Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
1.1 Бағалы қағаздар туралы түсінік. Мәні және қызметі ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Бағалы қағаздарды шығару механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3. Бағалы қағаздардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

ІІ Облигациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
1.1 Бағалы қағаздар туралы түсінік. Мәні және
қызметі ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Бағалы қағаздарды шығару
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5
1.3. Бағалы қағаздардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7

ІІ
Облигациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары;
шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі;
олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық
топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы жылдарда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының
нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір
кезеңдерінің өзгерістері.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты
жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық
экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы
мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы
тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық
жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және
оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда.
Осы курыстық жұмысымның бірінші бөлімінде – жалған капитал, акционерлік
қоғамдар және мұнда жалған капиталдың мәні, акционерлік қоғам, бағалы
қағаздардың - қарыз міндеттемесі және бағалы қағаздардың жіктелуі
қарастырылған.
Екінші бөлім – бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бұл
бөлімде акциялар, облигациялар, вексельдер және бағалы қағаздардың басқа да
түрлері қарастырылып отыр.

І. Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
1.1 Бағалы қағаздар туралы түсінік. Мәні және қызметі

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарларымен
өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік
белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни, олар бойынша табыс алу құқы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болды. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл
тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады.
Бағалы қағаздар көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы,
өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін
көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары
болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады
(керісінше болуы да мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы
бағалы қағаздардың жалған капитал екенін көрсетеді.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаздық белгісі, яғни, өндірістік
капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда,несие капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды
құндылықтардың орнына жүретін символ болғандықтан, оны қордың
құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығы капитал
нарығының, яғни ақша мен басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін
көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы негізі екі бөлікке бөлінетін көптеген
қызметтерді атқарады.
Жалпы нарықтық қызметке мыналар қатысты:
- коммерциялық қызмет (берілген нарықтағы операциялардан табыс алу
қызметі)
- бағалық қызмет (нарықтық бағаның қосылу процессін және оның тұрақты
қозғалысын, т.б. қамтамасыз ететін қызмет)
- ақпараттық қызмет (нарық сауданың қатысушыларынасауда обьектісі
туралы нарықтық информацияны жеткізеді).
- реттеуші қызмет (нарық сауданың ережесін қалыптастырады).
Спецификалық қызметке мыналар жатады:
- қайта бөлу қызметі
- бағалық және қаржылық тәуекелділіктен сақтандыру қызметі
(хеджирование). Хеджирование туынды бағалы қағаздардың пайда
болуымен жүзеге асты. Оған фьючерстер және опционды контракттер
жатады.
Бағалы қағаздар нарығы нарықтың экономикада күтпеген кездейсоқ
болған процесстердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау
кезінде оның капиталға, мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған
уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың мұндай айналыс механизмін
былай түсіндіруге болады: мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне
сұраныс өссе, онда соған сәйкес баға да өседі. Демек, оларды өндіруден
пайда да өседі , сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың
экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған
салаларға құйылады. Бағалы қағаз осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін
құрал. Ол уақытша бос капиталды сатып алу, сату арқылы тиімді өндіріске
бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен
қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық
өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика
қалыптасады ол қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық
экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі мемлекеттік жоспарлау
комитеті басқарған орталықтанған жоспарлы экономика 70 жыл бойы (1921-
1991) қоғамның залалсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық
қатынастарды дамыту – қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетін
ақиқат шындық.
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға
байланысты. Олардың бастылары – негізгі қорды құру және ескі қорларды
жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру болады. Бұл мұқтаждықтар нарығының
коньюктурасының өзгеруі белгілі –бір уақыт арасында болып тұрады.
Сондықтан, кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі уақытта, яғни нарық
коньюктурасының өзгеруіне қолайлы кезінде алғаны жөн. Себебі анктік несие
әрі қымбат, әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу
кезінде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен капитал
алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты қағаздарды шығаруға және
оларды тіркеуге екі жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа
қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу, сатуға және
есеп айырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде
элемент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие.
Бағалы қағаз нарығы – экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең
оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

1.2. Бағалы қағаздарды шығару механизмі

Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы
құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін:
не заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі, есепшотқа енгізілген жазу
түрі. Егер басқа адамға иемденуші бірлсе бағалы қағаздардың екінші түрі
бойынша ерекше бірлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін
құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар, нарықтық
және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар -
әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздарды
ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары
депозиттік (салым) облигациялар және с.с. жатады. Жинақ облигациялары
негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зеинетақы қорларының
облигяциялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та
жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған
облигациялар жатады. Ал депозиторлы облигациялар қысқа мерзімді, орта
мерзіді, ұзақ мерзімді болып үшке бөініп, тек жергілікті басқру органдарын
ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық
телеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздар (мысалы, АҚШ-та және кейбір
басқа елдерде тараған) басқа Мемлекеттердің Орталық банктерінде
орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы
кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды
кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.
Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтағы бағалы қағаздар деп
атайды. Бағалы қағаздар айнайналымы деп оларды сатып алу-сатуды және заң
жүзінде оларды иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды
шығарып, оны айналымға түсірушін эмитент деп атайды..
Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге
(инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және
заңды тұлғалаipға мүмкін):
Біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында
орналастырғанда;
Екіншіден, қоғамның алғашқы жарлық капиталының көлемін жаңадан акция
шығарып ұлғайтқанда;
Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың
немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы
міндеттемелерін шығару арқыпы қарыз капиталын пайдаланғанда.
Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құылтайшылар арасында
толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына
жазылуға болмайды.

Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды
алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып
алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын ала шығаруы
тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті.
Эмиссия проспектісінің бірінші бөлімнде эмитент туралы жалпы деректер,
яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық құқықтық формасы және эмиссия
проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні
керсетiлдi. Ал екінші бөлімыде инвестициялық мәләметтер жарияланып, онда
инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы
қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші бөлімінде
бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады.
Ал қорытынды бөлімдерінде бағалы қағаздарды сатып алу шарттары,
иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын баска да
хабарлар орын алады қорыта айтқанда, эмиссия проспекткінсін шығару
эмитентін сенімділгін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, алып келгенде,
бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

1.3. Бағалы қағаздардың жіктелуі

Қарыз міндеттемесінің анықтамасы бағалы қағаздар анықтамасымен тығыз
байланыста. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа
түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы
бағалы қағаздар сияқты нысаны (формасы) болмайды. Олардың көбісі келісім
құжатында 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы
тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және
маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз
инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін
кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен
айналым жеріне байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге
бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп,
ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу
көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды. Акция оны
иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге
шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың
басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың
эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы
институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне
байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
• Қазыналық немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығарған бағалы
қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның
төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл
бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық вексельдер мен
қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындары да
көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
• Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы
қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен
істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
• Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік
қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды
өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар
коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары,
зейнетақы қорлары шығарады.
• Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым
құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз
міндеттемелері.
• Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер,
фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да
жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал
нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы
қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл
аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік
сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды
шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатсада, олардың бәрі қарызды бағалы
қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар
түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың
эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар,
қаржы институттары және тағы басқалары.
Бағалы қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге яғни 1 жылға дейінгі
айналымда болса да капитал нарығында жүреді. Мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы – мемлекеттің қызметі
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Бағалы қағаздардың нарығының қызметі және оның маңызы
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі орны
Туынды бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бағалы қағаздар нарығы
Пәндер