Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері



Мазмұны

Кіріспе

І . тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік, оның мақсат . міндеттері
1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу . тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы.

ІІ. тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс.тәсілдері
2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының берілу жүйесі
2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу тәжірибесі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56.57 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 58.59 бет
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60.65 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 3-5 бет

І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... 6-11 бет

1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6-11 бет

1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12-22 бет

ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23-37 бет

2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23-37 бет

2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38-55 бет

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 56-57 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58-59 бет

Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 60-65 бет

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде
туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен жариялықтар
білім беру саясатына жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық ғылым мен практиканың
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін
қажетті жағдайлар жасалу қажет деп көрсетілген. Жеке адамды
дамытудың басты бағыты – жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру
екендігі белгілі. Мұндай ауқымы кең міндетті шешуде көркем
шығармалардың алтын орны ерекше. Көркем туынды да халықтың тарихи
жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік – ерлік дәстүрлері,
тұрмыс – салты, психологиясы жинақталған, табиғаты кескінделген,
адамгершілік ұғым түсінігі көрініс табады. Осындай талғамы биік
оқушы жүрегіне жол табатын шығармалар қатарына Абай туындылары
жатады. Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка,
ой дүниесінің алыбы, ағартушы-демократ, шешен, аудармашы, тәрбиеші-
ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, оның асыл мұрасын
оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына қазіргі
кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды
қоймас еді. Қазіргі мектеп алдында бүкіл саналы ғұмырының басым
бөлігін Абайға арнаған данышпан Әуезов Тек шөмішпен ғана сүзіп
алдым деген Абайдың, оның адамгершілік мұраттары таныту кезек
күттірмейтін іс, жауапты міндет ретінде қойып отыр.[1] 365 б.
Абай шығармашылығына арналған әдістемелік зерттеулерге М.Әуезовтың
Абай еңбектерінің биік нысанасы, Р.Сыздықованың Абай шығармаларының
тілі, Қ.Бітібаеваның Абай шығармаларын оқыту, педагогтар
Т.Тажібаевтың Философские, психологические, педагогические взгляд Абая
Кунанбаева, философ Ғ.Есимовтың Абайдың 150 жылдығы, филолог
Сүйіншәлиевтің Абайдың қара сөздері атты еңбектерін жатқызуға
болады. [2] 45-47 б.
Бұл біздің Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы
адамгершілік тәрбие мәселелері деп аталатын дипломдық жұмысымыздың
тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Дегенмен бұл еңбектерде жоғары сынып оқушыларына оқыту
мәселелері қарастырылады. Сондықтан біз бастауышта Абайдың
адамгершілік қағидаларын таныту жолдарын зерттеу жұмысымыздың
объектісі етіп алдық.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты:
Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік
тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен
ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
2. Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының
әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеу пәні - ана тілі сабақтарында Абай шығармаларындағы
адамгершілік мәселесі.
Зерттеу жұмыстарында қолданылған әдістер: Абай туралы әдеби –сын
зерттеу, философиялық, филологиялық, тарих, педагогикалық еңбектерді
оқып танысу, талдау жүйелеу.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың әдіс намалық ақпараты келтірілді.
Бірінші тарауда, адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік беріліп, оның
мақсат- міндеттері, бастауыш сыныптағы оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы, адамгершілік тәрбиесін беруде Абай
шығармаларын пайдаланудың жолдары баяндалды.
Екінші тарауда, ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс – тәсілдері
көрсетіліп, ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының берілу жүйесі, Абай
шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі жөніндегі
озат іс –тәжірибелер жинақталды.
Қорытынды бөлімінде, зерттеу мәселесіне байланысты тұжырымдар жасалып,
кейбір әдістемелік ұсыныстар келтірілді. Жұмыстың соңында оны орындау
барысында оқып танысқан және пайдаланған 35 әдебиеттің тізімі көрсетілді.

І-Тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы.

1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік, оның мақсат-міндеттері.
Құлық тәрбиесі – адамгершілікті тәрбиелеудің құрамды бөлігі.
Мұның міндеті – моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір
мүшесінің игілігі ету: оларды терең құлықтық сенімдеріне, жоғары
құлықтық қылықтарына және шын мінез – құлқына айналдыру. Құлық
тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның құлықтық санасы, оның қоғамдық
борышқа, өз міндеттеріне қатынасы қалыптасады. Құлықтық тәрбие
әсемдікке көзқарас қалыптастыруда әлеуметтік тәрбие институттарының
тәжірибелік жұмыстарын қамтиды. Құлық тәрбиесінде беделінің үлкен
мәні бар. Тәрбиешінің өзінің тәрбиелі болуы – құлық тәрбиесіндегі
өзекті мәселе.
Жеке адамды адамгершілік жағынан қалыптастыру - әртүрлі
факторлар мен жағдайлардың әсерінен іске асатын күрделі де, жан –
жақты процесс. Жас жеткіншек әртүрлі ішкі және сыртқы, қоғамдық
және табиғи факторлардың әсерімен дамиды. Өзін қоршаған ортадағы
көптеген құбылыстар тікелей әсер етіп, оның мінез – құлқымен
моральдық бейнесінде із қалдырады. [3] 113 б.
Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста,
саясатта, ғылымда, отбасында және халықаралық қатынаста адамның
мінезі және санасын реттейді.
Мораль этикалық зерттеу объектісі. Этика – бұл философиялық ғылым,
сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі. Этикаға нормативтік
этика және мораль теориясы кіреді. Нормативті этика игілік,
жақсылық, жамандық, әділеттілік мәселелерін зерттейді, жеке адам
мінез – құлқының кодексін жасайды. Мораль теориясы моралдың мәнін,
нормаларын, тарихи сипатын анықтайтын заңдылықтарын зерттейді.
Нормативті этика және мораль теориясы бір – бірімен тығыз
байланысты, оларды бөліп қарастыруға болмайды.
Моральдық немесе адамгершілік сезімдер адамдардың бірлесе жасаған
әрекеттері негізінде туып, дамиды да осы қоғамда үстемдік етіп
отырған адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдар мен
адамның өзінің мінез – құлқы, әсерінен туады. Көңіл – күйінің
осындай халде болуы – адамның өзі үшін де, басқалар үшін де
міндетті түрде қажет деп санайтын мораль ережелеріне қылықтарының
сай келуі немесе келмеуін өзінше бағалаудың нәтижесі.
Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі – олардың әсерлілігі, яғни
айқын көрінетін эстетикалық сипаты. Адамгершілік сезімдердің
зстетикалық сипаты дегеніміз адамдарды жігерлендіріп отырады, олар
өзінің барлық күші мен энергиясын кездескен қиыншылықты жеңуге
жұмсап, сөйтіп мақсатқа жетуге мәжбүр ететін күш пайда болады.
Нормативті этика және мораль теориясы әрбір азаматты
саналылықта тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен
практикасын дамытуда елеулі орын алады. Нормативті этика және
мораль теориясы негізінде моралдың мына түрлерін атауға болады:
ұжымшылдық мораль, гуманистік мораль, белсенді, қарекетшіл мораль.
Әрбір адам өмірінде, іс - әрекетінде кездесетін мораль
категорияларын (жақсылық, жамандық, борыш, ұят, адалдық,
әділеттілік, қайырымдылық, абырой,т.б.) терең ұғынуы қажет.
Моральдық этикалық нормалар, халықтың ұлттық әдет – ғұрыптары
қалыптасқан дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады, жастардың
мінез – құлқына байымды әсер етеді өйткені, халқымыздың өзі келешек
ұрпаққа айтар ақылын, адамгершілік үлгісін, салт – сананы,
дәстүрлерді насихаттап келді. Халқымыз өзінің бай тәжірибесіне
сүйеніп, ұрпақты адал еңбекке, өнер – білімге тәрбиелейді,
үйелменнің, ауыл –аймақтың, елдің ар – намысын қорғау сияқты ізгі
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Қай қоғамда болмасын, оның барлық салаларында өмірде, еңбекте,
тұрмыста, үйелмендік жеке қатынастарда, мораль адамның мінез –
құлқын, сана – сезім реттейді. Мораль принциптері белгілі қоғамдық
бастауларды, өмір құрылысын, қарым – қатынас формаларын қуаттайды,
бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына байланысты олардың
өзгеруін талап етеді.
Адамгершілік дағдыларының мектеп оқушыларының моральдық бейнесін
қалыптастырудағы орны ерекше. Дағды - әрекетті орындаудың
қалыптасқан тәсілі. Қандай да болмасын адамгершілік дағдыларының
негізінде шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту
жатады. Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады.
Мінез – құлық дағдылары баланың жеке басының ерекшеліктерін
қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Мысалы, баланы адамдармен
инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдар мен өмірдің түрлі
жағдайларында қалай амандасу керек екенін түсіндіреді. Сан рет
қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатты сәлем беру
дағдысы қалыптасады.
Қазіргі кезеңде көпшілік арасында жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының мақсаты мен мазмұны әр адамға, оның ой - өрісіне,
сезіміне, мінез- құлқына ықпал жасауы тиіс.
Кез-келген қоғамда қауымдасып өмір сүру ережелерін сақтау
қоғамдық тәртіпті ұстаудың ең маңызды шарты болып табылады. Түрлі
елдерде бұл ережелердің жергілікті жағдайларға, дәстүрлер мен
салттарға тәуелді өзіндік ерекшеліктері болады. Ғасырлар бойы
қалыптасқан үйелмендегі және қоғамдағы тәртіп ережелерін үйреншікті
орындауда адамдардың өндіріс пен тұрмыстағы күрделі өзара қарым –
қатынасы тасада қалады.
Қазіргі ғылым тұрғысында адамның өміршең белсенді қалпы –
адамның қоғамдық мәнінің біртұтас қасиеті. Ол адамның әлеуметтік
және табиғи ортамен қарым – қатынас шеңберін құрайды. Өзінде
адамның және қоршаған ортаның шындығының күрделі құнды қатынастар
жиынын біріктіріп, өміршең белсенді қалып адамның қоғамдық мәнінің
әлеуметтік бағдарының сипатын, оның азаматтық тәртібі және іс -
әрекетінің түрін анықтайды.
Адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік қалпында өнегелікті
сенімдер ерекше роль атқарады. Сенім – адамның қоғамдық мәніне
енген білім. Жалпы сана сияқты, өнегелікті сана, қандай деңгейде
болмасын өзінің нәтижесі ретінде әрдайым белгілі бір бағаға ие
болады, яғни шындықты белгілі бір дәрежеде білу болады. Айтылған
білімді қоғам өмір сүретін өнегелік ережелерді, принциптерді
түсіну болып табылады.
Мінез – құлық мәдениеті жөніндегі білім өнегелі тәртіптің алғы
шартын ғана жасайды. Адамның қоғамдық мәнінің өнегелік дамуының
негізінде оның өнегелік тәжірибесін қалыптастыру жатады. Осымен
қатар өнегелік тәжірибеде адам тәртібінің барлық тәжірибесі
сұрыпталмайтынын еске алу керек. Ең алдымен ол үшін белгілі бір
маңызы бар және қажетті жоғары ой - өрістік және сезімдік
белсенділік туғызатын өнегелік әрекеттер сұрыпталады. Олар адам
санасы мен сезіміне елеулі із қалдырады, тек бұрынғы емес, жаңа
өмір шеңбері мен жағдайларда онан арғы тәртібіне ықпал жасайды.
Адамның өзін қоршаған әлемге, алатын білімге, өмір сүріп,
дамитын жағдайларға қатынасы баға беру сипатында болады. Білім
адамның сезімі мен күйзеліс шеңбері арқылы өткенде ғана өнегелік
көзқарастардың жалпы жүйесіне қатынасады және оның моральдық
сезіміне дейін көтеріледі. Күйзеліс моральдық ережелердің сезімдік
тасмалдаушысы ретінде көрінеді.
Мектеп тәртібінің қалыптасу барысының нәтижесі, адамның мәнінің
маңызды сапалық қасиеті – тәртіптілік. Оның негізінде адамның қоғамдық
мәнінің еркін дамуы, өз тәртібін қоғамдық мүддеге бағындыру
білігі, мақсатты жүзеге асыру жолында өз құлқының ынтасын өшіре
отырып қиындықтарды жеңе білуі жатады.
Адам тәртібінің ішкі өлшемі қазіргі кезде оның тек жеке
еңбегіне ғана емес, ұжымның, тұтасынан алғанда, қоғамның іс -
әрекетіне елеулі ықпал жасайды
Гуманизм адамның моральдық бейнесінің көрінісі ретінде адамдарға
көмек етуге бағытталған іс - әрекеттерде, жолдастарымен қарым –
қатынастарда, өзара талапты қайырымдылықта, жауапкершілікте, оқушылар
арасындағы қара бастың қамын ойлау көріністерімен белсенді күресте
тәрбиеленеді.
Өнегелік ұғымдар мен сенімдердің қалыптасу барысы тек мінез-
құлық мәдениетінен ағарту жұмысын жүргізу емес, жоғары ой - өрістік
және практикалық іс - әрекеттің кең шеңберін қамтитын.
Тәжірибе оқушылардың өнегелік санасы білім мен тәртіп
тәжірибесінің бірлігіне негізделсе ғана нәтижелі қалыптасады.
Қайырымдылық пен зұлымдық жөніндегі өнегелік түсініктер мен
ұғымдардың қалыптасуына, олардың жеке көзқарастар мен сенімдерге
айналуына өнегелік жайында лекция, баяндама, әңгіме, пікір
талстырулар ықпал жасайды.
Өнегелікке тәрбиелеу тәжірибесінде ең көп тарағаны – мінез –
құлық шамаларына арналған әңімелер. Ол оқушларға моральдық принциптер
мен шамаларды түсіндірудің түрі және оқушы бойына өнегелік баға,
пікір, ұғым – сенімдерді қалыптастыру мақсатында оларды құбылыстар,
қылықтар және әрекеттерді талқылауға және саралауға қатыстыру әдісі
ретінде көрінеді.
Мінез – құлық шамалары жайлы әңгімелердің негізгі мақсаты –
оқушыларға мораль жөнінде күрделі мәселелерді түсінуге, балалардың
берік өнегелі тәртіп тәжірибесін саналы ұғынуына, мораль жөніндегі
алған білімдері негізінде тәрбиеленушілерге өнегелік көзқарас,
бағалау, пікірлерді қалыптастыру біліктерін дамытуға көмектесу.
Мінез – құлық шамалары жайлы әңгіме балалардың күнделікті
өмірінен алынған деректер мен уақиғалардан, көркем әдебиет,
мерзімді басылымдар, кинофильмнен алынған мысалдарды сұрыптау мен
талқылау негізінде құрылады. Мінез – құлық шамалар жайлы әңгіме
ерекшелігі оқушылар бойында өнегелік қылықтар жөнінде дұрыс баға
және пікірлер айтуға балалардың өздерін қатыстыру әдісі
болатындығында.
Белгілі өнегелік білім беру қажеттігі туса, бағдарламадан тыс
әңгімелер де өткізіледі. Оң нәтижеге тек жақсы даярлық және
білікті өткізілген әңгіме ғана жеткізеді.[4] 225-245б

2. Абай шығармаларын бастауыш оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың
маңызы.

Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта
пайдалануда педагог – ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері
туралы ілімін және Абайдың өзінің жас балаларға арналған тәрбиелік
пікірлеріне сүйену – іс- шаралардың нәтижелі болуының кепілі. Бұл
орайда Абай шығармалары тәрбиелік мақсатқа қол жеткізудің құралы
ретінде қарастырылуы, тәрбиелік іс – шараның мазмұны емес, керісінше,
тәрбиелік мазмұнды жүзеге асыратын құрал болуы керек. Мәселен, 1-
сынып оқушыларының бойына сіңіретін негізгі әдет, дағдыларының бірі
оларды тәртіпке бойсынуға тәрбиелеу болса, ақын шығармалары осы
мәселені шешетін құрал ретінде қолданылуы керек. Сол сияқты 2-
сыныптаы тәрбиелік іс – шаралардың арқауы оқушыларға жалпы еңбек
туралы мәлімет бере отырып оқу еңбегіне көзқарас, оқу еңбегі
дағдыларын қалыптастыру болса, мұны жүзеге асыруда ақын
шығармаларынан көптеп көмекші материалдар табуға болады. 3- сыныпта
оқушының өзіне сенімін тәрбиелеу, 4- сыныпта оқу, ғылым жайлы
кеңірек түсінік беру және оның жолдарын көрсету, тағы сол сияқты
басқа сыныптарда да, міне, осы бағытта жұмыс жүргізу Абай
шығармаларын тәрбиелеу іс – шараларында тиімді қолдануда шарт түзеді.
Енді бастауыш мектептің әр сыныбына қатысты тәрбиелік іс- шаралардың
үлгілеріне тоқталамыз. [5] 55-60 б.
Бастауыш мектептің 1-сынып оқушылары Абайдың өз сөзімен айтсақ,
білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген жан құмарының
басымдығымен қатар қайратының әлсіздігі, әсерленгіштік пен жақсы
оқуға ұмтылумен қатар бір нәрсеге ұзақ көңіл қоюының қиындығы,
зейінділігі жақсы болғанымен, табандылығы нашар. Сол себепті психикасы
тұрақсыз, ал бұл бастаған ісін соңына жеткізу, әр нәрсені өз
уақытында атқару, асықпай тиянақты істеу, өзін тежеу, артын ойлау,
кешіктірмеу, сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасын уақытылы орындау,
оқытушының айтқандарын көңіл қойып тыңдау сияқты іс - әрекеттеріне
кедергі келтіреді. Мұның барлығы, бір сөзбен айтқанда, - тәртіп
делінеді. Осылардың бәрін орындау тәртіптілікке қатысты. Сондықтан 1-
сыныптан бастап-ақ оқушыларды тәртіпке бағынуға тәрбиелеу кейінгі
сыныптарда, тіпті бүкіл өмірінде аса маңызды. Сондықтан осы сынып
оқушыларын тәртіпке бойынсынуға тәрбиелеуде Абай шығармаларын тиімді
пайдалануға болады. Мәселен, ақынның 32- қара сөзіндегі пікірді
арқау етіп, оқушыларға оқудағы мақсат білу, білмекке ұмтылу, ал
білу деген көргенін, естігенін көңілге түйіп, тағы да білмегенін
білу үшін пайдалану. Мұны 19-қара сөзіндегі естілердің айтқан
сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады ... Сол естілердің
естіп білген жақсы нәрселерін ескермес, жаман дегеннен сақтаса,
сонда іске жарайды... Мұндай сөздің есіткенде жайқақтап салғырттанып
не салбырап, салғырттанып естісе, не есіткен жерін қайта қайырып
сұрап ұғайын деп тұшынбаса ... ондай адамға сөз айтып сөз айтып не
керек,- деген үзінділер мен өлеңдеріндегі осы секілді пікірлерді
пайдалануға болады. Бұлар, әрине бала ұғымына ауыр да болар,
дегенмен, ұстаздар көмегімен игертуге болады. Бұлар арқылы оқушыларға
мұғалімнің айтқандарын көңіл қойып тыңдау, оларды түсінуге ұмтылу,
оларды орындау, әр нәрсені өз кезінде атқару – тәртіпке бойсынудың
шартты екендігін ұғындырумен қатар, тәртіп – ілудің, үйренудің
негізгі қағидасы екендігін саналарына сіңіруге болады. Мұнда тәртіпке
бойсыну ең алдымен оқушының өз басына қаншалықты пайдалы екендігі
Абай шығармалары арқылы ұғындыру мүмкіндіге мол. Айталық, 32- қара
сөзден мынадый үзінділерді оқушыларға жаттатып, әр кез ескерудің
үйрету пайдалы әдет-дағдылар қалыптастырудың кепілі: 1. Бір ғана
білмектің өзін дәулет біл. 2. Білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді
білсем екен деп үміттен. 3. Әрбір естігеніңді, көргеніңді жақсы
ұғынып ал. Немесе 19- қарасөзінен:
1. Естіген жақсы нәрселерді ескер, жаманнан сақтан. 2.
Есіткеніңді қайта сұрап ал. 3. Есіткеніңді ұғайын деп ұмтыл, т.б.[6]
112-117 б.
Осы бағытта оқушылардың бойында тәртіпке бойсыну сезімдері мен
дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар
тауып пайдалануға болады. Ал екінші сыныпта оқушылармен жүргізілетін
тәрбиелік жұмыста Абай шығармаларын пайдалану, тәртіпке бойсынуға
тәрбиелеуді жалғастырумен қатар еңбектену дағдыларын қалыптастыру арқау
етіп алынады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, білім алуға
әрекеттену, білу үшін шамасының жеткенінше ұмытылудың өзі еңбек
екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар еңбектің басқа түрлерімен
таныстыру, еңбектенудің қарапайым жолдарын үйрету, еңбек шарттарын
орындауға тәрбиелеу (ұқыпты жылдам, сапалы, т.б.). Мұнда еңбек деген
ұғым осы жастағы баллардың жас ерекшеліктеріне сәйкес алынады. Абай
шығармаларын еңбек тәрбиесіне қатысты тәрбиелік іс – шараларды жүзеге
асыруда пайдалану мүмкіндігі көптен бері айтылып келе жатқандықтан,
ол ұстаздарға таныс. Мәселен, ең алдымен оқушыларға еңбектің қай
түрі болмасын бір нәрсені игеруге бағытталады:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған -
деген өлең жолдарын жаттатып, қазіргі заман тұрғысынан түсіндіру,
мәселен, оқудағы мақсат бастық болу (қазақ арасында кең тараған
менің балам бастық болады) деп емес, ең алдымен білу үшін, одан
соң біліміңді өзіме, еліме қызмет етемін деп, еңбектеніп бәрін
табуға үйрену үшін оқимын (оқисың) деген пікірді баланың санасына
ендіру. Бұл – басты мақсат. Одан соң не нәрсені болмасын игеру үшін
еңбектену керек, мысалы, өнер үйреніп, оны өз пайдасына жарату,
мал бағып, егін егу немесе ғалым болу, ұстаз, дәрігер болу, т.б.
Мұнда Абайдың 31- қарасөзіндегі естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт
түрлі себеп бар - деген үзіндіні оқу үшін аса маңызды қағида
ретінде түсіндіріп, мына үзіндіні жаттау әуелі көкірек байлауға
берік болмақ керек. Мұны қандай еңбекпен айналыссаң да әуелі білім
керек, оны игеру үшін табанды, шыдамды төзімді, қайратты болу
керек деп түсіндіру мен осы қасиеттерді дамыту жолдарын үйрету. Осы
31- қарасөздің сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтамен
ұғу керек, тағы бір шарт сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт
қайтарып, ойланып көңілге бекіту керек - міне, бұларды оқушылар
жаттап алғандары дұрыс. 3- сыныпта алдыңғы сыныптағыларды қайталай
отырып жаңа сатыға көтеру, мұнда оқушылардың өзіне сенімін арттыру
Абай шығармалары арқылы тәрбиелеудің арқауы етіп алынады. Мұнда
ақынның:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап...
деген жолдары және басқа да шығармалары арқылы - өзіне сену
деген не, ақыл деген не, ақылды кісі қандай болады- деген
сұрақтарға жауап берумен қатар Абайдың 13- қарасөзіндегі беріктік
деген сөздің мәнін түсіндіру, 17, 38- қарасөздеріндегі ақыл туралы
пікірлерді пайдалануға болады. Осыларға сүйене отырып, әркім өзіне
сенімді болуы үшін әділ, ақылды болуға, адал еңбектенуге кедергі
болатын өтірік, ұрлық, мақтаншақтық, т.б. жаман қылықтардан аулақ
болса ғана өзіне сенімді бола алатындығын ұғындыру.[7] 65-72 б.
Мысалы Абайдың:
Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Үзіндісін жаттатумен қатар бес нәрсенің әрқайсысынының мәнін
ашып, маңызын түсіндіру - өзіне сену пікірін оқушыларға жеткізудің
нанымды етеді. Өзіне сенуге тәрбиелеу әр баланың санасын өз басына
бұрады. Мұғалім әр оқушыға мен қандаймын - деген сұраққа өте кең
болмаса да жауап берулерін ұйымдастырады (сауалнама, шығарма, т.б.).
Мұнда мен қалай оқимын, тапсырманы қалай орындаймын, мұғалімнің,
ата – анамның айтқандарына қалай құлақ асамын, өтірікті көп айтып
жіберген жоқпын ба ? , т.б. сұрақтар көлемінде. Бұл – оқушылардан сын
көзқарас қалыптастырудың басы. Осы өзін сынаудың кемшілігінен әр
адам, тіпті бір қоғам қатты зиян шегуі мүмкін. Байыпты қарасақ,
біздің қоғамда осы жағынан азаматтарды тәрбиелеу кемшіндеу секілді.
Өйткені сын көзқарас қалыптастыру мектептегі тәрбиеге қатысты
бағдарламалардың бірінен де орын алмаған екен. 4-сыныпта оқу- ғылым
тақырыбы жалғастырылып, ол Абайдың 38- қарасөзіндегі ғылым туралы
пікірлер арқылы тереңдетіледі: адамның ғылыми, білімі хақиқитқа,
растыққа құмар болып, әр нәрсенің, әр нәрсенің түбін, хикметін
білмекке ынтық бірлән табылады... ол хәмманы білетұғын ғылымға
ынтықтық екендігін түсіндірумен қатар адамның өміріндегі ғылымның
маңызын ұғындыру үшін ақынның 17- қарасөзіндегі ғылым туралы пікірін
пайдалану және:
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз
өлеңіндегі балалықты қисаңыз және болмаса да ұқсап бақ деген
сөздерінің маңызын ашып түсіндіру. Бұдан соң 3- сыныптағы мен
қандаймын ? - деген сұрақ тереңдетіліп, Абайдың:
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің,
Өзіңді - өзің күзет, кел, шығарам.
деген пікірін арқау ете отырып, оның:

Ойға түстім толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезімен көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Осынша ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін...

үзінділерін жаттатумен бірге көрінгенге қызықтым... әділетін
бұзыппын..., т.б. сөздерінің маңызын ұғындыру. Мұғалім оқушының тек
жаман жақтарын емес, жақсы қасиеттерін де көруіне жағдай жасап,
қандай оқушыны талапты дейміз, қабілетті оқушы қандай болады,
еңбексүйгіштік пен қабілеттің ортасында қандай байланыс бар,
қабілетті қалай дамытуға болады деген секілді сұрақтар төңірегінде
жұмыстарды жүргізу оқушылардың өздерін танып- білулеріне көмектеседі.
Осылардың барлығын реттеп, өмірде іске жаратудың жолын Абай 15-
қарасөзінде көрсеткен, ол: есті кісілердің қатарында болғың келсе,
күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір
өзіңненөзің есеп ал, Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай
өткіздің екен ? Міне оқушыларға керегі. Осы үзіндіні әр оқушы
жаттап, іс жүзінде пайдалануды өмірлік әдетке айналдыруға көмектесу
керек. Мұны мектепте үйренбесе ешқашан үйрене алмайды.[8] 78-85 б.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Әне оны берем, міне
мұны берем деп, бастан балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң
алдамшы болса кімнен көресің? “Боқта” деп біреуді боқтатып, “кәпір, қияңқы,
осыған тимеңдерші” деп, оны мақсаттандырып тентектікке үйретіп қойып, “қу,
сұм бол” деп, “пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді” деп, тірі
жанға сендірмей жат мінез қыласың деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды
қатты сынға алады. Ақыл- ардың сақтаушысы деп қарап, адамгершілік
мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы
ағартушы –
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап...
Терең ой,терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жөндей сабап, -
деп кейбір адамдардың іс- әрекетіне кейістік білдіреді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз,-
деп, ел қамын ойлаған адамның бойында қандай қасиеттің болуы керектігін
тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш
нәрсеге байланысты екендігін айтады:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек,-
деп адам мінезіндегі орынсыз мақтап, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық,
күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды
тоздыратындығын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге
алу, жаман әдет- дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу,
ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп- жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше
тоқтала келе, өзінің 19- қара сөзінде “ Адам баласы туа сала есті болмайды.
Естіп, көріп, ұстап, татып,естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер
қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”
– ақыл- естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп
береді. Абай “сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс
көзқарасты әшекерлеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған
жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс- әрекеттері арқылы көрінеді
деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық
имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді.
Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы
мінезге жатқызса, сенгіштікті арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты,
жауыздықты, т.б. жаман мінез деп есептейді. Абай: “ Адам баласы бір-
бірінен ақыл, білім, ғылым, ар, мінез деген нәрселерді озады, онан басқа
нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық” –дей келе, адамды
тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.
Өсе, ер жете келе, тәрбие құралдары арқылы бала жанына жақсылық
ұрықтарын егіп, игі сезімдерге, адамгершілікке тәрбиелеуге болады.
Ақын бала мінез қалыптастыруда ата – анасының ұстаздарының, құрдастары
мен достарының үлгі-өнегелері мен тәрбиесінің маңызы зор деп дұрыс
түйіндейді.[9] 35-42 б.
Осы айтылғандар және жеке басының ерекшеліктері жайлы айтқан
психологиялық пайымдаулары өзінің ғылыми тереңділігімен ерекше
бағалы.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана
Атаның баласы болма халықтың, баласы бол... жақсы көпке ортақ,
пайдаң еліңе, халқыңа тиісін деген гуманистік ой – пікірлерді
қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудің педагогикалық көзқарастары
дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б.,
орыстың ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық
ой – пікірлерімен терең қабысып жатыр.
Абай ұрығын сепкен оқу, өнер- білім, адамгершілік әдет, мораль
мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.
Еліміздің егемендік алуы, қоғамдағы жаңарулар ұрпақ тәрбиесінің
жауаптылығын бұрынғыдан да асырып отыр. Осы жауаптылықтан туындайтын
Демократиялы қазақ елі атану үмітінен қуат алған еліміздің жаңа
адамды қалыптастыру жолындағы оқу – тәрбие жұмысы өзіне керекті ақыл
сөз бен асыл сөздің бәрін Абай мұрасынан табады. Оның адам
тұлғасын қалыптастыруда негіз боларлық ғибрат сөздері ұрпақ
тәрбиесіне ат салыссам дегендердің тілегімен тікелей қабысып жатыр.
Солай бола тұра, мектепте қазіргі оқылатын Абай шығармасы өзінің
көлемі жағынан және баланың жас ерекшелігіне, білімділігінің
дәрежесіне лайықтылығы жағынан талапқа сай алынбағандығы байқалады.
Дәл осы айтылғандардың салдарынан әр мазмұнды оқушыға меңгеруге
керекті әдістемелік негіз жоқтығы Абай шығармашылығын меңгеруде көп
қиындық тудырады.
Бұл олқылықтардың болуының толып жатқан өзіндік себептері бар.
Кеңес дәуірінде Абайды саясатқа бірде қабылдап, бірде қабылдамай
жүрді, тіпті атаусыз қалдырған тұстары да болды. Соның салдарынан
мектепте оқыту-оқытпау тиянақты болмай, бағдарламалар мен оқулықтарға
жүйелі түрде енгізілмеді. Абайға деген бұл көзқарас оның жан –
жақты ойланып оқылуына ырық бермеді.
Кеңес дәуірінде Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігін ескере
отырып оқытуға көңіл бөлу арнайы сөз бола қоймады. Жалпы алғанда
орыс мектебінің тәжірибесі мен әдістемесінде бар зерттеулерге сүйену
дәстүрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінде де үстемдік етті.
Сөз жоқ, сол әдістеменің ішкі ерекшелігіне бойлап жатпай – ақ, Абай
шығармасын оқытуда да қолданылады. Одан бері қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі даму үстінде болды десек те, Абай шығармасын оқыту
барлық жағынан талапқа сай жүргізілді деу, түгелдей қазақ
мектептерінің оқулықтары терең ғылыми- әдістемелік негізге сүйеніп
жасалған деп айту қиын.
Ал бүгінгі қазақ елі өзінің ұлттық мәдениетін жандандырамыз
деген егемендіктен келген құлшыныс түсында әсіресе, Абайды
танытудағы олқылықтың есесін толтыруға дереу кірісу қажеттілігі
ешбір қарсылық туғызбаса керек. Абайдың тұлға қалыптастыруға қатысты
айқын сөздері бүгінгіге де, болашаққа да бағдар. Олай болса, Абай
ғибратын ұрпақ бойына сіңіру, оның шығармаларындағы мазмұнды оқушы
өміріне азық етерлік деңгейге көтеру жолын білу керек.
З. Ахметов Абай творчествосын түгелдей алып талқыланғанда, жеке
шығармаларын талқылағанда да екі түрлі талдау принципін дұрыс
ұштастыра білу шарт, - деп көрсетіп: Оның бірі – тарихи принцип, яғни
ақын шығармаларын туғызған заман, қоғамдық орта әлеуметтік
жағдаймен байланыстыра қарау болса, екіншісі - бүгінгі заман
тұрғысынан қарау, қазіргі моральдық ұғым – түсінік идеяларға үйлестіре
қарап бағалау, - дейді. З.Ахметовтың Абай шығармаларын өмір сүріп
отырған заман мен уақытқа байланысты көзқарасқа бағындыруы қажет деуі
себепті, бұл пікір кеңес заманында қоғамдық бағыттағы ұжымды
мораль мүддесіне сай болу ыңғайында айтылған сияқты. Бұл ұсынылып
отырған талдау принциптері бүгінгі талап-тілек тұрғысынан қарағанда
да негізгі мүддеден алшақ кетпейді. Сондықтан Абай шығармаларын
бұрын жеке тұлғаның қалыптасуының бір факторы болып есептелетін
қоғамдық орта, тарихи кезеңге көңіл бөлген орынды.
М.Мырзахметов Абай туралы еңбегінде Сырдария обылысының генерал –
губернаторы Н.И. Градеков ... 1867 жылдың заңы ... Қазақ руларын
ыдыратып, әлсірету мақсатымен көшпелі халықты болыс –болысқа, ауыл-
ауылға бөлуді өте қажет деп қарады. Өйткені көптеген қазақ руларын
тұтастырып, бір үлкен ру басына билету саяси жағынан барынша зиянды
нәрсе деп табылды ,- деп атап көрсету жай нәрсе емес - дейді.[10]
139-148 б.
М.Әуезов “Абайдың өмірбаяны” деген еңбегінде осы мәселелерге
қатысты ру ішіндегі талас – тартыстың кең етек алғанын баяндайды:
Құнанбай Жігітектің он жеті адамын Сібірге айдатады... Сотталу,
абақтыға жабылу, айдалу дегендер ел көрмеген үлкен сұмдық
саналатын... Бір Құнанбай емес осы кезде ел ішінде жауласқан күшті
жуанның бәрі де бір- бірін ұлық арқылы жер аударып жазалап жүрді.
Кейін сіп іске араласатын жас Абайдың алдында әкесі тастап кеткен
зор пәле, қайшылық, зорлық тұрған-ды, - деп жазады.
Бала күнінде ескіше хат таныған Абай он екі жасында Семейде
Ахмет риза медресесіне түседі. Абай он төрт жасында медреседе оқи
жүріп, үш ай орыс мектебінен дәріс алады. М.Әуезовтың жоғарыда
айтылған еңбегінде Абайдың үш-ақ жыл оқуы сырт көзге аз оқу болса
да, өзіне көп жаңалық беріп, көп жаңа дүниенің шетін ашқан
сияқты. Алдымен ақындарды көп оқуға себепті Абай араб, парсы тілін
сол үш жыл ішінде жақсы біліп шыққан. Мұның белгісі сол заманнан
қалған бірен-саран өлеңдерінен білінеді... Қаладағы оқудан шығыс
ақындарды сүюді, ақындықты сүюді ала келген Абайға ендігі зор тәрбиеші,
ұстаз- қазақтың халық қазынасы болады. Осылайша ел даналарын танып,
соны ерте қамтуы жас талапкерге жаңа зор мектеп болады,- дейді.[11]
145-156 б.

ІІ-тарау. АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ҚҰРАЛЫ
РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ.

2.1. АНА ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
БЕРІЛУ ЖҮЙЕСІ.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай өмір сүрген кезең
біріншіден, қазақ даласына орыс мәдениеті арқылы Европамен танысу
мүмкіндігін берсе, екіншіден қазақ халқының санасында өзі туралы
жағымсыз ұғымның қалыптасуына ықпал ету мезгілі болғаны анық.
Отаршылдық саясатын зымияндықпен жүргізу арқылы бүкіл қазақ
жерінде, оның ішінде Абай өмір сүрген өңірде де, халық бірлігіне
нұқсан келтіріліп, шенқұмар, жағымпаздық, бақталастық, көзқызарлық
психология қалыптасты. Мұны Абай:
Бас-басына би болған өңкей қиқым
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын,
-деп патша үкіметінің астыртын саясатын көргендікпен сезіп, түйді.
Сондықтан:
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын,
- деп патша үкіметінің астыртын саясатын көргендікпен сезіп, түйді.
Сондықтан:
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,
Өз қолыңнан кеткен енді өз ырқың.
- деген еді.

Халықтың саяси санасының төменгі, саяси-әлеуметтік надандық,
онсыз да нашар ішкі жағдайда одан ары ұшындырған қитұрқы саясат –
міне, осылардың барлығы ақынның ой-санасының шыңдалуына алып
келсе, өз бетімен білім алуы оның ой өрісін кеңейтіп, дүниеге
ауқымды көзқарас қалыптастырды. Сөйтіп ол қоғамның негізгі қозғаушы
күші – адам екендігін, оның дамуы, оның санасының жетілуі, өз
алдына қойған мақсат- мұраттарына байланысты болатындығын ұғынды. Ол
өзінің адамдарға ақыл – кеңесін ақындық дарынын пайдаланып
жеткізуге ұмтылды. Өз шығармаларын ең алдымен көңілінің көзі
бар, естілерге арнаса, қалғандарын олардың соңынан еруге үндеді
және оның жолдарын да нұсқады.
Абай шығармалары жарық көрген күннен бастап, өткен жолы да
бірыңғай сыдыр болған жоқ. Бұл ретте 20-жылдары олардың
кейбіреулеріне ұлтшыл, идеалистік кертартпа деген мінездермен
берілді. Бұл өз ретінде абайтануға оның тәрбиелік ой- пікірлерін
толық ашуға, мектеп және басқа да оқу- тәрбие мекемелерінде
оларды толыққанды қолдануға кедергі болды. Ал одан кейінгі
жылдарда, орыстандыру саясатының астыртын жүргізіліп, барлық ой-
сана коммунистік идеологияның қысымында болуы салдарынан ұлттық
мүдде мен дінге адамның тегі, тәрбиесіне қатысты ақынның кейбір
пікірлерін толық ашу мүмкіншілігі болмады. Оның үстіне жалпы
ұлттық негізінде жалпы тәлім – тәрбие беру мәселелері тұншықтырылып
келгендіктен ұлттық мектеп, ондағы оқу- тәрбие ісі кең қанат
жайып, дами алмады. Оның өзі Абай шығармаларын оқу – тәрбие
процесінде қолдану ісіне де кері ықпалын тигізді. Қазіргі күнде
Абайтану оңаша бір ғылым саласы болып, жан- жақты терең
зерттелуде. Осыған орай ақын мұрасындағы тәлім- тәрбиелік ой-
пікірлерді оқушылардың күнделікті өміріне қағида, ереже етіп ендіру
оқу-тәрбие мекемелерінде практикада жүзеге асырудың жаңа
мүмкіншіліктері туындап отыр. Бірақ бұл Абай шығармаларындағы
педагогикалық, психологиялық пікірлерді оқу- тәрбие ісіне
пайдаланудың жолдарын ғылыми негізде қарастыру мәселесін шешуге
келіп тіреледі. [12] 53-65 б.
Абай мұрасындағы тәлім- тәрбиелік ойларға ең алдымен назар
аударғандар қазақтың көрнекті зиялылыры болғандығын білеміз.
А.Байтұрсынов Қазақтың бас ақыны деген мақаласында: Абайды
қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек,- деген еді.
Абайтану ғылымының қалыптасуына ерен еңбек сіңірген жазушы,
ғалым М.О.Әуезов оның өзекті мәселелеріне тоқтала келіп, ақынның
тәлім- тәрбиелік пікірлері ендігі сөз ұғатын жастарды жаңа жолмен
өзі қиял қылған адамшылыққа қарай жетектеп баулығысы келеді,...
Өлең сөздерімен бір ақыл айтса, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен
тағы да баулып, ылғи ғана таза адамшылық жолына үгіттейді.
Әділдік, шыншылдық, арлылық, ойшылдық сияқты адамды адам қылатын
жан тәрбиесінің барлық негізі қаланады - деп белгіленген.
Тіл-құрал - деп А.Байтұсынов айтпақшы, адамдар арасындағы
мәміленің ең қолайлы, көркем және тиімді түрі сөз екені көпке
аян. Сөздің адамға ықпал ететін әр түрлі қасиеттерін аңғарып,
кереметін толық игерген Абай: оны жалын мен оттан жаралған немесе
қуаты күшті нұрлы сөз десе тағы бір өлеңінде қуаты оттай
бұрқырап - деп теңейді.
Шешендік- көрген, білгенін ақыл тереңдігі, ой қуатымен
зерделеп, сөз тауып, тап басып, тайсалмай айта білу. Әрине, ол
елдің бәріне бірдей пән бола бермейтін дарындылардың ғана елден
ерек бір сипаты десек те болады. Шешен болып тумаса да сөз
өнеріне белгілі бір деңгейде кім де болса игере алатындығына
сенеміз. Сөз өнері туралы А.Байтұрсынов айтушы ойын өзі үшін
айтпайды, өзге үшін айтады. Сондықтан сөйлейтін тілін жақсы
қолдана білу тиіс- деген еді. Сөз өнерін ерекше бағалаған
халқымыз өнер алды қызыл тіл десе, Абай:
Өткенді жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
- деп барлық өнерден жоғары қояды. Абай өзі ата- бабаларынан
бері қарай ел басқарған, сөз өнерін терең игерен тұқымнан екені
белгілі. Өскен ортасы оның осы қасиетінің дамуының алғы шарты
болған. Ақынның бәрі шешен емес, шешеннің бәрі ақын емес. Демек
Абайға екі өнер дарыған: бірі – ақындық, екіншісі- шешендік. Бұл
да бір туа біткен дарын. Біздің пікіріміз бойынша шешендікке
бейім болудың бір ерекшелігі естігенін ұмытпайтын құйма құлақ
болса, одан соңғы басты ерекшелігі – орынды жерде, әлгі көргені мен
естігенін қабыстырып сөз тауып айта қою. Әрине сөз байлығының
орны ерекше.
Халқына өлмес мұра, ұлылық ой қалдырып, ұлтымыздың рухани
көсеміне айналған Абай тұлғасы – бүкіл адамзатқа, әсіресе жастарға
үлгі- өнеге боларлық тұлға.
Абай – халқын бауырластық пен ауызбірлікке, жемісте де қажырлы
еңбекке, оқу – білімге, ғылым мен мәдениетке әлемдегі ізгілікті
үлгілерден үйренуге үндеген қазақ халқының басына біткен бағы.
Абай даналығын шәкірттерге таныту, оларды Абай шығармалары арқылы
адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу қазіргі кездегі мектеп алдында
тұрған басты мақсат болып табылады. [13] 93-112 б.
Ендігі мәселе – бастауыш сыныпта алынған өлеңдер қалай
оқытылуы, түсіндірілуі тиіс?
Ең алдымен, төменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп, әуезді –
сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң
оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн. Бұл мәтіндегі сөздерді
түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлеңдерді
оқытудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып іске
асырылады. (Мысалы, іштен оқу жоғары сыныптарда басым, т.б.).
Көбінесе Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі
көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше
тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің
мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызу қажет. Бұл ретте өмірден
қарапайым мысалдар келтіріп, салыстырып әңгімелеудің мәні ерекше.
Мысалы, әсемпаз болма әрнеге өлеңіндегі әсемпаз, өнерпаз
сөздерінің мәнін ұғындаруда әсемпаз адам қандай ?, өнерпаз адам
ше ?, Неге Абай арқалан деп тұр? Сен де бір кірпіш
дегенінесі? Кетігі деген сөзді қалай түсінесің? Оны тағы қандай
сөздермен ауыстыруға болады? т.б. сұрауларға оқушылардың өздерінен
жауап алу – оларды ойлантуға, онан әрі өз пікірі мен ойын ауызша
жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады. Ал оқып
отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсіндіруге ақынның
көзқарасын оның ой – пікірімен қоса түсіндіру, өмірмен байланыстыру,
баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне
сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, шеберлігіне, тіл байлығына
байланысты.
Осылардың бәрінің түйіні, сайып келгенде, Абай өлеңдеріндегі
сұлу суреттеулерге, теңеулерге, т.б оқушы көңілін аударту.
Балаларға шығарманың көркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған
көркем сөздерге тоқталу. Айталық, суреттеп тұр ма, сипаттап тұр
ма? т.б. анықтап алған соң, оқушыларға сол сөздерді тапқызу.
Мысалы, Күз өлеңіндегі сұр бұлт, дымқыл тұман тіркестерінің
мәнін ашу арқылы табиғат құбылыстарын, ауа – райындағы өзгерістерді
көз алдарына елестеткізу, ол өзгерісті қазақ тұрмысын
байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілетін оятуға әбден болады. [14] 65-78
б.
Бастауыш Ана тілі өқулықтарындағы Абай шығармалардың берілу
тәртібін сызба арқылы көрсетейік:

Бастауыш білім мазмұнындағы Абай шығармалары.

№ Оқулық Авторлар Берілген Абай
шығармаларының
тақырыптары.
1 Ана тілі 1-сыныпқа Әуелбаев Ш. Қыс
арналған Алматы, Наурызбаева Ә. Адам болам десеңіз
Атамұра Ізғұттынова Р.
Тәжімбаев С.
2 Ана- тілі 2- сыныпқа Рахметова С. Күз
арналған. Жаманқұлов П. Ғылым таппай мақтанба
Алматы, Атамұра Қабатаева Б. Желсіз түнде жарық ай
3 Ана тілі 3-сыныпқа Әбдікәрімова Т. Абайдың Крыловтан
арналған. Рахметова С. аудармасы – Шегіртке мен
Алматы, Атамұра Қабатаева Б. құмырсқа
1999ж Қыс, Жазғытұры,
Жаз, Адам болам
десеңіз
4 Ана тілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Пәндер