Клиникалық неврологияның даму тарихы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

  1. Неврология тарихы.
  2. Неврология пәні.
  3. Неврология берілуі.

Дәріс тезистері

Нерв жүйесінің ауруларын ең алғаш ежелгі қолжазба көздерінен кездестірген. Мысыр елдеріндегі папирустарда біздің дәуірімізге 3000 жыл бұрын тырыспалар мен сезімталдық бұзылыстары жазылған. Ежелгі Үнді Аюр-Веда кітаптарында тырыспа, талма, естен тану, бас ауруы хабарланады.

Гиппократ, Рази, Ибн-Сина еңбектерінде әртүрлі неврологиялық аурулардың клиникалық көріністері, диагностика және емдеу әдістері жазылған. Сол кездерде ақ, әр түрлі жағдайларда бас миының аурулары деп белгілене бастады (эпилепсия, бас сақинасы т. б. ) .

Неврологияның ғылым ретінде дамуы нерв жүйесінің зерттеу әдістерінің дамуына байланысты. Орта ғасырларда Д. М. Морганьи және Т. Виллизий белгілі бір неврологиялық ауруларды ми құрылымдарымен сәйкестіріп байланыстыра білді. Жүйке жүйесінің морфологиясының дамуына маңызды үлес қосқан Андрей Везали, Якоб Сильвиев, Констанцио Варолиев. Декарт рефлекс ұғымын құрастырған. Осылайша нейрофизиология негізі салынған. XVIII ғ. неврология дамуының жазба кезеңі болды. Нерв жүйесінің ауруларында симптомдар мен синдромдардың жаңа мағұлматтарды пайда бола бастады. Оларды емдеу әдістері қарастырылған.

XIX ғ. жүйке жүйесінің құрылымдарын, қызметін мидың химикалық зерттеу әдістерін танып білу жылдам дами бастады. Паталого-анатомиялық зерттеулер жүйелендірілген. Жүйке тінін бояу, сериялық кесінділерін алу, жүйке жүйесінде микроскопиялық зерттеулер жүргізу мүмкіншілігі туды. Неврология дамуында анатомиялық, эмбриологиялық және эксперементальді зерттеулер үлкен рөл атқарды. Осының дамуы И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, Н. Е. Введенскидің, А. А. Ухтомскидің, Магнустің, Шерригтонның және т. б. аттарымен байланысты.

Отандық неврологияның тарихы Невропатология мен психиятрияның жеке клиникалық пән ретінде дамуы жүйке жүйесінің қалыпты анатомиясы және физиологиясының, сондай-ақ ғылымның басқа салаларының дамуымен байланысты. Отандық невропатология мен психиятрияның фундаменті- И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың материалисттік ғылымдары. Бұл көрнекті ғалымдардығ ғылыми және философиялық көзқарастары 19 ғасырдың орыс материалисттік философиясының әсерінен құралды. (Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, А. И. Герцен, В. Г. Белинский және т. б. )

Иван Михайлович Сеченовты (1829-1905) И. П. Павлов «орыс физиологиясының атасы» дейді. Ғылым тарихында ол рефлекторлық теория тұрғысынан психиатриялық құбылыстардың барын бірінші болып негіздеді. Рефлексы головного мозга кітабында (1863) И. М. Сеченов:Адамның психиатриялық әрекетінің негізінде орталық жүйке жүйесінің рефлекторлық процестері жатыр дейді. Басқаша айтқанда: бас миының әрекеті қоршаған ортаның тітіркендіргіштеріне толығымен тіуелді. Осылайша, ойларды, ерікті, сезімді басқаратын ерекше жанның бары жоққа шығарылды

Күрделі психикалық функциялар бас миы әрекетінің нәтижесі екені дәледенді.

И. М. Сеченовтың негізгі идеяларын жалғастырушы И. П. Павлов(1849-1936) жаңа медицинаның негізі болып табылатын жоғарғы жүйке жүйесінің әрекеті туралы ілімді дүниеге әкелді. И. П. Павловтың шартты және шартсыз рефлекстері бас миы әрекетінің негізінде жатқан қозу және тежелу процестері туралы ғылымы орталық жүйке жүйесі әрекетінің қалыпты және патологиялық жағдайда оқудың материалисттік негізі болып табылады. Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский, В. Я. Данилевский, А. С. Догель, Л. А. Орбели әне т. б. жүйке жүйесінің физиологиясын зерттеумен айналысты.

Невропатология жеке ғылыми пән ретінде 19 ғ. 60 ж. Дами бастады. Отадық невропатологияның негізін салушы-ғалым-клиницист Алексей Яковлевич Кожевников (1869-16902) . Ресейде алғаш рет ол 1869 ж. Жүйке ауруларының кафедрасын Мәскеу университетінің медициналық факультетінде ұйымдастырып, жүйке ауруларының курсын оқыта бастады (осы уақытқа дейін невропатологияны үйрету ішкі аурулар клиникасында өткізді) . Өзінің керемет клиника-анатомиялық жұмыстарымен А. Я. Кожевников әлемге әйгілі болды. Оның атымен ерекше эпилепсия тәрізді ұстамамен көрінетін ауру - Кожевниковтың эпилепсиясы аталады.

Ол кезде жүйке және психикалық аурулардың курсы бір кафедрада оқытылды. Кейін Кожевниковтың ұсынысымен 1887 ж. жеке психиатриялық клиника кұрылды, ал сосын псхиатрия курсын оқыту оның оқушыларының бірі - С. С. Корсаковқа тапсырылды. А. Я. Кожевниковтың басқа оқушыларының ішінде әйгілі клиницист-невропатологтар - В. К. Рот, Л. О. Даркшевич, г. И. Россолимо және т. б. болды.

19 ғ. II жартысында және 20 ғ. басында жүйке жүйесінің анатомиясын оқып үйрену саласында көп жұмыс жасалды. Осылайша, В. А. Бец (1834-1894) жарты шарлар қыртысының қозғалтқыш аймағында гигантты пирамидалық жасушаларды алғаш анықтады, олардың топографиясы мен дамуын зерттеді. Бас миы жарты шарларының беткейінің макроскопиялық топографиясы бойынша үлкен зерттеулер өткізді. В. А. Бец - ми цитоархитектоника ілімінің негізгі салушы.

Көрнекті невпропатолог және психиатр В. М. Бехтерев (1857-1927) өзінің жан-жақты әрекеті арқасында невропатология және психиатрия, жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы саласында үлкен мұра қалдырды.

Бас миы мен жұлынның көптеген анатомиялық түзілістерін ол алғаш суреттеген және тынғылықты зерттеген. Алғаш болып жүйке жүйесінің кейбір ауруларын, олардың рефлекстері мен симптомтарын бейнелеген.

В. М. Бехтерев гипнозбен емдеу әдісін енгізуде көп жұмыс жасады. Ірі ұйымдастырушы бола тұра, ол Ресейде алғаш рет ғылыми зерттеулік психоневрологиялық институт ашты (қазіргі Ленинградтағы В. М. Бехтерев атындағы институт) .

Кеңес өкіметі жылдарындағы отандық невропатологияның дамуына бағалы үлес қосқан ғалым невропатологтар: М. И. Аствацатуров, М. Б. Кроль, М. С. Маргулис, В. К. Хорошко, А. М. Гринштейн, Е. К. Сепп, С. Н. Давиденков, Н. И. Гращенков, н. В. Коновалов, И. Н. Филимонов, Н. К. Боголепов және т. б.

Психиатрия дамуының түп негізі ежелгі Русь кезеңінде жатыр. Киевтік Русьте 10-11 ғ. ғ. монастырьларда психикалық ауру адамадарға көмектескен. Ол кезде психикалық аурулардың пайда болуын дінмен байланыстырған. Осы кезеңнің өзінде Ресейде психикалық науқасқа гуманситік түрде қараған. Ал Батыс Еуропада психикалық науқастарды «шайтандармен» салыстырып, көп қиянат көрсеткен. Көптеген психикалық науқастарды отқа жағып жіберген. Оларды жалмауыз, сиқыршы ретінде таныған. Ал Ресейде психикалық науқастарды «құдай қарғысынан зардап шегушілер» деп танып, оларды монастырларда ұстаған.

17 ғ. Мәскеулік Русьте «жындану» - бұл ауру деген ойға келе бастады. Бірінші психиатриялық долгауз 1779 ж. Петерборда ашылды. Кейін бұл мекеме Преображенскийдің психиатриялық ауруханасы деген атқа ие болып, Мәчкеуде 1809 ж. ашылды.

Қолданылған шараларға қарамастан, психикалық емханалардағы науқастардың жағдайы ауыр болды: оларды байлады, шынжыр тақты, басатын көйлектер кигізілді.

19 ғ. Бірінші жартысындағы орыс дәрігерлердің жұмыстары біздің еліміздегі ғылыми-психиатрияның дамуына оң әсер етті. Оның дәлелі ретінде 19 ғ. екінші жартысындағы отандық психиатрияның бетке ұстарлары И. М. Балинский, И. П. Мержеевский, В. Х. Кандинский еңбектері б. т.

И. М. Балинский (1827-1902) ең бірінші болып Ресейде петерборлық медицина-хирургиялық академиясында (1857) психиатрия курсын оқытуды бастады. Ал 1867 жылы академия психиатриялық клиника ашылды. И. М. Балинский психиатриялық науқастарды күту және емдеу сұрақтарына көп көңіл бөлді.

И. П. Мержеевский (1838-1908), Балинскийдің оқушысы өршімелі параличтің, микроцефалияның патологиялық анатомиясын зерттеумен танымал.

Танымал клиницист-психиатр В. Х. Кандинский (1849-1889) елестеу, сандырақ сияқты симптомдарды, сондай-ақ сот психиатриясы мен психопатияларды зерттеді.

19 ғ. соңындағы психиатрияның жетістіктері С. С. Корсаков атымен байланысты.

С. С. Корсаков (1854-1900) - көрнекті отандық ғалым-дәрігер, қоғам қайраткері, отандық психиатрияның негізін қалаушылардың бірі, мәскеулік психиатриялық мектептің негізін салушы. С. С. Корсаков арқылы Ресейде психиатриялық науқастарға қысым көрсетпеу жүйесі пайда болды.

Ол психиатриялық емханаларда төсек режим ұсынды. Осылайша, психикалық науқастар кәдімгі соматикалық науқастар тәрізді емделді. Корсаков психиатриялық емханаларға мейірбикелік күтімді енгізді.

Психикалық аурудың негізі болып С. С. Корсаков мидың зақымдалуы, барлық ағзаның ауруы деп танылды.

С. С. Корсаков 1899 жылы алғаш рет полиневритпен бірге жадының бұзылыстары ретінде көрінетін ауруды бейнеледі. Бұл аурудың клиникалық көрінісі әлемге танымал және Корсаков ауруы деп аталады. Осылайша психиатрияның жаңа дәуірі басталды. Корсаковөа дейін симптоматикалық бірініші орында болды, яғни, жеке симптомдар немесе симптомдар кешендері жеке ауру ретінде қарастырылды, мысалы, мания, аменция, меланхолия және т. б. Корскаковтың көрсетуінше нозологиялық бағыт ғылыми дәлелденген болып табылады. Бұл кезде аурудың белгілі бір себебі, клиникалық көрінісі, ағын сипаты және аяқталуы көрсетіледі.

Осылайша, отандық психиатрияның негізін салушылар - с. С. Корсаков, П. П. Мержеевский, В. М. Бехтерев және басқа ғалымдардың ұлкен еңбегі-жұйке-психикалыө ауруларды материалистік жіне ғылыми зерттеуге берік негіз қаламды. Олардың идеяларын әрі өарай жалғастырған оөушылары және ізбасарлары: с. А. Суханов, в. П. Сербский, П. Б. Ганушкин, Н. Н. Боженов, В. Т. Осипов, А. Р. Бернштейн, в. А. Гильяровский, Т. И. Юдин, Е. А. Краснушкин.

Жүйке және психикалық ауруларды емдеу және профилактика жаңа әдістерінің дамуы Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін болды. Бұл жетістіктер біздің еліміздің социалистік жүйесімен үзілмес байланыста жатыр. Халық шаруашылығын үлкен табыстары, еңбек етушілердің материалдық және мәдени денгейлері өсуі, халық денсаулыған сақтау жөніндегі жалпы мемлекеттік шаралар, Ресей медициналық ғылымының жетістіктері- осының барлығы жүйке психикалық сырқаттанушылықтың төмендеуіне әкелді. Ресей психиатрлары және невропатологтары жұмыс істеушілердің жүйке психикалық денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу шараларын өткізуге көп көңіл бөледі. Медициналық көмектін тұрғындарға максималды жақындау (диспансерлер, амбулатория, заводтар мен фабрикалардағы денсаулық бекеттері), емдеу-профилактикалық мекемелерді қатан профильдеу науқасқа эффективтік көмек көрсету үшін жйне ерте диагностика үшін қажет.

Ресейлік психиатриялық ғылымның дамуы буржуаздық-идеалистік көзқарастармен (фрейдизм, психоморфологизм) күрес түрінде сипатталды. Кеңес уақытында отандық психиатрияға үлес қосқандар: В. А. Гиляровский, В. Т. Протопопов, В. П. Осипов, М. О. Гуревич, М. М. Оссотияне, Е. А Попов, А. Г. Иванов-Смоленский, О. В. Кербиков, А. В. Снежневский, Т. П. Симеон, Г. Е. Сухарева, А. Д. Зураба-швили, В. Н. Мясищев, И. Ф. Случевский, А. А. Меграбян және т. б.

Кеңес уақытында психиатрияның жаңа кезеңі басталды. И. П. Павловтың ғылымы үлкен үлес қосты. Россолимо Ресей дефектологиясының негізін салушы.

«Страх и воспитание», «Дурные привычки и борьба с ними», «К вопросу о душевных катастрофах в юношеском возрасте», «О ненормальных элементах в характере ребенка», «Искусство и больные нервы» және басқалар.

Г. И. Россолимо көптеген арнайы съездерде белсенді жұмыстар атқара білді, онда соқыр, саңырау, ақыл есі төмен балаларды оқытуға және тәриелеуге белсене қатысты.

Г. И. Россолимо ресейлік дефектологияның негізін салушы. Сонымен қоса ол жүйке жүйесінің ауытқушылыға бар балалардағы клиникалық көрінісіне, психикасында, тіл дамуына көп жаңартулар енгізңген.

Кейінгі жылдары Г. И. Россалимо эксперементальді психологияға көп уақыт көңіл бөлген. Ол адамның интелектуальді - психикалық қызметіне объективті баға беруді ұсынды.

Г. И. Россолимо ұжымға деген қызметі көпжақты. Ол Мәскеулік невропатологтар мен психиатрлар ұжымының басқармасы болып, «Карсаков С. С. атындағы невропатология және психиатрия журналын» шығарды, Мәскеу университетінде. Педагогикалық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, сонымен бірге ресейлік денсаулық сақтау мүшелеріне үлкен санитарлы - ағарту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетті.

Жаңа материалисттік көзқарасына, үлкен эрудицияға, білімділіке, интелектке байланысты Г. И. Россолимоға көптеген оқушылар келе бастаты. Ол ресейлік невропатолог балалар мектебін ашып, дефектология мамандарын дайындады. 1911ж. Г. И. Россолимо балалар психологиясы мен невропатологиясы Институтын өз оқушыларымен бірге ашып, дәрігерлер мен педагогтар бірлескен клиника - педагогикалық конференция өткізіген. 1923 ж. Г. И. Россолимо редакциясы атынан жүйке - жүйесі аурулар кітабы шыққан.

Атақты невролог В. А. Муратов (1856-1916) балалар нервтік психикалық ауруларға жаңартулар енгізген. Сонымен бірге миморфологиясының зерттеу мен айналысқан.

В. А. Муратов истерияның мәселелерін толықтай шешіп, басқа психопатология жағдайларының механизмдерін анықтаған. Осы мәселерге байланысты мынандайы жұмыстар арнаған: «Истерия и истерический характер», «Лечебные и медико-воспитательные меры». Клиницист -педагог Муратовтың үлкен тәжірбиесі мына екі жұмысында:

«Клинические лекции по нервным болезням детского возраста», «Клинические лекции по нервным и душевным болезням».

В. А. Муратов атақты клиницист-невролог болған. Ол А. Я. Кожевников атындағы Неврологиялық институттында В. К. Рот бастаған істі практикаға енгізіп жүйке аурулары клиникасында конференциялар өткізген. В. А. Муратов Н. Ф. Филатов және Н. П. Гундабин сияқты педиатрлармен балалар дәрігерлері қауымына белсене қатысқан.

Жүйке жүйесі ауруларында отандық ғалымдар ғылымның дамуына үлкен үлес қасқан қосқан, Петербург невропатологтар мен психиаторлар мектебінің негізгін салушылардың бірі И. М. Балинский және И. П. Мерживский.

И. М. Балинскидің (1827-1902) ең алғаш еңбегі ой сандырағымен ойдың адасуының ойырмашылығын айыра білді.

Психикалық аурулардың табиғатына материалисттік көзқараспен қараған ғалым И. П. Мержевский (1838-1908) болды. Оның психикалық аурулардың даму механизмін анықтау орталық жүйке жүйесінің морфофункциональді анамездер негізінде жүрді. Ол «Мида терең ауытқуы бар балалардың патологоанатомиялық өзгерістері» жұмысында толық дамымау себебінен және құрсақішілік зиянды әсер етулерден екенін дәлелдеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жпф зақымдылығы мен оның пайда болу себептері мен түрлері
ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану. Қазіргі кездегі МРТ
ГИПЕРТАНИЯЛЫҚ КРИЗ. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК. АЛДЫН АЛУ ІШ ШАРАЛАРЫ
Электромагниттік өзара әсерлердің таралу жылдамдығы
Қояншық ауруы
Медицинадағы математика
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Психодиагностиканың қалыптасу тарихы
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Пән Дәлелді медицина негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz