Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Кіріспе
I бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме .
I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.
I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері.

Тақырыптың өзектілігі.
Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген себептерге орай қауіпсіздік проблемалары саласындағы зерттеу жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады. Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен, екіншіден адамның өмір сүру жағдайының жоғарғы технологиялар дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық және ғаламдық деңгейдегі дағдарыстарды әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене түсуімен түсіндіріледі.
Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихи тәжірбиесі әрқандай мемлекеттің қатардағы адамдарының әл ауқаты ең алдымен оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.Бұл орайда ел президентінің Қазақстан халқына жолдауына атап айтылғандай осынау қарапайым шындықты әр адамның түйсінуі аса маңызды./1/
Адамзат өркениеті үнемі қауіп пен қатер ортасында өмір сүріп отыр, оны айтпағанда қоғамда өтіп жатқан сапалы өзгерістер жаңа ғаламдық проблемалардың және әр түрлі сипаттағы қатерлердің туындауымен қоса қабат жүріп жатыр. Осы орайда кейбір зерттеушілер былай деп атап көрсетеді: “әр уақыттың өзіндік жаңа қауіпсіздік жүйелері болады. XXғасыр әскери қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасаудың бір қатар жемісті идеясын дүниеге келтірді,бірақ оларды іске асыру мүмкін болмады,түптен
келгенде , адамзат осы идеялардың бодауына екі жаһандық”
“қаңқасап”соғыспен және бір “бір қырғи қабақ” соғыспен және жер бетіндегі өмірдің ядро күшімен құрып кету қаупімен төлем төледі. Аймақтық әскери жанжалдар өрттей қаулаумен қатар экономикалық,

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Кіріспе
I бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме
.
I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.
I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген
себептерге орай қауіпсіздік проблемалары саласындағы зерттеу жұмыстарына
едәуір көңіл бөліне бастады. Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші
жартысындағы қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы
терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен, екіншіден адамның
өмір сүру жағдайының жоғарғы технологиялар дәуірінде шиеленісіп кетуімен,
үшіншіден мемлекеттік аймақтық және ғаламдық деңгейдегі дағдарыстарды
әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене
түсуімен түсіндіріледі.
Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихи тәжірбиесі әрқандай мемлекеттің
қатардағы адамдарының әл ауқаты ең алдымен оларды қоршаған табиғи ортаның
қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.Бұл
орайда ел президентінің Қазақстан халқына жолдауына атап айтылғандай
осынау қарапайым шындықты әр адамның түйсінуі аса маңызды.1
Адамзат өркениеті үнемі қауіп пен қатер ортасында өмір сүріп отыр,
оны айтпағанда қоғамда өтіп жатқан сапалы өзгерістер жаңа ғаламдық
проблемалардың және әр түрлі сипаттағы қатерлердің туындауымен қоса
қабат жүріп жатыр. Осы орайда кейбір зерттеушілер былай деп атап
көрсетеді: “әр уақыттың өзіндік жаңа қауіпсіздік жүйелері болады. XXғасыр
әскери қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасаудың бір қатар жемісті идеясын
дүниеге келтірді,бірақ оларды іске асыру мүмкін болмады,түптен
келгенде , адамзат осы идеялардың бодауына екі жаһандық”
“қаңқасап”соғыспен және бір “бір қырғи қабақ” соғыспен және жер
бетіндегі өмірдің ядро күшімен құрып кету қаупімен төлем төледі. Аймақтық
әскери жанжалдар өрттей қаулаумен қатар экономикалық, экологиялық, рухани ,
имандылық ақпараттық және басқада қатерлер өршіп барады. Бұл өреде қазір
қауіпсіздіктен қымбат нәрсе болмай отыр.2
Ұлттық қауіпсіздіктің обьектілері-жеке адам оның құқықтары мен
бостандықтары, қоғам мен материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет
оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы болып
табылады.
Ұлттық қауіпсіздіктің субьектілері - өз өкілеттілігін биліктің заң
шығарушы,атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге
асырылатын мемлекет,азаматтар мен ұйымдар болып табылады.
XXI ғасыр терең әр қилы қоғамдық өзгерістер кезеңі болатындықтан,
қауіпсіздік факторын ғаламдық,аймақтық,және ұлттық көлемде қоғамдық
жаңғыртудың қолқа жүрегіне де айналдыру, қауіпсіздік ісін сыртқы және ішкі
саясатты талдап,жасап жүзеге асырудағы, халықаралық ішкі мемлекеттік
құрылымдар мен қатынастарды жобалап түзу ісіндегі бірінші принцип
ретіндегі қарау аса маңызды мәнге ие болып отыр. Орнықты және қауіпсіз
даму мәселелеріне ғылыми ынтаның кенет артуы отандық ғылымда да орын алды.
Посткеңестік қоғамдағы көпқырлы, және жүйелі дағдарыс, жаңа мемлекеттердің
саяси жіне экономикалық дербестігін жоғалту қаупі туып отырған қазіргі
жағдайда ұлттық қауіпсіздік сияқты өмірлік маңызы бар мәселелерге ғалымдар
қатты назар аударып отыр.
Осы дипломдық жұмысты зерттей отырып, мен төмендегідей міндеттерді
қарастырдым:
1. Ұлттық қаупсіздік ұғымына түсініктеме беру;
2. Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі саяси аспектілерін анықтау;
3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздгіне ықтимал қатерлерді
айқындау;
4. Ұлттық қаупсіздігін қамтамасыз етудегі жүргізілетін іс-шаралардың
маңыздылығы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Ұлттық қауіпсіздік мәселесі саяси ғылымдарда кеңінен зерттеліп келе
жатқан тың тақырыптың бірі.оның үстіне саяси -әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз етілу мәселесі көне замандардан келе жатыр.Атап айтқанда
Аристотель, Платон, Конфуций, Шан Ян және аль-Фараби секілді ғұлама
ғалымдардың еңбектерінде қоғамддық тәртіп мәселесі жан-жақты
қарастырылған. Мемлекеттің жеке адамның қәуіпсіздігін қорғауда атқаратын
ролі мен функциялары жөнінде Николло Макиавелли, Джон Локк, Томас Гобсс,
Монтескье, Имануил Кант және Гуго Гроций сияқты ғаламдардың да еңбектері
аз емес.4
Томас Гобсстың пайымдауынша қарапайым тұрғындар ішкі қақтығыстарды
тоқтату мақсатымен мемлекеттің билігін мойындауға мәжбүр болып, өзара
бірігеді. Билеуші болса өз мүддесі үшін адамдардың өмірі мен бостандығы
үшін әр-түрлі қатерлерден сақтауға тиіс. Иммануил Кант Гоббстың пікіріне
қарама-қарсы “тұрақты бейбітшілік концепциясын” ұсынадыоның схемасы
бойынша белгілі бір мемлекеттің ұлттық мүдделерін зиялы саяси тәртәптің
арқасында реттеуге болады,яғни адамдардың біртұтас қауымдастығын құру үшін
ең алдымен федеративті мемлекеттік жүйенінегізу керек. Ұлттық қауіпсізді
парадигмасы ұлттық мемлекеттердің дүниеге келуінің арқасында пайда
болады. Көптеген зерттеушілердің тұжырымдауынша, өтпелі кезең тұсында
ұлттық қауіпсіздікке, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, әскери және
тағы басқа қауіптерден басқа саяси факторлар да үлкен қатер тудырады.
Өйткені саяси жүйе мен экономикалық жүйе арасындағы тепе-теңділік күйі
кенеттен өзгеріске ұшырап, қоғамдық қатердың мазмұны сол өзгерістерге сай
құбылуы ықтимал. Бұл өз алдына кезекті “әлеуметтік жарылысқа ”әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Ұлт үшін оқыс сын сәттерге толы тарих кезеңдерде негізінен мемлекеттік
мүдде алға шыға алады. Бұл жағдайда мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігі
өзіндік мақсатқа айналады, және ол саяси күштер мен қоғамдық топтардың,
сондай-ақ оларды қорғау жолындағы пәрменді институттар қызметінің басқару
және үйлестіріп отырудың тиімді тетігі арқасында орындалады.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне:
➢ Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ;
➢ Елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау;
➢ Қазақстанның бүкіл халқының игіліг үшін экономикалық даму ;
➢ Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және Қазақстан халқының бірлігін
нығайту;
➢ Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау мен
еселей түсу;
➢ Қазақстан Республикасы конституциялық құрлысының,оның ішінде мемлекеттік
тәуелсіздігінің ,бірегей құрлысы мен президенттік басқару
нысанының,тұтастығының мемлекеттік шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел
аумағының бөлінбестігінің бұлжымас беріктігі;
➢ Мемлекеттік институттардың тұрақты жұмыс істеуі,оларды нығайту және
қызметінің пәрменділігін арттыру ;
➢ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің,басқа да әскерлері мен
құрамаларының жарықталуы мен жауынгерлік әзірлігн қамтамасыз ету;
➢ Заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртібін сақтау;
➢ әріптестік негізде халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
I-бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы-жеке адам мен азаматтардың
конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық
мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми
қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.
Жек адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.
Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің
ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол
себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес,
керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік
ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді.
Қауіпсіздіктің ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен
міндеттемелердің орнына ақша – нарық қатынастарын негізген капиталистік
экономиканың ,дамуын бұзды. Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның
өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады. Ақша мен меншік адам
баласының нарықтық капиталистік экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз
етіп, оның жекелігі тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді. Адам баласы
одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа
сүей бастады. Алайда философ Джон Локк айтқандай адам баласы табиғат
күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса ,оның қауіпсіздігіне де
ешқашан кепіл берілмейді.Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты. Ұлттық
негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді.Ендігі жеде қауіпсіздік әскери
фактор:әскер сан мен оның үйретілу дәрежесі, қару-жарақтың саны мен сапасы
арқылы қамтамасыз етілді.XIX ғасырдағы және XXғасырдың алғашқы
жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси
жағынан басқа тұрғыда түсінуге жағдай жасамады Экономика әскери машинаның
“отынына” айналды, табиғи орта тек қана стратегиялық ресурстар көзі
ретінде қарастырылды, адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды.
Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы
және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы.бұл орайда көптеген
зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға
келмейтін бейматериалдық және нақты дүниеaдегі әртүрлі нысандардың өмір
сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні
түріндегі”философиялық категория деп қарауға бейім.5
Осы айқындаманы тірек ете отырып ресейлік ғалымдар қорғана білу
ахуалы,әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн
қата білу қасиеті болып табылады,ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі
мынандай параметрлермен:өзіне-өзі жеткіліктілігімен,әлеуетімен
(иммунитет)өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп,соларды жүзеге асыру
мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.
“Мемлекет қауіпсіздігін оның қасиеті ретінде бағалау, әлбетте жаңалық ашу
емес,мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады,себебі бұл
қасиетті жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ.Ал
қауіпсіздік жағдайы оы қасиетті әрқандай сөз болатын кезең ішінде дәл
белгілеуден басқа түк те емес. Өзгертіңкіреп айтсақ мемлекеттің қорғана
білу жағдайы- оның әрқандай сәттегі қауіпсіздік деңгейі” 6
Осы қағидаттың сүйегінен шығара отырып қауіпсіздік екі түрге бөлінеді:
қауіптің немесе әлдебір сілкініс мүмкіндігінің социумға болжамдық тұрғыдан
қатер төндірмеуі және оның қауіп-қатерден анық қорғалуы, одан сытылып
шығып,қарсы тұра білу қабілеті.
Қауіпсіздік саласындағы дәлдеу қажет болып отырған негізгі ұғым “қауіп”
ұғымы себебі қауіпсіздік проблемаларын зерттеу зерттеу процесінде бұл
термин бастапқы термин деп есептеледі. “Қауіп”ұғымы қауіпсіздіктің жалпы
теориясында “әлеуметтік ағзаға теріс әсер етудің обьективті мүмкіндігі
оның салдары ретінде әлі ағзаға жағдайын нашарлатып,дамуына жағымсыз
серпін немесе паоаметрлер дарытатын әлдебір залал,зиян келтіретін ахуал
ретінде қарастырылады.”7 Демек, "қауіп” терминін анық қатер төнген кезде
туындайтын беймаза ахуал немесе жағдай сондай-ақ осы жағдайды тудыруға
септесетін әртүрлі шарт деп ұғынуға болады. Қатер сырттан туып қаралып
отырған нысанның ішінде де бола береді. Ықтималдылық дәрежесі жағынан анық
және әлеуетті қатер деп бөлінеді,ал нақпа-нақ бағытталу сипаты және
қолайсыз жағдай туған кездегі субьективтік фактордың роліне қарай
көптеген ғалымдар қатердің ілік тастау және қатер мүмкіндігі түрлерін
ажыратады. Қатердің бұл түрлері жинала келіп ұлттық қауіпсіздіктің базалық
элементтерін құрайды, себебі қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына
кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін.
Демек ұлттық қауіпсіздіктің тұғырын ұлттық мүдде, қатер және одан қорғану
құрайды. Ұлттық қауіпсіздікке мынандай анықтама беруге болады “ұлттық
қауіпсіздік ” - азаматтардың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар
мүддесінің ахуалы мен даму үрдістері. Сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен
өмір салтының анық және ықтимал қатерлерден қорғалу жағдайы. Дегенмен бұл
жерде ұлттық өмір салтының қорғалу ұғымы деп, бір ұлттың немесе бір
халықтың қауіпсіздігі ғана айтылып отырғанын ескерту жөн. Бұл ұғымнмың
астарында ең алдымен мынандай мағына бар “аталған елдегі жеке ұлттық
түзілім немесе бүкіл қоғам тарихи тұрғыдан қабылдаған жосықсыз бұзылуы
теріс әлеуметтік салдарларға , немесе төлтума қасиеттің жоғалуына әкеліп
соғатын неғұрлым кең таралған және орнықты әлеуметтік дербес мінез-құлық
пішіндері,имандылық уклад және баға беру жүйесі.8”
Ұлттық мүдденің жан-жүрегі жалпы адамзаттың құндылық
басымдығынан туындауы ұлттық идея болып табылады. Олай болмаған жағдайда
ұлттық қауіпсіздік концепциясын да бір ғана ұлттық мүддесі басым түсіп
отырады. Ұлттық мүдде деп мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және
орнықты дамуы тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғмның обьективті
қажеттіліктерінің жиынтығын ұққан жөн. Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдың
сипаты мен мазмұнын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс.
Алайда кез-келген қоғам әр-түрлі деңгейдегі мүдделер иерархиясы
болғандақтан аталған тарихи қауымдастықтың ұлттық мүддесінің оның
дамуындағы обьективті қажеттіктерден туындаған ынталандырушы күш
ықпалымен қалыптасуы өте күрделі процесс болмақ,онда әр-түрлі қоғамдық
топтардың жеке ерекше мүдделері қоян-қолтық араласып, ықпалдасып теке
тіресіп жатады. Сондықтан ұлттық мүдде қалыптастырудың басты салалары
мемлекет және азаматтық қоғам болып табылады. Өз кезегінде бұл тұжырымнан
ұлттық қауіпсіздіктің негізгі ішкі саяси факторлары мен элементтеінің
өзара байланысы келіп туады,себебі стратегиялық тұрғыдан алғанда ел
қауіпсіздігінің басым бағыттарының құрылымы үш негізгі фактормен:жеке
адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігімен белгіленеді.
Жеке адамның қаіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің кез-келген концепциясының
негізгі критериі,себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына ең алдымен,
жеке адам қауіпсіздігі азаматтарға өмірлік маңызды қажеттіліктерін жүзеге
асыруға мүмкіндік берелік құқықтық және имандылық нормаларын,қоғамдық
институттарды қалыптастыру түрінде жүз беріп отырмақ. Олай болса ұлттық
қауіпсіздік ұғымын ең алдымен қоғам мүшелерінің қалыпты толыққанды өмір
сүруіне ,еркін дамып ,өз мүмкіндіктерін аша білулеріне қолайлы жағдай
жасау деп түсіну керек. Дәл қазір жеке адамның өмірлік маңызды мүддесіне
мыналарды жатқызуға болады.
-адамның қадір-қасиетін,адам өмірін және жұртшылық денсаулығын жоғары
құндылық деп білу;
-адамның конституциялық құқы мен бостандығынн іс-жүзінде қамтамасыз ету.
-рухани және интелектуалдық дамуда тең құқыққа ие болу;
-жеке және мүліктік қауіпсіздіктің сенімді түрде қорғалуы;
-мемлекет тарапынан материалдық жағдайдың лайықты және кепілді минимумының
қамтамасыз етілуі;
-қолайлы экологиялық ахуал жасау:
Мемлекеттің қоғамдағы адам баласының негізгі құқын ,ең алдымен оның өмір
сүруге жеке бостандығына және меншікке деген құқын қаншалықты қорғап,
кепілдік бере алатындығына тікелей байланысты. Мұндай айқындау ұлттық
қауіпсіздік мазмунын адамзат тарихында орын алғанындай мемлекет
қауіпсіздігімен алмастыру мүмкіндігі.
Жоғарыда айтылғандай жеке адам қауіпсіздік нысаны болса мемлекет
субьектісі. Бұл жерде аумақтық тұтастық пен мемлекеттік тәуелсіздікті
сақтау тәрізді өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделер жеке адамдардың ерік-
жігері мен ынтасына байланысты емес екендігін атап айту жөн,себебі жоғарыда
айтылғандар обьективті жағдайлар және олар ұлттық сана сезімнің бір
бөлігін құрады.
Мемлекетте қандайда да бір саяси билік өктем болмасын ол дәл осы
қағидатты тірек етіп отырмақ,бұл жердегі айырма ұлттық мүддені қамтамасыз
етудің әдісі мен тәсілінде ғана,сондықтан қауіпсіздік жүйесіндегі басым
бағыттардың орналастыру ретін әңгімелей отырып жеке адамның
қауіпсіздігін бірден-бір басым бағыт түрінде көрсетіп ,мемлекет мүддесін
жай азамат қажеттілігіне бағындыруға болмайды.
Жек адамның мүддесінен тұтас алғанда қоғам мен мемлекет мүддесі
туындайды,өйткені қоғам дегеннің өзін адамдардың өзара әрекетіне түсуінің
жеке бірлесуінің юарша әдісі мен пішінінің жиыны деп қарауға болады.
К.Маркс “қоғам индивидтерден тұрмайды,ол осы индивидтер бір-бірімен түсетін
байланыстар мен қатынастар жиынтығын көрсетеді”деп әлденеше мәрте
ескеткенді.Демек егер жеке адам елдің қоғамдық саяси және әлеуметтік
–экономикалық дамуының ең жоғарғы мақсаты болса ,онда қоғам сол жеке
адамның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі шығармашылық әрекетінің
әлеуметтік ортасы және қажетті шарты.
Қоғамның өмірлік маңызы бар мүддесіне мыналарды жатқызуға болады:
• “өзін-өзі ұдайы өсіріп отыру”қабілетін сақтау :өмір деңгейі мен
сапасының құлдырап кетуіне жол Фбермеу; халықтың тәни психологиялық
және зәу-заттық сау-саламаттығын нашарлатпау;
• Қоғам өмірінің барлық саласында халықтың белсенді харекетн көрсетіп
отыру;
• Әрқандай қауымдастықтың парадигмасын құрайтын құндылық нормалар және
мұрат (идеял) жүйесін жасау;
• Мемлекеттің әлеуметтік саяси, экономикалық дамуының неғұрлым маңызды
мәселелері бойынша әлеуметтік саяси тұрақтылық пен келісім ахуалын
сақтау;
• Азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру және қоғамның мемлекет
үстінен бақылау жасау тетіктерін жасау,тетіктерін құру.
Сөйтіп қоғам қауіпсіздігінң негізін азаматтар мүддесінің жиынтығы құрайды.
Алайда бұл жердегі гәп қоғамдық мүдденің мемлекет мүддесімен әруақытта
келе бермейтіндігінде. “Олар қоғамдық мүдде билік басындағы элита тарапынан
мемлекеттік басқару лұғатына көшірілсе ғана үйлесім табады ”Ұлттық
мүддеден қоғамдық мүдденің айырмашылығы ол неғұрлым ұсақ,күнделікті
зәруліктерді қамтиды.Айталық көшені таза ұстау, сарқынды су тұрбаларын
жөндеу және т.б.9
Қоғам қауіпсіздігі бостандық проблемасының өзі сияқты
кереғар,өйткені ол мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы бір-біріне ықпал
жасау ісін теңестіріп отырудан шығатын басқа бір мәңгілік бір проблемамен
байланысты.
Кең таралған пікір бойынща, қауіпсіздік мемлекетті әлсірету
жолымен ғана немесе оны қоғамдық өмірдің барлық саласынан түгел дерлік
ығыстырп шығару арқылы ғана қамтамасыз етілмек, неге десеңіз азаматтар мен
қоғамның ішкі қауіпсіздігіне басты қатер мемлекет тарапынан төнеді.Осының
өзі кереғарлық. Шынтуайтында,азаматтар мүддесінің мемлекет мүддесін басып
кетуі бейбастыққа (анархияға) және қоғамда әр түрлі қылмыстық топтар
тарапынан тәртіпсіздік пен зорлық – зомбылық бұлтты үйіретін
жүгенсіздікке, бұқараның жаппай террор жасауына әкеп соғуы мүмкін. Мұның
алдын алу үшін қара күшті заңға бағыну қайдан шықса да әрқандай қара
күштен заңды үстем ету қажет.
Ұлттық қауіпсіздіктің қазақстандық моделінде де мемлекет мүддесі
басым тұр. Өзіндік ұлттық қауіпсіздік концепциясын талдап жасау мемлекеттің
одан әрі дамуының және құйқылжыған геосаяси ахуалдар жағдайында дұрыс
бағдар ұстау қажеттілігінен келіп туды.Әлем тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, ұлттық қауіпсіздік концепциясын қабылдау пікір-талас сипатына
ие емес, оны айтасыз, ол тіптен қоғамның барлық тараптарының бұл өреде
келісімге келуін талап етпейді, мұның өзі аталған мәселені билік басындағы
төбе-топ жемісіне жатқызады.10
Бізде қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі”
туралы заңына талдау жасау қазақстанның өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделері
,ықтимал қатер және олардан қорғану жолдары нақпа – нақ айқындалғандығына
қарамастан заңды жасаушылар кейбір баптар бойынша дамудың ұтымды
перспективалврын тірек еткеннен гөрі қазіргі саяси коньектураға иек сүйеп
кеткендігі байқалады. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік концепциясы ең
алдымен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігінің мән-мазмұнын айқындауға алып
баратын жолдың басы – республиканың ұлттық мүддесіне деген ресми
көзқарастар жүйесі ретінде қаралады.
Сондай-ақ ол елдің ішкі және сыртқы әлеуметін айқындап отырады.Осыдан
келіп, Қазақстанның ұлттық мүддесі деп қанағаттандырылуы мен қорғалуы елдің
өмір сүруі ғана емес ілгері дамуы үшін де қажет шарт болып табылатын,
Қазақстандық әлеуметтік қауым мүшелерінің баршасына ортақ қажеттіліктериен
мүдделер жиынтығын түсінген жөн. Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік
экономикалық және саяси құрылыс ерекшеліктерінен ,оның экономикалық даму
деңгейінен ,халықаралық аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасуын
орнынан ,жағырафиялық орналасуының ұлттық және мәдени ерекшеліктерінен
,яғни геосаяси факторлар алуандығын құрйтын нәрсенің баршасынан туындайды.
Қазақстанның өзіндік ұлттық мүддесінің ұлттық құндылықтары мен өмір
салтының бекемделу процесіне,сондай-ақ анық және ықтимал сыртқы және ішкі
қатерлерді анықтау ісіне ішкі саяси факторлар едәуір дәрежеде әсер етті.
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі параметрлерін қараған жерде
ішкі саяси факторларға екпін түсіру әсте де кездейсоқ емес,өйткені
Қазақстанның өз ұлттық мүддесін қорғап қалу мүмкіндігі түптеп келгенде
тәуелді болып отырған елдің әлеуметін дәл солар белгілейді. Осыларды ескере
отырып,Қазақстан Республикасының президенті 1996 ж 30 сәуірдегі үкімімен
Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік концепциясы бекітіліп онда
ТМД аумағында бірінші рет ұлттық қауіпсіздігінің басым -бағыттары
либераландыру идеясы жария етілді.
Егемен Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздік концепциясын жасау – Республикада
соңғы кезде қалыптасып отырған қоғамдық қатынастырдың қалыпты дамуы үшін
мемлекеттік деңгейде тиімді жағдай жасау ісін қамтамасыз ету мақсатындағы
пісіп-жетілу міндеті. Ұлттық қауіпсіздік концепциясы мыналарды көрсетуі
тиіс: ұлттық мақсат ,қоғамның ұлттық психологиялық және мәдени
біркелкілігін ескере отырып жеке адамның қоғам мен мемлекеттің ілгері даму
ұғымының нақты мән-мазмұны:осы мақсаттарға төнетін сыртқы және ішкі
қатерлердің сипаты;қауіпсіздіктің барша негізгі салаларындағы өмір сүруге
және ілгері дамуға қауіпті жай-күйлер;даму процесінің әлеуметтің нысаннын
ілгері даму қабілетін қайтып жөнделместей етіп жоғалтуына сәйкес жәй-күйге
көшуінің алдын-алуға мүмкіндік беретін жолдар,әдіс-тәсілдер мен құралдар.
“Қазақстан -2030”Стратегиясының алғашқы ұзақ мерзімді басымдылық болып
ұлттық қауіпсіздік аталады.Сөз жоқ, мемлекет қауіпсіздігінің кепілі
ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамның тұрақтылығы мен
тиімді тіршілік етуінің міндетті шарты Қазақстанның аса маңызды
басымдылықтары саласына жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңның 19-бабына
сүйене оырып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей
мәселелер қарастырылған:
1.Қоғамдық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың,меншік нысандарына
қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамадар мен азаматтардың:
1)азаматтардың жеке қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз ету кепілдіктерін нығайтуға;
2)қазақстандық патриотизмге және ұлтаралық татулыққа негізделген
жалпыұлттық психологияны қалыптастыруға;
3)Қазақстан бірлігін нығайтуға ;
4)халықтың табиғи өсімін көтермелеуге және дағдарысты демографиялық
процестерге қарсы әрекет жасау жөнінде дер кезінде шаралар қолдануды
қамтамасыз етуге;
5)қылмысқа соның ішінде оның ұйымдасқан түрлеріне,сыбайлас жемқорлық пен
тероршылыққа қарсы күшті күшейтуге;
6)саяси тұрақтылыққа қауіп төндіретін жұмыссыздықтың күрт өсуі мен
халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуін тежеуге;
7)халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне, Қазақстан халқының тектік қорына
қауіп төндіретін нашақорлық пен мас күнемдік ,сондай-ақ басқа да әлеуметтік
факторлардың алдын-алуға;
8)елдің интелектуалдық әлеуетінің төмендеуіне кедергі жасауға бағытталған
шешімдері мен іс-әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.
2.Мыналарға:
1)Қазақстан халқының бірлігін бұзуға және ұлтаралық қатынастар жай-күйін
нашарлатуға ;
2)елдегі қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты бұзуға ;
заңсыз араласуға әкеп соғуға ;
3)діннің мемелекет істеріне және мемлекет діннің істеріне заңсыз
араласуына әкеп соқтыруға;
4)қылымыс пен құқық бұзушылықтың өсуіне көрініс алып келуге ықпал ететін
шешімдер қабылдау мен іс-қимыыл жасауға жол берілмейді.
3.Азаматтардың соның ішінде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық
бірдестіктер өкілдерінің:
1)конституциялық құрылысты құлатуға немесе күштеп өзгертуге ,соның ішінде
жікшілдікке немесе Қазақстан Республикасының бірегей құрылысына ,оның
аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына және бөлінбейтіндігіне қатер
төж ндіретін немесе өзге де іс-қимылға;
2)билікті басып алуға ;
маусымдағы
3)Қазақстан Республикасының қалыптасқан органдарының, Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес сайланған
(тағайындалған) лауазымды адамдардың өкілеттілігін күш қолданып тоқтатуға
немесе қызметіне кедергі келтіруге ;
4)орын алып отырған конфессиялық айырмашылықтар мен әр түрлі діни көз-
қарастар саяси мақсатқа пайдалануға шақырылуы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан
келтіреді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады деп танылады.
4.Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен уәкілетті мемлекеттік
орган ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін саяси партиялар мен өзге де
қоғамдық бірлестіктердің қызметін тоқтата тұрады.
Қауіпсіздікке деген қажеттілік белгіллі бір мүдделермен
байланыстырылған жәе өзара тәуелділікте болатын адамдардың алғашқы
қауымдастықтарының пайда болуымен тікелей байланысты.Бұл қажеттілік кез-
келген құрылымның ажырамас бөлігі болып табылады және міндетті түрде
мемлекеттің пайда болуымен байланысты емес. Алайда мемлекеттіқұрылымдардың
пайда болуы кезінде қауіпсіздікке қажеттіліктің ерекше өзекті сипат алуы
жүреді.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері
төмендегідей:
1)ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтіжүзеге асыру
кезінде заңдылықты сақтау;
2)ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің бір-біріне жедел
хабардар етіп отыруы және келісілген іс-қимыл жасауы;
3)ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрлерінің бірлігі, өзара байланысы және
теңдестірілгендігі;
4)саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;
5)жеке адамның,қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
6)ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-әрекеттің күллі жиынтығын
іске асыруды бақылау болып табылады.
I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Қазақстан егеменді мемлекет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz