Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Т. АХТАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК

ІЗДЕНІСТЕР

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология

факультетінің Ү курс студенті Жингиш Серікгүлдің «Т. Ахтановтың шығармаларындағы көркемдік ізденістер» атты диплом жұмысына

П І К І Р

Диплом жұмысы кіріспе, қорытынды екі бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс белгілі бір мақсатқа сәйкес ғылыми жүйемен орналасқан. Бітіруші негізінен Т. Ахтановтың шығармаларының көркемдік болмыс-бітіміне, жазылу концепциясына, көркемдік бейнелеу тәсілдеріне кең түрде, бірінші талап тұрғысынан талдау жасауды міндет етіп қояды.

Диплом жұмысындағы көңіл аударатын басты жайлардың бірі Жингиш Серікгүлдің қаһарманның азаматтық позициясына, көркемдік бейнелеу тісілдерімен бірге, олардың рухани әлеміне бойлауды да алдына мақсат етіп қоюы. Моральдық проблемалар, адамгершілік және ар-ождан мәселелері - әдеби шығарманың өзегі. Тахауи Ахтанов жайлы зерттеулерді, ғылыми ой-тұырымдарды ізденуші пайдаланып қана қоймай, өз тұрғысынан келген. Атап айтқанда, жазушы ізденістеріне, философиялық сипат алып жататын көркемдік идеяға, адамгершілік ізденістер, кейіпкердің ішкі тартысы мен характер құрылысына, психологиялық мотировкаға жан-жақты тоқтаған.

Бітіруші, бірінші бөлімде Т. Ахтановтың әңгімелерінің көркемдік мәнін ашуға тырысқан. Әңгіменің жазылу тарихына жазуға себеп болған факторларды сөз етеді. Екінші тарауда «Махаббат мұңы» повесі мен «Боран» романын талдайды. Идеялық-көркемдік тұрғысынан келген. Кейіпкерлер образын ашуға тырысқан. Дүние, өмір, адам, махаббат, жақсылық пен жамандық, намыс пен абырой, қанағат пен құлқын тағы басқа мәңгілік тартыстан тұратын мәселелердің шешімін іздестіреді. Адамның психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі талданады. Бітіруші жазушының стильдік келбеті туралы ғалымдардың пікірін ескерген.

Т. Ахтанов шығармаларының өмір танытушылық мәні, тәрбиелік функциясы, жазылу өзгешелік спецификасы, эстетикалық идея жасау проблемасы т. б. еңбекте біршама жақсы сөз болады.

Жингиш Серікгүлдің жұмысы университет бітірушілерінің білімі мен білігіне қойылатын талаптарға толық жауап береді диплом жұмысын қорғауға жіберуге және жоғары бағалауға болады.

Ғылыми жетекші: З-Ғ. Қ. Бисенғали

Ф. ғ. д. профессор

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология

факультетінің Ү курс студенті Жингиш Серікгүлдің «Т. Ахтановтың шығармаларындағы көркемдік ізденістер» атты диплом жұмысына

П І К І Р

Диплом жұмысы әдебиетте өзіндік орны, айшықты сөз өрнегі бар, дара жазушы Т. Ахтанов шығармаларының идеялық-көркемдік ізденістері мен стильдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Бітіруші, ең алдымен, ғылыми зерттеушілер мен баспасөз материалдарына сүйене отырып, ғылыми базасын айқындап, өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, ғылыми жаңалығының қандай болуы мүмкіндігін екшеп алады. Өзіне дейін жасалған ғылыми жұмыстардың дәреже деңгейін бағамдап, енді мен не істей аламын деген сұрақ қойған сыңайлы.

Бітіруші С. Жингиштің «Т. Ахтановтың шығармашылығындағы көркемдік ізденістер» атты диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім және қорытындыдан тұрады.

Бітіруші бірінші бөлімде Т. Ахтанов әңгімелерінің көркемдік ізденістеріне жан-жақты тоқталған. Әңгіме кейіпкерлерінің азаматтық ұстанымына, көркемдік бейнелеу тәсілдерімен бірге, олардың рухани әлеміне бойлаған.

Екінші тарау аталмыш жазушының «Махаббат мұңы» повесі мен «Боран» романының идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне арналған. Бітіруші жазушының кейіпкерлер бейнесін, психологиялық болмысын ашудағы шеберлігін талдай отырып, өзінше ой түюге ұмтылыс жасаған. Сонымен қатар бітіруші Т. Ахтанов шығармаларының тәрбиелік мәні, эстетикалық идея жасау мәселесі, өмір танытушылық қызметі деген сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталған.

Бізге бітірушінің Т. Ахтанов шығармаларының көркемдік болмыс-бітімін, жазылу тарихына, кейіпкерлердің адамгершілік қырына, философиялық концепциясына, бейнелеу тәсілдеріне кең көлемде терең талдау жасауы ұнады.

Диплом жұмысы барлық талаптарға сай, жоғары деңгейде жазылған. Сондықтан С. Жингиштің диплом жұмысын қорғауға жіберуге әрі жоғары бағалауға болады.

Пікір білдіруші:

Ф. ғ. к. : Г. Бірәлі

Мазмұны

Кіріспе . . . 4-6

І Бөлім. Әңгіме жанры және көркемдік мәні . . . 7-22

ІІ Бөлім. Повесть, роман - идеялық-көркемдік ізденістер. . 23-47

Қорытынды . . . 48-49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 50-51

Реферат

Диплом жұмысының тақырыбы : Тахауи Ахтановтың шығармаларындағы көркемдік ізденістер.

Диплом жұмысының көлемі : 51

Диплом жұмысының мақсаты : Жазушының шығармаларының көркемдік ізденістерін анықтау диплом жұмысының мақсаты.

Диплом жұмысының құрылымы :

Кіріспе бөлімде : Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен Тахауи Ахтановтың шығармаларының зерттелуі, шығармаларына берілген бағалар.

Бірінші бөлім . Әңгіме жанры және көркемдік мәні

Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы», «Алыстан жеткен сарын», «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Көк құтан» әңгімелерінің жазылу тарихы, жазуға себеп болған факторлар. Әңгіменің өркемдік мәні талданады. Жазушының ізденістері сөз болады.

Екінші бөлім. Повесть, роман - идеялық-көркемдік ізденістер.

«Боран» романы, «Махаббат мұңы» повесіндегі идеялық- көркемдік ізденістер, жазушының характер сомдаудағы шеберлігін, көркемдік тәсілдері қолданылу ерекшеліктерін айқындау.

Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер : роман, әңгіме, повесть, кейіпкер, пейзаж, портрет, диалог, монолог, баяндау, суреттеу, мінездеу, теңеу.

Диплом жұмысқа пайдаланылған әдебиет саны: 30


Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі:

Ұлы Отан соғысынан кейін қазақ көркем прозасының дамуына елеулі үлес қосқан қаламгерлер шоғырында ерекше орны бар жазушының бірі - Тахауи Ахтанов.

Жазушы Шерхан Мұртазаның Тахауи Ахтанов туралы айтқан мынадай сөзі бар: « Әдебиет халықтың рухани байлығы болса, сол байлықты азаптанып дүниеге келтірер таланттар халықтың маңдайына біткен кенен ырыс, жарық жұлдыздары. Тахауи Ахтанов халқымыз бен әдебиетіміздің осындай ырысына айналған санаулы суреткерлеріміздің бірі және бірігейі. Халық пен әдебиет Тахауи Ахтановты әрі мақтаныш, әрі бедел тұтады».

Екінші курста оқып жүргенде өзі майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланады. 1984 жылы әскер қатарынан босанғаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңі « Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көреді, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланады. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.

Т. Ахтанов прозасы өзекті тақырыптарды арқау етіп қана қомай, өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдыруда өзіндік бағыт-бағдарын айқындаған шығармашылық. Қаламгер прозасындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның прозалық шығармаларының ішінен де, баяндау әдісі мен характер, образ жасау жолында пайдаланылған шығармашылық тәсілдерінен де, кейіпкердің психологиялық-әлеуметтік портретін берудегі ерекшеліктерінен де көрініс табады. Осы тұрғыда, жазушы шығармаларын жүйелі түрде талдау арқылы идеялық-көркемдік ізденістер аясын айқындау, сол арқылы өскелең прозамыздың жану жолын көрсету зерттеу жұмысының өзектілігін танытады.

Диплом жұмысы тақырыбының зертттелуі:

Қазақ көркем прозасының дамуына елеулі үлес қосқан Тахауи Ахтанов шығармаларының көркемдік әлемі, қаламгер шеберлігі, тіл айшығы жайында байыпты толғамдарды М. Базарбаев, Р. Бердібаев, А. Нұрқатов, С. Қирабаев, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Ә. Кекілбаев, Р. Нұрғалиев, Х. Есенжанов, Т. Тоқбергенов, Т. Сыдықов, С. Шаймерденов еңбектерінен кездестіреміз.

Тахауи Ахтанов шығармашылығы туралы баспасөз бетінде көптеген әдеби-сын мақалалар жарық көрді. Ол мақалаларда қаламгер шығармаларының біраз қырлары сөз болған. Солардың ішінен Ш. Елеукенов, М. Атымовтың, Ә. Нарымбетовтың, Қ. Құттыбаеваның, Қ. Қуандықовтың, Н. Оразалиннің, Ш. Нүрпейісовтың мақалаларын атап өткен орынды.

Тахауи Ахтанов шығармашылығы туралы Е. Лизунова, З. Кедрина, Б. Панкина, П. Косенко, Е. Дьячков, Б. Энтин, О. Мозгалина, Н. Ровенский, Д. Николич, А. Зырин т. б. орыс сыншы-ғалымдардың сыни мақалалары мен еңбектерінде сз болады.

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы туған-туысқандары мен дос-жарандарының естеліктері, 50, 60, 70 жылдық мерейтойларына байланысыты замандас жазушылардың, қаламдас інілерінің Қ. Мұхамеджанов, С. Сейітов, Х. Бөкеева, Т. Әлімқұлов, Т. Медетбеков, Е. Домбаев, Б. Мұқай, Г. Бельгер, Б. Қорқытов, М. Мәжитов, С. Жұмабеков, Д. Исабеков, Т. Нұрмағамбетов, Г. Ахтанова, Ә. Сарай мақалалары қаламгер шығармашылығы жайында ой қорытуға біраз материал бар екенін аңғартады [1, 6] .

Тахауи Ахтанов шығармашылық мұрасын ғалымдар әр қырынан зерттеп жүр. Солардың ішіндегі көлемдісі Г. Бірәлінің диссертациялық жұмысы. «Тахауи Ахтанов прозасындағы адамгершілік ізденістер» - деп аталады.

Диссертациялық еңбекте Тахауи Ахтановтың кейіпкерлерінің бойындағы заман рухына лайық болмыс, бітім, адамгершілік сапаларын тани білуге, оны бейнелеуде тың идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен стильдік ізденісін айқындайды.

Зерттеу нысаны ретінде. Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» (1956), «Боран» (1966), «Шырағың сөнбесін» (1982) романдарын алған.

Жолбалсын Шайқақов былай дейді: «Тахауи Ахтанов шығармашылығының күре тамыры ең алдымен оның әйгілі үш кітабынан - «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдарынан бастау алатындықтан кешегі соғыс тақырыбына жазылған кеңестік қабырғалы жазушылардың роман-повестерімен, әрине салыстыру мақсатында, олар туралы алдыңғы қатардан табылған зерттеушілердің еңбектерімен танысып шықтым. Қазақ суреткерінің мазмұндық-мұраттық нысаналарын, көркемдік коэфиценттерін, өмірөзгертушілік құлашты сілтемелерін, өзіндік, тек қана өзіне тән өрелі жаңашылдық бояуларын социалистік реализмнің қалыптасып алған коммунистік қағидаларына икемдей алмай, бұрынғы шиырланып төселіп қалған соқпақтан шыға алмай жазған шимайларымды қайта-қайта өңдегеніммен жетекшіме ұсынарлықтай ештеме маңдыта аламадым».

Өзімен жыға таныс болғанмен азулы Тахаң романдары туралы менің бірдеме шатпайлап жүргенімді білмейтін. Сол шытпайларымды жинастырып тура өзіне бардым. Машинаға басып апарған кіріспемді қарап шықты да «орыс жазушыларының кітаптары мен аттарын тізе беріпсің ғой, бірдеңе айтқың келсе, сен неге менің өзімнен бастамайсың» деп, сонан соң өзінің кейіпкерлері Көжек, Қасболат, Қоспан, Уәли туралы және Нәзираның «Шырағың сөнбесін» романының соңында іші мен сыртында үш жетімек жетелеп келе жатқанына қалай қарайтынымды сұрады.

Менің пікірлерімді тыңдап болғаннан кейін « бұларды неге бөліп сұрады деп таңданарсың, олар, тіпті, кітаптарымда кездесетін барлық ірілі-ұсақты кейіпкерлерімнің барлығы дерлік дүниеге мені соншалықты толғандырып келген өзіме өте етжақын адамдар, олардың табиғаты мен ішкі дүниесін түсінбеген зерттеушінің қолында күлдібадам пісірілген күлшеге айналып кете ме деп қорқамын» дей келіп, ойын әрі қарай жалғастырып әкетті. «Мен өзімді бәлендей ғылыми дәрежем болмаса да, әдебиетші-зерттеушілердің қатарына жатқызамын. Кейбір әдебиетші-сыншылардың жазғандарына қарным ашады. Ойшыл дегендерден алынған цитаталардан, партияның әдебиет пен өнер турасындағы өткен-кеткен қаулылары мен қарарларынан келтірілген үзінділерден аяқ алып жүре алмайсың. Жазушы кейіпкердің көлеңкесінде кейіпкер жазушының тасасында қала береді. Жаным-ау зерттеуші дегенің айтқысы келгенін жалтақтамай, туралап, нысаналап, дәлелдеп жаналық ашпаса да, жүйелі нысанаға жетелеуі қажет. Суреткердің айтайын деген идиясы мынадай деп өзінің шатпағын тықпаламауы тиіс. Жазушының кім екенін оқырманға оның кейіпкері, оның іс-қимылы үстіндегі жан дүниесінің иірімдері ғана жеткізе алады».

Тахауи Ахтанов әдебиетіміздегі кесек тұлғалы көп қырлы талант еді. Оның қалың қазақ және басқа халықтар оқырмандарының жүрегін бояуы кетпей жатып жаулап алған романдары, повестері мен әңгімелері, сахналық шығармалары, әдеби зерттеу кітаптары ұлттық сөз өнерінің өрістілері қатарынан табыла беріп, өзінің соны да, сан-салалы зерттеушілерін таба беретіні дау тудырмаса керек. Жазушының тегеурінді дарындылығынан алғашқы романы «Қаһарлы күндер» мен «Махаббат мұңы» повесі және әңгімелері табиғатынан қапысыз тани білген ұлы суреткер Мұхтар Әуезов оны өзінің ізбасарындай көріп, алдағы адымдарына құт тілеп, батасын берген Ахтановтың әлі де беремін дегені көп еді, бірақ ажал алды-артына қаратпай алып кетті [3, 70] .

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері :

Т. Ахтанов шығармаларының жалпы қазақ әдебиеті даму үрдісіндегі алатын орнын, қаламгердің идеялық-көркемдік ізденістерін айқындау. Жазылған мақалаларға сүйене отырып, жүйелі зерттеу жүргізу және ой қосу. Сол арқылы Т. Ахтанов шығармашылығының өсу, өркендеу жолына баға беру. Осы көздеген мақсатты дәлелдеу нәтижесінде төмендегідей міндеттер туындайды.

- Т. Ахтанов прозасын талдау барысында жазушының өмірден таңдап алған тақырыбын көркем шығармаға арқау етуіндегі ізденіс сипаты мен көркемдеуші-бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігін пайымдау.

- Шығарма кейіпкерін бейнелеудегі көркемдік детальдар мен бейнелеуші әдіс-тәсілдердің қызметін, авторлық дүниетанымды саралау.

- Өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырудағы жазушының уақыт талабына, дәуір келбетіне, замана тынысына зерделілікпен үңілудегі дербес қолтаңбасын айқындау.

- Қаламгер шығармашылығындағы көркемдік әдіс-тәсілдер қыр-сырына талдау жасау. Сюжеттік-композициялық ерекшеліктерін саралау.

Диплом жұмысының құрылымы : Кіріспе, негізгі екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Әңгіме жанры және көркемдік мәні

Тахауи Ахтанов өзінің көптеген замандас қаламдас құрбылары сияқты балалығын жоқшылықта, бозбалалық шағын тапшылық таршылықта шыңдап, жігіттік жастығын соғыс өрті ішінде қақтаған кешегі кеңестік көгенді жүйенің аласапыранға толы қыт-қуыт қайшылықтар мен итжығыс көріністерге негізделген дәуірінде өмір сүрді. Оның шығармаларына арқау болған да осынау дәуірдің шынайы көріністері еді. Өзінің сөзімен айтқанда «ноқталы заманда ноқтасыз жүруге» ұмтылып, дүлей күштердің жүген салып, бас міндіруіне ерік бермей, өз құдіретіне адал азаматтық тұрғыдан тек шындықты ғана кестелеуге тырысты. Ол халқына осынау ақиқатшыл адал тазалық тентектігімен, талаптының сегіз қырлы тектілігімен көбірек ұнайтын. Әдебиетте өз үні бар екенін көркемдік өлшемдері кемшіндеу жатса да өлеңнен, өзіндік айтары бар әдеби-сын мақалалардан, әңгімелерден бастаған Ахтановтың суреткерлік тағдыры тыңғы түрен салдырғандай, ұлы Әуезовтың атақты «Абай жолы» романын қалың жұртшылық алдында батыл қоғаудан басталды деуге болады [3, 71] .

Зейнолла Қабдолов Тахауи Ахтанов туралы былай дейді: «Қазақ жазушылары буын -буын. Бір буыны - біздер:Әлімқұлов Тәкен, Шаймерденов Сафуан, Нүрпейісов Әбдіжәміл, Соқпақбаев Бердібек . . . боп жалғаса береді.

Басқасын білмеймін, меніңше дәл осы буынның басы - Тахауи төлбасы боп, әріптестернің алдында тұратын себебі - атасының аты «А» әрпінен басталатыны емес, әрине. Бұл арадағы барлық сыр, сымбат оның өмірі мен өнерінде жатыр.

Талант қыран секілді, қанатты нәрсе! Талант ретінде Тахауида қос қанат бар: бірі - реализм, бірі - психологизм. Тахауи өзінің сөз өнеріндегі қазіргі биігіне осынау қос қанатымен парлап, самғап шықты…

Дәл осы арада айта кететін бір ерекшелік - Тахауаи ұшқанмен аспандамайды, реализм рельсінен шықпайды, орынсыз романтикаға ұрынбайды».

Т. Ахтановтың "Күй аңызы", "Алыстан жеткен сарын", "Көк құтан", "Алғашқы ән", "Қызғаныш", "Ол солай еді", "Жоғалған дос", "Тауап" әңгімелері, "Үндістан хикаясы", "Шынтас", "Махаббат мұңы" атты повестері, "Қаһарлы күндер", "Боран", "Шырағың сөнбесін" романдары, "Боран", "Ант", "Сәуле", "Әке мен бала" т. б. драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары бар. А. Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, А. С. Пушкиннің"Алтын әтеш туралы ертегісін", И. С. Тургеневтің, А. М. Горькийдің С. Бабаевский т. б. әңгіме, романдарын тәржімалады.

1956 жылы жарық көрген "Қаһарлы күндер" романы кейіннен қазақ, орыс, неміс, ТМД елдері тілдерінде және ГДР-де бірнеше рет басылып шықты.

Жазушы прозалық шығармалар жазумен бірге көптеген драмалардың да авторы; бірсыпыра аудармалар жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді; әдебиеттің сынына араласты. Әдебиет сыны саласында "Ғ. Мүсірепов" (1956), "Керуен" (1969), "Көкейтесті" (1980) кітаптары жарық көрген.

Әңгіме қазақ әдебиетіндегі қалыптасқан, өз дәстүрі мен арналы асуы бар жанр. Бұл жанрға: "Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгімеде, әдетте бас-аяғы жинақы, оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкерлер жүйесі арқылы айқындалады" [11, 56], - деген анықтама берілген әдебиеттану терминдер сөздігінде. Ал, бұл жанр табиғатын, оған қойылатын талаптарды академик З. Қабдолов былайша нақтылайды:

"Алдымен көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден баурап әкету үшін, сол шағын көлемдегі шағын өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет жемісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы тиіс. Адам тұл көрінбейді, оның өзін, қоршаған айналасы айқын көзге түсуі сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам соның өнімі, типтік тұлға болуы қажет. Осылардың бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқампаздықты асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді" [12, 230] .

Баршамызға белгілі әңгіме - қысқа, нұсқа, қиын жанр. Сонысына қарамай бұл көп қырлы шеберлікті қажетсінеді. Т. Ахтанов - бұл жанрдың табиғатын барынша жетік білетін сөз зергерлерінің бірі. Қып-қысқа әңгімелер арқылы-ақ қаламгер өзінің үлкен концепциялы суреткер екенін таныта алады.

Әңгіме тақырыбы жазушы көкірегіне тыңнан келген бір ойдың ұялаынан туындайды. Ол ой суреткер бастан кешкен өмірдің сәулесі мен нұры, сыры мен шындығынан бірте-бірте келіп тарамдалады. Яғни, қаламгер сол өмірдің нұры мен сәулесін, шындығы мен сырын сырттай зерттейді. Оларды жан дүниесі елегінен өткізіп, қаламмен қалыптастырып, шабыт пен шарпу арқылы шығарма тудырады. Сол бір творчестволық толғаныстан жаралған туындысы арқылы оқырманға қоғам, өмір, адам туралы түйінді пайым зерделетеді. Өзін және өзгені толғандырған сұраққа жауап табуға ұмтылады. Өйткені мақсатсыз шығарма жазылмайды.

Демек, қандай бір туындыдан да жазушының не айтқысы келетінін, оны не себепті көтергенін және қаншалықты айта алғанын, сондай-ақ, айтпақ ой-идеясын қалай жеткізгенін көреміз. Жазушылар - шығармаларында тақырып ортақ, мегзер идея ұқсастығы кездесе береді. Ең бастысы алған тақырыпты игере білуде, идеяны шеберлікпен жеткізе білуде.

Көркемділік шеберліктен туады десек, суреткер шеберлігі ең алдымен өмір шындығын жіті көріп, түсінуден, сан-алуан адамдардың мінез-құлқы мен қимыл-әрекетін, психологиялық ерекшеліктерін танып-білу қабілетінен көрініс табатыны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде Тахауи Ахтанов қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі болып саналатын әңгіме мектебінде әбден шындалған, өз тақырыбы, өз қолтаңбасы бар дара суреткер.

"Шығарманың бірнеше негізгі компоненті болады. Олар - ой қызығы (замысел), композиция (құрылысы), сюжет (оқиға желісі), образдар мен характерлер қақтығысы. Болашақ шығарманы ойлауды өз басым ой қызығынан бастаймын. Осы шығарма арқылы не айтқым келеді, соның мағынасы не, соны анықтап алуға тырысам. Содан кейін адам образдары, олардың тағдыры ойыма келеді. Ал сюжет, композиция дегендер мен үшін алдыңғы кезекте. Сондықтан болар өмірде көрген, не жұрт аузынан естіген қызғылықты оқиғалардың өзі, егер өмірлік бір ерекше мағынасы болмаса мені еліктірмейді" [3, 350], - деген суреткер сөзі оның әр туындысының өзіндік мәнері мен мінезі, берері, айтар ойы бар екенін дәлелдейді.

Т. Ахтановтың суреткерлік талантының табиғатын, адамзаттық позициясын, жазушылық беталысын саралаған алғашқы шығармасы - "Күй аңызы" (1956) . Мұнда автор адамдық бақыт пен жеке бастық эгоизм арасындағы тартысты көрсетеді [1, 4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
Автор және көркем туынды
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Тақырып идеяға тартылған жол
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар жайлы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Жазушының әңгіме жанрындағы еңбегі қыруар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz