Марксизм философиясы



Жоспар:

1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
2.1. Марксизм философиясы тууының әлеуметтік.экономикалық және саяси алғышарттары
2.2. Диалектикалық және тарихи материализмнің теориялық бастаулары

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1. Марксизм философиясы тууының әлеуметтік-экономикалық және саяси
алғышарттары

2.2. Диалектикалық және тарихи материализмнің теориялық бастаулары

3) Қорытынды

Кіріспе

Диалектикалық және тарихи материализм деп аталатын марксизм
философиясының тууы философиядағы революция болып табылады, өйткені
табиғатты, қоғамды және ойлау дүниесін қамтитын ғылыми-философиялық
көзқарас жасалды. Ол XIX ғасырдың 40-жылдарында Германияда туды. Не себепті
ол ерте емес, не кеш емес, XIX ғасырдың 40-жылдарында Германияда туды?
Бәлкім, Карл Маркс дүниеге 500 жыл бұрын келгенде, марксизм де 500 жыл
бұрын туар ма еді? Бұл сұрақтарға дұрыс жауап қайыру үшін алдымен
марксизмнің тууының әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын
қарастыру керек.
Марксизмнің тууын әзірлеген адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси
және рухани дамуының бүкіл барысы, әсіресе капиталистік құрылыстың дамуы,
оның ішкі қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың буржуазияға қарсы
күресі болды.
XVII – XVIII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар бірқатар европалық
елдерде ғасырлар бойы мызғымас берік сияқты болып келген феодалдық қоғамдық
құрылысты қиратқаны белгілі. Буржуазияның саяси өкіметті жеңіп алуы
капитализмнің дамуы, әсіресе XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың
басындағы өнеркәсіптік революцияның нәтижесінде жылдамдата дамуына жол
ашты. Мұның қажетті нәтижесі, бір жағынан, ірі машиналы индустрия, екінші
жағынан, ең революцияшыл тап пролетариаттың дамуы болды.
Бірақ капитализм дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы және
қоғамдық байлықтың өсуі еңбекшілердің тұрмысын жақсартпады. Керісінше,
қоғамның бір бөлігінде, буржуазияның қолында мол байлық жиналып жатса,
екінші бөлігінде еңбекшілердің, әсіресе пролетариаттың қайыршылығы арта
түсті. Ұсақ өндірушілердің жаппай пролетариаттануы, жұмысшылардың, оның
ішінде әйелдер мен балалардың еңбегін аяусыз қанау, төзгісіз тұрғын үй
жағдайлары, адам айтқысыз штрафтар мен қысым көрсетулер, әсіресе оқтын-
оқтын қайталанып отыратын экономикалық дағдарыстар кезінде (1825 жылдан
бастап) арта түсетін жұмыссыздық – мұның бәрі капиталистік өмір шындығының
бұрын болмаған көріністері – еңбекшілердің ашу-ызасын тудырды.
XVII – XVIII ғасырлардағы буржуазия идеологтары феодалдық қоғамдық
қатынастарды жою әділеттілікті орнататын ақыл-ойдың салтанат құруы, адамдар
арасында теңдік, тіпті туыстық қатынас орнату деп дәріптеген еді, сондықтан
да жұмысшы табы буржуазиялық революциялар кезінде буржуазияға феодалдық
үстемдікті жоюға көмектескен еді. Ал XIX ғасырдағы капиталистік өмір
шындығы мүлдем қарама-қарсы әлеуметтік нәтижелерді көрсетті: бұрынғы
одақтасы – буржуазия тап жауы болып шықты. Жұмысшылардың “жұмыс беріп
жарылқаушы” капиталистерге наразылығы жиі-жиі ереуілдер жасауға, ал кейде
қарулы көтеріліске алып келіп отырды. Франциядағы Лион тоқымашыларының 1831
және 1834 ж.ж. Германиядағы Силезия тоқымашыларының 1844 ж. көтерілістері
сондай көтерілестер болды. Англияда (30-40-жылдары) чартизм деп аталған
жұмысшылардың тұңғыш бұқаралық пролетарлық қозғлысы өріс алды. Алайда
күрестері әлі ұйымдаспаған, стихиялық сипатта болды – капиталистік езгіні
жоюдың жолдары мен құралын түсетін айқын таптық сана болмады.
Жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын Карл Маркс (1818 –
1883) пен Фридрих Энгельс (1820 – 1895) жасады. Олар жұмысшы табының
ұйымдаспаған, бытыраңқы стихиялық көтерілістерін ұйымдасқан саналы
қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ал ол үшін жұмысшы қозғалысын ғылыми-
социалистік теориямен қосу, оны қосатыны ғылыми теориямен қаруланған
ұйымшыл жұмысшы партиялары екенін дәледеп берді.
Пролетариат өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат етуі
қажеттігін, ал бұл үшін адамды адамның қанауын тудыратын экономикалық
негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік бостандыққа жеткізуге
болатыны жайында қорытынды жасады. Маркс пен Энгельс бұл қорытындыны бүкіл
қоғам өмірін, ең алдымен капитализмнің дамуын өздері жасаған ғылыми-
философиялық көзқарас – диалектикалық және тарихи материализмді басшылыққа
ала отырып зерттеудің нәтижесінде жасады.

Марксизм философиясы тууының әлеуметтік-экономикалық және саяси
алғышарттары.

Марксизмнің тууы XIX ғасырдың ортасында Европада қалыптасқан тарихи
жағдайларға байланысты болғанын туралы айтылды. Бірақ ғылыми теорияның тууы
үшін тек объективтік жағдайлардың болуы әлі жеткліксіз. Сонымен бірге жаңа
фактілерді, процестерді терең зерттей білетін, тарихи дамудың барысында
жинақталған білімдерді сын елегінен өткізіп, дұрысын пайдалана білетін
көрнекті ғалымдардың жасампаздық қызметі де қажет. К.Маркс пен Ф.Энгельс
өздерінен бұрынғы ғалымдар күн тәртібіне қойған, бірақ ғылыми шешімін таба
алмай кеткен мәселелерді шеше білді, бұл үшін капитализм тұсында
қалыптасқан адамзат білімінің жетістіктеріне теориялық негіз ретінде арқа
сүйеді.

Марксизмнің теориялық негізі немесе бастауы классикалық неміс
философиясы, ағылшынның саяси экономиясы және француздың утпопиялық
социализмі болды.

Марксизмге дейінгі материализм көбінше механистік және метафизикалық
сипатта болды, яғни табиғат пен қоғам өмірін өзгеріссіз, дамусыз деп,
дамуды мойындағандары оны тек сан өзгерісі – үлкею не кішірею, көбею не
азаю – деп түсінді. Сөйтіп, жалпы алғанда, бұрынғы материализм даму ең
алдымен сапалық өзгеріс, жалпы заңдылық екенін түсінбеді.
XVII – XVIII ғ.ғ. материализмнің механистік және метафизикалық сипатын
марксизмнен бұрын XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс
философиясының идеалистері, әсіресе Гегель қатты сынға алды. Гегельдің
диалектикасы идеалистік негізінде құрылғанымен, бірақ ол өз кезінде даму
жайында ең толық та дәйекті теория болды. К.Маркс атап көрсеткендей:
“Гегельдің қолымен мистификацияланған диалектика, дегенмен, сол Гегель
диалектикасының жаппай қозғалыс формаларын жан-жақты да саналы түрде тұңғыш
түсіндіруіне кедергі бола алмады. Гегельдің диалектикасы басы төмен қарап
тұр. Мистикалық қабығының астындағы нәрлі дәнін ашып алу үшін, оны аяғына
тұрғызып қою керек”.
Гегель диалектикасының “нәрлі дәні” – жаппай даму туралы ілімі. Ол
дамудың қайнар көзі – қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сан
өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өтуі, терістеуді терістеу арқылы жүзеге
асатын өрлемелі қозғалыс.
Бірақ Гегель идеалист болғандықтан, табиғат пен қоғам дамуының бастауы
“абсолюттік идея” деп аталатын рухани, құдай идеясы болуы тиіс еді.
Сондықтан материяның, табиғаттың дамуы сол идеяның дамуының сырт көрінісі
деп түсіндірді. Гегельдің “абсолюттік идеясы”, сайып келгенде, абсолюттік
құдайдың Гегельдің идеализмін сынағанда марксизмнің негізін салушылар
Фейербахтың материалистік философиясына сүйенді. Фейербах Гегельдің
иделизміне антропологиялық материализмді қарсы қойды. Бұл материализм
бойынша ойлау “абсолюттік идеяның” мәні емес, адам миының сыртқы дүниені
бейнелендіру қасиеті, яғни адамның табиғи қасиеті. Фейербах адамды табиғат
дамуының ең жоғарғы жемісі, адам арқылы ғана табиғат өзін танып біле алады,
қабылдайды деп санады.
Фейербахты адамды табиғатпен бірлікте қарай отырып, сонымен қатар
адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығын да көрсетуге тырысты. Жеке
адамдарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марксизмнің таптық қоғам теориясы
Капитал еңбегі
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Өмір философиясы
Маркстік философия туралы
Марксизм ілімі
Социализм теориясын нақтылау
Пәндер