Құрбан айт – ұлттық мереке



Құрбандық шалу
Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – “шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал “ұдһия” деп аталады.
Құрбандық шалу мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан Құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда “Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым” (“Зарият” сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.
Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені, “Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес”, “Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола алмайсың”, “Мұсыл­мандар бір дене тәрізді, бір жері ауырса, басқа мүшелерінің де мазасы кетіп, ұйқысы қашады” деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері күллі мұсылман жұрт­шылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады.
Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады.

Құрбандық шалудың үкімі
Қадірі асқан құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.

Уәжіптігінің аят-хадистердегі дәлелдері төмендегідей:
Алла тағаланың Құран Кәрімде: “Намаз оқы және құрбан шал” (“Кәусар” сүресі, 3-аят), – деп бұйыруы құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!”, – деп бұйырған. Әрине, мұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) “Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим бабаларыңның сүннеті”, – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне қайшы емес. Неге

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Құрбандық шалу
Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап
істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы
терминдік мағынасы – “шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал
бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал
“ұдһия” деп аталады.
Құрбандық шалу мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін,
құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды
жаратқан Құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған.
Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген.
Қасиетті кітабы Құранда “Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана
құлшылық жасасын деп жараттым” (“Зарият” сүресі, 56-аят) деп білдірген.
Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну,
разылығына ұмтылу, сауап жинау.
Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі
ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы
таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен
жомарттығы да сыналады.
Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем,
жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік
оған жат. Өйткені, “Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес”,
“Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола
алмайсың”, “Мұсыл­мандар бір дене тәрізді, бір жері ауырса, басқа
мүшелерінің де мазасы кетіп, ұйқысы қашады” деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
хадистері күллі мұсылман жұрт­шылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық
жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара
мейірімді болуға шақырады.
Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Алла разылығы үшін
мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға
жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы
пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы
бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады.

Құрбандық шалудың үкімі
Қадірі асқан құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында
(шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.

Уәжіптігінің аят-хадистердегі дәлелдері төмендегідей:
Алла тағаланың Құран Кәрімде: “Намаз оқы және құрбан шал” (“Кәусар”
сүресі, 3-аят), – деп бұйыруы құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан
шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!”, – деп бұйырған.
Әрине, мұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін
білдірсе керек.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) “Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим
бабаларыңның сүннеті”, – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне қайшы емес. Неге
десеңіз, хадисте айтылған “сүннет” – жол деген мағынаны білдіреді. Яғни,
бізге уәжіп ретінде міндеттелген құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса
келген жолы деген мағынаны меңзейді.
Cондай-ақ құрбандық шалуға байланысты мынандай аяттарды келтіруге
болады: “Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден
арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген
түрлі пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық
малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен
өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!” (“Хаж” сүресі, 27-28-
аяттар).

Құрбандық шалу кімдерге уәжіп?
Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:
1. Мұсылман болуы; 2. Ақылды және балиғат жасына толуы; 3.Құрбан айт
уақытында жолаушы болмауы; 4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі
қаржыға ие болуы.
Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша.
Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен
малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету
керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны секілді, тек қана еті үшін де
союға болады. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу
міндет болмағанмен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. (М. Исаұлы, Қ.
Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, “Нұр-Мүбәрәк” баспасы, Алматы, 2008, 397-б.)

Құрбандық шалудың қысқаша тарихы және айт ретінде бекітілуі
Құран Кәрімде өзара таласқан Абыл мен Қабылдың кімнің ақтығын анықтау
үшін құрбандық мал шалғандары, соңында Абылдың құрбандығының қабыл
болғандығы айтылады (“Маида” сүресі, 27-аят). Осы оқиғадан бастау алған
құрбандық шалу Аллаға ғибадат ретінде Жаратқанның елшілері арқылы жүздеген
жылдар бойы жал­ғасып, Ибраһим (а.с.) мен Исмаилдың (а.с.) дәуіріне дейін
келіп жетті.

Ибраһим мен баласы Исмаилдың құрбандық оқиғасы
Ибраһим (а.с.) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын
ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынған-ды. Бұл тілегі
әбден қартайып, ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында қабыл болмасы
бар ма?!
Күндердің бірінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа
шалғалы жатқандығын көрді.
Өз бауыр етің балаңды өз қолыңмен өлімге қайтіп қиярсың?! Мына түстің
мұншалықты мысымды басқаны несі?! Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз
жет­кізген Ибраһим пайғамбар оны орындауға бекемденді. Не де болса нар
тәуекел! Алланың берген жаны Аллаға аманат.
Баласына мейірлене көз тастады. Көңілі толқып, жүрегі елжіреп қоя
берді. Жоқ! Шайтанның азғыруына көнбеген жөн. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде
де сөзсіз ор­ындалуы тиіс. Көңілін көптен қобалжытқан жайды баласына ретін
тауып айтпақшы болып оқталғаны сол еді, тұтығып, тілі күрмеле берді. Ақыр
соңында тәуекелге бел буды. “Балам, түсімде Алланың әмірімен сені құрбандық
шалуға ниеттеніп, бауыз­дайын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?” – дейді.
Баласы әкесінің ойын түсінді. Жүзіне тесіле қараған күйі: “Әкетай, еш
тартынба! Хақ тағаланың бұйрығын не болса да орында. Мен де сабырлылық,
шыдамдылық танытармын. Тәуекел ет”, – деді қасқая.
Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес, Ұлы Жаратушыдан келгенін жете
ұғына білді. Сол үшін де кессең мойным міне деп пышаққа түсті. Әттең, қанша
қайралса да пышақ өтпей қор қылды. Сонда да жалтармады. Алланың әміріне
толықтай мойынсұнды. Соңында сын-сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі
аян білдірді:
“Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың. Міндетіңді
орындадың. Исмаилдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім.
Біз жақсы құлдарды осылайша марапаттаймыз!” Иә, Алла тағала сынағаны
болмаса Исмаилды құрбандыққа шалуды қаламады. Ол тек Ибраһим пайғамбардың
өзіне адалдығына, әмірін қалтқысыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз
тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Әйтпесе, Алла тағалаға сойған
малдардың еті мен жүні де қажет емес екені белгілі. Алла тағалаға құлының
ақ-адал ниеті мен кең пейілі-ақ жеткілікті. Иә, солай. Қартайып көрген
қызығы, жалғыз тұяғы, асылдың сынығы, құлдығы Исмаил үшін Ибраһим (а.с)
нені де болса құрбан етуге бар еді. Өйткені, оны өте қатты жақсы көретін.
Ал Аллаға деген махаббат балаға деген махаббаттан әлдеқайда басым болуы
керек еді. Алла соны ұқтырды. Алла жолында, Алланың үкімін орындауда басқа
дүниелік ештеңенің оның орнын баса алмайтындығын көрсетті. Бұл сынақтардың
ең ауыры еді. Бірақ ең мағыналысы да. (“Құрбан айт” кітапшасы, Алматы,
2007)
Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде
сүннетке айналып, соңғы елші хазірет Мұхаммедке де (с.ғ.с.) жетті. Осы
кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман
жұртшылығына ортақ құлшылық түріне айналды.
Мекке кезеңінде түскен “Кәусар” сүресінде “Расында біз саған Кәусарды
бердік. Ендеше, сен де (осы жақсылыққа шүкіршілік ретінде) Раббың үшін
намаз оқы және құрбан шал” (“Кәусар” сүресі, 1-2-аяттар ) деген бұйрық бар.
Осы бойынша дұха (сәске) намазын (Күн найза бойы көтеріліп, тас төбеге
жеткенге дейінгі кезеңде оқылатын нәпіл намаз) оқу және құрбан шалу әуелі
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жеке өзіне парыз етілген болатын. (“Зейлай, Набур-
райә”, 4206)
Хазірет Ибраһимнен (а.с.) бері келе жатқан қажылықта орындалатын
құрбан (һәди) шалу Алла Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін,
хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да (удхия құрбаны)
міндеттелді. Осы күн­дері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде
бекітілді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударып келгенде, жергілікті
халықтың бұ­рыннан келе жатқан екі мерекесі бар еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
ол мерекелердің мәнін білуге құмартты. Олар бұрынғы жәһилия кезінен бері
осы күндері де мере­келеп, көңіл көтеретіндіктерін айтты. Сонда
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Алла тағала осы екі мерекенің орнына одан да артық
екі мейрам сыйлады, олар: құрбан айт пен ораза айты”, – деп ендігі жерде
мұсылмандардың мерекесі осы екі күн екендігін ұқтырды.
Кезінде Ибраһим (а.с.) пайғамбар сүйікті ұлы құрбандықтан аман
қалғанда қуанып, осы күні мерекелеп, өзіне түсірілген қошқарды құрбандыққа
шалғандығын жо­ғарыда атап өттік. Ал адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке
(с.ғ.с.) еркек кіндіктінің орнына “Кәусар” (араб тілінде “көп, мол” дегенді
біілдіреді) берілгендігі әрі сол үшін шүкір ретінде намаз оқып, құрбандық
шалу арқылы осы күнді атап өту керектігі аят арқылы білдірілген. Яғни,
Ибраһим пайғамбарға өзінен тарайтын екі ұрпақ берілсе (Ысқақ пен Исмаил),
Алла Елшісіне (с.ғ.с.) иман жолы арқылы шынайы ұрпағы, яғни үмбеті сый
ретінде берілді. Кәусардың мағынасы “үмбеттің көптігі” дегенге
саятындықтан, бұл жоғарыда айтылған сөзге нақты дәлел бола алады. Ұрпағын
жалғастыратын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз ұлдары шетінеп кете бергенімен,
миллиардтаған үмбетінің өзі оған шынайы ұрпақ болды. (М. Хуб, Хер йөнииле
құрбан, Измир, 2006, 32-33-б).

Құрбандық шалудың пайдалары мен хикметтері
а) Алла тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының
ризашылы­ғына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да – Алла
тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы
Раббысы­ның ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап
иеленеді. Пай­ғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді:
“Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа
іспен Алла тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні
мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай
жатып, Алла тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан
құрбандарыңды көңіл риза­шылығымен шалыңдар”. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басқа
хадистерінде Алла ри­зашылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылшығы үшін
сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген: “Сахабалар Расулімізге (с.ғ.с.):
– Уа, Алланың Елшісі, құрбандық деген не? – деп сұрақ қойды.
– Құрбандық – сендердің Ибраһим (а.с.) бабаларыңның сүннеті, – деді.
– Одан бізге қандай сауап бар?
– Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
– Қойдың жүнінен ше?
– Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады”.
Алла разылығы үшін риясыз көңілмен сойылған құрбандық мал ақыретте
қылдай жіңішке, қылыштай өткір Қылкөпірден өтерде иесіне көп көмектеседі.
Пайғамбары­мыз бұл жайында өз хадисінде былай дейді: “Құрбандыққа малдың ең
жақсысын, көзге жұғымдысын таңдаңдар, өйткені ол – Қылкөпірден өтердегі өз
көліктерің”.
Шындығында, Алла тағала біздің шалған құрбандарымыздың ағызылған
қанына немесе етіне мұқтаж емес. Біздің шалған құрбандарымыздың еті немесе
қаны Алла тағаланың құзырына жетпейді. Бірақ біздің оның әмірін ләббайк деп
құлдық ұрып орындауымыздағы ықылас-ниетіміздің Алла Тағалаға жетіп,
ризашылығына себеп болары сөзсіз. Бұл шындықты Құран Кәрім былай деп
баяндайды: “Олардың (құрбан малдарының) еттері де, қандары да Алла тағалаға
жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді”.
ә) Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбарымыздан (а.с.) жалғасып келе жатқан
сүннет. Иә, Ибраһим пайғамбарымыз (а.с.) Алла тағаланың әміріне
мойынұсынып, бауыр еті баласы Исмаилды Ұлы Жаратушысының жолында пида ете
алатындығын паш ету арқылы, қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу сол
бір ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.
б) Адам баласы құрбан айтта құрбан шалу арқылы Ұлы Жаратушысының өзіне
бер­ген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.
в) Табиғатында өзімшілдік, сараңдық, дүниеқоңыздық секілді жағымсыз
қасиеттері бар адам нәпсісі құрбан айтта тек қана Алла тағаланың
ризашылығын ойлайды. Бір малын қиып, кедей және мұқтаж бауырларына жәрдем
беру арқылы жаман қы­лықтарын бауырмалдық, жомарттық, кішіпейілдік секілді
жақсы қасиеттермен алмастырады.
г) Дүние жүзінде жыл сайын миллиондаған мал сойылып жатады. Бірақ сол
сойыл­ған малдың еттері кедей-кепшіктердің бәріне жете бермейді. Міне,
құрбан айтта осы кедей, жағдайы нашар адамдардың жағдайы ойластырылады. Ең
болмаса бір тойындырып, олардың жүзіне шаттық сыйлайды. Әр күні кіжінумен
өткен көңілі сы­нық кедейге мұсылмандық жанашырлық танытып, қол ұшын беру
қандай ғанибет! Алла тағала ақыретте бәріміздің жүзімізді жарқын қылып,
көңілімізді шаттандырсын! Әмин! (“Құрбан айт” кітапшасы, Алматы, 2007).

Құрбандық шалу – берекетке себеп
Алла тағала былай дейді: “Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар
жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар
мұның өздеріне тигізген пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде
берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық
шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!” (“Хаж”
сүресі, 27-28-аяттар).
Байқасақ, аятта құрбандыққа шалынатын малдың Алладан берілген несібе
екендігі айтылуда. Айт күндері құрбан шалу – ғибадат. Ал құрбандық шалудағы
ең ма­ңызды жәйт оны – Аллаға арнап сою. Ниеттің адалдығы жай ғана істің
өзін ғиба­датқа айналдырады. Құрбандыққа шалынған мал – Жаратушының берген
рызығы болғандықтан етін сол отбасы мүшелерімен қоса кедей-кепшіктер де
жейді. Күн­делікті өмірде жағдайы тым нашар адамдардың бар екенін ұмытпаған
жөн. Сон­дықтан мұсылман ғалымдарының айтуынша, шалынған құрбанның етінен
жеу – мұстахап, мұқтаж жандарға үлестіру – уәжіп. Әбу Ханифаның айтуынша,
жеуге де, таратуға да болады, алайда ол уәжіп емес. Бұйрық түрі үнемі
уәжіптікті талап етпейді. “Пақырды тойдырыңдар” деген бұйрық байларға
берілмесін деген мағына­ны білдірмейді. Өйткені, сахабалар құрбанның етін
бай, кедей көрші-қолаң мен ту­ыстарына да беретін. Осы тұрғыдан қарағанда,
құрбандық шалатын айт күндері ша­лынған миллиондаған құрбанның еттері бай-
кедей, жетім-жесір, кедей-кепшік, жас-кәрі, әйел-еркегімен бүкіл адамзатқа
сый ретінде қабылданып, осы үлкен жақсы­лықты нәсіп еткен Раззақ (шынайы
Рызық беруші) Жаратушыны естен шығармай, бұл мереке кең көлемде атап өтілуі
тиіс.
Бұрынғы кезге қарағанда, біз бүгінгі күні діни құндылықтарымызды
насихаттауға, құрбандық шалу дәстүрімізді жандандыруға, қоғамда
қайырымдылық шара­ларының көптеп ұйымдастырылуына анағұрлым көбірек
мұқтажбыз. Оның төмендегідей өзіндік себептері де жоқ емес:
*Жеке адам тұрғысынан ғана емес, отбасылық, әлеуметтік, экономикалық,
тіпті бұл дүние мен о дүниенің игілігіне бөлену тұрғысынан құрбандық шалу
ислам дініндегі міндет екенін мұсылмандардың сана-сезіміне мықтап
орнықтыру;
* Алла тағалаға ең ұнамды ғибадат болғандықтан уәжіп ретінде бір ғана
құрбандық союмен шектелмей, нәпіл құрбандықтар қоса шалып, осы ізгі істің
өрісін кеңейту, сауабын арттыра түсу;
*Еліміздің ертеңі үшін иманды да салауаты ұрпақтың өсіп жетілуі
жолында сапалы шәкірт тәрбиелейтін ілім ордаларына, діни сауат ашу
мақсатында қызмет ат­қаратын білім ошақтарына қолдау білдіруге шақыру;
* Құрбандық шалудың мұсылмандық міндет екенінен бейхабар жандарға
ұқтыру;
*Мүмкіндігі жоқ кісілердің атынан да Пайғамбарымыз секілді құрбандық
шалып сүннетті орындау;

*Құрбандыққа шалынған малдардың еттерін тарату арқылы бүкіл адамзаттың
жү­регінде асыл дініміз исламға деген жылылық сезімін ояту;
*Алла тағалаға керегі құрбандықтың еті не қаны емес, құлының ниеті
екенін жақсы білу.
Жоқ-жітіктің атынан құрбан шалу –сүннет
Сахабалардың айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбандық
шалуға жағ­дайы жоқ адамдардың атынан да мал сойған.
Бұл жайлы Жабир (р.а.) былай дейді:
“Хазірет пайғамбармен бірге мешітте едім. Құтпасын бітіріп мінберден
түсті. Сосын құрбандық қошқарды өз қолымен бауыздады. Бауыздап жатқанда:
“Бисмиллаһи, Аллаһу акбар! Бұл менің атымнан және үмбетімнен құрбан шалуға
шамасы жетпегендердің атынан”, – деді”.
Жабир (р.а.) арқылы жеткен тағы бір хадисте өзінің және үмбетінен
жағдайы кел­мейтін жандардың атынан Пайғамбарымыздың екі құрбандық
шалғандығы да айтылады.
Сондықтан да жағдайы бар мүминдер ардақты пайғамбарымыздың ұмыт болып
бара жатқан осы бір сүннетіне қайта жан бітіруге тырысқаны жөн. (М.Хуб, Хер
йөнииле құрбан, 114-116-б).

Айт күнгі тазалық
Құрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жасалған және бір жеңілдік, ол –
айт күні жуынып-шайынып, тазалану. Себебі, бұл тазалық оларға құрбандық
шалғандай сауап әкеледі.
Абдуллаһ ибн Амр ибнул-Астың (р.а.) айтуынша, бірде Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.): “Құрбан (айт) күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді.
Бұл күнді Алла тұтас үмбет үшін мереке қылды”, – деді.
Осы кезде бір кісі: – Уа, Алланың Елшісі! Менде елдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың діни мерекелері
Діни мерекелердің рөлі
Қазақстан Республикасының мерекелері
Құрбан айт - барша мұсылманның ұлық мейрамы
Салтанатты мереке, тойлар
Қазақ халқының мерекелері
Құрбан айт
Құрбандық шалу
Құрбан айт - мұсылманның ең ұлық мерекесі
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Пәндер