Мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға тарту шаралары


Мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға тарту шаралары
Жоспар:
- Кіріспе
Мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік бейімдеу жолдары
- Негізі
а) Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға көрссетілетін көмектер
ә) Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласының мумкіндігі шектеулі балаларға деген тарауын талдау
б) дамуы шектеулі баларды инклюзивті оқыту шаралары
в) соңғы жылдарда Мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік қамтамасыздандыру шаралары
г) Жеке меншік ұйымдардың өзекті жағдайға деген көмегі
- Қорытынды
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау- қоғам парызы
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынас-
қа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс. Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.
Бейімделу - бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі - біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.
Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.
Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:- «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі - кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»- деп атап көрсетеді. Сондай - ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.
Әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып, қолдау көрсетіп, дамыту қажет. Әр бала өзінше жеке тұлға болып табылады. Бала дамуындағы ауытқушылық - бұл түсіністік шеңберіндегі қателік. Айналасындағылардың қанағаттанарлықсыз қатынасы бұл жетіспеушілікке әкеледі, ал бұл аурудың емес, қоршаған ортаның мәселесі. Даму мүмкіншілігі шектеулі балалар жақсы әрі жан-жақты өмір сүруге құқылы. Биылғы жылдың 1 мамырындағы есеп бойынша еліміздегі мүгедек балалар саны 56 839 болып отыр. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны 48 049 немесе еліміздегі аталмыш жасқа дейінгі балалардың 1, 1%ын құрайды. Олардың барлығына ел заңдарына сәйкес, әлеуметтік көмек және медициналық, педагогикалық түзету түріндегі қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар мүгедек балаларды емдеу және отбасының материалдық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету қарастырылған. Қазіргі таңда мүгедек балаларға ай сайын мүгедектігі үшін әлеуметтік жәрдемақы және балаларға берілетін көмек орнына арнайы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Олардың көрсеткіштеріне келетін болсақ, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 17 684 теңге, бірінші дәрежелі мүгедектерге - 24 321, екінші дәрежелі мүгедектерге 20 247 теңге, ал үшінші дәрежелі мүгедек балаларға 20 247 теңгені құрайды.
2008 жылғы Елбасы Жолдауына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнайы мемлекеттік жәрдемақыны орташа есеппен жыл сайын 9%ға көтеріп отыру қарастырылады. 2009 жылы 44 700 мүгедек бала 638, 1 млн. теңге арнайы мемлекеттік көмек алды. Ал өткен жылы 45 810 бала 724, 1 млн. теңгенің әлеуметтік көмегін алса, 2011 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 48 049 балаға 214, 1 млн. теңгені көрсетті. 2007 жылмен салыстырғанда 4 және одан да көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы 4 есеге өсіп, 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша 45 630 теңгені құрайды. Ал бір жасқа дейінгі баланың күтіміне берілетін жәрдемақы 2, 4 есеге көбейіп, бірінші балаға 8 316(5, 5 АЕК), екінші балаға (6, 5АЕК), үшінші балаға 11 340 теңге(7, 5АЕК), төртіншісіне 12 852(8, 5 АЕК) теңгені құрайды. Тағы бір атап өтетін жәйт, өткен жылдан бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандарға ең төменгі айлық есептік көрсеткіш жәрдемақысының тағайындалуы. Бұл жұмысын тастап, үйде баламен айналысуға мәжбүр болған ата-аналар үшін өткір мәселе болатын. 2010 жылы мұндай көмекті 51 178 ата-ана және қамқоршы алған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанындағы 2674, 4 млн. теңгенің көмегін 53 319 адам алған. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек беру мақсатында үйде оқытылып, тәрбиеленетін 11 659 мүмкіндігі шектеулі балаға барлық облыстарда жергілікті бюджет есебінен төлемақы беріліп отырады. Ал білім алу барысында берілетін ай сайынғы орташа төлемақы 4 мың теңге. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік саланы жаңғырту үдерісіне тың серпіліс әкелсе, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы жаңа бағыттарды айқындап, міндеттерді нақтылап берді.
Атап айтқанда, Президент құқық пен әділдік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруды жүктеп отыр. Оған бізде толық мүмкіндік бар. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» тиісті заңдар да қабылданған. Дей тұрғанмен, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту кешенді тұрғыдан қарастырылмағандықтан, стандарттары мен нормативтері жан-жақты ойластырылмағандықтан, кемшіліктері болды. Көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын бағалау, бақылау және кепілдік беру тетігі болмағандықтан, балама нысандар мен таңдау құқығы дамытылмағандықтан, білікті кадрлардың тапшылығынан азаматтардың қажеттілігін толық қанағаттандыра алмай келеміз. Осындай кемшіліктер ірі интернат үйлерінің көбейіп кетуіне, отбасылық байланыстардың әлсіреуіне, қызметтер сапасының төмендеуіне, сондай-ақ, бұл салада мемлекеттік монополияның күш алуына әкеліп соқтырды.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту, олардың сапасын арттыру мақсатында Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында кепілді және қосымша әлеуметтік қызметтердің тізбесін әзірлеп, заң жүзінде бекітуді, оларды көрсету тәртібіне өзгеріс енгізуді, әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу және қызметкерлерді аккредиттеуді тапсырған болатын. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселесімен Білім және ғылым министрлігі айналысады. Онда мүгедек балалар туралы мәліметтер бойынша орталықтандырылған банк және арнайы ұйым желісі құрылған. Бұл білім беру ұйымдарының кеңеюі бойынша үйлесімді шаралар қабылдауға, сондай-ақ республика бойынша және әр аймақтарда арнайы білім беруді басқару жүйесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Психологиялықмедициналықпедагогикалық консультация желісі кеңейді. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы артта қалушылықты ерте бастан анықтауда үлкен көмегін тигізуде. Республикада ондай ПМПК саны - 57. Инклюзивті білім беру де даму үстінде. Бүгінде арнайы түзету ұйымдарының саны 101-ді құрайды. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар санын екі есеге арттырдық. Өткен жылы олардың саны 1155 бірлікке жетті.
Дені сау құрдастарымен үнемі араласу олардың қоғамға бірігуі және әлеуметтік бейімделуі секілді мәселелерін тиімді шешуге септеседі. Сондықтан 98 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде және 1 286 жалпы орта мектепте инклюзивті оқытудың жағдайлары қарастырылған. Онда 17 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар дұрыс даму үстіндегі құрдастарымен бірлесіп, даму үстінде.
Жаңа үлгідегі арнайы ұйым желісі де дамып келеді. Өткен жылы 17 реабилитациялық орталық, 124 психологиялықпедагогикалық коррекциялау және 402 логопед пункті жұмыс істеді. Сонымен қатар 380 инклюзивті білім беру және коррекция кабинеттері өз міндеттерін атқаруда. Коррекциялық ұйымдар арнайы құрал-жабдықтармен, оқытудың көмекші техникалық және компенсаторлық құралдарымен жабдықталады. Атап айтсақ, сурдотехника, тифлотехника, релаксацияға арналған сенсорлы және жұмсақ бөлмелермен, логопедтік және емдеу тренажерлерімен 42%ға қамтамасыз етілген. Жаңа үлгідегі оқыту ұйымдары бұрын оқытуға келмейтін балаларды оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік беруде. Қорыта айтсам, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы жалпы білім беру бағдарламаларымен қамту 42, 6%-ды құрайды.
Соңғы 3 жыл ішінде 7 мыңнан астам балаға протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді. 3 мыңға жуық көз және құлақ кемістігі бар бала, сурдо, тифлотехника (есту аппараты), көп функциялы белгі жүйесімен және басқа да техникалармен қамтамасыз етілді. Мүгедектігі бар 1748 балаға арба-орындық берілді. Жыл сайын 1000-ға жуық бала санаторий-курорттық ем алуға жіберіледі. Жалпы алғанда, елімізде арнайы әлеуметтік қызмет түрлерімен мүгедек балалардың 30%-ы (17 079 адам) қамтылған.
2009 жылдан бастап әлеуметтік жұмыстар бойынша мамандар дайындауға, дефектологтар, логопедтер, әдіскерлер, дене шынықтыру мұғалімдерін, еңбек нұсқаушысы, невропатолог секілді қат мамандықтарды енгізу қаржыландырыла бастады.
Атап көрсетер жәйт, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің бәсекелі рыногын қалыптастыру мақсатында сала бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға үкіметтік емес ұйымдар кеңінен тартылуда. 2010 жылы үкіметтік емес ұйымдар психоневрологиялық аурулармен ауыратын 2 мың адамға 446, 5 млн. теңгеге арнайы әлеуметтік қызмет көрсеткен. Биыл бұл көрсеткішті көбейтуді жоспарлап отырмыз.
Жалпы, мүгедек балалардың көп бөлігі толыққанды емес отбасыларда, көбінесе әкесіз өседі. Ал бұл тәжірибе көрсетіп отырғандай, аз қамтылған отбасыларға жатады. Әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа формаларын енгізу арқылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды мүгедек баланың қажетті көмек кешенін алуға құқын сақтай отыра жұмысқа орналастыру мүмкін болып отыр. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін қолдау мақсатында мемлекет салық төлеуге жеңілдік береді. Жалпы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі таңда мемлекетіміздің басым бағыты ретінде айқындап берген стратегиялық бағдары бойынша, әрі Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыруға негізделген «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауына сәйкес қоғамдағы әлеуметтік қолдауды бір сәтке болсын толастатпай, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін тынбай еңбек ету парызымыз. Ал кішкентай бүлдіршіндеріміз осы қоғамның мүшесі, әрі ертеңі. Сондықтан да олар еш уақытта мемлекет назарынан тыс қалмайды. Осылайша мемлекет қолдауына мұқтаж балаларды үнемі қолдап отыру тұрғысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар тізбегі тоқтамақ емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz