Кант философиясының сыни кезеңдегі қойған мәселелері


мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Кант философиясының сыни кезеңдегі қойған мәселелері
2. «Өзіндік зат» және «біздік зат»
3. «Практикалық ақылды сынау» еңбегіндегі мәселелердің мәні
4. «Пайымдау қабілетін сынау» еңбегіндегі мәселелердің мәні
5. Кант философиясының дүниежүзілік философиядағы орны
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... жалғасыЖаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі дамыған елдердің алдыңғы қатарына шықты.
Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кезеңдегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы артта қалды.
Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуда терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық ара қатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы - И. Кант болды. Ол өзінің философиясының ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.
Иммануил Кант 1724 жылы 22-сәуірде Кеннигсбергте дүниеге келген және өзінің өмірінің барлығын дерлік сонда өткізген. Оның әкесі орта шаруалы адам болған, ал атасы Литвадан шыққан. Иммануил гимназияны үздік аяқтап, 16-жасында университетке түсті. Оны тәмамдаған соң 9 жыл үйде оқытатын мұғалім болып жұмыс істеді. 4 диссетацияны қорғағаннан кейін Кант 1770 ж. философия ғылымының профессоры атағын алды.
Университетте Кант логикадан, метафизикадан, математика, құқық, физикалық география, этика, антропология, теориялық физика, философиялық ғылымдардың энциклопедиясынан, педагогика, механика, минералогия, теологиядан дәріс оқыды.
И. Канттың өмірі негізгі екі кезеңге: сынға дейінгі кезең және сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі кезеңдегі Канттың негізгі еңбегі «Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы». Бұл кітабында ол метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаш газға ұқсас тұмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосқан үлкен үлес еді.
Канттың шығармашылығында Жан-Жак Руссоның әсері зор болды. Руссо мен ағылшын сенсуалистерінің ықпалымен «Көркем мен асқақ сезімді бақылау» еңбегін жазады.
Кант үшін 1781 жыл үлкен өзгерістерге толы болды, себебі дәл осы жылы оның ең басты еңбегі «Таза ақылға сын» кітабы жарық көрді. Осылай философия ғылымының негізгі тарауларындағы ұлы жаңалықтармен ерекшеленетін шығармашылығының жаңа негізгі, «сын» кезеңі басталды. Бұл кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарамастан бұрын, адамның танып-білу, ойлау, идея, ақыл-зерде мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек. Ал, болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді.
Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь в себе) және «біздік зат» (вещь для нас) деп екіге бөлді.
Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады, бірақ олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, тек олардың көріністері (феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып тұр. Осы секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық басым болады да, бізге толық білім берілмейді, яғни қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы мүмкін. Мұндай білімдер жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптық білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы (тәжірибеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байланысты болуы керек.
Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.
Кеңістік Канттың философиясында сезімділіктің сыртқы формасы ретінде анықталып, математиканың геометрия деп аталатын саласына негізделеді. Шынында да, белгілі бір кеңістікті, оның матеметикалық жағын зерттеу үшін адамның сезім мүшелерінің атқаратын ролі зор. Бұл жерде Кант сезімділіктің бұл сыртқы формасы математикалық сандар мен тұжырымдардан туындайтынын айта отырып, оны объективті дүниеден бөліп алып қарап отыр. Сондықтан оның кеңістікті жалаң жаратылыстануға ғана тән ұғым деп шектемей, сезімділіктің формаларының бірі деп қарауы осы ұғымның әлеуметтік, саяси-қоғамдық мәнін зерттеуге жол ашып отыр. Шынында да геометриялық өрнектер - үшбұрыш, квадрат және тағы басқалары табиғатта кездеспейді. Оларды көзбен көріп, қолмен ұстау қиын. Дегенмен, олар біздің сезім мүшелерімізбен тығыз байланысты. Ендеше, бұл жерде қайшылық бар сияқты. Ал шындығына келгенде, бұл ұғымдардың барлығы әлденеше мың жылдар бойы адамзаттың практикалық, өндірістік қызметімен, өндірістік қызметімен тығыз байланысты болды. Олар әрбір тарихи кезеңдер мен дәуірлерде бір жағынан адамдардың қызметімен, екінші жағынан, олардың санасымен сабақтаса келіп, үнемі өзгеріп отырады. Өзгерістің негізі кеңістіктің табиғатта бар, не жоқ деген қарапайым ұғымына байланысты емес, өгеріс, ең алдымен, олардың ішкі мазмұны түсінуден келіп шығады.
Сезімділіктің ішкі формасы - уақыт математикамен тығыз байланысты. Уақыт тек математикалық өлшем ғана емес, ол сезімділік арқылы адамның ішкі рухани дүниесімен қабаттасып жататын процесс. Өйткені уақыт - алдымен еңбек өлшемі, адамның практикалық қызметінің өлшемі. Бұл жөнінде Кант уақыт дегеніміз біздің пайымдауымыздың субъективті жағдайы. Ол субъектіден тыс ештеме де емес деп анықтайды. Ендеше адамның ішкі рухани өмірін, оған тән байлықты біз тек осы уақыт арқылы анықтай аламыз. Уақыт адамзаттың даму тарихымен де тығыз байланысты.
Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым - логика.
Танымның келесі - сараптаушы парасат сатысында - априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік т. б. арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.
И. Канттың «Таза ақылға сын» еңбегінің негізгі бөлігі «трансцендентальдық логика» осы білім категорияларының пайда болуын қарастырады. «Трансцендентальды» (трансцендентальды - латын тіліндегі «аттап өту» деген мағынадан шығады) философияда білім ұғым, сана, идея, тәжірибе арқылы пайда болмайды, оны аттап өтеді. Ал тәжірибе білімдердің жиынтығынан пайда болады. Сезімділік формалары жинақтаған материалдар мен фактілер белгілі бір ұғымдар арқылы анықталуға тиісті. Осы заттар мен құбылыстар пайымдау категорияларын тудырады. Категориялар, Канттың айтуынша, тәжірибе заттарындағы объективті, жалпы және қажетті байланыстардың пайымдық синтезінің формалары. Пайым, жалпы алғанда, білімге деген қабілетті танытады. Ал білім болса белгілі бір жағдайдағы объектіге деген қатынас болып табылады. Ендеше - объект дегеніміздің өзі сезімділік арқылы жинақталған көпжақтылықтың бірлігі. Сондықтан көпжақтылықтың басын қосып жинақтау олардың синтезі арқылы біріктірілуін талап етеді. Сананың бірлігінен заттарға деген қатынастардың бірлігі шығады.
Жоғарыдағыдан, пайым білім емес, оған деген қабілет. Екінші жағынан ол ұғымдарды тудырады. Осыған байланысты, Кант пайым, ең алдымен, категорияларды анықтайды, оларды жүйеге келтіреді деп философия тарихында үлкен жаңалық ашты.
Пайым философия тарихында ерекше маңыз атқарады. Оның маңызы мынада: біріншіден, ол - логика, яғни ойлау туралы ілім және соны ілгері дамытушы. Екіншіден, ол - таным процесін жаратылыстану саласы арқылы зерттей отрырып, ондағы ұғымдарға философиялық мән береді. Үшіншіден, пайым ұғымдарды, категорияларды жүйеге келтіруге барынша ұмтылады. Төртіншіден, пайым адамның таным қабілетінің ерекшелігін, тұжырым қабілетінің қалай да болсын қалыптасуының қажет екендігін айқындайды. Канттың ойынша тұжырым қабілеті қалыптаспаған адам - ақымақ. Мұның өзі үлкен бір ауру. Ондай аурудан ешқашан да сауықтыра алмайсың.
Пайымның, сонымен қатар, таным процесінде ерекше көрініп қалатын тар өрістілігі де бар. Пайым, яғни заттар мен процесстердің ұғымын беретін қабілет, өзі талдаған категориялардың бәрін бір жүйеге енгізіп, оларды шектеп, ойдың кең өріс алуына бөгет жасауы мүмкін. Екіншіден, пайым күні өткен, ескірген әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты болып, догматизмге (қатып-семіп қалған ұғымдарға) алып келеді. Үшіншіден, пайым, бір дағдыға, әдетке үйренген, одан жаза баспайтын пайымдауды тудырады. Оның қауіптілігі сонша, адамдар ескі көзқарастың құрбаны болып, жаңаға түсінбей, оған ашық қарсы болуы мүмкін.
Дегенмен, пайым да өмірдің ағымына байланысты өз шекарасында қалып қоймайды. Ол қалайда өзін қоршаған дүниені, тіпті бүкіл әлемді тануға ұмтылады. Танымның үшінші сатысы - трансценденттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екендігін білуге, басқаша айтқанда «өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін түсінуге ұмьылады. Дүниені, бүкіл әлемді, «өзіндік затты» тануға ұмтылған пайым зердеге айналады.
Канттың зерде туралы көзқарасы философия тарихында бұрын-соңды болмаған терең ойлар мен тың пікірлерді дүниеге ала келді. Оның айтуынша зерде дегеніміз ол да пайым, бірақ ол - пайымның жоғары формасы. Зерде таным процесінде категориялармен айналыспайды. Ол принциптер арқылы көрінеді. Бұл жерде Кант зердені таным теориясының жоғары сатысы - теориялық ойлаумен тығыз байланыстырып отыр.
Кант өз философиясында зерденің идеяны тудыратын ерекшелігін айқындап берді. Зерденің негізгі идеялары адам, әлем және құдай туралы. Бірақ бұл идеяларды тану мүмкін емес. Өйткені олар бір жағынан - жалпылама, әрі абстрактылы, екінші жағынан - ешқандай мазмұны, мәні жоқ. Сондықтан зерде әлемді, бүкіл дүниені және олар туралы идеялардың негізін ашамын деп шешілмейтін қайшылықтарға тап болады. Бұл қайшылықтарды Кант өзінің философиясында «зерденің антиномиялары» деп атады. Оның ойынша, бүкіл әлемді білу және оны толығынан тану мүмкін емес. Адам тек қана өзін-өзі білуге ұмтылып, өзінің рухани қызметінен шыққан білімдерге ғана ие бола алады. Ендеше, зерденің бұл әрекеті қайшылықтан басқа ештеңе тудырмайды.
Кант зерде тудырған қайшылықтарға ерекше назар аудара отырып, оның антиномияларын да жан-жақты талдады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па т. б. осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Осы мәселелерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген схоластикалық, онталогиялық, рационалистік, діни, т, б, ілімдер жалған ғылымға жатпайды. Себебі бұл аталған заттардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес.
Айталық, Кант ерекше мән берген бірінші антиномияда мынадай сипаттама бар: « . . . Дүние уақыт пен кеңістік жағынан шексіз және шетсіз. Дүние уақыт пен кеңістік жағынан шекті де шетті». Кант осы антиномияға ерекше назар аударып, оны жан-жақты талдауға кіріседі. Әуелі дүниенің уақыт пен кеңістік жағынан шексіз және шетсіз екендігін дәлелдеу үшін оған қарама-қарсы шекті және шетті ұғымдарын негізге алдады. Бірақ, сайып келгенде бұлар бір-біріне ауыса береді, яғни Кант шешілмейтін айналымға тап болады. Олай болса, «өзіндік заттарға» тән оның ішкі заңдылығын, мәнін біз танып біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну - бос әурешілік. Міне осындай қайшылықтан өз заманының саяси-әлеуметтілік тар өрісті жағдайына байланысты шыға алмаған Кант ендігі жерде зердені айыптауға, сынауға көшті.
Канттың ойынша зерденің даму тарихының үш кезеңі бар. Алғашқы кезеңде зерде бүкіл әлемге, барлық ойлау процесіне әсерін тигізіп тұрған құдіретті күшке ие болады. Оның қағидалары ешбір өзгермейтін, мәңгі жасайтындай көрінеді. Сөйтіп ол барлық ғылымдардың ғылымына айналды.
Екінші кезең зерденің идеялары мен принциптеріне деген сенімсіздіктің, күмәннің бірте-бірте пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде зерденің қағидалары әрі жалпы, әрі абсолюттік рөл атқарудан қала бастайды. Сондықтан оның негізгі идеялары мен принциптері жаңа заман ағымына ілесе алмай, өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Ендігі жерде философияның маңызы бірте-бірте төмендегендіктен, ол жалпы дүние туралы ілім болудан бас тартты.
Зерденің дамуының үшінші кезеңі, Канттың ойынша, сыншылдық дәуір деп аталады. Бұл кезең Канттың философиясынан басталады. Ұлы философ зердені барлық жағынан сынай отырып, оны жоққа шығарады. Мұның өзі зерденің әлемді толық тануға ұмтылған әрекетінің бос қиял екендігін көрсетеді. Сондықтан Кант зердені жалпы алғанда шектеп, сенімге жол ашпақшы болады. Дәл осы кезде ол өзінің «Дін зерденің шектелуінде» атты атақты шығармасын жазған болатын. Ұлы философ онда зерденің дінге шек қойып, оның аумағын тарылта беретінін айқын көрсетті.
Кант зерденің кемшілігін таным теориясынан ғана аңғарып қана қоймай, оның практикалық өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды. Бұл жағынан алғанда оның зерде туралы ілімі екінші жағынан көрінеді. Айталық, «Мен нені білуім мүмкін?» деп сұрақ қойған Кант оған «Таза ақылға сын» деген шығармасында жауап береді. Сайып келгенде Кант таным теориясында шиеленіскен қайшылықтардан шығудың жолын таппады. Өйткені, Канттың трансцендентальды логикасы оларды шешуге дәрменсіз еді.
Ендігі мәселе «Мен не істеуім керек?» деген сұрақтың айналасында болды. Бұған ол «Практикалық ақылға сын» деген шығармасында жауап беруге талпынды. Бұл шығарма негізінен этика мәселелерін, яғни адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін және оларды шешуді қамтиды. Сөйтіп, Кант теориялық зердеден, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық зердеге қарай өтті. Практикалық зерде ең алдымен адамгершіліктің, парасаттың заңдарына сүйенеді.
Кант осы шығармасында сөз болатын адамның еркі, бостандығы туралы мәселелерде негізінен алғанда француз ағартушылығының, әсіресе, оның көрнекті өкілі Ж. Ж. Руссоның ықпалында болған. Сондықтан Кант тірі жандардың ішіндегі ең саналысы - адам деп санады. Ал оның саналылығы адамгершілік, парасат, моральдық қасиеттермен өлшенеді.
Жалпы алғанда, адам бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінен айырмашылығы бар екі процестің жиынтығы. Ол табиғаттан бөлініп шығады және соның заңына бағынады. Табиғат заңдары адамнан тыс, өз алдына бөлек. Адам тек оларды ұғынады, түсінеді. Табиғат заңдары белгілі бір жағдайда пайда болады, ол заңдар кейде тіпті қатал, озбыр, адам баласына қарсы бағытталуы мүмкін. Табиғат заңдары арқылы түрлі апаттар мен зардаптардың пайда болуы мүмкін.
Адам сонымен бірге қоғамға қатысы бар тірі жан. Ендеше, қоғамда адамгершілік, парасаттылық, мораль мен имандылық заңдары бар. Олар барлық адамдар үшін бірдей және жалпы болып есептеледі. Міне, осы екі заңдылықтың арасында байланыстылық пен айырмашылық бар. Олардың өзара байланыстылығы адам өміріне қатыстылығында. Ал негізгі айырмашылығы табиғатта себеп-салдарлы байланыстар үстемдік етуінде. Сондықтан табиғатта адамгершілік, парасаттылық жоқ. Ал қоғамның негізі осы адамгершілік, мораль принциптерінде жатыр. Егер табиғат пен оның заңдары қажеттілікке ғана бағынышты болса, қоғамдағы мораль мен парасат принциптері еркіндік пен бостандыққа негізделген. Ал адам әйтеуір тірі жан болса, онда парасат, адамгершілік, имандылық туралы сөз болмас та еді. Өйткені еркіндік, бостандық адамнан басталады. Сол себепті де адам өз еркімен адамгершілікке, парасатқа, оның заңдарына бас иіп, бағынады. Міне, осы мәселелерді Кант өзінің «Практикалық ақылға сын» деген шығармасында жан-жақты талдады.
Таза ақыл-ой адамның ерік-жігерін, практикалық іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді. Адам өзінің даму процесінде қажеттілік пен еркіндіктің бірлігі екендігін айқындап отыр. Бір жағынан ол табиғатпен тығыз байланысты, соған бағынышты, ал екінші жағынан оның ақыл-ойы, зердесі, парасаты бар. Адам жеке тұлға ретінде табиғат заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшеліктеріне, өзінің ылғи танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол - өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды.
Канттың ойынша адам дегеніміздің өзі еркіндікке жатады. Оның адамдығын айқындайтын нәрсе - парасат пен адамгершілік. Ендеше, адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екендігін көрсетеді. Ал құлда ешқандай еркіндік, бостандық жоқ. Себебі, ол адамгершіліктен, парасаттылықтан айырылған.
Кант адамның мораль, адамгершілік, парасат принциптерін өз алдына жеке, оқшау деп қарауға ұмтылды. Мұның өзі тым ертеден басталды. Сонау алғашқы дәуірлерден бастап осы мораль, адамгершілік принциптері үстемдік етіп келеді. Бұрын мораль мен парасат мәселелеріне тек қана дін үстемдік етіп келген еді. Өйткені діннің айтуынша, мораль мен адамгершіліктің қайнар көзі - құдай. Мораль мен адамгершілікті беретін де тек сол ғана. Бірақ Кант құдай туралы мәселені шешуге болмайтын трансцендентті ұғым деп есептейді. Сондықтан ол мораль мен адамгершіліктің қайнар көзі бола алмайды.
Канттың ойлауынша, адамгершілік, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бірақ бақыт деген ұғымның өзі эмпирикалық, оның өзгеруі мен дамуы белгілі дәуірдің жағдайымен байланысты. Ендеше, адамгершілік деген не? Біз адамгершілікке ие болған адамды қалай қалыптастырамыз? Ондай адамды қалыптастыру үшін материя керек. Ендеше, бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін, ол адамгершілік болуы үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма, Канттың ойынша, парыз деп аталады. Егер адам белгілі бір іс-әрекетте парызға сәйкес іс атқарса, ондай адамда адамгершілік бар, ол парасатты. Алайда, адамның іс-қимылында әлі де адамгершілік, парасаттылық жоқ. Қайырымдылық өзінен-өзі адамгершілік не парасат бола кетпейді. Өйткені қайырымдылық міндетті түрде белгілі бір парызға сәйкес келуі керек. Ал «мен мұның адамгершілік, әлде адамгершілік емес екендігін қайдан білемін?» деген сұраққа жауап
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz