Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ1. Халықаралық экологиялық құқық
1. 1. Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі және пәні ………
1. 2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері ……… . . .
1. 3. Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары ………. .
1. 4. Халықаралық экологиялық құқықтың объектілері
2. Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық
2. 1. Қоршаған орта проблемалары жөнінде халықаралық
конференциялар . . .
2. 2. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ұйымдардың ролі . . .
2. 2. 1. Мамандандырылған және БҰҰ органдары
2. 2. 2. Үкімет аралық аймақтық ұйымдар
2. 2. 3. Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар
3. Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауға Қазакстан
Республикасының қатысуы3. 1. Қазақстан Республикасының территориясындағы экологиялық мәселелер
- Қазақстан Республикасының табиғатты қорғауда басқа мемлекеттермен
ынтымақтастығы
ҚОРЫТЫНДЫ
БИБЛИОГРАФИЯ
Кіріспе
Такырыптың өзектілігі - Табиғи экологиялық факторлардың мәні, табиғаттағы бір байлық қорының өзгеріске ұшырауы, қоршаған ортаның басқа объектілеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізеді, сондықтан табиғатты корғауды мемлекетаралық ынтымақтастыққа жағдай жасауының маңызы осында.
Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын қолданбай, өмір сүру мүмкін емес.
Жер бетіндегі халықтық елді мекеннің қарқынды өсуі, сол сияқты ғылыми-техниканың дамуы адамның қоршаған ортаға деген мүмкіндігінің нығаюына әсер етіп отыр.
Диплом жұмысының зерттеу максаты мен міндеттері болып - халықаралық экологиялық құқықтың негіздерін қарастыру мен негіздеу, Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері және қоршаған ортаны халықаралық қорғауда Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қатынастары және олардың маңыздылығы табылады. Адам жеңіп алған құқықтарын жақын болашақта пайдалана алмауына нақты қауіп немесе адам қоғамының дамуының өзі, адамның өмір сүруіне елеулі қауіп туғызып отыр.
Міне, осы себептен де жеке құқық қүрамында қазір оған қауіп туғызбайтын өмір сүру құқығы қоршаған орта және еңбек шарты бірінші орынға жылжуда Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-ші бабында көрсетілгендей, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. /1[9 ст. 24, 31] Бүгінгі күні қолайлы қоршаған ортада адамның өмір сүру құқығын халықаралық құқықсыз шешу мүмкін емес.
Сондықтан, адамды қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға қазіргі және келешек ұрпақ үшін анықталған мақсаты болып, сондай-ақ ол халықаралық экономикалық және әлеуметтік дамумен, әлемдік негізгі анықталған мақсатқа жетуінде»1.
Бұл мақсатқа жету үшін кеңейтілген түрде мемлекетаралық ынтымақтастык және жалпы мақсаттағы халықаралық ұйымдардың қабылдаған шешімі, не негізгі мәселелердің өсуіне байланысты қоршаған орта аймақтық немесе халықаралық сипатқа және жалпы халықаралық аймаққа әсерін тигізуі қажет.
Осындай ынтымақтастықтың негізінде халықаралық құқықтық объектив, жаратылыстық ғылым және экономикалық факторлар жатыр.
Диплом жұмысының зерттеу обьтектісі болып - қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық және ұлттық құқықпен реттелетін қатынастар табылады. Ал осы қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық және ұлттық құқықпен реттелетін қатынастарға қатысатын тараптардың құқықтары осы диплом жұмысының пәні болып табылады.
Табиғи экологиялық факторлардың мәні, табиғаттағы бір байлық қорының өзгеріске ұшырауы, қоршаған ортаның басқа объектілеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізеді, сондықтан табиғатты корғауды мемлекетаралық ынтымақтастыққа жағдай жасауының маңызы осында. Диплом жұмысын орындау барысында эмпирикалық, теоретикалық зерттеу әдістері қолданылды, соның ішінде тарихи, талдау және синтез зерттеу әдістері көрініс тапты.
Қорғауға келесі ережелер шығарылады :
1. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ынтымақтастығының рөлінің жоғарылығын адамзаттың жалпы түсінігі бойынша, оның өркениетті өмір сүруінің басты екі негізгі шартын айта кеткен жөн: биосферадаға ресурстар және кеңістікте шектелгендігі; осы шектелген жүйе шеңберінде жеке тұлға мен мемлекеттің келісіп жасаған әрекеті. Бұл жерде тиімді қоғамдық реттеу, сонымен қатар мемлекетаралық қатынас құқықтық механизімінің қажеттігін айта кету орынды.
2. Қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттердің қатынасын халықаралық құқықтық реттеу қиын әрі өзгермелі процесс болып табылады. Осы ереже қоршаған ортаны қорғау аясындағы көптеген ғылыми - техникалық ынтымақтастық келісімдер бірлесіп зерттеуді және дайындауды, ақпаратпен алмасуды, табиғат байлықтарын пайдаланудағы ұтымды тәжірибені қарастыру мәселесін ұсынады.
Аталған келісімдер бірлестіру шеңберінде ғылыми және техникалық мүмкіндік әр түрлі елдердің ғылыми зерттеулеріндегі көзқарастарын топтастыруға, олардың нәтижесін едәуір көрсетуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік құбылыстардың жағымдылығының ішіндегісі, ең алдымен қоршаған ортаның адам құқығына қолайлылығы көптеген елдерде тұжырымдалғанын бөліп айтуға болады.
3. Халықаралық құқықтық нормаларының тиімділігі теріс құбылыстарға және қоршаған ортаны қорғау аясындағы мемлекеттердің келісілген әрекеттерімен барабар жағдай қалыптастыру.
Әсіресе, саяси фактор, қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауда елеулі, себепші әсерін тигізеді. Халықаралық қысым әлемді берік орнықтыруға және қауіпсіздікті қарулы қақтығысқа тиым салуы және мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтастығы, мекендеуге қолайлы ортаны сақтауға қосымша материалдық ресурстарды бөлуді қажет етеді, қоршаған ортаны қорғаудың саяси жағдайда туындауы мүмкін мемлекетаралық келіспеушіліктерді халықаралық құқық нормаларына және қағидаларына сәйкес реттейді. Жанама пайдалы әрекеттер, жекелеген мемлекеттердің табиғатты қорғаудағы ынтымақтастықта өзінің халықаралық беделін сақтап қалу, бекітуге ұмтылыс жасауы мүмкін .
Осыдан қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға байланысты халықаралық проблемаларды, барлық кіші және ірі мемлекеттердің теңдігі негізінде ынтымақтастық арқылы шешуге болады.
Экологиялық ғылымның кеңеюі, қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауды реттеуді кеңейтудің объективтік сілтемесі болып отыр.
Қазіргі халықаралық бірлестікке халықаралық құқықтық және табиғатты қорғау нормаларын құрастыру және қолдану әсер етуші факторлар жиынтығына қарай, сол үрдістің себепшісі мен тежеушісі. Бұл құбылыстар бір - біріне ұқсас тәртіпте (саяси, экономикалык, әлеуметтік) себепші ғана болмай, сонымен қатар қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудағы реттеуінің тежеушісі болып отыр. Сондықтан да осы өрістің халықаралық табиғатты корғаудағы әрекеттерінің дамуының көпжақты қозғаушы күші халықаралық құқық ғылымының бір міндеті.
Көп жақты және екі жақты келісімдер немесе осындай басқа негіздегі ынтымақтастық, бақылауды тоқтатуды барлық аяларда өткізілген әрекеттерімен байланысты қоршаған ортаның кері әсерін шеттетуі өте маңызды және бұл ынтымақтастық барлық мемлекеттердің егемендігін ескере отырып ұйымдастырылу керек2.
Соңғы жылдары отандық әдебиеттерде, сондай-ақ жақын және алыс шетел әдебиеттерінде ғалымдар қоршаған ортаны қорғауға арналған мәселелердің зерттелуіне едәуір мән беріп отыр. 1 .
Жоғарыда айтылғандардан шығар қорытынды, менің дипломдык жұмысымның мақсаты - адамзаттың маңызды проблемаларының бірі ретіндегі, қоршаған ортаны қорғауды оқып біліп, талдау болып табылады.
I Бөлім халықаралық экологиялық құқықтың саласының дамуына
арналған. Мұнда халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі, пәні,
объектісі, негізгі қағидалары және қайнар көздері жекелей
қарастырылады.
II Бөлімде қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық
ынтымақтастық, соның ішінде Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы
және осы мәселелерді шешудегі халықаралық конференциялар сауалдары
қамтылады.
III Бөлімде халықаралық ынтымақтастыққа және Қазақстандағы
қоршаған ортаны қорғауға арналған.
Қорытынды барлық жұмыстың негізгісін қамтиды, онда қоршаған орта аясын халықаралық құқықтық қорғау бүгінгі күннің маңызды тақырыптарының бірі болып отыр, оны дұрыс және уақытында шешу бүгінгі және келешек ұрпақтың өмірі байланысты болып отыр.
Қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің құралы ретіндегі халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі және пәні
- Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі және пәні.
Қоршаған орта - әлем, экономика, қоғам демократия категорияларымен бір қатарда тұрган қазіргі ғылымның және практиканың берік санаттарының бірі.
Қазіргі ұлттық және халықаралық құқықтың сатысына сәйкес, табиғатқа байланысты қоғамдық қатынасты құқықтық реттейтін интегралдық объект табиғат емес, қоршаған ортаның өзі.
Қоршаған орта (umwelt) түсінігін 19ғ. екінші жартысында неміс биологы Якоб Иксюль " Экология " ғылымына енгізді. Оның айтуынша бұл - " ішкі әлемді белгілеп, қоршаған ортадағы тірі ағзалар, жануарлардың ішкі сезім мүшелерімен және олардың белгілі бір жүріс-тұрысқа талаптануын көрсету үшін жасалған3.
Қоршаған орта түсінігі адамның өмір сүру шарттарымен байланысты элементтердің кең түрін қамтиды. Олар 3 түрлі объектіге бөлінеді: жаратылыс (тірі) орта объектісі (флора, фауна) ; өлі (не живой) орта объектісі (теңіздік және тұщы су бассейндері - гидросфера) ; жердегі ғарыш кеңістігі; адамның табиғатпен өзара қатынасы үрдісінде пайда болған «жасанды» орта объектісі.
Осылардың жиынтығынан барлық қоршаған ортаның жүйесін құрып, территориялық аумағына байланысты, глобалды (бүкіл жер шарын қамтитын), аймақтық және ұлттық болып бөлінуі мүмкін.
Осыдан коршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғаумен барабар емес. 50 жылдардың басында табиғатты қорғау және оның ресурстарының әлсіреуін қорғау емес, экономикалық мақсат еді, ал 70 жылдарда бұл міндеттің объективтік факторы адамдарды қоршаған ортаны қорғауға ауыстырылды, дәлірек айтқанда сол мезетте қалыптасқан глобалды мәселелерді қамтып көрсетті4. Қазіргі адамды қоршаған орта 1972ж. БҰҰ Стокгольмде өткен конференциясының тақырыбы болды.
Профессор Петров В. В. «адамды қоршаған орта деп, адамдардың антропогендік әрекетінде калыптасқан, экологиялық жүйенің органикалык бірлігіндегі, жаратылыстық, аусымдылық, модификациялык жаратылыстық ортаның бір бөлігі деп түсіндіреді»5 Қоршаған ортаны қорғау аясындағы мемлекеттердің ынтымақтастығының қажетті негізі, оны халықаралық құқықтың зертеуі болып отыр. Атап айтқанда, қоршаған ортаны халықаралық кұқықтық қорғауды реттеудің өзара келісімдегі орнықтырылған толық жүйесі, ішкі кұрылысын сонымен қатар нормативті негізін және қайнар көзін қамтиды.
Отандық құқықтық ғылымда, оның өзіндік институтының бар екендігі туралы пікір қалыптасқан. «Қоршаған ортаның халықаралық құқығы» термині қалыптасуға шақ тұр, сондықтан қазіргі уақытта «халықаралық экологиялық құқық» түсінігі жиі қолданылып жүр6. Бірақ та қоршаған орта халықаралық құқықтың құрылымдық қалыптасуы әлі бітпеген. Бұған куә - халықаралық құқықтың басқа саласындағы, әсіресе теңіз, әуеде қоршаған ортаны қорғауға қатысты кейбір жайсыз қағидалар мен норманың сақталуы. Сөз болып отырған мәселе, қоршаған ортадағы халықаралық құқықтың қалыптаса бастау шегі мен халықаралық құқық институтының және ресурсты пайдалану саласының тығыз байланыстығында.
Бұдан басқа қоршаған ортаны қорғауда қалыптасқан арнайы қағидалар мен нормалар нақты жеткіліксіз мазмұнының жоқтығынан жапа шегуде.
Қоршаған ортаның халықаралық құқығы, халықаралық құқықтың өзіндік бір саласы ретінде біржолата бітуі үшін, елеулі түрде оның кодификациялау дәрежесі мүмкіндік туғызатын еді. Бұл сауал бірнеше рет қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ-ның бағдарламасының шеңберіне ұсынылған. Жан-жақты кодификациялық акт ұқсастығы бойынша халықаралық құқықтағы басқа салаларымен сол сферада қалыптасқан қағида мен норманы жүйелендіруге, сол сияқты, тең құқықтың негізіне және экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттердің өзара қолайлы ынтымақтастығына мүмкіндік беретін еді.
Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық құқық актілерінің саны біртіндеп көбеюі қорғау, пайдалану, қоршаған табиғи ортаны жақсарту жайында құқықты қосатын барлық құжаттарды топтастырып, халықаралық заңдылықтың бір саласы - экологиялық заңдылықты оқытуға алып келеді.
Халықаралық экологиялық құқық қазіргі дәрежеде халықаралық қолданыстағы экологиялық заңдылықтардың жинақталған, қазіргі даму үстіндегі халықаралық құқық және оның ғылыми болып табылатындағында.
Қоршаған ортаны қорғауда және жер ресурстарын пайдалануда халықаралық экологиялық құқықтың теңіз, атомдық, гарыштық құқық салаларымен байланысты. Халықаралық және ішкі экологиялық құқықтық байланысы едәуір қиын жүйе болып отыр. Бұл жердегі қиындық ең алдымен, егер ішкі экологиялық құқықтық мемлекеттердің тиісті бірлігінің еркіндігі болса, халықаралық екі немесе бірнеше мемлекеттердің, не халықаралық үйымдардың келісіміндегі еркіндігінде. Сол мезетте осындай экологиялық құқық нормаларының шектеу еркіндігіндегі басымдылық халықаралық кұқықтық нормаларында.
Осы халықаралық құқықтың саласы екі түрлі мағына береді: Бір жағынан халықаралық, экологиялық, құқықтық халықаралық ынтымақтастығының барлық нысанын реттейтін халықаралық жариялық құқықтың құрамдас бөлігі. Бұл құқықтық реттеудің қағидалары мен әдістеріне сипаттама беруге ықпал жасайды. Ал екінші жағынан, ол халықаралық, құқықтық реттеуді, мазмұнына сүйене отырып, ішкі экологиялық құқықтың жалғасы болып табылады. Бірақ та, бұдан халықаралық, құқықтық адамның, ұйымдардың, мемлекеттердің байланысын қамтитын өзінше құқық жүйесі болуын тоқтату емес, жекелеген мемлекеттердің экологиялық құқығының пәнінің және әдісінің қайнар көзі. Сонымен бірге, осы қатынастағы субъектілердің құқықтық реттелуі едәуір дәрежеде бөлінеді.
Құқық теориясында құқықтық реттеу пәні деп, негізгі анықталған құқық саласындағы құқықтық нормаларының бөлінуі саналады7
Пән құқық саласының жүйесін құрастырушы фактор болып табылады. Құқықтық реттеудің пәні қоғамдық қатынастағы нақты анықталған, басқа құқық пәнін құрастырушы деп түсіндіріледі.
Біз қарастыратын аймақта құқықтық реттеудің объектісі табиғи орта және оның бөлек элементтері - жер, оның қойнауы, әлемдік мұхит, өсімдіктер және жануарлар әлемі және осылармен байланысты адамның ықыласы, осыдан табиғатқа байланысты немесе қоршаған ортаға байланысты қоғамдық қатынас пәні болып табылады.
Осыдан халықаралық экологиялық құқықтың пәні болып, адамның қоршаған ортаны қорғау және жақсарту мақсатындағы өзара әрекетінің аясында жинақталған қарым-қатынасы қазіргі және келешек ұрпақтың ықыласы, халықаралық экологиялық қатынас танылады.
Сонымен, халықаралық экологиялық құқықтың пәні деп нені түсінеміз? Жоғарыда айтылғандар негізінде халықаралық экологиялық құқық - өзіндік құқықтың бір саласы ретінде құрылған, өзінде халықаралық құқықтық нормаларының жиынтығын, оның қорғауындағы субъектілерін, халықаралық экологиялық ресурстарының рационалды пайдаланылуын және қоршаған ортаны зиянды әрекеттерден қазіргі және келешек ұрпақтардың ықыласымен қорғауды реттейтін қатынас болып табылады.
1. 2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері
Материалдық мағынада халықаралық экологиялық құқықтық катынастың қайнар көзі деп, табиғи қоршаған ортаны рационалды пайдалануға және қорғауға бағытталған әлемдік бірлестік мүшелерінің еркіндігін түсінуге болады. Ал, формальды мағынада халықаралық құқықтың экологиялық нормаларының қайнар көзі деп, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жасалған құқықтық нысан - шарт, келісім, конвенция, халықаралық ұйымның және конференцияның қарары (резолюция) және тағы басқаларды түсінуге болады.
Кейбір жеке жағдайларда халықаралық экологиялық құқықтық нормаларының қайнар көзі болып ішкі заңдылықтағы нормативтік акт қолданылады.
Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзінің ортасындағы орталық орынды БҰҰ - ның бас Ассамблеясының қарары және табиғатты қорғаудағы бүкіл әлемдік хартия алады. Олар, халықаралық құқықтың экологиялық ынтымақтастықтың қағидаларын және ережелерін іске асыруда анықталған мағынасы болып отыр.
БҰҰ - ның бас Ассамблеясының қарары: БҰҰ - ның бас Ассамблеясының қарары қоршаған ортаны қорғауға және дүниежүзілік табиғат ресурстарын рационалды пайдалануға арналған.
18 желтоқсан 1962 жыл БҰҰ - ның бас Ассамблеясы «экономикалық даму және табиғатты қорғау» туралы қарар қабылдады, онда ЮНЕСКО ұсынған тілек және ұсыныс мақұлданды. Қабылданған қарар үш көңіл аударарлық кезеңдерге бөлінеді:
1) қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, флора мен фаунаның
жиынтығын тұтас қарастыру;2) табиғатты қорғау терминінің интеграциясы кеңейтілген
«қоршаған ортаны қорғау» терминіне.
3) табиғатты корғауда және экономикалық дамудың маңыздылығының органикалық мазмұны өзінің дамуын 1972 жылы қоршаған орта туралы БҰҰ- ның Стокгольмдегі конференциясында алған.
3 желтоқсан 1968 жылы БҰҰ-ның бас Ассамблеясы қарар қабылдады, онда адам құқықтарының негізін сақтау үшін, экономикалық және әлеуметтік дамуға тиісті қоршаған ортаға қолайлы көңіл аударарлық ролі байқалады. Осы мақсатпен, БҰҰ - ның бас Ассамблеясы БҰҰ қоршаған орта туралы конференциясын 1972 жылы Стокгольмге шақыруға шешім қабылдады.
1980жылы қыркүйек айында БҰҰ-ның бас Ассамблеясы «мемлекеттердің қазіргі және келешек ұрпағы үшін жер табиғатын қорғауға айрықша жауапкершілігі» туралы қарар қабылдады. Қарар барлық мемлекеттер мен халықтарды қоршаған ортаны қорғауға және қақтығысты қысқартуға нақты шара қолдануға шақырды.
1982 жылы БҰҰ - ның бас Ассамблеясы дүниежүзілік табиғатты қорғау хартиясын бекітті.
Табиғатты қорғауда дүниежүзілік хартия 28 қазан 1982 жылы БҰҰ -ның бас Ассамблеясы ның 37 сессиясының қарарында мақұлданды және бекітілді.
Ол негізгі 24 қағидадан түрады. Қарар экологиялық білімді жалпы білімнің қүрамдас бөлігі деп қарастырады. Біздің табиғат турасындағы білімімізге зерттеу жүргізу және әр түрлі типтегі ақпараттық жүйелерімен кажетті түрде кеңейту керек .
Осы хартия қағидалары, әр мемлекеттің құқықтық тәжірибесінде халықаралық ынтымақтастық деңгейінде көрініс табуы қажет өзінің заңдық күшіне байланысты хартия ұсынуға болатын мағынадағы халықаралық құжат болып табылады. Бұл дегеніміз оның нормалары мен қағидалары мемлекеттер және халықаралық ұйымдар үшін заңды түрде болуы міндетті емес, бірақ қоршаған табиғи ортаның жалпыға бірдей міндеттерін дүниежүзілік бірлестікке мүшелер өздерінің практикалык әрекеттерінде осы актінің ережелерін сақтау керек.
Шарт. Х алықаралық кұқықтық қорғаудың қайнар көзі ретінде шарт орталық орынды алып отыр. Осы топтағы қайнар көздердің ішінен, дүниежүзілік сауалдармен бекітілген қауіпсіздік және қақтығысты қысқарту, қоршаған ортаны қорғау проблемаларына байланысты саяси мазмұндағы шартты бөліп айтуға болады.
Осы топтың ішінде басты орынды АҚШ және Канада, барлық еуропалық мемлекеттермен қол қойылған. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық турасындағы жиналыстағы қорытынды акт. Осы топқа Конвенция, шарт, өндіріске тыйым салу туралы бітімгершілік байқау, жаппай жоюдың амалдарын колдану қатары жалғасады.
Бұған ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963 жыл) ; ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968 жыл) ; жаппай жою қаруын теңіз және мұхит үстінде орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971 жыл) ; бактериялогиялық (биологиялық) өндірістегі қаруды, улағыштарды артық жинауға тыйым салу және оларды жою туралы Конвенция (1972 жыл) кіреді.
Қысқарту, шектеу, қарулардың стратегиялық бастамасын жою туралы шарттар қатары КСРО мен АҚШ арасында бекітілуі себебінен ол екі жақты сипатта болады.
Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзі ретінде, басқа да шарттардың тобын экологиялық мазмұндағы халықаралық шарттар құрайды.
Экологиялық мазмұндағы халықаралық құқықтық актінің кешенді белгісі болып, әскери немесе әр түрлі жауласудағы табиғи ортаға әсер ететін құралдарды пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция (1977 жыл) ; трансшекаралық ауаны кең қашықтықта ластау туралы Конвенция (1979 жыл) ; ай және басқа аспан денелерін қоса ғарыштық кеңістікті зерттеуге және пайдалануға мемлекеттердің әрекеттерінің қағидалары туралы Ковенция (1967 жыл) ; Антарктида туралы 1959 жылғы шарт.
Халықаралық құқықтық актілердің өзіндік тобын, Конвенция, келісім және дүниежүзілік теңіздерді ластанудан және жүдеуден қорғауға; Жерорта теңізін ластанудан қорғау туралы Конвенция (Барселон 1976 жыл) ; Балтық теңіз аймағындағы теңіз ортасын қорғау туралы Конвенция (Хельсинки, 1992 жыл) ; Қара теңізді ластанудан қорғау туралы Конвенция (Бухарест, 1992 жыл) ; Атлант мұхитының Солтүстік Шығыс теңіз аумағын қорғау Конвенциясы (Париж 1992 жыл) .
Солтүстік теңізді мұнай және басқа да зиянды заттармен ластануымен күресу туралы 1983 жылғы ынтымақтастық туралы келісім. Флора мен Фаунаны қорғау және сақтау, жабайы Фауна мен Флораларды қорғау және олардың табиғи ортада тіршілік етуі туралы Конвенция ( Еуропа 1979 жыл) ; табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау туралы АСЕАН елдерінің 1985 жылғы келісімі; Жойылып кету қаупі бар жабайы Фауналар мен Флоралардың түрлері, халықаралық саудалау (Вашингтон 1973 жыл) т. б.
... жалғасыҚазіргі кезеңде халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері екі түрге бөлінеді:
1) қазіргі күші бар құқықтық қағидалар мен нормаларды бекітетін,
құқықты көрсететін, яғни «қатаң» міндетті құқық.2) халықаралық қатынасқа өзінің белсенділігінен әсер ететін
міндетті емес ережелерді ұстаушы, яғни «жеңіл» ұсынылатын құқық.1. 3. Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Қағида немесе негізгі бастау барлық құқықтың сипатын анықтайтыны белгілі. Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық корғауда және табиғатты пайдалануда колданылатын кағидалар, қазіргі халықаралық құқықта жалпыға бірдей қағида және халықаралық экологиялық құқықтың арнайы салалық қағидасы болып бөлінеді.
Халықаралық кұқықтың жалпыға бірдей қағидасы қай салада болса да мемлекет аралық қатынасты, сонымен қатар қоршаған ортаны корғау және табиғатты тиімді пайдалануға қатысты реттейтін заңды белгісі болып отыр.
Көрсетілген сипаттағы қағидаларға:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz