Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Кінәнің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

II.тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

III.тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.3. Қате және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Кінәнің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Қасақаналық және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..12
1.3. Абайсыздық және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..19

II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық
қағидат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
3.1. Екі нысанды кінәнің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .41
3.2. Қылмыстың себебі мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..43
3.3. Қате және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..57

Кіріспе
Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан
туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар
ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық
іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар
мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін
жүргізу принциптерінің мәні мынада: "оларды бұзу олардың сипаты мен мәніне
қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс
жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған
материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады"1. 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі
принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін
ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады.
Бұл ретте сот төрелігі принциптердің соттар туралы заңдардың қалыптасуында,
адам және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын
айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз: "адамның
кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған
қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі2.
Кінәсіздік презумпциясы (презумпция - лат. "ргаеsumptіо" сөзінен алынған
1. ықтималдыққа негізделген жорамал; 2. кері дәлел келтіргенге дейін
фактіні заң тұрғысынан шек келтірмейтін деп тану) адамның кінәлі екені сот
арқылы анықталғанға дейін оның кінәсіз деп саналатынын білдіреді.
Ю. И. Стецовский мен А. М. Лариннің дәлелдеуінше, кінәсіздік преумпциясы -
қылмыстық сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің
барлық түрлеріне қатысты жалпы құқықтық принцип3.
Кінәсіздік презумпциясы өте ерте заманнан бері қолданылып келеді. Ол
__________________________
1ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы". Б.Қ.Төлеубекова. Алматы, 2000 162-167 б.
2ҚР Конституциялық құқығы" 106 бет.
3Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы". А.Қ.Мұхтарова. Алматы,1999 ж
Ежелгі Грекия, Ежелгі Франк, Рим мемлекеттерінің қүқықтық заңдарында
кездеседі. Бірақ, олардың жүзеге асырылу нысаны қазіргі кезге қарағанда
өзгеше. Мысалы, ертедегі кезде адвокаттар болмаған. Сот қызметкерлері немес
айыпталушы шығьш сөйлейтін, сондай-ақ, олардың туыстары да сөйлей алатын.
Сотта сөйлейтін сөздерін оларға заңгерлер жазып береді. Жазылған сөзді
жаттап альш, жылдам әрі дұрыс айту шарт еді. Яғни, айыпталушы өзінің
кінәсіз екенін сот алдында өзі дәлелдеуге тиіс. Бұл Ежелгі Грекияда жүзеге
асырылатын. Ертедегі адамдар өз кінәсін белгілі бір сынаудан өту арқылы
дәлелдейтін болған. Мысалы, сумен сынап көру. Ежелгі Франк мемлекетінде
айыпталған адамның аяқ-қолын байлап, оны судан шығарып, кінәсіз деп соттан
босататын. Су кінәлі адамды өзіне алмайды деген бұрынғыдан келе жатқан ұғым
болған. Ертедегі адам құқығының жүзеге асырылуының тағы бір ерекшелігі, ол
кездерде тергеу, анықтау органдары болмаған. Сондықтан да айыпталушы өзін
ақтап шығап, соттың үкімімен босатылатын және оны ешкім де кінәлі деп
тануға құқығы болмады.
XIX ғасырда құқық саласының дамуы өз өрісін кеңейтті. Жаңа заңдар,
нормативтік актілер қабылданды. әсіресе Қылмыстық Кодексте кінәсіздік
презумпциясына байланысты баптар енгізілді. Мысалы, Францияның 1810 жылғы
Қылмыстық Кодексінің 4-ші бабында "Жасалғаны заңмен анықталғанға дейін
бірде- бір тәртіп бұзушылық, бірде-бір жаза болу, бірде-бір қылмыс
жазаланбайды.
Франция Республикасының Конституциясында (1795 жылы 22 тамыз Адам және
азаматтардың құқығы мен міндеттерінің декларациясы) заңдардың қағидалары
тыңдалмағанға дейін ешкім де сотталмайды1 делінген. Осылайша адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғам дамыған сайын тереңдей түсті.
Кінәсіздік презумпциясының түсінігі, мәні, құқықтық негізі екінші
бөлімде баяндалып, негізгі бөлімнің екінші тарауында бастауы ретінде
тақырыпқа түсінік беруі, оның амаңыздылығын ашады, ерекшелігін, құқық
_____________________
1ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы" Б.Қ. Төлеубекова 162-167 б.б.
саласында қолданылуын баяндайды. Бұл бөлімде кінәсіздік презумпциясының
жүзеге асырылуы мен оны бақылайтын, сот органы туралы айтылады.
Тақырыптың маңыздылығы алға қойылған мақсаттарынан көрінеді, ол оның
ғасырлар бойы өз мәнін жоймай келе жатқан кінәлі болу мен кінәсіздіктің ара
– жігін ажырату, сол арқылы қылмыскердің жауаптылығын, қылмыстың құрамын
анықтау, қылмыстық іс жүргізуде жүйелілік пен бірізділікті қалыптастыру
мәселесін саралай отырып ғалымдардың ой пікірлерін ортаға сала отырып
талқылай келе ұтымды, үшқыр ойларға таңдау жасау болып табылады.
Негізгі мақсат - ерте кезден бастап дамып келе жатқан кінәсіздік
презумпциясы принципімен кінәлі болудың кемшіліктері мен жетістіктерін
айқындап, ашып беру.
Бұл диплом жұмыс үш бөлімнен тұрады. I-тарау. Кінә ұғымы және оның
нысандары. II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және
мәні. III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі
мен мақсаты. Аталмыш тараулар өзіндік нысананы басшылыққа ала отырып,
бөлімдерге бөліну арқылы сипатталады.
Бұл жұмысты жазу барысында мен көптеген ғалымдардың еңбектерін, оқу
әдебиеттері мен құралдарын, заңдарды қарастырдым. Әдебиеттер тізімі
жұмыстың соңында көрсетілді.

I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары.

1.1. Кінәнің түсінігі
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық
қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті
байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен құралдары),
субъективті жағы оның ішкі (обьективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл
қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және
мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы.
Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстың
кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның
сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар
субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы
қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.
Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін
білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік және
еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліну шартты түрде ғана
екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін
ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз
бірлігімен ғана адамның психикасы тірі. Қылмыстың, тұтас алғанда,
субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы мен
мазмұнын анықтау үшін, психиканы құрастырушы элементтерге көңіл аудару
пайдалы ғана емес, қажет те.
Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілердің әрқайсысы қылмыстың
психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы,
кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекетіне
немесе әрекетсіздігіне) және оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы
салдарына психикалық қатынасы. Кінә - қылмыстың субъективті жағының, тіпті
оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі. Қасақана сияқты, абайсыз кінәні де
құрастыру кезінде заң шығарушы психиканың екі-ақ - интеллектуалдық және
еркіне қарай эдементтерің пайдаланады. Қасақаналық пен абайсыздықтың
қылмыстық-құқықтық сипаты үшін психикалық процестердің сезімдік мазмұны
есепке алынбайды. Керісінше, қылмыстық іс-әрекеттің қоздырушы себебі және
субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстың сылтауында қылмыс
жасаушы тұлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің
таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы тұлғаның сезімінің күйі
(мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ астынан пайда болған жан
күйзелісі), дербес қылмыстық-құқықық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-
бабы). Қылмыстың мақсаты, кінә сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай
мазмұнымен шектеледі.
Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған
күнде қылмыстың құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл
субъективті жақтың қылмысты істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп
отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі
соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық Қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін
көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз
кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе
әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана
қылмыстық жауапқа тартьшуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті
айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық
қолданылмайтыны атап көрсетіледі.
Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шығарғаны емес, бұл -
адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың
қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткеніндей,
жалған, абстрактілі обьективизімге қарама-қарсы айтылатыны: қылықты
бағалау кезінде ізінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті
түрде ізінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді -
тек соған сүйену керек1.
Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе,
қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне
(әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын
(қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне

_______________________
1Рубинштсйн С.Л. Бытие и сознание. М., 1957. С. 286.
сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын)
соттың оларға байланысты кінәлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе
абайсыздық түріндегі психикалық қатынасын, анықтауынан кейін ғана
айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық-құқықтық
нормаларда құрастыру ерекшеліктерше байланысты).
Қылмыстың мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім
күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері
болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың
ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда
қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері
болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның
тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бұл белгілердің қылмыстық
жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаған жағдайда да, олардың
қылмысты анықтаудағы, қасақана кінә мен абайсыздықты ажыратудағы
мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінәлі
жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу
көзқарасын ұстайды. Оның мағынасына үңілсек, қылмыс жасаған тұлғаның
қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мәселесін шешер кезде тұлғаның өзі
жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті мен әрекетсіздігі) мен оның
салдарына кінәлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті
жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, тұлғаның
қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тегеу мен сот үшін
анықтау және дәлелдеу жұмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық
элементтерінің ішіндегі ең күрделісі – дәл осы субъективті жағы болып
табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне,
тілегіне, сезіміне жол табу, қылмыстың объективті жағын анықтаудан
анағұрлым қиындау. Ішінде не барын кім білсін деген бекер емес шығар.
Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның
салдарына психикалық қатынасының қандай да болмасын түрін анықтауда, оның
себебін, мақсатын, сезімдердің (әдетте осылай болады, көбіне осылай
жасайды деумен дәлелдеиетін) анықтрауда барлығына ортақ тәсіл қолдануға
болмайды және олай болуы мүмкін емес. Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В.Г.
Белнискийдің әр--түрлі адамдардың қылығын бағалау үшін бірдей тәсіл
қолдануға қарсы: Тұлғалар сансыз және алуан түрлі, адам рухының әр-түрлі
жағы сияқты. оның барлық жағының да жасап келе жатқандығы - оның
қажеттілігінен. Сондықтан, біреудің тұлғасын басқаның тұлғасына шақтаудан
асқан әділетсіздік жоқ, ол, бәрі-бір, ешқашан дәл келмейді, бәрі-бір одан
өзгешелігі болады1. Сондықтан, қылмыстың субъективті жағын бағалауға
біркелкі (жеке басқа бейімделмеген) келу, қылмыстық заңды; одан кетіп
қылмыстық істер бойынша әділ сот аясындағы адам құқығын пайдалануда өте
өрескел қателерге соқтыруы мүмкін.
Бұғай дейін айтьшғандай, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті
іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына
психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не
қасақаналық, не абайсыздық. ҚР ҚК-нің 19-бабының 3-бөлімі бойынша қасақана
немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады.
Қасақаналық та, абайсыздық та жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі
психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл - олардың ұқсастығы.
Ал, айырмашылығы — қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық
және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара
қатынасында.
Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақаналық та, абайсыздық та) заң
қолданушыншың (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала
тергеу жұмысын жүргізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа
жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады.
Осыған орай, кінә тек заңдық-психологиялық қана емес, саралаушы да
категория екендігін мойындау керек. 40-шы жылдары кеңестік заң әдебиетінде
кінәлінің өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс әрекеті мен оның қасақаналық және
абайсыздық түріндегі салдарына, соттың санасынан тыс орын алатын психикалық
қатынасы ретіндегі кінә түсінігін, оның (кінәнің) саралаушы деген
түсінігімен теңестіруге әрекет жасалды. Б.С. Утевский кінәні қылмыс
құрамының элементі ретінде,
__________________
1Белинскин В.Г. Избранные филосовские произведения Т. 2. М-, 1948. С. 47.
қасақаналық пен абайсыздық, яғни қылмыс құрамының субективті жағы ретінде
бір жақты тайыз түсінумен қатар, қылмыстық құқықта кінәнің қылмыстық
жауаптылықтың негізі ретіндегі ауқымдырақ түсінігі де бар1 деп санаған.
Б.С. Утевский кінәні қылмыстық жауаптылыкгың негізі ретінде былайша
түсіндіреді, яғни ол соттың көзқарасы бойынша мемлекет атынан теріс
қоғамдық (моральдық-саяси) бағаға лайық және сотталушының қылмыстық
жауаптылығын талап етуші жағдайлар жиынтығы2.
Оның кінәні түсіну туралы мұыдай көзқарасы кеңестік заң басылымдарында
өткір, тіпті күйретуші сынға ұшырады. Оның себептері негізінен идеологиялық
сипатта болды. Авторды кінәні саралау туралы буржуазиялық ғалым-
заңгерлердің ұсынған теорияларын пайдаланғаны үшін айыптады: Алайда, соңғы
кездері кеңестік қылмыстық құқықта кінәні - саралаушы ретінде түсінуді
қатаң шетке шығару басылып, кінәлі жауаптылық қағидасы (яғни кінәні
қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде мойындау) Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінде заңды тұжырымын тапты. Мұны дұрыс деп мойындауға
тиіспіз, себебі, қылмыстық заң, қылмыстық жауаптылықты тұлғаның өзі жасаған
іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрімен
емес тек қана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен ғана
байланыстыруы бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің
қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастың, қоғам мен
мемлекеттің мүдделеріне деген қоғамға қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда)
немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді.
Сондықтан, кінә - тұлғаның қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын
мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінің жасаған қылмысты әрекеті
немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.
Жоғарыда айтылғандай қылмыстық заң, ісәрекетпен оның салдарына кінәлі
психикалық қатынасқа еркіне қарай және интеллектуалдық сәттерді қосады. Дәл
осы сәттердің жиынтығы кінәның мазмұнын құрайды. Аталған сәттердің нақты
_________________________
1Утевский Б.С. Вина в советском уголовном праве. М. 1950, С. 39.
2Утевский Б.С. Вина в советском уголовном праве. М. 1950. С 103.
мазмұны мен ара қатысы бойынша қасқана және абайсызда жасалған қылмыстардың
бір-бірінен айырмашылығы қандай болса, олардың қылмыстық заңда анықталатын
түрлері де тап солай ажыратылады. Интеллектуалдық және еркіне қарай
сәттердің мазмұны мен арақатынасының бұл ерекшеліктері кінәнің түрлерін
құрайды. Қылмыстық кодекс кінәнің қасақаналық және абайсыздық сияқты екі
нысандарын қарастырады (ҚР ҚК-нің 19-бабы 3-ші бөлімі). Қасақаналық,
өз кезегінде, тікелей және жанама, ал, абайсыздық - менмендік және
немқұрайдылық болып бөлінеді.
Кейбір қылмыстарға байланысты, заң шығарушы оларды тек қасақана жасалады
деп анық атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 104-бабы денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық қарастырылады. Қасақана
жасалатын қылмыстардың басқа құрамдарын жасағанда, заң шығарушы оларға
қасақана деген анықтама бермейді. Мысалы, ҚК-тің 106, 107-баптарында ұрып-
соғу, азаптау кездерінде кінәнің түрін атап көрсетпейді. Мұңдай жағдайларда
кінәнің түрін анықтау үшін ҚК-тің 19-бабының 3-ші бөлігін басшылыққа алу
керек. Абайсызда жасалған іс-әрекет ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабы
арқылы арнайы қарастырылған жағдайда ғана қылмыс деп саналады. Сонымен,
Брекше бөлім бабының диспозициясы кінәнің түрін нақты көрсетпесе, осы бапта
қарастырылған қылмыс тек қасақана болады.
Кінәнің қылмыстық-құқықтық мағынасын асыра бағаламасқа болмайды.
Біріншіден, кінәлі жауаптылық. қағидасына сүйене отырып, кінә - қылмысты іс-
әрекетті қылмысты емесінен ажыратушы ретінде маңызды. ҚР. ҚК-нің 19-бабының
2-бөлігіне сәйкес, обективті түрде, яғни кінәсіз зиян келгіргені үшін
қылмыстық жауапталыққа жол берілмейді. Екіншіден, егер заң шығарушыға
жауаптылықты кінәнің түріне қарай ажыратса, кінә- қылмысты саралауға әсер
етеді деген сөз, Мысалы, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 96-бабымен бағаланса,
абайсыздықтан өлімге соқтыру - ҚР ҚК-нің 101-бабымен бағаланады. Кінәнің
түрі сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянның қасақана әлде
абайсыздықтан болуын. (ҚК-тің 103, 111-баптары), ажырататын белгі болып
табылады. Үшіншіден, кінәнің түрлері қылмыстарды заңды негізде саралау
кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарға
қасақана жасалғаны да, абайсыз жасалғаны да жатқызылса, ауыр, аса ауыр
қылмыстар - қатарына тек қасақана жасалғаны ғана жатады (ҚК-тің, 10-б,).
Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар басқа да көптеген
жағдайларда, қасақана және абайсыздық жағдайдағы кінәнің. айырмашылығы
ескеріліп отырады.

1.2. Қасақаналық және оның түрлері.
ҚР ҚК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес қасақаналық тікелей және жанама
болып келеді. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті
зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе
және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалған
деп танылады.
Кінәнің басқа да түрлерімен (қасақаналық және абайсыздық) қатар, тікелей
қасақаналықта тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекетсіздігі)
мен оның салдарына психикалық қатынас ретінде анықтау үшін, заң шығарушы
психиканың интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерінің де мазмұнын
пайдаланады, Қылмысты тікелей қасақаналықпен жасаған кездегі
интеллектуалдық сот - тұлғаның іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық
қауіптілігін саналы түрде түсініп, оның зиянды салдары болуы мүмкін екенін
немесе олардың бәрі-бір болатындығын алдын-ала көріп білуінде. Жасалатын іс-
әректтің қоғамдық қауіпті сипатын сезе білу - оның әрі шынайы, әрі
әлеуметтік сипаттарын түсінгендікті білдіреді. Мысалы, ұрлық кезінде тұлға,
бөтен мүлікті жасырын иеленбекші екендігін жете түсініп отырады, сонымен
қатар, ол өзінің осы қылығы арқылы жәбірленушінің меншіктік құқығын бұзып
отырғандығын да жете түсіне алады. Жасайтын әрекеттің (әрекетсіздіктің)
мағынасын жете түсініп сезу - бұл кінәлінің оның қоғамдық қауіпті сипатын
да түсінуі.
Заң шығарушы интеллсктуалдық, элементі жасалған істің тек қоғамдық
қауіптілігін түсінгендігімен шектеп, кінәлінің өз ісінің заңға қарсы
екендігін түсінуін талап етпейді. Расында, көп тараған қасақана қылмыстар
(кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, талан-таражға салу
және т.б.) әрине, олардың заңға қарсы екендігі түсініле тұра жасалады.
Алайда, заңға қарсылықты түсіну, жалпы ереже бойынша, қылмыстық іске
байланысты дәлелденуге жатпайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, заң шығарушы
Ерекше бөлімнің арнайы құрамын жасау арқылы, кінәлінің өз ісінің қоғамдық
қауіптілігін түсінуін оның заңға қарсы екендігін түсінумен байланыстырады.
Бұл жағдай көбінесе, әр саладағы арнайы ережелерді қылмысты түрде бұзғанда
қолданылады. Мәселен, ҚР ҚК-нің 265-бабының 1-бөлігінде қылмыстық
жауаптылық есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды
өндіру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау,
әкелу. әкету, жөнелту не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекетті аталған
ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, тағайындалады. Субъектінің
бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсіне білгендігі, оның айтылған
заттарды пайдаланудың (мысалы, сақтау және есепке алу) тиісті ережелерін
міндетті түрде білгендігін көрсететіні анық. Ал егерде тұлға бұл
ережелермен таныспаған болса, қасақаналықтың интеллектуалдық сәті жойылады,
демек, кінә - қасақана емес, бұл тұлға қылмысқа жауапты емес.
Зиянды салдардың орын алатындығын алдын-ала көре білу -тұлғаның жасаған
қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде орын алатын
қоғамдық қауіпті салдарды, кінәлінің өзі алдын-ала көре білгендігін
көрсетеді. Заңды тұжырымдамаға сәйкес, тікелей қасақаналық кезінде, алдын-
ала көре білудің сипаты екі жақты болуы мүмкін. Кінәлі тұлға тиісті
қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігін де, сонымен қатар, орын
алмауының мүмкін еместігін де көріп біледі.
Қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігін көре білу - бұл салдардың
белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы да мүмкін екендігін білдіреді.
Олардың болатындығы сөзсіз екендігін көре білу - өзінің тілеген салдарының
болмай қалуы мүмкін әлде бір жағдайлардың кінәлі санасынан мүлдем шығарылып
тасталғандығын білдіреді. Мысалы, дене күші әлдеқайда басым И. өзінің
таныстарымен арақ ішіп отырьш, араларындағы Г.-мен жанжалдасу кезінде оны
14 қабаттағы бөлменің ашық тұрған терезесінен далаға лақтырып жібереді. Бұл
жерде жәбірленушінің сөзсіз өлетіндігін кінәлінің алдын-ала жобалағандығын
кесіп айтуға болатын анық нәрсе. Егер бұл әрекет екінші қабаттың бөлмесінде
жасалса, кінәлі адам қылмысты салдардың болуы мүмкін деп болжар еді.
Заң шығарушы қасақаналықты оның кез келген түрінде (кінанің абайсыз түрі
сияқты) материалдық құрамы бар, яғни объективті жағына қылмыстық салдар
жататын қылмыстарға бейімдей отыра тұжырымдайды. Осыған орай, кінәні
тұлғаға кез келген зияңды салдары алдын-ала көре білгендігі үшін емес,
қылмыстың тиісті құрамының объективті жағының белгілері болып
табылатындарын көре білгендігі үшін артады.
Тікелей қасақаналықтың еркіне қарай сәті қылмысты салдардың орын алуын
тілеуімен сипатталады. Бүл тілек кінәлінің ісінің бір мақсатқа
бағытталғандығын білдіреді. Ол үшін тиісті қылмысгы салдар - оның қоғамдық
қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) саналы, әрі мақсатты түрде көздеген
нәтижесі.
Қорыта келе, тікелей қасақаналықтың мазмұнын қылмыстық құқықтық бағалау
тұрғысынан қарапайым мысалмен көрсетейік. Э. мен О.-нің шекесінен атқанынан
жәбірленуші сол жерде қаза болады. Э. кісі өлтіруді тікелей қасақаналықпен
жасады. Бұл қасақаналықтың интеллектуалдық сәті – кінәлінің өз
әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін, яғни ол әрекеті
жәбірленушіні өлімге әкеліп соқтыратынын алдын-ала түсінгендігінде және
оның өлуі мүмкін немесе сөзсіз екендігін алдын-ала көре білгендігінде. Э.-
нің мылтықпен О.-ны шекесінен атқандығы, - қасақаналықтың еркіне қарай
сәті, жәбірленушінің өлімін тілегендігін дәлелдейді.
Тұлғаның өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін түсіне
біліп, қоғамдық қауіпті салдардың орын алатындығын алдын-ала көре тұрып,
өзі тілемей, бірақ сол қауіпті салдарға саналы түрде жол берген немесе
оларға немқұрайды қараған кезіндегі қасақаналықтың түрі - жанама деп
аталады.
Өзінің интеллектуалдық сәті бойынша жанама қасақаналық тікелей
қасақаналықпен көп жағдайларда бір жерден шығады Бұл мәселеде олардың
айырмашылығы - тек қылмысты салдарды алдын-ала көре білудің сипатында ғана.
Жоғарыда айтылғандай тікелей қасақанадық кезінде тұлға қылмысты салдардың
мүмкін болуымен қатар, олардың сөзсіз болатындығын да алдын-ала болжап біле
алады. Ал жанама қасақаналық кезінде кінәлінің алдын-ала болжай білгендігі
қылмысты салдардың мүмкін болуымен ғана байланыстырылады. Жанама
қасақаналықтың бұл ерекшелігі - оның қасақаналық түрлерін бір-бірінен жалпы
ажырату үшін негізделетін еркіне қарай сәтімен тығыз байланысты. Жанама
қасақаналық кезінде, тікелей қасақаналықпен салыстырғанда, тұлға қылмысты
салдардың болу мүмкіндігін алдын-ала көре білгенімен (интеллектуалдық
сәті), ол салдардың болуын тілемейді. Қылмыстық заң мұндай тілемеушіліктің
екі түрін ажыратады: қылмысты салдарға саналы түрде жол беру және оларға
немқұрайды қарау. Алайда, тұлғаның өзі жасаған әрекеттердің
(әрекетсіздіктің) салдарына психиалық қатысты, көп жағдайда, салдардың
болуына немқұрайды қараушылықпен оларға саналы түрде жол берушіліктің
бірігіп кетуін болжайды.
Сонымен, жанама қасақаналық кезінде қылмысты салдардың болуын тілемеу -
тұлға өз ісінің қауіпті салдарына немқұрайды қарағандығынан, олардың орын
алуына саналы түрде жол бере тұра, өз ісінің қоғамдық қауіпті салдарының
орын алуын көздемегенін білдіреді.
Жанама қасақаналық кезінде, кей уақытта қылмысты салдардың орын алуына
саналы түрде жол беру (немесе оларға немқұрайды қарау) бұл салдардың орын
алуын тілемеумен бірлесіп келеді. Мысалы, тұлға жәбірленушінің үйінде
болмаған кезін пайдаланып одан өшін алу мақсатымен, түнде үйіне өрт қояды
және ол ұйде жәбірленушінің қартайған әке-шешесінің бар екенін алдын-ала
біліп отырады. Бұл жерде кінәлі қарттардың өртке шалынбай, одан аман-есен
қалып шыға алатындығына сенуі мүмкін. Ал егер бұл сенім қылмысты салдардың
орын алуының алдын алатындай нақты бір жағдайлардың болуын көздемеген
болса, бұл - жанама қасақаналықтың жәбірленушілердің өліміне саналы түрде
жол беру түріндегі еркіне қарай сәтінің айқын көрінісі. Бұл жағдайда тұлға
аяқ астынан болып қалуы мүмкін әлде бір кездейсоқтыққа сенеді (соның
арқасында жәбірленушілердің өлмеуі мүмкін болатындай). Алайда, А.А.
Пионтковскийдің өте орынды айтқанындай бұл кімге сену - бұл түкке де
сенбеу деген сөз1. Осыдан шығатын түйін - жәбірленушілер қаза болған
жағдайда, мүлікті өртеу арқылы қасақана жоюдан басқасы, жанама
қасақаналықпен ауырлататын мән-

___________________________________ ____
1Пионтковский А-А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву.С
358.
жайлар арқылы кісі өлтіру деп бағалануы тиіс.
Қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің - қылмыстарды бағалау,
қылмысгық жауаптылықты және жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін маңызы
үлкен. Мәселен, формальды құрамдас, яғни құрамына белгілі бір қылмысты
салдар кірмейтін қылмыстар, Тек тікелей қасақаналықпен ғана жасалуы мүмкін.
Мысалы. қауіпті жағдайда қалдыру, яғни жасының кішілігіне, кәрілігіне,
аурулығына, өзінің шарасыздығына байланысты өмір мен денсаулық үшін
қауіпті жағдайда қалып, әрі өзін-өзі қорғай алу мүмкіндіктерінен
айырылғандарды тұлғаның кепе-көрнеу көмексіз қалдыруы, егер кінәлінің ол
тұлғаға көмек көрсете алу мүмкіндігі, ол туралы қамқорлық жасау міндетті
болса немесе өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға өзі әкелген болса,
осының нәтижесінде жабірленуші ауыр салдарға ұшырай ма, жоқ па, оған
қарамастан, қылмыс аяқталған дел мойындалады. Бұл жағдайда кінәлінің
психикалық қатынасы оның қоғамдық қауіпті әрекетсіздігіне (қауіпті жағдайда
қалдыру) ғана қатысты анықталады және бұл әрекетсіздіктің қоғамдық
қауіптілігін түсінуімен, өз міндетін атқарудан бас тартқысы келгендігінен
білінеді. Қасақаналықтың тікелей және жанама болып бөлінуінің ең маңызды іс
жүзіндегі мағынасы - бұлай бөлудің қасақана кінәні абайсыздықтан болған
кінәдан ажыратып алу үшін маңыздылығында, себебі дәл осы жанама қасақаналық
абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын қылмыстық жеңілтектікпен ұласушы
психикалық қатынас болыл табылады. Және де, дәл осы жанама қасақаналық пен
қылмысты жеңілтектіктің ортасында, қасақаналық пен абайсьндықтың қақ
айырылатын жігі жатыр.
Қасақаналықты тікелей және жанамаға бөлудің қылмысқа оқталуды аяқталған
қылмыстан ажырату үшін де үлкен маңызы бар. Себебі, қылмыстық құқық
теориясы мен сот тәжірибесі қылмысқа оқталу мүмкілдігін тікелей
қасақаңалықпен жасалған қылмыстар төңірегінде ғана шектейді. Мысалы, М.Ч-ны
өлтіруге әрекеттенгені үшін сотталады. Кінәлі, өшін алу үшін,
жәбірленушінің мойнына пышақпен ұрады. Ол екінші соққысын беруге
ыңғайланғанда, жәбірленуші қарсылық көрсетіп бұл соққысы әлсіз ғана тиеді.
Ол бұдан кейін де соққы беруге ұмтылғанымен Ч-ның көмек сұрап айқайлаған
дауысына жүгіріп келген адамдар оған жол бермейді. РФ Жоғарғы Сотының
қылмыстық істер жөніңдегі Сот алқасы М. жәбірленушінің мойнына пышақ сала
отырып және екінші рет пышақ жұмсауға ұмтылып өз әрекеттерінің қоғамдық
қауіпті сипатын түсіне білді, жабірленушінің өліп кететінін алдын-ала біле
тұра, оған саналы түрде жол берген, яғни жанама қасақаналықпен
әрекеттенген дегенге сүйене отырып, М.-ның әрекетін денеге қасақана түрде
ауыр зақым келтіру деп қайта бағалаған. Алайда РФ Жоғарғы Сотының Төралқасы
бұл шешіммен келіспей, кассациялық анықтаманы бұза отыра, кінәлінің
қасақаналығының мазмұны туралы мәселені шешер кезде, соттың жасалған
қылмыстың барлық жағдайларының жиынтығына сүйенуі керек екендігін, атап
айтқанда, қылмыстың тәсілі мен қаруын, жаралар мен басқа да дене
зақымдауының санын сипатын, орнын (мысалы. адамның өмірлік маңызы бар
мүшелері болуы мүмкін), қылмыстық әрекеттердің тоқтау себептерін және т.б.
ескеруі керектігін атап өтті1. Бұл қылмыстың жасалу жолдарын мұқият
зерттеу ісі осы шешімнің дұрыстығын растай түсті. Өмірлік маңызы бар
саналатын мүше - мойынға пышақ жұмсау, екінші рет тек бөтен адамдардың
араласуынан ғана беті қайтарылған қатты соққыға ұмтылыс және қазіргі
заманғы дәрігерлік көмектің арқасында ғана денеге тиіп үлгерген пышақ
ізінің ауыр салдарының бетін қайтару жағдайларының барлығы жиыла келіп, М.
жәбірленушінің өліп кету мүмкіндігін алдын-ала көре білгендігін және де дәл
осындай салдардың орын алуын қалағандығын, яғни тікелей қасақаналықпен
әрекеттенгендігін дәлелдейді. Олай болса, кінәлінің әрекетін Жоғарғы Сот
Төралқасы кісі өлтіруге оқталғандық деп орынды бағалаған.
Сонымен қатар, қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің - жазаны
жеке басқа қарай бейімдеу үшін де маңызы бар. Жалпы ереже бойынша, тікелей
қасақаналықпен жасалғаи қылмыстардың қауіптілігі жанама қасақаналықпен
жасалғандарға қарағанда жоғары деп есептеледі. Бұл бірінші аталған жағдайда
кінәлінің санасы мен еркі қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасап қылмысты салдар
келтіруге тікелей бағытталғандығымен байланыстырылады.

_____________________
1БВС РСФСР. 1991 №1. С.6
Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей және жанама сияқты екі түрін атаумен
шектеледі. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысына,
қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі. Мәселен, пайда болу уақыты бойынша
қасақаналық алдын-ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған сияқты
түрлерге бөлінеді.
Алдын-ала ойластырылған қасақаналық - қылмыс жасау туралы қабылданған
ниет пен сол қылмыстың өзі бір-бірімен, белгілі бір уақыт аралығымен
бөлініп тұратындығымен сипатталады. Осы уақыт аралығында субъект қылмыс
жасау жоспары мен тәсілін (орны, уақыты, құрал мен тәсіл және т.б.)
ойластырып, құрастырумен болады.
Аяқ астынан пайда болған қасақаналық - (аяқ астынан) кенеттен пайда болып
бірден жүзеге асырылумен сипатталады. Теория жүзінде, жалпы ережелер
бойынша, алдын-ала ойластырылған қасақаналықпен жасалған қылмыс, аяқ
астынан пайда болған қасақаналықпен жасалғаннан қауіптірек деп саналады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аяқ астынан пайда боған
қасақаналықпен жасалған қылмысты екі-ақ жағдайда азырақ қауіпті деп
санайды. Бұл - мұндай қасақаналық аффектнің әсерінен пайда болғанда орны
алады. Мәселен, заң шығарушы аффект күйінде кісі өлтіру немесе денсаулыққа
ауыр не орташа дәрежеде зиян келтіруді жеңілдетуіш жағдайы бар қылмыстардың
дербес құрамына белген (ҚК-нің 98 108-баптары). Аталған жағдай: жаза
тағайындау кезінде жәбірленушінің қылмысқа себепші болған, заңға қарсы не
аламгершілікке қарсы әрекеттері сияқты жеңілдетуші жағдайлар аясында
ескерілуі мүмкін.
Кінәлінің өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті салдары туралы
түсінгінің айқындылығы мен дәрежесіне қарай қасақаналық анықталған және
анықталмаған болып бөлінеді. Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын
қоғамдық қауіпті әрекетінің немесе әрекетсіздігімің сипатын
және салдарының мөлшерін анық түсінуімен сипатталады. Сонымен қатар,
анықталған қасақаналық кінәлінің жалғыз ғана қылмысты салдардың орын алуын
көре білуі, яғни қарапайым және кінәлі екі немесе одан да көп қылмысты
салдардың орын алуын мүмкін екендігін көре білетін - екі ұшты болып келеді.
Мысалы, пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатынын
алдын-ала біліп, қарапайым анықталған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал
пышақты жәбірленушінің ішіне салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет
жасайды, себебі осының салдарынан жәбірленушінің не өлетіндігін, не оның
денсаулығына ауыр зақым келетіндігін біле тұра, бұл салдардың кез
келгенінің орын алуына саналы түрде жол береді.
Анықталмаған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға қылмысты салдарды көре
білгенімен - нақтыламаған. Бұл - қолданылуы әр түрлі салдарға әкеліп
соқтыратын қарулар мен құралдарды пайдалана отыра, жәбірленушінің өмірі мен
денсаулығына қол сұғушылық кезінде болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің
басынан таяқпен ұру, оның басын таспеп ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен
ұру. Мұндай жағдайларда әр түрлі салдардың, өлімнен - денсаулыққа жеңіл
зақым алуға дейін орын алуы мүмкін. Қылмыстық құқық теориясы мен сот
тәжірибесі мұндай жағдайларда жауаптылықтың шын мәнінде келтірілген
салдарға байланысты анықталатынына сенеді, себебі, кінәлі бұл салдардың кез
келгенінің орын алатынын көре білді және олардың орын алуына саналы түрде
жол берді. Алайда, мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық анықталған
жағдайда ғана негізгі больш табылады. Егер нақты бір жағдайда,
жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезінде оны өмірден айыруға бағытталған
тікелей қасақаналық анықталса, жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша
ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру)
қасақака кісі елтіруге оқталғандық деп бағалау керек.

1.3. Абайсыздық және оның түрлері.
Сот тәжірибесі абайсыз жасаған қылмыстарға қарағанда, айтарлықтай кең
тарауына байланысты, қасақана жасалған қылмыстармен көбірек ұшырасады.
Алайда, бүгінгі күні абайсыздықтан жасалатын қылмыс саны тұрақты түрде өсіп
келе жатқандығын атап өту керек. Оның үстіне ғылыми-техникалық прогресс
жағдайында әсіресе техниканы пайдалану аясындағы арнайы ережелерді бұзуға
байланысты қылмыстардың, сол сияқты, экологиялық қылмыстардың қауіптілігі
елеулі түрде арта түседі.
Абайсыздық - бұл кінәнің ерекше түрі, яғни кінәлінің өзі жасаған
әрекеттерінің не әрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалық қатынасының
ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір
қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық құрамы бар қылмыстар ғана
абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК-де абайсыздықтың екі түрі
қарастырылған: 1. Меңмеңдік. 2. Немқұрайлық.
Қазақстан Республикасыньщ Қылмыстық кодексінің 21-бабының 2-ші бөлігіне
сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс меңмендікпен жасалған
қылмыс деп танылады. Меңмендікпен, яғни жеңілтектікпен қылмыс жасаған
тұлғаның істегенінің салдарына психикалық қатынасы абайсыз және қасақана
кінәнің басқа түрі сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай сәттерден
тұрады. Интеллектуалдық сәт тұлғаның өз әрекетінің не әрекетсіздігінің
қоғамдық қауіпті салдары орын алу мүмкіндігін алдын-ала көре білуімен
сипатталады. Еркіне қарай сәт, бұл - салдардың алдын алуға негізсіз артық
сенумен сипатталады. Мысалы, машинаны басқарып келе жатқан жүргізуші
жылдамдықты ұрықсат етілген мөлшерден асырыл жібереді де, осыған орай ол
белгілі бір сәтте машинаны тежеп үлгере алмайды. Ақырында, ол жаяу
жүргіншілердің біреуін басып кетіп өлімге ұшыратады.
Меңмендіктің заңды тұжырымдамасында оның интеллектуалдық сәті тікелей
және, әсіресе, жанама қасақаналықтың интеллектуалдық сәтінен жақын. Екі
жағдайда да тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын
алатындығын алдын-ала көріп біледі. Алайда, заң шығарушының қасақаналықты
суреттеген кезде қолданатын алдын-ала көре білу түсініктің, шынайы
мазмұнының дәл осы түсінікті кінәнің абайсыз түрінің тағы бір түрі болып
келетін менмендікті суреттеуде қолдануынан түбірлі айырмашылығы бар. Бұл
айырмашылық алдын-ала көре білудің сипатында. Қасақаналық кезінде (тікелей
немесе жанамасында бірдей деңгейде) алдын-ала көре білу нақты сипатқа ие
болса, меңмендік кезінде ол - абстрактілі түрінде. Мұның мағынасын бұлайша
түсіндіруге болады: қасақаналық кезінде кінәлі тұлға тап осы кезде, белгілі
жерде, белгілі жағдайларда жасалған өзінің нақты әрекеттерінен
(әрекетсіздігінен) сөзсіз немесе болуы ықтимал нәтиже орын алатынын алдын-
ала көре біледі. Жәбірленушінің кеудесіне пышақпен ұра отыра, тұлға дәл осы
соққы (оның соққысы), осы пышақпен соғу жәбірленушіні өлімге ұшырататынын
алдын-ала көре білген. Ал қылмыстық меңмендік кезіндегі интеллектуалдық
сәттің мазмұны тіпті басқа. Тұлға өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің)
қылмысты салдарының әйтеуір бір орын алатынын жалпылама түрде алдын-ала
көріп біледі. Мысалы. жүргізуші машинаны ұрықсат етілген жылдамдықты асыра
пайдалана отырып, бұл ісінің жаяу жүргіншіні соғуына апаратынын жалпы
(негізінде) көріп біле алады және бұл көріп білу нақты емес, жалпы, яғни
абстрактілі сипатқа ие. Тұлға көрсетілген қауіпті салдарды жалпы алдын-ала
көріп біле тұра, оның өзінің де басында осындай жағдай болуы мүмкіндігін
мүлдем есіне алмайды. Ол мұндай салдар басқа жүргізушілер тап келген
жағдайларда орын алады деп ойлап, өзі үшін олардың алатындығын тіпті
қаперінде де болмайтындай көреді, себебі ол өзі сияқты тәжірибелі
жүргізушілер мұндай жағдайда ұшырамайды. яғни ол жаяу жүргіншімен
қақтығысса, оған залал келтірудің алдын-ала алады деп үміттенеді.
Алайда, менмендіктің қасақаналықтан (ең біріші жанамасынан) негізгі
айырмашылығы еркіне қарай болатын сәтінде. Бұл сәт абайсыз кінәнің бір түрі
болып табылатын менмендік кезінде, тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті
салдарының алдын алатындығына жеткіліксіз негізде сенетінімен сипатталады.
Жанама қасақаналыққа қарағанда, қылмыстық меңмендік кезінде, тұлғаның еркі
өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының алдын алуға
бағытталған. Тұлға оның пікірінше, қылмысты нәтиженің орын алуына жол
бермейтіндей нақты бір жағдайларға сенім артады. Мысалы, жоғарыда
көрсетілген оқйғаны өзінің мамандық біліктілігіне, машинаны ұзақ уақыт бойы
апатсыз жүргізіп келе жатқан тәжірибесіне, оның технйкалық жағдайының
сенімділігіне, жол бетінің жақсы күйіне және т.б. көптегеп жағдайларға
сенім артады. Өкінішке орай, (бұл үміттерге қарамастан) нақты бір кезеңде
мұндай сенім ақталмай, жансақ болып шығады да, машинаны жүргізуші жаяу
жүргіншіні бәрі-бір басып кетіп, оны қайғылы қазаға ұшыратады. Сенімнің
қателігі, негізсіздігі - жасалған іс-әрекеттің салдарына психикалық
қатынасты қылмысты меңмендікке айналдырып, істің өзін қылмысқа жеткізеді.
Менмендік бойынша абайсыздан жасалған қылмыстың көрнекті мысалы ретіріде
Ш.-ның ісін келгіруге болады. Ол, аудан балықтың ұрлануы кезінде белгі
беретін қондырғы жасайды. Бұл үшін ол өзінің үйінен өзендегі ауын бекітетін
өткелге дейін сым тартып, оны 220 кернеу бар электр жүйесіне қосады да,
қоңырауын үйінің ішіне орнатып қояды. О. және С. деген екі жасөспірім,
түнде, өзенге балық аулауға келеді. Олар балықтың өзеннің ағысына қарсы
жоғары қарай өтуін бөгеп тұрған ауларды үзіп, бұл ауларды өзеннің ағысымен
төмен қарай ағызып жібермекші болады. Және де олар электрлендірілген дыбыс
берушіні сымнан ажыратып тастауды ұйғарады. Сымдарды тістеуікпен ажырату
кезінде О. электр тоғына соғылып, қаза болады.
Жауап алу кезінде, Ш. ауыр салдардың орын алу мүмкін екендігін алдын-ала
білгендігін мойындаған. Ш. дыбыс бергіш қондырғыны орнатқанын
айналасындағылардан жасырмаған. Ол туралы ауылдың барлық тұрғындары, соның
ішінде, оқиға болған күні ау қойылған жерге балық ұстауға келген
жасөспірімдер де білген. Істе көрсетілгеніндей Ш. дыбыс бергіштің сымға
жалғанған жеріне балаларын жібермеуі жөнінде көршілерін алдын-ала ескертіп,
ол жерін бақташыларға да көрсетіп қояды. Ш-ның дыбыс бергіштің сымын
бақшасының жерімен, бұталарымен жүргізіп, үстін бұтақтармен және басқа да
заттармен жауьш тастағаңдығы, ал өзенге жақындай бере адамдар жүретін
соқпақтың астына жерге көміп тастағандығы сот ісі бойынша анықталған.
Жалғау жұмыстарына Ш. 1000 вольтқа дейінгі кернеуге шыдайтын берік сымды
таңдап, пайдаланған. Қосылған жерлер мен сымдар сенімді түрде ажыратылған.
Кернеудің күшін төмендету үшін Ш. қоңыраудан алдына шам орнатып қойған. Ал
дыбыс бергішті тек өзі үйінде болған кездері ғана іске қосып отырған.
Ш. О.-ны жанама қасақаналықпен өлтіргендігі үшін сотталды. Алайда, КСРО
Жоғарғы Сотының Пленумы бұл бағалауды өзгертіп, яғни оның әрекеттерін
қылмыстық кодекстің абайсыздықтан болған кісі өлтіру бабына әділетті балап,
бұл жағдайда Ш. қылмыстық менмендік танытты, себебі ол 220 вольттық
кернеудегі электр тоғының адамға қаншалықты қауіпті екенін біле тұра
қылмыстық салдардың алдын алатьшдағына жеңілтектікпен сенім артты. Және де
ол кездейсоқтыққа ғана сеніп қойған жоқ, оның пікірінше ауыр зардаптардың
орын алуын болдырмайтындай объективті факторларға сенген1 деп атап
көрсетті.
Абайсыз кінәнің екінші түрі - қылмысты немқұрайдылық болып табылады. ҚР
ҚК-нің 21-бабының 3-белігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық
болғанда. ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола
тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының
болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс
деп танылады.
Қылмыстық немқұрайдылықтың интеллектуалдық сәтінің қасақаналықтың
(тікелей жөне жанама), сол сияқты, қылмыстық менмендіктің де,
интеллектуалдық сәтінен үлкен айырмашылығы бар. Қылмысты немқұрайдылық
кезінде тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпгі салдарының орын алуының
мүмкіндігін алдын-ала көріп білмейді. Сонымен, абайсыздықтан болған кінәнің
бұл түрінің интеляектуалдық сәті өз қылығының қоғамдық қауіптілігін бағалай
білу - кінәлінің санасына жетпегендігімен сипатталады. Бұл -
интеллектуалдық сәттің теріс бағаға ие болатындай бір кезі. Сондықтан, бұл
жағдайда кінәнің мәні - интеллектуалдық емес, еркіне қарай сәтінде, себебі
тап осы психикалық қатынас, өзінің қылмыстық-құқықтық бағасын тек еркіне
қарай сәтке байланысты алады.
Қылмыстық немқұрайдылықтың еркіне қарай сәтінің заңды анықтамасы
объективті (тиісті еді) және субъективті (көре алар еді) екі шартқа
(критерийге) байланысты теория мен сот тәжірибесінде объективті шарт,
тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдарының
орын алуын алдын-ала көре білетіндей, заңға, тұлғаның мамандығы бойынша
мәртебесіне және жалпыға бірдей қоғамдық ережелерге негізделген
міндеттерімен байланысты.
Алайда, тек объективті піартты анықтау ғана, тиісті психикалық қатынасты
абайсыз кінәнің түрі болып келетін қылмыстық немқұрайдылыққа айналдыра

_______________
1БВС СССР. 1969. №1.С. 24.
алмайды. Бұл үшін әлі субъективті шарт міндетті түрде анықталуы тиіс. Ол
нақты тұлғаның қылмысты салдардың орын алуын алдын-ала болжап білудегі жеке
қабілеттілігін білдіреді (болжап біле алатын еді). Бұл жерде, тұлға
зиянды салдардың орын алуын өзінің жеке басының қасиетіне, мамандығына және
қылмысты салдарға ұшыратқан қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасалған
жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты алдын-ала болжап білуге тиіс еді
дегенді білдіреді.
З. мен К. С-ны ауырлатушы қасақана өлтіргендігі үшін сотталды (бұзақылық
ниетпен). Ол күні қосалқы шаруашылықтың жұмысшылар бригадасы шөп дайындау
үстінде еді. С. қалаға жүру үшін ағаш көпір арқылы өз машинасына қарай
беттей бергенде, бригаданың жұмысшылары К. мен 3., ауылдың қалыптасқан
дәстүрі бойынша, С.-ны өзенге шомылдырып алуды ұйғарады. Осы мақсатпен олар
оны суға итеріп жібереді. С. біраз уақыт өзенде жүзіп келе жатады да, сосын
суға батып кетеді. РФ Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі Сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі
Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретіндегі кінәсіздік презумпциясы
Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету
Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті
Дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікке тең
Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босату
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық процесте қорғау құқығын қамтамасыз ету қағидаты
Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
Пәндер