Жүйке жүйесі туралы түсінік


Жүйке жүйесі туралы түсінік.
Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке жүйесінің жіктелуі.
Жүйке жүйесінің негізгі қызметі біртұтас ағза құрайтын жүйелер мен аппараттардың қызметін басқарып ағзаны сыртқы ортамен байланыстыру. Орыстың ұлы физиолог ғалымы И. П. Павлов «жүйке жүйесінің қызметі бір жағынан ағзаның барлық бөліктерінің жұмысын біріктіруге, екінші жағынан ағзаны сыртқы ортамен байланыстыруға, яғни тепе-теңдікті сақтауға бағытталған» деп жазды. Жүйке және жүйке талшықтары барлық мүшелер мен тіндерге еніп, тармақталады, олардың рецепторлық (сезімтал) және эффекторлық (қозғалтқыш және секреторлық) бөліктері арқылы орталық жүйке жүйесімен (ми және жұлын) байланысып біртұтастықты құрайды.
Жүйке жүйесі қимыл-қозғалысты, асқорытуды, тыныс алуды, зәр шығаруды, қанайналымды, лимфаайналымды, зат алмасуды реттейді
Жүйке жүйесінің функциональдық-құрылымдық бірлігі нейрон (жүйке жасушасы, нейроцит) болып табылады. Нейрон денесінен және екі өсіндіден тұрады. Нейрон денесіне импульс әкелетін өсінді дендрит , нейрон денесінен жүйке импульсын басқа жүйке жасушасына немесе жұмысшы мүшеге жеткізетін өсінді аксон деп аталады (нейрит) . Жүйке жүйесіндегі нейрондар бір-бірімен байланысып, жүйке импульсын өткізетін тізбек құрайды. Жүйке импульсы бір нейроннан екінші нейронға ерекше құрылым нейронаралық синапс арқылы жүзеге асады.
Морфофункциональдық қасиетіне байланысты нейрондар 3 түрге бөлінеді: І . Сезімтал, рецепторлық немесе афферентті нейрондар. Бұл нейрондардың денесі шеткі жүйке жүйесінде орналасады. Нейрон өсінділері белгілі бір мүшеге бағытталып, осы жерде рецептормен аяқталады, екігші өсіндісі орталық жүйке жүйесіне бағытталады. Орналасуына байланысты рецептор түрлері:1. экстероцепторлар қозуды сыртқы ортадан қабылдайды, бұл рецепторлар теріде, кілегей қабықта, сезім мүшелерінде орналасады.
2. Интероцепторлар ағзаның ішкі ортасының химиялық құрамының және тіндерде, мүшелерде қысымның өзгерісін қабылдайды.
3. Проприоцепторлар- бұл еттен, сіңірден, байламнан, шандырдан, буын капсуласынан қозуды қабылдайды.
ІІ. Ассоциативті немесе қондукторлы нейрон афферентті нейроннан қозуды эфферентті нейронға өткізеді. Бұл нейрондар орталық жүйке жүйесінде орналасады.
ІІІ . Эффекторлы, эфферентті нейрон. Бұл нейрондардың денесі орталық жүйесінде орналасады, аксондары жұмысшы мүшеге бағытталады.
И. М. Сеченовтің айтуы бойынша жүйке жүйесінің қызметінің рефлекторлық қасиеті бар. Рефлекс -ағзаның орталық жүйке жүйесі арқылы сыртқы және ішкі қоздырғыш күштерге жауап беру реакциясы. Адам ағзасы сыртқы ортамен тікелей байланысты. Рефлекс И. П. Павлов ілімі бойынша шартты
және шартсыз деп бөлінеді. Тұрақты, туа пайда болған және оның құрылымына әлеуметтік жағдай әсер етпейтін рефлекс түрін шартсыз деп атайды. Шартты, жүре яғни ағзаның тіршілігі нәтижесіндесыртқы ортамен байланысынан пайда болатын рефлекс. Импульстың жүріп өтетін жолы рефлекторлық доға деп аталады. Ол жүйке жасушаларының тізбегі, құрамына афферентті және эфферентті жүйкелер кіреді. Схема түрінде рефлекторлық доғаның құрамы:рецептор→сезімтал жүйке→орталық жүйке жүйесі (ми, жұлын) →қозғаушы жүйке→орындаушы мүше. И. П. Павлов ағза тіршілігінің негізі рефлекторлық қызмет екендігін толық дәлелдеді.
Рефлекторлық доға жүйке жасушаларының тізбегі, оның құрамына афферентті және эфферентті нейрондар кіреді. Афферентті және әфферентті нейрондар арасында ассоциативті нейрондар орналасады.
Адамның жүйке жүйесі топографиялық орналасуына байланысты орталық және перифериялық болып 2-ге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне: жұлын және ми жатады. Жұлын мен ми ақ және сұр заттан түзілген. Сұр зат жүйке жасушаларының жиынтығы. Ақ зат-жүйке талшықтары, (жүйке жасушаларының өсінділері) миелинді қабығы бар, жүйке талшықтары мен жүйке жасушаларының өсінділері. Жүйке талшықтары өткізгіштік қызмет атқарады, орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерін байланыстырады, әртүрлі ядроларды бір-бірімен байланыстырады. Шеткі жүйке жүйесіне жұлын және бас ми жүйкелерінің тармақтары, өрімдері, түйіндері құрайды.
Анатомиялық-функциональдық жіктелуге байланысты жүйке жүйесі:
1. соматикалық
2. вегетативті немесе автономды болып бөлінеді.
Соматикалық жүйке жүйесі денені - соманы жүйкелендіреді, теріні, қаңқа бұлшық етін. Жүйке жүйесінің бұл бөлігі ағза мен сыртқы орта арасындағы
Байланысты тері және сезім мүшелері арқылы жүзеге асырады.
Вегетативті жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, бездерді, мүшелердің, терінің, қан тамырының, жүректің бұлшық етін жүйкелендіреді, барлық мүшелер мен тіндердегі зат алмасу процесін реттейді. Вегетативті жүйке жүйесі:парасимпатикалық, симпатикалық болып бөлінеді. Әрбір бөлік орталық және перифериялық болып бөлінеді.
Жұлын құрылысы және қызметі.
Жұлын medulla spinalis сыртқы пішіні цилиндр тәрізді, алдынан артына қарай қысыңқы, сондықтан көлденең диаметрі алды артынан кем.
Жұлын омыртқа каналында орналасқан, үлкен шүйде тесігінің тұсында миға жалғасады, төменгі шекарасы І-ІІ бел омыртқасына сәйкес келеді, әрі қарай терминальды жіпшеге жалғасады. Терминальды жіпшелердің filium terminale жоғарғы бөліктерінде жүйке тіні болады, ІІ сегізкөз омыртқасының тұсында жіпше дәнекер тінді құрылымға жалғасады. Жіпшелер ұзындығы 15 см. сыртқы бөлігі 8 см. Ересек адамда жұлын ұзындығы 43 см (ер. 45 см, әйел 41-42 см) салмағы 34-38 г.
Жұлынның мойын және бел-сегізкөз бөлігінде екі буылтық болады. Буылтықтан шыққан жұлын жүйкелері қолды және аяқты жүйкелендіреді. Жұлынның бұл бөліктерінде жүйке жасушалары мен талшықтары көп болады.
Алдыңғы бетінде алдыңғы ортаңғы сай, артында артқы ортаңғы сай бар. Осы сайлар арқылы жұлын екі симметриялы бөлікке бөледі. Алдыңғы бетінде ортаңғы сайдың екі жанында алдыңғы латеральды сай өтеді, артқы бетінде артқы латеральды сай өтеді.
Алдыңғы түбіртек radix ventralis қозғалтқыш жүйке жасушаларының өсінділерінен түзілген, жасушалар жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізшесінде орналасқан. Артқы түбіртек -radix dorsalis псевдоуниполярлы жасушалардың жұлынға енетін орталық өсінділерінен түзілген.
Алдыңғы және артқы түбіртектің қосылуынан жұлын ми жүйкесі пайда болады. Жұлыннан 31 жұп түбіртек шығады. Алдыңғы және артқы түбіртек қосылуынан 31 жұп жұлын ми жүйкесі пайда болады. Екі жұп түбіртекке сәйкес келетін жұлын кесіндісі сегмент деп аталады. 31 жұп жұлын ми жүйкесіне сәйкес 31 сегмент бар. 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ сегменті болады. Мойын сегменті С і - С үііі , кеуде Th i - Th хіі , J і - J ү , сегізкөз S і - S ү , құйымшақ Соі.
Жұлын жүйке жасушаларынан және талшықтан түзілген, көлденең кесіндісінде «Н» әрпі тәрізді. Сұр заттың ортасында орталық қанал орналасқан canalis centralis, ол жерде жұлын ми сұйықтығы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz