Орман шаруашылығын механикаландыру



1. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ ОРМАН МАШИНАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ

2. ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫН КЕПТІРУГЕ, СОРТТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ КОНСТРУКЦИЯҒА ШОЛУ ЖАСАУ

3. ОРМАН СОҚАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҰМЫС ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Орман шаруашылығын механикаландыру

Орындаған: Болыспаев М.Г

Тексерген: Каспаков Е.Ж

Астана 2013

ЖОСПАРЫ:

1. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ ОРМАН МАШИНАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ

2. ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫН КЕПТІРУГЕ, СОРТТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ КОНСТРУКЦИЯҒА
ШОЛУ ЖАСАУ

3. ОРМАН СОҚАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҰМЫС ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРЫ

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ ОРМАН МАШИНАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ

Орман зиянкестерінің әсерін өртпен салыстыруға болады. Олармен күресудің
үш бағытын атауға болады:
• Химиялық улы химикиаттармен үлкен өнімділік және залалдықпен –
бүріккіштер, тоңазытқыштар мен аэроалгенераторлар;
• Биологиялық - ормандарға пайдалы зиянкестер жаулармен жәндіктер
қоныстандыру;
• Механикалық терең каналдар қазу және жарық ұстағыштар арқылы.
Өсімдірек химиялық әдіс кенінен тараған. Сондықтан орман ағаштарымен
өсімдіктерінің зиянкестері және ауруларымен күресте қолданылатын машиналар
жұмысына тоқталамыз.
Өсімдіктердің зиянкестерімен аурулары орман шаруашылығына көп зала
келтіреді. Оларды құрту үшін бүріккіштерді, тоңазытқыштарды, аэрозол
генераторлардың, дәрілегіштерді, топырақты өсімдікке зиянды заттардан
арылтатын, жәндіктерді елітетен заттарды әзірлеп, шашатын машиналарды
пайдаланады.
Өсімдіктердің барлық өсіп, жетілу фазасында комплектілі күрес жүргізу
тиімді. Ол үшін қоймаларды дизенфекциялайды, себер алдында тұқымдарды
дәрілейді, егістіктерге улы заттарды бүркіп, тозаңдатады, оны үстеп
қоректендіреді және арамшөптерді жояды.
Өсімдіктерді зиякестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау үшін
қолданылатын химикат заттар арналып жасалған мақсатына қарай:
инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер деп үшке бөлінеді. Инсектидтер
заттарды зиянды жәндіктерден, фунгитцидтер- өсімдік ауруларын құрту үшін,
гербитцидтер арамшөптерді құрту үшін пайдалынады.
Бүріккіш машиналар улы химикат ерітіндісін өсімдікке шашады.
Тоңазытқыш машиналар өсімдікті ұнтақталған улы заттармен тозандатады.
Аэрозол генераторлары улы химикаттарды жылыту және механикалық жолмен
0,002 мм-ге дейін бөлшектеп, тұманға айналдырады, ол өсімдіктердің үстіне
қаптап, тұрып қалады.
Дәрілеу машинасы егетін және отырғызылатын тұқымдық материалдарды әр
түрлі ауру қоздырғыштардан арылтуға арналған. Өнделетін жердің көлеміне
қарай қолмен және атпен сүйретілетін, тракторға тіркелетін бүріккіштермен
тоназытқыштар да қолданылады.
Орман шаруашылығына зиян келтіретін аурулармен зиянкестерді құрту
үшін, сондай-ақ үлкен алқаптардағы өсімдіктерді үстеп қоректендіру үшін
авиацияныда қолдануға болады.
Дақылдар зиян келтеретін аурулармен, зиянкестермен күресу,
арамшөптерді құрту үшін қолданылатын машиналарға қойылатын агротехникалық
талаптар.
Машиналар улы химикаттың өнделетін жер көлемінің бірлік өлшеміне
қажетті мөлшерде жұмсалуын қамтамасыз етуге және оның бүкіл жұмыс кезінде
сол қалыпта сақталуын, ал тоңазытқыш құрылғылар сұйықтық пен ұнтақ
заттардың өңделетін учаскеге біркелкі бөлініп отырылуын қамтамасыз етуге
тиіс.
Тұқымды улы химикатпен өңдеу біркелкі жүргізілуі тиіс. Тұқым умен
араластырылғанда оның бүлінуі 0,5 пайыздан аспауы тиіс. Жұмыс органдары
химикаттар әсерінен бұзылмайтын болуға тиіс.
Бүріккіш машиналар. Бүріккіш машиналардың негізгі механизмдері мен
жүйелері: араластырғышы бар резервуар, насос, сорғыш және айдағыш торлар,
манометрлі сақтандырғыш клапан, улы химикат толтыратын құрылғы тоңазытқыш
құрылғы жұмыс органдарына жалғасы және рама.
Машина жұмыс істеп тұрғанда резервуардағы сұйық улы химикат
араластырғыш пен үнемі шайқалып тұрады да, сорғыш сүзгіштен өтісімен
сорғыш магистраль бойынша насоспен сорылады. Улы химикат қысымының
әсерімен айдағыш магистральға келіп, сақтандырғыш-редукция клапаны
дистанциялық басқару клапаны арқылы өтіп, тоңазытқыш құрылғыға қарай
кетеді. Тоңазытқыштар улы химикат ерітіндісін ұп-ұсақ етіп үгеді, ол сыртқа
шашыратылып тасталады да, өсімдікке және топырақ бетіне шөгіп қалады.
Машинаға сұйықтық құйғанда дистанциялық басқару клапаны мен эжектор
вентилін жауып, сорғыш магистральдың вентилін ашу керек. Эжектордың
шаңдатқыш шлангысын тоғанға ал сұйықтық толтыратын шлангыны резервуардың
өңешіне қояды. Резервуарға бірнеше шелек су құйып, трактордың қуат
тарататын білігін іске қосады да эжектор вентилін ашып қояды. Сұйықтық
толтыратын құрылғы түтіктерінде пайда болатын сирексудің нәтижесінде
тоғанға су насоспен сорылып, резервуарға тартылып келеді. Сұйықтықты
толтырып алғаннан кейін эжекторды жауып қояды.
Тоңазытқыштар. Тозаңдатқыш машинасының негізгі тораптары мен
механизмдері ұнтақ тәрізді улы химикаттарға арналған бункер, желдеткіш,
тоңазытқыш құрылғы, жұмыс органдарына келетін жалғас, рама.
Тозаңдатқыштарды тракторлерге, автомобильдерге өздігінен жүретін шассилерге
және самолеттерге орнатады.
Улы химикатты жұмсау мөлшерін өзгерту үшін тесікті жапқышпен жауып
қою керек. Ауа улы химикаттарды тартып алады да сыртқа шығаратын келте
түтікке бағыттайды, одан әрі тозаңдатқыш қақпақ арқылы өңделетін учаскеге
жібереді.
Тозаңдатқыш бүріккіштер. Бұл машиналардың жұмыс тораптары мен
тозаңдатқыш және бүріккіш механизмдері болады, мұның өзі улы химикаттар
қолданып, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен зиянкестеріне қарсы
күресті былай жүргізеді:
өсімдіктерді у шашқан кезде су мен немесе улы химикаттардың ерітінділерімен
дымқылдатылған ұнтақ тәрізді улармен тозаңдатуға;
өсімдіктерді құрғақ ұнтақ тәрізді химикаттармен тозаңдатуға;
тозаңдатқышты өте ұнтақпен бөлу өсімдіктерді ауаның қуаты ағысына ұстап,
оларға ерітінділер, суспензиялар және минералды майлы эмульсиялар бүркуге;
өсімдікке улы затты ауа жібермей-ақ әдеттегі әдіспен бүркуге қолайлы.
Мұндай машиналарға ОНК-Б маркалы тозаңдатқыш-бүріккіш жатады. Қазірде
өнеркәсіп оларды шығармайды.
Аэрозолды генераторлар. Генератор ауа айдағыштан ауа шығаратын
трубопроводтардан екі ауа сүргіштен оттықты қыздыру камерасынан улы
сұйықтық шаштың сұғындырмадае улы сұйықтық құйятын бактан және рамадан
құралған.
Двигатель қозғалатын ауа айдағыш ауаны трубопроводтар арқылы оттыққа да
қызу камерасына да айдайды. Генератор ауа айдағыштан ауа шығаратын
трубопроводтардан, екі ауа сүзгіштен оттықты қыздыру камерасының улы
сұйықтық шашатын сұғындырмадан улы сұйықтық құятын бактан және рамадан
құралған.
Бензин бактан жиклер арқылы отын құбырынан өтіп оттыққа құйылады. Ауа
бензинді ыдыратып, жанармай қоспасы пайда болады, ол от алдыру свечасынан
лап етіп тұтатанады да, түгел жанып кетеді. Свеча қызу камерасына қойылып,
магнетодан қуат алып жұмыс істейді. Қызған газ сұғындырманың тар мойнына
арқылы аса жылдамдықпен өтеді де оған жиклер арқылы улы сұйықтық құйылады.
Улы сұйықтық біразы тозаңдалады, ал басқасы буланып, тұманға айналады. Осы
тұман өсімдікке шашылады. Генератордың жұмыс өнімділігі – 5-20гасағ,
жердің әр гектарына 5-6л сұйықтық жұмсалады.
Дәрілегіштер. Универсалды ПУ-3 дәрілегіш машинасы бидай, жүгері зығыр
және басқа дақылдардың дәндерін құрғақ және сұйық химикаттармен дәрілеуге
арналған.
ПУ-3 дәрілегіші астық бункерінен астықты трубопроводқа жеткізіп
тұратын ожаулы элеватордан астықты сумен араластыруға арналған барабаннан
құрғақ у бункерінен барабан камерасындағы ұштықтарға сұйықтық құйып
тұратын шестерня тәрізді насостан, сүзгіштен резервуардан шығару
камерасынан құралған. Машинаның барлық тораптары рамаға орнатылған. Жұмыс
органдарын электор моторы немесе бензинді двигатель қозғалтады.
Жұмыс мына төмендегінше жүргізіледі. Үйілген жалдан күреп алғыш
элеватордың жоғарғы қалақшасына тасымалданады. ПУ-3 дәрілегіші астық
бункерінен астықты трубопроводқа жеткізіп тұратын ожаулы элеватордан
астықта умен араластыруға арналған барабаннан құрғақ у бункерінен барабан
камерасындағы ұштықтарға сұйықтық құйып тұратын шестерня тәрізді насостан
сүзгіштен, резервуардан шығару камерасынан құралған. Машишаның барлық
тораптары рамаға орнатылған. Жұмыс органдарын электор моторы немесе
бензинді двигатель қозғалтады. Жұмыс мына төмендегінше жүргізіледі.
Үйілген жалдан күреп-алғыш элеватордың жоғарғы қалақшасына тасымалданады.
Одан соң астық трубопровод пен сұғындырма мойыны арқылы ол барабанның
араластыру камерасына түседі. Құрғақ улы химикатта бункерден трубопровод
арқылы осы камераға түседі. Барабан айналған кезде астық умен араласып,
шығу камерасына қарай жылжиды да содан кейін дәріленген астық қаптарға
салынады.
Дәнді сұйық немесе жартылай құрғақ химикатпен дәрілегенде жұмыс
процесі біршама өзгереді: құрғақ ұнтақ удың бункерден түсуі тоқтатылады, ал
барабанның араластыру камерасына ұштықтар арқылы трубамен сұйық улы химикат
жеткізіледі, ол резервуардағы насоспен сорылып алынады.
Резервуарлар. Бүріккіштердің резервуарларын болат табақтардан пісіріп
жасайды. Оның жоғарғы жағынан мойын жасап, оған сұйықтық құятын сүзгіш
орнатады. Мойынды қақпақпен нығыздап жауып қояды. Резервуардың қапталында
немесе төмеңгі жағында сұйықтықты жіберетін түтік болады. Резервуардың
ішінде улы химикат ерітіндісін араластырып тұратын араластырғыш бар.
Улы химикат бүріккіш машиналар. Жұмысқа қосарда бүріккішті мұқият қарап,
құрастырылуының дұрыстығын тексереді. Әсіресе гайкалардың, винттерді және
басқа да бекітпе детальдардың мықтап магистралыі мен сақтандырғыш редукция
калапандарыңдағы сүзгіштердің акаусыздығы мен тазалығына, тозаңдатқыштар
ұшындағы сұйықтық шығытын тесіктерінің тазалығына, насос клапандарындағы
серіппелердің ақаусыздығына, гидросистемадағы аралық төсемнің түгелдігіне
және оның саңылаусыз болуына ерекше назар аударады.
Қарап шыққаннан кейін машинаның үйкелетін жерлерінің бәрін майлап, оны
жүргізіп, жұмыс органдарын тексеруге кіріседі. Бұл үшін резервуарға 10-15
шелек су құйып, сорғыш және айдағыш торлардағы крандарды ашып, насосты
жайлап іске қосады. Насос жұмыс істеп тұрған кезде сұйықтықтың тозаңдатқыш
құрылғысына құйылуын, жүйедегі қысымды ағып тұрған жерлерін тексереді.
Егер сақтандырғыш редукция клапанындағы тесік арқылы сұйықтық
резервуарға құйылса, редукция клапанының маховигін оңға айналдырылып,
қысымды арттыру керек.
Тозаңдатқыштар. Жұмысқа қосар алдында тозаңдатқыштың комплектілігін
және жинақтаудың дұрыстығын, тозаңдатқыш құрылғысының желдеткіш фланеціне
кигізілген бекітпелерлің беріктігін, болтты жалғастырғыштардың бәрінің
тартылып тұруын, орнықтырғыштар мен мөлшерлеу жапқшының акаусыздығы
тексереді. Сонан кейін тораптар мен механизимдерді майларды, ал одан соң
тозаңдатқышты кәшә айналымға салып 5 минут бойы бостан бос жүргізіп көреді.
Жүргізіп көргеннен кейің улы химикатпен толтырады да тозаңдатқыштың жүкпен
жұмыс істеуін тексереді.

ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫН КЕПТІРУГЕ, СОРТТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ КОНСТРУКЦИЯҒА ШОЛУ
ЖАСАУ

СЗС-2,1 сеялкасы 9 қатарлы оның негізі – рама, оған екі дән тыңайтқыш
жәшігі қондырылған. Жәшіктердің түбіндегі тесіктерге қарама – қарсы
катушкалы сепкіш аппарат болттармен бункер астарына бекітілген. Тесіктердің
саны сепкіш аппараттың санымен бірдей. Жәшіктің артқы қабырғасына катушкалы
штифті тыңайтқыш сепкіш аппарат орнатылған. Тұқым өтетін түтіктер
аппараттардың воронкасына сымнан жасалған орағышпен бекітіледі. Тұқым
егетін түтіктің төмеңгі жағы қос дискілі шүмектің мойнына тандырғыш сыммен
бекітілген.
Сеялканың жұмыс процесі төмендегінше өтеді. Дән тұқым жәшігінің
түбіндегі тесік арқылы сепкіш аппараттардың қабылдағышына құйылады.
Айналмалы катушкалар тұқымды қалақтарымен қамтиды да, тұқым өтетін
түтіктердің воронкаларына шығарып жатады.
Тыңайтқыштар жәшіктің тыңайтқыш тұратын жағынан тыңайтқыш себетін
аппараттың катушкасы арқылы науашаларға жүргізіледі де, одан тұқым
воронкасына түседі.
Тұқымдық дән түтік арқылы тыңайтқыштармен бірге шүмектерге келіп,
одан бағыттағыштар арқылы сырғып, сіңіргіштің астарына бороздаға таратқыш
арқылы шашырап түседі. Тұқымдық дәндер топырақпен жабылып тығыздағыш
катоктармен тығыздалады.
Дән тыңайтқыш салатын жәшікке тұқым толтыру арасында себуге қажетті
тұқымдық материалдарды салуға және тыңайтқыштарды құюға арналған,
сеялкалардың алуан-алуан түрлері бар екеңіне қарамастан, олардың дән
тыңайтқыш жәшіктері бір-біріне ұқсас келеді. Жәшік алдыңғы және артқы
қабырғалардан, екі қапталдан, қақпақтан және түптен құралған.
Жәшік қабырғалары жоғарғы жағында бір-біріне паралель келеді, ал
төмеңгі жағында бір-біріне жақындатылған.
Жәшік пішінінің мұндай болуы тұқым мен тыңайтқыштың сепкіш
аппараттарға құйылуын жеңілдетеді. Жәшіктің ұзындығына қарай қақпақты тұтас
немесе екі бөлік етіп жасайды да, алдыңғы қабырғаның жоғарғы керпесіне
топсамен бекітеді. Қақпақтың ашылуы тірекермен шектелген. Жәшіктің түбінде
тесіктер бар. Тұқымға арналған сепкіш аппараттар солардың тұсына қойылған,
ал жәшіктің артқы қабырғасында тыңайтқыш шашатан аппараттарға арналған
тесіктер бар.
Тұқым сепкіш аппараттар. Дәнді дақылдардың тұқымы және шөп тұқымдарын
себу үшін катушкалы сепкіш аппараттарды қолданады.
Бұл аппараттар құрылымы жағынан қарапайым, себу нормасын реттеу онша
күрделі емес, пайдалануға қолайлы. Катушкалы сепкіш аппарат. Негізгі 4
бөліктен: тұқым қорабынан, сызаттары бар жұмыс катушкаларынан, жай жұмыр
муфталардан және розеткалардан құралған.
Тұқым өткізгіш құбыр тұқым мен тыңайтқышты сепкіш аппараттардан
сеялканың шүмегіне қарай жіберіп отыруға арналған. Конструкциясы жағынан ол
спиральды-ленталы, кеңірдіктелген резеңкелі және труба тәрізді болып
келеді.
Тұқым өткізігіш спиральді-ленталы құбырлы спиралша ширатылған болат
лентадан жасайды. Оның жоғарғы ұшын серіппелі шаппа тіспен воронкаға
жалғастырады. Ал тұқым өткізгіш құбырдың төменгі ұшында қапсырма болады, ол
оны тұрақтандырғыш сым арқылы шүмектің корпусына бекітеді. Мұндай тұқым
өткізгішті жасау қиын, бірақ ол икемді келеді. Оның кемшілігі: жұмысқа
пайдалану кезінде керіліп, ұзарып кетеді. Спиральды-ленталы, құбырлы тұқым
өткізгіш құбырлары СЗН-10, СЗН-16, СЗН-24, СУ-24, СУК-24А, ЛДС-4А, СУТ-47,
СЗС-9, СЗС-2.1 сеялкаларына орнатады.
Дискілер шүмек корпусында бір-біріне 10° бұрышталып бір рет
майланатын шарикті подшипникке орнатылған. Корпусқа дискілер салған борозда
түбіне тұқымды төгіп отыратын воронка орнатылады. Дискілер аралығына ішкі
жағына жабысқан топырақты түсіріп реттеп отыратын тазартқыш бекітілген.
Мұндай дискілі шүмектерді СЗ-3,6, СЗС-2,1, СЗП-3,6, СУК-24А және т.б.
сеялкаларға орнатады.
Сеялкаларды жұмысқа әзірлеу. Сеялкаларды егіс басына шықпай тұрып
алдын ала тексеріп, жұмысқа әзірлеу керек. Алдымен сеялканың тораптары мен
механизмдерінің бекітпелерін тексереді, сепкіш аппараттарды, тұқым өткізгіш
құбырларды, шүмектерін қарап шығады. Байқалған ақаулардың бәрін жояды.
Тұқым жәшігінен табылған бөгде заттарды алып тастайды. Содан кейін
жалғастырғыш механизмдерді тексеріп, сеялканы майлап қояды.
Бір агрегатта бірнеше сеялкамен жұмыс істеу үшін тексергіштерді де
дайындап қояды. Доңғалақтардың, осьтердің, кергіштердің ақаусыздығын,
брустардың аспа механизмдерінің, қапсырмаларының күйін тексереді. Байқалған
ақауларды сол жерде дереу жөндейді.
Қондырғыш тақтайды пайдаланып, шүмектердің орналасуын тексереді.
Белгіленген себу сұлбасынан ауытқыған жағдайда шүмектерді ауыстырып қояды.
Ең соңында сепкіш аппараттардың тұқымды біркелкі себуін тексеріп, сеялканы
себу нормасына қояды.
Тұқымды сіңіру тереңдігін топтап және жекелеп реттелетін шүмектердің
топыраққа бату тереңдігіне қарап анықтайды.
Топтап реттеу тереңдіктің бұраңдалы реттегішімен немесе көтергіш
механизмімен жүргізіледі. Винтті босатқанда немесе тісті сектор бойынша
рычагты көтергенде шүмектердің жүріс тереңдігі кемиді және керісінше,
винтті қатайтқанда немесе рычагты түсіргенде арта түседі. Реттегіштердің
винттері мен сеялканың екі бөлігіндегі көтергіш рычагтары шүмектерді бірдей
тереңдікке батыратындай етіп орнатылуы қажет.
Шүмектердің жүріс тереңдігін жеке-жеке реттеу мынадай бірнеше
тәсілмен жүргізіледі:
Дискілі шүмектерді қысқыш штангілері серіппелердің керілуін өзгерту арқылы
реттейді. Серіппенің бос жиырылуы шүмектердің таяз жүруіне, ал серіппенің
аса қатты жиырылуы шүмектердің ең терең жүрісіне сәйкес келеді. Серіппенің
түрлі жиырылуы шайбаның орнын ауыстырып қою және штангіні бұру арқылы
болады. Трактор доңғалағының іщімен жүретін шүмектер серіппелерінен бәрі
бірдей жиырылуы қажет. Ол серіппелерді қаттырақ қысып жырылту керек.
Топырақ қаттылығы әр түрлі жерлерде жұмыс істегенде, сондай-ақ алдыңғы және
артқы шүмектердің жүрісін теңестіру үшін де серіпппелердің жиырылуын
өзгерту әдісін пайдаланады.
Анкерлі шүмектерді раманың қапсырма тұтқасына қарай шүмектер асқышы
шынжырларының ұзындығын өзгерту және шүмектер қапсырмаларына салмақ арту
және оны түсіру арқылы реттейді. Шынжырларды ұзарту және салмақ арту
шүмектердің жүріс тереңдігін ұлғайтады немесе оны керісінше таяздатады.
Қыр төсті шүмектерді салмақ арту немесе оны түсіру арқылы реттейді.

ОРМАН СОҚАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҰМЫС ПРОЦЕССІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
ТАЛАПТАРЫ

Соқалар – жер өңдеу құралы. Адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуы
барысында орасан зор орын алған, көне дәуірлерден қазірге дейін қолданылып
келе жатқан бұл еңбек құралы мыңдаған жылдар бойы жетіле келе ертедегі
қарапайым имек ағаштан осы заманғы күрделі а. ш. техникасына айналды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман және орман-парк шаруашылығындағы жаңа техника мен технологияның ролі
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану негізінде суару
Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
Пәндер