Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы



Жоспар




А) Әл.Фарабидің қоғам ,адам және адамгершілік туралы көзқарастары .
Ә) Ш Уәлихановтың адам және қоғам туралы ой .пікірлері.
Б) Ыбырай мен Абай шығармаларындағы қоғам және адам тақырыбы .
В) ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ойшылдарының қоғам және адам туралы пікірлері

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы .

Жоспар

А) Әл-Фарабидің қоғам ,адам және адамгершілік туралы көзқарастары .
Ә) Ш Уәлихановтың адам және қоғам туралы ой –пікірлері.
Б) Ыбырай мен Абай шығармаларындағы қоғам және адам тақырыбы .
В) ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ойшылдарының қоғам және адам туралы
пікірлері.

ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫ АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҚОҒАМ, АДАМ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Қасистті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге келтірді.Қазақ
топырағында туған көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар шығыс, араб-
парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі
ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Солардың бірі — бәрімізгс танымал үлы
жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзені Сырға барып кұятын өнірдегі Фараб каласында
дүниеге келді. Бұл каланың орны казір Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір
аумағында.
Адамзаттың ұлы перзенті, асқан білімдарлығынан екінші аристотель дсп
аталған Әбу Насыр ғылымның. әр алуан аласынан аса маңызды, құнды пікірлер,
тұжырымдар, пәлсапалық сындарлы мұралар калдырған кемеңгер. Осы бөлімде біз
оның мемлекет және қоғамға қатысты пікірлеріне, тұжырымдарына тоқталамыз.
Әл-Фараби қоғам, мемлекет және саясат туралы аса терең ғылыми еңбектер
жазып, бұл салада әлем ғұламаларының денгейіне көтерілді.
Ғылымдарды топтастыру туралы, Қайырлы кала тұрғындарының көзқарастары,
Саясат туралы, Азаматтық саясат, Бақытқа жету жолдары деген
еңбектерінде Әл-Фараби азаматтық білімді жеке тарауларға бөліп қарады.
Әл-Фараби жоғарғы өкіметтің негізі болып табылатын с,,,аясатқа үлкем мән
бсрді. Ол баскару екі түрлі болады дейді. Егер басқару шын бакықта
жеткізетіи әрексттсрді, мінез-құлыктарды, ерік-қасиеітерді нығайтса, ол —
қайырлы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мем халықтар қайырлы қалалар
мен халықтар болып табылады. Ал бұл принцпіен қабыспайтын басқару қиялдағы
бақытқа ғана жеткізеді. Шынында да ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол
қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады. Соидықтан ондай
басқару - надандық басқару болып табылады.
Азаматтық ғылымды Әл-Фараби екі бөлімге бөледі. Онын бір бөлімінде бақыт
ұғымына түсініктеме береді, шын бақыт пен қиялдагы бақыт арасындағы
айырмашылықты ашып көрсетеді. азаматтық ғылымның екінші бөлімінде игі
касисттерді орнықтыру мен сақтау, қайырымсыз басқарудың түрлері, бұлардыц
сипаты, т.б. сөз болады. Қайырлы және қайырымсыз
қалалардьгң қарама-қарсылығын көрсетуге баса көңіл аударады. Қайырлы каланы
кайырымсыздыққа айналудан қалай сақтау керектігі туралы айтады. Сөйтіп,
азаматтық ғылым туралы еңбектерінде Әл-Фараби: біріншіден, өзі өмір сүрген
дәуірінің саяси шындығын көрсетеді, сол кездегі үстемдік еткен саяси
құрылымды катты сынға алады, екіншіден, ол оны өзінің идеалы болып
табылатын ең жетілген, кемелденген, қайырлы қалалар мен мемлекеттер
құрылымымен ауыстыру мәселесін ұсынады.
Әл-Фараби еңбектерінің ішіндегі ең танымалы — Қайырлы кала тұрғындарының
көзқарастары трактаты. Ғұлама бұл еңбегінде саясат пен этиканың арасындағы
өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткердің алдына
койған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуге кажетті жағдайлар
жасауда қажетті Мемлекет баскару өнеріне баса назар аударады. Оның
пікірінше, баскару өнерінің басты мақсаты — адамдар мсн әлеуметтік
топтардың табиғи үйлесімділігіне жету, яки олардыц мұң-мүддесім ескеру.
Бұл мәселе қазіргі біз өмір сүріп отырған тарихи коғамда да, атап айтқанда,
аса ірі өрі ауқымды экономикалык және әлеуметтік өзгерістер болып жатқан
Қазақстан Республикасы үшінде аса маңызды. Мемлекетті басқару өнері
республикамызда нарыктык қатынаста жіберілген қателіктерді
жөндеп,дағдарыстан шығу үшін, стратегиялық нысанамыз — Қазақстанды
шаруашылық жағынан түлетіп, әлеуметтік нарықтық шаруашылық негізін
қалыптастыру, халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың тиімді жүйесін жасау
үшін де керек-ақ.
Әл-Фарабидің саяси-философиялық тұғырнамасының аса бір өзекгі саласы —
бақыт мәселесі. Бақыт—бұл өзі үшін ғана ізделетін қайыр, жаксылық. Бақытқа
жетугс көмсктесетін серікті әрекет — бұл әдемі әрекет. Оларды тудыратын
адамгершілік пен әдеттер — бұл қайырлы мәселелер. Бақытқа жетуге кесел
келтіретін қимыл-әрекеттер — бұл жаман, яки құбыжық, ұсқынсыз әрекеттер.
Мемлекет,- дейді әл-Фараби,- өз тіршілігін қайырымдылық бастамасына
негіздесе, жаксылықты, ізгілікті болады. Адам басқа адамдармен карым-
катынассыз жеке бір өзі игіліктерге жете алмайды. Әрбір кісі басқалармен
көршілікке және олармсн бірігуге мұктаж. Ал адамдардың бірігуі —мақсат
емес, ол тек қана кұрал. Мақсат — өмірде бақыт әкелетін кемелділікке жету.
Әл-Фарабидің бұл пікірі бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, жеке адамдар, бүтіндей
халықтар, оның ішінде Қазақстан халқы да, өтпелі кезеңнің қыспағында
отырғанда ойландыратын, казіргі экономикалық дағдарысты түсіне білуге
үйрететін аса маңызды пікір.
Адамзаттык игілікті, ізгіліктерді тарату, Әл-Фарабидің ойынша, ең алдымен,
қайырымды мемлекеттің болуына байланысты. Жасампаздық бастамаларға
негізделген мемлекет қана қайырымды да, қайырлы да. Мұндай мемлекетте
адамныц іс-әрекеті ислам кағидалары мен догмалары шеңберімен шектелмейді.
Онда жасампаздык, белсенділік, ғылыми таным кұрметтеледі. Адамдар өздерінің
мүдделерін біріктірсе ғана кайырымды мемлекет құрады.
Табиғи адамгершілік пен қасиеттер, оның ойынша, белгілі бір географиялық
ортаның ықпалымен калыптасады. Әл-Фарабише айтсақ, үлы қоғам — жер
бетіндегі барша адамдар қоғамының жиынтығы; орташа қоғам — белгілі бір
халыкты ғана камтитын коғам; ал кішігірім қоғам — жекелеген халықтың өмір
сүріп отырғаи жерінін. азғантай бөлігін алып жаткан белгілі бір қала
тұрғындарының қауымдастығы.Толык емес қоғам — бірауылдың белгілі бір
көшесінде немесе үйінде тұратын адамдардың жиынтығы. Бұлар төменгі сатыдағы
қоғамды кұрайды.
Әл-Фараби кайырымдылық орын тепкен мемлекеттің басшысына және оның басқару
тәсіліне үлкен маныз берді. Калада, — дсйді ол, — белгілі бір адам бастык
болады, ал баска, өзінің дәрежесі жағынан оған жакынырақ адамдардың
әрбіреуі өзінің жағдайына немесе кабілетіие сай басшының алдына қойған
мақсатын жүзеге асыруға көмектессді.
Кімде-кім табиғатынан басқаруға бейім болса, басқару соның үлесіне тиеді.
Демек, қайырлы қаланың әкіміне басқалар жол көрсетпейді. Өйткені ол —
кемелденудің ең жоғарғы денгейіне жеткен акыл-парасат иесі. Яки ол табиғи
жолмен ойлау кабілетінің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кісі.
Әл-Фараби, әрине, қоғамдағы адамдар арасындағы теңсіздікті көрмеді емес
көрді. Ол оны сынады да. Адамдар тенсіздігін мойыидаған Фараби халықтың
қогамдық міндеті және кажеті — өздерінің кожаларына еңбек ету деп санады.
Халык тамакка, киімге және өсіп-өнуге, яғни тек тіршілікті қамтамасыз
етерлік жағдайларға мұқтаж. Осы жағынан келгенде, халыкты ол кайырлылық
орын тепкен мемлекет басшысының еркін орындаушы деңгейінде ғана түсінеді.
Екінші сөзбен айтқанда, Әл-Фараби қайырлы мсмлекеттегі адамдар оздерінің
қоғамдық жағдайына қарамастан, билік басындагы әкімніц көмегімен өздерінін
бақытығы таба алады, себебі, бұл мемлекетті ойлауға және білуге қабілетті
адамдар
басқарады. Ондай адам адамдық жетілудің, кемелденудің ен жоғарғы денгейіне
ие болады. Ал ақылды басқарушының болмауын Әл-Фараби мемлекет үшін аса
бакытсыздық кесапат деп есептеді. Осыған байланысты ол қайырлы каланың
мемлекет басшысы, яки әкім қандай болуы керек, оның кандай касиеттері
болуға тиіс деген мәселені де жан-жақты ойластырады. Оның пікірінше, әкім
өз бойына табиғи он екі сапалық қасиетті ұштастыра білуі керек; біріншіден,
өзі орындауга тиісті әрекетті жүзеге асыруы үшін, ең алдымен, оның дені
сау, күшті, әбжіл болғаны жөн. Яғни әкім табиғатынан өзіне айтылғандарды
жан-жақгы түсінетін; естігенін, көрген-білгенін ұмытпай жадында жақсы
сактайтын; аса өткір және алды-артын ойлай, көре білетін акылды; оқуға және
білуге құштар; әділеттілікті, шындықты және оны жақтаушыларды сүйетін;
өтірікті және оған баратындарды жек керетін адам болуы керек. Ол
әділеттілік алдында қарыспайтын бірбеткей болмаса — құба-құп. Сонымен қатар
ол белгілі бір шешім қабылдап, табандылық көрсететін және қорқынышты,
күйбеңді білмейтін, еш нәрседен қорықпайтын батыл адам болса, тіпті жақсы.
Мндай жан басқа адамдарды ең жаксы жолмен бақытка, оған жеткізетін қимыл-
әрекетке бастай алады.
Коғам дамуынын. казіргі жана ксзеңінде кез келген үміткер басшы бола
алмайды. Сондықтан баспасөз бетінде облыс, қала, аудан, ауыл әкімдерін
сайлау арқылы тағайындау керек деген кептеген ұсыныстар болды. Олар әзірге
бұйрыкпен тағайындалып келеді. Одан халықтың көріп отырған зардаптары да аз
емес.
Ұлы отандасымыз Әл-Фарабидің жоғарыда айтылған пікірі біздің заманымызға,
тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жас мемлекеттің егемендігі мен
тәуелсіздігін нығайтуға қызу кіріскен бүгінгі қазақ, халқына, коғам-
мемлекет басшыларына арналып айтылған ұлы өсиет сияқты.
Ортағасырлық қанау мен соғыс дәуірінде де күштеусіз, зорлықсыз жөне
канаусы коғам идеясын, жер бетіндегі халыктар арасындағы бейбітшілік және
достық қатынастары идеалын батыл ұсынған атамыз салған сара жолды Егемен
Қазакстан халықтары бүгін де жалғастырып отыр. Әл-Фарабидің қоғам, адам
және дүниетаным көзқарастары, оның қалдырып кеткен мұрасы бүгін біз өмір
сүріп отырған қоғамның даму мәселелерімен үндес. Өркениеттік даму
түрғысынан алғанда бұлар аса маңызды мүра, батыл принциптер екендігінде дау
жоқ.
Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) XIX ғасырдың ортасында, патшалық
Ресейдің Орта Азия мен Қазакстанды отарына айналдырып, бостандық пен рухани
дамуымызды тұншықтырған дөуірде дүниеге келді. Ол география,
тарих,этнография, лингвистика, салт-дәстүр, этнос, тайпалар мен халықтардың
тарихы, туыстығы, тамырластығы жөнінде, сондай-ақ коғамның әлеуметтік
құрылымы туралы көптеген ғылыми енбектер жазды.
Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі,
имамдылық қасиеттері толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті такырыбы
болды. Ол өз халкын сүйді, оның болашағына сенді, мақтан тұтты.
Казақ барлық сенім, әдетімен де, ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған
адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті
аңыздар, өлең-жырлар жасауымен де, сауыққұмарлығымен де, халықтық заңның
көптеген кодекстерін сақтауымен де, соттық шешімдерімен де, полициялык
шараларымен де ең ақылдылардың қатарына қосылады, — деп мақтанышты
сезіммен жазды. Шоқан өз халкының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады.
"Тек акикат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға
үйретеді... Халықтың кемеліне келіп, өркендеп есуі үшін, ең алдымен,
азаттық пен білім қажет, — деп жазды ол.
Шоқан бүкіл адамзат жасаған рухаии байлықты, оның баға жетпес ортақ
казынасын өз халқының игілігіне айналдыру үшін қажымай еңбек етуді өзінің
басты мақсаттарының бірі деп санады. Біздің тұжырымымыз,—деп баса айтты ол,
- еуропалық, әсіресе алпы адам баласына тән ғылым-білім бұлағынан нәр
алуда, сол мақсатқа жету жолындагы бөгеттермен батыл күресу. Бұл — дамуға,
мәдениетті өрістетуге кабілетті кандай да болмасын халықтың түпкі мақсаты
болу керек.
Шоқан Уәлиханов қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүдесіне сәйкес келуі
қажет екендігін атап көрсетті. Ол: Халыққа етене жақын, ең маңызды, соның
мұқтажына тікелей қатысты форма — экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал
саяси :формалар экономикалык, істерді жүзеге асыратын құрал ретінде
көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің
бірегей түпкі мақсаты – материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады.
Прогресс дегеніміздің өзі осы ,—деп тұжырымдады. Сот реформасы жайында
хат деген ебегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жаткан саяси-
әлеуметтік реформаларды талдады, олардын. кемшіліктерін ашып, қателіктерін
көрсетті. Казак даласында билер сотынын сақталып қалуын халықтың қалын
бұхарасының калап отырғанын айтты. халықтың қамын ойлаған Шоқан өзі хан
ұрпагы, аксүйектен шықсада, жергілікті сұлтандар мен байлардың кедейлерді
қанап отырғанын ашу-ызамен көрсетті.
Шоқан өз тұсындағы қоғамда әлеуметтік таптар мен топтар арасындақарама-
қарсылыктыңбарекемінтүсінді.Ол:Акс үйектер мен аукатты адамдардың, әуелі
жоғары мәртебелі кауым адамдарының мүддесі көбіне қауымның, көпшіліктің
мүддесіне кереғар, қарама-қарсы келеді, — деген қорытынды жасады. Бүкіл
ұлттың мүддесі, — деді Шоқан, — қатал әділеттілікке жүгінгенде, жеке
кауымның пайдасынан жоғары болуы керек.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында патша үкіметі бірнеше экономикалық, әлеуметтік
реформалар жүргізді. Бүл реформалар қазақ халқына көптеген ауыртпалық
әкелді. Шоқанның ол өзгерістерден күткен үміті ақталмады, патшаның
отаршылдық саясаты күшейе түсті. Халықтың әлеуметтік жағдайын зерттей
отырып, Шокан қазақ халкының әл-қуатының күннен-күнге нашарлап бара
жатқанын көрді, оның басты себебі патша үкіметінің қазақ жерін отарлауынан
екенін түсінді.Қазактардың өрісі мен конысытуралы макаласында ол:
Қазақтар көрер көзге ұлан-ғайыр жердін, иесі болып отырса да, шын мәнінде,
казіргі кезде оның аз ғана бөлігін пайдаланады, сондықтан да жерге ылғи
мұқтаж болып келеді, — деп ашына жазды.
Казақ өлкесін округтерге бөліп басқарудың жаңа түрін енгізу іске
асырылғаннан кейін де, Шоқан баскару ісіне өз халқының өкілдерін араластыру
арқылы аз да болса оның саяси-әлеуметтік жағдайын жеңілдетуді ойлады. 1857
жылы жарияланған Баянауыл округі туралы деген мақаласында округтерді
басқару үшін қазақ халқының мұң-мұқтажын өзгеден гөрі жақсы түсінетін
қазактарды қою қажеттігін дәлелдеп жазды. Бірақ оның бүл әрекетінен ештеңе
шықпады.
Ш.Уәлиханов қазақ округтерінін, басында білімді сұлтандар тұрса, қоғамда
әлеуметтік әділеттік орнар еді деп үміттенді. Сондықтан да 1862 жылы
Атбасар округі бойынша сұлтан болып сайлануға өз кандидатурасын үсынды.
...Ойлағаным — оқыған билеуші сұлтаннын. қандай пайдасы болатынын
жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді, — деп жазады. Бірақ Шоқанныңбұл
ізгілікті ойы іске аспай қалды. Патша әкімдері оның аға сұлтан болуына
кедергі жасап, сайлатпай тастады. Отаршылдық саясат жүргізуші патша өкіметі
билеп тұрған мешеу қоғамда әлеуметтік әділеттік болуы мүмкін емес. Алайда
Шоқан Уәлихаповтың қазақ коғамында әлеуметтік тендік орнату, демократиялық
өзгерістер енгізу, халык мүддесіне сай келетін реформаларды іске асыру,
білімге, прогреске жеткізу туралы ойлары өзінен бұрынғы және сол кезендегі
ұлы ойшылдардың көзқарастарымен үндес болды. Сондықтан да оның ғылыми
тұжырымдары мен болжамы бүкіл ойдың озық үлгісі болып табылады.
Ш.Уәлихановтың терең ғылыми мүраларынын күнды қазіргі кезде де манызын
жойған жоқ. Өз халқының бола үшін ой кешіп, аянбай еңбек етіп, аз ғұмыр
жасаса да, келешек ұрпақ үшін қоғамдық ғылымда озық ой-пікір қалдырған
Шоқанның ұлы түлғасы әр уақытта жоғары тұрады.

ЫБЫРАЙ МЕН АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ АДАМ ТАҚЫРЫБЫ
Адам жөме қогам туралы ұлттық ой-пікірге үлкен үлес коскан ағартушы
псдагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841— 1889)болды.
Ол өзі туған қазақ коғамының жай-күйін зерттеп, онын дүниежүзілік алдыңғы
қатарлы өркениеттен артта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ОЙШЫЛДАРЫ АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшеліктері
«Қоғамдық білім негіздері»
Қазақ ойшылдарының қоғам туралы ой-пікірлері
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетін табыстырушы Батыс Еуропа орта ғасырының ірі ойшылдары Р. Бэкон, Д. Скот Фарабидің еуропа ғылымына ықпалы
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері
Қазақ ағартушылығы Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күші
Пәндер