Битанудағы шешендік өнердің ролі



Кіріспе

І. Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің көркемдік сипаты
1.1. Ауыз әдебиеті қалыптасуының тарихи үрдісі
1.2. Ауыз әдебиетіндегі сөз саптаудың ерекшелігі

ІІ. Битанудағы шешендік өнердің ролі
2.1. Шешендік шындыққа жету құралы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І. Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің көркемдік сипаты
1.1. Ауыз әдебиеті қалыптасуының тарихи үрдісі
1.2. Ауыз әдебиетіндегі сөз саптаудың ерекшелігі

ІІ. Битанудағы шешендік өнердің ролі
2.1. Шешендік шындыққа жету құралы
2.2. Ел басқарудың танымдық-тәлмдік үлгілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен, риясыз
тазалығымен, зерделі мән-мазмұнымен, пайымдылығымен ежелден сабақтас болды.
Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени сабақтастық дәстүрін осы күнге
дейін жалғастырып отыр. Рухани байлық әр кезде әр халықты ұлт ретінде
сақтайтын және оның өзгелермен қатар өмір сүру құқын беретінін дәлелдеп
келеді. Ал рухани қуатымен тұтастығы жоқ халықтың ғұмыры келте болатыны
белгілі.
Ұлттың даналығы мен даралығын, ұлылығы мен рухын саралап көрсетер
жалғыз нәрсе ол халық ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиеті қазақтың сан
ғасырлық қан кешулерімен қуанышты сүрлеулерінде өзінше өрнектеліп, тіршілік
толқынымен толысып, қазақы ой-арманды бойына сіңіре қалыптасқан қазақы
мәдениеттің қағидаларының жиынтығы.
Міне, сөз еткеніміздей ауыз әдебиетінде бұл қазақ халқының болмысы
жатыр. Өзге салаға ұқсамайтын, өрнегі бөлек, берер мәйегі тұнық ауыз
әдебиеті саласын саралап қарап, терең үңілсек дана халықтың ешбір еуропалық
мәдениетті халықтардан қалыспағандығы, тіпті ой ұшқырлығы, тіл мәдениеті
жағынан бәрінен де көш ілгері екендігіне көзіміз жетеді.
Біздің, яғни қазіргі ұрпақтың парызы сол ата-бабалардың ауызекі
қалдырған рухани мәдениетін қазіргі дамыған, білімді, білікті зерттеушілік
қоғамда жаңа жақтарын ашып, бояуын нәрлеп дамыту.
Осы орайда, біз халық ауыз әдебиетін тұтастай қарамай саралап, даралап
қарауымыз абзал. Ендеше әдебиет саласында ықылымнан келе жатқан халық ауыз
әдебиетін салаларға, яғни түрлерге тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер,
жырлар, дастандар, ертегілер, жаңылтпаш, жұмбақтар, шешендік сөздер, аңыз
әңгімелер деп бөліп қарастырып келгені белгілі. Біз соның ішінде шешендік
өнерді алып, сол шешендік өнердің ауз әдебиетіне негізделген қазақ
мәдениетіндегі маңызын қарастырамыз. Жалпы, шешендік өнер ол өзінді
құпиясымен қайталанбас ерекшелігі бар, тәрбиелік мәні өте жоғары, өмірдің
мәнін, бар мен жоқты, жақсымен жаманды айыруда елегішті рольді атқарады.
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында (2005 ж.) Мәдени мұра
бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы
қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажеттігін қадап айтқаны белгілі.
Дала мінезі - қазақтың мінезі. Көшпенді күй кешседе үлкен мәдениет
тұрғызып, отырықшы күй кешседе далаға тән рухын, өзіндік болмысын сақтап
отырды.
Қазіргі қоғам жағдайында халықтық мәдениеттің құнарлы көздерін
жаңғыртып ұрпақ санасына сіңіру, оны қоғамдық қажеттіліктер қатарына қосу
заман талабынан туындап отырған мәселе.
Ал, ауыз әдебиетіне негізделген қазақ мәдениетіндегі шешендік өнерді
таңдауымыздың екінші бір себебі – қазіргі қазақ қоғамындағы шешімін таппас
даулы мәселелердің біріне айналған қазақтың басты қасіреті тіл мәселесіне
байланысты. Тілі ақсаған қазақ қоғамына аузы әдебиеті соның ішінде шешендік
өнердің сырын ашып, пәлсапалық, психологиялық жақтарын саралап, ұғымды етіп
зерттей жасай алсақ біздің қосқан үлесімиіз тамшыдай болса да көмегі зор
болар.
Міне, сондықтанда мәйегі нәрлі, сөз қаймағы бьолып есептелінетін
шешендік өнердің мәні мен мағынасын ашып, тәрбиелік мәні мен адам санасына
әсер етіп психологиялық философиялық иірімдерін саралап, қазақ мәдениетіне
қосар үлесімен орынын анықтау бүгінгі қоғамда ұрпақтарымыздың мәдени-рухани
толысуына өзіндік пайдасы мол.
Осы орайда халық ауыз әдебиетінің ерекшелігі оның белгісі авторының
болмауында. Осыған байланысты ауыз әдебиетіндегі ерекшеліктерді айқындап
беру ионың өзіндік құндылығын көрсетеді. Ауыз әдебиетінің авторы қашанда
халық. Халықтың немесе бір тайпаның дас шағындағы ішкі және тысқы
тіршілігін ешбір боямсыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-
жырларын шығарған кімдер оны ешкім білмейді.[1]
Екінші бір ерекшелік – ауыз әдебиетінің варианттарының көп болуы.
Мысалы: Қобыланды батыр жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты
бар. Олардың мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері ұқсас
келеді. Бәрінде айталытаны басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және
ішкі жауларға қарсы күресі, ерліктері.
Жалпы адамзаттық құндылық ХХІ ғасырда ғана жер бетіндегі бүкіл
адамзаттық тұтастық идеясына айналуда, оның дәлелі – Қазақстан Респубоикасы
Парламентінің (27 маусым, 2000 жыл) Әлем парламентарийлеріне ХХІ ғасыр
Бейбітшілікпен Адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс! деген қаулысының
негізгі тұжырымдамасында жаңа ғасыр белесінде болашақ ұрпақтарымыздың
жаңаша өмір салтын рухани құндылықтар негізінде құруы қажеттігі атап
көрсетілген.
Қоғам дамуының бегілі сатысында философиялық ой пікірлер пайдав болып,
өалыптаса бастады. Әлемдегі ең ірі мемлекет ретінде Қазақстанда тәрбие мен
білім беруде өз азаматтарының бойында ұлтаралық қатынастың жоғары
мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизм, ұлттар достығы, әдет
ғұрыптарды құрметтей мен аялау басқа да ұлттармен ұлыстардың және
халықтардың дәстүрін сыйлау қазақ халқының рухани құндылықтарын қастерлеу
тиіс.
Тақырыптың өзектілігі:
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болып танылғаннан кейінгі
уақыттан бері қоғамдық талаптарға сай ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып,
жаңа қоғамның ұлттық ерекшеліктерінің негізгі компонентіне айналдлыру басты
мақсатқа айналып отыр. Осы орайда қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің
қазақи үрдісінің ғылыми жақтарын ашып, қарастыру, шешендік өнердің қыры мен
сырын, философиялық мағынасын ғылыми тұрғыда талдау бүгінгі таңда өзекті
мәселе болып отыр.
Зерттелудің мақсаты: Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи
үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау
ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету.
Зерттеу объектісі: Шешен-билердің шешендік сөздері мен аңыз-
әңгімелері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ауыз әдебиетіндегішешендік өнердің
қазақи үрдісін нақты ғылыми түрде ашып, көрсете білсек шешендік өнердің жас
ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда, адал, парасатты, сөз қадірін
ұғынатын, ұлтжандын болып тәрбиеленуіне, болашақта қазақ қоғамын
әділеттікпен өркендетуге үлес қосатын адамзаттардың рухани-мәдени жетілуіне
септігін тигізгеніне кәміл сенеміз.
Зерттеу жұмысының ғылыи жаңалығы: Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің
қазақи үрдісін пәлсапалық тұрғыда қарастыру.
Диссертацияның құрылымы:
Кіріспе, негізгі бөлім, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі.
Жалпы, осы жоғарыда атап өткен Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің
қазақи үрдісі атты тақырыптың ғылыми, философиялық мәнін ашып, оны ғылыми
тұрғыда жүйелей отырып, шешендік өнердің философиялық мағынасын ашып
көрсеті білу біздің алдымыздағы негізгі мақсат болып табылады.
І Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің көркемдік сипаты

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы
болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау,
шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады.
Шешендік арнауға біреуге арнап айтылған шешендік сын, бата-тілек,
алғыс, естірту, көңіл айту сөздері.
Шешендік толғауға жалпы жұртқа арналған өсиет-насихат, өнеге мысал,
мақал-нақыл сөздер жатады.
Ал шешенлік дау – жерге, жесірге талас, мал-мүлік дауы, өмір-ождан
қорғау мәселелерін қамтиды.
Мазмұны халыққа таныс, құрылыс қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді
жүйелі, үлгілі сөздер ғана шешендік сөздер бола алады. Шешендік – кез
келген нақтылы бір нәрсе туралы шебер сөйлеу өнері және сонымен ол туралы
өзгелерді өз пікіріне ойыстыру деген сөз. Сол тіл өнерімен жасалған нәрсе
немесе шешендік сөз деп аталады, - [1] дейді М.В.Ломоносов.
Әрине, белгілі бір шешеннен халық шешендігінің айырмасы үлкен. Ең
алдымен халық шешендігі түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дән.
Оның үстіне ондаған, халық арасына кең таралып қанатты сөре айналып кеткен
сөздер. Халық шешендігінің тілі ұста, көлемі – қысқа, мазмұны айқын келеді,
даналық философиялық мақал-мысалдарға бай болады.
Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан табиғи
құбылыстардан туады. Сан рет қайталаудан өтіп халық мойындаған қағидаға,
даусыз ақиқатқа айналады.
Алдында өткен даналардың ақиқатқа айналған ой-толғамдарын басшылыққа
ала отырып, Цицирон ғалымды тастай түйілген жұдырыққа ұқсатса, шешенлік
өнерді саусақтар сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды.
Шешендік өнер кісінің бойына оқу-білім арқылы емес, көктің құдіретімен
даритынын көрсетеді. Ғұлама тастай түйілген жұдыоық бейнесі арқылы ғылыми
ойдың бұлтартпас дәлелдігін, нақтылығын баса көрсетсе ашық алақан арқылы
шешенлдік өнерге және жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады.
Сөйте отырып ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға
негізделгенін көрсетеді. [1] Мұның өзі – Цицирон сөз өнеріне тереңдігі мен
бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз. Бұдан шешендік
сөздің ерте дәуірден ақ өз жүйесінде өнер мен ғылымның белгілерін бірдей
ұстанған күрделі, синкретті құбылыс ретінде танылғаны белгілі болады. Осы
қасиетіне орай шешендік өнер тыңдаушы елдің ойымен сезімен бірдей баурап,
бірдей билейді. Шешендік өнердің философия, логика, этика, эстетика, тарих,
этнография, тіл, әдебиет, заң психология секілді ғылым салаларымен тығыз
байланыста дамып отырғанын да көне дәуір әдебиетінен қазақ билер дәуірінің
әдебиетіне дейін үзбей жалғасады. Көрсетілген байланыстың табиғаты басқа
құбылыстар арасындағы байланыстар сипатынан мүлде бөлек, ол тұтастыққа
ұласып кетіп отырады. Мұндай байланыстың немесе тұтастықтың әрбір құрамдас
саласын біліп, игерудің өзі қыруар еңбек пен уақыттан талап етеді. Ал
аталған ғылым салаларын, олардың өзара байланысу, үндесу жолдарын жете
білудің үстіне солардың бәрінің табыса, тоғыса келе тұтас күрделі құбылысқа
айналу сырына бойлау ілуде біреудің ғана қолынан келген. Ғалым мен батыр
көп болғанда, шешеннің саусақпен санардай аз болуының басты себебі осында.
Төле бидің: Батыр деген – барақ ит: екі долы қатынның бірі табады. Би
деген – бір бұлақ қатынның ілуде біреуі ғана табады [1]-деген қанатты сөзі
де би мен шешеннің, шешеннің, шешендік өнердің болмыс бітімін, дара
табиғатын терең танудан туған. Өнер мен ғылымның басқа түрлерінің қай-
қайсысы да өз пәнінің аясынан аспайды, олардың әрқайсысы өзімен-өзі
болғанда ғана қоғамдық ойдың дербес саласы ретінде сақталып қалмақ. Ал олай
болмаған жағдайда олардың қай-қайсысы да мәнін, мәнімен бірге пәнін
жоғалтып аларында сөз жоқ. Шешендік өнердің басқа ғылым түрлерінен және
ғылым салаларынан айырмашылығы оның пәнінде де, әдісі мен тәсілінде
ешқандай шекара болмайды. Шешендік өнер үшін асуға болмайтын жалғыз аяқ
шекара бол. Ол ақыл-ой, ар-ождан, абырой шекарасы. Ақыл ойдан тоятын, ар
ожданнан аттамайтын, абыройдан ажырамайтын межерден арғы жерде шешендік
өнер де жоқ.
Көне дәуір шешендері шешендік өнер негіздері туралы алғашқы білімді
тиісті оқу орындарынан алып, бұл орайдағы өз дағдылары мен шеберліктерін
ұштауда өздеріне дейінгі өнерпаздардың еңбектеріне сүйеніп, сөз ұстар
алдында жазбаша жаттығу жұмыстарына ерекше көңіл бөлген. Көркем сөздің көне
заманғы майталмандырының тәжірибелері белгілі бір мәселе төңірегіндегі
негізгі хабарларды, дерктерді тұтас игеріп, оларды ой сарабынан өткізу,
сөйтңп тиісті тұжырымның бұлтартпас дәлдігінде жазбаша түрде еңбектену
нәтижесінде ғана қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Оның үстіне жазбаша
жұмыс жүргізіп жаттығу сөздің дәлдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оның
ыпғақ жүйесі мен мағыналық құрылымына тән мөлшерлі тәртіп пен өлшемді
өрнекті де күшейтіп, ажарлай түседі. Айтай ойын жазулы толғауға айналдырып,
әр пікіріне атан түйеге жүк болардай ауыр салмақ дарытып, әр сөзінен көзді
арбап, көңілді баурайтындай ажар танытып дағдыланған сөлер шешен сөйлер
жерге келгенде, жазбаша да, ауызша да ағыл-тегіл көсіле беретін болса
керек. Сонымен қатар шешендер арасында алдын-ала жазбаша жаттығу жұмыстарын
жүргізбей-ақ тиісті мәселе бойынша бірден сөйлеп жету тәжірибесі де мол
болған және бұл ретте де неше түрлі өткір сөздер, отты лебіздер айтылған.
Алайда ежелгі дәуір шешендердің тәжірибесінде дәлелділігі, жүйелілігі
жағынан бұл секілді жүрде айтылған сөздер алдын-ала жазбаша түрде
дайындалған, екшелеген сөздер сияқты қуатты да, құнарлы бола алмаған.
Шешендік сөздің тарихы мен теориясында қазақ халқының қиыннан
қиыстырып, суырып салып айту өнерінің маңызы мен мәні өте жоғары. Қазақ
шешендері өз сөздерін көне дәуірдің сауатты шешендері секілді жазбаша
дайындап, әр сіс туралы айтар ойын алдын-ала кесіп-пішіп, тіпті сөзін жатқа
айтып жаттығып отырмаған. Өмірдің сан аулан құбылыстары, олардың тарихы
болмысымен тарихи сипаты, мазмұны мен мәні, қай-қайсысы да көне дәуір
шешендерінің қойын дәптеріндже жүретін болса, қазақ шешендерінің ойында
сақталған. Қалыптасқан таным мен талғам талаптарына орай кез-келген құбылыс
туралы тұжырымды, кесімді пікірді де олар табан асытинад айналасы теп-тегіс
жұмыр пішінге, өлшемді, мөлшерлі түрге түсіре берген.
Қазақ шешендерінің сөз майталманы ретінде қалыптасуы, өнерін өсіріп,
шеберліктерін шыңдауы арнаулы оқу орындарында, шешендік өнер мектебінде,
ұстаз алдында емес, сахаралық тұрмыс салт жағдайында өткен. Сайын дала
төсінен шыққан алуан шешендердің, билердің сөздері бүгінде қазақтың өзін
де, өзімен өзектес басқа жұртты да таңдандырмай қоймайды. Өйткені, қазақ
шешендлік өнері тапқыр сөз, шешен сөйлеу ғана емес. Қазақ шешендік өнерінің
әлеуметтік қызметі де, мазмұнымен мағынасы да, сыртқұы ажар көркі де өте
күрделі, көп салалы, көп қырлы. Әлеуметтік қызметі жағынан шешендік өнер
қазақ даласында бірнеше қоғамдық ойдың міндетін қатар атқарған. Өмір
құбылыстарын көркемдік-эстетикалық жоғары деңгей де толғау, өмір
құбылыстарының мәні мен тегін, олардың өзара өзектес сырларын толғау
(философия, тарих), өмір құбылыстарының тәлімдік мазмұнын толғау,
ғибратлану (халық педагогикасы), өмір құбылыстарына қоғамдық баға беру мен
үкім айту (билік), т.б. – қазақ шешенлік өнерінде осылардың бәрі бар.
Сондықтан да қазақ шешендік өнерін ғылым мен өнердің, қоғам мен өмірдің
өзара тұтасқан, тоғысқан деңгейінде көрініс тапқан арнасы ретінде қарау
дұрыс. Қазақ шешендік өнерінің мағыналық құрылымдық жүйесі, ықпал ету аясы
қаншалықты кең, жан жақты болса, қазақ шешеннің өзін де жұрт сондай көп
қырлы, терең сырлы, әмбебап өнерпаз болғанда ғана мойындаған.
Қазақ шешендік өнерінің қалыптасып, дамуына, өркен жаюына зор ықпал
еткен бірнеше факторлар болды. Олардың бастылары мынадай:
1. Халықтық әдет заң жүйесі;
2. Халықтық сот билігі жүйесі;
3. Халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салты;
4. Халықтың ақындық, жыраулық өнері;
5. Халықтың айтыс өнері;
6. Халықтың тарихи тағдырымен дүниетанымы.
Халық ұғымында осы көрсетілген салаларда өмір құбылыстарының мәні-
мағынасын терең біліп немесе олардың әрқайсының өмірдегі нақты
көріністермен жете таныс бролып қана қоймай, өзін солардың бәрімен біртұтас
сезініп, солардың бәрін өзінің күнделікті өмір-тіршілігінің басты өзегі мен
өлшеміне айналдыра алған, сөйтіп, ел ықыласына өзінің әділдігімен,
кеңдігімен, биіктігімен бөленген әрі өнерпаз, әрі ғұлама адам ғана шешен
атағына ие болған. Мұндай биікке көтерілген шешеннің өзі билік секілді
тұжырымды, бұлтарға жібермейтін дәлелді, ой мен сезімге бірдей өтімді
болады, әңгіме болып отырған құбылысты уөзге көрсетіп, қолға ұстатқандай
әрлі де, нәрлі, әсерлі қалыпта бейнелейді.
Сөз өнерінің көне замандағы білгірлерінің бірі Аристотельдің байқауы
бойынша, шешендік сөздің болмыс бітімін белгілейтін үш белгі бар: тіл,
стиль және құрылымдық жүйе [1] деп атап көрсетеді.
Шешендік өнердің басты қуаты – тілде. Тілінің қуаты жоқ кісінің
сөзінен шешендік өнерджің өрнегін іздеу ретсіз. Тілі күрмеленіп тұрған
сөзден стиль немесе тасбұлақтың суындай сылдыраған келісім табуға талпыну
ағаттық болады. Сондықтан сөз өнерінің бастапқы теоретигі Аристотель тілдік
көркемдеу құралдарына, тілді ажарлау тәсілдеріне ерекше көңіл бөлген. Ұлы
ойшылдың көркем сөз тіліне қоятын басты екі талабы бар: оның бірі – тілдің
айқын-айқын, шынайы айту әркімнің қолынан келмесе де әркімге қойылатын
талап. Аристотельдің айтып отырғаны жай, ауызекі сөйлеудегі айқындық емес,
көркем тілдің айқындығы, поэтикалық тілдің айқындығы [2] (екіншісі тілдің
сәулеттілігі. Анық сөйлеу, айқын, шынайы айту әркімнің қолынан келмеседе,
әркімге).
Тілдің айқындығы мен оның көпшіліктің көкейіне қонымдылығы, үғымдылығы
арасында үлкен айырмашылық бар. Шешен өз сөзін қатардағы халық жұртының
сөйлеу деңгейінде айтатын болса, онда оның сөзі көпшілікке түсінікті, айқын
болғанмен, ешкімді тұщындыра алмайды. Мұндай сөздің шешендік сөз үлгілеріне
еш қатысы болмайды.
Белгілі ұғымды күнделікті қолданып жүрген сөздің өзі білдіретіндей,
тіпті одан да анық танытатын, бірақ танымға тосын, жаңа, суретті әсерлі
түрде танытатын сөз ғана шешен өнерінің өрісін кеңейтіп, қадірін арттыра
алады. Бұл ретте өмір құбылыстарының табиғи болмысына тән қасиеттерімен оны
бейнелеп көрсетіп тұрған суретті сөздің арасында тиісті қарым-қатынас толық
сақталуы тиіс. Суретті сөздің мәні мен сәні сол сөз арқылы беріліп отырған
өмір құбылыстарының өз мәні мен өз ісінің айқындығы, бейнелілігі жағынан
әлдеқайда асып түсіп жатуы шарт. Шешендік сөз ел алдында айтылатын
болғандықтан, оны айтудағы үн, әуез бен ырғақтың да маңызы жоғары. Маңызды
мәнді құбылыс туралы тереі ойды көпшілікке белгілі әуезбен, жайлы ырғақпен
жеткізгенде ғана оны айтудағы тілдің алады. Шешеннің өзі оның көмейінен
ұнді емес, әуез де емес құр айқай болып шықса, оның тілінің сұлу ажары мен
анық-айқын табиғатында ешқандай да қажет қылмайды. Дауыс, дыбыс тұрпайылығы
сөздің де, ойдың да қадірін қашырады. Абайдың “Құр айқай бақырған құлаққа
өн бе екен?” деуінің сыры міне осында.
Шешендік өнер ұшін сөздің анықтығы мен айқындығы қандай қымбат болса,
шешеннің сөйлеу стилі де айрықша маңызды. Әр шешеннің тек өзіне ғана ойлау
және сөйлеу ерекшелігі барында сөз жоқ. Ол ерекшелік – сөз болып отырған
терең, анық та айқын ашатын болса ғана қуанбай, тұнжырап сөй”леу және
қайғылы құбылыс жайында алып-қашпа қуанышты ұнмен өрекпіп сөйлеу қаншалықты
ретсіз, жөнсіз болса, жалпы сөз сазының, сөйлеу мәнерінің сөз болып отырған
құбылыстың мазмұн-мәніне қарама-қайшы, жат болып келуі де соншалықты
орынсыз, ойға қонымсыз болады.
Шешендік сөз қандай жағдайда айтылған да аясынан асып кетпеуге тиіс.
Әсерлеп сөйлеу мен әсіреқызыл сөйлеудің арасы бір-ақ елі. Әсерлі сөйлеудіәң
жөні осы деп суретті бейнелі сөздерді көзінен тізіп, көлденең тарта берген
жағдайда тыңдаушының зейіні тез зерігеді. Ондай жағдайда бір сөзден туғңан
әдемі әсерді екінші бір сұлу сөздің әсері жуып-шайып, жойып отырады,
нәтижесінде шешеннің айтпақ ойы айқындығын жоғалтып, оның барша сөзі судай
сүйылып, бөздей бозарып шыға келеді.
Шешендік сөздің айтылу мақсаты – тыңдаушысының ойын оятып, толғантып,
тебірентіп не болмаса жанын түршіктіріп, жүрегін шошытып, ақырында оны өз
дегеніне көндіру. Мұндай үлкен биік мақсатқа ел алдында томырайып, салғырт,
мүлгіп сөйлеу арқылы немесе сылаңдаған сұлу сөз, көз қарықтырған көркем
сөзбен жете қою қиын. Бұл жерде сөздің айқындығымен әсерлігіне қосымша
эмоциялық мазмұн қажет. Биікке бастар қанатты қиял, эмоциялық мазмұн жоқ
жерде шешеннің сөзі жер бауырағандай желбуаз құрғақ жағдайда, тіпті сырдаң
да мидаң көрінеді. Мұндай сөзге кісі үйірілмейді. Сөздің эмоциялық бояуын
мүлде азайтып, оны жоқ дерлік деңгейге дейін түсіруге келетін жағдайда
болады. Ондай жағдай өмір құбылыстарының мазмұны эмоцияға, сезімге өз-
өзінен толып тұрғанда айрықша дараланады. Мысалы: трагедиялық ахуал
жағдайында өткен құбылыстар қайғылы, азалы күйге, көзден сорғалаған жасқа,
жанды күйдірген, жұректі жаралаған күйінішті сезімге мейлінше толы болып
келеді. Әдетте бұл секілді жағдайда сөйлегенде көңілдің босамауы, дауыстың
дірілдемеуі қиын. Ал шешен мазмұны өз-өзінен осындай эмоциялық қалың
тасққынға толы өмір құбылыстары туралы ешбір эмоцияға берілмей, қатқыл да
суық, сұсты, тіпті аздап азалы салтанат сарыны араласқан салқындылықпен
сөйлеуге тиісті. Сонда құбылыстың эмоцияға толы мазмұны мен ол турлы
айтылған суықта салқын, ұстамды сөз әсері арасында алшақтық, контраст пайда
болады. Сонда шешеннің салқындылықпен айтқан әрбір сөзі өмір құбылыстарының
эмоциялық мазмүны қоюлығына қарай тыңдаушы жұрегінен көл-көсір сезім көзін
ашадыү. Стиль даралығына қол әрлі әрі әсерлі бола алады.
Стиль даралығы сөздің саралығымен тікелей байланысты. Бірақ стиль
даралығы – сөз даралығынан гөрі күрделі құбылыс. Сара сөздің бәрі стиль
даралығына бастай алмайды, ал стиль даралығы бар жерде сөздің саралығы
дараланып тұрады. Екінші жағынан, сөздің саралығы жоқ жерде стиль де
болмайды. Стильді сөздің саралығы сөйлеудің саралығына ұласатын баіктен
ғана іздеу керек. Тілдің көркемдеу бейнелеу құралдарының түрлі сатыдағы
өзара жарастығы, бұлақ суындай сылдырай келіскен таза үндестігі ғана сөз
саралығын сөйлеу саралығына айналдырады. Шешен сөз өзінің өтімді болып,
тыңдаушылармен билердің көңілін баурап өз дегеніне көндіәру үшін, олардың
сөз болып отырған зқұбылыс туралы жек көру не дақсы көру сезімін ояту шарт.
Бұл шартты орындауға бел бумас бұрын тыңдаушылармен қазылардың нені жақсы
көретінін, нені неліктен ұнататынын нені жек көретінін жете білу керек. Ал
қазылар алқасында шиеленіскен дау желісі түсетін жағдайда шешен дауға
түсуші екі жақтың бірі туралы ел-жұрттың іштарту, жақын көру сезімін
туғызуы қажет. Мұның өзінде де шешен тым қызбай аптықпай, жұйеден шықпай,
өлшеммен ғана сөйлеуге тиіс. Олай болмаған жағдайда ол алдына қоған
мақсатына жетпек емес.
Бидің билігі, шешендлік үкім сөзі дау желісі болып отырған құбылыстың
қалың жұрт алдынан нақты да затты көрінісі арқылы иланымды түсінікті,
бұлтартпастай дәлелді сипатқа иеленді. Сондай-ақ би қалың жұрттың ұрлыққа,
ұрыға қалыптасқан ұғымы мен жек көру сезімін де күшейте түсіп, оны өз
мақсатына оңтайлы пайдаланады. Осылайша істің анықтығы сөз бен ойдың
айқындығына, сөз бен ойдың айқындығы стильдің айқындығына, даралығына алып
келген.
Жоғарыда көрсетілген стиль түзуші факторлардың түрлі жүйедегі, түрлі
деңгейдегі келісімі мен үйлесімі нәтижесінде М.Цициронның пайымдауынша:
шешендік сөздің үш түрлі тегі пайда болады. [1] Оның бірі – қарапайым
төмендегі тек. Бұл тектің талаптарпы бойынша, шешеннің сөзі орнымен, ойы
жөнімен ап-анық, тура айтылуға тиіс. Сонда ғана ой иланымды, сөз сенімді
сипатқа ие болады. шешендік сөздің бұл тегінің мақсаты – сендіру, иландыру.
Шешендік сөздің екінші тегі – ортыңғы тек. Егер төмсенгі тектің мақсаты
сендіру, иландыру, көндіру ғана болса, ортаңғы тек ел-жұртты иландырып,
көндіріп, сендіріп қана қомай, халықтың бойын балқытып, мейрін қандыру
тиіс. Бұл орайда кісінің жүйкесін домбыраның қатты тартылған шегіндей
қатайтып, ширықтырып алмай, керісінше оны сабасына түсіретиін шуағымен
жылуы мол сөздердің қызметі басым. Бұл – тілдің бейнелеу құралының барынша
байлығы, сұлуымен қызуы барынша еркін, сол көрініс табатын ажарлы тек.
Үшінші тек – шешендік өнердің жоғарғы тегі. Тас жаратын, тас жармаса бас
жаратын сөз осы тектен тарайды. Мұндай сөз халықты сендіріп, иландырып,
көндіріп, мейірін қандырып, көңілін балқытумен шектелмей, тыңдаушы
біткеннің көңілін тербеп, ойын қозғап, сезімін серпеді. Тұнық сөзден дауыл
тұрғызып, телегей-теңіз тыныш ойдың терең тұңғиығына дейін тербейтін де,
салқын сөзден от шығарып, сұз боп сіресіп тұрған сезімді қыздырып, өршіте
лаулататын да – осы тек.
Шешендік сөздің үш тегіне де ортақ нәрсе – мағыналық құрылым жүйедегі
тұтастық. Үш тектің түрлері қаншама бөлек, бір-бірінен алшақ болғанымен
олар мағыналық-құрылымдық, болмыс бітімі жағынан бір-бірінен даралана
алмайды. Аристотель Риторика атты еңбегінде шешендіе сөздің негізінен,
құрамдас төрт бөліктен тұратынын көрсетеді:
1) Бастамасы;
2) Ұсынбасы;
3) Дәлелдеме;
4) Қортпасы; [1]
Сөздің көрсетілген құрамдас бөліктерінің ішінен Аристотель сөздің
ұсынысымен дәлелдемесін арнайы бөліп алып, сөз жүйесінде бұлардың алатын
орыны да, атқаратын қызмиеті де ерекше екендігін айтады [1]. М.Цицерон өзі
мен өзге шешендердің тәжірибелерін сарапқа салып талдай отырып, шешендік
өнердің теориясы мен көркемдігі үшін маңызы жоғары ойлар қозғайды.
Дапнышпан бұл орайда іс-әрекетін жан-жақты байымдап, шешендік сөздің басты
мәселелерін сипаттайды.
Шешендік өнердің табиғатының мұндай даралығы шешеннің талантына мұндай
даралығы шешеннің талантына да ерекше сын. Шешендік өнер жолын таңдаған жан
үшін тума талант, білім, білік ауадай қажет. Білім, маңыз бен мән жоқ жерде
қанша сұлу айтылғанмен сөздің қадірі де, қасиеті де болмайды.
Шешеннің таланты- ерекше таланта. Оған тән бірнеше қасиет бар.
Солардың ішінде атқаратын қызметі өте маңызды. Ақыл кез келген кісіде
болады. Ал ақылдың кемелдігі шешенде ғана болмақ.
Бірақ ақыл ойдың тереңдігі немесе кемелдігі мен алғңырлығы – екі түрлі
категория, екі бөлек ұғым. Ғылым мен білім ақыл-ойды арттырып жетілдіре
түскенмен, ақылдың алғырлығына тікелей ықпал ете алмайды. Ақылдың алғырлығы
ғылым мен білімге тәуелді емес, өйткені ақылдың алғырлығын адамға табиғат
қана сыйлайды. Ақылдың алғырлығын шешеннің туа біткен талантының басты
қасиеті ретінде танудың себебі осында. Сезімнің сергектігі туралы да осыны
айтуға болады. Ақылдың алғырлығы мен сезімнің сергектігі шешеннің ойын
шарықтатып, қиялына қанат бітіреді. Шешен табиғатының тән деп есептелетін
басқа қасиеттер, білім, тәжірибе, шеберлік – бұлар шешеннің ғана емес,
сондай-ақ барша жұрттың бойына жүре келе, еңбектің, үйренудің тәжірибенің
нәтижесінде қалыптасады.
Шешен сөйлеу, оның тарихы теориясы ғылым пәні екенгдігінде сөз жоқ. Ал
шешен сөйлеудің өзі ғылым емес, өнер ғылым мен білімге негізделген өнер
болып табылады. Соған орай шешеннің сөзі ғылым пәнің болғанымен, оның өзі
ғалым емес, бірақ оның арғы-бергі деректеріне қағидаларымен ережелеріне
негізделеді.
Шешен әр сөзі мен әрбір ойының тыңдаушыларға әсерін жіті қадағалап,
тіпті оны алдын-ала болжап отыруға тиісті. Тыңдаушылардың ықыласын өзіне
аудару, істің мәнін ашып, дауңлы мәселе туралы өз пікіріне айқын, дәлелді
сипат дарыту, қарсыласының пікірін теріске шығару, ақыр аяғында
тыңдаушыларының ойы мен еркін тұтас баурап алып, оларды өз дегеніне біржола
көндіру шешендік өнер таласының тиісті сатылары ғана емес, тұтастай бір
процесс, жай емес, күрделі психологиялық процесс. Айтылған жайлар шешеннің
қызметінің ғылымның қызметімен қиындығын әрі күрделілігін, ао шешендік өнер
мәртебесінің ғылым мен өнердің қай сала, қай түрінен де жоғары екендігін
аңғартса керек. Осы орайда Цициронның мына бір тұжырымының ғылыми және
практикалық маңызы жарқырап көзге түседі: Егер әңгіме кімнің озық екендігі
туралы қозғалса, онда кім білімді, әрі шешен болса, жеңіс туы да соған
тиесілі. Егер біз оны бір ауыздан әрі шешен, әрі философ деп атауға
келіссек онда оның асықтығы мен озықтығы туралы сөз таластырудың
22-бет жоқ
1.1. Ауыз әдебиеті қалыптасуының тарихи үрдісі
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі –
халықтың ауыз әдебиеті. Жазу-сызуы болмаған ерте кезден-ақ қазақ халқы
өзінің тұрмыс-тіршілігі қоғамдық өмірі, шаруашылығымен кәсіьі, қуанышы мен
күйініші, дүние танудағы көзқарасы, т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр ертегі
әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауыз екі ауту
күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халық – даналық сөзі, яғни ауыз
әдебиеті деп айтамыз. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілері болса да әуел баста
жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде жазу өнері болмағандықтан, аузы
әдебиетін шығарушыларын есіне сақтап және ауызша айтып ұрпақтан ұрпаққа
жеткізген. Сөйтіп жеке авторлар шығарған әдеби туынды кейіннен өңделіп,
сұрыпталып, оған ұжымдық творчестволық өзгерістер енгізіліп отырған.
Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Ресейде ауыз әдебиетін
зерттеген буржуазияшыл ғалымдар мифтік теория дегенді ойлап шығарды. Бұл
теорияны ХІХ ғ. 50-60 жылдарында Ф.И.Буслаев, О.Ф.Миллер, А.Н.Афанасьев
секіңлді ғалымдар қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әртүрлі
мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері
құдайлар болды деп қарпайды. [1]
Сонымен қатар ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың екінші
жартысында тағы бір теория пайда болды. Бұл ауысып алу теориясы. Ауыз
әдебиетінің тууы, дамуы жайында ауысып алу теориясы ғылыми теріс,
дәлелсіз және қате теория болды.
Ал ауыз әдебиетінің дамуы мен қалыптасуын қазіргі ғылым ашып көрсете
білді. Қазіргі ғылым ауыз әдебиеті адамдардың еңбек, кәсіп етуіне, тұрмыс-
тіршілігіне, қоғамдық өміріне және оның дамуына байланысты туындағанын
дәлелдеді. ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланысты, оны жан-жақты
суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Оның кейбір үлгілері ескі
дәуірде, рушылдық қоғамға тән туған; бертін келе – қоғамдық, экономикалық
жағдайлардың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне
қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған.
Міне, осында қоғамдық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамның
дүниеге деген көзқарасы, ой-пікірі де, арман-талабы да күрделеніп, пісіп,
жетіліп дамуда болса, ауыз әдебиетінің түрлері де көбейіп, олардың мазмұн,
мәні де толыса түсті.
Егер мифтік-діни ұғымдарға байланысты Батырлар жыры, Ертегілер,
тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, т.б. қалыптасқан болса, сол ой-
пікірлердің қоғамдық өзгерістерге, тарихи оқиғаларға байланыстың өзгеріп
дамуы енді адамдардың дүниетанымы мен көзқарасының сұрыпталып, дамуына,
өмірдің көзқарасының сұрыпталып, дамуына, өмірдің мәнін іздеуіне, ақиқат,
шындық, әділдік сияқты асыл қасиеттерді жауыздық жамандық, әділетсіздіктен
бөліп қарауына әкеліп соқты. Өмірдің ағымен қарасын айырып, пенделік пен
адамдықтың арасын ажырата білді.
Адами қасиеттерді қастерледі. Осындай дүниетану мен көзқарастардың
өзіндік даму процесінің арқасында ауыз әдебиетінің ең биігі, құнарлысы,
халықтың мәдениетін, дүниетанымын көрсететін бір жанр пайда болды. Ол –
шешендік өнер. Шешендік өнер қазақ халқының тар жол тайғақ кешу мен мұң
қайғысы, қуанышының көрінісі. Шешендік өнердің барлық болмысында халықтық
сипат, қазақы мәдениеттің бейнесі жатыр. Біріншіден біз шешендік өнерді
тәрбие құралы ретінде алсақ тәрбиені мәдениеттен айыра алмаймыз. Сондықтан
қазақ халқының үлкен мәдениетінің сыртқы болмысын шынайы көрсететін осы
шешендік өнер.
Ауыз әдебиетінің қалыптасуы негізінде оған қоғамдық, тарихи өзгерістер
әсер ете отырып, халықтық әрбір тұрмыс-тіршілігінің, салт-дәстүрінің
қағидалары жанаса келіп ауыз әдебиетінің түрі шешендік өнер қалыптасты.
Халық ауыз әдебиетінің түп тамыры бір кезде Қазақстан жерін мекендеген
түркі тілдер рулардың әдебиетімен байланысып жатады. Бұған дәлел тарихи
деректер. Сондай-ақ қазақтың ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінің ізі Орхон
жазуларынан да байқалады. Түрік қағаны Білге Қағанның, оның туысы
Күлтегіннің (VІІ ғасырдың соңы, VІІІ ғасырдың басы) қабырларына қойылған
тастарда, Тоныкөктің ескерткіштерінде түркі руларының ескі жоқтау
өлеңдерінен, эпостарынан алынған тақырыптармен образдар ұшырасады. [2] Бұл
фактілер қазақ ауыз әдебиетінің шығу тегі ерте заманнан басталатынын
аңғартады.
Алайда қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінің хатқа түсуің кейінірек
– ХІ ғасырда басталды. Мұны Махмуд-әл-Қашқаридің Диуани лұғат-ат турк
(Анкара ХІ ғасыр), Баласағұнның Құтты білігінде (ХІ ғасыр) және басқа
ежелгі ескерткіштерде кездесетін ескі өлеңдермен мақалдардан көреміз.
Олардың кейбіреулері қазақтың халық өлеңдері мен мақалдарына өте жуық,
тіпті ұқсас жатады. Мысалы: Махмуд Қашқари жинаған мақал-мәтелдерінің
бірсыпырасы қазақ арасында айтылатын Бейнет түбі рахат, Түйенің үлкені
көпірден таяқ жейді, Айтылған сөз, атылған оқ, т.б. [2]
Қазақ халық ауыз әдебиетіне көңіл аударып, пікір айту ісі ХVІІІ
ғасыпдың соңғы кезеңінен, яғни Қазақстан Ресейге қосылып, қазақ халқының
орыс халқымен экономикалық саяси мәдени байланысы нығайғаннан кейін ғана
басталды. Осы орайда орыс ғалымдарының еңбектері айтарлықтай көрнекті деген
болады.
Мәселен, Н.П.Рычковтың Күнделіктерінде қазақ арасында өлікті жерлеу
ғұрпын сипаттау үшін жоқтиау өлеңдерден мысал келтірген. Бұл сияқты ауыз
әдебиетін пайдалану әдісін П.С.Палластың И.Георгидің, капитал Андреевтің
күнделіктерін атауға болады.
Зерттеуші ғалым Чернышевский де, Добролюбов та қай халықтың әдет ғұрпы
мен ауыз әдебиеті болса да оның негізгі әрбір халықтың тарихи өмір
шындығында, Чернышевскийдің сөзімен айтқанда сол дәуірдегі сол ұлттың [1]
тарихи өмір шындығында деп есептейді.
Сонымен халық ауыз әдебиетін ғылым ретінде танып, халықтың шешендігі
мен сөйлеу мәнерін, әр дәстүр салтта айтылатын сөздерін - өлең-жырларын
жинақтаған орыстың айтулы ғалым географтары В.Радлов, Г.Потатин, Ә.Длебаев,
Н.Ильминскийлер болды. Олардың қазақ халқының фольклорын жинақтау оны түп-
тамырына дейін саралауына қазақтың біртуар ұлдары мен ұлтым деген
азаматтарының қарым-қатынасы, жалпы ұлттық менталитет ерекше әсер етіп
қызықтырады.
Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесін талай халықтың өкілдерін тәнтьі еткені
мәлім. Қазақ халқының салт-санасы, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі жағдайында
тың пікір айтқан бір топ шетел ғалымдарының еңбектеріне үңіле қарасақ көп
нәрсені бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуге болады. ХІХ ғасырда өмір сүріп,
қазақ даласында із қалдырған Польшаның көрнекті қайраткері ақын
революционер Адольф Янушкевичтің Қазақ даласынан жазылған хаттар сетелік
кітабында (1961 ж. Парижде шыққан) Ресей мипериясы яиновниктеріне қазақтар
жөнінде сол кезде қалыптасқан тағы көшпенділер дейтін теріс көзқарасты
әшкерлеп, осы көшпенділердің өзіндік мәдениеті, салт-дәістүрі бар,
шешендік, ақындық өнерге келгенде ақыл-ой тапқырлығы жағынан Европаның ең
мәдениетті деген елдерінен асып түседі - деп жазады. [1]
Ал академик, этнограф, лингвист В.Радлов Сібір жазбалары V тарау
Түрік көшпенділері бөліміндегі қазақтар естелігінде қазақтар тамаша шешен
сөйлеп, әңгіме айтулды ұнатады. Қазақтардың әр сөзді ойнақы ететіні
соншалық, ол өлең сөзде ұғын сонар суырып салма шешендік өнерін танытып
қана қоймай, соныменг бірге белгілі бір әуен ырғағымен ерекшеленеді, - деп
қазақ халқының шешендік өнерінің ішкі иірімдеріне үңіледі. [2] Оның бір
емес бірнеше, яғни ақындық тапқырлық, ой шеберлігі сияқты қасиеттермен
толысып жатқанын айтады.
Сонымен бірге қазақ фольклорын зерттейде қазақтың ауыз әдебиетінің
ерекшеліктерін тереңінен талодап, мәнін ашып көрсете білген ғалым,
фольклорист Диваев болды. Диваевтың еңбектерінің негізгі пафосы қазақтың
жанды бейнесін барлық жағынан көрсетуге ұмтылу болды. [1]
Сонымен бірге 34-жылдары Совет жазушыларының бірінші съезінде
А.М.Горький ауыз-әдебиетінің тарихи мәнін, көркемдік қасиетін айта келіп,
халық даналығы арқасында жасалған типтер мен образдарды ашып береді. [2]
Сөйтіп халық поэзиясы дүниежүзілік әдебиеттің зор табыстарының негізі,
қайнар көзі болып табылатындығын дәлелдеді.
1934 жылы Правда газетіне жарияланған А.М.Горькидің Мамедилге жазған
хатында Совет Одағында тұратын халықтардың шығармалары елеміздегі әрбір
ұлттың тіліне аударылар болса тамаша болар еді. Біз мұндай болған кезде
әрбір ұлттық мәдениет жағындағы қасиетін, бірінен-бірінің айырмашылығын
көрер едік. Бұл жағдайда әрбір ұлт пен рулардың индивидуалдық белгілерін
жоғалтпастаншын мәніндегі социалистік мәдениетті құрудың процесін тездетер
едік, - [3] деп ауыз әдебиеті арқылы халықтық мәдениетті қалыптастырып,
өсірудің жолдарын атап көрсеткен.
Сонымен бірге халық ауыз әдебиетінің көп нұсқалы үлгілерін жинауда
О.Әлжанов, Б.Дауылбаев, Ж.Айманов, М.Бекімов сияқты қазақ зерттеушілерінің
еңбегі зор.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау ісі Қазақстанда Ғылым
академиясының филиалы (1946 жылдан) құрылғаннан кейін күшейе түсті. мысалы:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты қолжазба қорына жиналған ауыз әдебиеті
материалдарынан 1953-1973 жж. арасында үлкенді-кішілі 23 том құрастырып
жариалады. Бұлардың ішінде Шешендік өнер, Батырлар жыры, ертегілер,
мақал-мәтелдер, т.б. бар.
Қазақтың рухани мәдениетінің құндылығын бағалу идеясы көптеген отандық
ғалымдарды да, шетелдік ғалымдарды да халық ауыз әдебиетін зерттеуде
белсенділік танытуға жетеледі.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісі кеңестік дәуірде қолға алынды. Бұл
дәуірде қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму, өсу жолын шартта түрде
үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең – 20-30 жылдар арасы.
Екінші кезең – соғыс жылдары.
Үшінші кезең – Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар.
20-жылдардың басында-ақ қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында мәселелер
көтеріліп, фольклор туралы газет журналдарда үлкенді-кішілі мақалалар
жариалана бастады. Бұл мақалаларда қазақ фольклорын жинау, зерттеу бағалау
хақында көптеген пікірлер айтылады.
Алғашқы қадамы қазақ ауыз әдебиеті туралы жазылған кішігірім
мақалалардан басталған қазақ фольклористикасын идеология майдандарында
шиеленіскен таптық күрес жағдайында, фольклордың тарихи және қоғамдық жолы
жайында көтерілген мәселелерге белсене араласу негізінде дүниеге келді.
Қазақтың біртуар ұлы ағартушы этнограф Шоақн Уәлиханов халық ауыз
әдебиетінің үлгілерін жинақтап, зерттеуде ерекше еңбек еткен ғалым. Халқына
адал ниетпен қызмет етуді арман еткен Шоқан қазақ халқының ауыз әдебиеті
үлгілерін жинап баспа жүзіне шығару, оны мәдениеті озық елдерге таныстыруды
мақсат етті. Ол әрекетін Шоқан былай деп түсіндіреді Осы күнге дейін
Европа көшпелі елдерді аса қатал, жөн білмес, тағы деп жалған түрде
түсінушілік үстем болып келеді. Көшпелі монгол немесе қазақтар жайындағы
мұндай ұғымдар оларды мал тәрізді, тұрпайы тағылар деген пікірмен тығыз
байланысты. Шынына келгенде осы надан, тұрпайы деп қараған халықтардың
көбініңжазбаша немесе ауызша шығарған әдебиеті, аңыз әңгімелері бар. [1]
Шоқан өзінің Шамандықтың қазақтиағы қалдықтары, Ұлы жүз
қазақтарының ертегілермен аңыздары, Жоғария очерктері, Тәңірі секілді
еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің, соның ішінде халықтың поэзиясын,
шешендік қабілетін жоғары бағалаған. Бұл ретте ол өлеңді суырып салма
түрінде шығарушылықты, аяқ астынан тапқырлып көрсетіп нақылдаған сөйлеуді,
шешендік өнерді көрсетуі қазақтың ертеден келе жатқан мәдениетін білдіреді
деп қарайды. [2]
Сонымен бірге 20-30 жылдарда ауыз әдебиетінің ғылыми негізделуіне зор
үлес қосқан ғалым ғылыми негізделуіне зор үлес қосқан ғалымдар қатары
жетерлік. Солардың бірі Сәбит Мұқанов. Ғалым өзінің Қазақ әдебиеті һәм
Ыбырай деген мақаласында (Қызыл Қазақстан журналының 1924 ж. 7-9 санына
жарияланған) ауыз әдебиетін, ән мен күйді халық арасынан шыққан, еңбекші
халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсы білетін адамдар тудырады [1] деп ауыз
әдебиетінің шығу тарихынан мәселе көтереді. Ал осы жылдардағы
фольклористиканың көптеген мәселесі – ауыз әдебиетінің тарихын зерттеуді
қолға алған ғалым Мұхтар Әуезов болды. Осы тұрғыда қазақ әдебиетінің
қазіргі дәуірі (1922), Қобыланды батыр (1925), Қазақ әдебиетінің
тарихы (1927) сияқты еңбектер жарық көрді. Ауыз әдебиетін зерттеушілердің
бір Қажым Жұмалиев болды. Ол фольклорист ретінде 30-жылдардың соңғы
кезеңінде таныла бастады. Оған Халық поэмалар атты жинағы дәлел.
Е.Исмайловтың да ауыз әдебиетін зерттеуде елеулі еңбегі бар. Оның
Ақындар, Ақын және революция, Әдебиет жайлы ойлар, т.б. еңбектерінің
тарихи және ғылыми мәні зор.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ісіне жоғарыда аталған аға
буынғалымдарымен қатар, жастар да белсене араласып келеді. Бүгінгі тәуелсіз
Қазақстан жағдайындағы ғалымдардың да қадамы ерекше. Ауыз әдебиетінің
тарихын, жанрлардың қалыптасып, даму жолдарын, көркемдік ерекшеліктерін жан-
жақты қарастыруда Б.Адамбаев, Т.Сыдықов, С.Садырбаев, М.Ғұмарова,
О.Нұрамағмбетова, М.Жолдасбеков, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б.Уахатов, т.б.
еңбектері зор.
Шешендік өнер қыдырлы өнер. Өнер алды-қызыл тіл деп қазақ бекер
айтпаған. Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болсын күрделі қоғамдық,
мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, мәмігерлері, ғылымдары ойға шебер,
тілге шешен болғанын байқаймыз.
Әр қоғамның өзіне лайықты қарым-қатынасы қалыптасатыны сияқты ойлау,
сөйлеу мәдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да болғаны даусыз. Алайда
шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын
шығып қалыптасқан.
Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика дейді. Риторика ғылымының
негізін салушы грек, Софист Абдерлік Пратагор деп есептеледі. Пратагор
көптеген ғылымдардың негізін қалаған Сократ (469-399), Платон (427-347)
ғалымдармен замандас, Софистер (қыдырма оқытушылар) арасында алғаш рет сөз
айтысып, пікір таласын бастаған, өзі де сөз сайысына түскен шешен боған.
Ғылым шешендік өнерге байланысты: Айтыс өнері, Ғылымдар туралы,
Жарыс сөзі т.б. еңбектер жазған. [1]
Риторика – сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына сезіміне және
еркіне әсер ету, ықпал жасау. Риторика писихология, логика, әсіресе
философия ғылымдарымен тығыз байланысты.
Шешендік сөздердіңт шығып өалыптасуымен дамуы шешендермен, олардыңи
сөздерімен белгіленеді.
Мәселен, шешендік өнер ең алдымен Грецияда, Афинада өріс алған. Онда
жылнамамыздың арғы 500-300 жылдар арасында атақты он шешен шыққан. Слоардың
арасында лисий мен Исократтың, әсіресе Демосфеннің (384-322) есімдері
ерекше аталады.
Демосфон – демократиялық Афины мемлекетінің көрнекті қоғам қайраткері
және аталы-балалы Македонияның патшалары П. Филипп пен Ескендірдің
басқыншылық саясатына қарсы патиоттық жалынды сөздермеғн даңқы шыққан
айтулы шешен. Шешеннің он тоғыз сөзі сақталған, солардың ішінде: Гүлге
байланысты Ктесифонт үшін және Қылмысты емшілік туралы дейтін екі сөзі
мазмұндылығымен шешендік оқщау ерекшеленеді.
Гим республикасында шешендік өнер классикалық түрмен дамып, ала
жылжыды. Онда Красс, Антония, Гортенсия бастаған ондаған атақты шешен
қолбасшылар, қоғам қайраткерлері шығады. Алайда солардың ішінде шоқтығы
биік Марк Туллий цициронныңи шешендігі болды.
Цициронның біздің дәуірімізге жеткен сөздеғрінің ішінде Котлинаға
қарсы айтқан сөздері. [1] шешендік шеберліктің жоғарғы үлгісі саналады.
Гректердің өнері мен білімін арнайы оқып үйренген Марк Туллий,
бейнеөлеңкіреп айтқанда, Афины шахарында шаңырағын көтеріп, ордасын тікті,
шешендік өнердің теориясын жасап, шешендердің түрлерін анықтады. Ол Шешен
туралы
Брут, немесе атақты шешендер туралы, шешен атты үш тарактатымен
жалпы шешендік өнер туралы ғылымның негізін салды. [1]
- Бізде қолбасылар, қоғам қайраткерлері жеткілікті, өнер мен білім
саласында да даңқты адамдар көп, оларға қарағанда атақты шешендер неге тым
аз.-деп, цицерон сұрақ қояды да оған былай жауап береді: Оның мәнін мынада-
шешендік сонша, әлдекімдердің ойлағанындай оңай емес, оны игеру қиын және
өте көп білімді, ынта-жігерді керек етеді.[2]
Шешендік өнер әдетте ақыл-ойға еркіндік кең жерде, халықтық-
демократиялық қоғамдарды өсіп өркендей алады. Ежелгі Греция мемлекетімен
Рим Республикасында шешендіктің қалыптасып, халықтық дәстүрге айналуына
міне сондай халықтық демократиялық дәстүрлер себеп болған.
Ресейде қатарлас халықтарға қарағанда шешендер аз шыққан, шешендік
өне,р кенжелеп дамыған. Оның себебін Д.И. Фонвизин былай түсіндіреді:
Шешендердің аз болуының себебі, шындығында шешендік дарын көрінетіндей
жағдайдың жоқтығынан. Шешендік аброй- атаққа айқара есік ашатын және
шешендік жеңіс құр мақтау емес, претура, архонция және консульдікпен
сайланатын бізде халық жоқ [3] Ресейде, шешендік өнер шын мағанасында 1-
Петр заманынан, яғни XVIII ғ. Басталады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер
Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі
Қазақтың шешендік сөздері арқылы студенттерді тапқырлыққа тәрбиелеу
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Қазіргі замаңдағы риторика ғылымының рөл
Ұлттық театрды дамытудағы шешендік өнердің орны
Шешендік сөз өнері және логика
Шешендік сөздер
Пәндер