Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
Мазмұны
Кiрiспе
1. Бөлім. Бағалы қағаздар нарығы
1.1 Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
1.2 Бағалы қағаздар нарығының маңызы
2. Тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
2.1 Бағалы қағаздарды шығару және оларды алғашқы нарықта орналастыруды ұйымдастыру
2.2 Бағалы қағаздардың қайталама нарығы қызметiне талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
2. Бағалы қағаздар нарығының маңызы
2. Тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
2.1 Бағалы қағаздарды шығару және оларды алғашқы нарықта орналастыруды
ұйымдастыру

Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қазiргi жағдайын қазақстандық
қор биржасының айналым динамикасына қарап нәтижелi екендiгiн көруге болады.
Бiрақ, операциялар көлемi сандық параметрлердiң өсiмiн ғана көрсетедi. Iс
жүзiнде биржа айналымының өсiмi отандық бағалы қағаздар нарығындағы сапалық
өзгерiстермен жалғаспай отыр. Басқа да мәселермен қатар акция нарығының
дамымауы өзектi мәселелер қатарынан орын алады.
Бiздiң ойымызша қор нарығы экономиканың нақты секторына емес, қаржы
сферасына жұмыс iстеуде. Капиталдарды қайта бөлуде банктiк несиелеу
механизмiне бәсекелес бағалы қағаздар нарығының өзiндiк әрекетiн көре алмай
отырмыз.
Елде нарықтың дамыған инфроқұрылымы құрылған, инвесторлар да бар. Тек
үшiншi бөлiм - эмитенттер жетiспейдi және мұнда акционерлiк қоғамдардың iс-
әрекеттерiне көп мәселелер тiрелiп тұрғанын айта кету керек. Бұл мәселелер
түйiнiн бiр жағынан - заң актiлерiнiң уақыт талаптарына толық жауап бере
алмай артта қалып жатуы мен қабылданған заңдарда әмбебаптылықтың
жетiспеуiнен, екiншiден - эмитенттердiң қор нарығында құлықсыздық танытуы
мен мемлекеттiк қатаң реттеу механизмдерiнен табамыз. Мамандар пiкiрлерiне
сүйенсек мәселелердiң бiр тобы қор нарығындағы қаржы құралдарының
жетiспеушiлiгiнен туындап отыр.
Отандық қаржы нарығында бағалы қағаздарға сұраныс ұсыныстан елеулi асып
түскен жағдай қалыптасқан. Сондықтан iшкi инвесторлар өз қаражаттарын
шетелдiк нарықтарға орналыстыруға мәжбүр. Қазақстан экономикасының нақты
секторы құрылымдық қайта құруларды жүзеге асыру, өндiрiстi жаңарту мен
айналмалы капиталды толықтыру үшiн iрi көлемдi қаражаттарға мұқтаж болып
жатқанда бiздiң шетел экономикасын несиелеп жатқанымыз түсiнiксiз жағдай.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығында қарқынды өсiп, көлемi ұлғая
түскен уақытша бос қаржы ресурстары бар. Сол қаражатты бағалы қағаздар
нарығы арқылы экономиканың нақты секторына қайта бөлудi немесе капиталдың
қайта құйылымын қамтамасыз ету бүгiнгi күннiң көкейкестi талабы болып
табылады. Инвестицияға деген қажеттiлiктi ең арзан қаражат көздерiн
жинақтауды жүзеге асыратын БҚР-н дамыту арқылы қанағаттандыру ұлттық
шаруашылықты өркендетудiң пайдаланылмай келе жатқан тұсы деп санаймыз.
1. Бөльм. Бағалы қағаздар нарығы
1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
Бағалы қағаздар белгiлi-бiр экономикалық мақсаттарға жетудiң, iрi
өндiрiстi, өлемдер мен есеп айрысулар жүйесiн құрудың ерекше құралы.
Нарықтық шаруашылық жағдайында бағалы қағаздар ақша қаражаттарын жинақтау
процесiнде және оларды өндiрiс пен айырбас сферасында тиiмдi орналыстаруда
маңызды рөл атқарады. Қоғамның дерлiк барлық топтарына немесе барлық
шаруашылық субъектiлерiне табыс алуға қатысу мүмкiншiлiктерiн қалыптастыра
отырып, iскерлiк әрекеттi ынталандырады және ұлттық экономиканы басқаруды
жеңiлдетедi.
Бағалы қағаздардың пайда болуы капиталдың екiге бөлiнуiне әкелдi: нақты
капитал - өндiрiстiк қорлар, ақшалай түрде көрiнсе; жалған капитал – бағалы
қағаз ретiнде бейнеленген. Ал жалған капиталдың пайда болуы несиелiк
туындады. Осыған орай жалған капиталдың дамуы қарыз капиталының
қозғалысынан пайда болған.
Жалған капиталдың негiзгi қызметтерi: жинақтаушы және ақпараттық.
Соңғысы бағалы қағаздарға сұранысты талдау арқылы кәсiпорынның немесе
саланың қаржылық жағдайын, капитал салымдарының бағытын анықтауға мүмкiндiк
бередi. Жалған капиталдың қозғалысы бағалы қағаздардың айналысы негiзiнде
көрiнiс алады.
Бағалы қағаздар түсiнiгi экономикалық және заңды қатынастардың тығыз
өзара байланысын қамтитын кең ауқымды түсiнiк. Осыған орай бұл құбылыстың
табиғаты жайында әртүрлi пiкiрлердiң орын алуы заңды нәрсе.
Бағалы қағаздар түсiнiгiн ең алғаш 1882 ж. Профессор Бруннер ұсынған.
Ол бағалы қағазды жеке құқық туралы құжат ретiнде көрсетедi (“Werparier ist
eine Urkunde ueber ein Priatreht”).
Әртүрлi елдердiң заңдарында қабылданған құқықтық формалар, құралдар мен
әдiстердiң көптүрлiлiгiне қарамастан барлық заң жүйесiнде басты орында
меншiк құқығы мен кепiл беру мәселесi алады. Бағалы қағаз осы мүлiктiк
құқықтың жүзеге асуы үшiн қолданылады. Зат ретiндегi қағазға бекiтiлген
құқықтың оның бойынан көрiнiс табуына орай көптеген зерттеушiлер бағалы
қағазды көбiнесе заңды қатынастар жүйесiндегi категория деп қарастырады.
М.Н. Чепурин мен Е.А. Киселеваның берген анықтамасы бойынша: “бағалы
қағаздар дегенiмiз – меншiк иесi мен эмитент арасындағы иелiк ету немесе
қарыз қатынастарын куәландыратын құжат”.
А.В. Сидоровичтiң “Экономикалық теория курсы” атты еңбегiнде: бағалы
қағаз – “бұл нарықта өздiгiнше айналысқа түсетiн, сату-сатып алу
қатынастарының объектiсi болатын, құны бар мүлiктiк құқықтарды айқындайтын
құжат”, - деп анықтама берiлген.
Ф.С. Карагусов пiкiрiне сәйкес бағалы қағаз – оның субъектiлерi
арасындағы шаруашылық мәмленiң жасалғанын куәландыратын заңды құжат.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 129 бабында: “бағалы
қағаз – бекiтiлген формалар мен мүлiктiк құқықтың мiндеттi реквизиттерi
сақталғандығын куәландыратын құжат болып табылады” деп анықжазылған. Бұл
бағалы қағаздың құқықты тасушы мүлiк екендiгiн бiлдiредi.
Бiздiң ойымызша бағалы қағаз – болашақта табыс алуға мүмкiндiк беретiн,
еркiн айналысқа түсе алатын, меншiктi басқаруды жеңiлдететiн қаржылық
құжат.
Заңды процестердiң экономикалық құбылыстардың терең мазмұнын көрсете
алмайтындығын мойындаумыз керек. Бiрақ құқықтық формалардың экономикалық
қатынастарды жақындатып бекiте түсетiнiн ұмытпағанымыз жөн.
Бағалы қағаздар ұдайы өндiрiстiң натуралды – заттық тепе-теңдiгiн
өзгертудiң және материалдық, еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды
ынталандырудың, кәсiпкерлiктi дамытудың, инновациялық iс-әрекеттi
белсендiрудiң экономикадық маңызды құралы болып табылады.
Қызмет ету бағытына орай бағалы қағаздарды экономикадық құндық
категория ретiнде қарастыу қажет.
Экономикалық өмiрде бағалы қағаздардың сыртқы көрiнiсi жалған
капиталдың қозғалысы бейнесiнде болады. Қаржы капиталының пайда болуы мен
айналысы нақты капиталдың қызмет етуiмен, яғни өндiрiстiк капиталмен тығыз
байланысты. өндiрiстiк капиталбағалы қағаздар түрiнде көрiне отырып қаржы
капиталына айналады. Нақты капитал өндiрiс құрал – жабдықтардан көрiнiс
тапса, бағалы қағаздар – тек олардың бейнесi ғана.
Бағалы қағаздардың экономикалық рөлi – ұдайы өндiрiс процесiн
қаржыландыру үшiн шағын жинақтарды жұмылдыру арқылы iрi көлемдi инвестиция
құру. Бұл бағытта жекешелендiру бағалы қағаздардың қызмет ету бағытын
анықтап бередi. Жекешелендiрудiң тереңдеуi нарықтағы бағалы қағаздардың
мөлшерiнiң өсуiне әкелiп, инвесторлар санын арттырады. Осы арқылы өтiмдi
БҚН-ң қалыптасуына әсер етедi.
Халықтың шағын жинақтары iрi капиталға айналып өндiрiске жұмсалынуы мен
қоғамдық ұдайы өндiрiс жүйесiнде бөлiнбес бөлiк ретiнде орын алуы бағалы
қағаздарды ерекше инвестициялық тауарға айналдырады. Тауар ретiнде олардың
тұтыну құны, яғни пайыз (дивиденд) түрiндегi табыс пен курстық айырма
компанияны басқаруға құқық (акция) бере алады. Тауар ретiнде бағалы
қағаздардың құны да бар, бiрақ ол өндiрiс, тасымал, сақтау т.б. шығындармен
анықталынбайды. Бағалы қағаздардың өзiндiк ерекшелiгi сол – олардың
нарықтық бағасы табыспен қамтамасыз етiлуi мен бағалардың жоғарылығымен
бiрге ауытқып отырады. Тауар ақша қатынастарына негiзделген бағалы қағаздар
эквиваленттiлiк, қайтарымдылық принциптерiнiң материалдық тасушысы, оларды
жүзеге асырудың экономикалық формасы болып табылады.
Экономикалық терең дағдарыстың негiзгi белгiлерi: халық шаруашылығының
барлық салаларында өндiрiстiң құлдырауы, инвестициялық белсендiлiктiң
төмендеуi, инфляция мен бағалардың өсуi, ұдайы өндiрiстiң қатысушыларына
ауырлық түсiрiп, тiзбектелген төлем қабiлетсiздiгiне алып келетiнi белгiлi.
Бұл жағдайда екi өзара байланысты мiндеттердi шешудiң мәнi зор: жүйенi
қатаң басқару, мемлекет рөлiн күшейту, жеке кәсiпкерлiктi ынталандыру.
Эквиваленттiлiк пен қайтарымдылық принциптерiн пайдалану нарықтық жүйенiң
дамуы мен қызмет етуiн қолдаудың, қамтамасыз етудiң кепiлi. Эквиваленттiлiк
көлденең айырбастарды сипаттайды., яғни барлық шаруашылық субъектiлерi
арасындағы байланыстар. Қайтарымдылық принципi жалпы қоғам мен жекелеген
өндiрiстiк ұжымдар, жұмысшылар арасындағы тiгiнен орын алатын айырбасты
сипаттайды. Бағалы қағаздармен байланысты айырбас прцесiн қарастыру бағалы
қағаздардың экономикалық мазмұнын ашуға көмектеседi. Мысалы: облигацияны
иеленушiге дивиденд пен өтеу мерзiмi бiткен соң негiзгi қарызды төлеу
қайтарымдылық принципiнiң жүзеге асқандығын бiлдiредi. Бағалы қағаздардың
кең тараған түрi ретiнде акция да қайтарымдылық принципiн жүзеге асырудың
бiр формасы.
Осыған орай бағалы қағаздар ең алдымен несиелiк қатынастар негiзiнде
ұдайы өндiрiлетiнiн байқауға болады.
Несиенiң ақылы болуы, оны беру мен қайтару, несиелеу объектiлерiн
бағалау, несиелеу механизмi – эквиваленттiлiк пен қайтарымдылық
принциптерiнiң әрекет етуiне әкелетiннiң барлығы - өзiндiк ерекше формада
бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асады.
Бағалы қағаздардың мазмұны мен мәнiн, өзiне тән фомасын қарастыра
отырып, оның қоғамдық – экономикалық жүйенiң типiне сай қалыптасып
дамитынын байқадық. Бағалы қағаздарға меншiк қатынастарынан туындайтын
құқықтық және экономикалық (кәсiпкерлiк табыс алу) байланыстар бiр-бiрiн
толықтырып, осы категорияның iшкi мән-мазмұнын аша түседi.
Экономикалық мәнiн ашып көрсету арқылы бiз оның заңды құқықтары мен
шаруашылық жүргiзушi субъектiлiрдiң мiндеттерiн қатесiз анықтауға мүмкiндiк
аламыз. Бағалы қағаз деп аталуы олардың талап етуге құқығының болуы немесе
меншiк объектiсi ретiнде құқықтармен қамтамасыз етiлуi мен өндiрiстiк
ресурстардың нақты активтердiң құндық бейнеленуiмен байланысты.
Сонымен қатар, оның негiзгi қасиеттерi – айналысқа түсе алуы,
өтiмдiлiгi, тәуекелмен байланыстылығы да экономикалық мән-мазмұнын аша
түседi.
Жеке инвесторға әртүрлi қаржылық құралдардың болғаны ыңғайлы. Олардың
iшiнде бағалы қағаздар мен бағалы емес қағаздаро кездеседi. Бағалы
қағаздардың да түрлерi өте көп және әрқайсысының қызмет ету мерзiмi,
табыстылық пен көп тәуекел деңгейлерi, салық салу жағдайлары да әртүрлi.
Бағалы қағаздардың түрлерi, яғни салымдар мен несиелеудегi ресми
құжаттарды эклнлмикалық әдебиеттерде қаржылық құралдар деп жалпылама
атайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрсетiлгендей “бағалы
қағаздар ұсынылмалы, ордерлi және атаулы болып бөлiнедi”
- Ұсынылмалы бағалы қағаз иеленушiнiң құқықтары теңестiрудi қажет
етпейдi және ұстаушының атында тiркеуге алынбайды. Бағалы қағазды
ұсынушыны куәландыратын құқықтар басқа тұлғаға жай тапсыру арқылы
берiле алады.
- Ордерлi бағалы – алғашқы сатып алушының атына жазылады. Онда
көрсетiлген құқықтар қағазда көрсетiлген табыстама жазу –
индоссаментке байланысты берiле алады. Индоссант тек құқықтаың бар
болуына ғана емес, оның орындалуына да жауапты.
- Атаулы бағалы қағаз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады. Атаулы
бағалы қағазда куәландырылған құқықтар бекiтiлген талаптар бойынша
құқықтарды берушi талаптардың жарамсыздығына жауап бередi, ал оның
орындалмауына жауап бермейдi.
Бағалы қағаздардың бұлай бөлiнуi ондағы құқықтардың кiмге қатысты
екендiгiне және осы құқықтардың берiлу тәсiлiне байланысты.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсаты бойынша: ақша нарығының қысқа мерзiмдi
бағалы қағаздары мен капитал (инвестиция) нарығының бағалы қағаздарына
бөлiнедi. Ақша нарығында қысқа мерзiмдi бағалы қағаздар (1 жылға дейiн)
айналысы жүредi. Оған: коммерциялық, банктiк, қазыналық вексельдер, чектер,
депозиттiк және жинақ сертификаттары жатады. Шығару мақсаты – төлем және
ақша айналымының үздiксiздiгiн қамтамасыз ету.
Инвестиция нарығы капитал қозғалысын бiлдiредi және онда орта мерзiмдi
(5 ж. дейiн), ұзақ мерзiмдi (5 ж. жоғары) мерзiмсiз қор құндылықтары әрекет
етедi.
Өз кезегiнде инвестициялық қағаздар 3 категорияға бөлiнедi:
1. Қарыздық бағалы қағаздар, қарыз қатынастарына негiзделiп, эмитент
негiзгi қарыз сомасы мен сый-ақы мөлшерiн белгiлi мерзiм iшiнде өтеуге
мiндеттенедi (облигация).
2. Меншiк қатынастарын бейнелейтiн бағалы қағаздар. Олар корпорация
капиталындағы меншiк иесiнiң үлесi туралы мәлiметтi растайды (акция).
3. Болашақ мәмiлелер үшiн шарттарды бейнелейтiн бағалы қағаздар [қосымша №2
кесте].
Жасалынатын мәмiлелерге байланысты бөлiнедi:
1. Қордың бағалы қағаздары (акция, облигация) жалпыға ортақ шығарылады және
қор биржасында айналады.
2. Сауда бағалы қағаздары (коммерциялық вексельдер, коносамент, чек)
коммерция үшiн шығарылады. Сауда операциялары бойынша есеп айырысуларды,
тауарлар қозғалысын жеделдету мен оған қызмет етуге арналған.
Эмитенттiң құқықтық беделiне, инвестициялық және несиелiк тәуекел
деңгейiне, инвесторлар құқығын қорғау кепiлдемесiне байланысты бағалы
қағаздар 3 топқа бөлiнедi: мемлекеттiк, мемлекеттiк емес, шетелдiк [149б].
Мемлекеттiк бағалы қағаздарды үкiмет, министрлiктер, жергiлiктi билiк
органдары шығарып, кепiлдiк бередi.
Жеке меншiк сектордың қор құндылықтарын мемлекеттiк емес кәсiпорынлар
мен ұйымдар шығарады.
Бағалы қағаздардың түрлерi дегенiмiз – барлық белгiлерi ортақ. Бiрдей
болып табылатын бағалы қағаздардың жиынтығы.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнi бойынша негiзгi түрлерi:
1. Акция – акционерлiк қоғамның (АҚ) таза табысының бiр бөлiгiн
дивиденд түрiнде алуға, АҚ басқаруға қатысуға және АҚ таратылған
соң мүлiктiң бiр бөлiгiн иеленуге акция ұстаушыға құқық беретiн
бағалы қағаз.
Акцияның келесiдей қасиеттерi бар:
- Акция – меншiк титулы, яғни ұстаушы АҚ-ң ортақ иемденушiсi болып
табылады.
- Мерзiмсiз бағалы қағаз, яғни АҚ қанша уақыт өмiр сүрсе, ол да
сонша уақыт айналыста болады.
- Ол бойыша жауапкершiлiк шектелген, өйткенi АҚ-ң мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi. Сондықтан АҚ таратылған жағдайда инвестор
акцияға салған қаржыдан көп ақша жоғалтпайды.
- Акцияның бөлiнбеушiлiгi, яғни акцияны бiрлесiп иеленуден оның
құқықтары меншiк иелерi арасында бөлiнбейдi. Олар барлығы бiр
тұлға ретiнде әрекет етедi.
- Акциялар санын көбейте алады және шоғырлана алады.
2. Облигация – белгiлi бiр уақыт өткен соң салынған ақша сомасын және
сый-ақы мөлшерiн қайтару жөнiнде мемлекеттiң кәсiпорындардың,
қорлар мен ұйымдардың қарыздық мiндеттемесi. Облигация қарызды
бiлдiредi, ал оны ұстаушы несиелеушi (акционер секiлдi ортақ
меншiк иесi емес) болып табылады.
Акция мен облигация арасындағы айырмашылық:
- Акцияны ұстаушы АҚ-ң меншiк иесi болып табылады, ал облигацияны
сатып алғанда инвестор – несие берушi.
- Облигация мерзiмi шектеулi, акцияның қызмет етуi АҚ-ң iс-
әрекетiмен тiкелей байланысты.
- Акция меншiк титулы ретiнде АҚ-ды басқаруға құқық берсе,
облигацияның қарыз құралы ретiнде мұндай құқығы жоқ.
Облигация қосымша қаражат тартудың басты құралы. Оны орналастыру арқылы
компанияны басқаруға несие берушiлердi қатыстырмай-ақ қосымша ресурстарды
жинақтай алады. Бiрақ облигация банктiк несие сияқты болғандықтан оны
шығаруға несиелiк қабiлеттiлiгi бар компаниялар ғана мүмкiндiк алады.
Опцион – белгiлi бiр уақыт iшiнде бiр жақтың басқа жақтан алдын-ала
келiсiлген баға бойынша бағалы активтi алдын-ала төлеу арқылы атып алуға
(сатуға) құқық беретiн (мiндеттемейдi) шарт. Мерзiмдi мәмле ретiнде опцион
контрагенттерге жасалынған шартты орындауға, не орындамауға құқық бередi.
Бұл шартты мәмле деп атайды.
Фьючерс – мәмле жасалынған кезде белгiленген баға бойынша белгiлi бiр
уақыт өткеннен кейiн биржалық активтердi сату- сатып алудың биржалық
стандартты шарты. Фьючерстiк шарт мәмле жасалумен аяқталғанмен, нақты тауар
жеткiзiлмеуi мүмкiн. Екiншi жағдайда мәмлеге қатысушылардың бiр жағы екiншi
жаққа төлем жасау кезiнде шартта көрсетiлген баға мен биржалық баға
арасындағы айырманы төлеудi қарастырады. Сондықтан фьючерс нарығында
сатылуы тиiс тауардың болуы мiндеттi емес. Әлемдiк тәжiрибеде фьючерстiк
шарттардың 2-5% ғана нақты тауарды жеткiзумен аяқталады.
Фьючерстiк шарт негiзiнен хеджирлеу мақсатында жасалады, яғни бағалық
тәуекел мен алыпсатарлықтан сақтану.
Фьючерстiк шарттық биржа мүшесi болып табылатын брокерлiк компанияның
аралық iс-әрекетiмен жасауға болады. Ашық сауда кезiнде қатысушы кепiлдiк
жарна төлеуi тиiс. Ол алғашқы немесе депозиттiк маржа деп аталады. Маржа
мөлшерi бойынша шарт сомасының 2-10% құрауы тиiс.
Орындалуы мiндеттi болғандықтан бұл мәміле қатаң мәміле деп аталады.
Бұл екi құрал мерзiмдi нарықтың туынды қаржылық құралы болып табылады.
Негiзiнен алдағы кезеңдердегi белгiсiздiктер мен тәуекелден сақтануға,
кәсiпкерлердiң жоспарын үйлестiрiп отыруға, күтпеген шығындарды азайтуға
мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк бағалы қағаздар – үкiметтiң қарыздық мiндеттемесi. Олар
шығарылу күнi, өтелу мерзiмi, пайыз қойылымының мөлшерi бойынша
ажыратылады. Басқаша айтқанда, бұл ақша эмиссиясының альтернативасы,
мемлекет бюджетiнiң дефицитiн жабудың инфляциялық емес механизмiнiң құралы.
ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздары 3 негiзгi топтарға бөлiнедi:
- Еврооблигациялар
- Қаржы министргiнiң iшкi облигациялары
- Ұлттық банктiң ноталары
Қаржы министрлiгiнң шығаратын бағалы қағаздарының түрлерi №3 кестеде
көрсетiлген [қосымшаны қараңыз].
Табыстылығы жоғары болған сайын, тәуекелi де жоғары, кепiлдiгi жоғары
болған сайын, тәуекелi де төмен деген принципке сай тәуекел деңгейi бойынша
бағалы қағаздар түрлерiнiң орналасу деңгейлерi “ суретте берлген.
Тәуекел
Туынды
қағаздар
Акциялар
Компания
Мемлекеттік облигациялары
бағалы қағаздар
табыстылық
1-сурет. Бағалы қағаздар түрлерінің табыстылық және тәуекел деңгейі.
Экономикалық табиғатты бойынша қор құндылықтарының жеке инвесторлар
арасында таралумен шектелетiн түрлерi болады. Кейбiр бағалы қағаздар тек
халықтың сатып алуы үшiн ғана арналған. Ал жекелеген бағалы қағаз түрлерi
халыққа да, институционалдық инвесторларға өткiзу мақсатымен шығарылады.
Олардың қатарына жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларын, корпоративтi
және мемлекеттiк облигациялардың түрлерiн жатқызуға болады.
1.2 Бағалы қағаздар нарығының маңызы
Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және өсiмқорлық
операциялардың дамуымен байланысты. Осы екi iс-әрекет алғашқы бағалы қағаз
– вексель мен коносаменттiң өмiрге келуiне түрткi болды. Бағалы қағаздар
рыногының одан әрi дамуы АҚ пайда болуы мен мемлекеттiң эмиссиялық iс-
әрекетiмен жалғасты.
Нарықтық экономикада кез-келген нарықтың қатысушылары бар екенi
белгiлi. Олардың шеберлiгi мен өзара тиiмдi қатынастарының нәтижесi ғана
сол нарықтың өркендеп дамуына жол ашады. БҚР-ң да қатысушыларының да бағалы
қағаздардысату-сатып алу немесе олардың айналысын қамтамасыз ету бойынша
әрекеттерi мен өзара экономикалық қатынастарға түсуiнiң маңызы зор.
БҚН қатысушыларының қызмет етуi бойынша негiзгi топтары келесiдей: (2
сурет) .
1.эмитенттер
2.инвесторлар
3.қор делдалдары
4.БҚН-на қызмет ететiн ұйымдар
5.мемлекеттiк реттеу және бақылау органдары
2-сызба. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары.
1. Эмитент – бағалы қағаздарды шығаратын және ол бойынша мiндеттеменi
өтейтiн заңды, жеке тұлғалар мен мемлекеттiк органдар.
БҚН-на шығарылатын тауар бағалы қағаздың инвестициялық сапасы
эмитенттiң мәртебесiмен анықталады.Эмитент БҚН-на тауарды ұсыну арқылы
инвесторлар алдында бағалы қағазда куәландырылған құқықтар бойынша жауап
бередi. Сонымен бiрге эмитент өзiнiң бағалы қағаздарын өзi сату-сатып алу
операцияларын жүргiзуi мүмкiн немесе қор делдалдарына тапсыруы мүмкiн.
Эмитенттердiң iшiнде мемлекет басты рөл атқарады. Оның бағалы қағазының
тәуекелi нольге тең деп саналады. Өйткенi банк, акционерлiк қоғам банкротқа
ұшырауы әбден мүмкiн, ал мемлекет ондай күйдi басынан кешпейдi.
Инвестициялық талдау теориясы бойынша тәуекелi төмен бағалы қағаздардың
табыстылығы төмен болады.
Өндiрiстiк секторға жататын АҚ жекешелендiру және жаңадан құрылу
нәтижесiнде пайда болды. Олардың акциялары бойынша табыстылық жоғары,
тәуекел де жоғары, әрине бұл АҚ-ң перспективтi әрi табысты қызметiнiң
нәтижесi арқылы жүзеге асады.
Корпоративтi бағалы қағаздардың эмитенттерi арасында бактер жетекшi
орын алады. Дағдарыс кезiнде де банктердiң пайдалы iс-әрекеттерi мен
экономиканың өсуi жағдайында БҚН-ғы оның қызметi елеулi. Олардың рейтингi
де шығаратын бағалы қағазының кепiлi болып табылады.
Жеке кәсiпорындар тек қарыздық мiндеттемелер – облигация мен вексельдер
ғана шығарады. Облигация шығару олардың бiрiгуiн қажет етедi.
2. Инвестор – болашақта табыс алу мақсатында бағалы қағазды өз атынан
және өз есебiнен сатып алатын заңды және жеке тұлға [18257б].
Инвесторды қызықтыратын жағдайлар:
- Салымның қауiпсiздiгi;
- Салымның табыстылығы;
- Салымның өсiмi;
- Салымның өтiмдiлiгi;
Инвесторлар қоғамдағы мәртебесiне орай: жеке, институтционалды,
нарықтың кәсiби инвесторларына бөлiнедi.
4- сызба. Инвесторлар құрамы .
Егер БҚН-да негiзгi эмитент мемлекет болса, ал қор нарығының
жағдайын анықтайтын жеке инвесторлар - қосымша табыс алу үшiн өз жинақтарын
бағалы қағаздарға салған халық.
Мүмкiншiлiктерi шектеулi болғандықтан жеке инвесторлар тәекелге көп
бармайды.
Институционалды инвесторлар – негiзгi қызметi БҚР-мен тiкелей
байланысты емес, делдал ретiнде БҚН-да кәсiби қызмет атқаруға құқығы жоқ,өз
атынан ,өз есебiнен бағалы қағаздарды сатып алатын
кәсiпорындар,корпорациялар.
БҚН-ң кәсiби қатысушылары, яғни осы нарықта әртүрлi қызмет атқаратын
брокерлер, делдалдар мен компаниялар, бағалы қағазды басқару бойынша
компаниялар инвестор бола алады.
Корпоративтi инвесторлар бiр жағынан – қаржы ресурстарын тарту
мақсатында бағалы қағаз шығарса, екiншiден - өзiнiң қаражатын
инвестициялау үшiн БҚН- на араласады. Яғни бұл табыс алудың мол
мүмкiншiлiктерiне жол ашады.
Сонымен қатар маманданған инвестициялық институттар - инвестициялық
компаниялар, қорлар мен зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары да табыс
алу мақсатында жинақтау мен орналастырумен айналысады. Қаржы нарығының
инфра- құрылымының элементi ретiнде инвестор мәртебесiне ие.
3. БҚН-ның кәсiби қатысушылары. Оларға – брокер, диллер жатады.
Сонымен бiрге оларды қаржылық делдалдар деп те атайды. Олар
арқылы инвестордан эмитентке бос ақша қаражаттары қайта бөлiнедi.
Қор нарығының модельдерiне байланысты (банктiк, банктiк емес,
аралас моделдер бар).
БҚН-да банктiк емес компаниялар (АҚШ), банктер (Германия) немесе
аралас –банктiк және банктiк емес ұйымдар (Жапония) әрекет етедi. Банктiк
немесе банктiк емес модельге тәуелсiз коммерциялық банктер қаржы делдалы
мен инвестор ретiнде белсендi қатысушы болып табылады. Кәсiби ерекше
қатысушы ретiнде инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар қор
нарығының механизмiнiң “кiлтiн” ұстаушылар болып табылады.
БҚН-ң кәсiби қатысушыларының басқа тұлғалардан ерекшiлiгi сол – олар
БҚН-да опеацияларды жүргiзуге құқылы. Егер кәсiпорын осындай операцияларды
жүзеге асырғысы келсе, онда сәйкесiнше лицензия алуы қажет.
Кәсiби қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес мемлекет өзiнiң
реттеушi қызметiнiң бiр бөлiгiн бередi. Талаптардың мақсатына сай қор
нарығында тек жақсы реттелетiн қаржы институттары жұмыс iстеуi тиiс. Олар
рынокта тұрақтылықты қамтамасыз етiп, кәсiби шеберлiк көрсету негiзiнде
көпшiлiктiң сенiмiн ақтауы қажет. Қаржы рыногындағы кез-келген терiс
салдардың қоғамдық бағасы өлшеусiз. Сондықтан да нарыққа алып – сатарлық,
шағын, шеберлiгi төмен қатысушылардың енуiне тосқауыл қою осы субъектiлерге
жүктелiнген.Жақсы реттеу арқылы тәуекелдi шектеу – бұл кез-келген дамыған
нарықтың негiзi, қаржылық тұрақсыздық пен биржалық сiлкiнiстермен күресудiң
көп жылдар юойы қалыптасқан ережесi.
БҚН кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар:
- бағалы қағаздар мен операциялар бойынша бiлiктiлiк аттестаты бар,
өз қызметi бойынша мiндеттi аттестациялаудан өтетiн мамандардың
болуы.
- Қажеттi ең төменгi бекiтiлген меншiк капиталының ьолуы.
- Операциялардың есебi мен есеп беру жүйесi дәл және нақты болуы
керек.
- Ұйым БҚН реттейтiн мемлекеттiк органда тiркеуге тұруы тиiс және
сәйкес қызмет түрлерiн жүргiзу үшiн лицензия алуы қажет.
- Брокерлiк қызмет - комиссия келiсiм шарты немесе тапсыруы
негiзiнде клиенттiң тапсырмасы мен есеп шотын пайдалану арқылы
бағалы қағазды сату –сатып алу қызметi. Оларды қаржылық брокер
жүзеге асырады және ол заңды тұлға болып табылады.
- Диллерлiк қызмет –сату-сатып алу мәмлелерiн өз атынан , өз есеп
шотынан жүргiзетiн, бағалы қағаздардың жария етiлген сату-сатып
алу бағалары бойынша сату –сатып алуды өз мiндетiне алатын iс-
әрекет. Бұл iс-әрекеттi негiзiнен инвестициялық компаниялар
атқарады.
- Депозитарлық қызмет – бағалы қағаздарды сақтау және бағалы
қағаздарға құқықтарды есепке алу. Оны жүзеге асыратын орындар -
арнайы маманданған депозитарий, есептiк-депозитарлық ұйымдар,
инвестициялық қордың депозиттары.
- Акционерлердiң тiзiлмiн сақтау мен жүргiзу қызметi – акционердiң
тiзiлiмiн ұстаушылардың қызметi. Жүзеге асырушы – арнайы
маманданған тiзiлiмдер.
- Бағалы қағаздар бойынша есептiк-клирингтiк қызмет – қатысушылардың
бағалы қағаздармен жасаған операциялары бойынша бағалы қағазды
жеткiзу (аудару) үшiн екi жақтың мiндеттемелерiн анықтау. Бұл
қызметтi есептiк-депозитарлық ұйымдар, клирнгтiк палаталар,
банктер мен несиелiк мекемелер атқарады.
- Ақша қаражаты бойынша есептiк-клирингтiк қызмет – бағалы
қағаздармен жасалатын операциялармен байланысты ақша қаражаттарын
жеткiзу (аудару) бойынша екi жақтың мiндеттемелерiн анықтау
қызметi. Жүзеге асырушылар – есептiк-депозитарлық ұйымдар,
клирингтiк палаталар, банктер мен несиелiк мекемелер.
- Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастыру қызметi – БҚН кәсiби
қатысушылары арасында бағалы қағаздармен байланысты мәмлелер
жасауға жағдай жасайтын қызмет көрсету. Оған қор биржалары, тауар
және валюта биржаларының қор бөлiмшелерi, биржадан тыс сауда
жүйесi жатады.
4. Мемлекет заң актiлерiн қабылдау мен мемлекеттiк реттеу органдарын
құра отырып, қор нарығының тиiмдi қызмет етуiн қолдау және олардың
қатысушыларының құқықтарын қорғау мақсатында оны құқықтық реттеу
жағдайларын анықтайды.
Мемлекет бiр жағынан – эмитент – мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелердi
шығарушы болып саналса, екiншiден – қор нарығының қатысушыларының iс-
әрекеттерiне бақылау жасап, өкiлеттi органдары арқылы реттеудi жүзеге
асырушы.
5. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар қор нарығының қатысушыларының iс-
әрекеттерiн, жүрiс-тұрыс стандарттарын, операциялар бойынша
стандарттардың минималды мөлшерiн бекiтедi. Ережелердiң дұрыс әрi
әдiлеттi орындалуын бекiтiп, сақталуын қадағалайтын коммерциялық
емес ұйымдар.
Қор нарығында қалыптасатын пайда мөлшерiн арттыру осы нарықтың
қатысушыларының iс-әрекетiмен тiкелей байланысты.
II. Бөлім.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
қалыптасуы, дамуы және оны реттеу мәселелерi
2.1 Бағалы қағаздарды шығару және оларды бастапқы нарықта
орналастыруды ұйымдастыру.
Бағалы қағаздар қандай-да бір мүліктік құқықтық қатынастың бар екенін
көрсете отырып,әртүрлі азаматтық құқықтық мәмлелердің обьектісі бола
алады.Құжаттармен жасалатын мәмлелердің өзі азаматтық құқықтық қатынастың
обьектісі ретіндегі жылжымалы заттардың тәртібін реттейтін нормалардың
негізінде жүзеге асырылады
ҚР-да қазіргі кезде бағалы қағаздардың бірнеше түрлері айналысқа
шыққан,олардың ішінде акциялар,облигациялар,мемлекеттік қазыналық
міндеттемелер,қазыналық вексельдер және т.б. Бағалы қағаздардың осы
түрлерінің айналысқа түсетін аясы бағалы қағаздар нарығы болып
табылады.Бағалы қағаздар бұл аяға оның эмиссиясының нәтижесінде түседі және
айналыста оны өтегенге дейін немесе міндеттемені орындағанға дейін
жүреді.Осы міндеттеменің іске асырылу кезінде бағалы қағаздар еркін
айналста болады және әртүрлі азаматтық құқықтық мәмлелердің обьектісі де
бола алады.
Осы мәмлелердің субьектілері бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
болып табылатын жеке және заңды тұлғалар.Бағалы қағаздар нарығы
қатысушыларының арасында ерекше орынды ҚР-ң заңдарымен белгіленген
талаптарға жауап беретін және тиісті лицензия(рұқсат) алған кәсіпқой
қатысушылар алады.Кәсіпқой қатысушылардан басқа тағы да бағалы қағаздар
нарығының қатысушыларының бірі-ол бағалы қағаздарды айналысқа шығаратын
тұлғалар,яғни эмитент және бағалы қағазға өзінің ақша қаражаттарын салған
тұлға, яғни инвестор.Өзінің басқару органдары арқылы эмитентте,инвестор
да,кәсіпқой қатысушы да бола алатын мемлекет те ерекшк орында тұрады.Сол
сияқты мемлекет жалпы ҚР-да бағалы қағаздар нарығының болуына тікелей әсер
ететін субьект болып табылады.Мемлекет қана бағалы қағаздардың
түрлерін,оларды айналысқа шығарудың шарттары мен тәртібін заңмен бекітеді,
бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қызметтің түрлерін белгілейді және оған
рұқсат береді,бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын анықтайды және т.б.
қызметтерді жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар нарығының өзі осы мүліктік құжаттың айналыс аясы
ретінде жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін.Сол сияқты ол әртүрлі топтастырылуы
мүмкін,оның ішінде бағалы қағаздардың экономикалық табиғаты; кірістерді
төлеу тәртібі; тәуекелдің мөлшері; уақытша ақша қаражаттарын тарту
ұзақтығы; эмитенттер; бағалы қағаздар айналысқа түсетін территория; бағалы
қағаздардың бастапқы және кейінгі айналыстарымен байланысы(9,5бет).Әрине
бағалы қағаздарды бұлай жіктеудің өзінің нақты ерекшелігі бар,бірақ
құқықтық реттеу тарапынан бағалы қағаздарды бастапқы және қайталама
нарықтарға бөлу ғана үлкен маңызға ие болады.Қарастырайық деп отырған
тарауымыз да осы топтамаға арналған.
Осылайша, бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздармен әртүрлі операциялар
жасау мүмкіндігін береді.Бірақ мәмлелердің тізбегінде бағалы қағаздар пайда
болып,олардың айналысқа түсе алатын алғашқысы ғана орын алады. Мұндай мәмле
бағалы қағаздардың эмиссиясы,оларды айналымға шығару және оны ең алғашқы
сатып алушыға сату болып табылады.
Бағалы қааздарды айналымға шығару-эмитенттің өз атынан бағалы
қағаздарды айналымға шығару шартынан туындайтын міндеттемелерді алуға
келіскен заңды тұлғалардың немесе олардың агенттерінің бағалы
қағаздардыолардың алғашқы иелеріне –жеке және заңды тұлғаларға сатуы.
Эмиссия мына жағдайларда жүзеге асырылады:
• акционерлік қоғам құрғанда және акцияларды оның құрылтайшылары арасында
орналастырғанда;
• акция шығару жолымен акционерлік қоғамның алғашқы жарғылық капиталының
көлемін ұлғайтқанда;
• облигациялармен өзге де борыштық міндеттемелер басып шығару жолымен заңды
тұлғалардың заем капиталын ұйымдастырғанда.
Өкілетті орган бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегеннен кейін акцияларға
ұлттық идентификациялық номер және мөр басылған эмиссия проспектісін,содай-
ақ мемлекеттік тіркеу актісін куәландыратын хат береді Мемлекеттік
тіркеуден өткеннен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz