен артық
жеңілдетті деген сөз.
Мұндай үлкен ғылыми оғаштықты СОКП тарихшылары
демографиялық зерттеу әдісін білмегендіктен ғана жіберген деу
шындыққа жанаспайды. Себебі, олар бұдан да, қазіргі
кезеңнің өзінде де Қазақстандағы ашаршылық жылдарында 2,5
миллион адамның (оның 2,3 миллионы тек қазақтар) жазықсыздан
жазықсыз қырылуына себепкер болған сол кездегі ВКП (б)-ның
өлкелік партия ұйымы мен Орталық Комитеттің кінәсін
енді жасыра алмаса да, қалайда жеңілдетуге тырысып келген
болатын. Тіпті, партия тарихшылары ғылыми-санақ (статистика)
есебін айлакерлікпен әдейі бұрмалап, әміршілдікпен асығыс
жүргізілген саяси-әлеуметтік науқан кезіндегі адам шығынын
екі есе төмендетіп көрсетуге тырысты. Олар жариялыққа
дейін де осындай партия жолын дәріптеуге әбден машықтанған
қолжаулық ғалымдар тобын құрады.
Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілердің (Ә.Ғалиев,
Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б.) арқасында көптеген архив деректері
табылды. Ол деректер бойынша біздің бұрынғы ғылыми
демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1927 жылғы болжам
бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл-село халқының саны 4,2
миллион адам болуға тиісті еді. Ал 1933 жыдың ортасында
жүргізген ресми санаққа республика басшылары қанша қосып жазуға
тырысып, өлген адамдардың санын азайтқысы келгенімен,
ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1,5 миллионнан
асыра алмады. Жоғарыда айтылған қылмыстың кісірінен құрбан
болғандардың санын есептік зерттеуші ғалымдарымыз 1,1-1,2
миллион адам деп анықтаманы төмендетіп берді. Өкінішке орай осы
деректердің өзі бастапқыда бүркемеленіп келеді де, кейіннен
темір сандыққа салынып тасталды. Қазақстанда ашаршылықтан 2,5
миллион адам өлді деген дерек шындыққа өте жақындайды.
Өйткені бұл деректер зұлматтың беті ашылып, қателікті және
зардаптарын тез арада түзеу керек деген ақ ниет жеңген
кезде жиналды.
Сұрапыл саяси нәубетке сәулесін түсіре бастаған 1937
жылғы құпия халық санағы байқаусызда жіберілген қателік деп
табылды. Кейіннен, 50 жел дерлік өткен соң ғана ол баспасөз
беттерінде ашық жарияланды. Ол туралы ашық айту сол кездері
Кремльдегі партия көсемдерінен қарсы ұйымдастырылған шабуыл
болып шығар еді. Оның деректері де біздерге бүгінгі күні
жетіп отыр.
1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының
санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық
төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады. 1926-1937
жылдар аралығында қазақтар - 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін,
украиндар - 860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар – 63,4
мыңнан 33,4 мыңға дейін, өзбектер – 129,4 мыңнан 110,0 мыңға
дейін кеміп кетті. Олар осы он жыл аралығында барлық жиыны
1,816,2 мың адамын жоғалтқан, 15-17% өсудің орнына 40%-ке
кеміп отырған. Барлық жиыны 55-57% азайған. Тіпті, осынау
апатты жылдардағы халықтың өсімін қоса есептегеннің өзінде
бұл төрт ұлттың тең жартысы келмеске кетіпті. Ал, қалған
украиндар мен өзбектердің және ұйғырлардың бірқатары не
Сібірге, не Орта Азияға, не Қытайға көшіп кеткен.
Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар,
белорусь), олар ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған Қазақстан
жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, бұрынғы олқылықтарының
орнын толтырып қана қоймай, келімсектердің саны онан сайын
қаулап өте түсті. Алайда, біздің қоғамтанушы ғалымдарымыз күні
бүгінге дейін орталықтың ерікті коллективтендіру, жедел
индустрияландыру саясатының кесірінен Қазақстанның байырғы
халқының мүлдем азшылыққа айналғандығын түсінгілері келмейді.
Егер жоғарыда аталған алғашқы төрт ұлт қаншама қарсылық
көрсеткенімен бірден азайтып кетсе, басқа жаққа қоныстануға
бейім соңғы төрт ұлт керісінше күрт көбейген. 1926 жыл мен
1939 жылғы халық санағының аралығында орыстар - 1,275,1 мыңнан
2,449,1 мыңға дейін, немістер – 51,1 мыңнан 92,4 мыңға дейін,
татарлар - 79,8 мыңнан 106,9 мыңға дейін, корейлер (кәрістер) –
0,1 мыңнан 95,5 мыңға дейін өскен. Осы он екі жыл ішінде
олардың жалпы өсімі 1,338,2 мың адамға, немесе 95%-ке артқан.
Салыстырып байқағанымызда, бір халықтардың 55-57%-ке күрт
кемігені, оған керісінше енді бір халықтардың 80-83%-ке өсе
түскені көрінеді. Міне, осы бір қарама-қайшылықтың өзінен-ақ
жергілікті тұрғындардың демографиялық жағдайы қандай күйге
түскені айна қатесіз көрініп тұрған жоқ па?
Сталин мен Голощекин бір халықты қырып-жойып құрту арқылы
екінші халықтың өркендеуіне ашықтан-ашық жол ашты. Соның нақты
бір мысалы, қазақтың малын конфискелеп, бүкіл Орта Азияны
отырықшы тұрақты егіс алқабына айналдыру болып табылады.
Немесе үшінші бір халықтарды қалалы жерлерге шоғырландырды.
Сөйтіп, ауыр индустрияны жеделдете дамытудың салдарынан
ұлттардың бір-бірімен жақындасқаны сондай, қазақ ұлты
жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тартып алынған малы ірі өндіріс
орындарына жіберіліп, аға халықтың бесжылдықтың балғасын
солқылдата соғуы үшін құрбанға шалынған, ал қазақтардың өзі
қырғынға ұшыраған.
1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген конфискелеу,
коллективтендіру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде
жер аударылғандар мен соғыс кезінде көшіп келгендер, тың
игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын
өрескел бұрмалауға әкеліп соқтырды. Егер республикасыздағы ең
көп екі ұлт – орыс пен қазақтың ара салмағын салыстырар
болсақ, орталықтың күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала
түседі. Тек 1926-1959 жылдарғы ғана қазақтардың саны 58,7%
-тен, 29,8%-ке құлдыраса, орыстардың саны 20,5%-тен 42,7%-ке бір-ақ
көтерілген. Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын
байқауға болады емес пе?
Сөйтіп, қазақтар ұлттық белгісі жағынан және Қазақстанның
ұлттық құрамы жағынан бұрынғы КСРО-ның Орта Азиядағы одақтас
республикалардың бірі емес, Ресейдің федеративтік құрамындағы
автономиялық республикалармен бірдей дәрежеде ғана болып қалды.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы
Қазақстандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп,
оған кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды.
Республикамыздағы 1931-33 жылдардағы зұлматқа нақты саяси
баға беру үшін бұл комиссияның құрамы білікті тарихшылар
мен демографтар, заңгерлер және саясатшылармен толықтырылды.
Сөйтіп, Голощекиннің қырғынынан құрбан болған жазықсыз
жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүмкіндігі енді ғана
туды. 1992 мешін жылының 31 мамырында жолсыз қырғынға
ұшыраған бейкүнә жандарды еске алудың қаралы күні белгіленіп,
ол жыл сайын атап өтіледі.
Қорыта келгенде бірқатар қоғамтанушы ғалымдарымыз голощекиндік
геноцид-әміршіл зұлматтың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ
халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни санға
тәуелділік жағдайында қалып қойғанын өз мақалаларында дұрыс
ұғына алмаған. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, дертті
жазбайынша қазақты ұрпаққа шығара алмаймыз. Қазақстан
республикасының жан-жақты дамуы демографиялық детерминизм
жағдайында тұр.

Қазақстандағы түркілер отаршылдардан
көп бола ала ма?

Правда өзінің биылғы 11 ақпандағы санында қазақстан
баспасөзін интернационалдық тәрбие мен идеологиялық жұмыста
жіберген үлкен қателіктері үшін қатал сынға алған. Мақалада
бұл кемшіліктер, әсіресе Алматыдағы желтоқсан оқиғалары болған
екі күнде, атап айтқанда, ұлты қазақ Д.Қонаевтың орнынан
түсіріліп, оның орнына орталықтан орыс ұлтты Г.Колбиннің
келуі кезінде күшті байқалды. Правданың арнаулы тілшісі сол
үшін бірнеше газет пен журналдарды, жергілікті тіл,
мәдениетті мадақтағаны үшін желтоқсан айындағы сандарын әбден
сынап-мінеп шыққан. Әңгімеге негізгі арқау болған алдағы
халық санағына арналған қазақ тілінде жазылған екі бірдей
ғылыми мақала еді. Бұл зерттеулерде 1962 жылы ғана небәрі
29 процент құрайтын қазақтар, алдағы 2000 жылдардың басында
50 процентке тақалады деп тұжырымдалған. Олардың осы үлес
салмағы Европадан шыққан тұрғындардың баяу табиғи өсімі
нәтижесінде алыс болашақта тіптен 65-70 процентке дейін
көтеріле алады деп ғылыми көрегенділікпен батыл болжанған.
Бұл жедел үрдіс негізінде жергілікті халықтың жылдам қамтамасыз
етілетінін зерделі зерттеуші жасырмай, анық айтқан көрінеді.
Осының бәрі қызғаныш туғызып, жаңа басшылық Правда
газетінде мұндай мақалалар интернационалдық тәрбиеге септігін
тигізбейді деп айып таққан.
Қазақстанның ұлттық құрамы туралы бұл қиын мәселе бүгінде
республикалық Компартия Орталық Комитетінің бірінші
хатшылығына жоғарыдан жіберілген орыс тағайындалған кезде
ерекше маңызға ие болып тұрса керек. Осылайша ұзақ жылдар бойы
партия басшылығында Қонаев қызмет еткенде, қазақ
өкілдерінің басқармада тым көп болуын тез жойып, олардың
орнына орыстарды және басқа ұлт өкілдерін көбейтуге әрекет
жасады. Өйткені өткен 1979 жылға санақта орыстар қазақтардан
біршама көп болған еді, ал ғылыми тұжырым мен болжам
бойынша олай болмай шықты. Бұл жағдай жаңа тағайындалған
жоғарғы басшылықтың ашу-ызасын тудырды.
Қазақстан күні бүгінге дейін, ұзақ уақыт бойы орыстардың
саны жергілікті ұлттың санынан басым бірден-бір республика
болып қалуда. Осындай тым әділетсіз жағдай отызыншы жылдардың
ортасында коммунистік режимнің зорлығымен қалыптасқаны славян
эмигранттарын қаптата жіберуден және бәрінен бұрынғы
Кеңестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының зерттелуі
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіндегі демографияның орны
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Қазақстанның экономикалық аймақтары және олардың басылым беттерінде жарық көруі
Шетелдегі түрік диаспорасының қалыптасу тарихы
Пәндер