Полиомиелит ауруы


ЖОСПАР:
- Полиомиелит
- Этиологиясы және симптомдары
- Клиникалық түрлері
А) Менингеальді түрі
Б) Параличтік түрі
В) Жұлындық түрі
С)
4. Диагностикасы
5. Емі
Полиомиелит
Полиомиелит- жүйке жүйенің жедел қабыну ауруы. Полиомиелит вирусымен шақырылады. Жиі балалар ауырады. Инфекция көзі болып науқас немесе вирусты сілекеймен, нәжіспен және зәрмен бөлетін вирустасымалдаушы. Жұғу жолы тамақ арқылы немесе ауа арқылы.
Ағзаға вирус түскеннен кейін ішекте, мұрынжұтқыншақта көбейіп. қан арқылы бүкіл ағзаға таралады. Вирустың қанмен айналуы жалпы инфекциялық симптоммен көрінеді.
Егер ағзаның қорғаныш қасиеті төмендесе вирус орталық жүйке жүйесіне өтіп, таңдаулы жұлынның және бас миының қозғалтқыш нейрондарын зақымдайды. Вирус мидың сұр затына торпидті. Бүл әсіресе жұлынның сұр затына жатады, сондықтан ауру полиомиелит деп аталады.
Жиі жұлынның мойын және бел жуандығы, сирек- мидың көпірінің, сопақша мидың, үлкен жарты шардың қыртысының моторлы жасушалары зақымдалады.
Аурудың алғашқы симптомдары жалпы инфекциялық сипатта: дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітелу, тамақтың ауырсынуы, іштің ауырсынуы, сұйық нәжіс немесе іштің қатуы. Науқастың иммундық рекативтілігі жеткілікті болса 3-7 күннен кейін толық сауығу болады. Полиомиелиттің бұл түрі абортивті деп аталады. Диагноз қою өте қиын. Қазіргі кезде аурудың мұндай ағымы жиі анықталмай кетеді.
Басқа жағдайда (2-5 күннен кейін) жалпы жағдайдың жақсаруы аясында жүйке жүйесі зақымдалады, ол дене қызуының көтерілуімен көрінеді.
Патологиялық процестің орналасуына, вирустың күшіне, ағза реактивтілігіне байланысты жүйке жүйесінің зақымдалуының бірнеше клиникалық түрін ажыратады.
Менингеальді түрі серозды менингиттің клиникасымен көрінеді. Екіншілік лене қызуының аясында науқас жағдайы ауырлайды. Бас ауыру, құсу, жарыққа, дыбыс қоздырғыштарына жоғары сезімталдылық, теріні сипағанда жағымсыз әсердің болуы пайда болады.
Науқастарды зерттегенде менингеальді симптомдар: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинскии симптомдары анықталады.
Полиомиелиттің бұл түрінің ағымы жеңіл. Жұлын ми сұйықтығының өзгерісі серозды менингитке тән; 3-4 аптада қалпына келеді.
Параличтік түрі. Ауру ауыр ағымда өтеді. Жалпы инфекциялық және менингеальдық симптомдардан кейін бұлшықеттердің ауырсынып тырысуы, жеке бұлшықет таптарының дірілі, арқада ауырсыну, тершеңдік байқалады.
Омыртқада ауырсыну нәтижесінде бала қозғала алмайды. Әлсіз, ұйқышыл келеді.
Салдану екіншілік дене қызуының көтерілуі нәтижесінде дамиды. Кенеттен пайда болуы мүмкін.
Зақымдалудың орналасуына байланысты жұлындық, көпірлік, бульбарлы және энцефалиттік түрін ажыратады.
Жұлындық түрі жиі кездеседі. Ол қолдың, аяқтың, тыныс алу бұлшықеттерінің әлсіз парезі мен параличімен сипатталады. Кейде өткінші зәр мен нәжіс шығару қызметінің бұзылысы кездеседі.
Жұлынның мойын- кеуделік бөлімінің зақымдалуы өмірге қауіп төндіреді, бүл кезде диафрагма мен қабырғааралық бұлшықеттерінің параличінің нәтижесінде тыныс алудың бұзылуы байқалады.
Өкпенің жеткіліксіз желдетілуі пневмонияға жиі әкеледі. Ауыр жағдайда тыныстың тоқтауы мүмкін.
Тыныс алудың бұзылысы шырыштың көп бөлінуімен сипатталмағандықтан мұндай тыныс алудың бұзылысы «құрғақ» деп аталады.
Жұлынның бөлімдерінің жеке зақымдалуы сирек кездеседі.
Көптеген ошақтар жұлынның ұзына бойы орналасуы мүмкін, сондықтан бұлшықеттердің параличі араласуы мүмкін.
Параличтің көпірлік түрі бет жүйкесінің ядросының бір жақтық немесе екіжақтық зақымдалуы нәтижесінде бет бұлшықетінің кенеттен параличінің дамуымен сипатталады.
Сондықтан науқастардың беттері ассиметриялы. Науқас ернін алға шығарып, ұртын томпита алмайды. Көз де толық жабылмайды. Аузынан ішкен тамағы төгіледі. Полиомиелиттің бұл түрін диагноздау қиын, себебі симптомдар дене қызуынсыз және жұлын ми сұйықтығында өзгеріссіз жүреді. Диагностика процессінде электромиограф зерттеуіне сүйенеді.
Полиомиелиттің бульбарлық түрі сопақша ми ядролары зақымдалуы және бульбарлық синдромның дамуы нәтижесінде өмірлік маңызды мүшелердің бұзылысымен сипатталады. Бұл кезде дауыс бұзылып, жұтынған кезде шашалады. Сұйық тамақ мұрын жұтқыншаққа түсіп мұрын арқылы төгіледі. Тыныс алу бұзылады, бастапқы кезде тыныс беткей болады., кейін ұзілісті, тыныс алу тез. Тыныс алудың бұзылысы көп мөлшерде сілекей ағумен және бронхылық шырыштың ағуымен бірге жүреді.
Полиомиелиттің энцефалиттік түрі бас миының ошақты зақымдалу симптомдарымен көрінеді. Ұйқышылдықтың немесе қозғыштықтың аясында орталық парездер, джексондық дірілдер, ұстамалар, гиперкинездер дамиды. Диагностикада эпидемиялық жағдай және зертханалық вирусты табу көмектеседі.
Аурудың параличтік сатысы бірнеше күннен 2 аптаға созылады және еш шекарасыз қалпына келу сатысына өтеді.
Қалпына келу сатысы 1-2 жылға созылады. Бірінші кезекте соңғы зақымдалған бұлшықеттер қалпына келеді. Кейбір бұлшықеттер толықтай, кейбіреуі жартылай қалпына келеді.
Резидуальді саты кейбір бұлшықеттердің тұрақты параличімен, кеуденің және буынның екіншілік деформациясымен сипатталады.
Қазіргі кезде полиомиелиттің параличтік түрінің кездесу жиілігі тірі полиомиелиттік вакцинация нәтижесінде біршама төмендеді.
«Қазіргі» полиомиелитке жасырын клиникалық көрініс тән. Сирек дене қызуы көтеріліп және жалпы инфекциялық симптомдар байқалады. Аурудың ауыр параличтік түрі бұлшықеттердің, әсіресе аяқ-қолдың ұсақ парездерімен ауысты.
Коптеген жағдайда жалғыз диагностикалық критерии болып вирусологиялық зерттеу болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz