Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, оның аудиті және алдауы



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.ЗЕРТТЕЛГЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА.ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ АҒЫМДЫ АКТИВТЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ ... ... ... ...7
1.1. Зерттелген кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ..7
1.2. Кәсіпорынның техника.экономикалық көрсеткіштерін сипаттау...12 1.3. Ағымдағы активтердің анықтамасы және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ...23

2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1. Ақшалар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.2.Касса және есеп.айырысу шотындағы операцияларының есебі ... ... ... 30
2.3. Ақшаның уақытылы құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

3. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ, ОНЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ АЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
3.1. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.2. Аудит мәліметтерінің көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.3. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба ... ... ... ... ... ... ... .50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.ЗЕРТТЕЛГЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ АҒЫМДЫ
АКТИВТЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ ... ... ... ...7
1.1. Зерттелген кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ..7
1.2. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін сипаттау...12 1.3.
Ағымдағы активтердің анықтамасы және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ...23

2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .25
1. Ақшалар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .25
2.2.Касса және есеп-айырысу шотындағы операцияларының есебі ... ... ... 30
2.3. Ақшаның уақытылы
құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
35

3. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ, оның аудиті ЖӘНЕ
АЛДАУЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..40
3.1. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
беру ... ... ... ... ... ... ... ... 40
3.2. Аудит мәліметтерінің
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

3.3. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме
жазба ... ... ... ... ... ... ... .5 0

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...58

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін
көтеруді, енгізілген ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерінің негізінде
өнім мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін, шаруашылық жүргізу мен
өндірісті басқарудың тиімді формаларын, шаруасыздықты жеңуді, кәсіпкерлікті
белсендіруді, бастамаларды және т.б. талап етеді.
Нарық жағдайында өз жұмысын басқару мен жетілдіру үшін бухгалтерлік
есепті белсендірек қолданудың қажеттілігін арттырады.
Кәсіпорынның үздіксіз жұмысының шарты болып, материалдық ресурстармен
толық жабдықтау, қамтамасыз ету табылады. Өндірістік босалқылардың үлкен
үлес салмағын материалдық ресурстар құрайды. Сондықтан мүмкін болатын өз
пайдасына пайдалануды бақылау мен профилактикалау мақсатымен бухгалтерлік
есептегі құжаттық рәсімдеудің дұрыстығы ерекше мәнге ие болады.
Есеп тауарлы-материалдық босалқылардың, ақшалы қаражаттардың сақталуын,
өзіндік құнды төмендетудің қосымша резервтерін ашу және пайдалануды жүйелі
бақылаудың маңызды құралы болып табылады.
Отандық экономиканы тұрақтандыру мен көтеруге мүмкіндік жасайтын
нарықтық қатынастарды тиімді дамытудың қажетті шарты аудиторлық тексеру
болып табылады.
Қазіргі Қазақстанда кәсіпкерлік пен капитал нарығының дамуына
байланысты тәуелсіз кәсіби аудитке қажеттілік туады.
Қазақстанда аудит кәсіпорынды баксқару жүйесінің, ішкі бақылау
жүйесінің тиімділігін арттыруға негізделген жүйелі бағытталған ыңғай алуда.
Аудиторлық тексеруде маңызды учаскелердің бірі тауарлы-материалдық
босалқылардың аудиті болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан берілген Дипломдық жұмыстың Тауарлы-
материалдық босалқылардың есебі мен аудиті тақырыбының өзектілігі келіп
шығады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты тауарлы-материалдық босалқылардың есебі мен
аудиті мәселесін Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының (АЭЖД)
мәліметтері бойынша ашып көрсету және зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- АЭЖД кәсіпорынының қызметімен, оның басқару құрылымымен және
технологиялық процесстерімен танысу;
- АЭЖД кәсіпорынының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштеріне терең
және жан-жақты талдау жүргізу;
- берілген кәсіпорында ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыруды
зерттеу.

1.ЗЕРТТЕЛГЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ АҒЫМДЫ
АКТИВТЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ

1.1. Зерттелген кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы

АЭЖД – бұл 943.4 км жоғары вольттық желілер автоматтық блоктау және
көлденең электрлік жабдықтау, сондай-ақ 225 трансформаторлық шағын
станциялар жүйесі және ең бастысы – бұл тұтынушыларды тұрақты түрде
электрлермен жабдықтау қызметін қамтамасыз ететін энергетикалық шаруашылық
болып табылады.
Бүгінгі АЭЖД-ның құрылу тарихы өткен ғасырда 1936ж. электр станциясының
ғимаратын іске қосудан басталды. Ол уақытта Ақтөбе бөлімшесі Орынбор темір
жол құрамына кірді.
Электр станциясын іске қосқанға дейін тұтынушыларды электр қуатымен
жарықтандыру локоматив депосының ғимаратына қондырылған тұрақты ток
агрегаттары арқылы жүргізілді. Электр станциясын іске қосу Москва
жұмысшылар ауылын және темір жол кәсіпорындарын электр қуатымен жабдықтауға
мүмкіндік берді.
Ақтөбе бөлімшесі электр станциясының ғимаратына орналасқан болатын.
Оның құрамына жылу күшін беру шаруашылығының бөлімі кірді, оның алғашқы
жетекшілері Чувизов А.Д., Жиров П.И., Пономарев Ю.П. болды. Ал электр
станциясының алғашқы жетекшілері Клюковкин П.А., Дорогинин М.С. болды.
Олар қиын-қыстау кезеңде жұмыс істеді, ол кезде темір жол әскери
жағдайда көшірілген болатын. Жұмыс өте ауыр жағдайларда жүргізілді.
Дизельдердің жұмысын отынмен жабдықтау үшін мұнай толтырыған цистерналарды
бұрылу шеңберінің көмегімен станцияның аумағына қуып әкелінді және баптарға
құйылды. Қысқы уақытта мұнай мұз болып қатып қалатын, сондықтан оны
бактарға қолымен құюға тура келді, ал бұны атқаратын қызметкерлердің құрамы
көбінесе жасөспірімдерден құрылған еді.
ҰОС уақытында электр станциясына жұмыс істеуге бүгінгі күні еңбек
ардагерлері, зейнеткерлер болып отырған Ивлев В.Г. мен Ивлева Е.М. өте жас
кезінен келді.
Ивлев В.Г. жұмысты электромонтер болып бастады. Сонан соң Целиноград
темір жол техникумын бітірді. Көптеген жас жұмысшыларға ол электромонтер
кәсібін алуға көмектесті, оларды өзінің еңбегіне шығармашылық жағынан
қарауға үйретті.
1960ж. И.Б. Боруховичтің жетекшілігімен электр станциясының базасында
Қазақ темір жолының Ақтөбе бөлімшесінің Энергия учаскесін ұйымдастырды.
Энергетикалық шаруашылықтың жағдайы анау айтқандай жоғары деңгейде
болмайды. Тек іскер де, сауатты жетекшілік пен өзінің кәсіпорынына шын
берілген қызметкерлердің, ұжымның арқасында темір жол тұтынушыларын
электрмен сенімді жабдықтаудың мүмкіндігі туды.
Ұжымның тынымсыз еңбегі өз дәрежесінде бағаланды. Осылайша, 1967ж.
Энергия учаскесі Қазақ республикасының ВОИР Кеңесінің Мадақтау
грамотасымен, Кәсіподақ Орталық комитетінің Мадақтау грамотасымен
мадақталды. 1970ж. Энергия учаскесіне Коммунистік еңбек кәсіпорны жоғары
атағы берілді.
1978ж. 4-ші маусымындағы жұмысының нәтижелері бойынша Энергия
учаскесіне темір жол қызметкерлерінің МПС және Кәсіподақтың ОК Өтпелі Қызыл
ту белгісі берілді. 1980ж. РРУ комсомолдық жастар бригадасы (бригадир
Солонцов В.К., қазіргі уақытта дистанция бастығының орынбасары)
Қазақстанның еңбек атақтарының тарихи Кітабына енгізілді. Бригаданың әрбір
мүшесі (8 адам) Бесжылдықтың жас гвардияшысы жұлдызшасымен марапатталған
болатын.
1998ж. бастап Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы (АЭЖД) Қазақстан
темір жолы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамына, ал 2001ж.
Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы Жабық акционерлік қоғамының
құрамына кірді.
Ол темір жол тұтынушыларын және электр қуатының басқа да көздері жоқ
темір жолға жақын жатқан елді аймақты электр қуаты мен қамтамасыз ету үшін
құрылған, яғни бұл кәсіпорынның негізгі қызметі болып табылған.
Электрмен жабдықтау дистанциясының негізгі міндеті - бұл электрмен
жабдықтау техникалық құралдарын тұтынушыларды сенімді және тұрақты түрде
қамтамасыз ете алатын жағдайда ұстау. Бұл міндетті орындау үшін дистанция
қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады: эксплуатациялық қызметкерлердің
көмегімен электрмен жабдықтау құралдарын ағымдағы күтіп-баптау жұмыстарын
атқарады және ол үшін жоспарлы-ескертулік жөндеу графиктерін құрастырады,
АБ және ПС электр беру желілерін, әуе және кабельдік тарату желілерін,
трансформаторлық кіші станцияларды күрделі жөндеу жұмыстарын, темір жол
станцияларын, өтпе жолдарды және басқа да тұтынушыларды, телемеханика
үлесін, көлік ғимараттары мен жайларын электрмен жабдықтау құрылғыларын
сырттай жарықтандыру жұмыстарын атқарады.
Электрмен жабдықтау дистанциясы өз қызметін Зайсан – Сағыз және
Қандыағаш – Никельтау аралығында атқарады.
АБ және ПС желілерінің эксплуатациялық ұзындығы 612 км құрайды.
Дистанцияның балансында 20 тамақтану пунктері отыр, оларда жалпы қуаттылығы
350 кВт болып бекітілген бес дизель генераторлар, жалпы қуаттылығы 2,145
мың кВт болып бекітілген үш стационарлық электр станциялары, қуаттылығы
1,1 мың кВт болып бекітілген бір ПЭ-6 жылжымалы электр станциясы, жалпы
қуаттылығы 51,54 мың кВт болып бекітілген 219 трансформаторлық кіші
станциялар орналасқан. Жоғары вольттық әуе желілерінің ұзындығы – 242,5 км,
төмен вольттықтар – 151,6 км, жоғары вольттық кабельдік желілер – 48,909
км, төмен вольттықтар – 78,3 км.
Дистанцияда жұмыстың көлемі 12105,3 техникалық бірлікті құрайды.
Дистанцияның құрамына 4 электрмен жабдықтау ауданы (Ақтөбе, Қандыағаш,
Шұбар-Құдық, Никельтау) және Орталық электротехникалық зертханасының 2
қызметкері бекітілген эксплуатациялық-өндірістік учаскесі кіреді.
Электрмен жабдықтау аудандарының құрамына 9 монтерлық пунктер кіреді,
соның ішінде:
• Ақтөбе электрмен жабдықтау ауданы – Тамды, Қараторғай, Зайсан
станциялары;
• Қандыағаш электрмен жабдықтау ауданы – 313-ші разъезд;
• Шұбар-Құдық электрмен жабдықтау ауданы – Темір, Қарауылкелді,
Жарлы станциялары;
• Никельтау электрмен жабдықтау ауданы – Просторная, Тоқмансай
станциялары.
АЭЖД келесі техникалық құралдарға ие: автомашиналар – 18 дана, соның
ішінде: энергетикалық шаруашылықтың автолетучкалары – 15 дана, сынақ
зертханалары – 3 дана. Оның үстіне, дистанцияда: майлау шаруашылығының
базасы – 1 дана, автокран – 2 дана, тескопиялық мұнара – 1 дана, трактор –
3дана, бұрғылау бағанасы – 1 дана, басқалары (жүк автомашиналары,
мотоциклдер, тіркемелер және т.б.) – 10 дана бар.
Кәсіпорынды директор басқарады. Ол заңдарға сәйкес кәсіпорын қызметінің
барлық түрлеріне жетекшілік жасайды. Өндіріс бірліктерінің, кәсіпорынның
құрылымдық бөлімдерінің жұмыстарын және тиімді өзара әрекетін
ұйымдастыруды, өндірісті дамыту мен жетілдірудің жоғары қарқынына
кәсіпорынның қызметін бағыттайды, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету
мақсатында өндірісті алдыңғы қатарлы, әлемдік үлгілерге сәйкестендіреді,
қарқынды технологияны кеңінен енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру
бойынша жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ, ол кәсіпорынның бекітілген сандық
және сапалық көрсеткіштерге сәйкес мемлекеттік жоспарлардағы тапсырмаларды,
мемлекеттік бюджетті, жабдықтардың, тұтынушылардың және барлық міндеттердің
орындалуын қамтамасыз етеді.
Директордың орынбасары материалдық-техникалық жабдықтау саласында
жетекшілікті жүзеге асырады, электр мен жабдықтау техникалық құралдарын
тұтынушыларды сенімді және қамтамасыз ете алатын жағдайларда ұстау
жұмыстарын атқарады, оған бағынатын қызметтер мен бөлімдердің жұмысын
бағыттап отырады.
Бас инженер техникалық саясатты анықтайды. Электр қуатын тұтынушыларға
босату жұмыстарының сапасын жақсартуды ұйымдастырады, сонымен қатар жөңдеу-
эксплуатациялық жұмыстарды жетілдіру және жаңарту, техникалық құжаттарды
(сызбадар, графиктер және т.б.) уақытылы дайындау, жабдықтарды жаңарту
модернизациялау жұмысын қамтамасыз етеді.Өзіне бағынышты өндірістік
бөлімдердің (ЭПУ, РЭС) қызметін бақылайды.
Бас экономист күнделікті кәсіпорынның экономикалық қызметін
ұйымдастыруды және жетілдіруді, өндірістің тиімділігін және
рентабельділігін жүзеге асырады. Экономикалық жоспарлау бөлімінің
жұмыстарын басқарады: Негізгі көрсеткіштер бойынша жоспарларды құрастырады
кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жасайды, статистикалық есеп
берулерді дайындайды. Сондай-ақ, кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз
ету жұмыстарын басқарады.

1.2. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін сипаттау

Шаруашылық қызметін талдау – бұл қол жеткен даму деңгейін обьективті
анықтау үшін қазіргі кездегі өндірістің жағдайын, белгілі бір кезеңге
кәсіпорын қызметінің нәтижелерін зерттеу әдісі.
Өндірістің басқару құрамы ретінде талдаудың ролі жылдан-жылға өсуде.
Басқару шешімдері мен әрекеттері дәл есептеулерге, терең және жан-жақты
экономикалық талдауға негізделуі тиіс.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізілуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорынның
қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз
байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі,
көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынны
ң өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді
сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының
қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге
байланысты болады.
Қаржылық және статистикалық есеп берудің №2 үлгісі Қаржы-шаруашылық
қызметтің нәтижелері туралы есеп, №1-Т үлгісі Еңбек бойынша есеп, №11
үлгісі Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қолда бары мен
қозғалысы туралы есеп мәліметтерін қолдана отырып, АЭЖД-ның негізгі
техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасайық.
Кесте 1.
2004-2005 ж.ж. АЭЖД қызметінің негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өлш. 2004 ж. 2005 ж. Ауытқу
бірл. (+,-)
1. Өнімді (жұмысты, қызметті)
өткізуден түскен кіріс мың тг 227083 282550 55467
2. Өткізілген өнімнің (жұмыстың,
қызметтің) өзіндік құны мың тг 328759 414174 85415
3. Жалпы кіріс (зиян) мың тг -101676 -131624 -
4. Кезең шығындары мың тг 17015 23511 6496
5. Негізгі қызметтен түскен кіріс мың тг -118691 -155135 -
(зиян)
6. Негізгі емес қызметтен түскен
кіріс (зиян) мың тг 753 1505 752
7. Кіріс (зиян), барлығы мың тг -117938 -153630 -
1-ші кетсенің жалғасы
8. Жұмыскерлердің орташа тізімдік адам 185 205 20
саны
9. Еңбек ақы қоры мың тг 60221 83109 22888
10. Бір жұмыскердің орташа жылдық мың тг 325,52 403,44 77,92
еңбек ақысы
11. Негізгі құралдардың орташа
жылдық құны мың тг 193399 279512 86113
12. Қор қайтарымы тг 1,17 1,01 -0,16

Кесте 1.-дің мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, қызмет көрсетуден
түскен кіріс есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда, 55467 мың тг артқан.
Ал көрсетілген қызметтің өзіндік құны 85415 мың тг өскен, бұл
көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық кәсіпорынның жалпы кірісін немесе
зиянын көрсетеді. Кәсіпорын екі жылы да жалпы зиян алған, ол 2004ж. -101676
мың тг 2005ж. -131624 мың тг құрап отыр.
АЭЖД бойынша кезең шығындары 2004ж. және 2005ж. сәйкесінше 17015 мың
тг және 23511 мың тг құрады, яғни есепті жылы олардың 6496 мың тг немесе
23,5%-ке [(1701523511)*100-100] өскендегі көрініп тұр. Олар жалпы кіріс
сомасынан шегеріліп тасталады да, нәтижесінде негізгі қызметтің қаржы
нәтижесі анықталады.
Талданып отырған жылдары кәсіпорын негізгі қызметтен 2004ж. -118691
мың тг, ал 2005ж. -155135 мың тг зиян шеккен, бұл кәсіпорын үшін, әрине,
нашар көрсеткіш болып отыр.
Шаруашылық қызмет барысында субьектілер, әдетте, негізгі емес
қызметтен де қаржы нәтижесін алуы мүмкін. Сол сияқты АЭЖД есепті жылы 1505
мың тг, өткен жылы 753 мың тг көлемінде негізгі емес қызметтен кіріс алған,
яғни 2 есеге өскен.
Кәсіпорынның нәтижелі негізгі көрсеткіші таза кіріс (зиян) болып
табылады, ол кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметінен алынған
кірісінен табыс салығын шегеру арқылы анықталады. Есепті жылы да, өткен
жылы да берілген кәсіпорын зиян шеккен, 2005ж. дистанцияның шаруашылық
қызметінің қаржылық нәтижесі 153630 мың тг зиянды құрады. Бұл зиян шегу іс
жүзінде қалыптасқан эксплуатациялық шығындардың 164957 мың тг көлемі (соның
ішінде кезең шығындары -23511 мың тг) эксплуатациялық шығындардың
Құқығымен жабылмағандығы арқылы түсіндіріледі.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі еңбек ресурстарымен тікелей
байланысты. АЭЖД-да жұмыскерлердің орташа тізімдік саны есепті жылы 20
адамға өскен. Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры есепті жылы өткен кезеңге
қарағанда 22888 мың тг немесе 27,5%-ке [(6022183109)*100-100] өскен.
Сәйкесінше бір жұмыскердің орташа жылдық еңбек ақысы 77,92 мың тг немесе
19,3%-ке [(325,52403,44)*100-100] артқан.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2005ж. 279512 мың тг, ал 2004ж.
193399 мың тг болды, 86113 мың тг өскендігі көрініп тұр.
Анағұрлым тиянақты талдау үшін негізгі құралдардың құрамы мен
құрылымын қарастырамыз. Ол үшін келесі талдау кестесін құрамыз.
Кесте 2.
2004-2005 ж.ж. АЭЖД-ның негізгі құралдарының құрамы мен құрылымы
№ Көрсеткіштер 2004ж. 2005ж. Ауытқу
(+;-)
сомасы,үл.сал.сомасы,үл.сал.
мың тг , мың тг ,
% %
1. Ғимарат пен үйлер 58158 24,8 55841 17,7 113999
2. Машиналар мен жабдықтар, 110740 47,2 117531 37,3 228271
өткізгіш құрылғылар
3. Көлік құралдары 63375 27,1 140321 44,5 203696
4. Басқа да негізгі құралдар 1966 0,8 1700 0,5 3666
5. Аяқталмаған құрылыс 199 0,1 - - 199
Жинағы: 234438 100,0 315393 100,0 549831

Кесте 2.-ден отырғанымыздай, негізгі құралдардың құрамында есепті жылы
елеулі өзгерістер болған. Үлкен үлес машиналар ман жабдықтарға, өткізгіш
құрылғыларға тиіп отыр. 2004ж. олар 47,2%, ал 2005ж. 37,3% болды, яғни олар
бойынша 228271 мың тг келіп түсу болса да, олардың азайғандығы көрініп тұр.
Келесі үлес салмағы үлкен негізгі құралдың түрі бұл көлік құралдары болып
отыр. Олар 2004ж. 27,1%, ал 2005ж. 44,5% болды, яғни үлес салмағының өсуі
байқалады. Ғимараттардың құрамында да елеулі өзгеріс болған. Олар өткен
жылы 24,8%, ал есепті жылы негізгі құралдар құрамының 17,7%-ін құрады.
Толығымен алғанда, негізгі құралдар есепті жылы алдыңғы жылмен
салыстырғанда 549831 мың тг өсті. Бұл өзгерістер ғимарат пен үйлердің
113999 мың тг, машиналар мен жабдықтардың 228271 мың тг, көлік құралдарының
203696 мың тг және басқа да негізгі құралдардың 3666 мың тг келіп
түсуінен болып отыр. Ал аяқталмаған құрылыс есепті жылы түгелдей жойылған,
яғни басқа негізгі құралдардың құрамына көшірілген.
Кәсіпорын қызметінде еңбек ресурстары мен еңбек ақының үлкен мәні бар,
себебі кез келген кәсіпорын үшін еңбек ақы қандай да бір шаруашылық
процесті іске асыру үшін шығындарды білдіреді. Еңбек ақы қорының өзгеруіне
еңбек ресурстары тікелей әсер етеді. Ол үшін кәсіпорын жұмыскерлерінің
құрамы мен құрылымын зерттейік.
Кесте 3.
2004-2005ж.ж. АЭЖД жұмыскерлерінің категория құрамы мен құрылымы
Жұмыскерлер категориясы 2004ж. 2005ж. Ауытқу
(+;-)
адам үл.сал.адам үл.сал.
, % , %
1. Жұмыскерлер, барлығы 185 100,0 205 100,0 20
- жұмысшылар 171 92,4 191 93,2 20
- қызметкерлер 14 7,6 14 6,8 -

Берілген кестеде жұмыскерлердің құрамында жұмысшылар саны үлкен үлес
салмағын алып отырғандығын көруге болады, бұл заңды нәрсе. 2004ж.
жұмысшылар санының үлесі 92,4%-ті, ал есепті жылы олар 93,2%-ті құрады,
демек олардың өскендігі байқалады. Есепті жылы жұмысшылар 20 адамға өскен.
Ал қызметкерлер саны өзгеріссіз қалған. Жалпы кәсіпорын жұмыскерлерінің
саны 20 адамға (205-185) көбейген.
Келесі кезекте еңбек ақы қорының құрамындағы өзгерісті қарастырамыз.
Ол есепті жылы 22888 мың тг ұлғайған. Соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақы
қорында 21797,12 мың тг өсу жағына қарай өзгеріс болған, ал қызметкерлердің
еңбек ақы қоры 1090,88 мың тг өскен. Мұны айқын көру үшін талдау кестесін
құрастырайық.
Кесте 4.
2004-2005ж.ж. АЭЖД жұмыскерлерінің еңбек ақы қорының
құрамы мен құрылымы
2004ж. 2005ж. Ауытқу
Көрсеткіштер (+,-)
сомасы, үл.сал.сомасы, үл.сал.
мың тг , % мың тг , %
Еңбек ақы қоры, барлығы 60221 100,0 83109 100,0 22888
соның ішінде:
- жұмысшылардың 55663,72 92,4 77460,84 93,2 21797,12
- қызметкерлердің 4557,28 7,6 5648,16 6,8 1090,88

Жұмысшылардың еңбек ақы қоры 2004ж. 92,4%-ті, 2005ж. 93,2%-ті алып
отыр. Қызметкерлердің еңбек ақы қорының жалпы қордағы үлес салмағы да
есепті жылы 6,8%-ті, ал өткен жылы 7,6%-ті құрап отыр.
Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерді талдау кезінде кәсіпорынның
қаржылық жағдайына ерекше бөлген жөн.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның жағдайы іс жүзінде оның қызметінің
соңғы қорытынды нәтижелерін көрсетеді.

Кесте 5.
АЭЖД-ның 2005 ж. қаржылық жағдайын бағалау

Көрсеткіштер Өлш. Іс жүзінде Өзгерістер
бірл. (+,-)
жыл жыл
басына соңына
І. Актив
1.1. Ұзақ мерзімді активтер мың тг 234468 315423 80955
1.2. Ағымдағы активтер мың тг 18320 16937 -1383
соның ішінде:
а) тауарлы-материалдық босалқылар 7893 9417 1524
ә) ақшалай қаржылар 1333 448 -885
б) дебиторлық қарыздар 9094 7072 -2022
Жинағы: 252788 332360 79572
ІІ. Пассив
2.1. Меншікті капиал мың тг -158102 -311732 -
2.2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер мың тг - - -
2.3. Ағымдағы міндеттемелер мың тг 410890 644092 233202
Жинағы: 252788 332360 79572
ІІІ. Аналитикалық коэффициенттер %
1. Жабу коэффициенті (Кж.) (қатар 0,044 0,026 -0,018
1.2.2.3.)
2. Жылдам өтімділік коэффициенті 0,025 0,012 -0,013
(Кж.ө.) (қатар 1.2.ә+1.2.б)2.3.
3. Абсолюттік өтімділік 0,003 0,001 -0,002
коэффициенті (Кабс.ө.) (қатар
1.2.ә2.3.)

Көптеген батыс экономистері жабу коэффициенті (Кж) 1-ге жуық болуы
тиіс деп есептейді. Егер жабу коэффициенті 1-ге жетпей қалса, онда
кәсіпорын жоғары қаржы тәуекеліне ұшырайды. Егер Кж=3 болса, онда
кәсіпорынның қаржысы қайта құруды талап етеді. Дистанцияда жабу коэффициеті
жыл басында 0,044, ал жыл соңында 0,026 болды, олардың 0,018-ге
азайғандығы көрініп отыр.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті (Кабс.ө.) 20%-тен үлкен не тең болуы
қажет. АЭЖД кәсіпорынында берілген коэффициент жыл басына 0,003%-ті
құрайды, яғни 20%-тен кем болса, ал жыл соңына іс жүзінде жоқ деп есептеуге
болады. Сонымен, берілген кәсіпорын жыл басында қысқа мерзімді
міндеттемелердің 0,3%-тін ғана тез арада қолма-қол ақшамен өтей
алатындығын, ал жыл соңында оны жоқ деп санаймыз.
Жалпы алғанда, АЭЖД кәсіпорынының төлем қабілеттігі жоқ, өйткені жабу
коэффициенті 1-ден төмен болып отыр
Өндіріс шығындарының жалпы көлемінде материалдық шығындардың үлесі
жоғары болатындығына байланысты аудитор өндіріс шығындарының құрамы мен
құрылымында материалдардың үлес салмағының қаншалықты екендігін анықталуы
керек. Талдау кестесін құру үшін статистикалық есеп берудің №5-з үлгісі
Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар туралы есептің мәліметтері
қолданылады.
Кесте 6.
2004-2005ж.ж. АЭЖД-ның қызмет көрсетуге кеткен шығындарының құрамы мен
құрылымы
№ Көрсеткіштер 2004ж. 2005ж. Ауытқу
(+,-)
сомасы, үл.сал.сомасы,үл.сал.
мың тг , % мың тг , %
1. Материалдық шығындар 120865 36,8 142646 34,4 21781
2. Негізгі құралдардың тозуы 20774 6,3 39145 9,5 18371
3. Материалдық емес
активтердің амортизациясы - - - - -
4. Еңбек ақы шығындары 60221 18,3 83109 20,1 22888
5. Басқа да шығындар 126899 38,6 149274 36 22375
Барлығы 328759 100,0 414174 100,0 85415

Кесте 6.-дан көрініп тұрғандай, өндіріс шығындарының жалпы сомасы
2004ж. 85415 мың теңге өскен. Оның құрамында ең үлкен үлес салмағы басқа да
шығындарға тиіп отыр. 2004ж. олардың үлесі 38,6%, ал 2005ж. олардың 22375
мың тг өскендігіне қарамастан, үлес салмағы 36% құрайды. Сонымен қатар
екінші үлкен салмақты материалдық шығындар бабы иеленіп отыр, яғни өткен
жылы 36,8%, ал есепті жылы 34,4% дейін ұлғайған.
Жалпы өндіріс шығындары көлемінің өсуі шығындардың барлық баптарының
өсуі есебінен болып отыр.
Аудитор келесі кезекте материалдық шығындардың өндірісте үлгісінің
үлкендігіне көз жеткізе отырып, олардың құрамы мен құрылымына талдау
жүргізеді.
Кесте 7.
2004-2005ж.ж АЭЖД кәсіпорынының материалдық шығындарының құрамы мен
құрылымы
Көрсеткіштер 2004ж. 2005ж. Ауытқу
(+,-)
Сомасы,Үл.сал.Сомасы,Үл.сал.
мың тг , % мың тг , %
Материалдық шығындар, барлығы120865 100,0 142646 100,0 21781
соның ішнде:
-шикізат пен материалдар 86012 71,2 104876 73,5 18864
-отын 6249 5,2 6626 4,7 377
-ыдыс және ыдыстық заттар 30 - 19 - -11
-қосалқы бөлшектер 838 0,7 927 0,64 89
-құрылыс материалдары 977 0,8 958 0,66 -19
-басқада материалдар 26759 22,1 29240 20,5 2481

Кесте 2-ның мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, материалдық
шығындардың құрамында ең үлкен үлес салмағы шикізат пен материалдар алып
отыр, 2004ж. ол 71,2%-ті, ал 2005ж. 73,5%-ті құрады, яғни 2,3%-ке
төмендеген. Материалдардың құрамында шикізат пен материалдардың бұлайша көп
болуы АЭЖД-ның өндірістік мамандануына тікелей тәуелді екендігімен
түсіндіріледі.
Ал енді ең аз үлес салмағын қосалқы бөлшектер мен құрылыс материалдары
алып отыр, олар есепті жылы сәйкесінше 0,64%-ті және 0,66%-ті құрайды.
Ары қарай қолда бар материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне
талдау жасаланады. Материалдарды пайдаланудың жалпылаушы көрсеткіштері
материал сиымдылығы мен материал қайтарымы болып табылады (сәйкесінше МС
және МҚ).
Материал сиымдылығы материалдар шығынының (МШ) талданып отырған
кезеңдегі өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлеміне немесе өткізу
көлеміне (Ө) қатынасы ретінде анықталады, яғни
МС = МШ Ө
Формулаға 2004ж. және 2005ж. АЭЖД-ның сандық мәліметтерінің қоя отырып
материал сиымдылығын анықтайық:
МС2004 = 120865 227083 = 0,53 тг
МС2005 = 142646 282550 = 0,50 тг
Бұл көрсеткіш дайындалған өнімнің (көрсетілген қызметтің) 1 тг
кеткен материалдар шығынын көрсетеді. Келтірілген есептеуден көріп
отырғанымыздай, 2005ж. материал сиымдылығының көрсеткіші 2004ж. ұқсас
көрсеткіштен төмен болып шықты, бұл жағдайды жақсы көрсеткіш деп санауға
болады.
Материал қайтарымы материал сиымдылығына кері көрсеткіш және ол өнім
(өткізу) көлемінің талданып отырған кезеңдегі материалдар шығынына
қатынасымен анықталады, яғни

МҚ = Ө МШ

Материал қайтарымы көрсеткішін 2004–2005ж.ж. АЭЖД-ның сандық
мәліметтерін қолданып есептеп шығарамыз.
МҚ2004 = 227083 120865 = 1,88 тг
МҚ2005 = 282550 142646 = 1,99
тг
Бұл көрсеткіш шығарылған өнім (көрсетілген қызмет) көлемінің
жұмсалынған материалдардың 1 тг қаншасы келетіндігін сипаттайды. 1 тг
материал жұмсай отырып, АЭЖД 2004ж. және 2005ж. сәйкесінше 1,88 тг және
1,99 тг қызмет көрсетеді. 2005ж. берілген көрсеткішті 2004ж. ұқсас
көрсеткішпен салыстыра отырып, материалдық ресурстарды пайдаланудың
тиімділігінің жоғарылағандағы туралы айтуға болады.
Материал сиымдылығы мен материал қайтарымының көрсеткіштерін талдау,
олардың көрсетілген қызмет көлемінің өзгерісіне әсерін бағалау үшін 2004-
2005ж.ж. материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі көрсеткіштерінің
талдау кестесін құрастырайық.

Кесте8.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау
№ Көрсеткіштер Өлш. 2004ж. 2005ж. Ауытқу
бірл. (+,-)
1. Өнімді (жұмысты, қызметті) мың тг 227083 282550 55467
өткізуден түскен табыс
2. Материалдық шығындар мың тг 120865 142646 21781
3. Материал сиымдылығы (2:1) тг 0,53 0,50 -0,03
4. Материал қайтарымы (1:2) тг 1,88 1,99 0,11

АЭЖД-ның салыстырмалы бағалардағы көрсеткен қызметінің көлемі 55467
мың тг өсті, соның ішінде материалдардың қосымша шығындарының есебінен
+43344,19 мың тг [(+21781)*1,99] және материал қайтарымының өсуі есебінен
+13295,15 мың тг [(+0,11)*120865] өскен.
Бұл екі фактордың әсерінің жалпы қосындысы бізге +56639,34 мың тг
(+43344,19+13295,15) ауытқуды береді.
Өнімнің материал сиымдылығы көрсеткішінің -0,03 тг кемуі (0,50-0,53)
материалдық шығындардың (өзіндік құнның) азаюына әкелді және көрсетілген
қызметтің -7323,5 мың тг [(227083*0,50)-120865] көлемінде азаюына әсерін
тигізді, демек АЭЖД-ның 2005ж. бөлінбеген кірісіне әсер етеді.

1.3. Ағымдағы активтердің анықтамасы және оның жіктелуі

Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен
құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы
қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің
меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай
заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда
табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы
уақыттарда алынатын кіріс (пайда) — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына
тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып
отырады.
Кәсіпорындар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып
алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер
өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:
- ағымдағы активтер (бір жыл уақыт аралығында
пайдаланатын).
-ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);
Жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ағымдағы активтер
мынадай баптары бойынша жіктеледі:
а) қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция);
ә) ақшалар;
б) тауарлық-материалдық қорлар;
в) алдағы уақыт шығындары. (бір жыл уақыт аралығында есептен
шығарылатын);
г) қысқа мерзімді дебиторлық борыштар, оның ішінде:
төленген аванстар;
алынуға тиісті борыштар;
алынған векселъдер;
жұмысшылар мен қызметкерлердің дебиторлық қарызы;
басқа да дебиторлық борыштар.

2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

2. Ақшалар есебі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында
басқа занды және жеке тұлғалармен қарымқатынас жасайтындығы белгілі. Сол
уақытгардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы
жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір
заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін
кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізіп отырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының
бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер
кезінде есептеу;
кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың
тиімді пайдаланылуын бақылау;
есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының
кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақшалары олардың кассасыңдағы есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан,
банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы
ақшаларынан құралады. Көсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы
ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар
шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ак;ша баламалары (эквиваленті) — бұл ақшаларға үқсас, бірақ басқаша
жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі
ұсталымдар мен айыппүлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.
Сондықтан да оларды (ақша баламаларын) кассадағы ақшалар шотында
есептемейді.
Овердрафт дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың
қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған
кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және
кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың
банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы (сомасы) есеп айырысу
шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер
овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның
балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек
көрсетілуі тиіс.

Қаржы салымдары есебі
Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) көсіпорындар мен ұйымдардың басқа
занды тұлғалардың құнды қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа
да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа) сатып
алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады.
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол — құнды қағаздар нарығы. Ал
қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты.
Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру
компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары,
сонымен қатар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда
аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығы да еліміздегі құнды қағаздар
нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатқызылады. Олардың
кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болып
табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен
ұйымдарға жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау),
қайта құру (реконструкциялау) әрқашаңда ірі капитал салымын керек етеді. Ал
бұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.
Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен
заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса,
онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзіңде акция, облигация және басқа да құнды (бағалы) қағаздарын
шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп
аталады және сонымен қатар олар құнды (бағалы) қағаздарды иемденушілердің
(сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып
табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар
төмендегідей үш түрге бөлінеді:
мемлекеттік;
муниципалдық;
корпоративтік.
Құнды (бағалы) қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай құнды (бағалы) қағаздар;
ә) капиталды құнды (бағалы) қағаздар.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадай екі топқа
бөлінеді:
қарыздық құнды (бағалы) қағаздар;
инвестициялық қунды (бағалы) қағаздар.
Қарыздық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент
көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен)
тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық құнды (бағалы)
қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы
қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі иемденушіге
активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құңды қағаздардың бұл түріне
акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге
бөлінеді:
қорлы құнды (бағалы) қағаздар,
саудалық құнды (бағалы) қағаздар.
Қорлы құнды қағаздар — бұндай құнды қағаздар қор биржаларыңда
айланысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл
түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық құнды қағаздар — құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір
коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар
мынадай болып екіге бөлінеді:
нарықтық құнды (бағалы) қағаздар;
нарықтық емес құнды (бағалы) қағаздар.
Атқаратын қызметіне және роліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш топқа
бөлінеді:
- негізгі (акция, облигация),
көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар),
туынды (варианттар, опциондар, фьючерстер, бонустар, тағы да
басқалары)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай-да бір акционерлік
қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік
қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидендт түрінде (табыс ретінде) алуға
құқық беретін құнды қағаз болып табы-лады. Акциялар айналым мерзімі
белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу
құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
жәй акциялар;
артықшылығы бар акциялар
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес
оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге
бөледі.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және
оған керсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы (номиналды) құнына
белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін
мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге
шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін
инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Яғни, облигациялар — кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін
растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады.
Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі
эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік
эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация
ұстаушының сол кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни облигацияны шығарған
ұйымның мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді.

2.2.Касса және есеп-айырысу шотындағы операцияларының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге
есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік
құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе
тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды
пошта арқылы жәнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы
жабдықталған, яғңи дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған,
және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан уақытта,
яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы) бұйрыққа қол
қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында материалдық
жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар
өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған
банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен
нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек кітапшасындағы
парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен
алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жүмсауға тиісті нақты ақшаларының
сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жүмсалатындығы жазылып көрсетілуі
тиіс. Толтырылған чекке көсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып,
осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар
толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды
адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі адамның
қолдары қойылмайынша), мөр басуға рүқсат етілмейді. Кәсіпорындар мен
ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк
бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк
мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін
толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорынның кассасына
қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің
немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы
керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық
кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау
барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша
төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін
ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы)
жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету
ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу
тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас
бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар
тағыда басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің
деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе
кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету
және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда
ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарының болуын, және ордерлерде
керсетілген қосымша құн түгелдігіне тексеру жүргізуге, қадағалауға
міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне
касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық
кітапқа тіркеліп отырылуы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді.
Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп,
кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек.
Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның
кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін
немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған
құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске
алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін
операцияларының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері
қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кезкелген
кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына
болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк
мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
кәсіпорынның қүру туралы (жайлы) шешімдердің көшірмесі;
- кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың
орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр
таңбасы басылған арнаулы үлгідегі
карточка және басқа қужаттар;
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі өдетте
қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан теленеді.
Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу
чегі, телем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден
органдарының инкассалық өкімі және тағы да басқа құжаттар саналады. Есеп
айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың
(кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің) қолдары болуы керек. Онсыз құжат
орындалуға қабылданбайды. Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін кәсіпорындар
және ұйымдармен, яғни есеп айырысу шотының иесімен келісімге келе отырып,
белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы
көшірмемен бірге есеп айырысу шоты бойынша жүр-гізілетін операциялардың
негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде
кәсіпорындар мен ұйымдардың шотындағы қаржының айдың басындағы және айдың
соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен,
яғни кірістілген және одан шығыс етілген, яғни жұмсалған қаржылар сомасы
көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі
берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың
көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Ұйымдардың
есеп айырысу шотындағы ақшаларының жұмсалу нөмірі 2-ші (екінші) журнал-
ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың
тізімдемесінде есептеледі.
Кесте 9

Есеп айырысу шотындагы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін
операциялар

№ Операциялардың мазмұны Дебитте-летКредитте-ле
ін шот тін шот
2 3 4
1 Сатып алушылардан жіберілген өнім, 441 301
керсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін
алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске
алынды.
2 Еншілес (тәуелді) серіктестіктерден сатылған 441 321-323
өнім, көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар
үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына
кіріске алынды.
3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Валют Транзит Банк шоты
«Metrocom Service» ЖШС
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
Ақша қаражаттары есебінің аудиті
Қаржылық есеп беруді жасау. Қаржылық есеп берудің аудиті
Қаржылық есептемені құру
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Пәндер