Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Жоспары:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
2. Негізгі бөлім
2.1. Дәнді дақылдардың зиянкестері. Астық қандалалары...4.10
2.2. Бидай трипсі (Haplothrips tritici Kurd) ... ... ... ... ... ... ... ..11.12
2.3 Астық биттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.15
2.4. Астық қоңыздары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.18
2.5. Сабақ бүргелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.21
2.6. Жүгері дақылының аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.24
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
4. Пайдаланылған әдебиеттер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Биология, география және экология кафедрасы
Мамандығы: Биология-050113
Тақырыбы: Дәнді дақылдардың зиянкестері мен
аурулары
Орындаған: Ақжігітова А.Б.
Оқу тобы: Б-09-1
Қабылдаған: Кужамбердиева С.Ж.
Қызылорда, 2012 жыл
Жоспары:
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3-5
2. Негізгі бөлім
2.1. Дәнді дақылдардың зиянкестері. Астық қандалалары...4-10
2.2. Бидай трипсі (Haplothrips tritici
Kurd) ... ... ... ... ... ... ... .. 11-12
2.3 Астық
биттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .13-15
2.4. Астық
қоңыздары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...16-18
2.5. Сабақ
бүргелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..19-21
2.6. Жүгері дақылының
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-24
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27
4. Пайдаланылған әдебиеттер
5. Қосымшалар (суреттер)
1. Кіріспе
Ауыспалы егіс дегеніміз — ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты
белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп орналастыру. Дақылдар мен
сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы
егістің кестесі (схемасы) деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы ең кең тараған
ауыспалы егістің кестесі: 1 — сүрі жер, 2 — жаздық бидай, 3 — жаздық бидай,
4 — арпа. Да-қылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары
арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта үзақ
уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп
атай-ды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан
егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мүндай егістіктерді қайталама
егістік деп атайды. Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды
өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы үқсас бірнеше
дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп
атайды.
Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы
егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.
Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің
толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы
әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы
деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір
дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық
шөптер, жүгері өсіріледі.
Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың
кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның
икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы үзақ және биологиясы
үқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістің кемділігі жоғары.
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда
арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің
азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру,
биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды.
Мәселен, күнбағысты түрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сүңғыладан күшті
зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына
шалдығады.
Бірнеше дақылдарды (дәнді, отамалы дақылдар, көпжылдық екпе шөптер)
өсіру оларды себудің, орып алудың мерзімдері әр түрлі болғандықтан,
еңбекті, техни-каны, жүмысшы күшін біркелкі пайдалануға,
-3-
мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық,
экономикалық себептерге байланысты.
Дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т.б.)
дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына
жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде
ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық. Оның
үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон,
т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл
қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне
қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В,
С, т.б.) де шоғырланған.
Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге
мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы
жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабаны мен мекені
де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді . Дәнді бұршақ дақылдарының
тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың
көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің
нәтижесінде қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор :
тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің
арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады.
Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы
дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.
Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бір қатар морфологиялық
ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір
тамыршаларын түзеді, топыраққа 1,5-2,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ
тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын
бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі біріктілігімен ерекшеленеді:
біреулері (ноқат, майбұршақ, т.б.) тік өскен қалпын сақтайды, ал
басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғаттық, т.б.) жапырылғыш, тұның өзі егін
жинауда үлкен қолайсыздық тудырады. Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа
бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ,
ноғаттық, т.б.), екінші- үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ)
және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ). Гүлдері бұрыс
пішінді, бестік түрде болады. Жемісі – әр түрлі көлемде және пішінді
бұршаққап. Бұршақ дақылдарының кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т.б.)
жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары
-4-
шашылып, астық өнімін төмендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр
түрлі.
Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бойынша дәнді бұршақ дақылдары екі топқа
бөлінеді: қысқа (асбұршақ, жасымық, т.б.) және біраз ұзақтау (ноқат, үрме
бұршақ, т.б.) . Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарынан суыққа
төзімділеу (асбұршақ, жасымық), жылу сүйгіштеу (бөрі бұршақ, атбас бұршақ,
ноқат) және жылу сүйгіш (майбұршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады. Бұл
дақылдардың ылғалға да талаптары бірдей емес: ең ылғал
сүйгіштерге май бұршақ, бөрі бұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды
ылғалы молырақ аудандарда немесе тек суару жағдайында өсіреді:
құрғақшылыққа төзімді деп ноқат, асбұршақ, ноғаттық саналатындықтан, оларды
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында үлкен табыспен өсіруге
болады.
-5-
2. Негізгі бөлім
2.1. Дәнді дақылдардың зиянкестері. Астық қандалалары
Дәнді дақылдарға зиян келтіретін насекомдардың ішінде астық
қандалалары өздерінің зиянкестік қабілеті жағынан ерекше орын алады. Олар
жартылай қатты қанаттылар (Hemiptera) отрядының қалқаншалы - бақашықтар
(Scutteleridae) және қалқаншалылар (Pentatomidae) тұқымдастарына жатады.
Бақашық қандала (Euryygaster integriceps Put.). Қалқаншалы бақашықтар
тұқымдасына жатады. Орал және Ақтөбе облыстарының солтүстігіндегі астықты
аудандары мен Шымкент, Алматы, Талдықорған және Семей облыстарының тау
етектеріне орналасқан аудандарында таралған.
Дене құрылысы жағынан тасбақаға ұқсайды. Осы себептен де ол бақашық
қандала деп аталады.
Қандаланың ұзындығы 9-12 мм, көлденеңі 6-7мм. Кішкентай үшбұрыштылау
келген басы ұзынынан үш бөлімге бөлінеді: шеткі екі бөлімін бет
пластинкалары, ортаңғы бөлімін маңдайша деп атайды. Мұртшалары 5 буынды.
Түйреп – сорғыш ауыз аппараты ұзарып, істік тұмсықшаға айналған. Ол науа
тәрізді көп буынды төменгі еріннен және оның ішіндегі 4 жылжымалы
тікенектерден тұрады. Алдыңғы кеуденің үстін дөңестеу келген қатты қыртыс
жауып тұрады. Одан соңғы кеуде бунағында қалқанша орналасады. Қалқанша
қандаланың қанаттарын және құрсақ бөлімін түгелдей жауып тұрады. Еркек
қандаланың ең соңғы құрсақ сегменті астыңғы жағынан қарағанда біртұтас
пластинка түрінде көрінеді, ал ұрғашы қандалада ол сегмент шекаралары анық
көрінетін 6 пластинкадан тұрады.
Дәнді дақылдарға бақашық қандаламен бір туысқа жататын австриялық
қандала және мавр қандаласы да зиян келтіреді. Дене құрылысы жағынан олар
бақашық қандалаға өте ұқсас.
Бақашық қандаласы жылына бір ұрпақ беріп көбейеді. Жұмыртқалары ашық
жасыл түсті, диаметрі 1 мм-дей. Бір-екі күн өткен соң жұмыртқаның түсі
бірте-бірте күңгірттенеді де, оның үстін қоңыр түсті нүктелер басады.
Үшінші-төртінші күндері жұмыртқа қайтадан ашық жасыл түске келеді де
қақпақшасында дөңгелек қоңыр таңба пайда болады, ал бесінші-алтыншы күндері
якорь пішінді қызғылт таңба көрінеді. Личинка жұмыртқадан шығар кезде
жұмыртқа қызғылт түске енеді.
Қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты
-6-
ұрықтың дамуы 5-6 күннен 10-12 күнге созылады.
Личинканың даму мерзімі ауа райына байланысты 30-50 күнге созылады.
Осы уақыт ішінде личинка 5 рет түлейді. Жұмыртқадан жаңа шыққан личика
алғашында аздап қызғылт түсті, пішіні шар тәрізді келеді. Бірнеше сағаттан
кейін ол бірте бірте күңгірттеніп қара қоңыр тартады. Ұзындығы 1,6 мм,
көлденеңі 1,3мм шамасында болады. II жастағы личинканың ұзындығы 2,2мм,
көлденеңі 1,5 мм. Бас, алдыңғы арқа, құрсақ сегменттерінің ортасы мен
шеттері қара қоңыр, денесінің қалған бөлімдері бозғылт. ІІІ- жастағы
личинканың пішіні жұмыртқа тәрізді.
Батыс Қазақстанда бақашық қандала ормандардың, ағаш шоқтарының және
орман алқабы мен жол бойына отырғызылған ағаштардың арасында қыстайды.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында бақашық қандала
биік таулар мен тау бөктерлерінде өскен әртүрлі ағаштардың, бұталардың және
аласа бұта өсімдіктерінің арасында қыстайды.
Ормандар мен орман алқаптарын қыстағанжағдайда қандалалар көбінесе
жерге түскен жапырақтардың астын паналайды. Ал ағаштар сирек өсетін
жерлерде олар көбінесе жабайы еркек шөптің, беденің, бидайықтың немесе
жусан сияқты тырбық бұталардың шоқ түптерін паналайды.
Көктемде, ауаның жылылығы 17-20 º болғанда, яғни жазғытұрым себілген
астық ждақылдары көптеп өсе бастаған кезде қандалалар егінге қарай ұша
бастайды. Орал және Ақтөбе облыстарында олардың жазғы кездегі жаппай көшуі
әдетте сәуірде басталып, мамырдың жиырмасына дейін созылады. Қыстап шыққан
қандалалардың жаппай ұшу мерзімі және оның ұзақтығы негізінен жазда ауа
райының жағдайына байланысты. Көктем неғұрлым салқын және жауын-шашыны көп
болса, бақашық қандаланың жаппай ұшуы да кешігеді және ол ұзаққа созылады.
Ал көктем жылы және құрғақ болып, жаз ерте шықса, қандалалар да қыстаған
жерлерінен ерте ұшып шығады.
Бақашық қандаланың жыныс мүшелерінің жетілуі де ауа райына тікелей
байланысты. Ауа райы неғұрлым жылы болса оның жыныс мүшелері де соғұрлым
тез жетіле бастайды. Бұл кезде олар қоректік затты көбірек қажет етеді.
Сондықтан олардың жазғы зиянкестік әрекеттері жаңадан көктеп келе жатқан
өсімдіктер үшін өте қауіпті.
Қандалалар астық дақылдарының жас көктерін сорып қоректенеді. Олар
қоректенуге күннің нағыз жылы кездерінде ғана шығады. Ал қалған уақыттарын
әртүрлі паналардың астында өткізеді. Пана ретінде өткен жылдан қалған
өсімдік қалдықтарын, топырақ кесектерін, жер жарықтарын пайдаланады.
Қандалалар, олардың егінге ұшып келген күйінен бастап
-7-
есептегенде, 7-10 күннен кейін жұмыртқалауға кіріседі.
Ұрғашы қандалалар жұмыртқаларын көктеп келе жатқан астық дақылдарының
немесе арам шөптердің жапырақтарына, қурап қалған өсімдік қалдықтарына,
кейде топырақ кесектерінің үстіне салады. Әрбір ұрғашы қандала бір маусымда
бірнеше рет жұмыртқалайды. Әр ретінде 14 жұмыртқадан салып, оларды жеті-
жетіден екі қатар етіп орналастырады.
Зерттеулер бойынша кейбір жеке ұрғашы қандаланың өсімталдығы 377
жұмыртқаға дейін жетеді. Бірақ орташа өсімталдығы онша жоғары емес, әрбір
ұрғашы қандала 30-40 жұмыртқадан салады. Қандалалардың жұмыртқа салу кезеңі
40-50 күнге созылады. Осы мерзім ішінде қыстап шыққан қандалалар
жұмыртқаларын түгел салып болады да, өздері біртіпдеп өле бастайды. Сөйтіп
қыстап шыққан қандалалардың саны астық пісер алдында мүлде бітеді де,
олардың орнын бақашықтың жаңа ұрпағы – личинкалар, одан кейін жас
қандалалар басады.
Бірінші жастағы личинкалар өздері жарып шыққан жұмыртқа қабықтарының
маңайына топталып, қозғалмай жатады. Олар бұл кезде өсімдіктермен
қоректенбейді, организмінде артылып қалған ұрық қорымен қанағаттанады.
Олардың дамуы 3-4 күнге ғана созылады. Одан кейін олар түлейді де, екінші
жасқа өтіп, өсімдіктердің арасына тарап кетеді. Дамудың осы сатысынан
баста, бақашықтың жаңа ұрпағы егінге зиян келтіре бастайды.
Бақашықтың личинка фазасының өсіп-жетілу мерзімінің ұзақтығы 35-40
күнге созылады. Личинкалардың ересек қандалаларға айналу процесі дәнді
дақылдардың сүттену және қамырлану кезеңдеріне тура келеді. Ал жаңа
ұрпақтың жас қандалаларының қыстайтын жерлеріне қарай жаппай ұшуы астықты
орып, жинау кезеңіне тура келеді. Ал температурасы өте жоғары, ылғалы
жеткіліксіз болатын кейбір құрғақшылық жылдары олар орақ басталмай-ақ
қыстайтын, болмаса жаздың ыстық кездерінде аялдай тұратын жерлерге қарай
ұшып кетеді.
Бақашық қандала дәнді дақылдардың барлық түрлерін –жаздық және күздік
бидайды, қара бидайды, сұлыны, арпаны, ал жемшөптік дақылдардан еркек
шөпті, бидайықты және басқаларын зақымдайды. Осылардың ішінде көбірек
зақымдайтындары жаздық және күздік бидай мен қара бидай. Қандала зақымдаған
өсімдіктерді оның сыртқы белгілеріне қарап ажыратуға болады. Көктеу және
түптену кезінде зақымдалған өсімдіктің орталы жапырағы солып, сарғайып
кетеді. Ал өсімдік сабақтану кезінде зақымдалса, онда оның масағы қурайды
да, , ал масақ болып қалады.
Бақашық қандала сорып зақымдаған астық дәндерін басқа сау
-8-
дәндерден ажыратып алуға болады. Егер бидай дәні сүттену немесе қамырлану
кезінде зақымдалса, онда дән бүрісіп қалады. Ал бидай дәні пісіп жетілген
кезде зақымдалса, онда дән өзінің табиғи пішінін өзгертпейді. Дәннің
қандала сорып жарақаттаған жерінде қара қоңыр нүкте қалады.
Қандалар және олардың личинкалары бидай дәнін зақымдағанда оның тек
салмағын ғана кемітіп қана қоймай, сонымен қатар оның тұқымдық сапаларын да
төмендетеді. Себебі зиянкестің сілекейі дәннің уызын бүлдіреді. Сондықтан
қандала зақымдаған бидайдың ұнынан пісірілген нан көтерілмей, сапасы нашар
болады. Ал қандала бидай дәнінің ұрық бөлімін зақымдаса, онда оның тұқымдық
қасиеті төмендеп, өнімділігі кемиді. Егіндегі бақашық қандалардың сан
мөлшері неғұрлым көп болса, астықтың түсімі де соғұрлым аз болады.
Бақашық қандаланың сан мөлшерінің оқтын оқтын көбейіп не азайып
тұруына жағдай туғызатын факторлардың бірі – ауа райы. Кейбір жағдайларда
ауа райы зиянкеске тікелей әсер етеді. Әсіресе қыс кезінде болатын қарсыз,
қара суықтар қандалалардың қыстап шығуы үшін өте қолайсыз жағдайлар
туғызады.
Зиянды бақашықтардың азайып тұруына ботаникалық факторлардың , атап
айтқанда оның табиғи жауларының маңызы өте зор. Паразиттік тіршілік ететін
насекомдар қандаланы жұмыртқа және ересек насеком сатысында да зақымдайды.
Оны жұмыртқа сатысында зақымдайтын паразиттер – жұмыртқа жемірлері немесе
теленомустар деп аталады. Олар жарғаққанатттылар отрядының целионида
тұқымдасына жатады. Теленомустар зақымдаған жұмыртқаларды сау
жұмыртқалардан оңай ажыратуға болады. Олар зақымданғаннан кейін көп
кешікпей –ақ қара немесе қара көк түске айналады. Теленомустар астық
қандалаларының зиянды бақашықтан басқа да түрлерінің жұмыртқаларын
зақымдайды.
Астық қандалаларының теленомустардан кейінгі негізгі бір жауы – фазия
деп аталатын шыбындар. Олар қосқанаттылар отрядының тахина деп аталатын
тұқымдасына жатады. Фазия шыбындары өздерінің жұмыртқаларын қандаланың
денесіне орналастырады. Мысалы, қара фазия жұмыртқасын қандала бір
өсімдіктен екінші өсімдікке ұшып-қонып жүргенде оның арқа жағына немесе
қанатының астына салады. Жұмыртқадан шыққан личинка қандаланың денесін
тесіп, оның ішіне енеді де сонда қсіп жетіледі. Мұның нәтижесінде
қандалалардың ұрық бездері жетілмей ол бедеу болып қалады.
Паразиттер, әсіресе теленомустар, зиянды бақашықтың жаппай өніп-өсуін
тежеп отыратын негізгі фактор болып табылады.
-9-
Сүйір басты қандалалар (Aelia F.) – қалқаншалылар тұқымдасына жататын
қандалалар. Қазақстанда олардың 5-6 түрі кездеседі. Солардың ішінде ең көп
таралған түрі – сібірлік сүйір басты қандала. Ол әсіресе Қостанай облысында
кең таралып, өсімдікке едәуір зиян келтіреді.
Ересек қандаланың ұзындығы 8-11 мм; денесі жұмыртқа пішінді сопақша,
арқа жағы дөңестеу, басы сүйір де үшбұрышты. Жалпы түсі ақшылдау сары,
денесінің үстінде салалы сұр немесе қара жолақтар бар. Жұмыртқасы кішкене
кеспек тәрізді, ақ сары немесе бозғылт түсті. Личинкалары ұзынша, сопақ
денелі келеді. Бірінші және екінші жастағы личинкалардың бас және кеуде
бөлімдері қара қоңыр, құрсағы бозғылт, ал жоғарғы жастағы личинкалардың
түсі біркелкі бозғылт немесе ақшыл қоңыр болады.
Қандалалар әдетте жаздың ақырғы күндері немесе күзде қоректенген
жерлерінде яғни егіс далаларында, көп жылдық жемшөптік дақылдардың егісінде
сонымен қатар астық тұқымдас өсімдіктер өсетін тың жіне тыңайған жерлерде
әр түрлі паналардың астында қыстайды.
Зиянды бақашықтарға қарағанда сүйір басты қандалалар көктемде шығады.
Сондықтан қоректенуге де ұрықтанып көбеюге де олар ерте кіріседі. Ұрғашы
қандалалар жұмыртқаларын астық тұқымдас өсімдіктердің жапырағына, кейде
өткен жылғы қалдықтарына немесе топырақ кесектеріне топтап (12жұмыртқадан)
екі қатарға немесе тізбек етіп салады. Орташа өсімталдығы – әрбір ұрғашы
қандалаға 50 жұмыртқадан келеді.
Бақашық қандала сияқты сүйір басты қандалалар да дәнді дақылдардың
барлық түрлерін зақымдайды. Ал жабайы қсетін аастық тұқымдас өсімдіктермен
олардың байланысы бақашық қандалаға қарағанда күштірек. Егер қыстап шыққан
жерлерінде жабайы өсетін астық тұқымдас өсімдіктер жергілікті болса, онда
сүйір басты қандалалар дәнді дақылдардың егісіне көшпей-ақ, барлық даму
кезеңін сол өсімдіктерде өткізе алады. Зиянды бақашықтардың сан мөлшерінің
көбейіп не азайып тұруына әсер ететін факторлар сүйір басты қандалаларға да
сондай әсер етеді.
-10-
2.2. Бидай трипсі (Haplothrips tritici Kurd)
Бидай трипсі (Haplothrips tritici Kurd). Бұл бидай мен қара бидайдың
өте кең тараған зиянкесі. шашақ қанаттылар отрядына жататын ұсақ жәндіктер.
Үлкендерінің ұзындығы 1,5-2 мм, түсі қара. Қанаттарының шетінен жіңішке
шашақтар салбырап тұрады. Личинкасы қызыл түсті.
Трипс личинка күйінде егіс далаларындағы әр түрлі ірі сабақты
өсімдіктердің қалдықтарында және топырақ кесектерінің арасында қыстайды.
Личинкалар көктемде топырақ жылынып қыза бастағаннан кейін жатқан
жерлерінен шығып ересек трипсілерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде
ересек трипсілер шілденің ортасында, оңтүстігінде сәуірдің аяғы, мамырдың
басында шығады. Олардың жаппай ұшуы солтүстік аудандарда шілденің аяғында,
ал оңтүстігінде мамырдың аяғында байқалады.
Алғашқы кезде тприсілер күздік бидай, қара бидай және бидайық сияқты
көпжылдық астық тұқымдас жем шөптік дақылдардың егістеріне жиналып
шоғырланады да, кейіннен жаздық егістерге көшеді. Олар өсімдіктің ең
жоғарғы жапырағының қолтығына еніп алып, масақ орамының нағыз шырынды
жұмсақ жерлерін сорады.
Трипсілер масақша қауыздарының астына және масақ сағағына
жұмыртқалайды. Олар ең алдымен ерте бас алған өсімдіктерді мекендейді, ал
егін түгел масақтанғаннан кейін өсуі артта қалған және қуалап өскен
өсімдіктерге шоғырланады.
Трипсілердің жұмыртқалары сопақша, сарғылт қызыл түсті келеді. Бір
ұрғашы трипсі өз өмірінде 20-22 жұмыртқа салады. Жұмыртқасының жетілуі 6-8
күнге созылады. Әдетте личинкаларының шығуы жаздық бидайдың толу кезеңіне
тура келеді. Олардың сан мөлшерінің ең көп болуы бидай дәнінің сүттену
кезеңінің аяқ кезінде байқалады. Қамырлану кезеңі басталысымен личинкалар
қоректенуін тоқтатып, масақты тастап, жерге түседі.
Бидай трипсі ересек және личинка күйінде де зиянкестік әрекет жасайй
алады. Ересек трипсілер үшкір тұмсығымен масақша қауызының және ең жоғарғы
жапырақ түтікшесінің керегесін тесіп жарақаттайды да сол мүшелерінің
шырынын сорады. Осының нәтижесінде масақ қисық өсіп. Өз пішінін жоғалтады
және оның ұшындағы масақшалар қурап қалады. Дегенмен ересек трипсілер
личинкаларға қарағанда өсімдікке онша көп зиян келтіре қоймайды.
Личинкалар алғашқы кезде гүл және масақша қауыздарымен қоректенеді
де, соңынан толып келе жатқан бидайдың дәндерін сорып,
-11-
салмағын кемітеді. Зақымдалған дәндер қатая келе пыш болады. Личинкалар
дәннің әтүрлі бөлімдерін сорады. Дәннің личинкалар сорып зақымдалған
жерлерінде әжім басқан қоңыр дақтар пайда болады.
Құрғақшылық жағдайында трипсілердің зиянкестік әрекеті күшейе түседі.
Суармалы егістерге қарағанда олар тәлімі жерлердегі егінді қаттырақ
зақымдайды. Егістің трипсілермен зақымдану дәрежесі – бидайдың ерте не кеш
бас алуына және ол фазаның өту жылдамдығына байланысты. Әдетте егіс бірден
түгел масақтанбай, біртіпдеп масақтанатын болса, трипсілер әрі көп, әрі
олардың зияндану дәрежесі де жоғары болады.
-12-
2.3. Астық биттері
Астық биттері тең қанатты насекомдар отрядының (Homoptera)
өсімдіктер биттері (Aphidoidea) тармағына жатады. Қазақстанда кең таралған
түрлері: кәдімгі астық биті – Schizaphis gramina Rond, арпа биті -
Brachycolus noxius Mordrv және сұлы биті - Macrosiphum avenae F. Бұлар өте
ұсақ жасыл немесе сарғылт қоңыр түсті, жұмсақ денелі, баяу қозғалатын
насекомдар. Мұртшалары мен аяұтары ұзын болады. Топтаса шоғырланып тіршілік
етеді.
Кәдімгі астық биті мен сұлы биті бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш
және жүгері дақылдарын, ал арпа биті тек бидай мен арпаны зақымдайды.
Біріншісі сонымен қатар траыда және қонақ жүгері мен судан шөбінде де
кездеседі. Бұлар мекен өзгертпейтін өсімдік биттері тобына жатады. Олар
өздерінің тіршілігі кезінде қоректік өсімдіктерін алмастырмайды, тек астық
тұқымдас өсімдіктерде ғана өніп-өседі.
Астық биттері жабайы өсетін астық тұқымдас өсімдіктермен күздік
бидайдың жапырақтарына салынған жұмыртқа фазасы күйінде қыстайды. Олар
жұмыртқаларын көбінесе жапырақ сағағына таяу немесе жапырақ қынабына
салады. Өсімдік биттері жұмыртқаларының пішіні сопақша, жаңадан
салынғандары ақшыл жасыл, 2-3 күннен соң қара түске айналады.
Астық биттері көктемнен бастап күзге дейін ұрықтанбаған жұмыртқа салу
жолымен өніп-өседі. Жаздың аяқ кезінде, яғни астық тұқымдас дақылдарының
өсіп-өну дәуірінің аяқталуына байланысты қоректік жағдайлары нашарлаған
кезде, әлі де қатая қоймаған жастау өсімдіктерге ұшып бара алатын қоныс
аударушылар деп аталатын түрлері пайда болады. Кәдімгі астық биті мен сұлы
биті өсімдік жапырақтарына, көбінесе олардың астыңғы бетінде, ал арпа биті
ең жоғарғы жапырақтың ішінде және қынабында топтаса шоғырланып тіршілік
етеді. Өсімдік биттерінің басқа түрлері сияқты бұлар да өте тез көбейеді.
Олар әсіресе егіннің сабақтану кезінде өте көп болады. Бір маусымда 8-15
ұрпаққа дейін береді.
Астық биттерімен зақымданған өсімдіктер баяу өсекді де нашар дамиды,
жапырақтары сарғайып, қурап қалады. Өсімдік жас кезінде қатты зақымдалса
кейін мүлде масақтанбай қалуы да мүмкін. көпшілік жағдайды астық биттерінің
зақымдануының салдарынан масақ ағарып кетеді және қисайып, пішінін
өзгертеді.
Астықтың сұр көбелегі (Hadena sordidae Bkh.). Қабыршақ қанаттылар
отрядының қоңыр көбелектер тұқымдасына жатады. Солтүстік Қазақстан,
Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және
-13-
Семей облыстарында таралған. Қазақстан жағдайында дәнді дақылдардың ең
басты зиянкестері, әсіресе республиканың солтүстік бөліміндегі аудандарда
жиі кездеседі.
Қоңыр көбелектердің басқа түрлері сияқты бұл да жуантық денелі,
тыныштық қалпында қанаттарын шатыр тәрізді жайып отыратын көбелек.
Қанаттарының өрісі 38мм, денесінің ұзындығы 15-18мм, мүртшалары жіп
тәрізді. Қанаттарының түсі ақшыл сұрдан қара сұрға дейін құбылып тұрады.
Ақшыл түстілері көбінесе бозғылт қоңыр топырақты аудандарда кездеседі.
Қоңыр көбелектердің басқа түрлеріне қарағанда астық сұр көбелегінің
жұмыртқа салғыш қынабының құрылысы ерекше болады. Оның жұмыртқа салғыш
қынабы қызыл қоңыр түсті, жақтаулары қысқыш тәрізді болып көрінеді.
Көбелектің жұмыртқалары өте ұсақ (диаметрі 0,4-0,5 мм), шар пішінді,
көп қырлы болады. Жаңа салынған жұмыртқалар мөлдір түсті болады, кейінірек
ұрықтың дамуына байланысты қызғылт, ал гусеница шығар алдында қоңыр түске
айналады.
Астық сұр көбелегі жылына бір ұрпақ береді. Ең соңғы жастағы
гусеницалары топырақ арасында қыстайды. Қуыршақ дәуірі орташа есеп бойынша
26-28күнге, ал кейде 36 күнге және одан да ұзаққа созылады. Көбелектердің
шығу мерзімі ауа райының жағдайларына байланысты. Көктемі жылы және құрғақ
жылдары гусеницалар ерте қуыршақтанады және осыған сәйкес ерте шығады.
Көбелектердің жалпы ұшу ұзақтығы 30 күн шамасына, ал соның ішінде
жаппай ұшуы тек 10-12 күнге ғана созылады. Олар кешке және түнде ұшады.
Әсіресе қауырт ұшатын уақыттары түңгі сағат 11-ден 1-ге дейін. Күндіз
көбелектер әр түрлі өсімдіктердің төменгі жапырақтарының және топырақ
кесектерінің астында жатады.
Астықтың сұр көбелегі негізінен бидайды, қара бидайды аздап
арпаны, кейде жүгеріні да зақымдайды. Астықтың сұр көбелегінің зиянкестік
қабілеті гусеницалардың сан мөлшерімен және олардың масақта қоректену
ұзақтығымен анықталады. Егінде оның жұмыртқаларының аз не көп болуы
көбелектердің жұмыртқалау кезіндегі өсімдіктердің қандай даму сатысында
тұрғандығына байланысты. Сонымен қатар ең алғашқы кезде жақсы жетілген гүл
жатыны мен қоректенген гусеницалардың тіршілік қабілеттелігі жоғары болады.
Осы айтылғандарға байланысты астық сұр көбелегінің гусеницалары ерте
себілген егіндерде көп болады да, соған орай бұл егіннің өнімі азаяды.
Астықтың сұр көбелегінің зиянкестік қабілеті бидайдың сорт
-14-
ерекшеліктеріне де байланысты. Гусеницаларда жоғарғы сапалы астықпен ұзақ
уақыт қамтамасыз ете алатын бидайдың кешігіп пісетін сорттарын, вегетациясы
қысқа сорттарға қарағанда, көбірек зықымдалады.
Жаздың екінші жартысында құрғақшылық болса астықтың пісуі
жылдамдайды. Соның нәтижесінде гусеницалардың зиянкестік әрекеті
төмендейді, тіпті олардың көпшілігі қырылып қалады. Өнімді ертерек жинап
алудыңда зор маңызы бар.
-15-
2.4. Астық қоңыздары
Астық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz