АҚ «Казкоммерцбанктің» экономикалық мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


1.Бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық негізгідері
1.1.Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қарыз алушының несиелік өтінішін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3.Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ..15


2.Бөлім. АҚ «Казкоммерцбанктің» экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ..23

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық негізгідері

1.1.Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Қарыз алушының несиелік өтінішін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..12
1.3.Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ..1 5

2.Бөлім. АҚ Казкоммерцбанктің экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе

Қазіргі Респбликасындағы қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде
эконмикалық және қаржылық орталарының қалыптасу процесі жалғасу үстінде.
Осы жағайда экономикалық агенттердің арасындағы нарықтық қатынастар
қалыптасып және экономиканың көптеген аспектіллеріне көзқарастар өзгеріп,
олар жаңа тұрғыдан қарауда.
Бүгінгі күндегі қазақстанның экономикалық ғылымы негізінен
өтпелі кезеңнің экономикалық мәселелерін зерттеуге жұмылдырып отыр. Соның
ішінде, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес банктік секторды қалыптастыру – ең
бір өзекті мәселе болып табылады. Республикадағы банктік құрылымның таза
мемлекеттік жүйесін дүниежүзінің көптеген елдерінде қалыптасқан екі
деңгейлі жүйесіне өзгерту барысында банктік инфрақұрылымның дамуына сапалық
тұрғыдан жаңа жағдайлар жасалуда.
Кез келген экономика үшін коммерциялық банктердің несие беру
арқылы ақша жасау қабілетінің маңызы зор.
Нарықтық экономикада несие ең алдымен капиталдың экономиканың
бір саласынан басқа салаларға ағылуының және пайда нормасын теңестірудің
тетігі ретінде қажет. Капитал өндіріс құралдары түрінде салалардың арасында
ағыла алмайтын болғандықтан, әдетте бұл процесс ақша капиталының формасында
жүзеге асырылады. Негізгі капиталдың қозғалысы процесінде құнның бір бөлігі
уақытша пайдаланылмайды ақшалай формада банк шоттарында қалады. Капиталдың
уақытша босаған бөлігі несиелік формада өз қозғалысын қарыз ақшалары
түрінде жалғастырады. Несиелеу жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар қорларының
айналымның үздіксіздігін және өндірілген тауарларды өткізу процесін
қамтамасыз ету үшін қажет.
Несие беру банктік қызметтің негізгі түрлерінің бірі болып
табылады. Нарық жағдайында қызмет ететін кез келген кәсіпорын сияқты банк
шығынға және банкротқа ұшырау тәуекеліне барып, пайдасын жоғарлатуға
иырысады. Кез келген несие, белгіленген бір шарттарға сәйкес беріледі: олар
несиенің мақсаты, қарыз алушының сипаты, несиенің мерзімі,ұсыныып отырған
несиені қамтамасыз етудің көлемі мен өтімділігі және т.б. Несие беру туралы
шешім қабылдауға мұқият қарау несиелік тәуекелге, яғни несие бере отырып
қарызға берген құнның өтелмеу немесе уақытында қайтарылмау тәуекеліне
байланысты. Жүниежүзілік банктік тәжиребе көрсеткендей коммерциялық
банктердің пайдалылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін несиелік
тәуекелді жүйелі басқару қажет.
Қарыз алушы банкке несие алу өтінішпен келген кезде ең алдымен
несие беру тәуекелін бағалап талдай білу керек. Бұл үшін несие берумен
байланысты барлық негізгі сұрақтарды зерттеп, несие беру туралы шешімнің
дұрыстығын алу керек. Несиелік тіуекелді төмендетудің және оны алдын алудың
бір құралы – қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
Коммерциялық банктердің нақты секторды несиелеуде басты мақсаты
қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауды жетілдіру арқылы өздерінің
тәуекелдерін төмендету, сондықтан да диплом жұмыс тақырыбы қазіргі таңда
өзекті болып табылады.
Диплом жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктердің қарыз
алушылардың несиелік қабілетін бағалау және талдау. Сол сияқты клиенттің
несиелік қабілетін талдаудың этаптары мен әдістерінің мәнін, мазмұнын ашып
көрсету және осы орайда Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды дамыту
арқылы қаржылық делдалдыққа көңіл бөлу. Қойылған мақсаттарға жету үшін,
келесі міндеттер алға қойылады:
-Коммерциялық банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағалаудың теориялық
аспекілерін ашып көрсету;
-Оазис компаниясының ағымдағы жағдайына талдау жасау;
-Осының негізінде клиенттердің несиелік қабілетін қаржылық
коэффициеттерді салыстыру арқылы бағалау;
-Оазис компаниясының ақшалай қаражаттар қозғалысын талдау арқылы
несиенің қайтарылуы немесе жобаның өтелу уақытын анықтау;
-Несиелік тәуекелді төмендету мақсатында клиенттің рейтингісін анықтау;
-Шетел тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасында қаржылық
делдалдықты дамыту мәселесін көтеру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында т.б. материалдар пайдаланды: Правила
краткосрочного кредитования экономики РК НБ 11 февраля 1994г., ресейлік
және Қазақстандық оқулықтар, өндіріс қайта өңдеу мен қызмет көрсету
саласындағы болашақ қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және
жобаның экспертизасын жүргізу бойынша методикалық нұсқаулар, Оазис
компаниясының 2002ж. көрсетілген мерзімдерге бухгалтерлік баланстары мен
қаржылық нәтижелері туралы есеп берулері, Оазис компаниясының өндірістік
қуаты, өнімінің өзіндік құндары, тұрақты шығындары туралы мәліметтер, ЖШС
Оазис жобалары бойынша АҚ Казкоммерцбанк несиелік инспекторларымен
жазылған эксперттік қорытындылар, АҚ Казкоммерцбанк-тің рейтингісін
есептеу бойынша нұсқаулығы, мерзімді басылымдар.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1.бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық негіздері

1.1. Қарыз алшының несиелік қабілеті туралы түсінік

Банк несие беру туралы шешімді қабылдаудың алдында қарыз алушының
төлем қабілетін, несиелік және қаржылық тұрақтылығын бағалау керек.
Бұл жерде қарыз алушының төлем қабілеті мен несиелік қабілеті
түсініктерін анықтауда айырмашылықтар бар.
Кәсіпорынның төлем қабілеті – бұл міндеттемелер мен берешектердің
барлық түрлерін уақытылы өтеу қабілеті мен мүмкіндігі ғана сипаттайды.
Сонымен бірге несиелік қабілеттің сипаттамасы төлем қабілетпен
салыстырғанда өзгешелеу болуы керек, өйткені несиені өтеу банкпен
кепілзатқа алынған мүлікті өткізуден түскен түсім, қаражаттардың уақытылы
қайту кепілдігін қолдану немесе несиені өтеуді сақтандыру есебінен жүзеге
асуы мумкін.
Қарыз алушының несиелік қабілеті оның төлем қабілетімен
салыстырғанда өткен кезең немесе белгілі бір күндегі төленбеген төлемдерді
тіркемейді, ол жуық арадағы қарыздың өтелу қабілетін болжайды. Өткен
кезеңдегі төлем қабілетсіздік дәрежесі – клиенттің несиелік қабілетін
бағалауда сүйенетін ресми көрсеткіштердің бірі. Егер қарыз алушының мерзімі
өткен берешегі болса, ал балансы өтімді және меншікті капиталының мөлшері
жеткілікті болса, өткен мерзімдегі банкке төлемдердің бір жолғы кідірісі
клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз емес.
Несиелік қабілетті клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзаққа
созылған төленбеген төлемдерге жол бермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі нақты бір қарыз алушыға
нақты қарыз берумен байланысты банктің жеке тәуекелінің деңгейін
куәландырады.
Несиелік өтініштерді бағалауда нақты қарыз алушымен байланысты
барлық сұрақтарды талдаумен қатар, ол қызмет ететін аудан мен саладағы
қалыптасқан экономикалық жағдайды талдау қажеттілігі де туады. Қарыз
алушылардың халықаралық сауда – экономикалық және қаржылық операцияларымен
байланысты несиелерге өтініштері дүниежүзілік валюталық нарық коньюнктурасы
есебімен қарастырылады.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретіңде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар,
мемлекет те, үкіметте, сондай – ақ жеке азаматтар пайдаланады. Несиенің
пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан
іздеу қажет. Тауар айырбастау – ауардың бір қолдан екінші қолға өтуін
білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты
қатынас туындайды. Көбіне нсиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан
қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта
қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің
әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарда түсіндіретінін естен шығаруға
болмайды.
Несие – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни
қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Экономикалық
категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар мен бірлестіктер,
сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз
төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде
қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Несиенің қызметтері:
• Қайта бөлу
• Айналыс шығындарын үнемдеу
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру
• Капиталдың шоғырлануын жеделдету
• Ғылыми – техникалық прогрессті жеделдету
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді. Несиенің формасы -
бұл несиелік қатынастар құрылымының, оларыдың негізгі қызметтерінің яғни,
әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін
білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады. Отандық және
шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:
• Коммерциялық несие
• Банктік несие
• Тұтыну несие
• Мемлекеттік несие
• Халықаралық несие
• Ипотекалық несие
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Тұтыну несие – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және
тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Мемлекеттік несие – мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының өздері қарыз
алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен азаматтарға
байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Халықаралық несие – валюта және тауар ресурстарын қайтару, сондай – ақ
пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық
қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын білдіреді.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.
Несиелеуді ұйымдастыру қағидалары:
• Несиенің мақсаттылығы несиенің қандай мақсатқа берілуі
• Несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы несиені берген мерзімі
және қай жылға дейін қайтаруы
• Несиенің ақылығы қарыз алушының несие алған уақыттағы сомадан өсіп
беруі
• Несиенің қамтамасыз етілуі неисенің қаншалықты толықтырылғаны
• Несиенің сый ақылығы қарыз алушы алған сомасын өз уақытынан алдынала
төлеп қоюы.
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау несиені қайтару көздерін
талдаудан басталады. Бұл талдау клиенттің несиеге өтінішін қарастыруды
жалғастыру немесе қабылдамау туралы алдын – ала шешім жасауға мүмкіндік
береді. Алдын – ала шешім қабылданған жағдайда клиенттің несиелік қабілеті
мен жобаның келешегін зерттеу жалғасады. Қарыз алушының жұмыс
тенденцияларын анықтау мақсатымен оның барлық қызметі уақыт аралығында
талданады. Қарыз алушыны бағалау негізі түрлі көрсеткіштер арқылы
қалыптасады. Бағалаудың мәлімттері өте маңызды, бірақ талдауды алмастыра
алмайды. Олардың дәстүрлі түрлеріне 2 К және З сипаттамасын жатқызуға
болады, яғни: несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаттылығы. Бұған қосымша
тағы 2 сипаттама бар, олар К-К-З сызығын К-К-З-Д-З-ға айналдырады, яғни
несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаттылығы, ақша қаражаттарының қозғалысы,
кепілзат. Көрсеткіштердің келесі жиынтығы кеңдеу және маңыздылау, оны
әдетте несие сипатының 5 таянышы деп тайды: облыс жағдайының жалпы
сипаттамасы, кәсіпорынның бәсеке жағдайы, қаржылық шарттар, басқару және
кепілзат сапасы. Сонымен қатар 5 Си және 6 Си ережелері қолданылады,
мұнда клиенттерді іріктеу критериялары Си әрпіне басталатын сөздермен
белгіленген. (Қосымша 1)
1. Қарыз алушы репутациясы. Несиелік мәмілеге қатысты қарыз алушының
репутациясы – бұл қарызды қайтару әзірлігі, сонымен қатар келісімшарттардан
туындайтын барлық міндеттемелерді орындауға ықыласы. Жақсы репутатция
адалдық, парасаттылық, ынта сияқты қасиеттермен сиппатталады. Қарыз
алушының бұл қасиеттері нарық жағдайында айрықша көрінуі керек, өйткені бұл
кезде мәмілелер іскер адамдар арасында жоғарғы органдардың инструкциялық
нұсқаулары негізінде емес, серістестік, өзара сенімдік негізінде
жасалынады. Бірақ қарыз алушының репутациясын анықтау – оңай іс емес.
Сондықтан оны бағалауда банктер негізінен өз иелігіндегі қарыз алушының
өткен кезеңдегі міндеттемелерін орындауға қатынасын сипаттайтын
мәліметтерге сүйену керек. Басқаша айтқанда, репутация – бұл төлем
міндеттемелерін толық және уақытылы өтеуге ішкі қызығушылық, бұрын алынған
несиелер бойынша есептесулерде мұқияттылық.
Адал клиент қандай қиын жағдайда болса да, алынған міндеттемелерді
орындау үшін бар күшін салады. Сенімсіз клиент банкке қарызын бос ақша
қаражаттары болғанда ғана өтейді. Қиындықтар туған жағдайда, ол берешегін
төлеуді тоқтатады немесе мерзімін шегіндіреді. Банктер бұл жағдаймен
қазіргі кезде соқтығысуда, өйткені клиенттердің негізгі бөлігін
сенімсіздерге жатқызуға болады.
2. Қаражаттарды қарызға алу мүмкіндігі – соңғы факторлар мен формаларының
шаруашылық субъектілері кұқықтық, ұйымдастырушылық құрылымының, министр
қызметіне және оның акционерлік қоғамға бағынушылық сипатының өзгеріп
жатқандығымен банкке қарыз алушынның құрылтайшылық құжаттарының (жарғы,
ережелер, келісім - шарттар, хаттамалар,тіркеу туралы шешімдер), бұл заңды
тұлғаның құқыққа сәйкес қызмет етуі және оның өндіріс немесе қызмет
көрсетуді жүзеге асыруының, шаруашылық жүргізу құқықтарының толықтылығы
(әсіресе ұжымдық – корпоративтік меншік формасында) және оның атынан
(құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғалардың көрсетілуімен) қарызды рәсімдеу
мен алуда лауазымды тұлғаларды құқықтық өкілеттігінің ҚР-нда қолданылып
жүрген заңдарына сәйкестігін анықтау.
Банк қарыз алушының өтеу мүмкіндігіне ғана емес, оның несиені алуда
құқықтық өкілетіне де көңіл бөледі. Жеке тұлғаларға несие беруде банк қарыз
алушының жасын ескеруі қажет, яғни кәмелетке толмағандарға несие берілмеу
керек. Несиені ірі кәсіпорындар мен фирмалар беруде несиелік инспектор
олардың жарғысымен, компания атынан іс жүргізуге қандай тұлғардың өкілетті
екенін белгілейтін ережелермен танысуы керек.
Несиенің ірі кәсіпордар мен фирмаларға беруде несиелік инспектор
олардың жарғысымен, компания атынан іс жүргізуге қандай тұлғалардың
өкілетті екенін белгілейтін ережелермен танысуы керек. Кейбір жағдайларда
банктер несиені алу туралы келіссөз жүргізетін және құжаттарға қол қоюға
өкілетті тұлғалар көрсетілген, директорлар кеңесі қол қойған шешімді талап
етеді.
Бұдан басқа, несиені беру туралы мәселені шешуде банк бұл несиелер
есебінен жүргізілетін шаралардың әлеуметтік – экономикалық даму
мүдделерінде сәйкестігін ескеру қажет. Бұл банктердің қоғамға қажетті ғана
өнімдердің шығындарын несиелендіруін білдіреді жіне бұл өнімдердің сапалық
қасиеттері келешек талаптар мен әлемдік стандарттарға сай болуы керек.
2. Табыс табу мүмкіндігі. Бұл критерийді талдау қарыз алушының несиені
өтеуге қажетті ақшалай қаражаттарды табу мүмкіндігін көрсетеді. Талдау
кезінде қарыз алушының алған несиесін өтеуінің 4 негізгі көзі
ескеріледі. (17.21-23б)
1. Табыс
2. Акцияларды сату
3. Активтерді сату
4. Басқа кредиторлардан несие алу
Мұндағы басымды көз – қарыз алушымен алынатын табыс, өйткені қалған көздер
қымбат және тұрақсыз болып саналады. Егер мысалы, акцияларды сатуды алсақ,
ол қор биржасындағы және биржадан тыс нарық конъюктурасымен, инфляция
деңгейі, бұл акцияларды шығарып жатқан субъект қызметінің тұрақтылығы,
алдағы ғылыми – техникалық ашулар және т.б.- лармен байланысты. Сонымен
қоса акцияларды сату ұзақ мерзімге созылады. Егер басқа кредиторлардан
несие алуды алсақ, табыс көзі әрдайым кепілденбейді, өйткені қарыз алушының
жағдайы төмендеуі мүмкін. Ал активтерді сатуды алсақ, ол қарыз алушының
балансын нашарлатады.
Сондықтан банктер негізінен қарыз лушының таыс табу мүмкіндігіне
сүйену керек. Бұл сату көлеміне, сату бағаларына, шығындар мен шығыстарға
әсер ететін барлық факторлармен анықталынады. Олар: фирманың орналасқан
жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, жарнама тиімділігі,
бәсекелестік жағдайы, шикізаттың болуы мен құн ы, қызметкерлердің білігі
мен моральдық қасиеттері, сонымен қатар шешуші фактор - басқару. Басқару
факторы ретінде фирма басшылығының адамдар, шикізат және капитал, өндіріске
қажетті тауарлар мен қызметтерді табуы және табыс алу түсініледі.
Қарыз алушының табыс табуы білім, денсаулық, біліктілік, жасы,
жұмыс орнының тұрақтылығы мен тапқырлығы сияқты моменттерге байланысты.
4. Несиені қамсыздандыру үшін капитал болмағанда, кәсіпорындарға несие
берілмейді. Қамсыздандырудың болуы тәуекелді төмендеткенмен, банктер
несиелердің табыс есебінен өтелуін ратығырақ көреді. Осылайша, қазіргі
кезде басқа факторлар сенімділігі жеткіліксіз болғанда ғана несие кепілмен
қамсыздануы мүмкін.
Қамсыздандыру – бұл банк соңғы қорғаныс линиясы және несиені
беру шешімі қамсыздандырудың тартымдылығына емес, қаржылық жобаның өзінің
артықшылықтарына негізделіну керек.
Несиелік инспекторлар мынандай сипаттамаларға көңіл бөлуі керек:
қамсыздандыру объектісінің қызмет ету мерзімі, жағдайы және қарыз алушы
активтерінің құрылымы. Егер қарыз алушы активтері ескірген құрал –
жабдықтар мен технология болса, олардың несиені қамсыздандыру ретінде құны
жоғары емес, өйткені мұндай активтерді қарыз алушының табыстары несиені
қтеу үшін жеткіліксіз болғанда, қолма – қол қаражаттарға айналдыру қиынға
соғады.
Несиенің қамсыздандырылуы оның өтелуін білдірмейді, бірақ банктың
үлкен зиян шегу тәуекелі мейлінше азаяды. Бұдан басқа, несиенің қамсыздануы
қарыз қаражаттарының ғана емес, банк пайдасының да қайтарылу кепілі.
Осыған байланысты кепіл және кепілдеме, бағалы қағаздарды кепілзат
ретінде алу, талаптарды қайта табыстау мүмкіндігі қолдана отырып, заңды
және жеке тұлғалардың қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді қоса
алғандағы кепілзаттық міндеттемелерді рәсімдеу тәжірибесі кеңеюде.
5. Экономикалық конъюктура жағдайы қарыз алушының қарызды өтеу
мүмкіндігіне әсер етеді, бірақ қарыз алушы мен кредиторлар жағынан
бақылануға келмейді. Конъюктура – бұл осы орта шегінде фирмалар мен
тұлғалардың қызмет етуі. Қарыз алушының жақсы беделі, табыс табу
мүмкіндігі және жеткілікті активтері болуы мүмкін, бірақ экономикалық
жағдайға бйланысты несиені беру орынсыз. Бұл жағдайға банк
қызметкерлерінің болжам жасауға мүмкіндігі болуы керек. Несие мерзімі
неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым экономикалық болжам маңызды. Экономика
интенсивтілігі мен ұзақтылығы түрлі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
ауытқуларға душар. Бұл ауытқулар бірдей болуы мүмкін емес, олар
белгілі бір заңдылықтарға бағынбайды және түрлі салалар мен
региондарда түрліше көрінеді.
Көптеген қарыз алушылар гүлдену кезінде табысты қызмет етеді,
бірақ құлдырау кезеңінде капитал ысырапқа ұшырап, табыс төмендеп, оның
бделі түсуі мүмкін. Сондықтан банкир қолын мемлекеттің, қаланың, және
саланың, несие беріліп жатқан фирманың экономикалық пульсында ұстау керек.
Салада не болып жатқанын (бәсекелестік жағдайының, технология, сатудың
сұранысы мен әдістерінің өзгеруі) білу өте маңызды.
6. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың соңғы факторы -
бақылау. Ол мына сұрақтарға шешім табуды көздейді: заңдардың,
құқықтық, экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруі қарыз алушы
қызметіне және оның несиелік қабілетіне қаншалықты теріс әсер етеді,
несиелік өтініштегі қарыз алушы және несие туралы мәліметтердің банк
стандарттарына және несие сапасын бақылайтын банктік қадағалау
органдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келетіндігі және т.б.
Мысалы, бірнеше жылдар бұрын АҚШ – да кенеттен және еңбексіз
табылған табыстарға салық еңгізілді (1980 ж. мұнайға бағаның өсуіне
байланысты мұнай компанияларының табыстарына), нәтижесінде көптеген
энергетикалық компаниялар қарыз алушы ретінде тартымсыздау болды, өйткені
бұл салық қолма – қол ақша ағынының үлкен бөлігін қамтиды.
Несиелік қабілетті анықтау үшін банктер компания қызметімен
байланысты және несиені өтеуге әсер ететін тәуеклдерді ескеруі керек.
Тәуекелдерді бағалау мен бақылау дәрежесі несиелік өтініштерді
қанағаттандыру сұрағын шешуде банктер үшін маңызды факторлардың бірі.
Қаржылық сәтсіздік тәуекелі әр уақытта орын алады, өйткені кәсіпкерлік
табиғаты тәуекел мен белгісіздіктен тұрады. Несиелік қабілетті бағалауға
қатысты банк қызметкері компаниямен байласты келесі тәуекелдерді бағалайды.
Компания қызметінің түрі саласы есепке алынады: мысалы, сүт
өндірісіне бір тәуекелдер тән болса, автомобиль өндірісіне мүлде басқа
тәуекелдер тән.
Бәсекелестік қабілет: өндірістің бір саласы ішінде бір фирмалардың
бәсекелестік қабілеті басқаларға қарағанда жоғары болуы мүмкін, бұл олармен
өндірілетін сатылатын тауарлар, бәсекелестер, баға белгілеу жүйесіне және
т.б. байланысты.
Операциялық тиімділік: фирма бәсекелес өзіндік құнмен жаңа тиімді
зауыттарда өнім өндіріп жатыр ма, жоқ бәсекелестердегідей өндіріс көлеміне
жоғары шығындармен жетуде ме.
Басшылық; Компания – қарыз алушы басшылығының сапасы тәуекелді
бағалауда маңызды. Осы ретте басшылықтың денсаулығы мен жасы, бұл жұмыс
алдындағы қызмет орны, белгілі бір саладағы мүмкіндіктер, басшыларға тиісті
меншікті капиталдың үлесі, мұрагердің болуы талданады.
Әсіресе қиын кезеңдерде компания неғұрлым жақсы жұмыс істесе, соғұрлым оның
басшылығына сенім үлкен. Ең бастысы – бұл тәртіптілік пен шынайылық.
Несиелік қабілетті талдауда түрлі ақпарат көздері қолданылады:
1. Клиенттен тікелей алынған материалдар;
2. Банк архивіндегі клиент туралы материалдар;
3.Клиентпен іскерлік қарым – қатынаста болғандардың (оның жабдықтаушылары,
кредиторлары, өнімін сатып алушылар, банктер және т.б.) мәліметтері;
4. Жеке және мемлекеттік мекемелер, агенттіктердің есеп берулері мен басқа
да материалдары (несиелік қабілеті туралы есеп берулер, инвестициялар
бойынша анықтамалықтар және т.б.).
Клиенттерден тікелей алынған мәліметтер мен материалдарды алып,
несиелік бөлімнің эксперттері өз архивтеріне жүгінеді. Егер клиент бұрын
банктен несие алған болса, архивте қарызды өтеудің кідірістері мен басқа да
бұзушылықтар туралы мәліметтер болады.
Банк басқа несиелік ұйымдармен қарым – қатынастылардың осы қарыз
алушымен жұмыс тәжіребесін қолдану және басқа да нақты сұрақтардың шешімін
табу үшін орнатады. Ақпараттар көптеген шет елдерде жұмыс істейтін
жергілікті және аудандық несиелік – ақпараттық бюроларға сұрау салу арқылы
алынған мәліметтермен толықтырылуы мүмкін.
Қарыз алушының қаржылық есеп берулері ақпараттың маңызды көздерінің
бірі. Несиелік қызметкерлер қаржылық есеп берулердің мәліметтері мен өткен
қызмет барысындағы өзгерістерді компанияның ағымдағы жағдайын анықтау және
болашақта фирманың даму перспективаларын, пайда көлемін, несиені қайтару
мүмкіндігінің дәрежесін болжау үшін талдайды. Компанияның жалпы қызметі мен
оның нарықта қызмет ету әдісін білу үшін пайда мен зияндар туралы есеп беру
мен баланстың барлық баптарының өзгерісі мен динамикасы талданады. (11.10-
11б), (23.20-21б)
Компанияның жағымсыз жағдайын анықтаудың қарапайым әдісі Зияндар және
Мерзімінде өтелмеген несиелер мен ссудалар баптарында жазбаларды табу.
Бұл баптарда сомалардың бейнеленуі компанияның қаржылық проблемаларын
немесе салық салудан қашу әрекетін көрсетеді. Не де болса, бұл кредиторлар
үшін қосымша тәуекелге әкеледі.
Несиені беретін банк қызметкерлері өткен жылдардағы мәліметтерге онша
сүйенбеу керек, өйткені зияндар пайда болғанда фирманың қаржылық жағдайы
бірден төмендеп кетуі мүмкін.
Өткен жылдардағы мәліметтердің негізгі мақсаты – қарыз алушы
болжамдарының шынайлылығын бағалауға көмектесу. Мысалы, егер қарыз алушы
табысындағы салық салынғанға дейінгі пайда үлесі соңғы жылдары шамамен 5%-
ке, 6%-тен ешқашан аспаса, 8%-ке тең болжам күмән келтіру керек.

1.2. Қарыз алушының несиелік өтінішін талдау

Несиенің уақытында өтелмеу тәуекелін төмендетудің бір жолы,
потенциалды клиентті мұқият таңдау. Несиелік тәуекелдің мөлшерін төмендету
мақсатында банктің өкілі клиентпен несиелік өтініштің маңызды жақтарын,
басқару ақпаратының кәсіби дайындығын анықтау, клиенттің психологиялық
портретін бейнелеу үшін алдын ала сұхбат жүргізуі керек.
Шетелдің коммерциялық банктерінің тәжірибесінде клиенттің беделі
тиімді несиелеудің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Өйткені
банкке несие беру өтінішімен келген клиент банк үшін адал да сенімді
серіктес болып, несие бойынша барлық міндеттемелерін орындайтын тұлға
екендігіне күдік туғызбауы тиіс.
Банк қызметкерлері клиентті жан – жақты талдауы керек: (5.93-99б)
• Оның басқа да банктермен сауда серіктестермен қалыптасқан қарым -
қатынастармен, несиелік тарихымен танысу.
• Бетпе – бет кездесу. Мұндай кездесу барысында несиелік бөлімнің
маманында клиенттің қаржылық және адамгершілік тұрғысынан
сенімділігі мен адалдығы жөнінде жек пікірі қалыптасады. Қарыз
алушының несиені қайтаруға қабілеті кәсіпрынның директорларының
тиімді қаржылық басқаруға қабілеті (қаржы кәсіпорынды басқару
салаларында қажетті тәжірибе мен білімнің болуы ) де бағаланады.
• Төлем қабілетінің материалдық жағы клиенттің меншікті қаражаттары
есебінен несие бойынша қарызын өтеуге қабілеттілігін сипаттайды.
Меншікті капиталдың болуы несие алу үшін қолайлы фактор болып
табылады. Өйтені, банк тек қана ағымдағы есеп шоттардағы
қаражаттарға сеніп жүрген клиентке қарағанда едәуір капиталы бар
клиентке несие бергенді қалайды.
Несиелік өтінішті қарастырудың тағы бір бағыты несиенің мақсаты:
1. Несиенің мақсаты несиелік саясатына сәйкес келеді ме ?
2. Сұранып жатқан несие банктің басым мақсаттарына жатады ма?
3. Несие берген кезде банктің бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің
максималды мөлшері және қарыз алушыға қатысты басқа да экономикалық
нормативтер сақталады ма?
Банктің несиелік бөлімшелерінің қызметкерлері алыпсатарлық мәмілелерді
банкроттық деңгейі жоғары бизнес салаларын несиелеу кезінде аса қауіпті
болуы тиіс. Сондай – ақ, несиенің мақсатының құқықтық негізделуін, заңды
тұлғаның жарғысында белгіленген қызмет саласына, мақсаттағы сәйкестігін
тексерген жөн.
Клиенттің несиелік өтіншінде несиенің мөлшері нақты белгіленеді.
Несиелік бөлімнің маманы қарыз алушы сұрап отырған несиенің сомасын
анықтап, оның (қарз алушының) өз қажаеттіліктерін дұрыс бағалады ма, соны
тексереді. Клиенттің несиеге деген қажеттілігі – болжанып отырған шығындар
мен оларды өтеу қаражаттырының арасындағы айырма болып табылады.
Несиелік өтінішті қарастыру барысында несиенің мерзімі де
қарастырылады. Несиенің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым банктің
несиелік тәуекелі жоғары болады. Коммерциялық банк сырттан тартылған
қаражаттардың сипатына байланысты, баланстың қажетті өнімділігімен
салымшылрдың талаптарын қамтамсыз ету үшін орта және ұзақ мерзімді несиелік
қызметін шектеуі тиіс. Сондықтан үш жылға дейінгі несиелеу коммерциялық
банк үшін қолайлы болып табылады. Бірақ, мерзімді салымдардың үлес
салмағының өсуімен банкаралық несиеоеу нарығының дамуымен екінші деңгейдегі
банктер орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін белсендетуге жағдай туып
отыр.
Сонымен қатар талдау, барысында ескерілетін маңызды фактор - қарыз
алушының табысы есебінен несиені өтеу мүмкіндігі. Яғни, қарыз алушының
несиені өтеу үшін табыс немесе қолма қол ақша ағыны түрінде жеткілікті
ақшалай қаражаттарының болуы.
Несиелік өтінішті талдау барысында беріліп отырған несиенің қамтамасыз
етілуін бағалау, соның ішінде клиент ұсынып отырған қамтамасыз етудің
жеткіліктігін тексеру қажет. Несиелік мәміле қарыз алушының несие бойынша
қарызын өтеу міндетін қарастырады. Тәжірибе көрсеткендей, тек қана
міндеттеменің болуы қарызды қайтарудың кепілі бола алмайды. Экономикадағы
инфляциялық процестер несиенің сомасының құнсыздануына, ал қарыз алушының
қаржылық жағдайының нашарлауы несиенің өтеу мерзімінің өзгеруіне әкеп
соқтыруы әбден мүмкін. Сондықтан, коммерциялық банктердің халықаралық
тәжірибесі, қарыз құнының толық көлемде және уақытында кері қозғалысын
қамтамасыз етудің әртүрлі формаларын қамтитын несиені қайтаруды ұйымдастыру
механизмі талап етеді.
Коммерциялық банктердің заңды және жеке тұлғаларға ұсынатын несиелік
өтініштің нысаны ажыратылатыны белгілі. Жоғарыда негізінен заңды
тұлғалардың несиелік өтініштерінің мазмұнына көбірек тоқтасам, ендігі
кезекте несиелеуші банктердің потенциалды қарыз алушысы – жеке тұлғаны,
несиелік өтінішіне қысқаша тоқталып өтейік.
Еліміздің банктік жүйесінде қарыз алушының несиелік қабілеттілігі
талдаудың маңыздылығында ешқашан күмән тумайтын, бірақ талдау негізінен
заңды тұғаларға бағытталатын.
Біздің еліміздегі екінші деңгейдегі коммерциялық банктері жеке
тұлғалармен жұмыс істеу барысында олардың қаржылық жағдайларын талдауға
заңд тұлғаларға сияқты қажетті дәрежеде қарамайды.
Жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдаудың мақсаты – жеке қарыз алушыны
несиелеумен байланысты тәуекелді анықтау. Әрине, жеке тұлғаны несиелеу
кезінде пайда болатын несиелік тәуекел заңды тұлғаны несиелеудегі
тәуекелден мүлдем басқа. Тұтыну несиелердің көбісі мөлшері жағынан үлкен
болмаса да, олар бойынша операциялардың өзіндік құны салыстырмалы жоғары (
мысалы, кепілді бағалауға кететін банк шығындары).
Кез келген коммерциялық банк жүзеге асыратын операцияларының тиімді
болуын қалайды, сондықтан ол қандай да болмасын шығындардан өзін
сақтандыруға бар күшін салады.
Несиені бермес бұрын банк несиенің қайтарылмауына әкеп соқтыруы мүмкін
барлық факторларды мұқият түрде зерттеуі керек. Банк тәуекелдің дәрежесі
мен несиенің сомасын әрбір жеке жағдай үшін бөлек қарастыруы тиіс.
Клиенттің несие бойынша қарызын өтеу қабілетін зерттеу оның бүгінгі
күндегі және болашақтағы қаржылық жағдайын анықтап болжаумен шектклмейді.
Несиелік менеджер қарыз алушының болашақтағы жағдайын болжаумен қатар,
қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін барлық кездейсоқ жайларда ескере
білгені дұрыс. Материалдық жағынан қамтамасыз етілген клиенттердің өздері
несие бойынша міндеттемелерді орындауға бар күшін сала бермейді. Сондықтан,
банк үшін негізгі шарттардың бірі қарыз алушының беделін оның жеке
қасиеттерін қарастыру болып табылады.
Клиенттің беделін анықтау оңай жұмыс емес, ол үшін үлкен көлемді
мәліметтер керек. Мұндай мәліметтер:
• Біріншіден, нақты және шыншыл;
• Екіншіден, қажетті дәрежеде толық;
• Үшіншіден, клиент туралы белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік
беруі керек.
Бірақ клиент туралы ақпартты іздеу мен қарастыру процесі қаншалықты
қиын болса да, банк қызметткері келесі жағдайды ескеруі тиіс: бас кезінде
клиентті жан жақты талдауға неғұрлым көп шығын кетсе, кейін несиені
қайтаруды талап етуге соғұрлым аз шығындалады.
Корпоративті қарыз алушылармен салыстырғанда жеке тұлғаларға несие беру
кезінде банктің ақпарат көздері алушының несиелік қабілеттілігі туралы
мәліметтерге банк талаптарына сәйкес келетін сұрау парағынан - анкетадан
тұрады. Анкета ондағы ақпараттың мүмкідігінше толық болып, клиенттің она
толықтыруға кететін уақытын үнемдейтіндей болып әзірленеді.
Әдетте, несиелік өтініштер тәртібі мен мазмұны әртүрлі бірнеше мәндік
бөлімнен тұрады.
Несие беру туралы мәселені шешу үшін коммерциялық банктердің несиелік
мамандардың назарын келесідей сұрақтарға аударады: (1.88-93б)
1. Тұлғаның жеке қасиеттерін сипаттайтын сұрақтар: мінез құлқы, сырт
пішіні, сөйлеудің мәнерлігі дәрежесі, қаржылық жағдайы туралы ашып
айтуы, жасы, отбасы жағдайы, әуестігі.
2. Жалпы білімі: білім алған мекемелерден аттестат, дипломның
көшірмелері, кәсіби біліктілігі, жоспарлау қабілеті;
3. Техникалық біліктілігі: арнайы білімнің болуы, кәсіби дамудың жолы,
кәсіби өсу мен тәжиребенің болуы;
4. Денсаулығы: өткен уақыттағы және созылмалы аурулары, дене
шынықтырумен айналысуы;
5. Мүлігі: жеке мүлігі, меншігінде жылжымайтын мүліктің болуы, табыстың
жанама көздері, жеке қарыздары (бюджет алдында салық бойынша және
сақтандыру компанияларының алдында сақтандыру төлемдері түрінде),
отбасы мүшелерінің мүліктік жағдайы, басқа да несиелік ұйымдармен
қарым қатынастардың жиілігі.
Жеке тұлғаларға несие берудің әдістемелерін әзірлегенде коммерциялық
банктер несиенің сомасы мен мерзіміне сүйенеді. Клиенттің несиелік
қабілетін анықтау жұмыстарының көлемі мен несиенің мақсатына байланысты
несиені қамтамасыз етуді таңдау несиенің сомасы мен мерзіміне тікелей
байланысты.

1.3.Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың әдістері

Қаржылық коэффициенттер - фирманың қаржылық жағдайы мен қызметінің
нәтижелерін жақсы түсінуге көмек беретін талдау инструменттері.

Кесте 1.1
Қаржылық коэффициенттер

№ Көрсеткіш атауы Есептеу формуласы Оптимал Динами-ка
мәні дағы оң
мәндер
А Ә Б В Г
Төлем қабілеттілікті бағалау
1 Меншікті айналым =Ағымдағы активтер - қысқа - өсу
қаражаттарының мерзімді міндеттемелер
мөлшері (жұмыс
капиталы)
Бейімділік =Ақшалай қаражаттар жұмыс- -
коэффициентті капиталы
Ағымдағы өтімділік =Ағымдағы активтер қысқа 1,00-2,00 өсу (4-ке
коэффициенті (жабу мерзімді міндеттемелер дейін)
немесе жалпы
коэффициент)
Мерзімді өтімділік =Ақшалай қаражаттар + 0,50-1,00 өсу
коэффициенті (жедел қысқа мерзімді БҚ +
немесе нақты дебиттік қарыз қысқа
коэффициент) мерзімді міндеттеме
Абсолюттік өтімділік =Ақшалай қаражаттар + қысқа0,20-0,50 Норма тив
коэффициенті мерзімді БҚ қысқа шегінде
мерзімді міндеттеме
Капитал құрылымының көрсеткіштері (қаржылық тұрақтылық)
2 Мүліктің нақты =НҚ + өндірістік қорлар + - -
құнының коэффициенттіаяқталмаған өндіріс
баланс валютасы
Меншікті капиталдың =Меншікті капитал баланс 0,70-0,80өсу
шоғырлану валютасы өндіріс
коэффициенті үшін
(автономия не
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазкоммерцбанк» АҚ-да іс-тәжірибеден өту есебі
Коммерциялық банктердегі маркетингті жоспарлау
Екінші деңгейлі банктердің тарихы «Казкоммерцбанк» АҚ туралы
«Казкоммерцбанк» АҚ
Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару
Екінші деңгейлі банктердің тұтыну несиелері
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
Банк туралы
Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Пәндер