Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)


- КІРІСПЕ
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген /1, 5-6 б/. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың айналым қаражаттарын қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады. Берілген жұмыстың өзектілігі одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін айналым капиталын тиімді басқару маңызды қажеттілігіне айналған шағын және орта кәсіпорындар санының өсуімен анықталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиялық түзетуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» деген /2, 3-4 б/, осы орайда бұл мәселені шешу үшін, мемлекет экономикасының ажырамас бөлігі болып табылатын нарықтық экономикадағы әрбір кәсіпорынның өміршеңдігін сақтап қалу, оның дамуы, тек ұлттық шекарада емес, халықаралық деңгейде қызмет етуі үшін алғышарттардың бірі болып оның айналым капиталының тиімді басқарылуын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Қазақстандық автор Жүйріков К. К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін, соның ішінде олардың айналым қаражаттарының жағдайына әсерін анықтау үшін кәсіпорын қызметін сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кешенді талдау негізінде кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға ұсыну.
Дипломдық зерттеудің басты мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- «Астана Трэйд Интернэшнл» акционерлік қоғамының айналым қаражаттарының жағдайын және қолдану тиімділігін бағалау;
- «Астана Трэйд Интернэшнл» акционерлік қоғамының меншікті айналым қаражаттары мен ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару тиімділігін бағалау;
- айналым капиталын басқаруды жетілдіру жолдары мен резервтерін іздестіру.
Зерттеу объектісі - «Астана Трэйд Интернэшнл» акционерлік қоғамының айналым қаражаттары.
Зерттеу пәні - кәсіпорынның айналым капиталын басқару.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың қазіргі заманғы әдістері; кәсіпорынның ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару.
Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің нәтижелері кәсіпорынның ағымдық қаржылық қызметінде айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату мақсатымен, қайта айналымға енгізу және жартылай босап шығу есебінен айналым қаражаттарының мөлшерін төмендету мақсатымен қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні, әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері келтірілген; олардың қаржыландару көздері мен нарықтық экономикадағы ролі көрсетілген, кәсіпорындағы айналым қаражаттарын ұйымдастыру мәселері және олардың қазіргі қазақстандық жағдайлардағы қызмет ету ерекшеліктері аталған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі айналым қаражаттарын басқару мен талдаудың әдістемелік аспектілеріне арналған: қаржылық талдау негізінде кәсіпорынның айналым қаражаттарына деген жоспарлы қажеттілігі анықталған; көрсеткіштердің динамикасы бағаланған; іскерлік белсенділік коэффиценттері анықталып, олардың айналым қаражаттары жағдайына әсері көрсетілген.
Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар ойластырылған.
1 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Айналым капиталы түсінігіне анықтама беріліп, оның құрамы мен құрылымы ашып көрсетілген, айналым капиталын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері анықталған. Сонымен қатар біздің отандық жағдайда айналым капиталын басқару ерекшеліктері көрсетілген.
1. 1 Айналым капиталы түсінігі мен мәні
Нарықтық қатынастар жағдайында айналым капиталы ерекше мәнді иеленіп келеді. Өйткені олар өз құнын жаңа өндірілген өнімге толықтай көшіріп, капиталдың әр айналымының соңында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып келетін өндіріс капиталының бір бөлігі болып табылады. Сөйтіп, айналым капиталы кәсіпорынның табыстылығын анықтаушы маңызды критерий болып саналады.
Айналым капиталы - кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы мен тиімді қолданылуы - кәсіпорынның сәтті қызметінің маңызды шарттарының бірі. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын анықтайды. Жоғары инфляция, төлемсіздік және басқа да қолайсыз жағдайлар кәсіпорындарды айналым капиталына қатысты саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесін зерттеуге итермелейді.
Өндіріс үздіксіздігін қамтамасыз етуші маңызды шарттардың бірі болып оның материалдық негізін, яғни өндіріс қаражаттарын үнемі жаңартып отыру саналады. Ол өз алдына өндіріс қаражаттары қозғалысының үздіксіздігін алдын ала анықтайды.
Өзінің айналысында айналым қаражаттары ақшалай, өндірістік және тауалы нысандарға ие болып отырады. Ол айналым қаражаттарының өндірістік қаражаттар және айналыс қаражаттары болып бөлінуіне сәйкес келеді.
Өндірістік қорлардың материалдық нұсқаушысы болып өндіріс құралдары табылады. Олар еңбек кұралдары және еңбек заттарына бөлінеді. Дайын өнім ақшалай қаражаттар мен есептегі қаражаттармен бірігіп айналыс қаражаттарын құрайды.
Кәсіпорын қорларының айналымы құнның ақшалай нысанын шикізат материал, отын және басқа да өндіріс құралдарын сатып алуға авансталудан басталады. Нәтижесінде ақшалай қаражаттар өндіріс қорлары нысанын айналыс сферасынан өндіріс сферасына өту арқылы қабылдайды. Бұл жағдайда құн шығындалмайды, тек авансталады, себебі айналыс соңында ол қайтарылады. Бірінші саты соңында тауарлық айналыс тоқтатылады, бірақ айналым жалғасады.
Айналымның екінші стадиясы өндіріс процесінде жүзеге асырылады. Жұмысшылар күші жаңа құрылған және орын алмастырылған құнды өзіне кіргізетін жаңа өнімді дайындайды. Авансталған құн өзінің нысанын өзгертеді - өндірістіктен тауарлыға өтеді.
Айналымның үшінші сатысында өндірілген дайын өнім өткізіліп, ақшалай қаражаттар алынады. Бұл сатыда айналым қаражаттары қайтадан өндіріс сферасынан айналыс сферасына өтеді. Үзілген тауарлы айналым жалғасады және құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға өтеді. Өнімнің өндірілуі мен өткізілуіне жұмсалған ақшалай қаражаттар мен өндірілген өнімді өткізуден түскен ақшалай қаражаттар арасындағы айырма кәсіпорынның ақшалай жинақтарын құрайды.
Бір айналымды аяқтап болған соң, айналым қаражаттары жаңа айналымға түседі, сөйтіп үздіксіз айналым жүзеге асырылады. Айналым қаражаттарының үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз етуші негіз болып табылады. Кәсіпорындардың қорлар айналымының анализі мына жағдайға көз жеткізеді: авансталған құн тек әртүрлі нысандарды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар үнемі осы нысандарда анықталған мөлшерлерде болады. Басқа сөзбен айтқанда, авансталған құн айналымның әрбір сәтінде әртүрлі бөліктерімен бір уақытта ақшалай, өндірістік, тауарлы нысандарда болады. Кәсіпорын қорларының айналымы ақшалай нысандағы авансталған құнның белгілі бір мөлшерінде ғана жүзеге асырылады. Айналымға түскен авансталған құн өзінің функционалдық нысандарын өзгерте отырып одан шықпайды. Ақшалай нысандағы көрсетілген құн кәсіпорынның айналым қаражаты болып табылады.
Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде қабылданады. Олар материалдық құндылықтар болып табылмайды, себебі олардан дайын өнім өндіруге болмайды. Ал ақшалай нысандағы құн бола отырып, айналым қаражаттары айналым процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім нысандарын қабылдайды. Тауарлы-материалдық қорларға қарағанда айналым қаражаттары шығындалмайды, жойылмайды, олар авансталады.
Айналым қаражаттарының мәнін ашып зерттеу айналым қорларын және айналыс қорларын қарастыруды ойластырады. Айналым қаражаттары және айналыс қаражаттары өзара байланыста болады, бірақ олардың арасында еленерліктей айырмашылықтар бар. Айналым қаражаттары үнемі кәсіпорын қызметінің барлық сатыларына қатысады, ал өндірістік қорлар болса шикізаттың, отынның, негізгі және көмекші материалдардың жаңа партияларымен алмастырылатын өндірістік процесті өтеді. Өндірістік қорлар айналым қорларының құрамдас бөлігі бола отырып, өндіріс процесіне өтеді. Дайын өнімге айнала отырып, кәсіпорыннан шығады. Айналым қаражаттары өндіріс процесінде өз құнын дайын өнімге бере отырып толығымен тұтынылады. Олардың сомасы айналым қаражаттарының сомасынан он есе көп болуы мүмкін.
Айналыс процесінде айналым қаражаттары өз құнын айналым қорларында көрсетеді, сондықтан осы қорлардың арқасында айналым қаражаттары өндіріс процесіне қатысады, өндіріс шығындарын қалыптастыруға қатысады.
Егер айналым қаражаттары жаңа өнімді қалыптастыруға тікелей немесе жанама қатысса, онда олар біртіндеп азайып, айналыстың аяғына дейін жойылуы керек еді.
Айналым қаражаттары тұтыну қоры бола тұра бір ғана нысанда қолданылады, ол өндірістік нысан. Айналым қаражаттары біртіндеп әртүрлі нысандар қабылдап қана қоймай, сонымен қатар белгілі бөліктерде осы нысандарда болады.
Келтірілген жағдайлар айналым қорлары мен айналым қаражаттары айналысын шектеудің объективті қажеттілігін тудырады.
Айналым қаражаттарын олардың айналыс сатысындағы функционалдық нысаны, яғни айналыс қорларымен салыстыру келесі нәтижелерге әкеледі. Кәсіпорын қорларының айналысы өнімнің өткізілу үрдісімен аяқталады. Берілген үрдістің дұрыс жүзеге асырылуы үшін олар негізгі және айналым қорларымен қатар айналыс қорларына ие болуы қажет.
Айналыс қорларының айналымы өндірістік айналым қорларының айналымымен тығыз байланысты және оның жалғасы мен соңы болып табылады. Айналыс жасай отыра бұл қаражаттар жалпы айналым құрады. Бұл үрдісте еңбек өніміне көшірілген айналым қорларының құны өндіріс сферасынан айналыс сферасына көшеді, ал авансталған құн мөлшеріндегі айналыс қорлары құны айналыс сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Сөйтіп, әртүрлі функционалдық нысаннан өтіп, бастапқы ақшалай нысанға оралатын авансталған қаражаттардың айналымы жүзеге асырылады. Айналым қаражаттары айналым жасай отырып, өндіріс сферасынан айналыс сферасына өтеді.
Айналым қаражаттарын өндірістік айналым және айналыс қорлары запастарына авансталған ақшалай қаражат ретінде қарастыру бұл категорияның толық экономикалық мәнін ашпайды. Ол ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасын аванстаумен қатар бұл запастарға өндіріс үрдісінде өндірілетін қосымша өнім құны авансталу үрдісі болатынын ескермейді. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлар айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттары сомасы түскен пайданың белгілі бір сомасына өседі. Рентабельді емес мағынада ақшалай қаражаттар деп атауға болмайды. Өндірістегі және айналыстағы қаражаттарды ақшамен шатастыруға болмайды. Жиынтық құн ақша нысанында авансталады және өндіріс пен айналыс үрдісінен өтіп, қайтадан осы нысанды иемденеді. Ақшалай қаражаттар қаражаттар қозғалысында делдал болып табылады. Ақшамен көрсетілген жиынтық құн тек арасында ғана және бөліктермен нақты ақшаға айналады. Сөйтіп, айналым қаражаттары минималды қажетті мөлшердегі айналыс қорлары мен өндірістік айналым қорларының жоспарлы құрылуы мен қолданылуы үшін ақшалай нысандағы авансталатын құн болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік бағдарлама мен есептесуді уақтылы жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бірінші суретте (Сурет 1) кәсіпорынның айналым қаражаттарының схемасы көрсетілген.
Сурет 1. Айналым қаражаттарының схемасы
Кәсіпорынның айналым қаражаттары екі функция атқарады: өндірістік және есептік. Өндірістік функцияны орындай отырып, айналым қаражаттары өндірістік айналым қаражаттарына авансталады, өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өзінің құнын өндірілген өнімге көшіреді. Өндірістің аяғында айналым қаражаттары айналыс қорлары түрінде айналыс сферасына өтеді. Онда олар екінші функциясын атқарады, бұл функцияның мәні - айналым қаражаттарының тауарлы формадан ақшаға айналуы және айналыстың аяқталуы. /3, 64-65б/
Айналым капиталы компоненттерінің сыныпталуы мынадай белгілері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
- ликвидтілік дәрежесі бойынша;
- өндірістегі функционалдық ролі бойынша;
- капиталды орналастыру тәуекелі дәрежесі бойынша;
- қаржыландыру көздері бойынша бойынша.
Айналым капиталының мөлшері тек өндірістік үрдістің қажеттіліктерімен ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады.
Тұрақты айналым капиталы ақшалай қаражаттардың, дебиторлық қарыздардың, өндірістік қорлардың белгілі бір бөлігі болып табылады. Операциялық цикл кезінде оларға деген қажеттілік салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл кәсіпорынның тұрақты қарауындағы уақыттық параметрлермен орташаландырылған ағымдық активтердің мөлшері. Ауыспалы айналым капиталы категориясы ең ауыр кезеңдерде немесе сақтандыру қоры ретінде қажет етілетін қосымша ағымдық активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-материалдық қорларға деген қажеттілік маусымдық өткізу кезіндегі сатудың жоғары деңгейін қадағалап отырумен байланысты болуы мүмкін.
Айналым капиталын басқарудың мақсаты айналым капиталының көлемі мен құрылымын, олардың жабылу көздері мен кәсіпорынның тиімді қаржылық және ұзақ мерзімді өндірістік қызметін қамтамасыз етуге қажетті олардың арақатынасын анықтау болып табылады. Бұл мақсат стратегиялық сипатқа ие; ағымдық қызметті басқаруды тиімді ететін мөлшерде айналым капиталын ұстау да маңызды болып табылады. Осы позиция жағынан алғанда өтімділік кәсіпорынның маңызды қаржы-шаруашылық сипаттамасы болып табылады, яғни бұл қысқа мерзімді кредиторлық қарызды уақытылы қайтаруды білдіреді. Айналым капиталының төмен деңгейінде өндірістік қызмет өзіне сәйкес деңгейінде болмайды, осыдан мынадай қиыншылықтар тууы мүмкін: өтімділікті жоғалту, жұмыстағы қайталанып отыратын ақаулар және төмен пайда. Айналым капиталының кейбір оптималды деңгейінде пайда максималды болады. Айналым капиталының одан да әрі өсуі кәсіпорынға өз иелігінде мерзімді бос, айналыстағы емес ағымдық активтерді, сонымен қатар қаржыландырудың артық шығындарын ұстауға мүмкіндік береді. Бұл пайданың төмендеуіне әкеледі (Сурет 2) .
Пайда
Орташа Айналым капиталы деңгейі
Сурет 2. Айналым капиталы мен пайданың өзара әсері
Кәсіпорын жұмысының жоғары нәтижелігі, бірыңғайлығы оның айналым қаражаттарымен қажетті деңгейінде қамтамасыз етілуіне байланысты. Материалдық қорларды сатып алуға авансталған қаражаттардың жеткіліксіздігі өндірістің қысқартылуына, өндірістік бағдарламаның орындалмауына әкелуі мүмкін. Мөлшерден тыс қаражаттарды қорларға салу ресурстарды тиімсіз қолдануға әкеп соқтырады.
Айналым қаражаттары өзіне материалдық және ақшалай ресурстарды кіргізетін болғандықтан, олардың ұйымдастырылуы мен тиімді қолданылуы материалды өндіріс үрдісіне ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етеді. /4, 230б/
1. 2 Айналым капиталын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері
Кәсіпорындардың айналым қаражаттары айналымның барлық сатылары өндірістің материалдық және ақшалай ресурстарға қажеттіліктерін қанағаттандыруға, есептесулердің өз уақытылығын қамтамасыз етуге, айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға, айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Айналым қаражаттарын қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып бөлінеді. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды рольді иемденеді. Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар істі рентабельді жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке тартылуы үшін белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы қажет.
Айналым қаражаттарының қалыптасуы кәсіпорынның құрылуы кезінде, дәлірек айтсақ, жарғылық қорының құрылуы кезінде жүзеге асады. Бұл жағдайда қалыптасудың көзі ретіде кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары алынады. Қызмет процесінде айналым қаражаттарының толықтырылу көзі болып түскен пайда және меншікті қаражаттарға теңестірілген тұрақты пассивтер табылады. Бұл қаражаттар кәсіпорын иелігінде болмайды, бірақ үнемі айналыств болады. Бұндай қаражаттар айналыс капиталының минималды қалдығы сомасының қалыптасу көзі ретінде қолданылады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорын жұмысшыларының айдан айға өтетін минималды еңбекақы төлемі, шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет және бюджеттік емес ұйымдар алдындағы минималды қарыздар, кредиторлар қаражаттар.
Еңбекақы бойынша минималды қарызды есептеген кезде еңбекақыны есептеген және оны төлеген күндер аралығындағы кезең анықталады. Содан кейін бір күндік еңбекақы мөлшері анықталып, ол кәсіпорын айналысы есебіндегі минималды күндер санына көбейтіледі. /5, 800б/
Шығындарды және төлемдерді жабуға арналған резервтер құрамында жөндеу және демалыс күндері үшін төлемдер қоры қалыптасады. Бөлініп отыратын қаражаттар тең үлестермен ай сайын осы резервтерге түсіп отырады, ол бухгалтерлік есеп шоттарында өз көрінісін табады. Демалыс күндері үшін төлемдер қоры резерві жұмысшының демалысқа кеткен күнінен бастап қолданылады. Демалыс төлемдерін есептеу және төлеу күндерінің арасында белгілі бір уақыт мерзімі өтетіндіктен мөлшері тұрақты болып табылатын ақшалай қаражаттар қалдығы қалыптасады. Бұл қалдық келе жатқан кезеңдегі еңбекақы қоры өсімін есепке ала отырып, минималды қарыз ретінде есептеледі. Бұл резервті қалыптастыру жөніндегі шешімді кәсіпорын өз бетімен қабылдайды. Жөндеу қоры да кәсіпорын шешімімен құрылады және негізгі өндірістік қорларды жөндеу жұмыстары бойынша төлемдерді жүргізу кезінде қолданылады. Жинақталған қаражаттардың жөндеуге шығындалуына дейін оларды кәсіпорын айналыс капиталы ретінде қолдануы мүмкін.
Бюджет алдындағы минималды қарыздар есептелу мерзімі олардың төлену мерзімінен бұрынырақ болатын салық төлемдері бойынша анықталады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъект болып табылатын кәсіпорын салығына, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің бюджетке төлейтін табыс салығына қатысты.
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттардан басқа айналым капиталын қалыптастыру көзі ретінде кәсіпорынның кредиторлық қарызы да алынуы мүмкін (кәсіпорынның иелігіндегі емес, бірақ уақытша оның айналысындағы қаражаттар) . Егер тұрақты міндеттемелерді жоспарлауға болатын болса, ал кредиторлық қарызды есептесулердің ерекшеліктеріне байланысты туындайтын нормальді және сатып алушылардың есептесу құжаттарының төлену мерзімі бұзылуы нәтижесінде пайда болатын нормальді емес деп бөлуге болады. Соңғы айтылған жағдайда жабдықтаушыдан тауар алып, оның құнын уақытында төлемеген сатып алушы өз иелігіндегі емес қаражаттарды қолданылады.
Айналым капиталын қалыптастырудың басқа да көздері ретінде пайда есебінен түзілген, уақытша қолданыстағы емес арнайы мақсатта қолданылатын қорлардың қалдығын атауға болады. Кәсіпорынның айналыс қаражаттарына деген мұқтаждығы жыл ішінде тұрақты болмайды. Ол әртүрлі факторларға байланысты құбылуы мүмкін: өндірістің маусымдығы, өткізілген өнім үшін ақшалай қаражаттардың уақытылы келіп түспеуі, қоймада өткізілмеген дайын өнімнің жинақталуы және тағы да басқа жағдайлар. Кейбір аталып өткен факторлар өндірістің айрықшалығына, өнім өткізудің әдісіне, яғни өндірістің қалыпты жағдайларына және нақты кәсіпорындағы өнім өткізілуінің себептеріне байланысты. Сондықтан айналым капиталын тек меншікті қаражаттар есебінен қалыптастыру экономикалық тұрғыдан қарағанда дұрыс емес, себебі бұл кәсіпорынның басқа шығындарды қаржыландыру мүмкіншілігін төмендетеді.
Айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті төмендету және олардың тиімді қолданылуын ынталандару үшін қарыз қаражаттарын тарту маңызды болып табылады. Айналым капиталына деген қосымша қажеттіліктерді қанағаттандыратын банктердің қысқа мерзімді несиелері қарыз қаражат көздерінің негізгісі болып табылады. Несиелерді беру кәсіпорынның қаржылық жағдайымен, оның төлемқабілеттілігімен байланыстырылады. Несие берместен бұрын банк ссуда мөлшері мен мерзімін, кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижелерін назарға ала отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта банктер кәсіпорындарға мүлік кепілдігі нысанында немесе несиені қайтара алмау тәуекелдігін сақтандару нысаны жағдайында несие береді. /6, 19-26б/
Айналым қаражаттарын қалыптастыру мақсатында несиелерді тартудың негізгі бағыттары: шшикізат және материалдардың маусымдық қорларын несиелендіру; меншікті айналым қаражаттары жетіспеушілігін уақытша толықтыру; есептесулерді жүзеге асыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz