Тілдегі символдық мағынаның қалыптасуы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 СИМВОЛДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

2 ТІЛДЕГІ СИМВОЛДЫҚ МАҒЫНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

3 СИМВОЛДЫҚ МАҒЫНАНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 СИМВОЛДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...9

2 ТІЛДЕГІ СИМВОЛДЫҚ МАҒЫНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ...25

3 СИМВОЛДЫҚ МАҒЫНАНЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ...32

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..43

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..45

КІРІСПЕ

Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы ретіндегі
тілді зертеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп,
өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл
мәдениетті, ұлттық талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр
мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтуында. Басқаша айтқанда,
әр тіл – өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін
таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек
дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика, социолингвистика,
лигвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т.б. ғылым
салаларының зерттеу нысанына айналып отыр. Мұның өзі тіл табиғатына терең
бойлап, жан-жақты қарастыру нәтижесінде тілдік жүйе құрылымының сипатын
айқын тануға жол ашты. Сондықтан да тілді қарапайым таңбалық жүйе деп
қарастыру ол туралы түсінікке әсер етеді және зерттеу мүмкіндіктерін
шектейді. Тіл, көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес,
ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондықтан да қазіргі тіл білімінің
антропоцентристік бағытына сәйкес, ол – әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың
тарихи жетістігі. Тіл – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық
мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдениет ескерткіші, ұлт
өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты
жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этностың мәдениеттің
өзгешелігін, екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасуын қамтамасыз етеді. Тіл қазіргі, келер ұрпақты үлкен бір тарихи
арнаға, бүтіндікке байланыстырады.
Символдардың әмбебап категория екені белгілі, дегенмен, біздің
жұмысымызда тілдік көріністер ретіндегі символдың табиғаты мәдениет шегінде
қаралады. Бұл көзқарас бойынша, символ – кез-келген мәдениетке тән әмбебап
құбылыс. Ол халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін қойма, яғни ғаламның
тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық
кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда,
ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады. Осыған сай белгілі бір
халықтың материалдық және рухани мәдениет элементтері тілде эстетикалық
символдар ретінде қалыптасады. Мұның негізінде „әлемді тіл арқылы
танытудың” әр ұлт тілінде түрлі сипатқа ие екендігі туралы шешімге
символдың лингвистикалық сипатын ашу арқылы және ұлттық болмысын таныту
негізінде келуге болады. Сондықтан да қазақ тіліндегі атаулардың символдық
мәнін қарастыру бүгінгі күн талабынан туған, яғни тіл мен таным, тіл мен
сол тілді қолданушының тығыз байланысынан туған өзекті мәселелерідің бірі
деп айтуға болады.
Қазақ тілінде символдық мағынаның қалыптасу жолдары, символдық
мағынаның берілу тәсілдерін анықтау – жұмыстың негізгі мақсаты. Осы
мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:
– символдың әмбебап категория ретіндегі зерттелу жайына шолу жасау;
– тіл мен таңба арақатынасын айқындау;
– тілдік таңба және сөз-символдың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын
ажырату;
– тілдік жүйеде символдың қалыптасуының когнитивтік құрылым ретінде
айқындау;
– символдық мағынаның тілдік негіздерін ашу;
– символды өзімен тектес метафора және фразеологизмдермен салыстыру,
сол арқылы өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Символдық мағынаның қалыптасуына әсер ететін экстралингвистикалық
факторлардың (көне дүниетаным, наным-сенім, этностың салт-дәстүрі т.б.)
негізінде құнды рухани қазына – мәтіндердің танымдық мазмұнын қысқа да
нұсқа түрде сақтап жеткізетін тілдік құралдардың бірі – символдар екені,
тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері символдық мәні нақты
тілдік деректер арқылы анықталады.
Бітіру жұмысында сипаттау, салыстыру, семосиологиялық,
этнолингвистикалық талдау, топтау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Символ мәселесі ғылым нысанасына ежелден-ақ енген. Әр кезең
зертеушілері „символ” табиғатын өзінше зерделеп, оның сипатын айқындауда
жітілік танытқан. Мұның өзі „символ” ұғымының күрделілігімен, ерекшелігімен
де байланысты. „Символды” тану ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келген
„символизм” ағымынан әлдеқайда ерте туған. Символ мәселесін анықтауға
ерекше көңіл бөлген зертеуші В.В.Мантановтың сөзіне жүгінсек, „Символ ұғымы
ғылым тарихы мен мәдениет тарихы көрсеткендей, әлдеқайда терең және жан-
жақты ұғым, оны Гельгольцтей таза интуитивті үстіртін таныммен де, орыс
символистеріндей мистикалық сипатпен де айқындауға болмайды” [1,131].
Символ туралы ой қозғау, тұжырым айту Аристотель мен Платоннан бастау
алса да, ғылыми тұрғыдан анықтама берген неміс философы И.Кант. Себебі
классикалық антика дәуірі мәтіндеріндегі символ – ешқандай объектіге
қатыссыз, өзімен-өзі, өзінің таза заттық образдылығында кездеседі. Ал
немістің классикалық философиясында „символ” екі бағытта танылады:
экспрессивті-көрнекті (Шлегель және Шеллинг) және бейнелі-объективті
[2,16].
Канттың түсіндіруінде символ – эстетикалық идея, бейнелеудің арнайы
түрі. „Көрінбейтінді, мүмкін еместі жеткізуге тырысатын бейнелеудің арнайы
түрі, анығында ақылдың идеяларына сәйкес келетін пайымдау” [3,273].
Гегель символ туралы былай дейді: „Символ өзі үшін өмір сүрмейтін,
барынша кең жалпы мағынада түсінілуді қажет ететін, пайымдалатын сыртқы
болмыс” [4,351]. И.Кант, Д.В.Шеллинг, Г.В.Гегель, И.В.Гете символды ақиқат
құдіретін тану жолы деген көзқараста болды.
Әрине, символ табиғатын талдап түсіндіргенде көне ғылыми таныммен,
пікір-тұжырымдармен шектелмеуге тиіспіз. Бүгінде символдың теориялық
мәселелері А.Ф.Лосев, Л.В.Уваров, В.В.Мантанов, Н.Н.Рубцов, А.А.Потебня,
Ю.М.Лотман, А.Белый, В.Тэрнер т.б. еңбектерінде сөз етіледі.
Ал қазақ ғылымында символды біздің мақсатымызбен байланысты зерттеулер
өз бастауын Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,
Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов еңбектерінен алса, осыған жалғас ғылыми
көзқарастарды тілші-ғалымдар І,Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдаров, Е.Н.Жанпейісов,
К.Ш.Хұсайынов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, Ж.А.Манкеева,
Г.Н.Смағұлова, Р.Авакова, А.Қ.Сағидолда, Қ.Ғабитханұлы, С.Е.Жанпейісова,
Б.Ақбердиева, Қ.С.Дүсіпбаева, А.Қ.Сейілхан еңбектерінен көруге болады. Ал
этнограф-ғалымдар Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, А.Сейдімбек
еңбектері тілдік деректердің уәждемесін анықтауға көмектесіп қана қоймай,
қазақ мәдениетіндегі ұлттық символдар табиғатын тануға, саралауға жол
ашады. Бұл еңбектерде символ сөзінің орнына кейде белгі, нышан, рәміз
сөздері қолданғандығын, осылайша әрбір таным-түсініктің символдық мәнін
көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн. Біз де өз зерттеуімізде символ сөзінің
орнына ара-тұра осы сөздерді қолдандық. Алайда бұл зерттеулердің
көпшілігінде дерлік символ табиғатына арнайы теориялық талдау жасалынбаған,
тек символдың жеке түрлеріне қатысты сөз қозғалады. Мәселен, алғаш рет
қазақ тілінің дыбыс символикалы сөздері фоносемантика тұрғысынан
К.Ш.Хұсайыновтың „Қазақ тіліндегі дыбыс бейнелілігі” еңбегінде зерттелінсе,
қазақ тілі дыбыстарының символикалық мәнін ашу мәселесі С.А.Өткелбаеваның
„Қазақ тіліндегі дыбыстық символиканың құбылысы” еңбегінде қарастырылады.
Академик І.Кеңесбаевтың „Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі”
еңбегінде, бұған жалғас Қ.С.Дүсіпбаеваның „Қазақ ескіліктеріндегі сандар
жүйесі” атты кандидаттық диссертациясында сан атауларының символдық мәні
көрсетілсе, Р.Авакованың „Фразеологиялық семантика” монографиясында символ
мәселесі арнайы сөз етіліп, символдағы әлемнің тілдік бейнесі, сандық
символдар туралы сөз қозғалады. Ал этнолингвист-ғалым Е.Жанпейісовтың
„Этнокультурная лексика казахкого языка” еңбегінде рухани мәдениет пен
материалдық мәдениетке қатысты этнографизмдердің символдық мәні айқындалса,
материалдық мәдениет лексикасына қатысты символдық сипаттағы этноатауларды
Ж.А.Манкееваның „Қазақ тілінің заттың мәдениет лексикасы” атты
монографиясынан көруге болады. Сонымен қатар академик Ә.Қайдаровтың „Қазақ
тілінің өзекті мәселелері”, Б.Өмірбековтың Э.Т.Ақтанбердиевамен авторлық
бірлестіктегі „Түр-түстердің тілдегі көрінісі” және басқа да көптеген
еңбектерінде кейбір этнографизмдер мен түр-түс атауларының символдық
мағынасы айқындалған. Көптеген этномәдени атаулар мен символдық мәнге ие
фразеологизмдер сипаты Р.Сыздықованың „Сөз құдыреті”, „Көркем мәтінді
лингвистикалық талдау” т.б., Н.Уәлиұлының „Фразелогия және тілдік норма”
және т.б. еңбектерде көрініс табады. Сол сияқты осы мектепті жалғастырушы
Г.Смағұлованың „Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері”
еңбегінде символдық мәнге ие фразеологизмдер сипаты, Б.Қ.Ақбердиеваның
„Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар” атты
кандидаттық диссертациясында мифтік танымға негізделген символдар
А.Қ.Сейілханның „Қазақ тіліндегі энтнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық
мәні” кандидаттық диссертациясында халықтық эстетика мен сұлулық
символизмдері сөз етіледі.
Ал символдың когнитивтік сипаты Қ.Ә.Жаманбаеваның „Тіл қолданысының
когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана” атты монографиясында
айқындалып, теориялық тұрғыдан анықтама беріледі. Ғалымның көрсетуінше,
„ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға
эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде сана ішкі қажеттілікті
қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең
негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни, сана
сыртқы факторларға таңдаулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу
қажеттігін белгілі бір модельдің, форманың бойына жинақтау арқылы шешеді”
[5,8].
Заттар мен құбылыстардың семиотикалық мәні, ұлттық символдар сипаты,
мәдениеттің этнотаңбалық мәні туралы барынша тұжырымды көзқарастарды
этнограф-ғалым М.С.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Бұл бағыттағы
зертеулер өз жалғасын К.Ш.Нұрланованың „Человек и мир – казахская
национальная идея” монографиясынан, Ж.К.Каракөзова, М.Ш.Хасановтың „Космос
казахской культуры” еңбектерінен табады. Символдың көркем әдебиетте
қолданылуы, оның орыс тілінен аударылуы мәселесіне Б.А.Жетпісбаеваның,
А.Т.Бақтыбаевтың, А.С.Айкулованың т.б. кандидаттық диссертациялары
арналады.
Символдың зертелу жайына шолу жасай келе, символды әр ұлт мәдениеті
тән ерекше құбылыс ретінде қарастыру әлі де толыққанды сипатта емес деген
қорытынды жасауға болады. Сондықтан бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының
болашағы зор. Мұның өзі символдың күрделі табиғатын жан-жақты және терең
зерттеуге мүмкіндік жасайды.

1 СИМВОЛДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Адам санасының дамуымен байланысты, дүниетанымның тереңдеуінің
нәтижесі болып табылатын ерекше танымдық белгі символ екені белгілі.
Символ – грек сөзі (symbolon) – таңба. Алғашында бұл сөз құпиялы,
шартты мағынаға ие кез-келген заттық белгіні білдірген. Сонда көне
дәуірдегі символ „жеке куәлік” ретінде қолданылған. Қазақстан
энциклопедиясында символға: „Символ – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге
жанама сипатында алып көрсетуден туатын эстетикалық категория. Символданған
образ көбінесе айқындықтан айырылып, бұлдыр түсінік береді. Символ жалпы
адам санасының даму тарихына сай өрбіген көне категорияның бірі. Алғашқы
қиялдау, болжау, ертедегі түсініктер, наным-сенімдер – символдың шығуына
әсер еткен құбылыстар” – деген анықтама беріледі [6,157]. Яғни, символдың
шығу төркіні тереңде жатқанын аңғаруға болады. Алайда символдың қалыптасу
тарихы тым арыда жатса да, бүгінгі күні „символ” ұғымының ауқымы кеңейіп,
лингвистика, философия, семиотика, психология, әдебиеттану, мифопоэтика,
фольклористика, мәдениеттану т.б. ғылым салаларының негізгі нысанасына
айналған. Мұның өзі әмбебап категория ретінде „символ” табиғатын ашуда бір
ғана ғылым саласының жетістігіне сүйенудің жеткіліксіздігін танытады. Яғни,
символды қай қырынан қарастырсақ та, өзге ғылым тұжырымдарымен де
санасуымыз керек, сонда ғана толыққанды нәтижеге қол жеткіземіз.
Осыған байланысты символды тануда бір-біріне тәуелсіз түрлі
көзқарастар бар: 1) символ – таңбаға тепе-тең ұғым (жасанды қалыптасқан
тілдерде); 2) өмірді өнермен образды түрде игеруді білдіретін әмбебап
категория (эстетика мен өнер философиясында);
3) мағынасы шартты басқа нысан мағынасында (мәдениеттануда, әлеуметтану мен
гуманитарлық ғылымдарда); 4) символ өзінің алғашқы мазмұнын басқа бір
мазмұнға форма беруде қолданатын таңба ретінде (бұл көптеген гуманитарлық
ғылымдар – философия, лингвистика, семантика т.б.) кездесетін символды кең
түрде түсіну [7]. Біз де осы төртінші бағытты ұстанамыз. Яғни, символ –
күрделі әрі әмбебап категория. Символдың әмбебап сипатын түрлі ғылым
салаларына қатысты зерттеулерден анық байқаймыз. Мәселен, философ және
филолог А.Ф. Лосов „Проблема символа и реалистическое искуство” еңбегінде:
„Аталмыш терминді анықтамайынша, көптеген эстетикалық теориялар өз
дәрежесінде терең ұғынылмайды және мейлінше нақты көрсетілмейді” [8,5]
десе, Ю.М. Лотман „кез келген, тіпті өмір сүріп отырған дәуірдегі мәдениет
те, тіпті кез-келген лингвосемантикалық жүйе де символға өз анықтамасын
бермейінше, өзінің толыққандығын сезбейді. Символ бейнелеу тұрғысынан да,
мазмұн тұрғысынан да, әрқашан семантикалық контекстен анық ажыратып
мүмкіндік беретін, белгілі бір өзіндік тұйықталған мағынасы және анық
белгіленген шекарасы бар мәтіннен тұрады”, – дейді [9,147].
Психосоциологтар символдық тұлғаларға адамның өзін-өзі және барлық
құбылыстарды тану кілті ретінде баға береді. Мәселен, философ әрі психолог
А.Г.Спиркин: „Адам өмірінің барлық саласы көптеген сансыз символға толы,
біз бейне бір „символдар әлемінде шомылуындамыз”, – дей келе: „Символ
дегеніміз не? Ол өзінің артында өзге бір затты не өзге құбылысты
жасыратын, мағынасы белгілі бір нәрсені символдаумен байланысты болатын
белгілі бір нысан, сөз, әрекет. Символ өзінен өзге бір нәрсеге нұсқайды.
Символ – сананың түсіндіру (талдап беру) әрекеті. Символға символданған
құбылыстың мазмұнынан тысқары шығатын идеялдық мазмұн тән”, – деп тұжырым
жасайды. Ю.М.Лотман символды мәдениетке тән тұрақты құбылыс деп таниды:
„Символ ешқашан белгілі бір мәдениет кезеңіне тән емес, ол әрқашан бұл
өткелді кешіп өтіп, өткеннен болашаққа сапар шегеді, басқаша айтсақ: символ
– мәдениеттің тұрақты элементі” [9,47]. „Символ көрінбейтін, белгісіз, тек
сезім арқылы сезілетін, болжанатын, әлі танылмағанды образды түрде
бейнелейді”, – дейді К.Юнг [10].
Символдық ұғым кең мағынасында белгілі бір мазмұнды басқаша
(таңбалық) формада бейнелеу деп түсінеді. Бұл орайда ол кодирование
процесімен сәйкес келеді. Ал, тар мағынасындағы символды мән дегеніміз
жалпыланған мәнді, дерексіз мазмұнды көрнекті модель, сезімдік бейне арқылы
беру. Сөйтіп ол негізінен, танымның „ішкі тектерін”, яғни, эвристикалық
қырларын (қиял интуиция) сипаттайды. Ал Л.В.Уваров: „Символизация в
познании” кітабында: „Адамның танымдық қызметі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы
мен тәртібі, этникалық және мәдени құндылықтары өзі жасаған табиғи және
жасанды белгілер символдармен тығыз байланысты”, – деп түйіндейді [11,78].
Символдық философиялық табиғатына талдау жасаған неміс философы
Кассирерге тоқталсақ, тіл, миф, өнер және дін – адам тәжірбиесінің берік те
орам арқауы символдық жүйені тоқиды [12,85].
Ағылшын этнографы, фольклорисі В.Тернер символдың теориялық
мәселелеріне байланысты келелі тұжырымдар жасай отырып, былай дейді:
„Мәдениет” өлкесіне символдық негізді өрнектейді және символдардың бір-
бірімен өрілуі тек қана табиғи орта туралы хабар бермей, сонымен бірге
этникалық, эстетикалық ұғым, түсінік, тәрбие жайында бай мәлімет
берерліктей қойма болып табылады. Әрбір символ – ақпар қазынасы”[13,40].
А.В.Луначарский: „Өнердегі символика – кең ұғым. Суретші толассыз
сезімдер мен сансыз идеяларды бейнелі, сезімдік түрде бергенде, абстрактілі
ойлау арқылы емес, сіздің елестетуіңіз бен жүрегіңіздегі образға әсер ете
суреттейді”, –дейді [14,335].
Э.Бенвенист: „Символдандыру қабілеті – адамзатқа тән нағыз сипат және
символды қолдану белгілі бір объектінің өзіне тән құрлымын тізу, жинақтау,
оны өзге нысандар арасынан анықтау, ажырату ”, – деп көрсетеді [15,142].
Символ – поэтикалық образ жасаудағы
ақындар пайдаланған тәжірибиден өткен өнімді тәсілдердің бірі. Символ
поэтикалық суреттеу құралы. Қазақ әдебиетінде С.Дөнентаев, Б.Күлеев,
М.Жұмабаев т.б. ақындар символды көркемдеу амалы ретінде қолданады. Әдебиет
тарихынан символды әдіс-тәсіл шеңберінен шығарып, оны тұтас бір
дүниетанымға айналдырып, әдебиет пен өнерде, философияда белгілі бір ағым,
мектеп жасаған әдебиет, өнер, философия өкілдері белгілі. Ол ХІХ ғасырдың
екінші жартысында дүниеге келген символизм ағымы. Символистер үшін символ
тек қана жай бір қабылданған белгі емес, ол олардың өмірге деген
дүниетанымдық көзқарастарын белгіледі. Мәселен, символизм ағымының көрнекті
өкілі А.Белый символды ойлаудың, өмірдің бейнесі ретінде таниды: „Символ –
көрінбейтін, танымнан, сезімнен тыс, сөзге тән емес нәрсені нұсқау. Ол –
көркем образ, бейне, құпия, сырлы әлемге апарар жол, ақиқат дүние
категориясы” [16,5]. Храпченко символдарды басқа бір сөзбен
квазистереотиптер деп көрсетіп, оған төмендегідей анықтама береді:
„Квазистеротиптер – бұлар дәстүрлі, аталмыш лингвомәдени қоғаммен
сұрапталған символдар, тіпті мифтер, бұлар халықтың дүниені түйсінуінен
хабар беретін қойма” [17,45].
Ал Н.Н.Рубцов: „Символ мәдени құндылықтар мен мәндерді білдірудің
көлемі де мағыналы, өнімді де шоғырлы формасы. Символ, шын мәнінде, жоғары
құндылықтардың белгілі бір немесе басқа да идеялдары мен идеалдарының
нақтылы түрде көрінуі. Олар арқылы адам өмір сүруі және мәдениеттің дамуы
мен қызметі соларға негізделеді. Мәдениеттің жоғары рухани деңгейлерін
өзіне жымдастыра отырып, символ, оның таңбалы – тілдік көріністерінің
барлық кешенінің орталық анықтаушы діңгегі болып табылады”, – дейді
[18,59]. Бұл зерттеушілер символды әр ғылым саласымен байланысты мақсатпен
қарастырғанмен, барлығы дерлік символды адам танымынан тыс дүниені
бейнелеу, идеяны көрнекті модель арқылы көрсету деп біледі. Демек, символ –
адам танымды дамуының жемісі, соның көрінісі.
Қазақ ғылымында тілші-ғалым Р.Сыздықова „Абайдың сөз өрнегі”
монографиясында: „Қазақ поэзиясының тілін зерттеушілер символ дегенді
кеңінен арнайы сөз еткен емес”, – дей келе, символ – идеяның заттық нышаны
астарлы образы”, – деген тұжырым жасайды [19,89]. Бұл зерттеу символды
поэтикалық тұрғыдан қарастыруға арналған. Ал „Әдебиеттегі, поэзиядағы
символ көбінесе келістіріп жасалған, астары мағынасы терең”, бүтін бір
сурет – бейне қалпында көрінеді” [20,183]. Әдебиет теоретиктері З.Қабдолов
пен Қ.Жұмалиев символды троптың (құбылтудың) бір түрі ретінде көрсетеді де,
„бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас бір нәрсені, не
құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу”, – деп
түсіндіреді [21,244].
Яғни, әдебиеттегі символды анықтауда З.Ахметов символды образға
теңестірсе, З.Қабдолов пен Қ.Жұмалиев сынды ғалымдар троптың бір түрі
ретінде таниды. Соның өзінде бұл екі тұжырымның тоқайласар тұсы
„символдағы” астарлы мағына, жасырын сурет. Символды бұлайша тану орыс
ғылымында да бар. Яғни, бірінші бағытты ұстанушылар – А.А.Потебня, А.Белый,
В.В.Виноградов, А.Ф.Лосев болса, екінші қолданушылар – В.М.Жирмунский,
Б.С.Мейпах, Н.К.Гей, И.П.Григорьев. Алайда біз өз зерттеу мақсатымызға орай
жеке тұлғаның еркіне қарай емес, символды халықтық көзқараспен, таныммен
бірлікте қарайтын тілге қатысты жағынан символдарды тәртіпке келтіруге
болады дейтін А.А.Потебня пікірін қуаттаймыз. „Только с точки зрения можно
привести символы в порядок, согласный с воззрением народа, а не произволом
пишущего” [22,6]. Атақты ғалым В.Гумбольдт та: „Символ ұғымы тілде сөз жоқ
кең”, – деп атап көрсеткен еді [23,93]. Бұл орайда қай ұлттың болмасын
өзінің ұзақ даму тарихында эстетикалық ұғым-түсініктеріне, шаруашылық
кәсібіне, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүр ерекшеліктеріне байланысты
сүйкімді образды, сөз-символдары болады.
Осыған қатысты біздің мақсатымыз символды тіл мәдениеті
сабақтастығында қарастыру. Бұл тұрғыдан алғанда символ кез-келген
мәдениетке тән дағдылы құбылысқа жатқызылады. Символ әр түрлі мәдениет
контексінде кодтала отырып, оларда түрлі мәнге ие болады. Ю.М.Лотман
айтқандай: „Символ белгілі бір мазмұн идеясымен тығыз байланысты, ол өз
кезігінде басқа бір, неғұрлым құнды мәдени мазмұнды білдіру қызметін
атқарады” [24,11]. Бұл жағдайда символ өзінің алғашқы мазмұнын басқа,
неғұрлым абстрактілі және жалпы мазмұнның формасы ретінде қолданатын таңба
болып саналады және екіншілік мағына ерекше бір тілдік сипаты жоқ ұғымды
бере отырып, бірінші мағынамен ортақ таңбалаушы арқылы бірігеді.
Сонымен, символ – әмбебап категория, яғни әр ғылым саласы
символды өз тұрғысынан қарастырып, өзінше баға береді. Символды әр қырынан
таныған ғалымдар еңбектеріне шолу жасай келе, мәдениет тілі ретінде
символға, біздің ойымызша, төмендегі сипаттар тән деуге болады:
1. Адам санасының даму тарихына сай өрбіген көне категория.
2. Символ – мәдениеттің тұрақты элементі, „мәдениет
ескерткіші”.
3. Символ – белгілі бір мазмұнды басқаша (таңбалық) формада
бейнелеу.
4. Символ – халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін қойма,
яғни, ғаламның тілдік бейнесі.
Символ кез-келген тілдік бірлік тәрізді кумулятивтік қызметі арқылы
халықтың эстетикалық таным-түсініктерін, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық,
ырым-наным, салт-дәстүрін, танытады.
Тіл біліміндегі тілді таңбалар жүйесі ретіндегі сипаттаудың мәні
ерекше. Ал, шындықты ақпар таңбалардан тұратыны белгілі. Таңбалар туралы
ғылым, яғни, семиотика, барлық таңбалар құрылымына тән жалпы қағидаларды
белгілейді. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр философтары алға тартқан және қалыптастырған
семиотика ғылымы бүгінгі күні әр түрлі елдерде қарқынды даму процесін
бастан кешіруде. Фердинанд де Соссюр „Жалпы тіл білімі курсы” атты
еңбегінде (1916 ж.) тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны
таңбалардың басқа жүйесімен салыстырған.
„Тіл білімі сөздігінде” таңба былайша анықатлған: „Таңба - әлеуметтік
хабардың материалдық көрсеткіші. Таңба түрлері: белгі таңба, сигнал таңба,
символ таңба, тілдік таңба, белгі таңба – заттардың өз бойындағы (дене
қызуы), одан бөліп алуға болмайтын белгісі сигнал-таңба – өз бойынан тыс
шартты келісім бойынша жасалған (мектепте соғылған қоңырау), символ-таңба –
дерексіз, бейнелі ұғымдарды бейнеелйтін таңба (Қ.Р. елтаңбасындағы шаңырақ)
– таңбаның ішіндегі ерекшесі – тілдік таңба” [25,130].
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы – формасы, екінші –
мазмұны. Тілдік таңба мен шартты таңбалардың арасындағы ұқсастық: екеуінде
де тұлға мен мазмұн бар, екеуі де бір нәрсе жайында „хабарлауды” құралы. Ал
соның негізіндегі оның айырмашылықтарын лингвист ғалымдар төмендегідей
көрсеткен:
1. Тіл – ойды білдірудің, қатынас жасау, пікір алысу құралы, ал шартты
таңбалардың қолдану өрісі тар.
2. Тіл мазмұнды ғана білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге адамның
хабарлайтын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуы немесе ұнатпауы,
қуанышын немесе қайғысын білдіреді. Мұндай қасиет таңбалардың басқа
жүйелерінде жоқ.
3. Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі келісім бойынша қолдан
жасалады, келісім бойынша өзгертіле алады.
4. Барлық шартты таңбалар дыбыстық тілге негізделенеді, олардың
мағыналары тіл арқылы айқындалады, тіл арқылы түсінікті болады [26,24].
Таңба ұғымы лингвистика әдебиеттану, семиотика, математика,
мәдениеттану, архитектура т.б. ғылым салаларында қарастырылады. Ал,
лингвистика ғылымының әрбір даму сатысында таңбк мәселесі негізгі мәселеге
байланысты шешіліп отырады және лингвистиканың осы қазіргі кезеңіне сай
шешіледі де.
Құрылымдық лингвистикада таңба тілдің әр түрлі деңгейіне байланысты
қарастырылады. Себебі тілдегі таңбаларды дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін олардың
сыртқы жамылғыштарының жүйесі құрайды. Қазақ тіл білімінде соңғы он жылғы
зерттеулерге тоқталсақ, таңбаның тілдің әр түрлі құрылымына қатысты жеке
–жеке зерттеу нысанына айналғанын көруге болады.
Мәселен, тілші-ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның „Тілдік қатынас: теория және
әдістемесі” атты монографиясында тілдегі таңбалық элементке не жататыны
саралауға түсіп, төмендегіше түйін жасалады: „Тілдегі таңбаларды біз
дыбыстың да, сөздің де, сөйлемнің де бірігуі, олардың сыртқы
жамылғыштарының жүйесі деп санаймыз. Таңбалық сипаттың өзі оның құрылымдық
қасиетімен тығз байланысты. Тілдегі сөздердің жасалуы дыбыстар жүйесінің,
құрылысына тәуелді. Мұның өзі таңбалық сипатты тілде дыбыс та, морфема да,
сөз де атқаратынын көрсетеді” [27,49]. Ал, С.А.Өткелбаеваның „Қазақ
тіліндегі дыбыстық символика құбылысы” атты кандидаттық диссертациясында
қазақ тілі дыбыстық жүйесіндегі ыдбыстық таңба мәселесі, тілдің таңбалық
және уәжділік қасиетіне байланысты дыбыстық символика құбылысыынң мәні
ашылады. Зерттеуші тілдік таңбаға байланысты: „тілдік таңба аталушы
объектіні (денотатты) модельдейді, бірақ дәл айнытпай ешқашан қайталамайды,
тек модельденуші объектіге жақындықты, ұқсастықты білдіреді. Бұл жағдай
номинацияда дыбыс пен мағына, таңбалар кешені мен денотат таңба мен объект
арасында байланыс бір ғана бағытта емес, көптеген бағытты қамтитынын
көрсетеді”, – дей келе, – дыбыстық символика мәселесін төмендегіше
түсіндіреді: „Дыбыс символикалы сөздердің денотациялық шеңберіне қасиеттері
мен белгілері түрлі сезімдік (естуден басқа) тұрғыдан қабылданатын
объектілер жатады” [28,10].
Лексикалық жүйеде негізгі тілдік таңба ретінде сөз алынады. Сөз бұл
салада лексикалық бірлік ретінде жан-жақты қарастырылады.
Тілдің морфологиялық жүйесінде таңба мәселесі Қ.Б.Күдеринованың
„Бірге, бөлек таңбалатынсөздердің орфрграмасы және оларды кодификациалаудың
негіздері” атты кандидаттық диссертациасында сөз етіледі: „Тіл таңба боған
соң, оның таңбалаушы және таңбаланушы екі жағы болады. Сөздердің бөлек,
бірге таңбалануы тілдік ішкі мүмкіндіктерінен, ішкі құрылымынан шығып
жататынын көруге болады. Ол таңбаның екі жақты сипатына сәикес келеді.
Сондықтан жазуда тілдік таңбаның екі жақты сипатына сәкес келеді. Сондықтан
жазуда тілдік таңбалаудың белгілеуі, фонеманың графемалануы, екі жақты
сипаттың мазмұн межесі мен тұрпат межесінің – өзара үйлесуінен шығады.
Сөздің берілу формасы тек жазуда ғана таңбаланады, алдымен ол ұғымда,
санада, ауызша тілдің мазмұн межесінде таңбаланады ... Оның себебі тілдік
таңба мазмұн өрісі тілдік таңбаның 1) қоршаған ортамен қатынасы
(сигматика); 2) қолданушының қатынасы (прагматика); 3) мәтіндегі басқа
таңбамен қатынасы (семантика) аспектілерінде қаралуында” [29,17], – деген
тұжырым да таңба табиғатын айқындай түседі.
Синтаксис саласындағы тілдік таңбаға сөйлем жатқызылады. Бұл бағыттағы
зертету жұмысының бірі – Б.Б.Динаның „Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің
танымдық-прагматикалық аспектісі” атты кандидаттық диссертациясы.
Б.Б.Динаның тұжырымына сүйенсек: „Сөйлемнің де таңбалық қасиеті
болғандықтан, болмыстағы белгілі бір жағдайды сипаттайтын мазмұн-мәні бар
екені белгілі. Мақал-мәтелдерді коммуникативті сипаттағы сөйлем түріде
келетін орамдар десек, олардың да „таңбалық” қасиеті бар екен. Яғни, мақал-
мәтелдер әр түрлі жағдайлар мен оқиғаларды және „шындық өмірдегі заттар мен
құбылыстардың қатынастарын таңбалаушы болып табылады. Сонда баяндалатын
жағдай „таңбаланушы”, ал мақал мен мәтел „таңбалаушы” қызмет атқарады”. Осы
айтылғанға жалғас пікірді және мәтін, оның таңбалық сипаты туралы
көзқарасты А.Жұбановтың еңбегінен оқимыз: „Мәтін автордың саналы түрдегі
әсеріндегі трансформацияланған күйдегі психикалық жағдайдың бейнелуін
құрайды. Мәтін жүйе ретінде өзі құрайтын бірліктерден және оларды бір
бүтінге біріктіретін ережелерден тұруы керек, демек белгілі бір ішкі
құрылымы болуы керек. Біріншіден, бүкіл мәтіннің мазмұны өзіне енетін
абзацтардың мазмұнын біріктіреді. Екіншіден, оларды бір бүтін мәтінге
біріктіретін негізгі критерий ретінде тақырыптық критерий қызмет етеді.
Мәтіннің ішкі құрылымына байланысты зерттеулер бүкіл мәтінде бейнелеу,
хабарлау, ойлау жалпылығымен ұйымдастырылған қандай да бір объективті
лексикалық ядроның барлығын көрсетеді. Мәтін де таңбаға тән белгілерге ие
деп айта аламыз”[ 30,17].
Демек, әр түрлі иерархиялық құрылымдағы тілдік таңба дыбыстан
басталып, мәтінмен аяқталады, бұлар қоршаған дүниені санада елестету тілдік
таңбаның материалдық жамылғысына негізделуімен пайда болған. Сондай-ақ,
ерекше бір назар аударатын нәрсе – Ф. де Соссюрдің таңбаның екіжақты еш
уақытта бірінен бірі жеке бөліп қарауға болмайтын, бір бірімен байланысты
екі қыры – таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы қатынастың ешқашан
бөлінбейтін біртұтас еместігін жоғарыда аталған зерттеулер мен соңғы
кездегі басқа да теориялық еңбектер дәлелдеп отыр. Сонда аңғарылатын нәрсе
таңбаның динамикалық сипатқа ие екендігі, оның тұрпат мезежіс мен мазмұн
межесі де дамуға, өзгеруге бейімдігі және де мазмұн межесінің тұрпат
межесімен салыстырғанда даму дәрежесі жоғарылығында. Тілдің таңба
болмысындағы бұл сипат мазмұн межесін тек құрылымдық лингвистикада
қарастырудың жеткіліксіздігіне жол ашты. Себебі таңба адам танымының даму
деңгейіне сәйкес, өмірлік тәжірибенің, еңбектің, мәдениеттің нәтижесі
ретінде көрініс тапқанда символға айналады. Сондықтан да символ мәселесі
мәдениетпен, тарихпен, салт-санамен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс.
Осымен байланысты бүгінгі таңба тілдік таңба мәселесі когнитивтік
лингвистика, психолингвистика, социолингвистика, этнолингвистика,
лингвомәдениеттану, прагмалингвистика тәрізді ғылым салаларының зерттеу
нысанына айналып отыр. Мұның өзі тілдік таңба мәселесін тек лингвистика
аясында емес, лингвистикадан тыс құрылыс ретінде қарау керектігін
бағдарлайды. Ал тілдік құрылымның ішкі сипатын нәтижелі зерттеу таңба мен
символ арақатынасын қарастырудан басталады.
Осы орайда тілдік таңба және сөз-символ, олардың айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын қарастырып өтуді жөн көрдік.
Тілші-ғалым Ф.Соссюр тілдік таңбаға тән төмендегідей белгілерді
көрсетеді: 1) таңбаның екі жақтылығы; 2) таңбаның шарттылығы; 3)
еріктілігі. „Тілдік таңба, дейді Соссюр, – зат пен оның аты емес, ұғым мен
акустикалық тұлғаны байланыстырады. Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба
мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай
табиғи байланыстың жоқтығы екендігін түсіндіре келе, ғалым тілдік таңба
дегеннің орнына символ сөзін қолдануға болатынынкөрсетеді. Бірақ символ
сөзін қолдану еріктілік сипатына қатысты лайық емес: „Символ толығымен
ерікті емес, ол бос емес, онда таңбалаушы мен таңбалаушы арасындағы табиғи
байланыстың жұрнағы бар”, – деп түйіндей келе, символ мен таңбаның бір
еместігін аңғартады [31,101]. Алайда бұл пікірден басқа тұжырым
келтірмейді.
А.Ф.Лосев тілден таңба шексіз көп контексте қолданылатынын, оның
әрқайсысында белгілі бір мағынаға ие болатынын, сонымен қатар таңбаның
динамикалық түрде символға өтуін атап көрсетеді. Таңба шексіз көп
мағынағаие болып символға айналады. Сөз символ болу үшін ол белгілі бір
мәтінде – мәдени мәтінде орын алу керек.
Символ – бұл сезім арқылы танылатын бір нәрсе. Ол интуивті түрде ғана
танылатын белгілі бір идеяны арқалайды. Символ өз мағынасын ұзақ уақыт
мөлшерінде сақтай алады және көптеген адамдар үшін тұрақты сипатқа ие
болады. Символ интуитивтілігінің негізінде белгілі бір рационалды бастама
бар, бұл символда жалпы және тқрақты сипатқа ие және оны түсінікті етеді.
Рационалды дискурсивті ойлаумен белгілі боғандықтан, символды да дискурс
немесе мәтін ретінде тани аламыз. Ал символды белгілі бір мәтіннен
интуитивті түрде алынған контекст ретінде қарастырамыз. Ал контекстің әр
түрлілігі символға көп бағаналық сипатын береді.
Символдың рационалды сипатын қарастыру оны ең алдымен „лингвистикалық
символ”, яғни тіл сөйлеу негізінде қарастырудан басталады. Бұл жағдайда ол
тіл нысана ретінде қаралады. Ал символды таңбалық жүйеде қарастырумен
семиотика ғылымы айналысады. „Символ” ұғымы бұл ғылымның нысанасына
айналғанда, ол „таңба – символ” ретінде болады.
Таңба, символ және образдың категориялық – ұғымдық тұлғасына талдау
берсек, төмендегідей көрініс табады: таңба – бұл гносеологиялық категория,
символ – эстетика – гносеологиялық категория, образ – эстетикалық
категория. „Символ” ұғымының бойында таңдау мен образға тән элементтер бар.
Символ жіктеу „субъекті әрекетіне” негізделу қажет. Қазіргі кезде
аналитикалық психология субъекті әрекетінің үш саласын көрстеді:
санасыздық, сана астарына және саналы түрде. Осыған сәйкес символдың шығу
тегін, пайда боу жолын мынадай бепбөлуге блады: а) санасыздық деңгейінде
паида болған символдар, яғни, мифологиялық символдар; ә) сана астарында
(подсознательно), яғни, діни символдар; б) саналы түрде пайда болған
символдар, яғни, ғылыми символдар (жоғарыдағы екі терминді Гегел өнеді
талдау кезінде қолданған).
Көптеген зерттеулерде символ және таңба бір-біріне синоим ретінде
жұмсалады. Жалпы „символ”сөз екі түрлі мәнде қолданылады: біріншісі –
тілдік таңба ретінде, екіншісі – тілдік таңбадан күрделірек түрдегі
„символдық” мәнде. Гегель сөзіне сүйенсек: „Символ ең алдымен белгілі бір
таңба. Қарапайым түрде таңбалағанда мағына мен оны білдіретін тұлғаның
арасындағы байланыс еріктілігі. Бірақ өнерге келгенде, біз діл осылай айта
алмаймвз. өнер мағыныамен образдың сәйкестігінен, жақындығынан және нақты
сіңісуінен тұрады. Және де ол біздің санамызға нақты заттың өзін емес, тек
оның мағынасындағы жобалап түсінілетін жалпы сипатты сіңіру керек”
[25,351]. А.Ф.Лосев таңба мен символға қатысты мынадай көзқарасты
білдіреді: „Символ таңбаға қарағанда көзге ерекше түседі, оның құрылымы
күрделірек және ол суреткердің сезімдік, материялдық тәсілдермен тоғысады”
[8,133]. Демек символ тілдік таңба бола отырып, өзіндік күрделі құрылымға
ие болып та келеді.
Зерттеушілер пікіріне сай, таңбаның негізгі белгісінің бірі – оның
ерекшелігі. Яғни таңбаның сыртқы дыбыстық жағы мен оның лексикалық
мағынасының арасында ішкі уәжділіктің. Алайда тіл біліміндегі зерттеулерге
көз салсақ, тілдік таңба уәжділік және бейуәжділік сипатқа ие. Тілімізде
уәжделген және сипатқа ие емес сөздер орын алады. Таңба өзінің мағыналық
мазмұнына ешбір қосымша мағнаны енгізбеумен сипатталады. Ал, символға
келгенде, дәл осылай тұжырым жасай алмаймыз. Егер тілдік таңба таңбалаушы
мен таңбалаушы бірлігінен тұрса, символ тұлға, бірдейлігі негізінде өз
мазмұнын белгілі бір контекіске байланысты күрделендіреді. Тілші – ғалым
Қ.Ә.Жаманбаева пікіріне сүйенсек: „Ал жеке сөз терең негізді
семантикалыққұрылымдық бейнелейтін дискурста қолданып, одан кейін сол сөз
арқылы берілген ұғымды адам метақұндылық ретінде бастап өткеретін болса,
онда атау – сөз де жоғарғы – символға айналады” [32,104]. Тұлғасының
өзгермеуі символға атаулық қызметін атқаруға мүмкіндік береді. Егер
таңбаның мәні тек көрсету болса, символдың мәні одан кең. Ол белгілі бір
мәдениеттегі семантикалық қызметі арқылы шындықтың әр түрлі жақтарын бір
бүтінге біріктіреді. Сондықтан символ мағынасыноның образын тура, нақты
мағынаға ие бола отырып, тек екінші шартты мағынаға ие болғанда ғана,
символға айналады. Яғни, символ мен оның мағынасы көптеген жағдайда шартты
сипатқа ие. Кез-келген зат, оқиға, әрекет өзіндік нақтылықтың шегінен
шығатын мағынаға (идеяға) ие болғанда символ ретінде танылады. Символға
символданған құбылыс образының мазмұнының шегінен шығатын идеялық мазмұн
тән. Символда тек қана символданған образдың сыртқы суреті түсінілмейді.
Образ бұл жағдайда барынша кең түрдегі белгілі бір идеяны арқалайды. Ол
шындықтың тек бір бөлігі ретінде өмір сұрмейбі, сонымен қатар, басқа бір
шындықты кесіп өтеді және бейнелейді. Сондықтан символ мағынасын оның
образын тура, нақты тану арқылы ұғуға болмайды”. Бұл көзқарасты қуаттай
түсетін „символ басқа арқылы және басқа үшін өмір сүреді”, „символ өзінің
сыртқы тұлғасында белгілейтін бейнесінің мазмұнын қорытады”. „Кез келген
символ өзі бейнелейтін құбылыстың бейнесінен (шегінен) алшақтайды” немесе
„символ әрқашан шындықтан алшақ жатады”, „символ нақты элемент, ал оның
нысаны абстрактілік” дейтін пікірлермен келісуге болады [12,37].
Демек, символ көптеген ассоциация туғызуға бейім келсе, таңбада мұндай
қасиет жоқ. Оның негізгі қызметі – нақты затты атау. Э.Сепирге сүйенсек:
„Біріншіден, символ әрқашан белгілі бір әрекеттің орынбасары ретінде
көрінеді. Екіншіден, оның тұлғасы ьеретін алғашқы мағынасынан өзіндік
мағынасы кең” [15,90]. „Символдық құралдар коммуникативтік өызметпен қатар,
магиялық қызметті де атқарады: атауыштық сипаттамалы, жалпылаумен,
абстракцияның қалыптасуымен байланысты орынбасарлық қызмет. Символодар
атауыштық және орынбасарлық қызметке ие. Таңба мен символ тек сипаттамалық
қызметтің бар – жоқтығынан басқа, танымдық қызметтің көлемі және мазмұнымен
ерекшеленеді. Таңба мен символдың өзгешелігін оларға тиесілі символдық
тұлғадардың құрылымынан да көруге болады” [33,82].
Н.Н.Рубцовтың пайымдауында, таңбаның „мағыналық өрісі” біздің
санамыздың рационалды ойлауымен байланысты болса, символ осыған қоса
эмоционалды қырымен тектес болып келеді [18,38]. Сондықтан символды
мейлінше жоғары деңгейдегі таңба деп атауға боалады. „Өздігінен болатын
ішкі процестер ерекше қарқынмен жүреді. Әрине, бұл жеред адам баласына
көмекке келетін психологиялық- әлеуметтік, рухани таңбалар-символдар. Бірақ
символ тілін түсіну үшін сана жетілу керек. Дамыған, жетілген жүйеде
ақпарат көлемі ғана көбеймейді. Ағзаның мәліметтерді таңдау, іріктеу
қабілеті де артады. Жетілген тұлғаларды символдар психологиялық-әлеуметтік,
рухани тетік ретінде толық мәтінде қызмет көрсете бастайды” [32,34]. „Таңба
бір мағыналылығымен ерекшеленсе, символға көпмағыналылық тән. Таңба
көркемдік дүниесімен тыс қолданылғанда оған көпмағыналылық кері әсер етсе,
символ көпмағыналылығымен құнды мазмұнды болып келеді. Символдың өзіндік
құрылымы әрбір жеке құбылым арқылы бүтін әлем бейнесін ьеруге бағытталған.
Осы орайда К.Юнг: „Символ әрқашан көпмағыналы”, – десе, [10,14] В.Тернер
символ мен таңбаға қатысты төмендегідей сипаттарды көрсетеді: 1. Символдағы
көпмағыналылық; 2. Әртұрлі сигнификаттар шындықты немесе елестетуде бір
бірімен ұқсастық және ассоциация негізінде байланысады” [13,33].
Символдағы көпмағыналылық деген не? Бұған төмендегіше жауап беруге
болады: „Сөз-символ бұл серіппе тәрізді бір-біріне жасырынған және бірі
екіншісіне ауысатын өізндік „мәліметтер қоймасы”. Символдың бұл
семантиаклық серіппес өзіне сөзде көрінбеген, бірақ оның бөлінбейтін бөлігі
болып табылатын жасырын мағыналардан бастап семантикалық субституттарға
(орынбасарларға), яғни бір мағынаның басқамен программаланған ауысуына
дейінгі кең спектрлі мағыналарды біріктіреді” [7,97].
Символдың тағы бір өзіндік сипаты оның уәжділігі. Бұл туралы
Қ.Ә.Жаманбаева былай дейді: „Тұлғаның сөйлеу тілі, мәтін жасалымын түзеуге
себеп болып тұрған уәждер, мүдделер, мәндер мен құндылықтар, сөйлеушінің
тілдік моделінде көрініс табады. Біздің ойымызша, ол процесс кейде ашық
көрінеді не символдық мәнімен анықталады”[32,10]. Дәл осы сипат оны
таңбадан ерекшелендіреді. Символдың уәжділігі метафора, метонимия,
синекдохадағы сияқты семантикалық транспозияның негізін құрайтын
ұқсастықпен түсіндіріледі. Гегельше айтсақ, символданушы нышан мен символ
ретіндегі адам санасында ішкі ұқсастық негізінде байланысады.
Сонымен,жалпы „Символ” термині зерттеушілер тарапынан әртүрлі
түсіндірілсе де, тұжырымдардың тоқайласар тұсы – символға тәгн образдылық,
уәжділік, архитиптілік. В.Фон Гумбольдт: „Тіл тек белгілі болған шындықты
ғана танытпайды, сонымен қатар, белгісіздікті де айқындайды”, – дейді
[23,138].
Психолог К.Юнгтің анықтауынша, ол белгісіздіктің белгіленулер і
символдар арқылы іске асады. Сондықтан ол: „символ образно выражает
невыразимое, неизвестное, лишь предчувственное, лишь предуданное, еще
непознанное”, – деп тіл бірліктерінің дерексіз мазмұнды, белгісіздікті
таңбалық формада берудің бір жолы символға жүктелетінін аңғартады [10,14].
Символға Э.Фромм архетиптік сипат тән және ол бізге санасыздық
деңгейінде берілетіндігін атап көрсетеді [7,101]. Ал, Ю.М.Лотман: „Символда
әрқашан белгілі бір архаикалық сипат болады”, – десе [9,147], К.Юнг:
„Символдар адамға құдіреттілікті танытады және архетиптердің ұшан-теңіз
психикалық энергиясына жанасудан сақтандырады. Біз символдарды зерттегенде,
ол бізді саналық аймағынан әріге апарады”, – дейді [10,15]. Символ туралы
сөз қозғай келе, В.А.Маслова: „Символ архетиптілігі – оның маңызды қасиеті
және ол екіжақты сипатқа ие. Бір жағынан, символда архетипті құрайтын
санасыздық образы ажарланса, екінші жағынан, архетип түсінікті, ол біздің
шындық болмысымызға тиесілі, ”– дейді [7,102]. Демек, символ архетиптілігі
адамзат дамуының балалық кезеңіне, көне дүниетаным қабаттарына жетелейді.
Сонымен, көптеген зерттеушілер пікіріне сай, символ – таңбаның арнайы
түрі. Ал таңба мен символға тән жалпы сипаттар:
1. Таңба – идеалды мазмұнды сезім арқылы танылатын зат(құбылыс,
оқиға);
2. Таңба басқа бір затты (құбылысты, оқиғаны) көрсетеді (нұсқайды;
3. Таңба хабарды алу, сақтау және беру үшін қажет.
Дегенмен, символодың өзіне тән ерекшеліктері ретінде төменгі сипаттар
негізге алынады:
– сөз символ болу үшін белгілі бір мәтінде – мәдени мәтінде орын алу
керек;
– көркем – образды тұлғаның болуы;
– символ интуитивті түрде танылады;
– таңбаның мәті көрсету болса, символдық мәні одан кең;
– таңба шартты және нақты мағынаға ие бола отырып, тек екінші шартты
мағынаға ие болғанда, ғана символға айналады;
– символ мағынасын оның образын нақты тану арқылы ұғуға болмайды;
– символ нақты элемент, ал оның нысаны абстрактілі;
– символдық өзіндік сипаты – оның уәжділігі;
– символ атауыштық және орынбасарлық қызмет атқарады;
– символға архетиптік сипат тән;
– символдағы тура мағына өзіндік дербестігін сақтайды, абстрактілі
символдық мағынамен салыстырғандағы қалып тең дәрежеде;
– сөз және сөз-символ – екі түрлі таңба емес, сол сөздің өзінің екі
түрлі қызметтегі екі түрлі формасы, яғни лингвистикалық таңба
символдық қызметті атқарғанда ғана оны символ деп атай аламыз.
Сөзімізді дәлелді ету үшін, Ә.Кекілбаевтың „Аңыздың ақыры” романындағы
сөз-символдарға назар аударайық.
Алма сөзіне тоқталайық. Алманың тілдік таңба ретіндегі таңбасы: „Алма
ағашының басында шығатын шар тәрізді жеміс” [ҚТТС, І т; 228 б.]. Ал алманың
„сұлулық”, „жастық” символы ретінде қолданылуы осы жемістің сыртқы формасы
мен түсіне байланысты туындаса керек. „Аңыздың ақыры” романының бірінші
бөлімін жазушы „Қызыл алма” деп алады да, сол тараудың қөн бойында „қызыл
алманы” Әміршінің алдына тартқан қызметші әйел тәрізід оқырманның көз
алдына қайта-қайта , сәт сайын оралта береді. Қараңыз:
Сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма
кеше бұның алдынан қайтқан-ды, жаңа тамақ үстінде қызметші әйел алтын
табаққа салып тағы әкеліпті.
Ол өзге алмалар жетпегендай, тап соны ұстай апты. Арасын ашып қарап
еді, бұлаңдап құрт шықты.
Келесіде:
Сонда өзегінен құрт шыққан алма. Ол қастандыққа емес, сатқындыққа,
опасыздыққа меңзеуге тиіс қой. Ол не қылған опасыздық.
Тағы бірде:
Есік жабылған соң барып, дастарханға қарады. Көзі қақ алдында жатқан
нарт қызыл алмаға түсті. Бұл жолы пышақпен кесілген сызығы ақсиып айқын
көрінеді. Ол өзге тағамдардар бөлектеу оқшау қойыпты.
Жазушы нарттай қызыл алманы хан жарның сұлулығымен теңестірсе, құрт
жеген алма сатқындықтың символы іспетті.
Ғұлама жазушы М.Әуезов „Әдебиет – тілмен әдебиет” деп айтқандай,
көркем әдебиетті танудың кілті – тіл. Бұл орайда тіл жазушы шеберлігімен
астасып жатады. Қаламгердің қалам тезіне түскен сөз болмысы өзгереді,
құбылады, ол басқа сипатқа, кейіпке ие болады. Негізгі сөздікте берілген
мағынасынан басқа мәндерге ие болып, дағдыдан тыс қолданысқа түседі. Бұл
көркем туынды тілі үшін заңды құбылыс. Өйткені сөз жазушы шеберханасына
түсіп, тыңайяды. Р.Сыздық, Б.Шалабай пікірлеріне сүйенсек: „Көркем сөз
сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да ерекше ұйымдасқан
эстетикалық құрылымға ие. Өзінің поэтикалық деңгейіне тіл белгілі бір
мазмұнды сырттай бейнелеуші ғана болып қалмайды, ол барлық мән-мағынасымен,
ішкі-сыртқы болмысымен образды мазмұнның өзіне, оның құрамды элементіне
айналады. Басқаша айтқанда, тілдік таңба көркем әдебиетте мазмұнды формаға
ауысады” [34,10]. Осыған байланысты Е.Жанпейісов былай дейді: „Жазушы
тілдегі бейнелеу құралдарын әр алуан көркемдік бояу бере пайдаланады. Бұл
орайда ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздер де, мақал мен мәтелдер де,
эпитет пен теңеулер де, тілдің басқа да барлық бейнелеу құралдары
шығарманың жалпы идеялық, тақырыптық арқауына лайық жаңа бір мағыналық
астар алып, стильдік функциясы арта түседі. Ауызекі сөйлеу стилінде, әдеби
тілде де әдетте жиі айтылатын тіл құралдарының үйреншікті номинативтік
мағынасы ақын-жазушылардың тілінде әр түрлі дамып отырады” [35,17]. Яғни
ертеден келе жатқан ұлттық сөз қолданысымен қатар, белгілі бір жазушы
туындысында ғана көрінетін, пайда болатын сөз қолданысы бар деуге болады.
Дәл осы сөз қолданыс жазушының суреткерлік шеберлігін терең танытып, сөз
қолдану мәнерін айқындай түседі. Алайда жалаң сөз қолданысы шеберлікті
толық көрсете алмайды. Өйткені ол шығарма тақырыбы, идеясымен толық
астасып, соның жүгін арқалап образдылығын арттырып тұруы қажет. Сондықтан
да көркем мәтінді біртұтас күрделі құрылым ретінде қарағанда ғаан, шеберлік
деңгейі айқындала түседі. Осыған байланысты суреткерлік қырын танытатын
көркем мәтін мазмұнын бейнелеуге қатысты сөз қолданыстың бір түрі –
шығармада айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап ашатын, ишарамен білдіретін
сөз-символдарды қолдану. Бұл орайда жазушы қолданысындағы сөз-символдар
көркем мәтіннің идеялық мазмұнын арқалап, оқиғаның құлақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы
Қазіргі кезде ұлттық символдар болмысын тіл арқылы ашуды «тіл-мәдениет-ойлау»
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
Қазақ тіл біліімінде
Түс концептісін (қызыл) ағылшын және қазақ мәдениеттерінде салыстырмалы түрде талдау
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Пәндер