Украина


Украина мемлекетінің - құрылу мезгілі - 1991 ж. Астанасы - Киев. Тілі - украин, орыс. Діні - православ діні. Ұлттық ақшасы - украин гривнасы. Ел призиденті - Виктор Ющенко
Украинаны 24 облыс, бір автономиялық Қырым республикасы және ерекше статустағы екі қала: Украинаның астанасы Киев және Россия флоты орналасқан Севастополь қаласы құрайды. Өте ірі мемлекет. Жер көлемі - 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндықтар. Одан басқа поляк, словак, румын, венгрлер бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады. Жері өте құнарлы. Мысалы: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс басқыншылары Украина жерінің өте құнарлы қара топырағын вагондарға тиеп, Германияға жіберіп тұрған екен! Жерінің бәрі көк жасыл алқап. Жолдарының екі беті тұтасқан көк терек.
2001 жылдың Қаңтар айы деректеріне қарағанда, Украина халқы 46, 372, 700 кісі болып саналады, оның 77, 8%-і этникалық украиндар. Бұдан басқа орыстар (17, 3%), белорустар (0, 6%), молдовандар (0, 5%), қырым татарлары (0, 5%), болгарлар (0, 4%) және татарлар (0, 2%) баршылық. 2008 жылдың 5 Ақпанында, 15 жылдық келіссөзден кейін, Украина Дүниежузілік Сауда Ұжымына қабылданды.
1986 жыл сәуір айында Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында болған алапат апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәніне ғана емес, жүрегіне де жара салды. Чернобыль - Украинадағы шағын қалалардың бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша алты энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуға тиіс еді. Апатты жағдай бәрін бұзды. Қанша адам өмірімен қоштасты, талайлар І, ІІ топтағы мүгедектер қатарына кірді. Тек жергілікті халық қана емес, сыртқары жердегі қаншама адам жапа шекті. Күші жағынан Чернобыль атом станциясындағы апат 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларынан кем емес екендігі баршаға аян. Ал, сол жапон халқы осынау қасіреттің зардаптарын бүгінгі күнге дейін тартып келеді.
1986 жылғы 26 сәуір. Мәскеу уақыты бойынша түнгі 1 сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықта орналасқан Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды. Бірінен соң бірі болған екі жарылыс төртінші блок ғимаратының шатырын мүлде ұшырып әкетті. Одан кейінгі үшінші, төртінші жарылыстан кейін реактор атылды. Ес тандырған түтін мен бу шығара атылған радиоактивті материалдар көзге түртсе көргісіз “ыстық” тұманға, қою қара бұлтқа айналды. Төртінші энергоблоктың үстінде жарқылдаған от ұшқындары пайда болды. Қара майлы қағазбен шатырланған машина залдарының өртенуіне де осы ядролық отын мен графит қосындыларының ұшқындары себепкер болған еді. Сөйтіп, бірнеше химиялық қосындылардың бірте-бірте күшейе түскен қатты жарылыстарынан көп ұзамай реактордың да, блок ғимаратының да күлі көкке ұшты. Жарылыстың күштілігінен блок маңындағы ауа күрт өзгеріп, химиялық ластану дәрежесі сағатына 15-20 мың рентгенді құрады. Апат салдарынан тараған радиацияның әсері сау адамды ауру етті. Жарылыс кезінде атом реакторынан үлкен қысыммен жан-жаққа тарап үлгерген реактивті шаң-тозаң мен сәулелер жер бетіндегі тіршілік атаулыға үлкен қайғы-қасірет әкелді. Апатты тоқтату және оның зардаптарын жою оңайға соқпады. Залалсыздандыру жұмыстарына қатысу кеңес адамдарына парыз саналды. Бұл апат Украина халқына көп залалын тигізді.
Экономикасы жағынан алсақ, әуелден қалыптасқан өндіріс орындарының технологиясы озық үлгіде. Мәселен, ғарыш кемелері мен зымырандарды жасайды, су астында жүзетін сүңгуір қайықтар, мұхиттарда жүретін ірі кемелерді шығарады. Атом және энергетика саласы жақсы дамыған. Шикізат өндірісі, темір жол, автокөлік жолы саласы көп ілгері басқан. Әсіресе, ғылыми-зерттеу орталықтары дамыған. Патон атындағы институты темірді дәнекерлеу ісінде дүниежүзіне аты шыққан.
Ауыл шаруашылығы саласын алсақ, олар бидай егіп, астық өндіреді, мал өсіреді. Ірі қара, құс өсіру саласында озық технологияларды пайдаланады. Жалпы ет, сүт өнімімен өздерін толық қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де өз өнімдерін шығарып отыр. Олар тұрмысқа қажетті тауарларды өте көп өндіреді және оны да экспортқа шығарады.
Алуан түрлі өндіріс орындары елдің шығыс жағында орналасқан болса, батыс жағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өркен жайған.
Мәдениет саласының дамуы да айтарлықтай. Әрбір облыс, ауданның қалыптасқан өнер ұжымдары бар. Сурет салу, бейнелеу өнеріне, поэзияға құрметпен қарайтын ел.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін меншікті өзгертіп, олар да нарық экономикасына көшкен. Алайда, көптеген өндіріс орындары мемлекет меншігінен шығарылғанымен, ұжымдық негізде қалып, бұрынғы жүйені сақтап қалған. Өзінің өнімін өндіруге мүмкіндігі жетпейді. Жағдайлары өте мүшкіл еді. Оның үстіне аурухана, мектеп, бала бақша, кітапхана және тұрғын үйлер, яғни, әлеуметтік саланың объектілері бұрынғы күйінде қалып қойған ғой. Коммуналдық шаруашылық саласының барлық қызметі үлкен қаражатты талап етеді. Сондықтан ол кезде елдің экономикасы тежеліп қалған екен. Украинада 1999-2000 жылдары коммуналдық реформа жасаймыз дегенде халық оған қарсы болды.
Сондай-ақ, елге шетелден келетін инвестицияның да ролі зор екені анық. Тәуелсіз 13 жылдың ішінде Украинаға 6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция келген. Ал Қазақстан экономикасына құйылған инвестиция көлемі 30 млрд АҚШ долларын құрады! Міне, қандай айырмашылық! Қазақстанда 1993 жылдан бастап тиісті заң қабылданып, инвестиция тартуға өте қолайлы жағдай жасалды. Ал Украинада ондай заңның қабылдануы кешеуілдеп қалған.
Сондықтан шетелдік инвестор келуі үшін ол өзінің салатын қаражатын кері тиісті пайдамен қайтарып алып кете ала ма, жоқ па, заң жүзінде толық сенімділігі болмаған соң, қауіптенеді. Сол секілді шағын және орта кәсіпкерлік те өз деңгейінде дами алмаған. Оның себебі кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын, жауапкершілігін айқындайтын тиісті заңдар жүйесі де жетілмеген.
1999 жылы Президенттік сайлауы өтіп, елі Леонид Кучманы сайлады. Сол кезде Жоғарғы Рада төрағасынан бастап Парламенттің 14 депутаты Президент боламын деп сайысқа түсті. Ол таластың тигізген зияны да аз емес. Парламент спикері бастаған депутаттар сайлауға дейінгі бір жыл бойы ашық қарсылық білдіріп, заңдардың қабылдануына тосқауыл жасаған. Соған дейінгі 5 жыл, яғни, бір шақырылым бойы депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының тек 60 пайызын ғана қабылдапты. Ең маңызды деген заңдары қабылданбаған. Ал біздің бір ұтқанымыз 1995 жылы Парламент таратылғаннан бастап келесі жоғарғы заң шығарушы орган қызметіне кіріскенге дейінгі уақытта Қазақстан Президенті өзінің заң күші бар Жарлығымен 140-тан астам заңды қабылдады. Соның арқасында заңға келіп тіреліп, тоқырап тұрған көптеген мәселелер шешімін тапты. Араға санаулы жылдар салып, нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерімен салыстырғанда нарық экономикасы бағытында дамуы жолында алда келе жатыр. Ал заңдары дер кезінде қабылданбаған елдерде инвестиция тарауы нашар болды, кәсіпкерлік саласының дамуы артта қалды. Әйтпесе, Украина сияқты елдердің мүмкіндігі өте мол еді. Және бұрынғы қалыптасқан байланыстары үзіліп қалды. Олардың экономикасының және бір қиындық туғызатын тұсы бар, мемлекетке қажет өздерінен 12 пайыз ғана мұнай өнімі, 15 пайыз ғана газ өндіріледі. Қалғанының барлығын Ресей, Қазақстан, Түрікменстан т. б. елдерден алады.
Сондықтан мұнай мен газ үшін, әсіресе, Ресейге тәуелді. Екіншіден, Ресейден Еуропаға қарай тартылған мұнай-газ құбырлары Украина жері арқылы өтеді. Оған кедергі жасаса, Ресей өз өнімдерін шығарудың басқа бағыттарын қарастырады. Сондықтан бұл мәселенің шешілуі көрші елге тікелей байланысты.
Саяси мәселені де реттеп алу керек. Қазір Украина НАТО-ға, Еуропалық одаққа қарай бет бұрып отыр. Ал бергі жағында Ресей. Отын, энергетика өнімдерін, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтардың көбін Ресейден алады. Бірлескен кәсіпорындары көп. Егер саяси мәселелері реттелмесе, тығырыққа тірелуі мүмкін.
Қазақстанмен қарым-қатынасы. 1999 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға жасаған ресми сапары екі елдің қарым-қатынасына үлкен дем берген елеулі оқиға болды. Сол кезде мемлекетаралық келісім-шарттардың саны 60-тан асты. Соларды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру бағытында жұмыс істедік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz