Ми қабықтары Перифериялық жүйке жүйесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

1. Ми қабықтары.

2. Мидың қатты қабығының өсінділері мен

қойнаулары.

3. Мидың қандануы

4. Торлы қабық

5. Перифериялық жүйке жүйесі.

6. 12 жұп бас ми жүйкелері

7. 31 жұп жұлын жүйкелері өрімдері

Ми қабықтары. Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары.

Мидың қандануы.

Бас мидың 3 қабығы бар:Ми қабықтары дәнекер тінді (қабықтардан) жапырақшалардан түзілген, үлкен шүйде тесігінің тұсында жұлынның қабығына жалғасады. Сыртқы қатты қабық, ортаңғы торлы қабық ішкі мимен бірігіп орналасқан жұмсақ (тамырлы) қабық деп аталады.

Мидың қатты қабығы dura mater тығыз, мықты және құрамында коллагенді және эластикалық талшықтан тұрады. Қатты қабық ми сауытының сүйектерімен тығыз байланыспайды. Ми сауыты негізінде қатты қабық сүйекке жақсы бекиді, әсіресе сүйектер бір-бірімен байланысатын жерлерде және бас ми жүйкелері ми сауытынан шығатын тесіктер тұсында.

Қатты қабық кейбір жерлерінде екі жапырақшаға бөлінеді, ішкі жапырақшалары ойыстар жасайды, осы жерлерде қатты қабық қойнаулары пайда болады. Қойнауларда веналық қан орналасады, мидан вена тамырлары арқылы келеді. Қатты қабықтың ең ірі өсіндісі үлкен мидың орағы. Үлкен ми орағы сүйелді денеге дейін орналасып ми сыңарларын бөліп тұрады. Ми орағының негізінде жоғарғы сагитальды қойнау, бос бөлігінде төменгі сагитальды қойнау орналасады.

Мишық шатыры мишықты ми сыңарларынан бөліп тұрады. Мишық орағы екі мишық сыңарларының арасында орналасқан. Ершік диафрагмасы көлденең орналасады. диафрагма астында гипофиз безі орналасады. Диафрагмада орналасқан тесік арқылы гипоталамуспен байланысады.

Қатты ми қабығының қойнаулары.

Қатты қабықтың екі жапырақшаға бөлінуінің нәтижесінде қойнаулар пайда болады, қойнаулардағы веналық қан ішкі мойындырық венасына құйылады.

Қойнау түрлері:

1. Жоғарғы сагитальды қойнау тор сүйегінің әтеш айдарынан шүйде сүйегінің ішкі дөңесіне дейін созылып жатады. Алдыңғы бөлігі мұрын қуысының венасымен анастомоз жасайды, артқы бөлігі көлденең қойнауға қосылады.

2. Төменгі сагитальды қойнау жоғарғы қойнау жоғарғы қойнаудан кіші, орақтан төмен жатады. Артқы бөлігі тік қайнауға қосылады.

3. Тік қойнау-осы қайнауға үлкен ми венасы қосылады, артқы бөлігі көлденең қойнауға қосылады.

4. Көлденең қойнау-жоғарғы сагитальды, шүйде және тік қойнаулардың қосылатын орны қойнаулар қосылысы деп аталады Көлденең қойнау сигма тәрізді қойнауға қосылады.

5. Шүйде қойнауы мишық орағының астында орналасады. Үлкен шүйде тесігінің тұсында екіге бөлініп сигма тәрізді қойнауға қосылады.

6. Сигма тәрізді қойнау жұп S - тәрізді пішінді. Мойындырық тесігінің тұсында ішкі мойындырық венасына қосылады.

7. Үңгірлі қойнау ми сауытының негізінде түрік ершігінің бүйірінде орналасады.

8. Сына - төбе қойнауы жұп, сына сүйегінің кіші қанаты тұсында орналасады.

9. Жоғарғы және төменгі тас қойнауы жұп самай сүйегі пирамидасының жоғарғы және төменгі жиегінде орналасады. Шүйде сүйегінің негізінің тұсында майда веналармен байланысады базиллярлы өрім түзіледі. Қатты қабық қойнаулары бастың сыртқы веналарымен эмиссар веналары арқылы байланысады, диплоэлалық веналар арқылы бас сүйегінің беткей веналарымен байланысады.

Торлы қабық - arachnoidea encephali жұқа, мөлдір қабық. Жұмсақ қабық торлы қабық асты кеңістік арқылы бөлініп тұрады, бұл кеңістікке жұлын ми сұйықтығы бар. Торлы қабық асты кеңістік және кең ми сайларының тұсында әртүрлі көлемді торлы қабық асты цистерна пайда болады.

Ірі цистерналар:

1. Мишық - ми цистернасы- сопақша ми мен мишық арасында орналасқан.

2. Үлкен мидың латеральды ойысының цистернасы үлкен ми сыңарларының бүйір ойыстарында орналасқан.

3. Қиылысу цистернасы - көру қиылысының алдында орналасауы.

4. Аяқшалар арасындағы цистерна артқы тесікті зат астында орналасады. Торлы қабық асты кеңістік үлкен шүйде тесігі тұсында жұлынның торлы қабық асты кеңістігімен жалғасады. Жұлын ми сұйықтығы ми қарыншаларының тамырлы өрімінде пайда болады. Бүйір қарыншалардың оң және сол қарынша аралық тесік арқылы жұлын ми сұйықтығы ІІІ қарыншаға, суағар арқылы ІҮ қарыншаға өтеді. Қатты қабық қойнаулары тұсында торлы қабықтан өсінділер-торлы қабық грануляциялары пайда болады. Бұл өсінділер веналық қойнауларға ашылады. Грануляциялар жұлын ми сұйықтығын веналық жүйемен байланыстырады.

Жұмсақ ми қабықтары pia mater encephali ең ішкі ми қабығы. Мидың сыртқы бетіне тығыз жанасып орналасады. Болбыр дәнекер тінінен түзілген, қан тамырларына өте бай. Жұқа ми қабығы кейбір жерлерде ми қарыншаларына өтіп, тамырлы өрім құрайды, өрімде жұлын ми сұйықтығы пайда болады.

Перифериялық жүйке жүйесі.

12 жұп бас ми жүйкелері .

Перифериялық жүйке жүйесі бас ми мен жұлыннан бөлек жататын жүйке жүйесінің бір бөлігі. Орталық жүйке жүйесі перифериялық жүйке жүйесі арқылы барлық жүйелерді, аппараттарды, мүшелер мен тіндерді жүйкелендіреді. Перифериялық жүйке жүйесіне (sistema nervosum periphericus) ми және жұлын жүйкелері, ми мен жұлын жүйкелерінің сезімтал түйіндері және вегетативтік жүйке жүйесі жатады. Жүйке жасушаларының өсінділерінен жүйке талшықтарының шоғыры түзіледі, бұл жүйкелердің денесі ми мен жұлынды және шеткі жүйкелердің түйінінде орналасады. Жүйке және оның талшықтары, болбыр дәнекер тінімен-эпиневрит қоршалған, ол коллаген, эластикалық талшықтан түзілген эпиневриде май жасушалары, қан және лимфа тамырлары мен жүйкеге бай. Эпиневрий жүйке талшықтарының шоғыры орналасады, ол периневрий қабығымен қоршалған. Әрбір жүйке талшығы дәнекер тінінен тұратын эндонвриймен қоршалған. Жүйкелер ұзындығы, жуандығы бойынша әркелкі болады. Ұзын жүйкелер қол-аяқта орналасады. Ең ұзын ми жүйкесі Х жұп кезбе жүйкесі. Үлкен диаметрлі жүйке

жүйке діңгегі, олардан шығатын жүйкелер тармақтар деп аталады. Жүйке қан тамырларымен жақсы жабдықталған. Шеткі жүйке жүйесін түзетін жүйке талшықтары орталыққа бағытталған және орталықтан бағытталған болып 2-ге бөлінеді. Орталыққа бағытталған талшықтар жүйке импульсын орталық жүйке жүйесіне жеткізеді. Бұлар сезімтал (афферентті, әкелуші) талшықтар. Орталықтан бағытталған талшықтар орталық жүйке жүйесінен орындаушы мүшеге жеткізеді. Бұлар эфферентті талшықтар. Мүше құрылысына байланысты эфферентті жүйке талшықтары қозғаушы (бұлшық ет тінін), секреторлық (безді жүйкелендіреді) және трофикалық тіндегі зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Соматикалық талшықтар денені соманы, вегетативті ішкі мүшелер мен тамырларды жүйкелендіреді. Орталық жүйке жүйесінен таралатын орнына байланысты жүйке тармақтары бас ми craniales мидан басталады және жұлын ми spinales жұлыннан басталады. Тері (беткей) және бұлшық ет (терең) жүйкелері болып бөлінеді. Беткей жүйке талшықтары теріасты май қабатында орналасады, беткей ет талшықтары беткей бұлшық ет арасында орналасады. Тері жүйкелерінің жанында қан, лимфатамырлары болмайды, оның құрамында сезімтал жүйке талшықтары болады. Беткей ет талшықтары тамыр-жүйке шоғырының құрамына кіреді, оның құрамында қозғалтқыш, сезімтал және вегетативті жүйке талшықтары болады. Жүйке қозғалтқыш, сезімтал және аралас болып бөлінеді. Қозғаушы жүйке motorius жүйке жасушаларының денесі жұлынның алдыңғы мүйізшесінде және бас ми жүйкелерінің қозғалтқыш ядроларында орналасады. Сезімтал жүйке n. sensorius бас ми және жұлын жүйкелерінің сезімтал түйіндерінде орналасады. Адам денесіндегі жүйкенің көп бөлігі аралас жүйке болып табылады.

Аралас жүйке n. mixtus құрамында сезімтал және қозғаушы жүйке талшықтары. Вегетативті жүйке және тармақтары жұлынның бүйір мүйізшесінде орналасқан жүйке жасушаларының өсіндісінен және бас ми жүйкелерінен вегетативтік тармағынан түзіледі.

Бас ми жүйкелері.

Бас мидың сабақшасынан шығатын жүйкелер бас ми жүйкелері деп аталады. Адамда 12 жұп бас ми жүйкелері бар, олар рим цифрасымен белгіленеді.

Иіс сезу жүйкесі n. olfactori бас ми жүйкелерінің І жұбы. Мұрын қуысының кілегейлі қабағында иіс сезу аймағында орналасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен пайда болады. Жіңішке 15-20 иіс сезу жүйкелері тор сүйегінің тесігінен өтіп, иіс сезу жуашығына жалғасады.

Көру жүйкесі n. opticus (ІІ жұп) . Көз алмасының торлы қабығының соқыр дақ тұсынан басталады. Көру жүйкесінің каналы арқылы ми сауытына өтіп, ми негізінде қиылыс жасап-хиазма chiasma opticum әрі қарай көру жолына жалғасады. Көз қимыл жүйкесі ІІІ жұп n. oculomotorius аралас жүйке қозғалтқыш және вегетативті ядролардан басталады. Ми негізінен көпірдің алдыңғы жағынан шығып, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына өтеді. Жоғарғы тармақтары қозғалтқыш жүйке, жоғарғы қабақты көтеретін және жоғарғы тік бұлшық етті жүйкелендіреді. Төменгі тармағы-аралас, төменгі және медиальды тік бұлшық етті, төменгі қиғаш бұлшық етті жүйкелендіретін тармағы қозғалтқыш, ал вегетативті тармағы түйін алды парасимпатикалық талшықтан түзілген.

Шығыр жүйкесі ІҮ жұп n. trocchlearis қозғалтқыш жүйке ядролары орталық мида орналасқан көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы көз шарасына өтіп, көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшық етін жүйкелендіреді.

Үшкіл жүйке Ү n. trigeminus аралас жүйке. Қозғалтқыш ядролары көпірде, сезімтал талшықтары ортаңғы ми ядроларына бағытталады. Бет терісін, маңдай және самай бөлігін, мұрын қуысының кілегейлі қабығын, ауыз қуысын, шайнау бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Үшкіл жүйке ми негізіне 2 түбірмен шығады (сезімтал және қозғалтқыш) .

Самай сүйегінің пирамида бөлігінің алдында үшкіл түйін орналасады. Сол түйіннен 3 тармақ басталады.

1. қөру жүйкесі (І тармақ)

2. жоғарғы жақ (ІІ тармақ)

3. төменгі жақ (ІІІ тармақ)

Қозу жүйкесі n. optalmicus көз шарасына жоғарғы көз саңылауы арқылы өтіп: жас, маңдай және мұрын кірпік тармақтарына бөлінеді.

Жоғарғы жақ жүйкесі n. maxillaris үштік түйіннен басталады. Ми сауытынан дөңгелек тесік арқылы қанаттаңдай ойысына өтеді.

Тармақтары:1. көзасты жүйкесі n. infraorbitalis төменгі көз саңылауы арқылы өтіп көз шарасына кіреді. Көзасты каналы арқылы жоғарғы жақтың алдыңғы бетінде жатады.

2. Шықшыт жүйкесі n. zygomaticus көз шарасына төменгі көз саңылауы арқылы өтеді.

3. Түйін тармақтары сезімтал және вегетативті талшықтары бар.

Төменгі жақ жүйкесі n. mandibularis ми сауытынан сопақша тесік арқылы шығады, құрамында сезімтал және қозғалтқыш талшықтар бар. Қозғалтқыш тармақтары шайнау бұлшық еттеріне бағытталады. Сезімтал тармақтары:

А. минигеальды тармақ.

Б. бет жүйкесі

В. Құлақ-самай жүйкесі

Г. Тіл жүйкесі

Әкетуші жүйке n. abduceпus (ҮІ жұп) қозғалтқыш. Ми негізінен көпір мен сопақша ми арасынан шығады. Жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына өтеді. Көздің латеральды тік бұлшық етін жүйкелендіреді.

Бет жүйкесі n. facialis (ҮІІ) жұп 2 жүйкеден тұрады:меншікті бет жүйкесі қозғаушы жүйке талшықтарынан түзілген. Аралық жүйке n. intermedius сезімтал және вегетативті жүйке талшықтарынан түзілген. Бет жүйкесінің ядролары көпірде және сопақша мида орналасады.

Ми негізінен көпір артынан шығып, зәйтүн бүйірінен шығып бет жүйкесі аралық жүйкемен бірігіп және кіреберіс-ұлу жүйкесімен қосылып ішкі есту тесігіне кіреді. Самай сүйегінен біз емізікше тесігі арқылы шығады. Бет жүйкесінің тармақтары:

1. үлкен тас жүйкесі

2. дабыл пердесі

3. үзенгі жүйкесі.

Біземізікше тесігінен шыққанынан кейін қозғалтқыш тармақ береді, ол бұлшықеттерді жүйкелендіреді. Бет жүйкесі шықшыт безінің тұсында шықшыт өрімін түзеді. Өрім тармақтары :

1. самай тармағы

2. шықшыт тармағы

3. бет тармағы

4. төменгі жақтың жиек тармағы

5. мойын тармағы

Кіреберіс - ұлу жүйкесі n. vestibulo-cochlearis (ҮІІІ жұп) сезімтал жүйке талшықтарынан түзілген есту және тепе-теңдік мүшелерінен басталады.

Есту және тепе-теңдік жүйкесі ішкі есту жолына кіреді, кіреберіс және ұлу бөлігіне бөлінеді. Кіреберіс бөлігінің тармақтары:алдыңғы, артқы және латеральды жүйкелері, олардың рецепторлары ішкі құлақтың жарғақты лабиринтінде аяқталады. Ұлу бөлігі. Ұлу түйінінің нейрондарының орталық өсінділерінен түзіледі.

Тілтұтқыншақ жүйкесі n. glossopharyпgeus (ІХжұп) аралас жүйке құрамына сезімтал, қозғалтқыш секреторлық талшықтар кіреді. Тіл жұтқыншақ жүйкесі зәйтүн артынан шығып, мойындырық тесігіне бағытталады. Осы жерде жүйке жуандап, сезімтал жоғарғы түйін, шыққаннан кейін төменгі түйін пайда болады. Тіл түбірінде соңғы тіл тармақтарына бөлінеді. Кезбе жүйкесінің вегетативтік ядродан шығатын талшықтары негізгі бөлігін құрайды, мойын, кеуде, құрсақ қуысының мүшелерін жүйкелендіреді.

Кезбе жүйкесі арқылы өтетін импульс жүрек соғысының ритмін басады, тамырларды кеңейтеді, қан тамырларының қысымын реттейді, бронхыларды тарылтады, ішек сфинктерін босатады, асқорыту мүшелерінің секреторлық қызметін күшейтеді. Мойындырық тесігінің тұсында жоғарғы және төменгі түйін түзіледі.

Орналасуына байланысты кезбе жүйкесі 4 бөлікке бөлінеді; бас, мойын, кеуде және құрсақ

Бас бөлігінің тармақтары:

1. менингеальды тармақ

2. құлақ тармағы

Мойын бөлігінің тармақтары:

1. жұтқыншақ тармағы

2. жоғарғы мойын жүрек тармағы

3. жоғарғы көмей тармағы

Кеуде бөлігінің тармақтары:

  1. кеуде жүрек тармағы
  1. бронхы тармағы
  2. өңеш тармағы

Құрсақ бөлігінің тармақтары:

1. алдыңғы кезбе діңгегі

2. артқы кезбе діңгегі.

Қосымша жүйке - n. acсessorius (ХІ жұп) қозғаушы жүйке. Екі ядросы бар. Бір ядросы сопақша мида, екіншісі жұлында орналасады. Тасбұғана емізікше және трапеция бұлшық етін жүйкелендіреді.

Мойындырық тесігінің тұсында ішкі және сыртқы тармаққа бөлінеді. Ішкі тармақтары:кезбе жүйкесінің діңгегіне бірігеді. Сыртқы тармағы мойындырық тесігінен шығып, ішкі ұйқы және ішкі мойындырық веналарымен бірге төмен бағытталады. Екі бұлшық етті:төс бұғана емізікше және трапеция тәрізді бұлшық етті жүйкелендіреді. .

Тіласты жүйкесі n. hypoglossus (ХІІ жұп) тіл бұлшық етінің қозғалтқыш тармағы. Ми негізінен сопақша мидан пирамида мен зәйтүн арасынан шығады. Ми сауытынан тіл асты жүйкесінің каналы арқылы шығады. Төменгі жақасты үшбұрышында тіласты жүйкесі доға жасайды әрі қарай тілдің

бұлшық етін жүйкелендіретін тармақтар береді. Төмен бағытталған тармақтары І жұлын ми жүйкесінің өрімдерімен қосылып, жалпы ұйқы артериясының алдында мойын ілмегін түзейді.

31 жұп жұлын жүйкелері өрімдері.

Жұлын ми жүйкелері, n. spinalis, жұп, жұлыннан шығатын екі түбіртектен түзілген жүйке діңгегі. Адамда 31 жұп жұлын ми жүйкелері, олар жұлынның 31 сегментіне сәйкес келеді:8 жұп мойын жұлын ми жүйкесі, 12 жұп кеуде, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз және жұп құйымшақ жүйкелері болып бөлінеді. Барлық жұлын ми жүйкелері алдыңғы және артқы түбіртектен түзіледі. Алдыңғы түбіртек қозғалтқыш radix ventralis денесі жұлынның алдыңғы мүйізшесінде орналасқан, аксон өсінділері алдыңғы түбіртекті түзейді.

Артқы түбіртек radix dorsalis сезімтал жасушалардың орталық өсінділерінен түзіледі, бұл жасушалар жұлынның артқы мүйізшесінде аяқталады. Артқы және алдыңғы түбіртектер қосылып, жұлын ми пайда болып, омыртқааралық тесік арқылы шығады. Жұлын ми жүйкесінің құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары бар. Жұлын ми жүйкелері 3 немесе 4 тармаққа бөлінеді:алдыңғы тармақ, артқы тармақ, менингеальды, оң байланыстырушы тармақтар. Алдыңғы тармақтар жіңішке, арқа, желке бұлшық етін, бас ми дененің дорсальды бетінің терісін жүйкелендіреді. Артқы тармақтар:мойын жүйкесі, кеуде жүйкесі, бел жүйкесі, сегізкөз және құйымшақ жұлын ми жүйкелерінен өрімдер түзіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұлын құрылысы. Сұр зат. Ақ зат. Рефлекторлық доға. Жұлын-ми нервтерінің тармақтары. Вегетативті нерв жүйесінің бөліктері
Жүйке жүйесі туралы түсінік
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Артқы аяқтың массажы
Құтыру - зооантропонозды ауру
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Жұлын-ми сұйықтығының циркуляциясы туралы ақпарат
Қорғасын қосындыларынан улану
Көз алмасының ішкі қабығы - торлы қабық
Листериоз ауруының сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz