Шетел инвесторларының қатысуы бар қатынастарды реттеудің ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА . . . 8
1. 1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы . . . 8
1. 2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама дамуының негізгі кезеңдері . . . 13
ІІ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ БАР ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 30
- Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу . . . 30
2. 2 Шет ел инвестицияларының ұлттық-құқықтық реттелуі . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 46
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы - территориясының көлемі 2, 7 млн. шаршы шақырым және үлкендігі бойынша әлемде тоғызыншы орында. Кеңес үкіметінің қазба байлықтарының 60 % -ын иемдене отырып 8, 7 триллион доллардан асып түсетін көмірдің, мұнай мен газдың мол қорынан, металдардан және минералдан пайда тауып қалуды көздейтін әлемнің көптеген мемлекеттері компанияларының назарын өзіне аударды.
Шығыс пен Батыс арасындағы сауданың тиімді жолы болып табылатын Ежелгі Ұлы Жібек жолының тынысында орналасқан Қазақстанның Азия жолбарыстары мен Шығыс Еуропа прогрессивті демократиялық елдерінің арасындағы нағыз интеграция орталығына айналмақ.
Осындай мүмкіндіктерге ие болғанына қарамастан, Қазақстан көптеген қиыншылықтарды басынан өткеруге мәжбүр болды. КСРО құлдырауы Қазақстанда орталықтандырылған бағдарлаушы жүйенің құлауына, инфляция деңгейінің өлшеусіз өсуіне және ескірген өндіруші құралдарды қаржыландыру деңгейінің төмендеуімен қоса Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясы мен әлсіз заңшығару базасына байланысты проблемаларға кезікті.
Алайда жоғарыда айтылған қиыншылықтарға қарамастан, реформалау саласындағы жаңашылдықтар бүкіл әлем тарапынан қолдау тапты: Қазақстандағы Қор Биржасының ашылуы және нарықтықтық өзгерістер мен сыртқы қаржы ықпалының арқасында экономиканың тез арада қалыптасуын сыншылар назардан тыс қалдырған жоқ. Әрине әр елдің саяси және әлеуметтік әлеуетінің жоғарылығы тұрақты экономикаға байланысты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-2030 халыққа жолдауында елдің экономикалық дамуының негізі ретінде, шет ел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімді басымдылықтардың бірі деп баса айтқан. “Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларының неғұрлым бәтуәгер режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз” 1
Халықаралық Қайтақұру және Даму банкі, Әлемдік Банк, Азия Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Қоры тәрізді ұйымдардың қайтарымсыз және төменпайызды жаңа қомақы көлемде кредиттер ұынуы және Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының толассыз ағылуы халықаралық қаржы әлемінің Қазақстан экономикасына сенім артатындығын көрсетеді. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты 2005 жылы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “ Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян ақиқат” 2 .
Еліміздің егемендік алуы қоғамымызда экономикалық-құқықтық қайта құрулармен ұштастырылады. Бұрынғы Кеңестік дәуірде қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға жүйелі бет бұрдық. Нарықтық экономиканың басты міндеті - еліміздің экономикасын жүйелі түрде қалыптастыру болып отыр. Сол қайта құрулардың бірі инвестицияларға қатысты мәселелерді реттеуші заңдардың болуы.
Шетел инвестицияларын құқықтық реттеудің екі тәсілі бар: ішкі заңнама бойынша және халықаралық құқықтық реттеу.
Ішкі заңнама бойынша реттеу ұлттық құқықтық жүйенің дәстүрлі салаларының нормалары мен институттарын қолдануға негізделген (әкімшілік, азаматтық және т. б) . Мемлекеттердің көбісінде шет ел инвестицияларына қатысты заңдар жинағы қолданылады, яғни инвестиция туралы заңдар.
Шет ел инвестицияларын халықаралық құқықтық реттеу шет ел инвестицияларымен байланысты қатынастарды реттейтін арнайы мемлекетаралық келісімдерден құралады. Халықаралық келісімдер екіжақты және көпжақты болып бөлінеді.
Мәселенің өзектілігі. Бүгінгі күні инвестициялық қатынастарды реттеу және инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелерінің өзектілігі артуда. Кез-келген мемлекет экономикасының тұрақты дамуы қолайлы инвестициялық климат құруға және инвестицияларды тиімді әрі рационалды пайдалануға бағытталған біртұтас және таразыланған инвестициялық саясатсыз мүмкін емес. Осы орайда шетел инвестицияларының маңыздылығы қаншалықты жоғары болғанына қарамастан ұлттық (отандық) инвестицияларға немқұрайдылық танытуға болмайды.
Шетел және ұлттық инвестициялары құқықтық режимдерінің арасындағы айырмашылықты жою жолындағы алғашқы қадам 1997 жылы 28 ақпанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау болды. Себебі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тікелей инвестициялар туралы арнайы заңнамасы қалыптаса бастады; екіншіден, Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы өз дамуының жаңа сапалы сатысына көтерілді. Оған негізгі үш фактор әсер етті:
- отандық инвестициялар шетелдік инвестициялармен теңестірілді (бұл ереже инвестицияық қызмет туралы заңмен көзделсе де, өзінің декларативтілігіне байланысты іс жүзінде қолданыста болмады) ;
- экономиканың маңызды секторларында жүзеге асырылып жатқан инвестицияларға мемлекеттік қолдауқажеттігі заң жүзінде бекітілді;
- мемлекет экономикасының тиімділігін арттыру және экономикалық өсім мақсатында дамыту және инвестицияларды тарту қажет экономиканың маңызды салалары анықталды.
Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының құқықтық ретелуі. Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей мәселелер қойылған:
- Инвестициялық заңнаманың пайда болу тарихы мен Қазақстан Республикасында инвестициялық заңнаманың даму кезеңдері; Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының құқықтық реттелуінің жалпы мазмұны. Шетел инвестицияларын халықаралық құқықтық реттеу.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.
- Қазақстан Республикасында қолданыста болған барлық инвестиция туралы заңдарға салыстырмалы сараптама; Инвестициялық заңнаманың ел экономикасына әсері.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА
1. 1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу
және даму тарихы
Еліміз бен шет елдердің инвестициялық заңнамасының дамуының негізгі тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын анықтау үшін оның пайда болуы және жеке дара заң саласы ретінде қалыптасу тарихын зерттеу қажет.
“ИНВЕСТИЦИЯ” ұғымы VIII ғасырдың басында пайда болды. Алғашында ол тек пайда табу үшін қолданылатын еркін ақша құралы болып есептелді. Бұл кезеңде шотланд инвесторлары болашақта баю мақсатында америка батысындағы фермерлік жерлерді сатып ала отырып, сол кезде қарапайым және дамушы Америка нарығына капитал сала бастады. Алғашқы инвестициялық компаниялар жабық типтегі қорлар болды. 1822 жылы Бельгия королі Вильям І Брюссельде тіркелген тұңғыш инвестициялық траст құрды. Оның негізгі қызметі шет мемлекеттерге займдар бөлу негізінде инвестицияны жүзеге асыруға рұқсат беру. ХІХ ғасырдың 80-жылдары мұндай трасттар Шотландия мен Англияда пайда болды. Ең алғашқы жабық типті қорлардың бірі 1868 жылы Лондонда құрылған Шетелдік және колониялды инвестициялық траст [1] . Алғашқыда инвестициялық трасттар бай отбасылармен құрылды. ХІХ ғасырда онда тағайындалған сенімді тұлғалар сол отбасылардың мүлкін басқарған. Кейінен инвестициялық қатынастардың ары қарай дамуы мақсатында акциялары ашық саудаға шыққан, инвестициялауға қатысушы инвесторлардың санының көбейуіне өз ықпалын тигізуші компанияларға айнала бастады.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыруды реттейтін алғашқы арнайы заңнамалық актілердің бірі 1940 жылғы АҚШ-та қабылданған “Инвестициялық компаниялар туралы” Заң және “Инвестициялар бойынша кеңесшілер туралы” заңдар. Алғашқы заң инвестициялық компаниялардың акцияларын сатып алушы инвесторларды қорғауға бағытталған, ал екіншісі инвесторлар қаржыны салу варианттарын кәсіби зерттеу үшін жалдаған инвестиция бойынша кеңесшілер тарапынан қиянат жасаудан инвесторларды қорғайды [2] . Алайда бұл екі заңда шын мәнінде көмекші актілер болып табылады, ал АҚШ инвестициялық заңнамасының негізін 1933 жылғы “Құнды қағаздар туралы” және 1934 жылғы “Қор биржасы туралы” заңдар құрайды. Көптеген дамыған елдердің инвестициялық заңнамасының құрамына құнды қағаздар туралы заңдар кіреді, себебі басқа объектілеге қарағанда құнды қағаздарға инвестициялар кеңінен тараған (бұлар реалды активтер деп аталады) [3] . Тарихи тұрғыдан қарағанда да ең алдымен құнды қағаздарды инвестициялау заң негізінде бекітілген.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттердің интеграцияға ұмтылыс тенденциясы күшее түсті. Социалистік мемлекеттердің құрылуына байланысты, аясында экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық дамыған екі негізгі мемлекеттер блогі пайда болады. Бүкіләлемдік Банк тобына жататын Халықаралық қайта құру және даму банкі, Экономикалық дамудың халықаралық қауымдастығы, Халықаралық қаржы корпорациясы; аймақық деңгейде - Еуропалық экономикалық қоғамдастық тәрізді Халықаралық экономикалық ұйымдар құрылады. Социалистік мемлекеттер блогінде де интеграциялық процестер жүзеге асырыла бастайды - Варшава шарты жасалады және Экономикалық өзаракөмек кеңесі құрылады. Дәл осы кезеңде жаңа тұрғыда және аса тар ұғымда инвестициялық қатынастардың қайта өркендеу кезі деп толықтай айтуға негіз бар. Инвестицияларды құқықтық реттеу тек аймақтық деңгейде ғана емес, сонымен қатар социалистік елдер арасында, сондай-ақ социалистік жолға енді тұрған мемлекеттер арасында да достастық және ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер жасала бастады. Бұл елдерге “ізгі” саяси миссияларын жүзеге асыру үшін айтарлықтай қаржылай көмек көрсетіле бастайды, зауыттар мен фабрикалар салынып, экономиканың және ауыл-шаруашылығының және т. б., бүтіндей салалары қайта жаңғыра бастайды. Бұған қоса, социалистік елдерде (ең алдымен, бұрынғы КСРО) әртүрлі салаларда әртүрлі деңгейде мамандар дайындала бастады. Осындай кеңауқымды қызметтің негізгі мақсаты - социалистік жолды таңдаушы мемлекеттердің санын көбейту және социалистяік елдердің әскери, саяси альянсын күшейту. Алайда саяси міндеттер көмек көрсетуші мемлекеттердің экономикасына шығындар әкелді. Инвестициялық қатынастар негізінен тек біржақты сипатта болмай, өзара тиімді болуы тиіс. Социалистік мемлекеттердің өзара қатынасы тура сондай деңгейде болды. Онжылдықтар бойы жүзеге асырылып келе жатқан мұндай инвестициялық қызмет бұрынғы социалистік достастық елдері әлі күнге дейін шыға алмай отырған экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты.
Алайда инвестициялық қызметтің шынайы дамуы ХХ ғасыр 80-жылдарының үлесінде. Елде басталған жаппай қайта құру сыртқыэкономикалық қызметке де өз әсерін тигізді. 1986 жылы КОКП ОК-і (ЦК КПСС) Политбюросының біріккен кәсіпорындар құру мүмкіндігі туралы шешімі іс жүзінде мемлекет экономикасына шет ел инвестицияларының келуіне жол ашты. Бұл шешім КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 19 тамыздағы №991 және №992-ші “Сыртқыэкономикалық байланыс тарды дамыту шаралары туралы” және “Социалистік елдермен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты басқаруды дамыту бойынша шаралар туралы” екі қаулысымен байланысты болды3. бұл актілермен сыртқыэкономикалық қатынастар саласында және инвестициялық заңнаманың ұлттық жүйесін құрудағы реформаларды жүзеге асыруға өту анықталды [4] .
КСРО Жоғарғы Кеңесімен 1990 жылы 10 желтоқсанда қабылданған “КСРО-дағы инвестициялық қызмет туралы заңнама негіздері4” Заңы инвестициялық қызмет субъектілерінің арасындағы өзара қатынасын реттеуші келісім-шарт екендігін заң негізінде бекітті. Қазақстанда басқа кеңес шет ел инвестициялары туралы және инвестициялық қызмет туралы заңдар қабылданды. 1991 жылғы 5 шілдедегі КСРО-ның шет ел инвестициялары туралы заңнамалық негіздері республикаларға кеңестік конституциямен қолданыстағы заңдарға қайшы келмесе, шет ел инвестициялары туралы өз заңдарын қолдануға құқық берді. Осы кезеңде Қазақстанда Кеңес Одағы мен американдық “Шеврон” корпорациясы арасында тұңғыш инвестициялық келісім жасалды.
Алайда, кеңестік инвестициялық заңнаманың ғұмыры ұзақ болған жоқ. Кеңес Одағының ыдырауы мен тәуелсіз және егеменді елдердің пайда болу процесі басталды. 1993 жылы Шеврон корпорациясымен Қазақстан Республикасы арасындағы инвестициялық келісім жаңа және аса тиімді шарттарда қайта жасалды және кәзіргі замандағы ең ірі инвестициялық келісімдердің біреуі болып табылады [5] .
Бұл кезең ұзаққа созылмасада толықтай бұрынғы кеңес республикаларының соның ішінде Қазақстан Республикасының да ұлттық инвестициялық заңнамасын құруда шешуші роль атқарды және де нақ сол кезде кәзіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық қызметтің негізі қаланды. Мәселен, Ресей Федерациясында 1991 жылғы 4 шілдедегі Инвестициялық қызмет туралы Заңы (әрине, енгізілген өзгертулері және толықтыруларымен) бүгінгі күні де қолданыста.
Инвестициялық заңнама тарихы туралы мәселені қарастыруды тәмәмдай отырып, келесідей пайымдауларға келуге болады:
- инвестициялық қатынастар пайда болу сәтінен бастап, заңнаманың әр саласындағы нормалармен реттелетін (сауда, азаматтық, қаржы, тау-кен, халықаралық және т. б. ), ал инвестициялық нормаларды жеке даралау және заңнаманың жеке саласына біріктіру негізінен дамыған елдерде ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Нарықтық экономикада “инвестиция” жаңа ұғымдар санатына жатпайды және мемлекетіміздің тарихының жекелеген кезеңдерінде кең қолданыста болған; Бұрынғы Социалистік елдердегідей Қазақстан Республикасында да тәуелсіздік алысымен және нарыққа көшуімен өзінің инвестициялық заңнамасының ұлттық жүйесін құру іс жүзінде мүмкін болады.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
заңнама дамуының негізгі кезеңдері
Әлемдік экономикада инвестициялық қатынастар әрдайым шешуші роль атқарған және атқарады. Кез-келген мемлекеттің экономикасындағы инвестицияның тиімділігін қамтамасыз ету факторларының бірі олардың заң жүзінде бекітілуі, инвестициялық қатынастарды реттеуші инвестициялық заңнаманың дамыған жүйесін және құқықтық нормаларды жүзеге асырудың әрекет етуші механизмін құру.
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы өз қалыптасуы мен дамуында негізгі 4 кезеңнен өтті.
Бірінші кезеңі - бұл инвестициялық заңнаманың қалыптасу кезеңі, алғашында шет ел инвестициялары туралы заң ретінде. Ол өз бастауын шет ел капиталына қажетті кепілдіктер ұсыну негізінде, шет ел инвестицияларын тиімді тартуды, жаңа технологиялар және басқару тәжірибесін алуды қамтамасыз ету мақсатын көздеген 1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған “Қазақ КСР-дағы шет елдік инвестициялар туралы5” Қазақ КСР-ның Заңынан алады. Заң республикада ашық типтегі экономика құруға бағытталған және елдің әлемдік тәжірибедегі шаруашылық прициптеріне жедел өтуге қызмет етуі тиіс еді. Алайда заң актісінің шет ел инвестицияларын реттеуде айтарлықтай кемшіліктері болды, себебі нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктерін жеткілікті деңгейде ескермеді және тәуелсіздік алу жағдайында Қазақстан халықтарының мүддесін толыққанды бейнелей алмады. Сондай-ақ, бұл заңды қабылдаудың жақсы жақтары да болды: біріншіден, республикада қалыптасқан инвестициялық қатынастарды заңды түрде бікіткен бірінші акт; екіншіден, осы заң актісі төрт жыл бойы еліміздің экономикасына шет ел инвестицияларын тарту тәртібі белгіленген, яғни шет ел капиталының тартылуына өз үлесін қосты; үшіншіден, тұңғыш рет шет ел инвесторларына өз қызметтерін жүзеге асыруға байланысты кепіл берілді (мәселен, 20-жылдары кеңес мемлекеті шет ел инвестицияларын қабылдағанымен олардың қызметіне байланысты ешқандай кепідік берілмеген) . Сол себептен шет елдік инвестицияларға берілетін кепіл туралы тарауды енгізу, потенциалды инвесторлардың қызығушылығын арттырып, олардың әрекет етуіне айтарлықтай ықпалын тигізді.
Инвестициялық заңнаманы құру мезгілі бойынша өз бастауын 1990 жылғы 22 ақпандағы “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациядан6” алатын Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуымен сәйкес келуі тайға таңба басқандай. 1991 жылы 10 маусымда Қазақстан әліде кеңестік социалистік республика болған кезде қабылданған Инвестициялық қызмет туралы Заң7 “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы8” Конституциялық заңға жол салушы болды, және де сол уақытта инвестициялық қатынастарды реттеуші актілердің ішінде ең ұзақ мерзімдісі болды, өйткені тек 1997 жылы ғана өз күшін жойды.
Сонымен, бұл кезең Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының дамуының және тәуелсіз, егеменді мемлекеттің ұлттық инвестициялық заңнамасын құраудың алғашқы сатысы.
Инвестициялық заңнама дамуының Екінші кезеңнің бұрын қолданыста болған Қазақ КСР-гі шет ел инвестициялары туралы заңның күшін жойған 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған “Шетел инвестициялары туралы9” Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Жаңа заң Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартудың негізгі құқықтық және экономикалық негіздерін белгілейді, шет ел инвестицияларына қатысты мемлекеттік кепілдікті бекітеді, оларды жүзеге асырудың және шет ел инвесторларына қатысты туындаған дауларды шешудің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын анықтайды. “Шет ел инвестициялары туралы” заңмен бір уақытта Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қабылданды. Заңды күшіне енісімен (1 наурыз 1995), 1963 жылғы Қазақ КСР-нің Азаматтық кодексі; 1991 жылғы Кеңестік республикалар және КСРО-ның азаматтық заңдар негізінің 1-71 баптары (азаматтық заң негіздерінің қалған баптары 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негізгі бөлімі қабылданғанға дейін қолданыста болды) 10; 1991 жылғы Қазақстан Республикасының “Жеке меншік туралы”, “Кәсіпорындар туралы”, “Кепілпұл туралы”11 заңдары заңды күшін жойды. Азаматтық заңдардың кодефикациялануы Қазақстан Республикасында ұлттық заңнама жүйесінің қалыптасуында және нарықтық қатынастарды реттеуші құқықтық нормаларды реттеуде маңызды роль атқарғандығын баса айтуға болады [5/ 37-43 б. ] .
Инвестициялық заңнаманың дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі, ол кезде қабылданған заңдардың және нормативтік актілердің басым бөлігі уақытша сипатта болды және алдағы уақытта күшін жояды. Сондай-ақ, бұл кезеңде қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды реттеуші заңдардың негізін қалауда өз үлесін қосқан маңызды құқықтық база құрылды.
Инвестициялық заңнаманы дамыту мен жетілдірудегі үшінші кезеңнің басталуына 1997 жылы 28 ақпанда қабылданған “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау”12 туралы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы түрткі болды.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңының мәні, оның қабылдануымен: біріншіден, Қазақстан Республикасында тікелей инвестициялар туралы арнайы заң қалыптаса бастады; және екіншіден, Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы жаңа сапалы сатыға көтерілді.
Тікелей инвестициялар туралы заң қабылданғанға дейін, инвестициялық заңдар бірінші кезекте шет елдік инвесторлардың мүддесін қорғауға бағынысты болған және шет ел инвестицияларына аса қолайлы құқықтық режим орнатуға бағытталған. Мұның барлығы тек ұлттық инвесторлардың ғана емес мемлекеттің де мүддесіне қайшы келді, өйкені іс жүзінде қандай жолмен болмасын, әйтеуір инвестицияларды тарту жүргізілді, ақырында, олардың республикаға тиімділігі нөлге тең болды. Себебі шет елдік инвестициялар жер қойнауын пайдалануға салынып отырды, яғни ел экономикасының дамуына ешқандай әсерін тигізбеді және шет елдік инвесторлардың жер қойнауын экспансиялауын күшейте түсті. Әрине, бұл біздің жер қойнауын зерттеуде шет елдік инвесторлардан бас тарту керек екендігімізді білдірмейді, тепе-тең жағдайда біз көбнесе ұлттық инвесторларымызға қарай бет бұруымыз керек.
Шет ел инвестициялары туралы заң көтеген өзгерістерге ұшырады. Оған түрткі болған шарт негізіндегі мемлекеттің миллиондаған шығындары, және мемлекет мүддесін қорғау.
2000 жылы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры13 құрылды. Оның негізгі мақсаты мемлекеттік қорландыруды қалыптастыру (жинақтау функциясы), сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттердің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін азайту (тұрақтандыру функциясы) . 2001 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану ережелері14 бекітілді; осы актіге және 2001 жылғы 18 мамыр айында шыққан “Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын сенімгерлікпен басқару жайындағы шарт туралы15” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2001 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасымен “Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері” бекітілді.
Қазақстан Республикасында инвестициялық заңнаманың дамуының алғашқы екі кезеңін сипаттау кезінде, біз саналы түрде құнды қағаздар нарығы туралы заңдарды және олардың инвестициялық қатынастардың даму және қалыптасу процесіне әсері туралы мәселені қарастырудан саналы турде бас тарттық, себебі ол өзінің пайда болу мезетінен бастап, инвестициялық заңнамадан тәуелсіз және жеке дара жүзеге асырылды. Инвестициялық заңнамасы ашғашында-ақ құнды қағаздар туралы және құнды қағаздарға инвестиция салу туралы заңдар ретін қалыптасқан көптеген дамыған елдерге қарағанда, Қазақстан Республикасында инвестициялық заңнама реалды активтерге бағытталған болды (соның ішінде жер қойнауын пайдалану), тек 1997 жылы 5 наурызда “Құнды қағаздар нарығы туралы”16 Заң қабылданысымен, инвестициялық қызметтің бір бөлігі ретінде инвестицияны құнды қағаздарға және басқа да қаржылық активтерге салу заңды негізде бекітілді. Сонымен, құнды қағаздар нарығында инвесторлардың екі негізгі топтары анықталды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz