Емдік дене шынықтыру жалпы негіздері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (ЕДШ)

ЕДШ орындарын ұйымдастыру

2. ЕДШ. Кіріспе жаттығулары

3. Ішкі ағзалар ауруларында емдік денешынықтыруды қолдану

4. Буын аурулары мен тірек- қимыл аппаратының деформациясы кезіндегі ЕДШ

5. Ас қорыту ағзалары ауруларындағы ЕДШ-ды қолдану

6. Жүйке жүйесі ауруларындағы ЕДШ

7. Шеткері (перифериялық) нерв жүйесі ауруларындағы ЕДШ

8. Бел радикулитіндегі Е. Г. (емдік гимнастика)

9. Хирургиялық ауруларда ЕДШ-ды қолдану

10. Жүрекке және өкпеге ота жасағаннан кейінгі ЕДШ

11. Жүрек қан тамыры жүйесінде аурулары бар науқастарға ЕДШ

12. Тыныс жолдары ауруларындағы ЕДШ

13. Зат алмасудың бұзылуы кезіндегі ЕДШ

14. Медициналық бақылау негіздері

15. Акушерлік пен гинекологияда ЕДШ қолдану

16. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі жаттығулар

17. Балалар тәрбиесіндегі емдік дене шынықтыру

18. Рахит ауруындағы ЕДШ қолдану

Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (ЕДШ)

ЕДШ орындарын ұйымдастыру.

Емдік денешынықтыру және медициналық бақылау пәнінің оқыту мақсаты дені сау және ауру адамдарға денешынықтыру шараларының әсерінің механизімін білу негізінде, жаттығу әдістерін қалпына келтіру және емдеудің барлық кезеңдерінде қолдану. Сонымен қатар спортпен және денешынықтырумен шұғылданған кезде денсаулықтың қалпына дәрігерлік бақылау жасау.

Емдік гимнастика - қазіргі кезде көп тараған емдеу әдістерінің түрлерінің бірі. Ерте кездерде бойдағы дерттен арылу үшін, адам табиғиттың сыйы- суды, жарық сәулені, әр-түрлі қимыл қозғалысты пайдаланған. Денешынықтыру ХVІ-ХVІІ ғасырларда емдік бағытта қолдана бастады. Бұл кездерде Ресейде қозғалыс пен жылуды қатар беру арқылы (травматалогияда) қолданды. ХVІІІ ғасырдың аяғында көптеген ғалымдар аурудың алдын алу бағытында дамыту жолында еңбек етті. ( М. В. Ломоносов, А. П. Протасов) 1923-1924 жылы емдік денешынықтыру шынығу орындарында ( профилактория, санатория, курорт) -ға енгізілді. 1926 жылы И. М. Саркизов-Серазини емдік денешынықтыру кафедрасын ашты. Осы жерде үлкен дайындықтан өткен алғашқы докторлармен кандидаттар (В. Н. Машков, Д. А. Винокуров) болды. Сол кездегі бірінші денсаулық сақтау Халық комитеті Н . А. Семашконың бағыт бағдар беруімен отызыншы жылдың басында ЕДШ бөлімдерімен бөлмелері ашылды.

ЕДШ-дың медицина саласында денсаулықты қалпына келтіруде, аурудың алдын алуда, мүгедекті азайтдға үлкен маңызы бар. ЕДШ - бұл ағзаның биологиялық қасиеті қозғалысты қолдану тәсілі. Қозғалыс негізінен ағзалардың қалыптасуын, жетілуін реттейді. Денешынықтырудың биологиялық маңызы адамның іс- қимылын және жұмыс қабілетін арттыру. Дене жаттығулары- емдік гимнастиканың басты құралы. Ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланыста болғандықтан жоғары нерв жүйесі (ми қыртысы) қадағалып жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл- қозғалыстың тапшылығы (гиподинамия) әр түрлі ауруға әкеп соқтырады.

Емдік гимнастиканың 4 механизімі бар .

  1. денені әлдендіру (сергіту)
  2. қоректендіру
  3. орнын толтыру
  4. біріңғайлау немесе қалпына келтіру
  1. Әлдендіру механизмі:нерв жүйесіндегі тежеу мен қоздыру процесін өзгертіп орталық күштің жұмысын реттейді. Басшылық қызметі артып ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуды үдетеді. Бұлшық ет пен ағза арасындағы байланыс туады. Үлкен бұлшық ет көп қозғалса, әлдендіру көбірек болады.
  2. Қоректендіру механизмі:буын қимылдарынан денедегі зат алмасу, қышқылдану- тотығу, қайта түлеу, қалпына келу процестері жүреді. Қан айналымы үдеп, лимфа айналымы жақсарады да қоректік затпен толығып ауырған жер тез жазыла бастайды.
  3. Орнын толтыру механизмі:жаттығулар арқылы аурудың салдарынан солып қалған мүшелерді, бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Бұлшық еттерді шынықтыру арқылы науқастың әр түрлі қимылдар жасауына көмектеседі.
  4. Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі:ағзаның анатомиялық құрылысы қалпына келгенмен, мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Сондықтан функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін аурудан кейін жаттығулармен айналысу қажет. Сонда ғана жоғарғы нерв жүйесінің басқару қызметі басқа ағзалармен байланысқа түсіп, науқас ауруынан айығады.

Емдік гимнастиканың тәсілдері : бұл тәсілдерге жаттығулар жиынтығы және табиғат факторлары (ауа, су, күн сәулесі) жатады.

  1. Жаттығулар жиынтығына: гимнастикалық, спорттық, қолданбалы ойын түрлері. 1) гимнастикалық жаттығулар- аяқ, қол, дене бұлшық еттеріне арнап ( снарядпен және жаттығу құралдарымен ) жасалады.
  2. Қолданбалы спорттық жаттығулар: жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жорғалау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, қайықта ескек есу, тұрмыстық еңбек т. б. жатады.

Табиғат факторлары: ауа, күн сәулесі, су адам денесінің ауруға қарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға да үлкенге де, кішіге де пайдалы. Тек мөлшермен қолданған жөн.

Қоршаған ортадағы төменгі және жоғарғы температурадағы ауа және су, қысымдағы жаттығудың табиғи әдістері шынығу деп аталады.

Күн қызуымен шынығу: күнге дұрыс қыздырына білсе ағзаның жұмыс қабілеті артып, зат алмасуын жақсартады. Күнді артық пайдалану асқынуларға әкеліп соқтырады. Қан аздыққа, зат алмасудың бұзылуы, лейкемияға ұшыратады. Шынығуды жазда (сағ 8ºº-11ºº-ге дейін) көктем, күзде (11ºº-14ºº-ге дейін) жел соқпайтын жерде жасайды. Дені сау адам 10-20 минутттан бастап 5-10 минут қосып 2-3 сағатқа жеткізуге болады. Әрбір 1 сағат сайын көлеңкеде 15 минут дем алады.

Ауамен шынығу: ағзаның суыққа төзімділігін арттырып, суықтан болатын аурулардан қорғайды (сақтайды) . Тыныс алу, зат алмасу. Жүрек қан тамыр жұмысы жақсарады. Шынығуды жылы күндері желден қорғалған жерде қозғалу жаттығулары арқылы жасауға болады.

Ұзақтығы адам денсаулығына және температура мен ауа ылғалдығына да байланысты.

Сумен шынығу: суға шомылу немесе үстіне су құю жаттығу жасаумен бірге салқын суда массажбен жасалады. Бірақ салқын суда ұзақ уақыт тұру терідегі қан айналысын нашарлатады, тарылтады, жылуды жоғалтады. Жылу беру жетіспейді, сондықтан ағзалардың қызметі бұзылады. Ысқылау : шынығудың жұмсақ түрі. Әуелі бөлме температурасында кейін судың температурасын түсіріп 2-3 аптада 10-12 С-ге жеткізеді. Қалыптасқан соң шомылуға немесе душқа түседі.

ЕДШ-лар бөлмелерде, алаңдарда, аурухана, тынығу орындарында, (санатория, курорт) және үй жағдайларында қолданылады. Жаттығулар адамның бүкіл денесіне немесе жеке ағзаларына арнап жасалады., және арнайы жаттығу құралдары арқылы жасалады. Үлкендер мен балаларға жатығу әсерлері бірдей болады. ЕДШ бөлмесін ұйымдастыру үшін үлкен бөлме (зал) қажет. Арнайы жаттығу құралдары және науқастарға арналатын карта ( Ф-№024 у) ДШ картасы Ф(061у) болулары керек .

Көрсетілімдері: ағзаның жұмыс қабілеті әлсірегенде немесе жоғалғанда, асқынулар кезінде, түйнемелерді тарқату үшін.

Қарсы көрсетілімі: ауыр жағдайдағы науқастарға, жүйке ауруларында, аурудың жедел қабынуында жүрек қан айналысының жетіспеушілігі, тахикардия 100у. Брадикардия (50-ден төмен) жүрек түйнемесі. ЭКТ дұрыс болмаса, гипертензия, (220/120), гипотензия(90/50), қан кетуі, тромбоэмболия, анемия, эритроцид 2, 5-3 млн-ға дейін, СОЭ(ЕТЖ) -20-25 мм/г асса, лейкоцит өте көп жағдайда.

ЕДШ. Кіріспе жаттығулары;

1. Тұрған қалыпта, аяқты қосып, қолды иыққа қоямыз. Қолды жоғары созғанда оң аяқты артқа жіберіп, басты шалқайтып- тыныс алу. Қалыпқа келгенде тыныс шығару. Келесіде сол аяққа қайталау. Қайталау 6-8 рет.

2. Т. Қ. аяқты қосып, қолды екі жанға созамыз. Отырғанда қолды төмен түсіріп тізеге қойып - тыныс шығару. Қалыпқа келгенде - тыныс шығару. Баяу және орташа жылдамдықпен жасалады. Қайталау 6-8 рет.

3. Шалқалап жатқан қалыпта, қолды бүйірге қойып аяқты тізе және банбас буыннан бүгу. Аяқты түзетіп жанына қарай созу, түсіргенде аяқты түзу ұстап қосу. Тыныс алу бір қалыпты. Қозғалыс орташа. Қайталау 6-8/ рет.

4. Тұрған қалыпта аяқты қосып, оң аяқты алға қарай бүгіп, қолды жанына созу. Қалыпқа келіп сол аяққа қайталау. Қозғалыс орташа. Тыныс алу бір қалыпты. Әр аяққа 6-8 рет қайталау.

5. Тұрған қалыпта, қолды шынтақ буыннан аздап бүгіп, жұдырықты жұмып ұстау. Қолды жазбай кезекпен бір қолды алға сосын жоғары көтеріп, екінші қолды артқа және төмен жіберу. Қозғалыспен бірге аздап ирелеңдеп отырып тұру. Қозғалыс орташа. Тыныс алу қалыпты. Қайталау 6-8 рет.

6. Тұрған қалыпта аяқ иық деңгейінде. Екі қолды төбеге қойып, оңға иілгенде тыныс алып, солға иілгенде тыныс шығару. Аяқты бүгуге болмайды . Қозғалыс бір қалыпты баяу асықпай тоқтаусыз жасалады . Қайталау 6-8 рет .

7. Тұрған қалыпта аяқты қосып, оң аяқты аздап бүгіп, сол аяқты артқа көтеріп екі қолды жанға созамыз. Қалыпқа келіп оң аяққа жасау. Денені аздап алға еңкейтеміз. Тыныс алу қалыпты. Әр аяққа 6-8 рет қайталау.

8. Аяқты бірге ұстап, қолды мықынға қойып, секіріп аяқтың арасын ашу, секіріп аяқты қосу . Орташа жылдамдықпен бастап күшейтуге болады. Бір қалыпты терең тыныс алу. Қайталау 6-8 рет.

9. Бөлме ішінде жүру, тыныс алу . Қалыпқа келгенше жүрісті біртіндеп бәсеңдету.

10. Т. Қ. қол денемен бірге аяқты түзу ұстап, екі қолды айқастырып алға қарай созып аяқтың ұшына, көтеріліп керіліп тыныс алу. Қалыпқа келіп тыныс шығару. Қайталау 4-5 рет.

11. Т. Қ. бір қолды жоғары көтеріп, бір қолды төмен жібереміз. Әрсанағанда қолды кезекпен баяу ауыстырамыз . Тыныс алу бір қалыпты . Қайталау 4-5 рет.

12. Тұрған қалыпта орындықтың арқасынан ұстап немесе қолды бүйірге қойып, әр санағанда аяқты кезекпен алға, артқа сермеу. Тыныс алу қалыпты. Әр аяққа 4-5 рет қайталау.

13. Т. Қ . қолды белге қойып, Аяқты иық деңгейінде ұстап, алға еңкейгенде тыныс шығару, қалыпқа келгенде тыныс алу. Қайталау 4-5 рет.

14. Т. Қ. қол кеуде тұсында, аяқ иық деңгейінде. Денемен оңға солға бұрылу. Тыныс алу қалыпты. 8-10 рет қайталау.

15. Т. Қ. қол денемен бірге, аяқ арасы қалыпты. Отырып тұру кезінде бір қолды желкеге, бір қолды бүйірге қойып кезектестіре отырып жасау. 6-8 рет қайталау.

16. Т. Қ. қолды бүйірге қойып, аяқты түзу ұстап, тыныс алу жаттығуларын жасау. Шынтақты артқа жіберіп, аяқтың ұшына көтеріліп терең тыныс алу. Қалыпқа келгенде толық тыныс шығару. Қайталау 8-10 рет.

Ішкі ағзалар ауруларында емдік денешынықтыруды

қолдану .

Басқа індеттерге қарағанда ішкі ағзалардың ауруы жиі кездеседі. Оларды жүрек қан тамырлары, өкпе тыныс жолдары, ішек қарын, бауыр-өт жолдары, зат алмасу ауруларына бөледі. Ауру жедел, жәй, созылмалы түрде өтеді.

Адам организмі біртұтас дүние екенін ежелден білеміз, сондықтан бір мүше сырқатқа шалдықса, басқа ағзаларға да кері әсерін тигізуі ықтимал. Бір жер ауырса, адамның тұла бойын зіл басып, әлсіздік, селқостық, жұмысқа деген ықылас азайып, немқұрайдылық пайда болады.

Осыған байланысты тек бір ауруды ғана емес, бүкіл организмді, адамды толық емдейді. Сол үшін бірден күрделі емдеу әдісін қолданады. Оған дәрі - дәрмек, тоқпен емдеу, балшықпен емдеу, ине, массаж, хирургиялық операциялар және емдік гимнастика жатады.

Емдік гимнастика өзінің әлдендіретін (сергітетін) механизмі арқылы адамға күш жігер беріп, көңіл - күйін көтереді. Бұл адам ауыр жараланғанд, қатты науқастанғанда, қайғыға душар болып өзінен-өзі түңілген кезде өте пайдалы.

Ішкі ағзалар ауруында емдік гимнастиканың қоректендіру механизмі де маңызды роль атқарады. Қимыл - қозғалыс ауру салдарынан туған кемтікті толтырып, қан айналымын жақсартып, зат алмасуын күшейтеді. Соның нәтижесінде организм қалпына келеді. Адамның қызметке деген қабілеті артып, ширақтық пайда болады.

ЕДШ жаттығулары әр аурудың немесе ағзалардың ерекшеліктеріне байланысты қолданылады. Тыныс алу жүйелерінде тыныс жолдарының ауа айналысын жақсартуға, қан айналысын, зат алмасуын жақсартуға, тыныс жолдары бұлшық еттерін нығайтуға, плевра қуысына жиналған сұйықтықтарды тарқатуға бағытталады. Ас қорыту ағзаларында емдік жаттығулар іш қысымын азайтып ағзалардың қызметін жақсартуға, маторлық секреторлық функциясын қалыпқа түсіруге арналады. ЕДШ науқастардың ауырсынулары басылып дене қызуы және қан анализдері қалыпты жағдайға жеткенде жасалады. Жүрек қан тамыры жүйелерінде ЕДШ науқастардың қан айналысын жақсартып, қалыпқа түсіруге, өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталады.

Жаттығу кезінде қан қысымы артып, тамыр соққысы жиілеп, қан айналымы ұлғаяды. Сондықтан АД, РS өлшеп, қадағалап отыру қажет. Е. Г. баяу үзіліс жасап, тыныс алу жаттығуларымен алмастырып отырады. Зат алмасу жүйелері араларында комплекстік емдеуде ЕДШ -ң маңызы зор. ЕДШ-ң өзіндік әдістері бар. Қант диабетінде жаттығуды науқастың жағдайына қарап, бақылап отырып тағайындалады. Қандағы қанттың құрамын, зәрдегі құрамын қадағалап отырып жасайды. ЕДШ-ң әсері зат алмасуды реттеу, қан айналысын жақсарту және жүрек тамыр жүйесі, тыныс алу, ас қорыту жүйелері ағзаларының жұмысын арттыруға арналады.

Ішкі ағзалар ауруларындағы ЕДШ.

1. Терең тыныс алып демді созып шығару арқылы 3-4 минут бөлмеде жүру.

2. Аяқты иық деңгейіне қойып тұрып екі қолды жоғары көтергенде тыныс алып, қолдарды төмен түсіргенде тыныс шығару. Қайталау 4-6 рет.

3. Аяқты иық деңгейіне қойып, екі қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстап жаннына қарай жазғанда тыныс алып, қалыпқа келгенде тыныс шығару. Қайталау 4-8 рет.

4. Екі аяқты алшақ ұстап бір қолды белге, бір қолды жоғары көтеріп, оңға, солға кезекпен йілу. Қайталау 4-8 рет.

5. Аяқтың арасын алшақ қойып, екі қолды бүйірге таяп, белді айналдыру (оңға, солға) . Қайталау 4-6 рет.

6. Екі қолды жоғары көтеріп тұрып оң аяқты артқа созу, осылай сол жағына қайталау. 4-6 рет.

7. Аяқты иық көлемінде қойып екі қолды алға созып ұстап, жартылай отырып тұру. Қайталау 4-6 рет.

8. Екі аяқтың арасын алшақ ұстап екі қолды жоғары көтеріп қосып ұстап, төмен тастап жіберу. (отын шабу) .

9. Екі қолды жоғары көтеріп тізені кезек-кезек бүгу.

10. Жүріп терең тыныс алып шығару. Бөлме ішінде айналып жүру.

11. Аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру. 2-3 мин.

12. Қолды денемен түзу ұстап, оңға йілгенде оң қолды денеден ажыратпай төмен қарай, сол қолды жоғары қарай қолтыққа дейін апару. Қайталау 4-8 рет.

Гимнастикалық таяқшамен жаттығу жасау .

1. Аяқты иық деңгейіне қойып, таяқшаны екі басынан ұстап жоғары көтергенде тыныс алып, түсіргенде демді шығару. Қайталау 6-8 рет.

2. Аяқты иық деңгейіне қойып, таяқшаны кеуде тұсында ұстап, екі қолды алға созғанда тыныс алып, қалпына келгенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.

3. Таяқшаны ұстап жоғары көтергенде тыныс алып, ал алға еңкейгенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.

4. Таяқшаны жоғары ұстап, оңға және солға иілу, жоғары ұстағанда тыныс алып, иілгенде тыныс шығару. Иілгенде бір аяқты алға созу. Қайталау 6-8 рет

5. Таяқшаны жоғары ұстап тұрып, бір аяқты артқа қойып, екі қолды таяқшамен артқа керу. Қайталау 6-8 рет.

6. Таяқшаны алға ұстап тұрып, қолды оңға, солға, айналдыру. Қайталау 6-8 рет.

7. Таяқшаны алға ұстап, алға және артқа қарай дөңгеленте айналдыру. 6-8 рет.

8. Таяқшаны алға ұстап тұрып, оң тізені бүгу сосын сол тізені бүгу. 6-8 рет.

9. Таяқшаны алға созып тұрып, жартылай отырып тұру. Қайталау 6-8 рет.

10. Еңкейіп тұрып таяқты кеудеге тартып дем алу, төмен түсіргенде дем шығару. (насос) . Қайталау 4-6 рет.

11. Аяқты иық деңгейіне ұстап, қолды алға созып денемен бірге оңға, солға бұру. Қайталау 4-6 рет.

12. Таяқшаны еңкейіп ұстап тұрып, денемен бірге оңға және солға көтеру. Жоғары көтергенде тыныс алып, түсіргенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.

13. Таяқшаны жоғары көтергенде тыныс алып, төмен түсіргенде тыныс шығару. Қайталау 4-6 рет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясының негіздері
Дене шынықтыру сабағында дәрігерлік-педагогикалық бақылау
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Спорттық жүзудің маңызы
Дене шынықтыру гигиенасының негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін гимнастиканың маңызы
Қан айналымы аурулары
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz