Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері


Саятшылардың анықтауынша, жалпы құс атаулы біріне-бірі қарама-қайшы жаратылған екі үлкен топқа бөлінеді. Оның бірі – “желбесін құстар”, екіншісі – “тұяқты құстар”. Бұларды ескі ұғым бойынша бұрын “адал құс”, “арам құс” деп атап келген.
Желбесін құс дегеніміз – етін жеп, мамық жүнін шаруаға жарататын пайдалы құстардың тобы. Бұлардың өзі тіршілік етуіне қарай екі жікке айырылады: суға жүзіп, су ішіндегі неше түрлі жұмсақ жалбыз, балдырған жапырақ, қазоты секілді шөптер мен минералдарды, құм, сүлік, балық, молюскаларды жеп күнелтетін құстарды “су құстары” дейді. Олар – аққу, қоңырқаз, қоқиқаз (қызыл қаз), бірқазан, қалбағай, аққұтан, көкқұтан, керқұтан, әупілдек, шағалалар, тағы толып жатқан неше алуан құстар.
Ал, суға жүзе алмайтын, қырда жүріп шалғын шөп, бидайық, бетеге, жусан, тамырдың түбі, ащы кертарлан өсімдіктерді және құрт-құмырсқа, шегіртке, неше түрлі шыбын-шіркейді қорек етіп, суды сирек ішетін қанаттылар тобын “қыр құстары” деп атайды. Бұл топқа кіретіндер – дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, оқпақ, қарабай, тырна, шыңырау, тарғақ, тағы басқалар.
Кейбір құстар тау ішіндегі шытырман сай-саланы, ну орманды, бұталы, тоғайлы өзен бойларын көбірек сағалап, қыр мен сулы өлкені бірдей жайлап жүреді. Олар – қырғауыл, құр, шіл, ұлар, тауқұдірет, орақтұмсық, сутауық, бөдене (бытпылдақ), бұлдырық сияқты қанаттылар. Саятшылық кәсібіне кіретін құстардың көпшілігі, әсіресе, қопалы көлді, қамысты, желкенді су бойларын, қақшымақ сорды көбірек мекендейді. Ондай құстардың тобына кіретіндер – сүңгуір үйректер, сарыалақаз, торыалақаз, италақаз, жылқышы, балшықшы, қызғыш, қаралақалқа, тағы да басқалар. Қаншыр тұқымдастардың ішіндегі тырна, қарабай, шыңырау, шағала сияқты құстар болмаса, өзгесінің барлығы да етін жеп, мамық жүнін шаруаға жаратуға келетін пайдалы желбесін құстар болып саналады. Тырна, шыңырау, қарабай, шағала тәрізді құстар көбінесе кесірткі, жылан, бақа сияқты жәндіктерді қорек ететін болғандықтан да олардың еті өте дәмсіз және улы келеді. Сондықтан да олар жеуге келмейді және саятшылар олардың соңына түспейді де. Қопалы көлді, өзен бойын сағалайтын құтан, қалбағай тұқымдас құстардың да бағалы мамық жүні болмаса, еті онша дәмді бола қоймайды.
Ал енді тұяқты құстарға келсек, олар да өзара екі топтан құралады. Бұлардың бір тобы – адамның үйретуіне көніп, аңшылық кәсібіне қызмет ететін “қыран заты” болса, енді бір тобы – не шаруашылыққа, не аңшылық кәсіпке пайдалануға келмейтін “керексіз заттылар” болып табылады. Бұл соңғыға қосылатындар: әртүрлі қарақұстар (көкжөре, күшеген, балтақұстар, сақалтақ), субүркіт, саңқылдақ, сарышағыл, саржала, жаламансары, бөктергі, кезқұйрық, құладын, күйкентай, ақсары, ақүкі, жапалақ, тағы сол сияқты өлексе, тышқан, кесірткі, бақа, жылан жеп күнелтетін құстар. Өзінің күнкөріс, тіршілік әдетіне қарай құзғын, қарға, сауысқан тектес құстар да осы айтқан топқа кіреді.


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 200 теңге




Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері

Саятшылардың анықтауынша, жалпы құс атаулы біріне-бірі қарама-қайшы
жаратылған екі үлкен топқа бөлінеді. Оның бірі – “желбесін құстар”,
екіншісі – “тұяқты құстар”. Бұларды ескі ұғым бойынша бұрын “адал құс”,
“арам құс” деп атап келген.
Желбесін құс дегеніміз – етін жеп, мамық жүнін шаруаға жарататын
пайдалы құстардың тобы. Бұлардың өзі тіршілік етуіне қарай екі жікке
айырылады: суға жүзіп, су ішіндегі неше түрлі жұмсақ жалбыз, балдырған
жапырақ, қазоты секілді шөптер мен минералдарды, құм, сүлік, балық,
молюскаларды жеп күнелтетін құстарды “су құстары” дейді. Олар – аққу,
қоңырқаз, қоқиқаз (қызыл қаз), бірқазан, қалбағай, аққұтан, көкқұтан,
керқұтан, әупілдек, шағалалар, тағы толып жатқан неше алуан құстар.
Ал, суға жүзе алмайтын, қырда жүріп шалғын шөп, бидайық, бетеге,
жусан, тамырдың түбі, ащы кертарлан өсімдіктерді және құрт-құмырсқа,
шегіртке, неше түрлі шыбын-шіркейді қорек етіп, суды сирек ішетін
қанаттылар тобын “қыр құстары” деп атайды. Бұл топқа кіретіндер – дуадақ,
жорға дуадақ, безгелдек, оқпақ, қарабай, тырна, шыңырау, тарғақ, тағы
басқалар.
Кейбір құстар тау ішіндегі шытырман сай-саланы, ну орманды, бұталы,
тоғайлы өзен бойларын көбірек сағалап, қыр мен сулы өлкені бірдей жайлап
жүреді. Олар – қырғауыл, құр, шіл, ұлар, тауқұдірет, орақтұмсық, сутауық,
бөдене (бытпылдақ), бұлдырық сияқты қанаттылар. Саятшылық кәсібіне кіретін
құстардың көпшілігі, әсіресе, қопалы көлді, қамысты, желкенді су бойларын,
қақшымақ сорды көбірек мекендейді. Ондай құстардың тобына кіретіндер –
сүңгуір үйректер, сарыалақаз, торыалақаз, италақаз, жылқышы, балшықшы,
қызғыш, қаралақалқа, тағы да басқалар. Қаншыр тұқымдастардың ішіндегі
тырна, қарабай, шыңырау, шағала сияқты құстар болмаса, өзгесінің барлығы да
етін жеп, мамық жүнін шаруаға жаратуға келетін пайдалы желбесін құстар
болып саналады. Тырна, шыңырау, қарабай, шағала тәрізді құстар көбінесе
кесірткі, жылан, бақа сияқты жәндіктерді қорек ететін болғандықтан да
олардың еті өте дәмсіз және улы келеді. Сондықтан да олар жеуге келмейді
және саятшылар олардың соңына түспейді де. Қопалы көлді, өзен бойын
сағалайтын құтан, қалбағай тұқымдас құстардың да бағалы мамық жүні болмаса,
еті онша дәмді бола қоймайды.
Ал енді тұяқты құстарға келсек, олар да өзара екі топтан құралады.
Бұлардың бір тобы – адамның үйретуіне көніп, аңшылық кәсібіне қызмет ететін
“қыран заты” болса, енді бір тобы – не шаруашылыққа, не аңшылық кәсіпке
пайдалануға келмейтін “керексіз заттылар” болып табылады. Бұл соңғыға
қосылатындар: әртүрлі қарақұстар (көкжөре, күшеген, балтақұстар, сақалтақ),
субүркіт, саңқылдақ, сарышағыл, саржала, жаламансары, бөктергі, кезқұйрық,
құладын, күйкентай, ақсары, ақүкі, жапалақ, тағы сол сияқты өлексе, тышқан,
кесірткі, бақа, жылан жеп күнелтетін құстар. Өзінің күнкөріс, тіршілік
әдетіне қарай құзғын, қарға, сауысқан тектес құстар да осы айтқан топқа
кіреді.
Тұяқты құстардың ішіндегі аңшылық кәсіпке ең керектісі әрі пайдалысы –
қыран заттылар. Олар жаратылысынан түйсігі мол, сезгіш жануар болғандықтан
да адамның қолына үйренуге икемді келеді. Тумысынан аң, құс алып, кәделі
қызмет атқаруға лайықталып жаралған қыран құстардың негізгі тұқымы үш
түрлі. Олар: бүркіт, қаршыға, сұңқар тектес қанаттылар. Бұл көрсеткен үш
текті құстың жаратылысы өзге құстан бүтіндей басқа. Олар түз құсының
ішіндегі ең қарулысы, тегеуріндісі әрі ұшқыры және олардың тұяқ, тұмсық
бітісі де басқа құстан өзегеше келеді. Сондықтан да оларды саятшылар
тілінде “қыран құс” деп атайды.
Қыран құстар түзде өз еркімен емін-еркін ұшып жүріп әрқайсысы өзінің
болат тұяқтарына сеніп, оны күшті қару қылып жұмсап, өзіне керек жемін алып
тіршілік жасайды. Бұлардың дағдылы ісі – бір ғана түз аңын жеп күнелту
болғандықтан да олар жапан түз, сары дала демей, ұша береді, өте кезеген
келеді. Қай жерде желбесін құс, аң көп болса – сол жерді баса сағалап,
өмірін көбінесе ұшумен өткізеді. Жердің алыс-жақынына қарамайды. Әбден
жемсіреп, аңға құмартқан кезінде олар көз жетпес қиянға да, сағымды далаға
да жол тарта береді.
Қыран құстардың тіршілігі осы тәрізді ылғи аң аулау әрекетімен
байланысты болғандықтан да олардың дене құрылысы, мүше-бітімдері де өзгеше
жаратылған, талмай ұзақ ұшуға бейімделген. Аспанда үздіксіз ұшқан кезде
солқақтамай, талмай жинақы ұшуы үшін олардың сүйектері жинақы, бірімен-бірі
тұтаса, дене құрылысы жұмыр біткен. Бұл, әрине, саят құстарының ұшу
мерзімін ұзартатын негізгі фактордың бірі. Ұшуға ыңғайлы, жұмыр, жинақы
біткен дене бітімі саят құстарына сыпылдап ұйытқи ұшуына не сыпырма ағыза
ұшуына пәлендей ауырлық келтірмейді, қанатымен денесін еркін ұстап, оны
неше аунап құбылтып отыруына мүмкіндік береді. Оларға кенеттен жоғары қарай
атылу, не құдия төмен сорғалау, не қырындап бұлдырай ұшу ешбір қиындық
келтірмейді. Бұл сипат, әсіресе, қаршыға, лашын, сұңқар тектес құстарда
көбірек кездеседі.
Саят құстарының денесінің жинақы болуы көбінесе, олардың арқа
омыртқасы мен құйымшақ, төс сүйегіне тікелей байланысты. Лашын, сұңқар
тұқымдас құстардың арқа мойын омыртқаларында буын болмайды, олар қайнаса
бітеді. Сондықтан бұлар әрі ұшқыр, әрі тегеуірінді келеді. Қыран құстардың
қайсысының да болсын, барлығының да жая, төс сүйектері берік, шымыр және
кең болады. Бұғана сүйектері келдек, әлді болып бітеді. Төс сүйегінің
қабырғамен астасатын шеті жұмыр, ал бауыр жағы тік қырлы келіп, желқайықтың
төсіне ұқсап тұрады. Жалпы, айтқанда, төс сүйек пен арқа омыртқа сүйектері
саят құстарының денесін тұтастырып тұратын орталық мүшелер. Өзге сүйектер
оларға жалғаса бітіп, саят құстарының денесіне ерекше тегеурін бітіреді.
Төс сүйекпен тұтасып бітетін мүшелер бұғана, қарсүйек, жауырын. Саят
құстарының күш алатын ең мықты сүйегінің бірі – бұғана. Ол өте шымыр,
соқталы келіп, оның шодыр бастарының бір ұшы арқа омыртқамен қайнасып, енді
бір ұшы төс сүйекпен жалғаса бітеді. Қазақ саятшылары мұны “төс айшық”
дейді. Екінші сөзбен айтқанда, бұғана мен қабырға сүйектері саят құстарының
арқа мен төс сүйектерін тұтастырып тұратын ең күрделі әрі негізгі
мүшелеріне жатады.
Саят құстарының ұшқырлығына себепкер болатын ең негізгі мүшенің бірі –
иық сүйектері мен қартопшы сүйектері. Оған кіретіндері – жауырын, қарсүйек
не тоқпақ жілік, шынтақ сүйек, білезік сүйектер. Құстар ұшқан кезде қанатын
тежеп күш алып отыруы, көбінесе, осы жоғарыда айтқан қар иық сүйектері мен
топшы сүйектеріне тікелей байланысты.
Қыран құстардың қар сүйегі өте балғын, соқталы келіп, оның жауырын мен
кәрі жілікке (не шынтақ сүйекке) жалғасатын екі басы өте берік, темір
тектеніп бітеді. Дегенмен олардың қар сүйегі денесіне жақын, жауырынмен
тұтасып біткендіктен де оған ұшатын ұзын қанат емес, тек қана мықты, қысқа
қауырсындар ғана өседі. Ұшатын ұзын қанаттар (шалғы) тек топшы мен білек
сүйектерден салаланып шығады. Сондықтан қар сүйектен гөрі топшы сүйектер
әрі ұзын, әрі шымыр, берігірек келеді. Қыран құстардың күшті, шалымды,
ұшқыр болуына, әсіресе, осы топшы сүйектері көп әсер етеді. Ал қанат топшы
сүйектер қағылшаң, берік, ырғақты, қозғалғыш келіп, құстардың ұшуына аса
ыңғайлы жағдай жасайды. Қаршыға, тұйғын, қырғи сияқты құстардың сонша
шапшаң, сыпылдап ұшатыны олардың қанат сүйектерінің өте қолайлы болып
келуіне байланысты.
Саят құстарының бас сүйегіне келсек, ол да құйған болаттай қайнаса
біткен өте шымыр, қағылшаң келіп, желке жағы біраз сыпырықтанып тұрады.
Өткір, қырағы көздері еркін қозғалуы үшін олардың көз ұясы кең, аумақты
болып бітеді. Сондықтан өзгеше біткен жарқабақтары жан-жағына жоғары-төмен
қарауға қолайлы мүмкіндік тудырады. Көз алды шіркеусіз ашық болған соң
іздеген жемін қиядан көреді, қырағы келеді. Қыран құстардың өте қырағы
болуының енді бір себебі, олардың қарақұсындағы сүйегінің желкесіне қарай
шодырая бітуінде. Бұл сүйек саят құстарына айқын бағыт көрсетіп, олардың
көз жаздырмайтын шырағы тәрізденіп тұрады. Қазақ саятшылары құсқа томаға
орнатарда оны қарақұстың осы шодыр басына кигізеді.
– Қыран құстардың өз тіршілігіндегі ең мықты қаруының бірі – олардың
көк мүйіз болат тұмсығы. Мүйізді болат тұмсық тек қана аңды боршалап, оның
етін сүйегінен айырып жеу үшін жұмсалады.
Саят құстарының тұмсығы өте берік, кейкі тұмсықтың ішіне қарай имие
біткен үшкір қармағы өте берік келеді. Олардың аузын самқайтын жиектері де
аса өткір, қиғаш, кейбіреуінікі қияқтанып тұрады. Өткір араның тісі сияқты
самқау, жиектері қияқты келеді.
Саят құстарының көз алдының қабығы күс басқан қара қылшықтанып тұрады.
Және олардың әрбірінің тегіне, жасына қарай ол қабық қызыл, жасыл, сарғылт,
көгілдір-қоңыр болып әр тұста кездесіп отырады. Бұл қабық саят құстарының
қай текке жататынын көрсететін негізгі ерекшеліктерінің бірі, сондықтан оны
“көз алдының қабығы” не “кеңсірік қабығы” деп атайды. Сол кеңсірік қабық
пен езудің (самқау) арасын ала көлденеңінен танаудың тесігі орналасқан.
Және әрбір қыран құстарының тегіне қарай олардың танау тесігі де әр алуан
түрде кездеседі. Мәселен, бүркіт, қаршыға тектес құстардың танау тесігі
көлденең тартқан сопақтау, “жарма тесік” болса, сұңқар, лашын тектес
құстардікі дөңгеленіп келген тік не “шұңқыр тесік” түрінде жолығады. Екінші
жағынан, әрбір саят құстарының алатын аңына, жейтін жеміне қарай, олардың
шоқитын тұмсығы да үлкен-кішілі болып кездесіп отырады. Қаршыға, сұңқар
тұқымдас құстардың тұмсығының түп жағы келтелеу, соқталы келіп, имек ұшы
едәуір ұзын, әрі үшкір, жарғыш болады.
Саят құстарының енді бір зор қаруы олардың алмас тұяқтары. Тегеурінді
болат тұяқ көбінесе аңды бұлжытпай ұстап, кенеттен іліп әкету үшін керек.
Тұяқтың ат­қаратын қызметі осы болған соң оның құрылысы да соған қарай
бейімделе біткен.
Саят құстарының тұяқтары мейлінше тегеурінді, мықты, әрі жарғыш үшкір,
желбесін құстарды бүріп қысса мытып жіберетіндей аса қабілетті келеді.
Олардың тұяқтары тек қана аңды бүріп ұстауға арналған соң, көбінесе салалы
келіп, саусақ сүйектерінің ұшын ала тұрады. Екінші жағынан, саят құстарының
тұяғының әлді болуы олардың аяғының кеспелтек берік жаралуына байланысты.
Олардың аяғы сердиген ұзын болмай, аңды бүріп қысуға бейімделген, өте
ықшам, мықты келеді.
Қыран құстардың саусақтары сырт жағынан шодырайып, күс-күс болып
тұрады. Оның үшеуі алға қарай бейімделе бітсе, енді біреуі артқа қарай
бітеді. Қазақ саятшыларының тілінде оның алға қарай біткені – “жембасар”,
артқа қарай біткені – “тегеурін” деп аталады. Желбесін құстарға түскенде
осы төрт шеңгелді айқастырып, аңды сонымен мұқатады.
Қыран құстардың аяғының құдіретті болуы, әсіресе, олардың бұлшық
етінің аса шымыр бітіп, тарамыс сіңірлерінің берік, айқасып жатуында.
Бұлшық ет пен тарамыс сіңірлер сүйекпен бірге берік байланыса біткен соң,
ол саят құстарының күш алатын үлкен қаруы болып табылады. Тарамыс
сіңірлердің қатты күш көрсететін кезі, әсіресе, саят құстарының жемге
түсіп, аңмен алысатын уақыты. Тарамыс сіңірлер ондай кезде құстың сан етін
создырмайды, оның болат тұяғы аңмен айқасқанда көмек көрсетеді.
Кейде аңғырт жас бүркіттер түлкіге түсіп, қан майдандасып жатқанда,
жырынды саятшылар: құсымның саусағын түлкі шайнап кетпесе еді, болмаса
балақ етін жыртып алмаса еді, не қанатын сындырып кетпесе еді деп қатты
алаңдаумен бо­лады. Өйткені, бұл үш мүшенің үшеуі де саят құстарының
жаратылыс ерекшелігін көрсететін, оның ең күрделі қарулары ғой.
Ылғи аңмен алысып күн өткізетін саят құстарының тарамыс бітісі де
басқа хайуандікінен өзгешерек. Бұлардың тарамысы жембасар мен тегеуріннің
бауырын ала иректеле бітіп, оның әрбір ирегіне шодырайған сіңір қыры дәл
келіп отырады. Сөйтіп, тұяқты қысып-жазғанда мықты тарамыстың ирегіне
буындағы сіңір қырының дәл келіп отыруы құстың тегеурініне ерекше күш
береді. Соның нәтижесінде оның шеңгеліне түскен желбесін құстар темір
қысқыштың арасына түскендей жаншылып отырады.
Қырандардың желбесін құстарды қысып, бауырына басатын саусақтарының
ішкі жағын саятшылар “шеңгел”, не “алақан” болмаса “табан” дейді. Олардың
бұл жері күс-күс, шодыр, құж-құж көріністе болып келеді. Осындағы кіреукелі
қабықтар тұяқтың түбінен балақ жүннің шетіне дейін тұтасып жатады. Бірақ
саят құстарының бәрінің аяғы құжыр аяқ келеді деп айтуға болмайды, кейбір
сұңқар тектес құстардың аяғы жембасардың үстіңгі жиегіне дейін жүнмен
жабылып тұрады. Ол балақ жүн деп аталады.
Саят құстарының тұяғы іліп алуға, қысуға лайықтанған өте үшкір,
шалымды, үш жағы қармақ тәрізді имек келеді. Орта саусағының тұяғы
(жембасар) өзгесінен сәл ұзынырақ, іле түсуге ыңғайлы, үшкір болады. Алған
жемді мытып жаншуға арналған ең мықты тұяқ тегеурін, яғни артқы бармақ тұяқ
өзгелерінен анағұрлым әлдірек келеді. Бүркіт аңға түскенде, осы екі тұяқ
бірімен бірі айқаса кіріп, саятшы­лар оны жемнен айыра алмай, көп әуреге
түседі. Ірі аң алуға бейімделген қарулы түз бүркіттерінің саусағы дембелше,
быртиған, жуан келіп, олжаны қусырып әкетуге ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан құстары
Темперамент түрлері және олардың ерекшеліктері
Қазақстандағы энергия көздері және олардың таралу ерекшеліктері
Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері
Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері
Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Үй құстары мен жабайы құс еті
Келісімшарттардың жіктелуі мен олардың ерекшеліктері
Орындаушылар және олардың репертуары
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь