Қыналар



Жоспары:
Кіріспе

Негізгі бөлім

I Қыналардың классификациясы
IІ. Қыналардың анатомиялық және морфологиялық құрылысы
ІІІ Көбею ерекшеліктері
ІV Филогенезі
V Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша (суреттер)

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

I Қыналардың классификациясы
IІ. Қыналардың анатомиялық және морфологиялық құрылысы
ІІІ Көбею ерекшеліктері
ІV Филогенезі
V Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша (суреттер)

Кіріспе

Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі.
Тастың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік
етеді. Антарктидадан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі
табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғары
температурада тез кеуіп кетеді де тіршілігі уакытша тоқталады. Қайтадан
қолайлы жағдай туса, кеуіп калған қыналар қалпына келіп, тіршілігін
жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айрықша тығыз қалың
қабықша қорғап тұрады.
Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.
1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабыршақты (қаспақты) қына.
Бұлар сары- қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыршақ тәрізді
болады.
2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақтың пішініне
ұқсайтындары —жапырақ тәрізді қыналар.
3. Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған ақшыл жасыл, ақшыл
түстілері— бұта тәрізді қыналар.
Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбесіп тіршілік
етуінен пайда болады. Саңырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су
және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтездің
нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен қоректенеді. Қыналар бір топ
саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікпен байланысады. Оның құрамындағы
саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр
түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіндері де бар. Қынаның
құрамында біржасушалы жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың
жасушаларындағы хроматофорларында көмірқышқыл газын, суды сіңіріп,
фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі. Балдырлар және
саңырауқұлақтың жіпшелері ағзалық заттармен қоректенеді.
Ғалымдар қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырларды
қоректік ортада жеке-жеке өсірген. Сонда саңырауқұлақтардың жіпшелері
ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің барлық түрлері
жүрген. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар паразитті
қоректенеуге бейімделе бастайды деген қорытындыға келген. Қыналар өсімді
жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ
жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір
бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп
жетіледі.
Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан
қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді.
Қыналарға ең қажетті жағдай – оттекке бай таза ауа.Қалалардың лас
ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының
көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.
Микобионттың систематикалық жағдайына қарай қыналарды төрт класқа
бөледі: фиколихенес класы (Рһусоlісһеnеs), қалталы қыналар класы
(Аsсоliсһеnеs), базидиальды қыналар класы (Ваsіdіоliсһеnеs),
дейтеролихенес класы (Dеuterolichenes). Осылардың ішінде ең кең тарағаны
қалталы қыналар класы.
Қыналардың 20 000-дай түрі бар. Қыналарды жіктегенде құрамындағы
саңырауқұлақтар мен балдырлардың жіктелуі ескеріледі.

Негізгі бөлім
I Қыналардың систематикасы
Микобионттың систематикалық жағдайына қарай қыналарды төрт класқа
бөледі: фиколихенес класы (Рһусоlісһеnеs), қалталы қыналар класы
(Аsсоliсһеnеs), базидиальды қыналар класы (Ваsіdіоliсһеnеs),
дейтеролихенес класы (Dеuterolichenes). Осылардың ішінде ең кең тарағаны
қалталы қыналар класы.
Қыналарға 20 000-дай түр жатады. Бұлардың классификациясының негізіне
саңыраукұлақтың жемісті денесі алынады. Сонымен катар кіші топтарға
бөлгенде балдырлар талломының пішініне, сондай-ақ саңырауқұлақ спораларының
ерекшеліктеріне негізделе отырып жіктеледі.
Құрамындағы саңырауқұлақтарға қарай қыналарды қалталы (Аsсоliсһеnеs)
және базидиальды (Ваsіdіоliсһеnеs) деп екі класқа бөледі. Біріншісіне —
қыналардың көпшілігі, екіншісіне — тропиктік жақтардағы 10—15 шақты ғана
түрлер жатады. Қалталы қыналар екі класс тармағына бөлінеді:
1) дискомицетті (Disсоliсһеnеs ) қыналар, ол 42 тұқымдастан тұрады;
2) пиреномицетті (Ругеnоliсһеnеs) қыналар, бұларға көпшілік қабықты
(қаспақты), аздаған жапырақты және бұталы қыналар жатады. Бұл класс
тармағына 16 тұқымдас кіреді.
Қалталы қыналар- Аsсоliсһеnеs класы. Қалталы қыналар класына барлық
белгілі қыналардың 90 %-тейі жатады. Олардың басты ерекшелігі- спораларының
қалта ішінде дамуы. Жемісті денелері апотеций, перитеций және гастротеций.
Бұл класс эволюциялық дамуы жағынан базидиальды қыналарға қарағанда ерте
пайда болған және қарапайым құрылымды сапрофитті тіршілік ететін қалталы
саңырауқұлақтардан шығуы тиіс. Қалталы қыналар класы жеміс денесінің
құрылымына қарай пиренокарпалар және гименокарпалылар болып екі класс
тармағына бөлінеді.
Пиренокарпалылар- Pyrenocarpeae класс тармағы. Бұл класс тармағына
жататын қыналардың жемісті денелері перитецийлі болып келеді. Басым
көпшілігі қаспақты, сирек жапырақты, бұталы. Қынаны құрайтын фикобионтке
жіптесінді жасыл, көбінесе трентеполия, сиректеу жасыл-сары, қоңыр
балдырлар жатады. Пиренокарпалылар клас тармағына аскогеминиальды және
асколокулярлы 70 шақты туыстас қына жатады. Олар жер шарының барлық
бөліктеріне таралған Pyrenocarpales қатарынан, 15 тұқымдастан тұрады. Әрбір
тұқымдас бір-бірінен сырт пішіні фикобионттарына, перитецийлерінің
орналасуына, парафиздерінің болу-болмауына байланысты айырылады. Споралары
әр түрлі пішінді, түссіз, бір клеткалы бір немесе бірнеше көлденең
перделерінің болуы арқылы айырылады. Қалталары битуникатты, сирек
унитуникатты.
Дерматокарпон- Dermatocarpon туысы. Олардың қабаты жапырақ-қабыршақ
пішінді, тасқа резиналары арқылы бекініп жатады. Фикобионтты плеврококнус,
қалталы битуникатты, онда 2-8 дейін спорасы болады.
Гимнокарпалылар-Cymnocarpeae класс тармағы. Бұл класс тармағына барлық
жерлерде кездесетін қабықты, жапырақты, бұталы қыналардың 250-дей туыстасы
жатады. Жемісті денесі апотеций, сирек- гастеротеций. Жемісті денесі
онтогенезінде аскогемениаль типті. Жемісті денесі гимениальді қабат
құрайды. Қалтасы унитуникатты. Фикобионттары жасл- требуксия, көк-жасыл-
насток балдырлары болады. Класс тармағы жеміс денесінің құрылымына қарай 4
қатарға бөлінеді.
Графидалықтар-Graphidaies қатарының апотецийлері ұзын, сопақ және
тармақталған салалы болып келеді. Көпшілігінің қабаты қабықты, құрылысы
күрделі түрлерінде жоғарғы қабығы болады. Бұл қатарда сопақ пішінді
апотецийден дөңгелек пішіндіге және қабықты қынадан жапырақтыға ауысу
түрлері айқын байқалады. Көпшілігінің конидиясы трентеполиядан құралады.
Бұларға жататын түрлердің көбісі тропик және субтропик аудандарда таралған.
Графис –Graphis қабаты қабықты, жемісті денесі ұзын гастеротеций кейде
параллель орналасқан сызық пішінді. Түссіз спорасы екі не көп клеткалы.
Артониялықтар-Arthoniales қатары сопақ, дөңгелек, ұзынша, тақ пішінді,
жемісті денесінің гастеротецийлі және апотецийлі болып келуімен
сипатталады. Қабаты әр түрлі, қарапайым, қабықты, гомеомерлі және
гетеромерлі құрылымды формадн бұталы формаға қарай даму байқалады.
Бұталы түрлеріне рочелла-Rochella жатады. Бұл Жерорта теңізі және
Атлант мұхитының жағалауында өседі, одан лакмус алынады, бұрын бұдан
маталарды бояйтын бояу алатын.
Дискомицетті қыналар класс тармағын апотецийдің пішініне және
құрылысына қарай: дөңгелек, ұзын және ұнтақ тәрізді жемістілер деп үш
қатарға бөледі.
Ұзын жемістілер (Graphidinales) қатарының — апотецийлері ұзын,
сопақ және тармақталған салалы болып келеді. Көпшілігінің талломы қабықты,
құрылысы күрделі түрлерінде жоғарғы қабығы болады. Бұл қатарда сопақ
пішінді апотецийден дөңгелек пішіндіге және қабықты қынадан жапырақтыға
ауысу түрлері айқын байқалады. Көпшілігінің гонидиясы трентеполиядан
құралады. Бұларға жататын түрлердің көбісі тропик және субтропик аудандарда
таралған. Бұталы түрлеріне роччелла (Rоссеllа) жатады. Бұл Жерорта
теңізі және Атлант мұхитының жағалауында өседі, одан лакмус алынады, бұрын
бұдан маталарды бояйтын бояу алатын.
Дөңгелек жемістілер (Сусlосагріnаles) қатарына—барлық жерге таралған,
сыртқы құрылысы алуан түрлі болып келетін қыналардың басым көпшілігі
жатады. Апотецийі дөңгелек табақша пішінді болып, кейбіреулерінде
субстратқа еніп тұрады. Дөңгелек жемістілер қатарында қабықтыдан бұталы
түрлеріне ауысу байқалады. Бұл қатарда 29 тұқымдас бар. Олардың ішіндегі
сегізінің гонидий қабатын көк-жасыл, қалғанын жасыл балдырлар кұрайды.
Кейінгілерінің кейбіреулерінің апотецийлері — лецидининалы, екінші
біреулерінікі — леканориналы. Бұл қатардың ішінен кейбірі туыстарға
тоқталамыз.
Лецидея (Lecidea) туысының 1500-дей түрлері бар. Бұлардың көпшілігі
жартастарды және ағаштың қабықтарында тіршілік етеді. Талломы қабықты
(қаспақты) келеді. Споралары түссіз, бірі клеткалы.
Леканора (Lecarona) туысына 1100-ден астам қабықты қыналар жатады.
Азияның және Африканың далалары мен шөлдерінде, сондай-ақ Қазақстанның
жартылай шөлейт жерлерінде кездесетін тамаққа жарайтын, дөңгелек бұдырлы
түйір түрінде топыраққа бекінбей бос жататын манна қынасы да (Lecarona
esulenta) осындай туысқа жатады .
Пельтигераның (Реltigera) талломы ірі, жапырақты сұр не қоңыр түсті
болады. Бұл ашық жерлерде көп таралған топырақ қынасы. Пармелия (Рагmelia),
туысында 800-дей түр кездеседі. Талломы жапырақты, бұлар барлық жерлерге
таралған. Цетрарияның (Сеtгагіа) 70-тен астам түрлері бар, олардың да
көпшілігінің талломы жапырақты болып келген.
Қиыр Солтүстікте, орманда және құмды жерлерде өсетін исландия
мүгінің (Сеtгагіа іslandica) маңызы ерекше зор. Бұл бұтақты қыналар
қатарына жатады. Исландия мүгінің құрғақ затында 50 процентке дейін
лихенин деп аталатын углевод болады, ол қабықтың қүрамына кіреді және
крахмалдан айырмасы иодпен көк түске боялмайды. Лихениннің қоректілігі
картоптың крахмалына қарағанда аздау, дегенмен оны нанға және әр түрлі
суық тағам дайындауға пайдаланады. Бұл қынаның бүғы шаруашылығында
маңызы ерекше. Халық мұның тұнбасын бас және іш ауруларына дәрі есебінде
пайдаланады.
Ксантория (Хаnthoria раrіеtіnа) қорғандарда, ағаштың қабығында сарғыш
қызғылттау жапырақты дөңгелек дене түрінде көп тараған. Алекторияның
(Аlесtогіа) және уснеяның (Usnea) кейбір түрлері ұзын сұр не қара қоңыр
сақал түрінде ағаштардың қабығының арасынан төмен қарай салбырап тұрады.

Эверния (Еbernia prunastri) — жалпақ жапырақты ағаштарда өсетін бұталы
қына. Бұл қынаны парфюмерия өндірісінде шипр суын дайындау үшін
қолданады.
Кладония (Сlаdоnіа) туысына — 300-ден астам түрлер жатады. Бұл
туыстың морфологиялық және практикалық маңызы ерекше. Кладония қынасы екі
түрлі қабат кұрайды. Алғашқы қабаты қабықты, көпшілігінде ұсақ қабыршақты
болып тұрады. Кейіннен ол қабаттан екінші — тік бұталы қабат өсіп шығады.
Бұлардың кейбір бұталы түрлерін бұғы мүгі немесе ягель (Сlаdоnіа
rangiferina) деп атайды. Ол қарағайлы ормандарда, сол сияқты тундрада көп
кездеседі және қыналардың басқа түрлерімен бірге өсіп солтүстік
бұғыларының негізгі азығы болып табылады.
Пермелия-Pаrmelia туысына 800-дей түр жатады. Қабаты жапырақты, бұлар
жиі кездесетін қыналар қатарына жатады. Pragans түрі барлық жерлерде,
әсіресе далалы жартылай шөлейт аудандарда көп тараған, топырақта бос
жататын жапырақты қына. Бұл қынаны халық медицинасында іш ауруына, жараға,
күйікке және т.б. ауруларға дәрі есебінде пайдаланады.
Цетрария-Cetraria туысының 70-тен астм түрі бар,олардың да көпшілігінің
қабаты жапырақты болып келеді. Қиыр Солтүстікте , орманда және құмды
жерлерде өсетін Исландия мүгінің маңызы ерекше зор. Бұл бұтақты қыналар
қатарына жататын Исландия мүгінің құрғақ затында 50% -ға дейін лихенин
деп аталатын углевод болады, ол қабықтың құрамына кіреді және крахмалдан
айырмасы- йодпен көк түске боялмайды. Лихениннің қоректілігі картоптың
крахмалына қарағанда азддау, дегенмен оны нанға және әр түрлі суық тағам
дайындауға пайдаланады. Бұл қынаның бұғы шаруашылығында маңызы ерекше.
Халық мұның тұнбасын бас және іш ауруларына дәрі есебінде пайдаланады.
Базидиальды қыналар- Ваsіdіоliсһеnеs класы. Бұл класқа не бәрі 20
шақты, негізінен тропикті жақтарда өсетін қыналар жатады. Кейінгі уақытта
бұлардың кейбір түрлері-қоңыр жай, тіпті субарктикадан да табылады. Бұл
қынаның микобионты болып афиллофоралықтар мен агарикалықтар есептелсе,
фикобионты болып жасыл және көк-жасыл балдырлар есептеледі. Базидиальды
қыналардың қалталы қыналардан негізгі айырмашылығы:
1) Жемісті денелері бір жыл ғана өмір сүрсе, қалталы қыналарда ондаған
жылдар өмір сүреді.
2) Базидиальды саңырауқұлақтар мен балдырлардың арасындағы симбиозда
ерекше морфологиялық тіршілік формалары құралмайды. Бұл қыналар сырт пішіні
жағынан симбиозға қатысатын саңырауқұлақтарға ұқсас және қарапайым келеді.
Сондықтан бұларды жартылай қына деп аталады.
3) Көпшілік қалталы қыналарға тән арнаулы қына қышқылдары түзілмейді.
Базидиальды қыналардың жүйесі толық зерттелмеген. Кейінгі кездерде жаңа
базидиальды қыналардың табылуы олардың симбиоздық қарым- қатынастарының
эволюциялық жағынан қарапайым және жас екенін аңғартады.

IІ. Қыналардың анатомиялық және морфологиялық құрылысы

Қыналар негізінен комплексті симбиотикалық организмдер болып
табылады. Олар екі компоненттен - балдырдан жөне саңырауқұлақтан тұрады.
Балдырлар организмнің өміріне қажетті углеводтарды синтездейді, олар
талломда лихенин түрінде жинақталады. Ал саңыраукұлақтың гифалары
организмге қажетті суды өз бойына сіңіреді және тұрақтандырады.
Қыналардың талломы саңырауқұлақтың матасқан гифаларынан
және олардың арасында орналасқан жасыл немесе көк-жасыл балдырлардан
тұрады. Талломның екі түрі болады: гомомерлі және гетеромерлі. Гомомерлі
таллом ертеректе пайда болған және құрылысы қарапайым болып келеді.
Мұндай талломда балдырлардың клеткалары белгілі бір жүйеде
орналаспайды немесе олар талломның барлық жерінде біркелкі таралған
болады. Гетеромерлі талломда балдырлар мен саңыраукүлақгардың гифалары
біркелкі орналаспайды.
Талломның бір жеріңде балдырлар басым болса, екінші бір жерінде
саңырауқұлақтардың гифалары басым болады. Талломның балдырлар басым болып
келетін қабатын гонидиалды қабат деп атайды. А.С.Фомицин мен
О.В.Баранецкий (1867) корсеткендей қынадан бөліп алған балдырдың өз
бетімен жеке өсетін балдырдан айырмасы болмайды. Қыналардың өзін
қүрайтын компоненттерінде (балдырлар мен саңырауқүлақтардың
гифаларында) симбиоз түзбей тұрган уақытта бола бермейтін биологиялық
ерекшеліктері болады. Мысалы, қыналар балдырлар
мен саңырауқүлақтар өспейтін жерлерде өсе алады. Қыналар тіптен әйнектің
және металдың беттерінде де өсе алады. Олардың алуан түрлі формаларын жар
тастардан, топырақтың бетінен, ағаштың діңдерінен кездестіруге борлады.
Әсіресе тундрада олар көптеген территорияны алып жатады. Қыналардың
талломы субстраттың ішіне енбей, оның бетінде жатады. Қыналар ұзақ
уақыттар бойы сусыз өмір сүре алады. Бірақ осы кездерде олардың
тіршілігі (мысалы, фотосинтез процесі) тоқтайды
Таллом өте жай өседі. Оның түсі сүр, қоңыр, көк, қызғыштау сары, ашық-
сары немесе қара болып келеді. Қыналардың бояуы олардың ерекше
пигментгеріне, бездерінен шығатын түздарға, әртүрлі қышқылдардың
құрамына және концентрациясына байланысты болады. Жалпы қыналардағы
қышқылдардың саны 230-ға жетеді.
Талломдарының формасына қарай қыналарды негізінен үш түрлі
морфологиялық типке бөледі: қаспақты, жапырақты және бұталы. Олардың
араларында аралас формалары болады.
Қаспақты қыналардың талломы жартастарда, ағаштардың қабығында,
топырақгың бетінде қабыршақганып тұрады. Мұндай қыналардың субстратқа
тығыз бекініп тұратындығы сонша, оларды бүлдірмей алудың мүмкіндігі
жоқ.
Жапырақгы таллома жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жапырақ тақгасы
секілді болып келеді. Олар топыраққа немесе ағаштың діңіне ризиналары
арқылы бекініп түрады. Ал ризиналар шашақганып топтасқан гифалардан
түрады.
Бұталы қыналардың талломы биіктігі 12-15см болатын жан-жакқа
тарамдалған бұта типгес болады.
Қыналардың анотомиялық құрылысы яғни ішкі құрылысы мынадай.
Бұларды талломдарының анатомиясына қарай гомеомерлі және гетеромерлі деп
екіге бөледі. Гомеомерлі құрылысты талломы бар қыналар қарапайым
келеді, оларда саңырауқұлақ жіпшелері мен балдыр клеткалары біркелкі
таралған. Бұлар көбінесе балдырлар бөліп шығаратын кілегейдің ішінде
жатады. Кепкен уақытта тез сынғыш, қабыршақ, жапырақ немесе белгілі бір
пішіні жоқ жастықша тәрізді келеді. Егер суға салса тез ісініп
кілегейленудің нәтижесінде көлемі ұлғаяды. Мысал ретінде, түсі қара,
жастық пішінді, оңтүстікте жартастарда өсетін коллеманы (Соllemа)
алуға болады. Оны көлденең кесіп қарағанда кілегейдің өн бойына тарап
жатқан ностоктың колониясын, ондағы гетероцист клеткасын және
саңырауқұлақ жіпшелерін көреміз. Лептогиум қынасында анатомиялық
құрылысының біртіндеп күрделене бастағандығы байқалады. Мұнда
қабықтың жоғарғы және төменгі қабаты болады, ол саңырауқұлақ гифаларының
тығыз өрімденуінен құралады және төменгі жағынан субстратқа бекіну
қызметін атқаратын ризиналар кетеді. Ортаңғы бөлімі коллемаға ұқсас,
онда саңырауқұлақ гифалары мен балдыр клеткалары ретсіз орналасады.
Гетеромерлі талломы бар қыналардың құрылысы біршама күрделі
келеді. Оның көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда бірнеше
қабаттардан тұратынын байқаймыз. Мысалы, жапырақты қынаның
үстіңгі бетінде саңырауқұлак гифаларының өз ара тығыз өрімделуінен
кұралған плектенхима деп аталатын қабығы болады . Плектенхиманың
(жалған паренхима) астында гифалардың бос матасуынан құралған
гонидиальды қабаты жатады, олардың арасында балдыр клеткалары
орналасады. Гонидиальды қабаттан кейін ауаға толы
кеңістіктері бар өзектік қабат орналасады.
Оның астыңғы жағындағы қабықты қабат құрылысы
жағынан үстіңгі қабатқа ұқсас келеді. Қабықты қабаттан
шығатын ризиналар арқылы субстратқа бекініп тұрады.
Қаспақты қыналардың астыңғы қабығы болмайды, сондықтан олар
субстратқа гифаларының төменгі жағы арқылы тығыз
орналасады. Радиальды (сәулелі) құрылысты бұталы
қыналардың шеттерінде қабығы, оның астыңғы жағында гонидиальды қабат,
ал ортаңғы бөлімінде өзегі болады.

IІI Көбею ерекшеліктері

Қыналар әр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай
екіге бөлінуі немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді.
Қыналардан бөлініп алынған балдырлар бұрын ата тегінде бар, бірақ
кейін жойылып кеткен зооспора құруға қабілеттілігі,
кейде гаметалар арқылы жынысты көбеюінің жаңадан қайталайтындығы
байқалады.
Қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора құратын
орган түзеді. Перитецийлер қына қабатына еніп жатады және оны қара нүкте
түрінде томпиып жатуынан ғана айырады. Апотецийі қына қабатының үстіңгі
бетінде кішкене дөңгелек не төмпешік түрінде жатады. Апотецийлер
лецидеиналы және леканориналы болып екіге бөлінеді. Бұл апотецийлердің
аттары лецидея және леканора қыналары туыстасының атына байланысты
қойылған. Сонымен қатар олардың тұқым қуалаушылық ерекше қасиеттері де
болады.
Лецидеиналы апотеций саңырауқұлақ гифаларынан құралған және ол бір
ғана реңде болады. Леканориналы апотецийдің гименальды қабатының
астында және дөңгелек шеттерінде балдыр клеткалары орналасады, олардың
реңі басқаша болады. Леканориналы апотецийде балдырдың болуы гимений
кабатының қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізеді. Бұл
— қыналардың эволюциялық дамуының бір белгісі. Біраз қыналарда қалталы
спора түзуші орган пайда болудан бұрын жыныс процесі байқалады. Ол
уақытта аскоген қынадан аздап шығып тұрған трихогин арқылы спермациямен
ұрықтанады. Спермация — бір клеткалы спора, кейде оны пикноспора деп те
атайды. Олар ерекше спорангиялардың немесе пикнидалардың ішінде
жетіледі. Қыналардың көбінде нағыз жыныс процесі редукцияланған, яғни
қысқарған, бірақ дикарион ядролары және олардың қосылу процесі әр уақытта
орын алады.
Аскомицеттердегі сияқты қалталардан атылған (төгілген) аскоспоралар
колайлы жағдайларда өсіп, мицелий түзейді, егер ол жерде
саңыраукұлақтың сол түріне сай балдыр клеткасы болса, саңыраукүлак
гифалары оны жан-жағынан орап, біртіндеп қынаның жана қабатына айналады.
Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі, сонымен қатар соредий және изидий
деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Соредий
арқылы көбею жапырақты қыналарда және бұталы кыналарда жиі кездеседі.
Соредий гонидиальды қабаттарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы
Қыналар – төменгі сатыдағы ерекше құрылысты организмдер тобы
Қына
Қыналар бөлімі
Қыналардың құрылысы
Өзек қызметі балдыр жасушасына ауа өткізу
Топырақ профиліне орналасқан балдырлардың жалпы сипаттамасы
Топырақтарыда солтүстікке қарай
Төменгi сатыдығы өсiмдiктер
Пәндер