Жарнамалық шығындарға аудит жүргізудің негізгі кезеңдері мен әдістемесі


Жарнамалық шығындарға аудит жүргізудің негізгі кезеңдері мен әдістемесі
Аудиторлық тексеріс жарнамалық жұмыс немесе қызметтердің орындалудеректерін растайтын барлық бастапқы құжаттардан басталуы керек.
Салық заңнамасымен құжатты расталған шығындар астарынан Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес ресімделген, құжаттармен расталған шығындар түсіндіріледі.
Бухгалтерлік заңнамаға сәйкес ұйым өткізген барлық шаруашылық операциялары растаушы құжаттармен ресімделуі тиіс. Бұл құжаттар бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын бастапқы есеп құжаттары қызметін атқарады. Бастапқы есептік құжаттар егер бастапқы есеп құжаттарының тұрпатты формасы альбомына жататын форма бойынша жасақталған болса ғана, есепке қабылданады (Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу бойынша ереженің 12 және 13 тармақтары) . Бастапқы есеп құжаттамаларының тұрпатты формалары альбомында көрсетілген бланкі форматтары ұсынылған болып табылады және өзгертіле алады. Жарнама шығындарын қарапайым іс-әрекеттер түрі бойынша шығындар ретінде тану үшін жарнамалық жұмыс немесе қызметтерді орындау деректерін растайтын бастапқы құжаттар болу керек. Олар төмендегіше бола алады:
- жарнамалық қызмет көрсету туралы шарт;
- жарнамалық қызмет бағаларын келісу хаттамасы;
- белгіленген тәртіпте ресімделген сыртқы жарнама құралдарын және ақпараттарды орнату құқығын беретін құжаттама (сыртқы жарнама орнату құқығы туралы куәлік, жарнамалық орын паспорты, бекітілген дизайн-жоба) ;
- жарнама таратушы мен жарнама беруші қол қойған орындалған жұмысты (көрсетілген қызмет) тапсыру-қабылдау акті;
- ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген алынған және ұсынылған шот-фактураларды, қосымша құн салығы бойынша есептеуде сатып алу және сату кітаптарын есепке алу журналын жүргізу ережесінің талаптарына сай ресімделген жарнамалық қызметті орындаушы ұсынған шот-фактура;
- жарнамалық қызметтерге төлем төлеуді растайтын құжаттар (төлем, кіріс ордерінің қиындысы) ;
- талап-жөнелтпе құжат (ф. М -11) және материалдарды сыртқа шығару жөнелтпе құжаты (ф. М-15) ;
- материалдардың орнын ауыстыруды реттейтін заборлы карта форма N М-8)
- ішкі орын ауыстыру және тауарларды беруге унифицияланған форма және жөнелтпе құжат (унифицияланған форма N ТОРГ-13) ;
- есептік-төлемдік ведомость (унифицияланған форма N Т-49) ;
- жарнамалық мақсатта тауарларды (дайын өнімдер) есептен шығару туралы акті;
- тауарлардың бағасын түсіру жөніндегі акті;
- қосымша құн салығы бойынша декларация;
- бухгалтерлік есептік анықтамалар және басқа да құжаттар.
Сондай-ақ жарнамалық хабарландырулар жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында басылған экземплярларды, жарнама жазылған аудио-, бейне кассеттер, радио немесе теледидар бойынша жіберілген жарнамалық хабарлардың күні, уақыты, ұзақтығы көрсетілген эфирлік анықтамаларды және жарнамалардың нақты таратылғаны жөнінде басқа да куәліктер тексерілуі тиіс. Өйткені «Жарнама туралы» Заңның 21 бабына сәйкес, жарнама беруші, жарнама өндіруші және жарнама таратушылар жарнамалық мазмұндағы материалдарды немесе олардың көшірмелерін, жыл бойында және соңғы таратылуға дейін енгізілген өзгертулерін қоса сақтаулары керек.
Жарнама шығындарына аудиторлық тексеру жүргізудің басты міндеттерінің бірі табысқа салық салу мақсатында жарнама шығындарының нормаланған көлемін есептеудің дұрыстығын тексеру болып табылады. Бұл бухгалтерлік заңнамада жарнама және жарнамалық қызметке анықтамалар жоқтығынан қиынға соқтырады. Бухгалтерлік есепте жарнама шығындары өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнында жүргізілген шығындардың толық сомасымен есеке алынады, сол сияқты салықтық заңнамаларда да жарнама анықтамасы жоқ, алайда салық салу мақсатында қабылданатын кейбір түрлері белгіленген.
2002 жылға дейін табысқа салық салу мақсатында жарнамалық шығындар нормаланды. Норматив көлемі ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен белгіленді және өнімді сатудан түсетін пайда көлеміне байланысты болып, қосымша құн салығы да қосылды.
Барлық жарнамалық шығындарды екі түрге бөліп қараған жөн:
- салық салуда толық көлемде есептелетін шығындар;
- салық салуда табыстың 1 пайызы шегінде есептелетін шығындар.
Ұйымның нормаланбаған жарнама шығындарына мыналар жатады:
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (баспадан шығарылған хабарландырулар, радио және теледидар арқылы хабарлар беру) және телекоммуникациялық желілер (интернет желісі) таратылған жарнамалық шаралар шығындары;
- жарықтық және басқа да сыртқы жарнамалар шығындары, жарнамалық қабырғалар мен жарнамалық қалқандар дайындауға кеткен шығындар;
- көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, сөрелерді, сату-көрмелерін, үлгілер бөлмесі мен көрсету залдарын безендіру, ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтер туралы ақпараттардан тұратын брошюралар мен каталогтарды дайындауға, көрмеге шығарғанда өздерінің бастапқы сапаларын толықтай немесе жартылай жоғалтқан тауарлардың бағасын түсіруге кеткен шығындар.
Нормаланбайтын шығындар тізімдемесі құпия (жабық) болады. Осы тізімдемеге кірмейтін басқа жарнама шығындары, сондай-ақ жалпы жарнама кампаниясын өткізу барысында жеңімпаздарға берілетін сыйлықтар сатып алу (дайындау) шығындары, салық салуды жеңілдету мақсатында нормаланады. Бұл шығындар нормасын салық салу кезінде түсімнің 1 пайызы көлемінде есепке алуға болады. Сонымен қатар түсім сомасына ҚҚС мен сатуға салынатын салық қосылмайды. Жарнамаға жұмсалатын нормативті шығындар, пайда сияқты, жыл басынан бастап көбейтілетін нәтижемен есептеледі. Осы аталған тізімдемеге сәйкес, нормаланатын (басқа да шығындар) жарнама шығындары қатарына плакаттар, афишалар, жарнамалық хаттар, ашық хаттар, этикеткалар үлгілері (эскиздері), түпнұсқалық және фирмалық пакеттер үлгілерін тікелей клиентке ұсыну немесе пошта арқылы жіберу жобалау, шығару мен тарату шығындары жатады.
Жарнама туралы Заңда көрсетілген анықтамаға сай келетін жарнамалық қызметтің өзге түрлері, салық салу тиімділігін арттыру мақсатында жарнаманың басқа түрлері топтамасына жатқызылады. Мысалы, егер жеке тұлға ұйыммен келісіген келісім шарт негізінде телефондық байланыс арқылы жеке тұлғаларға немесе көтерме саудамен айналысатын фирмаларға кәсіпорын мен оның өндіретін өнімі туралы ақпарат беру қызметімен айналысатын болса, онда бұл қызмет түрін жарнаманы тарату ретінде қарастырған жөн. Дегенмен де визит карточкелері, сатып алушыларға берілетін дисконт карталары, үнпарақтардағы мамандарды жұмысқа шақыру туралы хабарландырулар, маңдайшадағы жазулар жарнама деп саналмайды, өйткені оларда фирма ұсынатын тауарлар немесе қызмет түрлері туралы ақпарат көрсетілмейді, және тек шектеулі тұлғалар топтарына арналған, ал жарнама - бұл көпшілікке арналады. Салық Кодексіне сәйкес салық салу объектісі болып:
- ұйым немесе жеке кәсіпкер сатып алған жарнама қызметін (жұмысын) жарнама берушінің экономикалық қызметінің мүддесін көздейтін коммерциялық мақсаттағы жарнама қызметін (жұмысын), тауар (жұмыс, қызмет) және (немесе) осы жарнамалық қызметті (жұмысты) сатып алушы туралы ақпараттарды дайындау және тарату ;
- жарнама берушінің, жарнама өндірушіні тарта отырып, өз бетімен дайындаған жарнама қызметі.
Дегенмен де ақпарат тарату дегеніміз оның, яғни бұқаралық ақпарат көздері, каталогтар, прейскуранттар, анықтамалар, парақшалар, афишалар, плакаттар, жарнама қалқаншалары, күнтізбелер, сәулелік үнпарақ (жүгірме жол немесе сәулелік тіркелген жол) немесе өзге де жарнама тасымалдаушыларының көмегімен ақпараттардың қозғалысы (ақпараттық әсер ету) арқылы ақпараттардың таралуы.
Ақпарат тарату деп кей жағдайларда, хабарландырулар, ескертулер немесе хабарламалар тарату да айтылады.
Салық төлеуші салық базасын өзіне көрсеткен жарнама қызметі (жұмысы) құнына немесе осы тауар (жұмыс, қызмет) жарнамасымен байланысты қызметті (жұмысты) өзі дайындаған жағдайда жұмсалған шығындар көлемін есептеу арықлы анықтайды.
Жарнама қызметі үшін төленетін салық сомасы салық төлеушіге қолданыстағы баға мен қосылған құн салығын есептемегендегі тарифтік мөлшерлемесімен есептелген жарнама қызметі (жұмысы) құнымен есептеледі.
Тауар (жұмыс, қызмет) жарнамасымен байланысты жұмыстарды өз бетімен орындаған кезде, салық базасы нақты келтірілген тікелей (есепті кезеңде жарнама беруші жұмсаған материалды шығындар, еңбек ақы төлеу шығындары, негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары) және жанама шығындарға байланысты есептеледі. Сонымен бірге жарнамаға салынатын салықты есептеу үшін жарнама қызметі құнына қосуға жататын жанама шығындар үлесі жарнамаға жұмсалатын тікелей шығындардың есебі жарнама берушінің жарнама беру үшін нақты жұмсаған шығындары сомасының есепті кезеңдегі (тоқсанда) есептелген жалпы тікелей шығындар сомасына пайыздық қатынасы арқылы анықталады.
Жарнама қызметі үшін жұмсалатын шығындар арнайы құжаттармен (шот-фактуралармен, жұмысты немесе қызметті тапсыру-қабылдап алу актілерімен, эфир анықтамаларымен және тағы басқалары - осы құжаттардың толық тізімдемесі «Алғашқы есеп құжаттарын тексеру») куәландырылуы тиіс. Аудителуге тиісті фирма салық салу есебі кезінде өткізуден түсетін түсімді есепке алса, онда осы құжаттар рәсімделген кезеңде жарнама шығындары пайданы азайтатыны есте ұстаған жөн. Егер фирма табыс пен шығыс есебін кассалық әдіс арқылы анықтайтын болса, онда жарнама шығындары тек оларды төлегеннен кейін ғана есептеледі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жарнамаға жұмсалатын шығындар нормасы салық салу кезінде түсімнің 1 пайызы есебінде алынады. Бұрынғы жүргізілген салық салу тәртібіне қарағанда түсім сомасына ҚҚС мен сатуға салынатын салық қосылмайды. Сондықтан жарнама шығындарын сауда ұйымдары өздері белгілейді, бақылап отырады. Жұмсалатын шығындар нормасын дұрыс есептеу үшін олар тауарларды өткізуден түскен түсімді (ҚҚС мен сатуға салынатын салық ты қоспағанда) есепке алуы керек. Салық салу кезінде есепке алынатын жарнама шығындары пайдаға салынатын салық декларациясын тапсырған кезде 020 жолақта көрсетлуі керек. Декларация толтыру кезінде белгіленген нормадан тыс шығындар сомасы көрсетіліп кетпеуіне баса назар аударған жөн.
Жарнама салығы, соның ішінде нормадан тыс шығындар сомасын қоса есептегенде, фирманың салық салынатын пайда сомасын азайтады.
Салық салынатын пайда сомасын азайтпайтын, жарнама шығындарының ҚҚС сомасы салықтық шегерім сомасына қосылмайды да, басқа да шығындармен бірге есептеледі. Бұл жерде тек сыйлық сатып алуға жұмсалған шығындарға ғана бұл тәртіп қолданылмайды. Оның мәнісі мынада, қайтарымсыз түрде берілген мүлікке (мысалы, сыйлық) ҚҚС салынады. Сондықтан осы мүлікті сатып алу кезінде төленген салық сомасы, қалыпты жағдайда, салықтық шегерімге жатқызылады.
Аудиторлық фирма «Эталон» ЖК тексеріп жатыр.
2008 жылдың 1 тоқсанында «Эталон» ЖК аудиторлық тексеру жүргізілген.
Алғашқы есеп құжаттарын есепке ала отырып, аудиторлар ұйымның шығындары құрамы мынадай деп бекітті:
- телевизиялық жарнама шығындары - 3 теңге (оның ішінде ҚҚС салығы 13%) ;
- жарнама қалқаншасын қондыру - 6 теңге. (оның ішінде ҚҚС -13%) ;
- каталогтар, брошюралар мен альбомдар тарату (жарнаманың өзге түрлері) - 9 теңге. (оның ішінде ҚҚС -13% ) .
1 тоқсанда ұйымның тауар өткізуден түскен түсімі 6 000 000 теңге. (оның ішінде ҚҚС -13%) .
Құрылыс жұмыстарының өзіндік құны - 2 000 000 теңге. «Эталон» ЖК жұмыс жасайтын аймақта жарнама салығы 5 пайыздық мөлшерлемемен ұсталады. Салық салу мақсатында ұйымда түсімді есептеу әдісі қолданылады.
Тележарнама мен қалқан қондыру шығындары пайдаға салынатын салықты есептегенде толық көлемде, жарнаманың өзге түрлерінің шығындары тек 25 теңге сомасында есептеледі.
Мөлшерден тыс жарнама шығындарының сомасы:
9 теңге - 15 теңге - 25 теңге. = 500 000 теңге
Бұл сома «Эталон» ЖК 1 тоқсандағы пайдаға салынатын салық салынатын сомасын кемітпейді.
«Эталон» ЖК есепшісі мынадай жазба жазғандығын міндетті түрде қарау керек:
Дебет 7210 «Әкімшілік шығындар», Кредит 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырсу» - 250 000 теңге мұнда телевизиялық жарнама шығындары көрсетілген;
Дебет 1420 Кредит 4110 - 50 000 теңге - телевизиялық жарнама шығындарының ҚҚС салығы есепке алынған;
Дебет 7210 субшот "норма шегіндегі жарнама шығындары" Кредит 4110- 50 000 тенге (60 000 - 1) - жарнамалық қалқан орнату шығындары көрсетілген;
Дебет 1420 Кредит 4110 - 1 теңге - жарнамалық қалқан орнату шығындарының ҚҚС көрсетілген;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz