Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ фольклортану
ғылымының даму үрдісі және Әуезов
1.1.20.30 жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.М.Әуезовтің алғашқы фольклортанушылық
ізденістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІ тарау
М.Әуезов . фольклор зерттеушісі
2.1 М.Әуезовтің қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық
түрлерін зерттеуге арналған еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2 М.Әуезов қазақ фольклорын жанрлық тұрғыдан зерттеуші ... ..29
а) Тұрмыс.салт жырлары
ә) Мақал.мәтел, шешендік сөздер, жұмбақтар
б) Ертегілер
в) Лиро. эпостық жырлар
г) Батырлар жыры
ғ) Айтыс
д) Тарихи жырлар
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ фольклортану
ғылымының даму үрдісі және Әуезов
1.1.20-30 жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.М.Әуезовтің алғашқы фольклортанушылық

ізденістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ тарау
М.Әуезов – фольклор зерттеушісі
2.1 М.Әуезовтің қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық
түрлерін зерттеуге арналған
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .25
2.2 М.Әуезов қазақ фольклорын жанрлық тұрғыдан зерттеуші ... ..29
а) Тұрмыс-салт жырлары
ә) Мақал-мәтел, шешендік сөздер, жұмбақтар
б) Ертегілер
в) Лиро- эпостық жырлар
г) Батырлар жыры
ғ) Айтыс
д) Тарихи жырлар
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...43
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..45
КІРІСПЕ

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа әйгілі керемет
талант иесі, кемеңгер жазушы ғана емес еді; ол энциклопедиялық білімі бар
ғажап ғалым, өте көрнекті қайраткер ретінде де әйгілі. Оның осындай әр
жақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған ірі
монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетіне әр жылдары жарияланған
ірілі-ұсақ мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның үстінде.
М.О.Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби мұрасына зер салсақ, оның екі
үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар зерттеуші
Ә.Молдаханов атап айтқандай: Біріншісі – абайтанушылығы, екіншісі –
фольклортанушылығы жазушының әдеби-ғылыми мұрасының екі алтын діңгегі де
осыла (7). Дүниежүзіне әйгілі Абай жолы эпопеясы авторының әдеби мұрасы
тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келді (30).
Ал енді, фольклортанушы ғалымның еңбектері әлі де өз дәрежесіне зерттеліп,
көпшілікке таныла қойған жоқ. Дегенмен, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми
шығармашылықтарындағы фольклортанушылық мәселесі зерттеушілердің назарынан
тыс қалды деуге болмайды.
Ғұламаның фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан
ғалым, белгілі сыншы: Ғ.Тоқжанов. Ол 1927 ж. Әдебиет тарихына бір жақты
бағамен сын айтқан. Бұрын жазба әдебиет дамымай тұрған кезде, қазақ-кеңес
әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы
фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жазба әдебиет жасауымыз керек
деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М.Әуезовтің орынды пікірін
Ғ.Тоқжанов: Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның
серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі
әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді - деп өрескел
бұрмалайды (29). Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келе етіп, мін
тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған пролеткульттік әдеби
сынның бір белгісі осындай еді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М.Әуезовтің
фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін 50 жылдары
Абай жолы эпопеясы арқылы аты дүние жүзіне әйгілі болған кезде ғана
М.Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала
очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ
қаралып, фольклортанушылығы тиіп-қашты ғана айтылды. Әуезұлы Мұхтардың
1932 жылғы 10 маусымда Социалистік Қазақстан газетіндегі ашық хатынан
кейін ғалымның 20-шы жылдардағы еңбегі мүлде айтылмай, жабылып қалған
болатын. Бұл жағдай М.О.Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа
дейін жете зерттелмей, көпшілік танылмай келуінің басты себебі еді.
Солай болғанымен де асыл тас су түбінде жатпайды дегендей
М.Әуезовтің фольклорды зерттеген еңбектері оның тұтас шығармашылығына
арналған жинақтарда әдебиетші – ғалымдар З.Кедринанның (31), А.Нұрқатовтың
(32), Е.Лизунова мен Ы.Дүйсенбаевтің (33), М.С.Сильченко мен М.Смирнованың
еңбектерінде сол секілді ұлы жазушы ғұламаның творчествосына арналған
газеттік журналдың мақалаларында көрініс тауып отырды (34).
Дегенмен де, ғалымдар М.Әуезовтің фольклортанушылығы туралы мәселені
оның жалпы ғылыми педагогтік қызметімен байланысты көріп, фольклор туралы
ішінара ғана тоқталып елуінші, алпысыншы, жылдардағы еңбектері ішінен,
әсіресе, Манас туралы зерттеулерінің ғылыми мәнін ашып береді.
М.Әуезовтің шығармашылық жолына арналған профессорлар Сильченко мен
Смирнова очерктерінде оның әр кездерде жазған фольклорлық еңбектері жайлы
біраз сөз болады (34). Бірақ олар М.Әуезовтің фольклорды жинау зерттеу
жұмысы Жиырмасыншы жылдары профессиясына айналмаған болса, отызыншы,
қырқыншы жылдары қазақтың халық поэзиясын зерттеуге барлық уақыты мен
күшін түгел арнады деп оның ғылыми еңбектеріне емес, жалпы дәуірге шолу
жасайды.
Әсіресе, 60 – жылдары М.О.Әуезовтің мұрасын зерттеудегі олқылықтардың
орны толтырылды.
М.О.Әуезовпен ұзақ жылдар қызметтес болып келген, қазақ фольклортану
ғылымында әр жылдары онымен қоян-қолтық бірге жемісті еңбек етіп, осы
ғылымды кеңес дәуірінде ілгері дамытқан ғалымдар: Ә.Қоңыратбаев,
Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайлов тағы басқалары фольклордың өз
тараптарынан қарастырып отырған әр жақты проблемаларының түйінін шешеуде
аса беделді Әуезовтің айтқан ғылыми қағидаларына әрқашан иек артып отырды.
Алғашқы жылдары М.Әуезовтің қазақ эпостарын алғашқылардың бірі болып
зерттелген қажырлы да жемісті еңбектеріне баға берудің орнына М.Ғабдуллин,
оны автордың жіберген қателіктері ретінде айтқан еді.
Ал кейінгі жылдары М.Ғабдуллин студенттерге сабақ бергенде
зерттеушінің теориялық қағидаларын басшылыққа алады.
Осы дипломды жазудағы мақсат-міндеттерім: Біріншіден, М.Әуезовтің
фольклоршылық еңбегі кеңестік дәуірде, яғни Қазан төңкерісінен кейінгі
кездерде басталды, сондықтан М.Әуезов еңбегімен тұспалдас қазақ
фольклорының 20-30жылдардағы даму ерекшеліктерін ашу.
Екіншіден, фольклортанушы ғалымның 20-жылдардағы фольклорлық
еңбектері, фольклортану ғылымында мүлде аталмай ақтаңдақтар күйін кешкен
болатын. Ғалымдардың көпшілігі фольклортанушы ғалымның қырқыншы, елуінші,
алпысыншы жылдардағы еңбектерін сөз етсе, дипломда 20-30 жылдары жазылған
қазақ фольклортану ғылымын қалыптастыру дамытуға байланысты мақалалар мен
еңбектері Әдебиет тарихы еңбегі және 1939 жылғы М.Әуезов пен Л.Соболевтің
бірігіп жазған очеркіндегі қазақ фольклорын жанрлық жағынан қарастыруы сөз
етілмек.
Демек Мұхтар Әуезов – фольклортанушы мәселесін бүгінгі жаңа заман
талабы тұрғысынан зерттеп, көпшілік оқырманға таныстыру.
І тарау ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ фольклортану ғылымының даму
үрдісі және Әуезов
1.1. 20-30– жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының даму ерекшеліктері

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісі шын мәнінде кеңес дәуірінде қолға
алынып, ғылыми жолға қойылды. Бұл кезде ауыз әдебиетін зерттейтін–
фольклористика ғылымы қалыптасты, фольклорист ғалымдар қатары өсті. Осының
нәтижесінде жалпы қазақ ауыз әдебиетінің және оның жеке түрлерінің туу,
қалыптасып даму тарихы жайында мақалалар, үлкен ғылыми зерттеулер жазылды.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісі кеңестік дәуірде жүзеге асты
дегенімізбен бұл салада Қазан төңкерісіне дейін жүргізілген жұмыстарды
жоққа шығармаймыз.

Қазақ халқы ғасырлар бойы өзiнiң ұшан-теңiз аса қымбат ауыз әдебиет
мұрасын жасап, ақындық талабын таныта бiлдi.

Халқымыздың табиғатынан сөз өнерiне жүйріктiгiн суырып салғыш, айтқыш
қабiлетiн өткен ғасырдағы фольклорист ғалымдар Радлов, Потанин, Ш.Уәлиханов
т.б. сол кездiң өзiнде жоғары бағалаған. Олар қазақ ауыз әдебиетi жайында
құнды пiкiр айтты, бiрақ арнаулы зерттеу бар деп айту қиын. Олар тым
болмаса қазақ фольклористикасының белгiлi бiр проблемасын түпкiлiктi
көтерiп, сол жайлы жүйелi түрде пiкiр жасалмады. Себебi бiрiншiден сол
кезге жүйеге келiп, толық жиналып болмаған ауыз әдебиетiнiң материалдық
ұшан-теңiз молдығы мүмкiндiк бермесе, екiншiден Ш.Уәлихановтан басқалары,
қазақ халқының емес, орыс Еуропа елдерiнiң өкiлдерi едi. Басқа бiр тiлдегi
халықтың тiлiн түсiнгенмен, әдеби шығарманың поэтикалық iшкi сырын терең
бiле алмады. Сондықтан олардың пiкiрлерi көпшiлiгiне жалпылама болып,
нақтылы түрде зерттеу мәселесi көтерiлмедi. Бұл зерттеушiлер Қазақ
фольклористикасы қазақ халқының этнографиясы жайында жазған еңбектерiне
талдау жасап, халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс салтына, яғни ауыз әдебиеттiң
ұсақ формаларына көбiрек көңiл бөлдi. Және де бұл пікірлер советтік
дәуірде қалыптасқан қазақ фальклористикасы үшін қымбат та құнды болғанын
белеміз.

Кеңес дәуіріндегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму, өсу,
жолы, басынан кешірген кезеңдері бар деп қараймыз. Фольклорист М.Ғабдуллин
шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең – 20-30 жылдар арасы.
Екінші кезең – соғыс жылдары.
Үшінші кезең – Ұлы Отан соғысының кейінгі жылдар (1).
20-жылдардың бас кезінде-ақ қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында
мәселелер көтеріліп, фольклор туралы газет-журналдарға үлкенді-кішілі
мақалалар жариялана бастайды. Бұл мақалаларды қазақ фольклорын жинау,
зерттеу, бағалау халқына көптеген пікірлер айтылады. Мұның өзі қазақ кеңес
фольклористикасының, яғни ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымның тууына негіз
болды.
Алғашқы қадамды қазақ ауыз әдебиеті туралы жазылған кіші-гірім мақала-
заметкалардан басталған қазақ кеңес фольклористикасы идеология
майдандарында шиеленіскен таптық күрес жағдайында, фольклордың тарихы және
қоғамдық күрес жағдайында, фольклордың тарихы және қоғамдық ролі жайында
көтерілген мәселелерге белсене араласу негізінде дүниеге келді.
Идеологиялық күрестердің негізінде туып қалыптаса бастаған қазақ кеңес
фольклористикасы 20-жылдардың бас кезінде-ақ ауыз әдебиеті жөнінде бірнеше
мәселелер көтереді. Солардың ішінде оның айырықша көңіл бөлгені: екі мәдени
мұраны игеру және ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу мәселесі болады.
Ескі мәдени мұраны игеру туралы мәселе Қазан төңкерісінен кейін қауырт
қолға алынды. Және бұл мәселеде 20-жылдары екі түрлі концепция орын алды.
Біріншісі – А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Әуезов
Қазақта Ресейдегідей тап болған жоқ. Сондықтан халықтың ауыз әдебиетіне
таптық көзқарас келмейді. Өйткені, ол барлық жұртқа ортақ, бүкіл халықтың
рухани мұрасы - деп қарады.
Екіншісі – Ғ.Тоқжанов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов бұған қарсы әдебиеттің
партиялығы, таптығы деген концепцияны жақтады.
Алаш ордашыларды С.Сейфуллин мінеп түрлі мақалалар жазды. Оларды кеңес
өкіметіне қарсы Олар ескі өмірді қайта орнатпақ болып күрес жүргізеді, -
деп әшекерелей отырып, былай дейді; Олар қазақтың бұрынғы батырлары туралы
байлар құлқымен бұрынғы айтылған өлеңдерді жинап, оған тағы да елдегі
өлеңшілерге жаңадан өлең қостырып кітаптар шығарды. Мәселен: Аламан,
Кенесары - Наурызбай ... т.б. және де Олар ... байлардың санасын
сарындаған көркем әдебиетті сүйгіштеді (2).
Міне осындай алаш ордашыларға қарсы Сәкен бастаған бұл күресті
С.Мұқанов қолдап, Қазақ әдебиеті әм Ыбырай деген мақаласында: Ауыз
әдебиеті бізде бай, әдемі әдебиет дей отырып ауыз әдебиетті шығарушы үстем
тап емес, еңбекші халық, халық мүддесін жырлаған жыршы – ақындар екенін
дәлелдейді (3). Осы ретте Сәбит халық әдебиетінің ең көрнекті өкілдері деп
Орынбай, Шөже, Арыстанбай, Шал, Тоғжан, Біржан, Ақан, Ыбырай сияқты ақын-
жыршы, әншілерді атайды, олардың шығармаларын жинау, жарыққа шығару жайлы
мәселе көтереді.
Ал Аманғали Сегізбаев Халық пен әдебиет дейтін мақаласында (4),
Бейсенбай Кенжебаев Абай өлеңдерінің 1923 жылғы басылуы туралы дейтін
мақаласында ауыз әдебиетінің негізгі иесі еңбекші халық екенін айтады (5).
20-жылдардағы қазақ фольклористикасын таптық тұрғыдан бағалап, таптық
тілекке сәйкес зерттеу мәселесі көтерілді. Ескі мәдени мұраның бәрін
халықтық деп жарияламай, олардың ішінен ең асылдарын, идеялық және
көркемдік сапасы жоғарыларын еңбекші таптың мүддесіне сай келетіндерін
таңдап алу мәселесіне ерекше назар аударды. Мәселен, Сәкен, Сәбит, Елжас
сияқты жас әдебиетші коммунистер түрлі еңбектер жазды.
Осындай бір-бірімен күрескен екі көзқарастың қайсысы шындық, қайсысы
жасанды екенін ең әділ төреші тарихтың өзі бүгінгі күні түпкілікті дәлелдеп
отыр. Бүгінгі күні фольклортану ғылымына таптық тұрғыдағы көзқарас, тұрпайы
социологиялық сан алып, үкім шығаратын даттаушылық әдіс енді келмеске
кетті. Бұрынғының бәріне байыбына бармай біржақты марапаттаушылық әдеттен
де айыққанымыз шындық. Ендігі жерде қандай мәселе болса да, дәйекті ғылыми
шешім жасай алатын кезеңге маңай тіреп отырмыз.
20-жылдардағы фольклористиканың екінші бір көтерген мәселесі–ауыз
әдебиетінің тарихын зерттеу туралы мәселе. Бұл мәселеге айырықша көңіл
бөлген–М.Әуезов.
Ал 30-жылдары қазақ кеңес фольклористикасы тақырып жағынан болсын,
зерттеудің ғылыми сапасы жағынан болсын ілгерілеп дамығандығын байқатады.
Осы кезде ауыз әдебиетіне арналған маңызды әрі көлемді зерттеулер көріне
бастайды.
Аталған жылдары фольклористикамыз тақырып жағынан алғанда бірнеше
күрделі мәселелерді көтереді. Солардың ішінен бастылары мыналар:
1. Оқулықтар жасау мәселесі
2. Ауыз әдебиетінен үйрену мәселесі
3. Ауыз әдебиетін халық өміріне байланысты және халық ақындарының
творчествосы туралы (1).
30-жылдары қазақ ауыз әдебиетінің тарихын оқулық көлемінде баяндау
мәселесін алғаш көтерген. Оны қолға алған С.Сейфуллин еді. Бұл іске кірісер
алдында ол әдеби мұраны білетіндерге арнап 1929 жылы Еңбекші қазақ газеті
арқылы ашық хат жазады, қазақ әдебиетінің тарихы туралы кітап жазу ойы
барлығын айтып, соған керекті материалдарды ел арасынан жиналып беруді
сұрайды.
Аталған кітабын Сәкен екі бөлім етіп шығарды. Оның біріншісі,
Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары деген атпен 1931 жылы хрестоматия
құрастырып жарияланады. Ал екіншісі Қазақ әдебиеті, Билер дәуірінің
әдебиеті деп аталатын қазақ ауыз әдебиетінің тарихын баяндауға арналған
ғылыми зерттеу еңбек 1932 жылы жарық көреді. Мұнда Сәкен алдымен қазақ
халқының тарихынан қысқаша мәлімет береді де, содан кейін ауыз әдебиетін
жанрға жіктеп, бірнеше салаға бөледі. Және де ол ауыз әдебиетінің өзіндік
ерекшеліктерін, көркемдік қасиетін көрсетеді.
Сәкеннің бұл еңбегі өз кезі үшін аса қажет және құнды еңбек бірі
саналады, бірақ кітаптың ақауы, қате-кемшіліктері де байқалады. Ондай
кемшіліктің бастысы–Сәкеннің қазақ халқының ауыз әдебиетін түгелдей билер
дәуірінікі деуінде (Сәкен бұл пікірінен қайтты, оны кейіннен
Ө.Тұрманжановпен бірлесіп жауған оқулығынан көресіз).
Сәкеннен кейін қазақ ауыз әдебиетін оқулық көлемінде зерттеп баяндау
жөнінде 30-жылдары көп жұмыс жүргізілді. Бастауыш және орталау мектептерге
арналып, бірнеше оқулық хрестоматиялар баспа жүзінде жарық көрді. Оларды
белгілі әдебиетшілеріміз М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,
Ө.Тұрманжанов, М.Қаратаев, С.Мұқанов, Қ.Бекхожин т.б. жазып құрастырады. 30-
жылдары шыққан бұл кітаптар азды–көпті кемшіліктеріне қарамастан, қазақ
фольклористикасын дамыта түсу жолында тағы бір ілгері басқан қадам болып
табылады.
30-жылдары қазақ әдебиетшілерінің, соның ішінде фольклористердің
кеңінен көтерген мәселесі–көркем шеберлікке үйрену жайында болды. Рас, бұл
мәселе 20-жылдарда да көтерілген еді. Бірақ, 30-жылдардың бас кезінде оған
айрықша мән берілді. Осы мәселелер төңірегінде айтыстар да болды. Сонда –
қазақ кеңес жазушылары шеберлікті орыс, батыс, шығыс әдебиеті
классиктерінен және Абайдан үйрену керек деуімен қатар, оны халықтың ауыз
әдебиетінен де үйрену қажет деген пікірлер де айтылады.
Мәселен, С.Мұқанов Қазақтың пролетариаттық әдебиеті туралы (1931)
деген еңбегінде Қара таудың басынан көш келеді деген өлең өлшемі баяу
өмірдің, түйе үстінде аяңдаған өмірдің өлеңі. Қызусыз қимыл, екпінсіз
ырғақтың өлеңі екенін айтады (3). Ал социалистік жаңа заманды, екпінді
құрылысты, совет адамдарының ерлік еңбегін шабыттана жырлау үшін өлеңнің
оралымды ұшқыр түрі деп қазақ ауыз әдебиетіндегі жыр өлшемін ұсынады.
Өйткені, қазақтың Қобыланды, Алпамыс сияқты жырларында батырдың жорық –
шабыс, айқас-тартыс, алыс-жұлыстары, көз ілеспес ерлік қимылдары жыр
арқылы берілген. Сондықтан бүгінгі ерлік өмірді, екпінді қимылды түйдектете
жырлау үшін өлеңнің жыр түрі өте мәнді екінен, бұл ретте Қобыландыдағы
жыр түрін өзіне үлгі етіп жүргенін дәлелдейді.
Сәбит Поэзия мәселесі атты мақаласында халық поэзиясындағы жыр
түріне және одан үйрену мәселесіне қайта оралады.
Халықтың ауыз әдебиетінен үйрену керек деген мәселені кезінде Сәкен
де, Ілияс та, Мұхтар да көтерді. Бұл жөнінде олардың да айтқан, жазған
пікірлері мол. Олар халықтың тіл байлығын, сөз өнерін үйренуді ұсынады,
ауыз әдебиетіндегі кейбір сюжеттерді, фольклорлық образдарды пайдаланып,
сол негізде жаңа шығармалар жазу мәселесіне көңіл аударады. Соның
нәтижесінде қазақ кеңес әдебиетінде фольклорлық тақырыпқа жазылған бірнеше
шығармалар дүниеге келді. Бұған Мұхтардың, Сәбиттің, Ғабиттің тағы біраз
ақын-жазушылар фольклорлық сюжет негізінде жазған шығармалары дәлел.
Әрине, халық әбедиетінен үйрену және оны пайдалану мәселесін 30-
жылдарда ақын-жазушылар ғана көтеріп қойған жоқ. Оған қазақ совет
фольклористикасы да көңіл аударды. Әдебиетші ғалымдар мен фольклористер
аталған мәселені кеңінен алып зерттеуге кірісті. Осыған орай олар ауыз
әдебиеті мен жазба әдебиеттің байланысты, фольклорды пайдалану және одан
үйрену жолдары дейтін мәселені үлкен ғылыми проблема етіп көтерді. Бұл
мәселелер С.Сейфуллин мен М.Әуезовтің, І.Жансүгіров пен Қ.Жұмалиевтің,
С.Мұқанов пен Б.Кенжебаевтің, Е.Ысмайлов пен М. Қаратаевтың, тағы басқа да
әдебиетшілер мен фольклористердің ғылыми-зерттеу еңбектерінен, мақалалары
мен оқулықтарынан елеулі орын алды. Мұның өзі қазақ кеңес
фольклористикасының ауыз әдебиетін зерттеу жолында жүргізген күрделі
еңбегінің бір көрінісі еді.
30-жылдарда қазақ фольклористикасының тағы бір назар аударған мәселесі
– кеңестік дәуірдегі халық творчествосы болды. Оған себеп: бұл мәселенің
бүкіл одақ көлемінде қолға алынуы, оған партиямыз бен үкіметіміздің айрықша
мән беруі, қамқорлық жасауы.
1933 жылы Сәбит Москвада СССР жазушылары одағының үйінде А.М.Горкийдің
қабылдауында болады, әдебиет мәселелері жөнінде әңгімелесіп отырады. Сөз
арасында: Елдеріңіздің ескі әдебиетті қалай? - деп сұрайды Горький. Оның
бұл сұрағына Сәбит жауап беріп, қазақ халқының ауыз әдебиетке бай екендігін
айтады.
- Сіздер алтын қазыналы сандықтың үсінде отыр екенсіздер, - дейді ұлы
жазушы. Содан кейін ол Сәбитке ауыз әдебиетін жинау, зерттеу, одан үйрену
туралы көп кеңестер береді (3).
Ал кеңес жазушыларының Бүкілодақтық бірінші съезінде (1934 ж) жасаған
баяндамасында А.М.Горький халық әдебиеті туралы даналық пікірлер айтты.
Сөз өнері фольклордан басталады дей келіп, сол фольклорды жинау, ең
жақсыларын баспа жүзіне шығару, зерттеу басты міндет екенін көрсетеді. Және
де халықтың ғасырлар бойына жасаған сөз байлығы, сөздік қоры фольклорда
жатыр, одан үйрену, пайдалану қажет дейді.
Горкийдің осы ақыл-кеңестерінен кейін барлық жерде, соның ішінде
Қазақстан көлемінде де халық әдебиетін бағалау, жинау, жариялау, зерттеу
жөнінде көп жұмыс жүргізілгені мәлім. Және де А.М.Горький бастап айтқандай
– халық арасынан шыққан өнер иелеріне барлық жерде көңіл бөлініп, ерекше
жағдай туғызды.
Аталған кезде Қазақстанның да аудан, облыстарында өнер иелеріне
қамқорлық жасалып, олардың бас қосқан творчестволық жиындары, слеттері,
халық ақындарының айтыстары өткізілді. Халық арасынан шыққан таланттардың
творчестволық еңбектері жоғары бағаланды. Мұның бәрі Қазақстанда халық
творчествосының дұрыс бағалауына және өркендей беруіне кең жол ашты. Халық
ақындарына айырықша көңіл бөлініп, олардың творчестволық өсуіне жағдай
жасады. Осы кезде қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл және Нұрпейіс, Доскей,
Шашубай сияқты жыршы-жыраулар қайта жасарды. Олар өздерінің ақындық өнерін
кеңестік шат өмірді жырлауға арнады, көптеген жаңа да тың шығармалар берді.
Бұл айтылғандар қазақ фольклористикасының алдына жаңа міндеттер қойды.
Әдебиетшілеріміз бен фольклористеріміз кеңестік халық поэзиясын, оның
көрнекті өкілдерінің шығармасын зерттеу ісіне кірісті. Осы ретте
жүргізілген зерттеу жұмысына М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Қаратаев, Е.Ысмаилов,
Б.Кенжебаев, Ә.Тәжібаев тағы басқа әдебиетшілеріміз белсене араласты, олар
бүгінгі халық поэзиясы және оның көрнекті өкілдері жайында көптеген
еңбектер жазды. Сонда айтылған негізгі мәселе– кеңестік дәуірдегі
фольклорымыздың жайы, оның күнделікті өмірмен байланысы, халық ақындарының
творчествосы, кеңестік фольклордың жасалу, даму жолдары және болашағы, тағы
сол сияқтылар болды. Бұл еңбектер кейін де қазақ кеңес фольклорының кең
көлемде зерттелуіне жөн сілтеген, жол көрсеткен бастама еді.
Мұнымен қатар 30- жылдардағы фольклористикамыз қазақ халқының ертедегі
ауыз әдебиетін зерттеу ісіне де көңіл бөліп отырды. Бұл ретте М.Әуезовтің
Қазақ халқының эпосы мен фольклоры (1939), С.Мұқановтың Батырлар жыры
(1939), Қ.Жұмалиевтің Халық поэмалары (1939), Б.Кенжебаевтің Қазақ эпосы
туралы (1939) жазған еңбектері айрықша атауды керек ететін зерттеулер деп
қараймыз. Аталған зерттеулерде қазақ ауыз әдебиеті тарихын, оның даму
жолдарын ғылыми тұрғыдан жаңаша баяндау байқалады. Бұл еңбектерде, әсіресе,
қазақ ауыз әдебиетінің халықтығы туралы мәселе көтеріліп, ол Маркстік –
Лениндік ілім негізінде қарастырылады.
30 - жылдардағы қазақ фольклористикасын сөз еткенде халық ауыз
әдебиетін зерттеу ісіне тек әдебиетшілер мен фольклористер ғана
қатыспағанын, оған тіл мамандары да атсалысқанын айрықша атап өтуге
тиістіміз. Бұл жөнінде Қ.Жұбановтың, С.Аманжолов пен Ш.Сарыбаевтың т.б.
еңбектерін еске аламыз. Олардың қазақ фольклорын тілдік жағынан ғана емес,
әдебиеттік – тарихи жағынан да зерттегені байқалады. Бұған мысал ретінде
профессор Құдайберген Жұбановтың бір –екі зерттуіне көңіл аударғымыз
келеді.
Профессор Құдайберген Жұбанов қазақ тілінің мәселесін зерттеуде аса
құнды еңбектер қалдырған үлкен ғалым екені бәрімізге мәлім. Ол қазақ ауыз
әдебиеті туралы да ғылыми мәні зор пікірлер айтқан адам. Және де ол өзінің
бұл пікірлерін қазақ тілі мәселелерін зерттеуге арналған еңбектерінде
келтіріп отырған. Мысал үшін оның 1936 жылы баспа жүзіне шығарған Из
истории порядка слов в казахском предложении деген еңбегін алайық. Мұнда
ол қазақ сөйлеміндегі сөз тіркестері тарихын зерттей отырып, өзінің ғылыми
ережелерін дәлелдеу үшін, нақтылы мысалды қазақ ауыз әдебиетінен де алады.
Мәселен, аталған еңбегінде қазақ тілінде кездесетін сүт кенже, бір
туған деген екі сөздің мағынасы не екенін анықтау үшін Шақар мен Тараза
дейтін ақынның айтысынан мысал келтіреді (6).
Профессор Қ.Жұбанов қазақ ауыз әдебиетін мейлінше жақсы білген және ел
арасынан фольклорлық шығармаларды көп жинаған ғалым. Мұның негізінде Қазақ
музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен (1936) дейтін ғылыми еңбегін
жазған. Осы зерттеуінде, ол қазақ музыкасының шығу, даму тарихын ауыз
әдебиетінің, әсіресе, эпостың шығу тарихымен байланыстыра қарастырады. Бұл
жөніндегі ол Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Алпамыс жырларына тоқталып,
оларды шығаруда жыршылар үшін ән мен күйдің, домбыраның көп роль атқарғанын
дәлелдейді, халық творчествосына тән синкретизм мәселесін көтереді.
Профессор Қ.Жұбановтың халық әдебиетіне байланысты айтқан пікірлерін
еске алғанда, оның Абай қазақ әдебиетінің классигі (1934) дейтін
еңбегінің фольклористер үшін аса маңызды да мәнді, үлгі етерлік зерттеу еді
деп қарауға тиістіміз. Бұл еңбегінде профессор Қ.Жұбанов Абайға байланысты
біраз мәселе қозғайды. Соның бірі Абай және халық әдебиеті деген мәселе.
Мұнда ол халық әдебиетінің тілі мен Абай тілін салыстыра зерттейді.
Халықтың сөз байлығын пайдалануда, айтпақ болған негізгі ойды ауыз әдебиеті
қалай береді, Абай қалай береді деген мәселелерді ғылыми тұрғыдан өте
дәлелді етіп баяндайды.
Сонымен, профессор Жұбановты ауыз әдебиетін, оның көркем тілін нақтылы
түлде зерттеуде аса көп мұра қалдырған, фольклористиканың дамуына елеулі
үлес қосқан, шығармаларды ғылыми тұрғыдан зерттеу үлгісін көрсеткен үлкен
ғалым деп білеміз.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеу iсiне белгiлi бiр маманы
профессор Сәрсенбай Аманжолов та айтарлықтай үлес қосты. Ол “Бөгенбай
батырды” баспа жүзiне шығарды, қазақ халқының жұмбақтары туралы еңбек
жазды. Ал “Қазақ тiлiнiң диалектологиясы” дейтiн монографияда ауыз
әдебиетiнен көптеген мысалдар келтiредi және диалект мәселесiн зерттеуде
ауыз әдебиетiнiң мәнi зор екендiгiн көрсетедi.
Сондай-ақ қазақ тiлi және оны оқыту методикасы мәселелерiн зерттеуде
елеулi еңбек еткен ғалым Шамғали Сарыбаев та ауыз әдебиетiнің үлгiлерiн
жинау саласында қызмет атқарды. Жамбыл туралы және Жетiсулық халық ақындары
жайында тұңғыш рет көп мәлiмет жинап, баспа жүзiне жариялады. Бұл
материалдар Жамбылдың, басқа да халық ақындарының творчествасын зерттеуде
аса пайдалы болған едi.
Жоғарыда айтылғандарға қысқаша тұжырым жасасақ, 30-жылдардағы
фольклористикамыз қазақ ауыз әдебиетiнiң мәселелрiн зерттеуде мол еңбек
сiңiргенiн, көп еңбектер бергенiн, сөйтiп, өзiнiң өсу, даму үстiнде
болғананы аңғартады.
1.2. М.О. Әуезовтің алғашқы фольклортанушылық ізденістері
М.О.Әуезовтің көп қырлы ғылыми творчествосының iшiнде көрнектi орын
алатын ең бiр көлемдiсi – фольклор туралы зерттеулерi. Ауыз әдебиетiн
зерттеуге 20-жылдардан бастап кiрiскен ол, фольклорды зерттеудiң түбiрлi
мәселелерiне тынбай араласып отырды. Әр кезеңдердегi фольклортану ғылымының
талабына сай үлкендi-кiшiлi қыруар ғылыми еңбектер жазды. Бұл саладағы
қырық жылға жуық ғылыми қызметi iшiнде қазiргi фольклортану ғылымының
көшбасшысы ретiнде оның алғаш рет iрге тасын қаласып, бұрын бетi ашылмаған
көптеген тың мәселелерiн дер кезiнде көтерiп отырды. Қазақ фольклорын
зерттеудегi әрбiр жаңа бастаманың үнемi басы-қасында болып, оларды ғылыми
тұрғыда зерттеуге мол бiлiмiн, күш-қуатын аямай жұмсады.
Зерттеушi Ә.Молдаханов М.Әуезовтiң фольклор жайлы ұзақ жылғы ғылыми
еңбектерiн, ғалымның ғылыми көзқарасындағы эволюцияға байланысты үш кезеңге
бөлiп қарастырады. Олар:
1. 20-жылдардағы зерттеулерi – iзденiс жылдары.
2. 30-жылдардағы зерттеулерi – кемелдену кезеңi.
3. 40-жылдардан өмiрiнiң соңында дейiн – ғұламалықтың шыңы (7).
Ғұлама зерттеушi Әуезовтiң алғашқы iзденiс жылдары 20-
жылдардағы жүргiзген еңбектерiн айтпас бұрын, оның сол фольклорға келуге
әсер етке әлеуметтiк ортасын сөз еткенiмiз абзал.

М.Әуезов, сөз жоқ, бiртуар табиғи талант. Әуезов ұлылығының бiр қыры –
оның тумысынан бiткен ақылдылығы мен зерделiлiгiнде. Ал екiншi жағы – қазақ
халқының аса бай фольклорлық дәстүрдiң молдығы, онымен жастайынан жете
қанық болып, бойына мол сiңiрiп, осы дәстүрдi ерекше құрметтеушi, сақтаушы,
дамытушы ортада ер жетуi, тәрбие алуы.
Әңгiме-жырдың дүкенi болған Абай ауылында туып, ержеткен жас Мұхтардың
қазақ фольклорына деген құштарлығы ерте оянады. Сол себептi оның
фольклоршыл өмiртанымын сөз еткенде, ұлы Абай дәстүрiн сол топырақтың
құдiретiн, сол ортаның тәлiм-тәрбиесiн әрқашан естен шығармаған жөн. Абай 6
жастағы Мұхтардың басынан сипап батасын берген.
Бала Мұхтардың Абай дәстүрiне, сол арқылы халық фольклорына шексiз
сүйiспеншiлiгiн алғаш оятып, оны оқып бiлуге, құрметтеуге бiрiншi баулыған
ұстазы өз атасы Әуез қарт Абаймен рухани жағынан көңiлдес, әрi ескi
әдебиеттен мағлұматы көп адам болған. Жас немересiнiң тумысынан зеректiгiн,
зерделiгiн жете байқаған атасы Әуездiң көп немерелерiнiң iшiнде кiшкентай
Мұхтарға деген ықыласы ерекше болады. Оны бес жасынан Абай өлеңдерiнiң
қолжазбасы арқылы оқытып, сауатын ашып, бiлiмге тартады.
Бұл мәселе туралы М.Әуезов өз өмiрбаянында атасы Әуездiң таң атқанан
күн батқанға дейiн кiтаптан бас алғызбай Абай өлеңдерiнiң бәрiн жаттатқанын
айтады (8).
Дiни мағлұматы мол, мұсылманша сауатты атасы Әуез құран кiтаптары
арқылы өз немересiнiң сауатын ашып қоймай, ауыз әдебиетiнiң небiр көркем
үлгiлерiнен де мол мәлiметтер берiп отырған. Осы жайында М.Әуезовтiң
тетелес iнiсi Ахмет Әуезов естелiк кiтабында төмендегi деректердi
келтiредi:
“Атамыз ескiше оқумен ғана шектелмей, халық ауыз әдебиетiнiң жар-жар,
көрiсу, қоштасу, естiрту, сыңсу жаңылтпаш жұмбақтарының небiр үлгiсiн, “Күн
астындағы Күнекей қыздан” таратып салт-дәстүр, қиял-ғажайып ертегiлердi,
“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Едiге”, “Ер Қосай”, “Көрғұлы”, “Айман-Шолпан”
дастандарын, күнi кеше ғана өткен “Еңлiк-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр”,
“Сабалақ” оқиғаларын сабақ ретiнде өтедi”–дейді (9).
Осындай қабiлеттi жастың естiп бiлгендерi жадында берiк сақталып, ой-
қиялына ерiк бередi. Кейiнiрек кезде балалық шағынан етене жақын, рухани
дос болған сүйiктi ақын-жыршыларға елiктеп, өзi де өлең жазады. Бiрақ бұл
өлеңдерi сақталмаған. Оны тек жазушының естелегiнен ғана көремiз (36).
Мұхтар әрқашан үлкен кiсiлердiң қасынан шықпай, солардың сөзiн тыңдап
қана қоймай, жазып алып отыратындығын, сондықтан достары қалжыңдап оны
“қара шал” деп атайды екен (9).
Семейдегi бес кластық училищенiң оқушысы жазға каникулда ауылына
келiп, ақын-жыршылардың, әңгiмешiлердiң ауызынан естiген қазақ халқының
өрнектi сөз үлгiлерiн дәптерiне жазып алып, ауыз әдебиет нұсқаларын жинай
бастайды. Жазу дәптерiнде кездесетiн мынадай мәтелдер бар: “Қара күш ақылға
төтеп бере алмас”, “Ар-ұят ақшадан қымат”, және т.б.
Адамды әлеуметтiк орта тәрбиелейдi, билейдi, тағылым бередi.
М.Әуезовтiң табиғи дарындылығымен туған, өскен ортасының осылай тоғысып
келуi болашық фольклортанушы ғалымға ықпал еткен басты себеп болады.
М.Әуезовтiң фольклорды зерттеудегi алғашқы iзденiстерi 20-жылдардың
басынан Ташкент, Ленинград университеттерiнде оқып жүрген шағынан бастау
алады. Оның жоғары оқу орындардағы алғашқы студенттiк дәуiрi 1922 жылы
Ташкент, Орта Азия университетi қабырғасында басталғаны белгiлi. Осы
алғашқы студентiк қадамынан-ақ ол бiр ғана оқумен шектелмей, ғылыми
зерттеу жұмыстарымен де айналыса бастайды. Бұл жөнiндi ол өзiнiң
өмiрбаянында: “Жазушылық қызметпен қатар, мен ерте уақыттан, сонау,
студенттiк кезiмнен бастап ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып келемiн,–деп
жазады ”(36).
Болашақ фольклортанушы ғалым М.Әуезовтiң халық әдебиетiн зерттеушiлiк
көзқарасының ерте қалыптасуына табиғи тумасынан ерекше зерделiлiгi, ес
бiлгеннен үлгiлi, өнегелi фольклорлық дәстүр мен ортада өмiр сүрiп, ер
жетуi басты себеп болады.
Семейдегi бес кластық училищенiң оқушысы кезiнде басталып, осы
қаладағы оқытушылар семинариясы қабырғасында жалғастырған фольклорды
жинаушылық талпыныстары Ташкент университетiнiң студентi кезiндегi
зерттеушiлiк қызметiмен ұштасты. Соның нақты бiр дiлелi осы кезде
Ташкентте шығып тұратын “Шолпан” журналының 1922 жылғы №2,3 және 1923 жылғы
№ 4,5 сандарында М.Әуезовтiң “Қоңыр” деген бүркеншек атпен (псевдоним)
атпен “Қазақ әдебиетiнiң қазiргi дәуiрi” деп аталатын тырнақалды ғылыми-
зерттеу мақаласы жарияланды.
Қазақ фольклоры мен жазба әдебиетiнiң сол кездегi жай-күйiне арналған
жас қаламгердiң осы бiр алғашқы мақаласынан-ақ оның зерттеу нысанасының
ауқымдылығы, көтерген мәселелерiнiң өзектiлiгi, әрi ғылыми тереңдiгi бiрден
көзге түсiп, санаға ұялайды. Өзiне дейiнгi көрнектi фольклортанушы
ғалымдарының пiкiрiне ой жүгiрте келiп,мақалының авторы Европа ғалымдары
бiрауыздан мойындаған мазмұнға бай, жанры жағынан сан-салалы көркем де
кестелi сөз өнерiмен өрнектелген ескi әдебиетiмiздi ерекше құрметпен, терең
сүйiспеншiлiк сезiммен тiлге тиек етедi: “Өткен күннiң әдебиетiн еске
түсiргенде, ескiлiктен со белгiнi қалдырып кеткен адамды ойлағанда,
айтылған өлең, жыр, тақпақ, мәтелердiң аузынан шыққан кезiн ойлағанда,
бәрiмiз де өткен күннiң өнерiне iшiмiзден бас игендей боламыз, сөзi қалған
кiсiнiң атын құрметпен атағандай боламыз... ескi әдебиетiмiздi сүйемiз,
сүюiмiз дәлелсiз емес. Құрметтеймiз, құрметiмiз орынсыз емес”.
Осылайша мақаланың авторы өзiне дейiнгi фольклоршы ғалымдардың
пiкiрiне сүйене отырып, “ескi ел әдебиетi туралы келелi ой қозғайды”.
Қазақтың кең даласындай ұшан-теңiз мол ауыз әдебиетiн, оның мәңгiлiк
дәстүрiн, сөз өнерiнiң қазақ баласы үшiн қадiрлi орнын, оны сақтаушы,
дамытушы ақындардың өлшеусiз қызметiн жоғары бағалайды.
Тереңiрек ойлап, байыптап қараған зерттеушi үшiн бұл еңбекте
фольклортану жайынан бiраз тосын, тың пiкiрлер бар екендiгi күмән
келтiрмесе керек. Оларды жинақтап айтсақ төмендегiдей:
1. М.Әуезов аталған мақалада әдебиетiмiздiң әлi “iргесi” нығайып, бетi
ашылып болмаған жазба әдебиетке негiз боларлық мәнiн фольклор
зерттеушiлердiң iшiнде алғаш рет атап көрсетедi. Оған мақала авторының
мына бiр пiкiрi толық дәлел сияқты: “Сол ескi сөздiң iшiнде ескi қазақ
өмiрiнiң әрбiр дәуiрi, әрбiр мезгiлi және әрбiр жеке-жеке суретерi,
жазба әдебиетте кездесетiн үлгiлi мiнездер – типтер, ел iшiнде айрықша
таптардың өзгеше психологиясы дәл айтылған”...Мысалға, “Қозы Көрпеш – Баян
сұлу” жырындағы Қарабай Пушкиннiң “Скупой рыцарының” қазақ фольклорындағы
айқын типтiк бейнесi екендiгiн аңғартады.
Ескi әдебиеттiң жөн-жосығын қарастырып зерттеу, ең алдымен жаңа
әдебиет үшiн керектiгi – жаңа әдебиетке дұрыс бағыт беру жолында оның
өткенiне тұтастай бет бұру қажет. Онсыз да жаңа әдебиеттiң болашағы
болмайтындығын мақала авторы дер кезiнде , әрi батыл түрде күн тәртiбiне
қоя бiлген.
2. Мақаланың өз кезi үшiн келесi бiр тың мәселе – жас ғалымның ескi ел
әдебиетiн халықтың сөз өнерi деп танығандығы, оның өзiне тән
ерекшелiктерi мен заңдылықтарын осы тұрғыда айқындаудағы алғашқы
талпыныстары. Мәселен, батырлар жырындағы тек қазақ халқының ақындық
өнерiне тән өрнектi сөз орамдары әдеби жағынан талдай келiп, бұл құбылыс
ықшам жанрларға келгенде тiптi анық көрiнетiндiгiн бiлдiредi: “Әдебиеттiң
ұсақ түрлерiне келгенде алдымыздан көздi қуантып, жайнап шығатын асыл тас
сияқты қымбатты бұйымдары, қара сөзбен айтылатын аңқаулықтың исi аңқыған
қарапайым ертегiмен қатар, Сарыарқаның ақ көде малға шүйгiн шөбi, кiр
жуып, кiндiк кескен жерi, көлеңкелi ағашы, қоңыр желiне шейiн (10)
шеберлiктiң оралымына кiргенiн көремiз.
Әдебиет ескiлiгiнiң табиғи ерекшелiктерiн талдай келiп, автор сөз
өнерiнiң тұтас халықтық сипатын ашып көрсетедi: “Мынау - үстем таптың
туындысы”, “мынау – еңбекшi халықтың шығармасы” дейтiн пiкiрден зерттеушi
нысанасын алыс ұстап, қазақ даласында ақындық өнердiң тәттi сұлулығынан
қой баққан қотыр тайлы тазша баладан, жамағат тұрғысы төре де құр
болмағандығын, хан Қараша би, төре, батыр – бәрi де “айырмасыз кестелi сұлу
сөздiң қадiрiн бiлiмге ұстартып, зейiнi ашылған европеецтен кем бiлмеген...
бәрi де өмiрiнде кез келген iрi оқиғаның жанынан ақын рухы мiнген тұлпары –
өлеңменен желдiртiп өткенге ұқсағанын”, автордың жiтi аңғарғанын байқаймыз.
3. Фольклор бiр ғана сөз өнерi емес, ол халықтың өмiр-тiршiлiгiнiң, әдет-
ғұрпының, тұрмыс салтының ұлттық санадағы көркем бейнесi. Мәселенiң осы
жағы да зерттеушi нысанасынан тиiстi орнын алған. Мысалға: “Қозы Көрпеш
– Баян сұлу” жырындағы бақташыл көшпендiлiк өмiр салтынан туған Қарабай
мен Қодардың мiнез-құлықтары; Қарабайға тән сараңдық, Қодарға тән
тұрпайылық. Керiсiнше, жаугершiлiк өмiр тудырған батырлар жыры Қобыланды,
Ер Тарғындағы басқа жұртқа ұқсамайтын тек қазаққа тән халықтың асқақ
қиялы тудырған көркем бейнелер iрi қалпымен, өзге жұрттiкiне ұқсамай,
таза қазақтiкi болып шығатындығы туралы тұжырымдардан жас зерттеушi
М.Әуезовтiң көркенмдiк биiк талғамын аңғарамыз.
Жоғарыда айтылған мақаланың назар аударарлық елеулi жақтарымен қатар,
зерттеу тәжiрибесiнiң балаңдығынан туған үстiрт пiкiрлер де кездеседi.
Автор қазақ өмiрiнiң өткендегi тұрмыс-салты толық көрiнетiн “Қозы Көрпеш –
Баян сұлу” жырындағы Қарабайға тән сараңдықты , Қодарға тән тұрпайылықты
тек қана қазақтың бақташылық өмiрiнен жұққан терiс әдет-қылықтар деп
табады. Жеке кейiпкерлер басындағы жағымсыз мiнез-құлықтар үшiн бүкiл
халықтың бақташылық тұрмыс-салтын кiнәлау – жаңсақ пiкiр. Шындығында,
Қарабайға тән сараңдықты, Қодарға тән топастықты алдымен осы
кейiпкерлердiң iшкi сезiм дүниесiнен iздестiрген жөн. Бақташылық салт бұл
жерде себеп қана.
Зерттеушiнiң қазақ фольклорын, соның iшiнде эпос қаһармандарының
ұлттық характерiн, жауын жеңiп, жолы болғандығын, кейде тар ұлттық
шеңберде қараушылық әдiсi де бiржақты жансақтылықты байқатады:
“Қазақ батырлары Ғазiретәлi, Сейiтбатталдай емес, олардың өзiнше
жаратылысына тән қазақ тәрбиесi, қазақ ұғымы, қазақ тәнi бар. Алдарына
қойған мақсаттары да бiрегей: алдымен ұлтшыл болу–өз ұлтын сүю, дiншiл
болу–өз дiнiн сүю. Олардың жаратылысынан қазақ қаны күштi... Сондықтан да
қазақ батырларының дұшпанын мұқатып жолы болғыштығы жауы қазақ емес, жат
болғандықтан”-деп тұжырымдайды (10).
Зерттеушiнiң кейде осы секiлдi жеке көңiл сезiмге ерiк беруi ғылыми
объективтiлiкпен сәйкес келмейтiндiгi белгiлi.
Дегенмен де кейбiр iшiнара айтылған ұшқары пiкiрлерiне қарамастан,
қазақ әдебиетiнiң өткен жолы сол кездегi (мақаланың жазылған мезгiлiндегi -
Ә.М.) бет-бағдары болашағы туралы ой қозғаған жас зерттеушiнiң ескiден
қалған әдеби мұраға деген ерекше құрметтеушiлiк сезiмi, биiк талғамы
танылады.
Ташкент университетiнде оқып жүргенде студент М.Әуезов қырғыз
халқының ұлы мұрасы “Манасты” зерттеуге алғаш рет талпыныс жасайды. Ол 1923
жылы Түркiстан зиялыларының бас қосқан киелi жиынында осы эпос жайын ғылыми
баяндама жасайды. Баяндама жұртшылық көңiлiнен шығып, мәжiлiс төралқасында
Тұрар Рысқұлов, Әубәкiр Диваев, Сұлтанбек Қожанов оған жылы лебiздер
бiлдiрiп, тақырыпты одан әрi тереңдете зерттеу керектiгi жайлы пайдалы
пiкiрлер айтады.
Осыдан кейiн дарынды жастың болашағына зор үмiт айтқан Түркiстан
Коммунистiк партиясының Орталық Комитетi оған сол 1923 жылы Ленинград
университетiне оқуға арнайы жолдама бередi. Аталған жолдамамен М.Әуезов
1923 жылы тамызда Ленинград университетiндегi қоғамдық ғалымдар
факультетiнiң тiл-әдебиет бөiмiне оқуға түседi. Осында оқып жүрiп, ол
атақты ғалымдар В.Бартольд, С.Обнорский, Л.Щерба, С.Е.Малов, профессорлар
В.В.Сиповский, Эйхенбаум сияқты ұстаздардан бiлiм, өнеге алады.
Алғашқы жылы университетте Мұхтар Әуезов бiр семестр ғана оқыды. 1924
жылдың басында ондағы қысқы сынақ-емтихандарын тапсырып демалысқа
Семейге келген кезде жергілікті жерде тіл-әдебиет мамандары жетіспей Семей
педучилищесіне әдебиет пәнінен дәріс береді. Ол кезде орта мектептердің
өзінде оқулықтар тапшы болғандықтан, зерттеуші Әуезов өзі халық арасына
әдеби мұраның үлгілерін жинап, өз лекцияларында пайдаланады. Онымен қоса
Семейде шығып тұратын Таң журналының редакторы қызметін де атқарады.
Семей губерниялық атқару комитетiнiң Ленинград университетi ректорының
атына жолдаған қатынас хатында: “Жолдас Әуезов қазақ әдебиетiне қызығумен
осы саладағы өз бетiмен жүргiзген зерттеулерi арқылы техникумда қазақ
әдебиетiн оқытатын лектор ретiнде бiрден-бiр кандидатура болып табылады”-
деп атап көрсетуiнде үлкен мән бар. Сол кезде-ақ ол фольклор зерттеушiсi
ретiнде танымал бола бастаған сияқты.
1924 жылы Ташкентте шығатын “Жас қайрат” журналының № 3 және № 4
сандарында М.Әуезовтың “Халық әдебиетi туралы” деп аталатын мақаласы
басылды. Мұнда ол фольклордың ұмытылып жоғалып кетпей тұрғанда оны тез
арада жинап, баспа орындарына жариялау қажеттiгi туралы үлкен проблемалық
мәселе көтердi: “Халық бұрынғы кездегi салтынан, қолданып жүрген халық
әдебиетiнен заман өте-мөте бүтiндей тотығады. Ескiлiктi өлең-жырларды жаңа
буын жастары бiлмейдi. Аздап кәрi құлақты ескi кiсiлердiң ғана жадында
қалды... Ендi өткенге салауат, бiрақ жұртшылығымызды ашып көрсетiп, халық
әдебиетiн жинаудың шарасына кiрiсуiмiз керек. Менiңше, халық әдебиетiн
жинауға ыңғай бар адамдар – оқыған шәкiрттерi болуы керек. Олар жаз
елдерiне бара қалған кездерiнде халық әдебиетiн жинап, басылып жарыққа
шығатын баспасөз майданына түсетiн жерге жеткiзу керек. Жинаушы шәкiрттер
ескi халық арасынан өлеңдерi көп тараған ақындардың өлеңдерi олардың
өмiрi, қай уақытта болғандығы туралы мағлұмат жинауға кiрiсуi қажет.
Әсiлi, ескi әдебиетiмiздi жинауға жас оқығандарымыз күш көрсетпесе, халық
әдебиетiмен аз жылда ашық қоштасамыз”,-дейдi ол аталмыш мақаласында (14).
Мақаланың сол кез үшiн өте актуалдылығы – автордың ұмытылып бара
жатқан халық фольклоры үлгiлерiн мүлде жоғалып кету қаупiнен сақтап
қалуындағы жанайқайы. Бұл мезгiл ескi қоғамның тарихи аренадан кетiп, оның
орнына жас социалистiк қоғамның келiп орнығып жатқан кезi болатын. Ескiнiң
орнына жаңа келгенде, одан қалған рухани мұраларды жойып, оның орнына жаңа
қоғамның өз мүддесiне сай дүниелердi өмiрдi келтiру шаралары тарихтан
белгiлi нәрсе. Ескiден қалған тiл, әдебиет, тарих мұраларының бәрiн мансұқ
ету, жаңа пролетарлық мәдениет, әдебиет жасау ұраны, ұран ғана емес, соны
iс жүзiнде асыру шаралары сол кездегi әдебиеттегi басшы ұйымдар – РАПП,
КазАПП секiлдi одақтардың бғдарламалары мен күнделiктi iс-қимылдарына
айтылып та , жазылып та, iске асырылып та жатты. Мұндай саясаттың ұлттық
мәдениетiмiз бен әдебиетiмiзге тигiзген зияны қаншалықты болғандығына
сол қоғамның өткендегi өмiр тәжiрибесi куә. Оны бүгiн ешкiм жоққа шығара
алмайды. Өйткенi бұның бәрi тарихи шындық. М.Әуезовтың ұлылығы – осыларды
алдын-ала көре, болжай бiлуi.
Осы мақаладан кейiн көп кешiкпей Семейде шығып тұрған “Қазақ тiлi”
газетiнiң 1925 жылғы 23 сәуiрiндегi санында “Семей педтехникумы” деген
бүркеншiк атпен Мұхаңның “Әдебиет ескiлiгiн жинаушыларға” деп аталатын
көлемдi мақаласы жарияланды. Мұнда ол “Жас қайрат” журалындағы пiкiрлерiне
қайтадан оралып, әдебиет мұраларын жинаушылардың алдына өз кезi үшiн ғана
емес, одан кейiнгi кез үшiн де маңызы ерекше зор бағдарламалық мiндеттер
қояды. Мақала авторы қазақ фольклорының шаң басып, әр жерде шашылып жатқан
жұрнақтарын ғылыми бiр жүйеге келтiрудi дер кезiнде күн тәртiбiне қоя
отырып, оған былай жауап қайтарады. Бiрiншiден, әдебиеттi сүйетiн қазақ
оқушысына ой, сезiм азығын беру. Екiншiден, халқымыздың тiлiнiң
қалыптасып, нығайып, өзiне бiткен көркi мен күшiн арттыруға жәрдемдесу.
Үшiншiден, көнеден келе жатқан қазақ халқының ақыл-ойын, сөз шеберлiгiн
көзге елестетiп ойға түю. Автордың дәлелдеуiнде: “Қазақтың өткендегi ақыл,
ой тұлғасы айқындалмай, келешектiң бетi ашылмайды. Өткен күннiң ұғымы мен
нанымы, әдетi мен салты анықталып, екшелмесе, келешекке бет түзелмейдi.
Ирелеңi мен бұралаңы көбейедi. Қай жұрттың, қай түрдегi сөз орнын алсақ та,
артындағы қоры жиналмай, алдына қарай заулап кеткен емес. Бұл туралы
бүгiнгi жаңа әдебиетiмiздi мысалға алсақ та болады. Мәселенiң теориялық
жақтарымен бiрге автор аталмыш мақаласында әдебиет ескiлiгiн қалай, кiмдер
және қандай жанрлар жинау керек екендiгi туралы да нақты методикалық
нұсқаулар мен оның жобасын көрсетедi. Олар төмендегiдей:
1. Бұл iс бiр ғана мамандардың жұмысы емес, кәрiсi бар, жасы бар сол
үлгiлердi жатқа бiлетiн және оны қағазға түсiре алатын барлық
жамағаттың мiндетi;
2. Айтушы ел iшiнде ескi сөздi жатқа бiлетiн кәрi құлақты қариялар болса,
жазып алатын сауаты мол оқушы жастар мен оқытушылар болғаны абзал.
Жинаушыға қойылатын шарт: барлық сөз айтушының дәл аузынан шыққан
қалпында жазылып алынуы тиiс.
3. Фольклорды жинау жұмысын жаз айларында, оқытушылар мен оқушылардың
демалыс кезiнде жүргiзген жөн.
4. Күзде барлық фольклор материалдары жиналып тапсырылған соң, оларды қыс
бойы жүйеге келтiрiп баспаға, әзiрлеу, зерттеу жұмыстары атқарылуға
тиiс. Жазда осы цикл қайталан басталады. Сөйтiп, әдебиет ескiлiгiн
жинап, жариялау, зерттеу әдiсi үздiксiз процесс ретiнде жүрiп
отырады.
Ел арасынан әдебиет ескiлiгiн және тарихи шежiрелердi жинауда қандай
жанр мен тақырыптарға бiрiншi кезектке көңiл бөу керек? Осы мәселеге
байланысты мақала авторы Семей губерниялық оқу бөлiмi жанындағы ғылыми-
методикалық кеңестiң атынан халық мұрасын жинаудың бағдарламалық жобасын
жасап ұсынады. Белгiлi абайтанушы ғалым Қ.Мұхаметқановтың пiкiрiнше,
М.Әуезов 1925 жылы сәуiрде болған ғылыми-методикалық кеңестiң мәжiлiсiнде
фольклорды және тарихи шежiрелердi жинау мәселесi тақырыбына баяндама
жасаған. Аталған бағдарламалық сол мәжiлiсте (12 хаттама) талқыланып
қабылданған. Ғылыми-методикалық жағынан бұл жоба бүгiн де кәдеге
жарайтындықтан мақаламызда оны толығырақ берудi жөн көрдiк. Бұл бағдарлама
“Әдебиет жайынан жазып алатындар” деп аталады.
Сонымен:
1. Алдымен ел iшiнде кездесетiн барлық батырлар әңгiмесi. Әсiресе,
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қобыланды”, “Едiге”, “Шора”, “Алпамыс”
сияқтылар. Оларды түгел бiлгендерiн жазып алу керек. Бұл әңгiмелердiң
өлеңмен айтылуы шарт емес, қара сөзбен болса да жазып алу керек: 2.Ескi
жиында айтысқан атақты ақындардың барлық айтысы. Айтысқан өлеңнiң мысалы,
Кемпiрбай мен Шөже айтысы сияқтылар болады. 3.Ескi билердiң ру тартысының
үстiнде, билiк үстiнде өлең, мәтел, тақпақпен ырғасқан сөздерi. Мысалы,
Ақтайлақ бидiң сөзi, Сарыбайдың Солтабайға айтқан сөздерi. 4.Есiм, Абылай
сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Әуезовтың қазақ әдебиеті тарихына қосқан үлесі
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Фольклор және топонимика
ЭПОС САЗЫ
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттанудағы өзекті мәселелерге сіңірген еңбегі
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
М.әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі туралы ақпарат
Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы
М. Әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі
Пәндер