Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік


ЖОСПАР:
1. Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік
2. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлігі
3. Эндокринді аппарат ағзаларының морфофункциональдық сипаттамасы
4. Иммундық жүйенің морфофункциональдық анатомиясы
5. Лимфа түйіндері
Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік. Симпатикалық және
парасимпатикалық бөлігі.
Вегетативті жүйке жүйесі -sуstema nervosum autonomicum жүйке жүйесінің бір бөлігі, жүректі, ішкі мүшелерді, безді эпителийді, құрамында біріңғай салалы бұлшық еті бар мүшелерді жүйкелендіреді.
Ішкі мүшелердің бүкіл қызметін, зат алмасу, трофикалық процесті ішкі орта тұрақтығын реттейді. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметі жұлынның, мишықтың, гипоталамустың үлкен ми сыңарларының негізгі ядроларымен, мидың сұр затымен реттеледі.
Вегетативті жүйке жүйесінің ерекшеліктері:
- Орталық жүйке жүйесінде вегетативті ядролар ошақты орналасады.
- Эффекторлы нейрондар денесі перифериялық жүйке жүйесінің құрамында вегетативті өрімнің түйіні түрінде жинақталады.
- Жүйкелендіруші мүшеге екі нейронды жүйке жолы бағытталады.
Вегетативті жүйке жүйесі орталық және шеткі бөліктерге бөлінеді.
Орталық бөлігі:
1. парасимпатикалық ядролар ІІІ, ҮІІ, ІХ және Х жұп бас ми жүйкелерінің құрамында.
2. вегетативті ядролар, ҮІІІ мойын, барлық кеуде және жоғарғы екі бел сегментінің бүйір бағанасында орналасады.
3. сегізкөз парасимпатикалық ядролары жұлынның сегізкөз сегментінің сұр затында орналасады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің перифериялық бөлігі.
1. вегетативті жүйкелер, тармақтар және жүйке талшықтары бас мидан және жұлыннан шығады.
2. вегетативті өрімдер
3. вегетативті өрімдердің түйіндері
4. симпатикалық діңгек
5. соңғы түйіндер
Вегетативті жүйесінің орталық бөлігінің нейрон ядролары алғашқы эфферентті нейрондар болып табылады. Осы нейрондардың өсінділерінен түзілген жүйке талшықтары түйіналды талшықтар деп аталады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері .
Симпатикалық бөлігі:
1. латеральды аралық сұр зат ҮІІІ мойын сегментінен 2ші бел
2. оң және сол симпатикалық діңгегі
3. байланыстырушы тармақтар
4. вегетативті өрім түйіндері омыртқа алдында ірі қантамырларының жанында жатады.
5. өрімдерден мүшелерге бағытталатын жүйкелер.
6. тамыр жанындағы және мүшелік өрімдер
7. симпатикалық талшықтар, соматикалық жүйкелер құрамында мүшелер мен тіндерге бағытталған.
Симпатикалық діңгек - truncus sympathicus -жұп құрылым, омыртқаның екі жанында орналасады. Бір-бірімен түйінаралық тармақтармен байланысатын 20-25 түйіннен тұрады. Симпатикалық діңгектің түйіндері ұршық тәрізді, сопақша және көпбұрышты пішінде болады. Симпатикалық діңгек омыртқаның алдыңғы бүйір бетінде орналасады. Симпатикалық діңгекке оң байланыстырушы тармақтар келіп қосылады. Симпатикалық діңгектен сұр байланыстырушы тармақтар басталады, ішкі мүшелерге жүйке бағытталады. Симпатикалық діңгек топографиялық орналасуына байланысты 4 бөлікке бөлінеді:мойын,, кеуде, бел, сегізкөз.
Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады. Жоғарғы мойын түйіні. симпатикалық (түйіннің) діңгектің ең ірі түйіні. Ол ұршық пішінді, ұзындығы 2 см ІІ-ІІІ мойын омыртқаларының көлденең өсіндісінің алдында орналасады. Тармақтары:
1. сұр байланыстырушы тармақ - мойын жұлын жүйкелерімен байланысады.
2. ішкі ұйқы жүйкесі ішкі ұйқы артериясымен бірге ми сауытына кіреді. Ми сауытының ішкі ұйқы өрімі ішкі ұйқы артериясының өрімінің жанында жатады.
3. сыртқы ұйқы жүйкесі-сыртқы ұйқы артериясының жанында өрім түзейді.
4. мойындырық жүйкесі - мойындырық тесігінің тұсында тарамдалып ІХ, Х, ХІІ ми жұп жүйкелерімен бірігіп қызмет атқарады.
5. көмей - жұтқыншақ тармақтары өрім түзейді тамырларды және жұтқыншақ пен көмейдің кілегейлі қабығын жүйкелендіреді.
6. жоғарғы мойын жүрек жүйкесі - жүректің беткей өрімімен бірігеді.
Ортаңғы мойын түйіні ҮІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің алдында орналасады.
Тармақтары:
1. сұр байланыстырушы тармақтар Ү және ҮІ мойын жұлын жүйкелерімен байланысады.
2. ортаңғы мойын жүрек жүйкесі жүрек өрімінің терең тармақтарымен байланысады.
3. жалпы ұйқы өрімін түзеуге қатысатын майда тармақтар береді.
Мойын - кеуде түйіні Іқабырға тұсында орналасады. Тармақтары:
1. сұр байланыстырушы тармақтар ҮІ, ҮІІ; ҮІІІ мойын жұлын жүйкелерімен байланысады.
2. бұғанаасты өрімін түзуге қатысатын тармақтар.
3. кезбе, диафрагма жүйкесіне қосылатын тармақтар
4. омыртқа жүйкесі мидың және жұлынның қан тамырларын жүйкелендіреді.
5. төменгі жүрек мойын жүйкесі.
Кеуде бөлігі 10-20 кеуде түйіндерінен түзілген ұршық немесе үшбұрышты пішінде болады. ТүйіндеР қабырға басының латеральды бетінде орналасады. тармақтары:
1. сұр байланыстырушы тармақтар.
2. кеуде жүрек жүйкесі.
3. кеуде түйіндерінен басталатын майда тармақтар (өкпе, өңеш, бронх) кезбе жүйкесімен бірігіп, өкпе, өңеш, кеуде аорта өрімін түзейді.
4. үлкен ішкі жүйке құрсақ қуысына өтіп құрсақ өріміне жетеді.
5. кіші құрсақ жүйкесінен бүйрек тармақтары басталады.
Бел бөлігі - бел түйіндері ұршық пішінді, бел омыртқаларының денесінің алдыңғы бүйір бетінде орналасады. Тармақтары құрсақ қуысының вегетативті тармақтарына жалғасады.
Парасимпатикалық бөлігі pars parasympathica бас және сегізкөз бөлігіне бөлінеді. Бас бөлігіне вегетативтік ядролар және парасимпатикалық талшықтар (ІІІ жұп, ҮІІ жұп, ІХ жұп, Х жұп ) жүйкелерінен шығатын. сегізкөз бөлігі жұлынның ІІ, ІІІ, ІҮ сегізкөз сегментінен шығатын талшықтар құрамында болады.
1. Көзқимыл жүйкесінің парасимпатикалық бөлігі қосымша ядромен кірпік түйінінде орналасқан жасуша өсінділерінен түзілген. Көз шарасында бұл талшықтар көзқимыл түбіртегіне айналып, кірпікті түйінге қосылады.
2. Бет жүйкесінің парасимпатикалық бөлігі, аралық жүйке құрамында шығып бет жүйкесіне қосылады. Бет жүйкесінің ішінде одан үлкен тас жүйкесі басталады, ол қанат-таңдай түйініне қосылады, түйіннен шыққан тармақтар жас безін, мұрын қуысының бездерін, таңдай және жұтқыншақ бездерін жүйкелендіреді. Төменгі жақасты түйіні тармақтары төменгі жақасты бездерін жүйкелендіреді тіласты түйіні.
3. тіласты жүйкесінің парастимпатикалық түйіні тармақтары мойындырық тесігі арқылы шығып дабыл жүйкесіне қосылып, дабыл қуысында өрім түзейді.
4. кезбе жүйкесінің парасимпатикалық бөлігі вегетативтік жүйкенің мүшелік өрімдеріне қосылып, жүрек, өңеш, өкпе, асқазан, ішек өрімдеріне қосылады.
5. парасимпатикалық бөліктің сегізкөз бөлігі ІІ-ІҮ сегізкөз сегментінде орналасады. Өсінділері жамбас мүшелерінің жүйкесін түзейді, тармақтары сыртқы, ішкі жыныс мүшелерін, тоқ ішектің төменгі бөлігін жүйкелендіреді.
Эндокринді аппарат ағзаларының
морфофункциональдық сипаттамасы.
Ағза қызметі жүйке жүйесімен қатар эндокринді бездер арқылы да басқарылады. Эндокринді бездердің ерекшеліктері:
1. бездер бір-бірінен топогрфиялық бөлек орналасып қызмет атқарады.
2. өзегі болмайды.
3. бөлетін секреті тікелей қанға не лимфаға бөлінеді.
4. эндокринді без өнімдері-гормондар деп аталады.
Гормон биологиялық өте белсенді зат, аз мөлшердің өзінде ағза қызметін реттеуге қатысады. Гормондар ( hоrmao - қоздырамын) деген мағына береді. Жасушаның, тіндердің өсуіне және дамуына әсерін тигізеді. Гормондардың мөлшерден артық не кем болуы, ағзада белгілі бір аурудың пайда болуына әкеледі. Бездер бір-бірінен бөлек болғанымен, олардың гормондары бір-бірімен байланысты, бұл мүшелердің гуморальды реттелуі деп аталады. Ағзадағы барлық құбылыс орталық жүйке жүйесімен басқарылады, осылай екі жақты басқарылуды жүйке-гуморальды басқарылу деп атайды.
Қалқанша безі glandula thyroidea - тақ мүше, мойынның алдыңғы жағында көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлігінде орналасады. Екі бөліктен (оң және сол) олардың арасында жіңішке мойынаралық бөлігі болады. Қалқанша безінің салмағы 25-30 г, 50-55 жастан кейін көлемі және салмағы азаяды. Сыртынан дәнекер тінді фиброзды капсуладан тұрады. Капсуладан бездің ішкі бетіне қарай перделер тарамдалып, безді бөлікшелерге бөледі, бөлікшелер фолликуладан (көпіршектен) тұрады.
Фолликулалар қоймалжың заттан коллоидтан тұрады. Коллоид құрамында без гормондары болады, оның құрамында белок пен аминқышқылдары болады, олар йодқа өте бай гормондары тиронин, трийодтиронин деп аталады. Қалқанша безінің гормондары зат алмасу процесін, жылуалмасуды реттеу, белок май, көмірсу алмасуды реттеу, су мен калийдің ағзадан шығуын реттейді, бүйрек үсті, жыныс бездерінің қызметін реттейді, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Қалқанша безінің қызметі орталық жүйке жүйесінің және гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарымен реттеледі.
Қалқанша маңы безі жұп без жоғарғы қалқанша маңы және төменгі қалқанша маңы бездері дөңгелек немесе сопақша пішінді, қалқанша безінің артында орналасады. Жалпы салмағы 0, 13-0, 36 г аспайды, саны 2-ден, 7-8 дейін болады. Ақшыл түсті, сыртында фиброзды қабығы бар, қан тамырларына бай. Гормондары паратгормон деп аталады, фосфор кальций алмасуын реттейді.
Ұйқы безі - экзокринді және эндокринді бөліктен тұрады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігі эпителиальды жасушалардан түзілген, олар панкреатикалық аралшықтар құрайды (Лангерганс) экзокриндік бөліктен дәнекер тіні арқылы бөлініп тұрады. Панкреатикалық аралшықтар ұйқы безінің барлық бөлігінде бар, бірақ негізгі орналасқан жері құйрықты бөлігі. Аралшықтар альфа және бетта жасушалардан түзілген қан тамырларымен жақсы жабдықталған. Гормондары инсулин және глюкагон деп аталып, көмірсу алмасуды реттейді.
Жыныс бездері ерлерде аталық без testis, әйелдерде аналық без
ovarium жыныс жасушалардан басқа, қанға жыныс гормондарын бөледі.
Жыныс гормондары екінші жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Аталық бездің эндокринді жасушалары бездің болбыр дәнекер тінінде, иректі түтікшелер және қан, лимфатамырларымен қатар жатады. Аталық без гормоны тестостерондар деп аталады.
Аналық без-эстроген және прогестерон гормондарын бөледі. Эстрогендер фолликуланың түйіршікті қабатында пайда болады. Фолликуланың жетілуі және жасушалардың белсенді болуы гипофиз гормондарымен реттеледі.
Прогестерон жатыр кілегей қабығын ұрықты қабылдауға дайындайды, жаңа фолликуланың пайда болуын тежейді.
Бүйрекүсті безі жұп мүше, бүйректің жоғарғы полюсінде орналасады, конус пішінді. 3 беті: алдыңғы, артқы, төменгі беті бар. Бүйрекүсті безінің беті тегіс емес, алдыңғы бетінде қақпасы орналасқан. Бүйрекүсті безі сыртынан фиброзды тінмен қапталған фиброзды тін астында сұр зат орналасқан 3 аймақтан тұрады. Сыртқы қабат шумақты, ортаңғы қалың шоғырлы, ішкі торлы қабат. Әр қабат бір-бірінен өзгеше гормондар өндіреді. Шумақты аймақ - , шоғырлы аймақ глюкокортикоидтар, торлы аймақ андрогендер-жыныс гормондарына жақын (тестостерон, прогестерон, эстрогендер) гормондар өндіреді.
Бүйрекүсті безінің ортасында милы зат орналасқан ірі жасушалардан түзілген. Олардың эпинефроциттары адреналин, норэпинефроциттары норадреналин өндіреді. Адреналин гликогенді ыдыратады, қандағы көмірсу мөлшерін ұлғайтады, инсулин антогонисі болып келеді жүрек бұлшық етінің жиырылуын жақсартады, қан тамырларын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады. Норадреналин жүрек жиырылуын азайтады.
Гипофиз- hypoрhysis түрік ершігінің гипофизарлы ойысында орналасады. Салмағы ер адамдарда 0, 5 г, әйелдерде 0, 6 г.
Гипофиз сыртынан дәнекер тінімен қоршалған. Алдыңғы және артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғы бөлігінің дистальды, орталық, төмпешікті бөліктері бар. Қантамырларының көптігіне байланысты, ақшыл-сары түсті. Артқы бөлігі жүйке және воронка бөліктерінен тұрады. Артқы бөлік гипоталамустың нейросекреторлы ядроларынан басталатын жүйке талшықтарынан тұрады.
Гипофиздің гормондары ағзадағы барлық мүшеге дерлік әсер етеді.
Алдыңғы бөлігі: соматотропты (өсу гормоны) адренокортикотропты - бүйрекүсті безіне әсер етеді, тереотропты гормон қалқанша безі гормондарына әсер етеді, гонадотропты ағзаның жыныстық жетілуіне әсер етеді.
Ортаңғы бөлігі-пигмент алмасуды қамтамасыз етеді.
Нейросекреторлы жасушалар вазопрессин, окситоцин өндіреді. Бұл гормондар гипоталамо-гипофизарлық жол арқылы артқы бөліктен қанға өтеді. Вазопрессин қан тамырларын тарылтып, антидиуретикалық әсері бар. Окситоцин жатыр бұлшық етінің жиырылуын қамтамасыз етеді, сүт бездерінен сүт бөлінуін жақсартады.
Иммундық жүйенің морфофункциональдық анатомиясы.
Адамда қантүзуші мүше сүйек миы болып табылады. Сүйек миында лимфоцитке ұқсас бағана жасушалары пайда болады, бұл жасушалардан қан мен иммундық жүйенің бастапқы жасушалары пайда болады. Бағана жасушалары бірнеше мәрте бөлінуге қабілетті. Сүйек миында бағана жасушаларынан пайда болған алғашқы (бастапқы) жасушалар болады, өзгеру, дифференцировка әсерінен қанның формалық элементтері: эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер пайда болады. Бағана жасушалардан иммундық жүйенің жасушалары: лимфоциттар мен плазмоциттар пайда болады. Бағана жасушалар сүйек миынан қанға өтеді, қаннан иммундық жүйенің орталық мүшесіне барады. Иммундық жүйке ағзаны сырттан түскен немесе ағзаның өзінде пайда болған генетикалық бөғде жасушалар мен заттардан қорғайтын мүшелер мен жүйелерді біріктіреді. Иммундық жүйеге ағзаны қорғайтын қасиеті бар жасушалар түзілетін мүшелер жатады. Иммунитет -ағзаның бөгде антигендік қасиеті бар заттарды қабылдамауы. Бұл мүшелердің паренхимасы лимфоидты тіннен тұрады, ретикуллярлы тінде орналасқан лимфоциттар, плармоциттар,
макрофагтар жиынтығы. Иммундық жүйеге сүйек миы, айырша без, лимфа түйіндері талақ, қуысты асқорыту және жыныс алу жүйесінің қабырғасында орналасқан лимфоидты тін (бадамша бездері, құрт тәрізді өсінді) .
Иммундық жүйе мүшелері орталық және шеткі болып бөлінеді.
Орталық мүшелеріне: айырша без, сүйек миы, құрт өсіндісінің лимфоидты түйіндері жатады. Айырша безде Т - лимфоциттердің дифференцировкасы өтеді, олар бағана жасушаларынан пайда болады. Лимфоциттер қан арқылы шеткі иммундық жүйе мүшелеріне түседі. Шеткі иммундық жүйеге бадамша бездері, лимфа түйіндері, талақ жатады. Шеткі иммундық мүшелердің қызметі орталық иммундық мүшелерімен тіклей байланысты. Т-лимфоциттар лимфа түйіндерінің тимус белсенді аймағында орналасады. Иммундық жүйе мүшелері ағзада белгілі бір реттілікпен орналасады, өзіне арнаулы орындарында. Осы жерлерде қорғаныштық аймағы, фильтр деп аталатын лимфоидты тін жиынтығы орналасқан. Асқорыту түтігінің, тыныс алу жолының бастапқы бөлігінде қоршай орналасып, Пирогов-Вальдейер сақинасын құрайды. Бадамша бездердің лимфоидты тінінің бір жағынан ауыз қуысы мен мұрын қуысы, екінші жағында жұтқыншақ пен көмей қуысы орналасады. Лимфа түйіндерінің тобы аш ішектің тоқ ішектің соқыр ішек бөлігіне қосылатын жерінде көптеп орналасады.
Иммундық жүйе мүшелері эмбриогенез кезінде пайда болады, жас нәрестеде жетілген мүше ретінде қалыптасады, жас бала және жасөспірім кезінде жақсы жетілген. Сүйек миы medulla ossium қан түзу және иммундық жүйе мүшесі. Қызыл және сары сүйек миы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz