Сюжет


СЮЖЕТ (франц. sujet - зат) - өзара жалғаскан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, коңфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт әр турлі адамдардың іс-әрекстіндегі немесе ойсана, көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай қайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқың бой көрсетсе, сонымен қатар баяндалған окиға, жағдайларға ке-йіпкерлердің әр түрлі қарап бағалалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығыс қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан окырмандар заманның дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыс-тартыстын (конфликт) өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала түседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, сондай-ақ жекелеген сәттері, яғни бастамасы (экспозиция), шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу зандылықтарына сәйкес келіп отырады. Уақиға желісі болған соң тартыс болған соң оның қандай да болса бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті ғой. Және мәселе уақиғаның жәй ғана аяқталуында емес. Көркем шығармадағы қақтығыстар, жеке суреттер-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін оқиға тізбегі бара келе логикалық тиянақтық тауып, негізгі шиеленіс-тар-тыстық түйіндері әбден шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы әсерлі толық ашылуы аса қажет.
Сонымен бірге кейде сюжеттік беташары ретінде аңдату (пролог), ал сонында қосымша түрінде үстемелеу (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, қажет деп саналса ғана, сюжетке тікелей байланысты болмасада, жанама эпизод етіліп беріледі.
Әрине, сюжеттің аталған тұстары, өз алдына оқшауланып көрінетін бөлшектері үнемі бір қалыптаң жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналық мүмкіндігі баяндалатын оқиғаға қатысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-бітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Тегінде сюжетті оқиға желісінің құр қаңқасы, сұлбасы ғана деп қарамай, сол оқиғалардың байланыс-жалғастығы, өрбу-өрістеу кезендерінің тұтасқан ағым-арнасы деп түсіну дұрысырақ.
Қалай десек те сюжет пен кейінкерлер, олардың характерлері арасында тығыз байланыс, сабақтастық бар. Өйткені оқиға дегеніміз адамның басынан кешетін жағдайы, немесе, бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі ғой. Ал адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетімен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, психологиясына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның өзін құып кету де кездесетінін де паймдауымыз керек. Бірақ, бұл көркем өнердің талабы емес, көбінесе жазушының тал-ғампаздық шеберлігінің жетіспегендігіңің нәтижесі. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірынғай баяндау детектйвтік жанр шығармаларында ғана болмаса, басқалай әдеби туындыларда кебінесе ұтымды бола қоймайды.
Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. «Евгений Онегин» романында Онегин мен Татьянаның арақатынасы, Онегин мен Ленскийдің қатынас-қақтығысы, Ленский мен Ольганың ара қатынасы -бұлар сала-сала оқиғалар тізбегі.
Сюжет - бірнеше адамдардың қарым-қатынасындағы белгілі біркезен, әлеуметтік тартыстын бір көрінісі, сюжеттің аяқталып бітуі дегеніміз баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, өз шешімін табуы. Алайда сюжеттің аяқталуы, тиянақтылығы әр шығармада ар түрлі, және мұның өзін белгілі дәрежеде шартты нәрсе деп түсінген дұрыс. Көп жағдайда шығарнадағы оқиға-ларды одан әрі ұластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын соза бермей, қайырады. Өйткені оқиғаға қатысқан кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бір не бірнеше оқиғаны суреттеу арқылы кейіпкер-лердің характерін, мінез-бітімін айқын айтып көрсетуі ықтимал. Мәселе кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеу арқылы, мінез-сипатын нанымды түрде көрсетуде. Неғұрлым кейіпкерлердің характерлері, бейне-тұлғасы дараланып, әсерлі керінсе, солғұрлым шығарманың сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі, Романдарда оқиға біріне-бірі ұласып, жалғасып кете береді де, оқырман шексіз, шетсіз өмір ағысын көріп отырғандай әсер алады. Кейде тіпті шығарма аяқталып біткен тұста да баяндалған кейбір жәйттер оқиғаның жеке тұйіндері толық ан-ықталмай кала береді. Осындай ер екшеліктерді ескеріп, кейде мұндай прозалық туындыларды «ашық роман» (открытый роман) деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды «тұйық роман» (закрытый роман) деп ажыратып, бөлекше қарастырады.
Аударманың тарихын сөз еткенде оның өзі әрбір ұлттың әдебиет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандықтан, ізін де, дәстүрін де, даму дәрежесінің қандай сатыда болған да сол ұлттың әдебиеті мен мәдениетінің тарихынан іздеген дұрыс.
Демек, қазақ тіліне аударылған әдеби туынды-қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған дүниелік, ол казак, әдебиетінің төл туындысымен туыстас, үзеңгілес бола алады. Аударма әдебиет жеке бір жанр емес, ол - ана тіліміздегі әдебиетіміздің барлық жанрын қамтитын бея баласы, солардың ажырамас бір бөлігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz