Америка - Жапон шарттары. Кеңес - Жапон соғысы
ЖОСПАР:
1.Жапония
2.Америка.Жапон шарттары
3.Кеңес.Жапон соғысы
1.Жапония
2.Америка.Жапон шарттары
3.Кеңес.Жапон соғысы
ЖОСПАР:
1.Жапония
2.Америка - Жапон шарттары
3.Кеңес-Жапон соғысы
Жапония
Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзәмон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін "тэнно" деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 -- 16 ғасырларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 -- 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймә) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 -- 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.
1867 -- 1868 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле бастады. 1871 жылы князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 -- 1873 жылы үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 -- 1885 жылы 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі "Мицул", "Мицубиси", т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 жылы Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894 -- 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғасырдың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 -- 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылы Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 -- 1918) еуропа мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шаньдун провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 -- 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 -- 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 -- 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. "Жас офицерлер" ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу -- Го) құрылып, 1933 -- 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz