Несиелік ресурстар. Олардың жинақтау көздері



ЖОСПАР

Кіріспе 3

1. Несиелік ресурстар. Олардың жинақтау көздері 5
1.1. Несиелік ресурстардың түсінігі 5
1.2. Несиелік ресурстардың көздері 8

2. Несиелік ресурстарды тарату тәртібі 18
2.1. Несиелік ресурстардың таралуы 18
2.2. Несиелік ресурстарды пайдаланғаны үшін сый.ақылар есептеу және есепте көрсету тәртібі 23

Қорытынды 27

Пайдаланылған әдебиеттер 29
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.
Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген себептерге орай қауіпсіздік проблемалары саласындағы зерттеу жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады. Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен, екіншіден адамның өмір сүру жағдайының жоғарғы технологиялар дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық және ғаламдық деңгейдегі дағдарыстарды әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене түсуімен түсіндіріледі.
Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихи тәжірбиесі әрқандай мемлекеттің қатардағы адамдарының әл ауқаты ең алдымен оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.Бұл орайда ел президентінің Қазақстан халқына жолдауына атап айтылғандай осынау қарапайым шындықты әр адамның түйсінуі аса маңызды./1/
Адамзат өркениеті үнемі қауіп пен қатер ортасында өмір сүріп отыр, оны айтпағанда қоғамда өтіп жатқан сапалы өзгерістер жаңа ғаламдық проблемалардың және әр түрлі сипаттағы қатерлердің туындауымен қоса қабат жүріп жатыр. Осы орайда кейбір зерттеушілер былай деп атап көрсетеді: “әр уақыттың өзіндік жаңа қауіпсіздік жүйелері болады. XXғасыр әскери қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасаудың бір қатар жемісті идеясын дүниеге келтірді,бірақ оларды іске асыру мүмкін болмады,түптен
келгенде , адамзат осы идеялардың бодауына екі жаһандық”
“қаңқасап”соғыспен және бір “бір қырғи қабақ” соғыспен және жер бетіндегі өмірдің ядро күшімен құрып кету қаупімен төлем төледі. Аймақтық әскери жанжалдар өрттей қаулаумен қатар экономикалық,
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Байсейітов Б., Бәйішев б. Қаржыңды жина. Көш нарыққа //Финансы Казахстана. 1998. л 8. С. 25-29.
2. Банки Қазақстана. Справочно – аналитическое издание. Алматы, 1999.
3. Мәжитов Д Банк жүйесіне тірек керек // Финансы Казахстана 1997. л 12. С. 29-32.
4. Расулов Н. Банк жүйесінің даму қарқыны // Финансы Казахстана 1999. л 6. С. 24-27.
5. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы, 2004.
7. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001.
8. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Алматы, 2000.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Несиелік ресурстар. Олардың жинақтау көздері 5
1.1. Несиелік ресурстардың түсінігі 5
1.2. Несиелік ресурстардың көздері 8
2. Несиелік ресурстарды тарату тәртібі 18
2.1. Несиелік ресурстардың таралуы 18
2.2. Несиелік ресурстарды пайдаланғаны үшін сый-ақылар есептеу және есепте
көрсету тәртібі 23
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда несие жүйесі өзекті
проблемалардың бірі болып отыр.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ банк қызметкерлеріне несие ресурстарының
арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну
керек. Сондықтан біз бұл жұмыстың тақырыбын: „Несиелік ресурстарды жинақтау
және тарату тәртібі” деп алдық.

1. Несиелік ресурстар. Олардың жинақтау көздері

1.1. Несиелік ресурстардың түсінігі

Қаржы-несие институттарының, банктердің, бір қалыпты өмір сүруін және
қызметін дамытып өсіру үшін жақсы жинақталған қаржы-несие, ақша көздері
қажет. Банк мекемелерінде ақша құралдарының жиынтығын бірнеше ретпен
бөлуге, операция түрлеріне жинақтауға болады. Осындай жинақталған
қаржылардың бірі несиелік ресурстар.
Несиелік ресурстар деп – банк мекемесінде клиенттерге қарыз, несие
ұсыну мақсатында жинақталған ақша құралдарының жиынтығын айтамыз.

Банк несиелік ресурстары банктің меншікті қаржылары мен өз кезегінде
банктің жинап алған құралдарына және банктің тарту құралдарына бөлінетін
банк міндеттемелерінен құралады. Аталған қаржылардың бәрі де бір ғана несие
үшін қызмет етпейді, толық өзіндік жеке қызметтері бар. Несиелік
ресуртсардың құрамына енетін қаржыларға төмендегі ретпен анықтама беруге
болады.
1.Банктің меншікті қаржылары.
2. Банктің қорлары (жарғылық, резерв, арнайы бағыттағы қорлар).
3. Таза кіріс.
4. Негізгі құралдар.
5. Банктің жинап алған қаржылары.
6. Банктің аманатшылар алдындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді.
Банкке тартылған қаржылар құрамына орталық банктен, қаржы-несие
мекемелерінен алынған несиелер, банк аралық несиелер жатады. Банктік
тәжірибеде меншікті қаржылар төлемсіздік қаупін жабу көзі резерв ретінде
қарастырылады. [1; 147]
Банктің меншіктің қаржыларының көлемінің ұлғаюлары банктің қызмет
аясын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Осы қаржылар есебінен банк материалдық
жағдайын дамытып ғимарат, құрал-жабдық т.с.с. ала алады.
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері
және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік
ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары
(ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін
арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің
көзқарасымыз бойынша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы,
несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай
қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады. [3; 217]

1.2. Несиелік ресурстардың көздері

Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын
несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
• депозиттер;
• банкаралық займдар;
• депозиттік емес көздер;
• коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары. Несиелік ресурстардың
аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы
және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және
көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар
табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым
ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория
жүзінде ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз
қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға
міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар
екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің
банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай
қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің
несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі
ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке
тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды. [5; 315]
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт
деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән,
экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады.
Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және
олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық
мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның
жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа
әдістерін енгізу мен ең негізгісі - экономиканың нақты секторын жандандыру
болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі:
алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және
табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды
ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен
ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік
коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Нарық жағдайында коммерциялық банктер қолданатын әр түрлі критерий
бойынша депозиттерді жіктеудің тәртібін келесі 1,2,3,4 сызбалардан көруге
болады.[7; 140]
Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алыну формалары бойынша екі
топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің
және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы
қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы
шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті
қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктермен есеп
айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар;
шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз
бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-
қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке
шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір
жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет
уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді
депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға
міндетті.
Алыну формалары бойынша депозиттер

Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы
жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану
мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді. [5;118]
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;
үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында
талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем
формасы белгіленеді.
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп
көрсететін формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың
қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала
хабарлап).
Соңғы уақьггта депозиттердің кейбір категорияларының арасындағы анық
шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретін
гибридтік шоттар пайда болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және
мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар).
Банкаралық займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын
қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу
банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және
негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар
корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа
көздеріне қарағанда қымбат болады. [6;138]
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық
ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте,
банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденток
шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс
жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік
мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ
болып "бір күндік қысқа ақшалар" деп аталатын немесе "овернайт" депозиті
болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады.
"Бір күндік ақшалар" ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл
займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік
несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.
[4; 118]
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық
несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және
талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай - коммерциялық банктердің
жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта
қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында "дем беріп" және
баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік
ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің
міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер
кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер
ертең коммерциялық банктің клирингтік орталығындағы коршотында тапшылық
орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсүгінде белгіленген ірі ақшалай
түсімдердің өзі және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің
мүмкіндігі, оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып,
мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда
коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол
банктік жүйеде соңғы инстанциялы кредитор қызметін орындайды және
коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете
алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер
арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне
әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының M0, Ml, M2,
М3 - арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер
мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша
эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды
бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ
сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік
ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен
салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер
меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарга деген жалпы
қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы-несие
институттарда бұл арақатынас 40-55%-ды құрайды. Банктердің меншікті
қаражаттарының мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты.
Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты
тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және
мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады;
екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу
қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге
қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді;
үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін
болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау
мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген
қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті капиталды қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің
басталуы алдындағы міндетті саты болып табылады. Меншікті капитал - бұл
бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің
бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде
де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге (ғимараттар,
құрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында:
резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін
дамыту қоры есепке алынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның
несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен
байланысты: тұрғындардың қолма-қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі жайлы
Фирманың қаржылық ресурстары
Несиелік ресурстардың көздері
Банктегі несие жүйесі
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Кәсіпорынның капиталының көздерінің құрылымы
Коммерциялық банк операциялары
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
Пәндер