Шортанбай Қанайұлы


Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер.білім биігіне талпыған алғашқы тәлім.тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі.өнер боларлық ойлы орта, тәлімге . ұстаздар да кезіксе керек.ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама.шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға.өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Аюлы.Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле.өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани
азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі.ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.
Жастық шақтың қызығы оны ойын.сауыққы жетелейді. Елдегі әр қилы дәстүрлі той, жиын, келін түсіру, қыз ұзату салттарына байланысты думандарға еліктемеу мүмкін емес.
Ел толған төкше ақындардың айтыстары, жыршы.жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Біраздан кейін өзін.өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын қалай ашып жібергенін өзі де сезбей қалады.
Енді ел.жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді.
Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды .

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 200 теңге




ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ (1818-1881)
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында
дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім
алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы,
оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие
ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар
қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер
боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына
құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып,
санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен
баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-
өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар
сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық
өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді.
Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты
Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын
мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір
кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы
қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен, оған
мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани
азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан
кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса,
екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір
боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай,
ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін
ұстайды.
Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққы жетелейді. Елдегі әр қилы дәстүрлі
той, жиын, келін түсіру, қыз ұзату салттарына байланысты думандарға
еліктемеу мүмкін емес.
Ел толған төкше ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау,
жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады.
Біраздан кейін өзін-өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын
қалай ашып жібергенін өзі де сезбей қалады.
Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді.
Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп
тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды –
жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу,
жетілу жолы бірден-бір куә.
Еліне ақын боп танылған Шортанбайдың өнерлік жолына шолар болсақ, онда да
өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта, бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп деп жауап
берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең алдымен,
халықтың талантқа бай екенін көрсетеді.
Екіншіден не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып, яғни, ақын емес,
елде ақындыққа жақындар да көбейер еді. Кез келген ұйқас сөз өлең емес,
өлең ол Абайша айтқанда, "сөз сарасы" немесе "өлең сөздің патшасы".
Ал оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі
елдің алты аузын айта алады. Бірақ ол нағыз ақын ба, жоқ, ол сөзге
әуестердің бір ғана.
Нағыз ақын өзінің ішкі жан сезім дүниесін нәзік те, нәрлі сөздермен
суреттейді. Ішкі сезімге құрылған тамаша лирикалар жасайды. Бұл – жеке
адамдар өміріне, сезіміне байланысты лирикалық туындылар. Сол адамдар
сезімін әсем табиғат құбылыстарымен де көмкеріп, жыр төгеді. Табиғат
лирикасын дүниеге әкеледі. Тылсым табиғатты қыз-бозбала ғашықтығымен
ұштастырса, тамаша сурет туындайды. Осылайша лирикалық нәзік те әсерлі тағы
бір саласы дамиды.
Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір
кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік
маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай творчествосы ХІХ ғасырдағы қазақ
өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс
тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан
туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір
жазушы.
Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда
баспа бетін көре бастады. 18882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары
жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға
ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам
пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б.
енген.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел
өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы,
жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел
билеушілер, бұзақы топта, т.б.
Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер
екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып
жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты
елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Арам арсыз жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы боп,
елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды
болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары
ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі.

Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр
саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь,
тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б.
Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық
қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден
көреді.
Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын.
Жанарал болды ұлығың,
Майыр болды сыпайы.
Айрылмайтын дерт болды,
Кедейге қылғап зорлығың,
Князьді көрдің піріндей,
Тілмәшті көрдің биіңдей.
Дуанды көрдің үйіндей,
Абақты тұр алдында,
Қазылып қойған көріндей
ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс
қысымына ұшырағанын күйіне ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
ШОРТАНБАЙ АҚЫННЫҢ ДІНИ НАСИҚАТТАРЫ
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Зар – заман ақындары Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы М.Мөңкеұлы
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Қазақ философиясы туралы тапсырмалар
Зар заман өкілдері мен шығармашылығы
Зар Заман Ақындары
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетіндегі зар заман өкілдері
"Қазақ әдебиеті" пәнінен тест сұрақтар
Ахмет Байтұрсынұлы және «Зар заман» әдебиеті
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь