Қол-рука соматизмдері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 СОМАТИЗМ КАТЕГОРИЯСЫ
1.1 Соматизмдердің тарихнамасы, зерттеу жолдары
1.2 Қазақ және орыс тілдеріндегі соматизмдерді талдау

2 ҚОЛ.РУКА СОМАТИЗМДЕРІ: САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
2.1 Қол.рука соматизмдері фразеологизмдер құрамында
2.2 Қазақ және орыс тілдерінде кездесетін сәйкестіктер
2.3 Қазақ тіліндегі қол соматизмі бар фразеологизмдердің ұлттық.мәдени ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

1. СОМАТИЗМ
КАТЕГОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .

1.1 Соматизмдердің тарихнамасы, зерттеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Қазақ және орыс тілдеріндегі соматизмдерді
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

2 ҚОЛ-РУКА СОМАТИЗМДЕРІ: САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ... ... ...

2.1 Қол-рука соматизмдері фразеологизмдер
құрамында ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

2.2 Қазақ және орыс тілдерінде кездесетін
сәйкестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3 Қазақ тіліндегі қол соматизмі бар фразеологизмдердің

ұлттық-мәдени
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде генетикалық және
типологиялық жағынан әр түрлі тілдердің лексика-семантикалық топтарын
салғастырумен байланысты мәселелер әлі күнге дейін қарастырылуда. Тілдердің
әр түрлі фактілерін салғастыру зерттеуге алынған тілдік құбылыстардың
заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсінуге, тілдік құрылымды ұғынуға, бір
ғана тілді зерттеу кезінде байқалмайтын ерекшеліктерді анықтауңа мүмкіндік
береді. Фразеологияны зерттеудегі лингво-мәдени аспект ерекше көңіл бөлуді
қажет етеді.
Қазіргі тіл білімінде антропоцентрлік бағыттың пайда болуы құрамында
соматизмдері бар фразеологизмдердің коннотативті семантикасын жеткізуде
лингвистикалық және паралингвистикалық факторларды мұқият зерттеуді
тудырды.
Құрамында соматизмдері бар фразеологизмдердің ұлттық-мәдени
спецификасын зерттеу орыс-ағылшын, ағылшын-неміс, орыс-қазақ, қазақ-неміс,
ағылшын-француз фразеологизмдеріне (Ю.А.Долгополов, З.К.Ахметжанова,
Р.Е.Валиханова, М.Х.Абилгалиева, С.Г.Шафиков, т.б.) жүргізілген. Демек,
құрамында қол-рука соматизмдері бар гетероморфты қазақ және орыс
тілдеріндегі фразеологизмдерді салғастыру, олардың ұлттық-мәдени
ерекшелігін анықтау алғаш рет жүргізіліп отыр.
Зерттеудің мақсаты. Соматизм ұғымын анықтау. Отандық және шетелдік тіл
білімінде соматизмдердің жолдарын қарастыру. Қол-рука соматизмдерінің
лексикалық қорда алатын орны. Соматикалық фразеологизмдерді қызметіне қарай
топтастыру. Құрамында қол-рука соматизмдері бар фразеолгизмдерді
әмбебірліктері мен ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне қарай талдап көрсету.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарстырылған:
• Соматикалық фразеологизм, конвенционалды соматикалық фразеологизм,
паралингвизмдер түсінігін анықтау;
• Құрамында соматизмдері бар конвенционалды фразеологизмдердің
дифференциалды қасеттерін анықтау;
• Қазақ және орыс тілдеріндегі соматикалық фразологизмдердің қолданылу
жиілігін анықтау;
• Конвенционалды соматикалық фразеологизмдердің коннотативті
семантикасын сипаттау;
• Паралингвистикалық фразеологизмдердің спецификасын талдау;

Зерттеу нысаны. Қазақ және орыс тілдеріндегі көркем әдебиеттер мен
сөздіктерде берілген қол-рука соматикалық фразеологизмдері.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Салыстырмалы-типологиялық және конттрастивті
талдау әдісі, соматикалық фразеологизмдердің ұлттық және универсалдылық
қасиетін нақтылау үшін салғастырмалы талдау және лингво-мәдени әдіс.
Жұмыстың теориялық маңызы. Өзін-өзі тану арқылы әлемді ұлттық-
спецификалық тануды сипаттайтын конвенционалды соматикалық
фразеологизмдердің ерекшеліктері туралы лингвомәдени түсінікті кеңейту. Әр
түрлі ұлт мәдениеті өкілдерінің пікірлесу арқылы қарым-қатынасқа түсу
процесін қарастырумен байланысты пайда болатын мәселелер толып жатқан ғылым
салаларын зерттеушілердің (психолог, философ, социолог, филолог және тағы
басқалар) зейінін өзіне көптен бері ерекше аудартып келеді.
Қарым-қатынастың ұлттық мәдени ерекшеліктеріне байланысты
мәселелерін көптеген зерттеушілер арнайы салаға бөліп қарастырады. Бұл
орайда біз А.А.Леонтьевтің төмендегідей анықтамасымен келісеміз: ... пікір
алысу арқылы пайда болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін арнайы салада
бөліп қарастырудың мақсаты тек теориялық жағынан ғана емес, практикалық
тұрғыдағы түсініктерімен де сипатталады.
Бұл жағдай ең алдымен әр түрлі елдер арасындағы мәдени байланыстардың
шешуші мәселесі. Өйткені адамдардың іс-әрекеті мақсаты жайындағы айтайын
деген пікірі туралы түсінігін, олардың әр түрлі ұлттық ерекшелігіне сәйкес
ойлау ойлану деңгейін айқындап, адамдар арасында қарым-қатынасында, ұлттың
әсіресе тілдік саяси мәселенің жүзеге асып шешілуі мүмкін емес.
Қазақ, орыс тілдерінің өзара бір-біріне белсенді түрде әсер етуі
қазіргі Қазақстанның өзіндік бір белгісі болып табылады. Қазақстанның шет
елдермен сыртқы экономикалық, мәдени байланыстары салыстырмалы бағытта
ғылыми зерттеушілердің қажеттілігін көрсетуде. Демек, сондықтан жалпы тіл
білімінің жетік зерттейтін аспектісі - соматикалық фразеологиялық
тіркестерге назар
аудару бүгінгі таңда қажет деп танылып отыр. Біздер бұл аспектіні қазақ,
орыс тілдердің ұлттық мәдени ерекшеліктері тұрғысынан қарастырамыз.
Соңғы жылдары ғалымдар адам дене мүшелерін сипаттайтын лексико-
семантикалық сөздер тобын салғастырмалы түрде зерттеуге көп көңіл бөлуде,
себебі қазақ тіл білімінде тілдік семантика мәселесі жаңадан дами
бастады.. Зерттеуге алынған әр құрылымды тілдердің ерекше айырмашылықтары
мен ұқсастықтарын, сондай-ақ ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтау жүйелі
құрылымды салғастырмалы талдау арқылы жүзеге асады. Талдау фразеологизмдер
құрамындағы лексико-семантикалық сөздер тобы - соматизмдерге жүргізіледі.
Жүйелері әр түрлі тілдерді салғастырмалы талдау екі мақсатта жүргізілуі
мүмкін:
А) олардың түпкі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау үшін
қажет.
Ә) шет тілді аудиторияда оқыту методикасының лингвистикалық негізін
жасау үшін.
Бітіру жұмысымның негізгі зерттеу нысаны дене мүше атауларының бірі
қазақ және орыс тілдеріндегі қол-рука соматизмдері. Соматизмдерді зерттеу
аталған лексемалар тобының семантикасы мен қызметіндегі әмбебап және
спецификалық сипатын анықтау мүмкіндігін береді. Талдау барысында қазақ
және орыс тілдеріндегі соматизмдердің құраушы бөлігі болып табылатын ұлттық-
мәдени семантикалық жағына ерекше көңіл бөлінеді.
1 СОМАТИЗМ КАТЕГОРИЯСЫ
1.1 Соматизмдердің тарихнамасы, зерттелу жолдары.

Тіл бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын біртұтас жүйелі құрылым.
Оның жүйелілігі құрамына енетін элементтерді бір-бірімен тығыз қарым-
қатынасқа түсіп байланысып біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді.
Тілдің жүйелік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып
сипаттауда тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік
берді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына жеке-жеке алынып
қарастырылуымен де байланысты. Сондай ішкі жүйелердің біріне тілдің
лексикалық қабаты жатады.
Адамдардың қоршаған ортасын, ондағы түрлі құбылыстарды, олардың
қасиеттері мен ерекшеліктерін және өзін-өзі әр қырынан тануы тілде айрықша
ізін қалдырып, сан мыңдаған лексемаларды дүниеге келтірді. Сондай
сөздердің біріне әрбір тілдің байырғы лексикалық қабатынан орын алатын дене
мүше атауларын жатқызуымызға болады.
Дене мүше атауларының қай тілдің болмасын лексикалық көне қабатынан
орын алуы кездейсоқтық емес, өйткені адамның болмысты тануы ең әуелі
өзін және өзінің бойындағы қасиеттерді, ерекшеліктерді қоршаған ортамен
салыстыра тануынан басталады. Сондықтан белгілі бір тілдің көне қабатынан
орын алатын сөздердің топтарын зерттеу, олардың семантикалық,
морфологиялық, сөзжасамдық, т.б белгілерін айқындау сол тілдің және сол
тілде сөйлейтін ұлттқа тән өзіндік ерекшеліктерді тануға мүмкіндік береді.
Лингвистикада дене мүше атаулары соматизмдер ( грек. soma - дене
) деп аталады. Олар шығу төркіні мен ипологиясына тәуелсіз барлық
тілдерге тән сөздер тобы. Сөздердің бұл тобы тілде өте жиі қолдануымен, көп
мағыналылығымен сөзжасамдық мүмкіндігінің жоғарлылығымен және
фразеологизмдерді жасауда ұйытқы сөз ретінде жиі жұмсалуымен ерекшеленеді.
Соматизмдердің жиі қолданысы олардың қызметімен тікелей байланысты.
Соматизмдер әрбір тілдегі сөздіктердің құраушы бөлігі. Олар танымдық,
тәлімдік қасиетке ие. Адам өзінің дене мүшелерінің көмегімен ең алдымен
өзін физиологиялық жағынан танып біледі.
Тәжірибелерге сүйенсек нәресте өз өміріндегі алғашқы “мама”,
“папа”, “апа”, “ата”, “әже” сөздерін айтуымен қатар, “бас”, “қол”,
“көз”, “ауыз”, “аяқ”, “мұрын”, т.б сөздерді меңгеруге тырысады.
Лексикографиялық еңбектерде дене мүшелерінің алғашында
арақашықтықты өлшеу құралы болғаны, яғни жақын-алыс сияқты аралықты
білдіргені айтылған. Мысалы: қол созым жер - рукой подать.
Орыс тарихи тіл білімінде бұл сөздер тобы тақырыптық белсенділігі
жағынан қарастырылып, зерттеушілердің пікірінше, барлық тілдерге ортақ, ең
кең тараған тақырыптық топ болып табылады.
ХI-ХIVғғ. тарихи лингвистикалық сөздіктерде, сондай-ақ
И.И.Срезневскийдің Материалы для словаря древне - русского языка
еңбегінде дене мүшелерінің мәнін беретін 200 жуық лексемалар берілген және
тілдің дамуы барысында соматизмдер үзіліссіз қолданыста болған.
Мәселен, профессор Б.Хасанов: метафораларды саралай келгенде,
олардың адамға, оның дене мүшелеріне байланысты жасалғандарын көп
кездестіреміз. Адам өзінің қасиеттерін табиғат құбылыстарын, жансыз
нәрселерге ертеден-ақ теліген. Бұған қарағанда адамға байланысты
метафоралар – ең көне метафоралар. Адамның метафоралары қолданылмайтын
мүшесі жоқ, басынан бастап бақайына дейін, яғни барлық мүшесі түгел
метафораланады, - дейді .
Ә.Болғанбаев Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға
жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға сонша бейімділігімен
ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді
қызметімен де айрықша көзге түседі, - дейді. 1.6
Ғалым И.С.Козырев дене мүше атаулары туралы: соматикалық лексика
жоғары дәрежеде жүйеленген негізгі бөлігі анатомиялық терминдерден сәйкес
келетін, өте тұрақты, тілде жиі қолданылатын, тілдің ішкі әсерінен дамитын,
кең түрде метафораланған көне лексика... Компоненттері семантикалық тұрғыда
негізінен мәндес болатын, кейде антонимиялық, синонимиялық байланысқа
түсетін әрбір тілдегі соматикалық лексика бір ғана макрожүйеге бірігеді.
Аталған макрожүйе бір-біріне тығыз семантикалық байланыста болатын бірнеше
лексика-семантикалық топтарға бөлінеді, - деп жазды.
Тіл білімінде дене мүшелерін білдіретін сөздер тобының сипатын
анықтауда ғалымдар арасында бірізділік жоқ, осыған байланысты олар әртүрлі
анықталып, түрліше аталып жүр.
Мәселен, Г.С.Шур өз еңбегінде: ...ауру сырқауды, түр түсті адамның
дене мүшелерін білдіретін терминдерге белгілі бір ортақтық тән, ол ортақтық
лингвистикалық және эктралингвистикалық тұрғыдан алғанда - функция - дей
келе, дене мүше атауларын функционалды топ деп атайды.
Д.Н.Шмелев дене мүше атауларын тақырыптық топ деп көрсетіп,
олардың бір-бірімен көбінесе тілден тыс, яғни өздерінің бейнелеп отырған
заттарының арасындағы шынайы қатынастарға негізделе байланысатындығын
айтады. Осындай пікірді М.Оразов еңбегінде де кездестіреміз.
Ғалым тақырыптық топтарға семантикалық байланысы жоқ, тек объектив
дүниедегі заттардың өзара қатынасы негізінде топтасатын сөздерді жатқызады.
Мысалы, қол мен көз, құлақ пен аяқ , бас пен қабырға.
Дене мүшелерін білдіретін сөздердің жиытығын Ф.П.Филин,
П.Н.Денисов, И.А.Стернин секілді ғалымдар да тақырыптық топтар ретінде
қарастырса, А.И.Кузнецова лексика-семантикалық топ деп атайды. Ал М.Бирвиш
пен Ч.Дж.Филлмор дене мүше атауларын семантикалық өріс ретінде таниды.
Орыс тіліндегі дене мүше атаулары негізінде жасалған сөзжасамдық
ұялардың құрылысын зерттеген Р.А.Қыдырбаева дене мүше атауларының бірнеше
ортақ белгілерге ие екендігін көрсетеді:
1. дене мүшелері деген ортақ семантикалық тақырыпқа;
2. ұқсас синтаксистік байланыстарға ;
3. бірдей сөз жасамдық мүмкіндіктерге;
Осы аталған белгілер арқылы бұл топты микрожүйе ретінде қарастыруға
болатындығын дене мүшелерінің жүйелілігін дифференциалды семалар негізінде
нақтылана түсетін осы топтағы сөздердің бәріне ортақ бір семантикалық
тақырыптың негізінде көрінетіндігін айтады.
Алайда ғалымдар дене мүшелерін білдіретін лексикалық бірліктердің
тобын әр түрлі терминдермен атағанымен де, бұл топтың бөлшек бүтін
логикалық қатынасы құрылатынына келгенде ортақ пікірде.
Осыған орай, адамның дене мүшелерінің сыртқы бөліктерін - соматика
сөзімен көрсеттік лексика – семантикалық топқа салыстырмалы зерттеуде
назар аудару, біздің пікірімізше, әр түрлі мәдениетке жататын адамдар
қатынасының негізін зерттеу мәселесінен тікелей байланысты.
Соматизм лексиканың ертедегі көне қабаттарының біріне жататындығынан,
екінші тілде зерттеу басталады, олар сөзжасамдық белсенділігімен, жиі
қолданылуымен сипатталады. Соматизм әсіресе әдеби мәтіндерде жиі
қолданылады.
Әдеби шығарманың соматизмдерге толықтылығына мысал ретінде М.Әуезовтың
Абай жолы романынан үзінді келтірейік: Бейтаныс адам оған шоқпарын аяқ
астынан алуға үлгертпей, шалды бас салып, үлкен қара тұмағын көзіне түсіріп
жібереді. Жұмабай басын көтеруге қорықты, ол қарсыласып ұстауға жүрегі
дауаламады, әрі оның уысынан шығып кетіп, қашу енді мүмкін емес еді.
Жұмабай ақырындап түзеліп отырды да қалтырай маңдайына тұмағын көтереді.
Соматизм барлық тілдер үшін универсалды категория ретінде жан-
жақты және терең зерттеуде қажет етеді. Соматизм аспектілі лексикалық-
семантикалық топтар ретінде ТМД және шетел мемлекеттері зерттеушілерінің
назарын аудартады. Осы топтағы сөздердің әр түрлі қасиеттерін талдайтын
әлеуметтер өте көп.

1.2 Қазақ және орыс тілдеріндегі соматизмдерді салғастырмалы талдау.

Салғастырмалы талдау ұзақ тарихқа ие. Салғастырмалы зерттеу XI
ғасырда жазылған Махмұд Қашқаридің Түркі тілдерінің сөздігі (Диуани лұғат
ат түрік) еңбегінде жазылған.
Тілдердің жүйелі сипатын жасайтын салғастырмалы тіл білімі, сол
тілдердің спецификасын, жүйелі тіркесімділігін анықтайды, сондықтан да
салғастыру тілдің барлық элементтері мен жүйесіне жүргізілген.
Салғастырмалы талдаудың нысаны - салғастырмалы тілдердің нақты
ерекшеліктерін танып білу.
Менің жұмысымда талдауға қазақ және орыс тілдері түсіп отыр,
яғни ондағы дене мүше атаулары - соматизмдер арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды табу.
Бұл бағытта көптеген ғалымдар, ізденушілер еңбек еткен.
Ж.Қ.Өміралиеваның пікіріне назар аударсақ: ... .Наиболее распространенными
соматизмами в казахском и русском языках является лексемы голова, глаза,
рук, рот, (язык), сердце, что вполне объяснимо, если мы представим человека
как систему, пропускающую информацию через себя, посредством определенных
частей тела. Основные функции человека (любой национальности) - это
получение информации через видение, взгляд человека (глаза),
сознательная обработка когнитивной информации в голове (разумом) или в
сердце (чувствами), и естественная реакция человеческого организма
через деятельность (рот, руки), что нашло свое отражение в большей
распространенности... соматизмов 2.86. Яғни бітіру жұмысымның негізгі
нысаны қазақ және орыс тіліндегі қол-рука соматизмдерінің қолданылу аясы
өте кең.
Қол - адамның бір нәрсені ұстайтын, жұмыс істейтін дене мүшесі (иықтан
бастап саусақ ұшына дейінгі дене мүшесі). Карменов Н.Б дене мүше атауларын
меронимиялық тұрғыдан қарастырған 3.80 .
Дене мүше атауларының лексика-семантикалық өрісіндегі келесі
меронимиялық құрылымға қол-рука бөлігін білдіретін сөздердің лексико-
семантикалық тобын жатқызамыз.
Қол - рука лексемалары өріс құрылымында мероним, әрі холоним ретінде
жұмсалуы, яғни өзінің алдындағы сөзбен оның бөлшегі болып, ал өзінен
кейінгі сатыдағы соматизмдермен олардың бүтіні болып тығыз қарым-қатынасқа
түседі. Иықтан бастап саусаққа дейінгі дене бөліктерін қамтитын мүше қол
одан әрмен иық, қар, шынтақ, білек, білезік, қолдың басы деген бөлшектерге
тарамдалады.

Қол

иық қар шынтақ білек білезік
қолдың басы

қолтық
алақан саусақ

сурет 1

Қол-рука бөлігін білдіретін сөздердің лексика-семантикалық тобының
көлденеңінен алты қатарлы, тігінен бес сатылы меронимиялық жүйені түзетіні
бірінші суретте көрсетілген. Иық-плечо, қар- , шынтақ-
локоть, білек-запястье, білезік- , қолдың басы-
лексемалары қол-рука сөздерінен тарамдалған үшінші сатыдағы
меронимдер. Бұлардың арасында эквонимиялық байланыс орнайды. Осы құрылымның
үшінші сатысындағы иық-плечо сөздерінен қолтық-подмышка меронимдері
таралады.
Сондай-ақ, бұл сатыдағы қолдың басы - сөздерінен алақан-
ладонь, саусақ-палец деген меронимдер тарамдалған, өйткені аталған дене
мүшелері қолдың басын- құраушы бөлшектер.
Иық-плечо және қолдың басы- сөздерінен
тарамдалған қолтық-подмышка және алақан-ладонь, саусақ-палец лексемалары
қол-рука сөздерінен тарамдалған төртінші сатыдағы меронимдер. Ал саусақ-
палец лексемаларынан тырнақ-ноготь меронимдері тарап, олар қол-рука
сөздерінен тарамдалған бесінші сатыдағы меронимдердің қатарына енеді.
Олай болса, қол-рука бөлігін білдіретін сөздердің лексика-
семантикалық тобының меронимиялық құрылымы көлдеңінен алты қатарлы, тігінен
бес сатылы болып келетін дене мүше атауларының лексика-семантикалық
өрісіндегі үлкен жүйенің бірі болып саналады.

Дене

қол
аяқ

алақан
табан

саусақ
бақай

Тырнақ

Сурет 2
Берілген суреттен көріп отырғанымыздай, қазақ тіліндегі дене
холонимінен тараған қол және аяқ бөліктері әрі қарай тарамдалуымен қатар,
тырнақ меронимінде тоғысып тұр, себебі, тырнақ сөзі қолдың да, аяқтың да
ұшындағы қатты өсіндіні білдіретін атау болып табылады.
Меронимиялық құрылымдағы бір нүктеден тарамдалған екі бөлікті
тоғыстырып қосатын нүктедегі тырнақ лексемасын А.М.Кузнецовтың ізімен
супермероним деп айтамыз 4.85 .
Соматизмдер арасында орнайтын лексика-семантикалық байланыс
түрлерінің, екі тілдің лексика-семантикалық өрісі құрылымдарының ортақ
белгілерімен қатар, әр тілдің өзіндік табиғатына ғана тән, бір-біріне мүлде
ұқсамайтын ерекшеліктері де бар. Бұдан адамзат атауының табиғи жаратылысы,
физиологиялық бітім-болмысы, дене мүшелері бір-бірінен еш
өзгешеленбегенімен де дене мүшелерін, олардың белгілі бөліктерін танып атау
беру әрбір ұлттың таным көкжиегіне, болмысқа деген көзқарасына, ұлттық
өзіндік ерекшеліктеріне тікелей тәуелді болады деген ой түйеміз.
Жылдар бойы жасалған тарихи логикалық, салғастырмалы талдау әр
түрлі тілдердің лингво-мәдени бірлігін салыстыру барысында зерттеліп
отырған тілдік ерекшеліктерді тануға, тілдің құрылымын терең білуге,
зерттелетін тілдің әрқайсысының бірегей өзгешелілігін жан-жақты білуге, сол
арқылы бір тілдің лингво-мәдени ортақтығын талдағанда, ашылмай қалатын
фактілерді анықтау мүмкіндік беретіндігін көрсететін.
Өзінің ғылыми зерттеу жұмысын соматизмдер тақырыбында жазғандар
қатарынан Сулькарнаева А.Р еңбегі де орын алады 5.203 .
Оның негізгі жұмысы техникалық терминологиядағы соматизмдердің
қолданылуы. Техникалық терминологиядағы соматизмдер бүгінгі күнге дейін
арнайы немесе контрастивтік талдаудың нысаны болмаған. Зерттеу қажеттігі
қазіргі өмір шындығы, оның мәдени, саяси және экономикалық жағынан басқа
тілді елдермен байланысынан, әсіресе адамның қазіргі өмір сүру салтының
барлық түріндегі ғылыми-техникалық прогрестегі байланыстан туып отыр.
Қазақ және орыс тілдері сияқты гетероморфты тілдердегі соматизмдерді
зерттеу екі тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайтын қызықты,
көп қырлы, бірақ әлі дамымаған зерттеу болып табылады.
Техникалық терминологияда соматизмдердің ішінде мәдениеті,
тұрғылықты жері, пікірі мен көзқарасы, қай тілде сөйлейтініне тәуелсіз,
белгілі бір адам үшін құнды болып табылатын денотаттарды ғана ең жиі және
өнімді қолданысқа түседі. Мұндай жағдай адам дене мүшелерінің өте маңызды
заттар, түсініктер, қасиеттер мен әрекеттерді жеткізу үшін ыңғайлы болып
келетіндігімен түсіндіріледі.
Барлық тілдерге тән заңдылық: ұйытқы сөз ретінде аталған қазақ және
орыс тілдеріндегі техникалық терминологияда жиі қолданылатын сөздер
саналады 4.110 .
Мысалы, қол адамның дене мүшесі ретінде оның өмірі үшін өте маңызды,
сондықтан да, адам дүниедегі заттарды сыртқы ұқсастығына, қолдың көмегімен
орындалатын әрекеттерді оған ұқсас заттармен орындауға сүйеніп, осы дене
мүшесімен салыстырады.
Соматизмдік фразеологизмдер – қазақ және орыс тілдеріндегі
фразеологизмдер тобының ең кең тараған түрінің бірі. Солардың ішінде
адамды, оның түрін, түсін, мінез-құлқын, хал-ахуалын бейнелейтін
фразеологиялық топ баса назар аудартады.
Салыстырылып отырған екі тілдің аталған фразеологиялық топтарын
Қ.М.Шакирова когнитивті – контрастивтік әдіс-тәсілді қолданып, төмендегідей
топтарға бөліп қарастырған.
1. Адамның түр түсін, келбетін суреттейтін соматизмдік фразеология: үріп
ауызға салғандай, бүйрек бет, ақша бет, алма бет, беті шиқандай, бетіне
қаны тамған, аршын төс, оймақ ауыз, бас терісі келіспеген.
Орыс тілінде: маков цвет, косая сажень в плечах, грудь колесом, кровь
с молоком, ни кожи, ни рожи.
2. Адамның ішкі дүниесін, мінез – құлқын көрсететін соматизмдік
фразеологизмдер:
а) ұнамсыз мінез–құлықты айқындайтын фразеологизмдерге төмендегілер
жатады: тас бауыр, без бүйрек, бос кеуде, іші тар, мұрнын көкке көтеру,
шаш ал десе, бас алатын, май желке, ақ саусақ, буынсыз тіл, аузы алты
қарыс, қара бауыр қара жүрек, жүзі қара, қара бет, ала аяқ, кірпігінен
қырау тамған, ақ көз, желөкпе, бұқа мойын, аузы аузына жұқпайды, желім
ауыз, зор кеуде.
Орыс тіліндегі фразеологизмдер: рыльце в пуху, ветреная
головушка, пустая банка, ветер в голове (легкомысленный), сердце моком
обросло (бессердечный), язык без костей (болтливый), белоручка, слаба
кишка окозалась (трусливый), хоть кол на голове тети (глупый).
Көркем шығармадан мысал келтірсек, Әттең қандай ғана қара бауыр
екен? (М.Әуезов, Құм мен Асқар, 402 бет); Мына біздің қара жүрек Әбен
соққан алдымен конфискеге жатар деп тәтті бала жайлана отырды (С.Бегалин,
Замана белестері, 336 бет); Сапар Иманның бұл сұрауына жауап қатқан жоқ,
жасқа бұлығып сөйлей алмай тұра жөнелді. – Тас бауырлар (Ә.Әбішев.
Найзағай, 16 бет); Сонымен ұстараның жүзіндей қылпылдаған, шаш ал десе,
бас алатын қылпылдақ, белсенді болып алдым (С.Омаров, Бақыт шынары, 156
бет);
б) Жағымды мінез–құлықты білдіретін фразеологизмдер: еті тірі, бармағынан
бал таныған, аяқ – қолы жеңіл бетке ұстар, жүрек жұтқан (батыр), атқа
мінер (пысық), аузы берік, бел бермеді, ақ жүрек, қолы ашық, кең қолтық,
қас қаққан жоқ (ұстамды), т.б.
Орыс тілінде: золотые руки, светлая голова, глаз наметан, большого
сердца.
Мысалы: Қайда соқса сонда соқсын, маған шындық керек. Аяқ астынан
ақ жүрек боламын де (Б.Тоғысбаев, Шалғында, 329 бет). Нұралының өрікке
сана бітсе екен деп тілер едім дегенінен Жарқын бұның жалғыз өзінің ғана
емес, өзгенің де көсегесінің көгергенін ұқты (И.Есенберлин, Маңғыстау,
284 бет). Өз ішінен ел Бақтығұлды ер жігіт көретін. Бүгін сөз білетін,
орнымен ұстаса, көп керекке, жарайтын еті тірі, есті кедей екенін байқап
отыр (М.Әуезов, Қараш – қараш оқиғасы, 45 бет).
3. Адамның жас мөлшерін білдіретін соматизмдік фразеологизмдер: кәрі
құлақ, көз көрген, шөп желке, сары ауыз балапан, тіс қаққан, бетінің
қызылында, шашының ұзынында, беті ашылмаған, ақ сақал, қара сақал т.б.
Орыс тілінде: молоко на губах не обсохло, желторотый, нос не дорос,
съесть зубы;
4. Адамның хал – ахуалын, шаруасының хал – жайын, басқалармен қарым –
қатынасын білдіретін фразеологизмдер: басы бос, аузы аққа тиді, алпыс екі
тамыры босады, ала ауыз болу, бармағын тістеді, арқа еті арша, басы
ауырып, балтыры сыздау, бет моншағы түсті, басы аман, бауыры бүтін, аяғы
ауыр, төбеден суық су құйғандай, бетінде қал – сөл жоқ, аузы кебу, аузы
күйген, су құйғандай, бауыры балқыды, бауыры езілді, қоян қолтық араласу,
басына күн туу, қолма – қол;
Орыс тілінде: получить по носу, повесить голову, взять себя в руки,
задрать нос, хлопот полон рот, не сахар, держать сердце на кого – либо,
зуб на зуб не попадает, ни кровинки в лице және т.б.
Қыстағы соғымның жарты етін алғалы, ет бауыры езіле шыға келді
(Д.Досжанов, Кісі ақысы, 159 бет). Қалған жігіттер де осы кезде қатты
айқасқа кірісіп кеткен еді. Сасып қалған орыс әскерлері қоян-қолтық ұрыста
енді мылтық ата алмай, нағыз қылыштасуға көшкен болатын (Б.Алдамжар, Ұлы
сел, 345 бет). Менде паспорт жоқ, өртеніп кеткен, үймен бірге өртенген, ақ
сирақ болып қалдық, - деді Муся күбірлеп (Б.Полевой. Алтын. Ауд.
Ә.Жұмабаев, 96 бет).
5. Адамның қимыл-әрекетін көрсететін соматизмдік фразеологизмдер: бауырға
тартты, ала көзімен атты, бас тартты, бармақ батырды, аузына қарату, аяқтан
шалу, бүйрек бұру, бас салу, бас-көз болу, бас байлады, бас болды, буынын
бекітті, тізесін бүкпеді, қолтығына су бүрку, бетке басты, білегін сыбанды,
бүйректен сирақ шығарды, аяғын қия батырмау, аяғынан тік тұру, аяғына
оралғы болу.
Орыс тіліндегі соматизмдік фразеологизмдермен салыстырсақ: кусать
локти, тянуть за язык, насупить брови, протянуть ноги, моргать глазами,
качать головой, показать пальцем, прикусить язык, носить на руках, взять
себя в руки, взять в свои руки.
Правильно, сказал Серпилин, и сделать осталось еще много, иначе
до ноги на Днепр не выйдете. Берите дивизию в свои руки. Покажите, на что
способны (К.Симонов, Живые и мертвые, с.340).
6. Туысқандық алыс-жақын қарым-қатынастарды бейнелейтін соматизмдік
фразеологизмдер: бір кіндікті болу, ет бауыр, жат бауыр, бел құда, бауыр
басты, бауырына кірді, бауырында болды, бауыры суыды, бауыр тұтты, бел
бала, бел атасы, бел қылды, бүйірден бөлек біткен адамдай, бір кіндіктен.
Орыс тілінде: плоть от плоти, плоть и кровь.
Ой, шырағым-ай, сені де ағайын деп арқа тұтып келсем сыртта жүріп,
жат бауыр болып кеткенбісің?! (Б.Тоғысбаев, Шалғайда, 137 бет); Қайғырса –
іздейді, қуанса – іздейді, ауырса – іздейді. Бірге жүріп, ғұмыр бойы бірін
– бірі іздеп кеткен кісілер – тін. Бір сөзбен айтқанда кіндіктері бір
болатын (Ж.Нәжімденов, Ақ шағыл, 158 бет).
Контрастивтік талдау жүргізу нәтижесінде төмендегі тұжырымдарды
қорытуға болады: салыстырылып отырған қазақ және орыс тілдерінде
соматизмдік фразеология тобының бар болуы; осы топтпрдың негізгі ұғымдық
кеңістігі дәлме – дәл келеді, себебі соматизмдік фразеологизмдер қазақ және
орыс тілдерінде көркем суретті тұрақты тіркестердің мұқтаждығынан туады.
Аталған тілдерде соматизм – фразеологизмдер адамның дене тұлғасының,
мүшелерінің қимылын, іс-әрекетін атайтын сөздердің негізінде жасалып,
мазмұр\нды, ауыспалы тіркестерге айналады. Олар мағына жағынан біртұтас,
тұрақты бейнелі фразеологизмдер қатарына жатады.
Салыстырылып отырған тілдерде соматизмдік фразеологизмдер адамның түр-
түсін, мінез құлқын, іс-әрекетін, алыс-жақын туыстығын, жас мөлшерін, қарым-
қатынасын, хал ахуалын бағалай отырып субъектілік бағытын көрсетеді.
Соматизмдік фразеологизмдерді когнитивтік аспектіде талдап
қарастырғанда төмендегі ерекшеліктер көзге түседі.
1) Аталған фразеологизмдер тобы халықтың ұлттық мәдени сана сезімін,
оның этнос ретінде қалыптасу өзгешеліктерін көрсетеді. Себебі олардың
бейнелі ауыспалы мағынасында халықтың ұлттық – мәдени көзқарасының жүйесі
суреттеледі. Бейнелі ауыспалы мағына этносқа және адамға байланысты туған,
осы этносқа бағытталған.
Соматизмдік фразеология тобының мағынасында әлемнің мәдени ұғымдық
суреті көрсетіледі. Әлемнің мәдени суреті С.Г.Тер – Минасованың айтуы
бойынша, адамдардың сезімі негізінде қалыптасып, ұйымдық және жеке санадан
өткен ұғымдар арқылы суреттелген мәдени - әлемдік бейне көрінісі.
Қазақ және орыс тілдерінде соматизмдік фразеологизмдер жалпы негізгі
ұғымдық кеңістікте қиылысқанмен, мәдени – ұлттық ерекшеліктерді айқындайды.
Ұлттық – мәдени ерекшеліктерді төмендегі фактілермен дәлелдеп көрейік:
Қазақ және орыс тілдерінде туысқандық қарым-қатынасты білдіретін
фразеологизм болғанымен, аталған фразеологизмдер қазақ тілінде басқаша;
алыс-жақын аралығын әртүрлі деңгейде көрсетеді, ал орыс тілінде олар осы
мағынаны жалпы атағанмен, өте аз мөлшерде көрсетеді.
Орыс тілінің фразеологиялық сөздігінде аталған топқа қатысты екі ғана
фразеологизм көрсетілген. Мысалы: плоть и кровь (324бет), плоть от
плоти (324бет).
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде (І.Кеңесбаев, 1977) туысқандық
алыс-жақын қарым-қатынасты білдіретін соматизмдік фразеологизмдер көп
кездеседі. Жақындықты білдіретін: ет бауыр, бауыр басты, бауырына кірді,
бауырнда болды, бауыр тұтты, бауыр етті, бел бала, бір кіндіктен, бел
қолды, бел құда, бл атасы. Алыстықты білдіретіндері: жат бауыр, бауыры
суыды, бүйірден бөлек кеткен адамдай.
2) Орыс тіліндегі соматизмдік фразеологизмдер көбінесе жағымсыз
этноқұндық бағытты білдірсе, қазақ тілінде жағымды этноқұндық бағаны
көрсетеді.
Ақ дидар, ақ иық, ақ көкірек, ақ сақалды, сары түсті бал, алақаннан
түспеді, алақанында өсті, алмас тілді, алма бет, алма мойын, аршын төс,
алтын басты еркек, арқаға қақты, аузына берік, аузы дуалы.
Орыс тілінде: сердце мохом обрасло, крутить носом, голова садовая,
голова еловая, медная глотка, плевать в глаза, пускать пыль в глаза,
развязывать себе руки, руки не дрогнут, своя рука, рука на руку моет.
3) Қазақ тіліндегі соматизмдік фразеологизмдерде жас мөлшерін бөлектеп
көрсету қалыптасқан.
Жас кезеңін білдіретін фразеологизмдер: тіс қақтаған, шөп желке,
шүйке бас, сары ауыз, беттің қызылында, шаштың ұзындығында.
Кәрілікті төменде келтірілген фразеологизмдер арқылы суреттейді: кәрі
құлақ, сары табан, сары қарын әйел, көз көрген, көне көз, тіс қаққан, кәрі
жілік, ақ сақал, қара сақал.
4) Қазақ және орыс тілдеріндегі соматизмдік фразеологизмдердің
арасында ерекше көзге түсетіні - ұлттық-мәдени қимылды (жестерді)
суреттейтін тұрақты тіркестер.
Ж.Қ.Ибраеваның айтуы бойынша қазақ тілінде ұлттық-мәдени қимылға
(жестерге) сәлем беру, құлақ асу, бет шымшу, тізе бүгу жатса, орыс тілінде:
грозить пальцем, руки в бока жатады.
Қазаақ тілінде ұлттық – мәдени қимыл (жест) әйел тілінде кең
қолданылады.
Қ.Жұбановтың айтуынша, әйел тілінің өзгешелігі қазақ тілінде де
кездеседі. Ол өзгешеліктердің бірі – тек әйелдердің қимыл, іс-әрекетінде
кездесетін ернін шығару,бетін шымшу, аузын шылп еткізу, аузын быртылдату.
І.Кеңесбаевтың сөздігінде әйел тілінде қолданылатын жестер тұрақты
тіркес ретінде келтірілген: бет шымшыды (118 бет), ернін шығарды (165 бет).
Қорыта айтқанда, соматизмдік фразеологизмдер тобы қазақ және орыс
тілдерінде де болғанымен, әр тілдің өзіне тән ұлттық-мәдени өзгешеліктерә
кездеседі. Сол ерекшеліктерді когнитивті-контрастивтік әдіс-тәсілдерді
қолдану арқылы талдап көрсетуге болады 6.37 .

2 Қол – рука соматизмдері: салғастырмалы талдау
2.1 Қол - рука соматизмдері фразеологизмдердің құрамында.

Адам ғалам заңдылықтарының тылсым сырына таным арқылы бойлайды.
Ғаламды, ақиқат болмысты танудың құралы ойлау болып табылады. Ойлау арқылы
адам өз саласында ғалам заңдылықтарын, ақиқат болмысты бейнелейді және
оларды ұғым-түсініктер түрінде ұстап қалады, әлем бейнесі дегеніміз
адамның ойлау әрекетінің атрибуты, ал ұғымдармен олардың өзара байланысы,
қарым-қатынас түріндегі абстракция адам сомасындағы әлем бейнесінің
формасы болып табылады.
Басқаша айтқанда, ойлау әрекетінің бейнелегіштік қасиетінің
нәтижесінде санада адамның өзін қоршаған ақиқат болмыс әлемінде бағыт-
бағдарын тежелеуіне, әлем жайлы жинақтаған білімін өз пайдасына жаратуына
басшылық жасайтын дүниенің концептуалды бейнесі қалыптасады.
Ғаламды, ақиқат болмысты танудың құралы ойлау болатын болса, тіл
- ойды жеткізудің аса маңызды құралы. Демек тіл танымдық әрекетті де
танытады. Адамның творчестволық танымдық әрекетінің сан алуан қыры тілде
көрініс табады, нәтижелері тілде бекітіледі.
Осылайша тілдің таным мен ойлаудың құралы бола алатын және айнала
қоршаған ақиқат болмыстың элементтерін жинақтап бере алатын мүмкіндігін
сөз ете келіп Г.Ф.Колшанский дүниенің (ғаламның) тілдік бейнесі туралы
былайша ой қорытады: Ни на одном этапе своего становления или развития
язык не выступает в качестве самостоятельной креативной или и не создает,
следовательно своей собственной картины мира, он лишь фиксирует
концептуальный мир человека, имеющий своим первоначальным источником
реальный мир и деятельность в этом мире существование языка как
материальной формы закрепления мышления человека, а следовательно той
совокупности знаний, которыми распологает мышления человека на
определенном этапе, создает новую проблему в интерпретаций содержания
выражения “картина мира” таким образом картина мира как совокупность
знаний человека о мире подменяется картиной мира, существующей в языке,
т.е. языковой картиной мира
Дүниенің концептуалды бейнесі - ой санада көрініс тапқан
адамның әлем жайлы білімі ғана емес, сонымен қатар жөнделген, өңделген
түрде ақиқат болмыстың рационалды (логикалық) танымды танытушы құрал
ретінде тілдің көмегімен адамның сыртқы және ішкі әлем туралы білімі
беріледі.
Сөз байлығын тексеретін тіл білімінің саласын лексикология
дейтін болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп
атау орынды. Қай ұлттың болса да тіл байлығы - сол ұлттың тарихи айнасы.
Өйткені, сөздің бәрі сананың көрінісі.
Ал, тілдегі фразеологизмдер белгілі бір ұлттың салт санасының,
мәдени өмірінің, ұлттық дүниетанымының айнасы. Тілдің әр түрлі даму
кезеңдерінде қалыптасқан фразеологизмдер бірнеше ғасыр өмір сүрсе де,
өзінің бастапқы, көне формасымен қатар, мәнерлілігін, пәрменділігін
сақтаған. Бұдан фразеологизмдер халық даналылығына суарылған образды ойлау
тілінің үлгісі деген ұғым туындайды.
Лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары дүниеге келген
фразеология бүгінгі күні зерттеудің мақсаты мен әдісіне қарай іштей
сараланып, тарихқа ғалымдардың атын, орнын, өзіндік мектебін әкелді.
Өткен ғасырдың соңғы кезеңінде ұлт мәдениетін талқылау, ұлт тарихын
зерделеу мәселелеріне үлкен маңыз беріле бастады. Кез-келген халықтың
халық ретіндегі болмысы, ұлттық ерекшелігі оның тілінен көрініс табады.
Халықтардың бір-бірінің ұлттық айрықша белгілерін немесе
ұқсастықтарын тануға деген құштарлық ғылымға салыстырмалы-салғастырмалы
тіл білімінің келуіне себеп болды. Қазіргі күні төрт аяғын тең басқан бұл
бағыттың ерекше мәселесі - әр халықтың ұлттық байлығының жарқын көрінісі
болып саналатын фразеологиялық бірліктері.
Фразеологизмдерді салғастырмалы түрде зерттеуге соңғы 20-30 жылдың
көлемінде үлкен мән беріліп келеді. Тіл білімінің қызықты да, болашағы
зор, дербес саласының қалыптасуына, оның зерттеу нысаны, әдісін,
зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындап белгілеуде І.Кеңесбаев,
И.Чернышова, А.В. Кунин, Ә.Қайдаров, А.Райхштейн, Р.А.Глазырин,
М.П.Брандес, Л.И.Ройзензон, Ю.П.Солодуб, З.А.Божеева, В.В.Виноградов,
С.Я.Шабенов, М.М.Копыленко, В.Н.Телия, А.Н. Смирницкий, Н.Н.Амосова,
М.Т.Сабитова, М.Х.Әбілғалиева, Р.А.Авакова, А.Болғанбаев, А.Жұбанов,
Ғ.Қалиев, Қ. Өміралиев, Г.Смағұлова, т.б көптеген ғалым-фразеологтардың
еңбектері мен ізденістері үлкен орын алады 7.53 .
Осындай ғылыми зерттеулердің нәтижесінде туыс және туыс емес құрылымы
әр түрлі тілдердің фразеологизмдерінің классификациясы, мағыналық
ерекшеліктері, құрылымдық жүйесі, стилистикалық қызметі, аудармадағы,
қарым-қатынастағы орны сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Фразеологизмдер – тіл атаулының бәріне тән, ортақ құбылыс, тек
олардың пайда болуы, құрылымы, қолданылуы, бейнелеуіштік қасиеті тіл иесі
халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрімен ұштасып жатады,
солардың көрінісі болып табылады. Бүгінгі еліміздің экономикасы қарқынды
дамыған елдермен иық теңестіруге талпыныс заманында тілдердің табиғатын
тану ерекше өзекті мәселе болмақ.
Теңеу – ойлаудың танымдық қызметінің барлық кезеңдерінде қолданылатын
танымның әмбебап формаларының бірі десек, фразеологиялық теңеулер көркем
ойлаудың, халықтың ой сұлулығын, ой ұшқырлығын, оның жан-дүниесінің
көркемдігін, сезім-күйін білдіретін құралдардың бірі.
Сондықтан туыс емес құрылымы әр түрлі қазақ және орыс тілдерінің
фразеологиялық теңеулерін салғастыра зерттеу қазақ тіл білімі үшін де,
орыс тіл білімі үшін де өзекті мәселе.
Адам фразеологизмдерді стихиялы түрде меңгереді, яғни сәби
кезінде ата-ана тілдерінен үйренсе, кейінірек өсе келе айналасындағылардың
сөздерінен, кітап, радио-теледидар және басқа да бастаулардан алады, бірақ
фразеология туралы жүйеленген білім алмайды.
Ұлттық тілде фразеологизмдер ұлттық - мәдени дәстүрлерімен байланысты
тілдік қоғамның тарихи, рухани тәжірибесі негізінде ақиқаттың бейнелі
түрде көрінуінің нәтижесінде пайда болады.
Тілдің фразеологиялық құрамы ерекше көңіл бөлуді қаажет етеді. Ол
адамның, ұлттық рухани өмірі мен қызметін көрсетеді. Фразеологизмдер
адамға бағытталған, өйткені олар адамның, оның әрекетінің, басқа халықпен
қарым-қатынасының рухани қасиеттерін белгілейді.
Тілдің байлығы мен өзгешелігі ондағы фразеологизмдер мөлшерімен
анықталады. Ал осы фразеологизмдер құрамында соматикалық атаулар жиі
кездеседі. Соматизм - соматикалық фразеологиялық тіркестердің семантикалық
өзегі ретінде болатын компоненті.
Лексикологтардың айтуына қарағанда қазақ тіліндегі тұрақты сөз
тіркестерінің 30% - жуығы соматикалық атаулардан тұрады.
Башқұрт фразеологы З.Г.Ураксин: қазіргі түрлі тілдерінде біраз
фразеологизмдер дене мүшелерінің атауларынан жасалған. О баста бұл
тіркестер дене мүшелерінің әр түрлі қалып жағдайын білдіргенімен ауыспалы
мағынада адамдардың түрлі психологиялық күйлері мен іс-әрекеттерін
айқындауда олар бара-бар фразеологизмдерге айналған 8.92 .
Қарастырылып отырған тілдердегі фразеологизмдерді жаппай
зерттеу олардың құрамының өте бай екендігін көрсетеді. Фразеологизмдердің
лексика-семантикалық қоры көбінесе өмірдің тарихи көрінісінің ұлттық
этнографиялық ерекшелігімен анықталады. С.Т.Скорупко мен Р.М.Вайнтрауб
пікіріне сүйене отырып, соматикалық фразеологизмдердің табиғи және
конвенционалды түрлері ажыратылады 9.160 .
Табиғи соматикалық фразеологизмдер - әрбір тілде басқа тілдерден
тәуелсіз, стихиялы түрде қалыптасқан фразеологиялық тіркестер. Бұл
бірліктердің негізінде негізгі үш факторды атап өту қажет.
1. Айналадағы шындық (адам бақылауында болатын табиғи құбылыстар,
жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі эволюциялық ерекшеліктер).
2. Әлемнің дәуірлеп дамуының жалпы заңдылықтары (жалпы әлемдік
мағынадағы дүниежүзілік тарихи оқиғалар).
3. Адамның жеке басының қасиеттері (оның физиологиялық, психологиялық
мінездемелік ерекшеліктері)
Табиғи фразеологизмдер гетереморфты тілдер үшін ортақ болып
табылады. Мысалы, орыс тілінде - лицом к лицу, ломать голову; қазақ
тілінде-бетпе бет, басыңды қатыру.
Конвенционалды соматикалық фразеологизмдер (латын тілінен
convencionalis-келісімге, шарттқа сәйкес) - қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес
келетін фразеологизмдер. Олар белгілі бір халықтың дамуының спецификалық
талаптарымен, яғни қоғамның тарихи дамуының ерекшеліктерімен, материалды
және рухани мәдениетінің қалыптасуымен (тұрмыс салт, отбасылық жағдай,
шаруашылық жүргізу және, т.б.), дінге сену, дәстүрлік көз қарастар
спецификасымен (ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып) байланысты.
Конвенционалды фразеологизмдер басқа тілдік категорияларға қарағанда,
тілдің ерекшеліктерін басқа тілдермен салыстыра отырып сипаттайды, сол
арқылы аударманың барлық түрлерінің қызығушылығын тудырады.
Адамның дене мүшелер атауларының қатысуымен жасалатын соматикалық
фразеологизмдерде адамның өзін өзі және өзгелерді тануына, адамдардың дене
құрылысына қатысты ақиқат болмыс үзінділері (фрагменттері) көрініс тауып
жатады.
Соматикалық фразеологизмдердің табанында жатқан о бастағы еркін
тіркес, ең әуелі дене мүшелерінің қалып-күйін білдіреді. Бұл қалып-күй
адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметтеріне, сондай-ақ адам
организмінің сыртқы ортадан келетін сенсорлық сигналдарды қабылдауына және
оларға адам организмінің жауап қайтаруына байланысты түрліше болады.
Демек соматикалық фразеологизмдердің жасалуының түпнегізінде адамның
сезімдік танымы жатады.
Соматикалық фразеологизмдер сезімдік таным арқылы алынған санадағы
қарабайыр ақпараттардың өңделіп, қорытылып танымның жоғары сатысын
(логикалық) танытатын ұғым түсініктерге айналуын, бұл ұғым түсініктердің
объектенуін, материалдық формаға енуін, яғни ақиқат болмыс үзінділерінің
тілдік бейнесін түзуін көрсете алатын тіл бірліктері қатарынан саналады.
Сондықтан да соматикалық фразеологизмдерді сыртқы әлемді сезіну мен
дүниені қабылдаудың (мировосприятие) тілдік моделдері, сезімдік танымға
негізделетін логикалық-танымдық мағлұматтар арқалаған ұғымдардың тілдік
бейнесі деуге болады.
Дүниені қабылдаудың тілдік моделі ең алдымен тіл иесінің адамның дене
құрылысы туралы түйген ойын, ұғым түсініктерін береді, тіл өнімінің өзінің
әлемі мен өзін қоршаған дүние - әлемді тануын, сезінуін, түйсінуін
бейнелейді.
Фразеологизмдер еркін тіркестер негізінде жасалатыны,
фразеологиялық мағына негізгі ұғымнан келіп шыққан, екінші кезекте бертін
келе өрбіген туынды мағына болып саналатыны белгілі. Фразеологизмнің
жасалуына негіз болған еркін тіркестің тікелей мағынасы нақты өмір
шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой санасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Adobe photoshop программасын үйрету
Adove Photoshop графикалық редакторын оқытуға әдістемелік нұсқаулар
Эксперттік жүйелер
«Adobe Photoshop» тақырыбына электрондық құрал
Абай аудармаларының мәні, аударма өлеңдерінің біріне талдау жұмыстарын жасау
Программаны іске қосу
Объекттерді топтастыру
Photoshop
Promt 98 бағдарламамен жумыс істеү
Photoshop графиктік программасының арналуы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі
Пәндер